Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы




Скачать 329.55 Kb.
НазваниеСтуденттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
страница1/3
Дата конвертации20.02.2016
Размер329.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/37334891-30ab-11e3-8846-f6d299da70eeОБЖ для всех спец. студ.doc
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.55/02-2012

ПОӘК «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің студенттерге арналған оқу жұмыс бағдарламасы

№1 басылым 03.09.2012ж.




Пәннің оқу-әдістемелік кешені


«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарына арналған


Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы


Семей

2012

АЛҒЫ СӨЗ


1 ӘЗІРЛЕГЕН


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы

Бакирова Л.С. _________________ «28» 08. 2012 жыл.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отрысында

Хаттама № 1 «03» 09. 2012 жыл.


Кафедра меңгерушісі _________ профессор Апсаликов К.Н.


2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында

Хаттама № 1 «10» 09. 2012 жыл.


АФ ОӘБ төрағасы _________ профессор м.а. Сатиева К.Р.


3 БЕКІТІЛДІ


Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «13» 09. 2012 жыл.


Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу жұмысы бойынша проректор профессор Рскелдиев Б.А.


МАЗМҰНЫ



  1. Жалпы ережелер

  2. Пәнді меңгеру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар

  3. Сабақтарды ұйымдастыру және пәнді оқыту саясаты

  4. Студенттердің үлгерімін бағалау саясаты

  5. Пәннің мазмұны мен сабақ түріне байланысты сағаттардың бөлінуі

  6. СОӨЖ мазмұны

  7. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік сызбасы

  8. Әдебиеттер



1. Жалпы ережелер

1.1 Пәнді оқытушы туралы жалпы деректер

Бакирова Ляйля Сапарбаевна, аға оқытушы

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

Жұмыс телефоны 53-19-70, оқу ғимараты № 6г, кабинет 12

Сабақ өткізілетін аудитория № 1, 5 оқу ғимараттары, 120, 113, 119 аудитория

Пән бойынша кредит саны - 2


Кесте1. Оқу жоспарынан көшірме



Курс


Семестр


Кредит


Дәріс


Тәж.саб


СӨЖ


ОСӨЖ


Жиыны

Қорытынды

тексеріс түрі

1

2

3

4

5

6

7

9

10

2

4

2

15

15

45

15

90

емтихан




    1. Пәннің жалпы мазмұны

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандараның тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.


1. 3 Пәнді оқытудың негізгі мақсаты

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.


1. 4 Пәнді оқытудың себептері

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

1. 5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет

Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нвсандардвң жұмыс істеу інің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың , табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек;

Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

Заңды және нормативтік-құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.


2 ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсын берілген бағдарлама бойынша реттелген түрде оқу керек. Нәтижелердің логикалық жолдарын ұғынып, анықтамалар мен негізгі түсініктерді ажырата білу қажет. Теориялық материалдарды оқу кезінде және есептерді шешуде міндетті түрде төтенше жағдайдың өту кезіндегі физикалық құбылыстардың мағынасына көңіл аудару қажет. Студенттер пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулармен танысып пәнді толық меңгерулері керек. Әдістемелік нұсқау пәннің кейбір бөлімдерін студенттермен үздік жұмыс жасау ретінде жүргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулар құрамына:

  1. пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);

  2. оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;

  3. әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;

  4. емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.


Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге ҚР-ның «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», заңының жүйесін, оның міндеттерін, төтенше жағдайлардан сақтандыру, оның салдарын жоюға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуы жан-жақты оқытылады. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздерін, АҚ ұйымдастыру және жүргізу-мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігін, ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері және ұйымдастырушы құрылымы сияқты сұрақтар толықтай қарастырылады. ТЖ облысындағы заңды актілер мен ҚР ережелері. Әсіресе студенттердің назарын табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін, ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыру қауіпсіздігін қамтамасыз етуі маңызына аударылады.

Студенттер аудиторлық тәжірбие сабақтары мен СОӨЖ кезінде тақырып бойынша басқару органдарының, құтқару күштерінің байланыс, хабар беру, бақылау, барлау жүргізу құралдарымен жабдықталуы, транспортпен қамтамасыздандырылуы. Потенциалды қауіпті объектілердің, табиғи қауіпті құбылыстармен оқиғалардың жағдайларын бақылау. Төтенше жағдайлардың көлеміне баға беру. Химиялық заттардың негізгі сипаттамалары. Химиялық заттармен болған апаттардың ерекшеліктері. Радиациялық қауіпті мекемелердегі апат жағдайына баға беру әдістері. Төтенше жағдайларда атқарылатын шараларға қатыстырылатын күштер мен жабдықтарды дайындау жоспары, жоспар құрамы. Коммуналды- энергетикалық желілерде болған апатты тоқтату және оның салдарын жою әрекеттері сұрақтарды қарастырады.

СӨЖ - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау пәні бойынша тақырыптар берілген.

Студенттер осы тақырыптарға берілген әдебиеттерді және қосымша әдебиеттер іздестіріп рефераттар жазып өткізуге тиіс. Әрбір рефераттың жоспары болуы және қолданылған әдебиеттердің тізімі берілуі міндетті.

Көлемі 5-10 бет. Оны компьютерде теруге немесе қолмен жазуға рефераттарға арналған дәптерге жазуға болады. Тексеріліп бағасы қойылған реферат иесіне қайтарылады.

Теориялық сабақты өтіп болған соң есептерді шешу әдістемесін үйрену керек. Берілген материалды жақсы меңгеру үшін әр тақырып бойынша конспект құру керек.
  1   2   3

Похожие:

Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пән бойынша оқу бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасында, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде,...
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) ОӘК 25. 02. 09 бекіткен №6 хаттамаға сәйкес пәннің жұмыс оқу бағдарламасы...
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconСтудентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) ОӘК 25. 03. 09 бекіткен №7 хаттамаға сәйкес пәннің жұмыс оқу бағдарламасы...
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconПән бойынша оқу бағдарламасы
«Аспап жасау» мамандығының күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге арналған
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconПән бойынша оқу бағдарламасы
«Аспап жасау» мамандығының күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге арналған
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы icon2. Пән бойынша оқу бағдарламасы – sillabus
Бастапқы әскери дайындақ мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы icon2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus оқытушы туралы мәлімет
В091000 –«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған «Құжаттану» пәнінің оқу әдістемелік...
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconПән бағдарламасы (Syllabus)
Күндізгі оқу түрінің 5В060700 Биология мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconПән бағдарламасы (Syllabus)
Күндізгі оқу түрінің 5В060700 Биология мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы iconПән бағдарламасы (Syllabus)
Күндізгі оқу түрінің 5В060800 Экология мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница