География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар




НазваниеГеография және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар
страница7/8
Дата конвертации20.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/OBSOJ/Geo/Ismailova.TabKorg.doc
1   2   3   4   5   6   7   8



Консультация


8 –апта. Бағалау балы -4,0.


Тақырыбы: Су ресурстарын қорғау


Жоспар:

1. Судың қасиеттері

2. Тұщы су қорларын үнемдеу

3. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы.


Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыс – тіршілігінде үлкен рөл атқарады.

Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады. Су- физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.

Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.

Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70 пайызын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлылығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейін екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары температураларда да (300 С – дан жоғары) кездеседі, ал әр түрлі тау жыныстарымен араласу арқылы пайда болған ерітінділер + 400 С-ден жоғары температурада сұйық күйінде болады. Жер асты суларының ең төмендегісі шамамен жер бетінен 13-14 км тереңдікте. Одан тереңде су бу күйінде кездесуі мүмкін.

Судың еріткіш ретіндегі рөлі аса зор, себебі заттардың ерітіндіден тысқары жерде бір – бірімен қарым –қатынасқа түсуі өте қиын. Жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатында үлкен қашықтықтарға еркін орын алмастырады және қолайлы жағдайларда олар химиялық құрамы біртекті, аумақты шөгінділер құрайды.

Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуы мен сақталуы үшін өте зор.

Биологиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамсыз ететін бірден – бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады: жапырақтың бетінен буланып шығу арқылы су оларды шілденің аңызағында күйіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.

Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді.

Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдаланумен тығыз байланысты.

Салмағы жағынан алғанда Мұхит суы 96,5% таза судан 3,5% оның ішінде еріген тұздан, газдан және ерімейтін жүзгін бөлшектерден тұрады. Түрлі заттардың біршама шағын мөлшерінің болуы басқа табиғи сулардан оған елеулі айырым береді. Бұл Жер бетіндегі белгілі барлық химиялық элементтер бар, қоректі ертінді. Мұхит суында әсіресе хлор, натрий, магний, күкірт көп болады. Мұнда бром, көміртегі, стронций, бор едәуір аз болады. Барлық қалған элементтерге де (фосфор, азот т.б.)микроэлементтерде бер. Мұхиттағы тұздардың жалпы мөлшері 50 . 1016т. бұлар мұхиттың түбін шамамен 60м, бүкіл Жерді 45м, ал құрлықты 135 м қабат болып бүркей алады. Мұхит суында барлығынан көбі натрий (NaCI, Na2SO4 – 1 литрде 27,2г) яғни ас тұзы (NaCI), сондықтан да Мұхит суының дәмі тұзды келеді. Сондан соң магний тұзы MgCI (1 литрде 3,8г) және MgSO4 (1 литрде 1,7г) келеді, суға ащы дәм береді. Мұхит суында 1 м3-те 0,3мг күміс және 1 м3-те 0,008 мг алатын болды. Бұлардың жалпы мөлшері едәуір болғанымен (алтын 11 млрд. тоннаға жуық) мұндай концентрацияда өндіру пайдалы емес.

Мұхит суының таң қаларлық ерекшелігі – тұз құрамының тұрақтылығы. Мұхиттың түрлі бөліктерінде ертінді аз немесе күшті болуы мүмкін, бірақ ең басты тұздардың қатынасы өзгеріссіз қалады. Сондықтан да судың жалпы тұздылығы анықтау үшін хлордың мөлшерін анықтау және шыққан шаманы 1,81 (S = 1,81 CI%) көбейту жеткілікті болады. Мұхит суы тұздың құрамының тұрақты болу себебін оның араласып тұруынан көруге болады, бірақ бұл түсінікті жеткілікті деп есептеуге болмайды. Мұндай тұздылықтың пайда болуы туралы сұрақ туады. Мантия затынан су бөлініп шыққанда су буымен бірге құрамында хлор, бром, фтор қоспалары барвулкан түтіндері бөлініп шығады деп болжанады. Жер бетінде «бірінші» су қышқыл болады, ол ол тау жыныстарынан сілті элементтерімен – натрий, калий, кальций, магний т.б. ала отырып оларды сілтісіздендіреді. Бұлародың хлормен және броммен реакциясының нәтижесінде ертінді нейтралданып, ал сонаң соң жалғасып келіп түскен сілті элементтердің есебінен, қазіргідей аздап сілті болады. Мұхитта өсімдік тіршілігі пайда болғанда (бұдан 3 млрд. жылдан астам бұрын) бос оттегі пайда болды. Жер қойнауынан бөлінген азот тотыққанда бос азот, ал көміртек қосылыстары тотыққанда бос көмір қышқылы түзілді. Палеозойдан бастап (500 млн. жыл бұрын) мұхит тұрғындарының қазба қалдықтарына қарағанда мұхит суының тұздық құрамы өзгермеген1. Бірақ егер өзендер мұхитқа басқа тұзды құрамды суды үздіксіз әкеліп құйса, мұны қалай түсіндіруге болады. Бұлар әкелген, ертілген заттардың мөлшері жылына 5,4 млрд. т, ал қалқымалары жылына 32,5 млрд. т жетеді.


Бақылау сұрақтары:

1Судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері.

2.Гидросфера және оның құрамдас бөліктері.

3.Табиғи сулардың пайда болуы.

4.Гидросфераның қалыптасуы және оның эволюциялық дамуы.

5.Табиғаттағы сулардың қасиеттері.

6. Гидросфераның құрлымы және көлемі.

7.Табиғаттағы су айналымы.

8. Жер шарындағы жалпы су айналымы.

9. Үлкен және кіші су айналымы.

10. Географиялық қабық үшін су айналымның маңызы.

11. Дүние жүзілік су балансы.

12. Дүние жүзілік мұхит біртұтас табиғат кешені.

13. Теңіз.

14. Шығанақтар.

15. Бұғаздар.

16. Мұхиттағы терригенді шөгінділер.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Ж. Достайұлы. Жалпы гидрология. А. 1996

2. Н. П. Неклюкова. Жалпы жертану. А. 1980.

3. Зологин Б. Мировой океан . М. 2001.

4. Богданов Д. В. География Мирового океана. М. 1978.

5. Шубаев Л. П. Общее землеведение. М. 1990.

6. Мильков Ф. Н. Общее землеведение. М. 1990.

7. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. А. 1998.

8. Достав Ж. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А. 1993.

9. Мехаилов В. Н, Добровольский А. Д. Общая гидрология. М. 1991.

10. Горбунов А. П. Льды под землей. А. 1982.

б) қосымша

11. Достав Ж. Жалпы гидрология. А. 1993.

12. Долгушен Л. Д. Ленники. М. 1989.

13. Жаппарханов С, Бәкіров Н. Көгілдір континент құпиялары. А. 1985.

14. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. А. 1975.

15. Кан С. И. Океан и атмосфера. М. 1982.

16. Алексин О. А, Ляхин Ю. И. Химия океана. М. 1984.


Үй жұмысы


9 – апта. Бағалау балы -4,0.


Тақырыбы:Біздің елімізде суды қорғау құқықтары


Жоспар:

  1. Сулардың энергетика, өндіріс қалдықтары, су транспорттары және ауылшаруашылығында түрлі химиялық препараттарды қолдану барысында ластануы және оның зардаптары

  2. Мұхит пен теңіздердің ластануы, онымен күресу шаралары

  3. Суды қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттары



Дүние жүзілік мұхиттың барлық жерінде тіршілік түрлі формаларда және түрлі көріністерде өмір сүреді. Тіршілік ету жағдайларына қарай мұхитта скі түрлі облыс бөлінсді. Су кабаты (пслагиаль) мен түбі (бенталь). Бенталь - жаға маңы - литораль, тереңдігі 200 метрге дейін және тереңдік — абиссаль болып бөлінеді. Литораль үстіндегі су қабатын пелагиаль облысы деп атайды.

Мұхиттың органикалық дүниесі үш топтан — бентос, планк­тон, нектоннан тұрады. Бентас су қабатына ұзаққа көтсріліп шыға алмайтын түпті мекендеушілер (өсімдіктер, құрттар, моллюскалар). Планктон ұзақ қашықтыққа баруға белсенді қабілеті жоқ су қабатын мекендеушілер (бактериялар, грибоктар, су балдырлары, қарапайымдылар және т. б.). Нектон — ұзақ кашықтыққа еркін жүзе алатын суды мекендеушілер (киттер, дельфиндер, балықтар).

Құрылықтағы сияқты Мұхитта бір организмдер неорганикалык заттармен қоректеніп органикалық заттарды (процуденттер, немесе өндірушілер) түзеді, екіншілері органикалық зат­тарды (консументтер немесе тұтынушылар) тұтыну есебінен өмір сүреді. Біріншіге өсімдіктер мен прототрофты микроорганизмдер, екіншісі - жануарлар жатады. Бұдан басқа, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын ыдырататып, минералдайтын, оларды қоспаларға айналдырып, жануарлар пайдалану үшін лайықты ететін редуценттер - организмдер бар.

Жасыл өсімдіктер фотосинтез үшін жарық жеткілікті болған жерде ғана (200 метрден аспайтын тереңдікке дейін) дами алады. Жарықты керек етпейтін организмдер ең үлкен тереңдікке дейін Мұхит суының қабатын түгелдей мекендейді. Бірақ олардың дамуы булар үшін алғашқы продукты болып табылатын өсімдіктердің дамуына байланысты. Әсімдіктерге қажетті қоректік заттар Мұхитта молынан табылады. Алайда фосфор мен азот кышқылдарының қосылыстары 99,9% терең қабаттарда, жарық болмағандықтан өсімдік өмір сүре алмайтын жерлерде болады. Сондықтан да үлкен тереңдіктерден жоғарғы жарық түсетін қабаттарға тұзды шығарудың орасан зор маңызы бар.

Қоректі тікелей судан алып және тіректі қажет етпей, су балдырларының тамырлары да, тірек жүйелері болмайды, түгелдей дерлік хлорофилл тканнан тұрады, осының арқасында кептеген мөлшерде қоректік заттарды жинайды. Дәл сондықтан да Мұхиттағы өсімдік заттарының массасы өсімдіктер мен қоректенетін және бірін-бірі жейтін жануарлар массасына шамамен тең келсді, ал құрылықта болса бұл одан көптеген мың есе артық.

Мұхиттағы тірі заттар массасының үлкен бөлігін судың 100 метрлік жоғары қабатын мекендейтін фитопланктон құрайды. Фитоплантонның орташа массасы 1,7 млрд. т, жылдық өнімі 550 млрд. т, ал жануар организмдерінің орташа биомассасы 32,5 млрд. т, ад жылдық өлшемі 53 млрд. т. Фитопланктон — мұхиттағы тағам тізбегінің бастапқы буыны. Фитопланктонның ең көп тараған формасы — 15 мың түрі бар болып келетін диатомды су балдырлары. Бір диатомды су балдыры бір айда 10 млн. дана бере алады. Фитопланктон тез қырылып және көптеген мөлшерде желінетіндіктен ғана ол Мұхитты қаптап кетпейді. Фитопланктонның мол дамыған жері Мұхиттағы жалпы тіршіліккс бай жоғарғы құнарлы орын болып саналады.

Мұхитта тіршіліктің, тарауы өте біркелкі емес, әрі айқын көрінетін зоналық. сипаты бар. Солтүстік жарты шардың жоғары ендіктсрінде фитопланктонның даму жағдайлары қолайсыз: тұтасқан мұз жамылғысы, поляр түні, жазда горизонтта Күннің темен жағдайы, судың (0°-тан төмен) суық болуы, тереңнен қоректік заттарды алып шығуды қамтамасыз етпейтін нашар вер­тикальды циркуляция (судың жоғары қабатының тұщылануының салдары). Жазда жылымдарда кейбір суық сүйгіш балықтар мен балықпен коректенентін тюленьдер кездеседі.

Субполярлық ендіктерде поляр мұздары жиектерінің маусымдық миграциясы болады. Жылдың суық бөлегінде бірнеше жүз метрдегі қабата су интенсивті араласып (суыну салдарынан) отек пен және қоректік тұздармен байды. Көктемен жазда көп жарық түседі, әр судың төмен салыстырмалы температурасына қарамастан (жылудың еруіне кетуінің нәтижесі), мұнда фото пламинктон массасы дамиды. Бұдан кейін фитопанктонмен қоректенетін зоопанктон дамуының қысқа кезеңі түседі. Осы кезеңде субполярлық зонада көптеген балықтар жиналады (Сельдь треска, пишка, теңіз окуна жене т.б). Әсіресе оңтүстік жарты шарда көп болатын киттер азықтануға кееді.

Қоңыржай ендіктерде екі жарты шарда судың күшті араласу, жылу мен жарықтың жеткілікті мөлшері тіршіліктің дамуы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жаайды. Бұл мұхиттың ең өнімді зоналары фитопланктонның максималды дамуы көктемде байқалады. Ол қоректік заттарды сіңіреді, лардың саны азая береді де зоопланктон дамуы басталады. Күзде – фитопланктон дамуының екінші максимумы болады. Зоопланктонның мол болуы - балытардың мол болуына (сельедь, треска, анчоус, албырт, сардина, тунец, камбала, палтус, навага т.б.) жағдай жасайды.

Субтропиктік және тропиктік ендіктерде Мұхиттың бетіндегі судың жоғары тұздылығы болады, бірақ температура жоғары болғандықтан біршама жеңіл болып шығады, бұл араласуға бөгет болады. Қоректік заттары бар бөлшектер кідірей түбіне түседі. Қоңыржай зонаға қарағанда оттек екі есе аз. Фитопланктон нашар дамиды, зоопланктон да аз болады. Субтропиктік ендіктерде с мейлінше мөлдір және интенсивті көгілдір түсті болады (мұхит шөлі, түсіндей). Жылы суда түбімен байланыссыз Мұхиттың осы бөлегіне тән қоңыр су балдырлары – саргассалар өседі.

Экваторлық ендіктерде пассат ағыстарымен экваторлық қарсы ағыстардың шекарасында судың араласуы болады, сондықтан да бұл қоректік тұздар мен оттегіне біршама бай келеді. Қоңыржай зонасының солтүтік шеттеріндегідей онша көп болмағанымен көршілес ендіктерден гөрі мұнда планктон едәуір көп болады.

Жылы суда көмір қышқыл газы аз болады да сондықтан көмір қышқыл кальцийді нашар ерітеді, бұл оның ішінде мол болады және өсімдіктер мен жануарлардың қауашақтары ен қаңқалары көлемділікке және беріктікке ие болады, ал организмдер өгеннен кейін қалың қабаттары төменгі ендіктерге соншаа тән болып келетін карбонат шөгінділері маржан рифтер мен аралдар түзіледі.

Жалпы алғанда қоңыржай ендіктерден экваторға қарай ауысқан тірі туатын формалардың азаюы, жануарлардың семіздігімен өсімталдығының азаюы және ізбес қаңқаларының қалыңдығының артуы байқалады. Бірақ жылы суда организдер те өсіп, ерте көбейетіндіктен өнімділік біршама жоғары болады.

Мұхиттың жоғары қабаттарында оның ашық бөлігінде жақсы көрінетін тіршілік таралауының ендік зоналылығы жел мен ағыстардың ықпалы арқылы шет аймақтарда бұзылады.

Вертикаль бойынша Мұхит суы 3 қабатқа - беткі, аралық және тереңдік болып бөлінеді. Беткі қабатта фитопланктоимен (ивготрофалир) қоректенетін гетеротрофтар (жануарлар мен бактериялар) өмір сүреді. Аралық қабатта — беткі қабатта қоректену үшін миграцияланатын зоопланктон; зоопланктонмен қоректенетін жануарлар; осы жәндіктермен қоректенетін жыртқыштар қорегі организмдердің жоғарыдан түскен ыдырамаған қалдықтары болып келетін детритоедтер мекендейді. Терең су-ларда (500—1000 м. тереңдіктен түбіне дейін) жыртқыштар, детритоедтер, фильтраторлар және талғаусыздар болады. Тіпті таяудағы уақытқа дейін өте тереңдіктерде (6—7 км-ден әрі) онда қысымның болуы жарықтың жоқтығы мен жылудың жеткіліксіздігі организмдердің, тіршілік етуіне мүмкіндік бермейді деп саналып келді. Бірақ, зерттеулер тіпті терең су науаларынада да тіршілік бар екенін керсетті. Аса тереңді мекендеушілердің арасында жағдайлардың бірыңғайлылығы организмдердің өзгерістеріне әсер ететін бәсеке тартыстың жоқтығынан сонау өте ертеден сақталған «тірі қазбалар» формалар аз емес. Аса тереңді мекендеушілерді зерттеу Мұхит тарихын және Жер бетінде органикалық дүниенің даму тарихын жақсылап көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді.

Бұларды әзірге адамзат бір шама аз пайдаланады, бірақ пайдалану масштабы өсіп келеді. Ертеден Мұхиттың органикалық байлығы барлығынан көп пайдаланылады, мұнда олардың сан алуан түрлерінің қоры мен тұтынуы арасында айқын үйлеспеушілік байқалады. Мұхиттың негізгі өнімі (85%) —балықтар, мұхиттың органикалық ресурстарының негізі болудан көп кем. Бұл тек тағам ретінде жұмсалмайды, ауланғандардың жартысына жуығы азықтық ұнға, тех-никалық майға, тыңайтқышқа т. б. пайдалануға кетеді. Балықты дүние жүзілік масштабта өндіру қарқыны халықтың өсу қарқынынан озып отырған аздаған бағалы өнімдерінің бірі екендігі хақ.

1850 жылдан 1950 жылға дейін балық аулау 10 есе артқан. Соңғы 10 жыл ішінде бұл екі есе өсіп, көбейе беруде. Балық ау­лау неғұрлым интенсивті жүргізілсе, Мұхиттағы балық қорлары соғұрлым азайып кетеді. Кейбір жерлерде қайсыбір түрлерінің қазірдің өзінде-ақ «асыра ауланғандығы» байқалады. Аулаудың максималды тұрақтылығына жете отырып (балық қорлары азаймайтындай жағдай) аулау ісін реттеп отыру қажет. Бұл мұхитты бұдан әрі жан-жақты зерттеуді және барлық мүдделі елдердің келісілген әрекеттерін керек етеді. Балықтарды қолдан өсіру және олар қоректенетін организмдерді акклиматизациялау жолымен Мұхиттың балық байлығын көбейтудің маңызы өте зор.

Мұхиттағы тіршілік ететін сүт қорсктілерден киттердің, ит балықтардың, морждардыц, сондан-ақ тамаша терісі бар каландардың (Камчатка теңіз кәмшаттарының) және теңіз мысықтарының кәсіптік маңызы бар. Кит майы маргарин, сабын, глицерин, олиф жасауға пайдаланылады. Етін тамакка қолданады, одан консервалар жасайды, азықтық ұн етіп өңдейді. Бауырынан, асқазан асты бездерінің гормондарынан, киг мұртынан дәрі-дәрмек даярлайды. Каталот — өте нәзік иісті сақтайтын қабілеті бар және парфюмерияда қолданылатын амбра затын дүние жүзінде бірден бір өндіруші. 30-жылдардың өзінде-ақ кит соғу кәсіпшілігінің нсгізі қазір мүлде дерлік жойылып кеткен ірі көк киттер болды. Киттерді аулау шектелген.

Қалған сүт қоректілерді салыстырмалы аз мөлшерде ауланды. XVIII ғасырда XX ғасырдың басында қалан мен теңіз мысықтарын аулауды жыртқыштықпен жүргізудің нәтижесінде олар құрып кетугс жақындады. Аулау кәсібін шектеу және Тынық мұхиты аралында Совет Одағының қорықтарын ұйымдастыру бұларды сақтауға мүмкіндік береді.

Балықтарға қарағанда Мұхитта омыртқасыз жануарлар әл-деқайда көп. Бұларды өндіру барлық теңіз жануарларын өндірудің 0,1 бөлігінен аз. Қосөзекті моллюскаларды — устрицаларды, мидийлерді, теңіз ұлуын, бас аяқтылардан негізінен кальмарларды, азырақ — сегіз аяқтармен каракатицаларды кәсіп етеді. Дүние жүзінің рыногында шаян тәрізділер: креветкалар, крабтар, омарлар, лангусталар жоғары бағаланады. Мұның бәрі, әрі бағалы тағам өнімдері әрі техникалық шикізат. Бұлардың санын қолдан өсіру есебінен бірнеше рет арттыруға болады.

Адамдар әзірге су балдырларын салыстырмалы аз пайдаланады. Теңіз капустасы мен теңіз салаты — арзан және өте бағалы тағам өнімдері. Су балдырларынан йод алады. Бұлар өнеркәсіп шикізаты ретінде де құнды. Бұлардан әсіресе, медицинада, тоқыма және кондитер өндірісінде кеңінен қолданылатын агар-агарды көп алады. Ламинариядан маталарды бояуға және сабын жасауға қолданылатын — альгинит желім өндіріледі. Су балдырыныц желімін бетон мен асфальтқа беріктік үшін және су өткізбеу үшін қосады. Теңіз су балдырларын ашытқы, спирт, қагаз, картон жасап шығару үшін пайдалануға болады. Уақыты келгенде, құрамында сапасы жағынан жануар белогынан кем түспейтін белоктары және витаминдері бар, хлорелла — су балдыры кеңінен қолданылуы тиіс. Хлорелла өте тез өседі, сонымеи бірге өзінің келемінен 200 есе асып түсетін оттегін бөледі.

Мұхиттағы организмдердің ең үлкен тобын — планктонды адамдар мүлде дерлік пайдаланбайды. Ал, бұл болса адам үшін тамақ өнімі болып, мал үшін азыққа пайдалануға болады. Планктон — шикізат витаминдер, емдік май, дәрі –дәрмек aлy үшін қажет.

Мұхиттың ең бағалы ресурстары – судың өзі. Адам-заттың тұщы суға қажетті қазірде де барлық жерде қанағаттандырылмай өтe тез өсіп отыртаны мәлім. Қазірдің өзінде заң жүздеген тұщыландырғыш қондырғылары бар, әрі бұлардың саны үздіксіз өсе беретіндігі анық.

Мұхит суларында көптеген ерітілген элементтердің өнеркәсіптік масштабында 4 ға­на натрий, хлор, магний мен бром алынады. Бұларды алғанда қосалқы ретінде калий мен кальцийдің кейбір қоспалары алынады. Негізгі мето­ды жай буландыру. Суық климатты елдерде, соның ішінде СССР-де тоңазытып қатыру да қолданылады. Мұхит суынан өткенде алтын алу методтеріне көп күш пен қаржы жұмсалғанмен оның практикалық маңызы болмауы мүмкін.

Мұхит түбінің түрлі учаскелерінде темір мен марганец тотық минералының — конкрецияның, қабыршақтардың, ұсақ бөлшектердің едәуір шоғырлары табылған, бұлардың өнеркәсіптік маңызы болуы даусыз, бірақ әзірге әлі пайдаланылмай келеді.

Мұхит түбіне шөккен жыныстардың ішіндегі минералдық ресурстар сұйық және еріген күйде (мұнай, газ, күкірт, ), сондай-ақ, қатты (тас көмір, темір рудасы, металдар) бола ала­ды. Мұнай мен газ құны жағынан Мұхитта өндірілетін барлық пайдалы қазбалардың 90%-ін құрайды да, болашақта бұларды өндіру өсе беретін болады. 1980 жылға қарай шамамен барлық мұнайдың бөлігі Мұхиттан алынады деп есептелінеді. Ша­мамен бұл газға да жатады. Қатты пайдалы қазбалар Мұхит түбінен әзірге аз өндіріледі (Жапония, Англия).

Толқындардың орасан зор энергиясы іс жүзінде пайдаланылмайды. Қерісінше, адамдар бұдан қорғаныс іздейді, бірақ толысу энергиясы игерілгеніндей, уақыты келгенде Мұхнттың бұл ресурсының да игерілсі іидігі даусыз.

Дүние жүзілік мүхиттың табиғат ресурстары өлі де түгелдей анықталмай ақ және әлде қайда көп толық дәрежеде пайдаланылмай отыр.

Мұхитты бұдан әрі игеру үздіксіз жетілдіріліп отырған техниканың көмегімен оны күшті зерттеуді керек етеді. Қазіргі кемелер тұтас жүзіп жүретін ғылыми-зерттеу институттармен жабдықтауға мүмкіндік бсреді. Қазір жоғары және төмен, жан-жаққа жүзетін, аударылып түсетін корабльдер бар. Арнаулы аппараттар (батискафтар) үлкен тереңдіктерде тікелей балмау жүргізуге мүмкіндік береді. Океанографтардың қарамай тереңдікті зсрттеугс мүмкіндік бсретін—гидролокация, радио, телевидение бар. Мұхитты зерттеуге Жердің жасанды серіктері мен космос корабльдері өте жақсы көмектеседі.

Мұхиттың табиғат ресурстарын зерттеп пайдалануда түрлі мемлекеттердің күш-жігерін біріктіруге тиіс екендігі даусыз. Мұхитқа ыждаһаттықпен қарау, оны тиімді пайдалану болашақ адамзаттың назарын талап етеді.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconӘл- фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Энергоэкология кафедрасы
Экология ғылымының анықтамасы, мақсат, міндеттері, басқа ғылымдармен байланыс. Экологияның табиғатты қорғау функциясы
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар icon«Филология және тарих» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет Студентке арналған ережелер
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы Бекітілді
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconГеография және қоғамдық пәндер” кафедрасы “ Саясаттану”
Саясаттану” пәнінен аудиториядан тыс өтілетін обсөЖ сабақтары бойынша студенттердің білімін бақылауға арналған
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар icon«ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтар» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В060800 – Экология
««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» пәннінің оқытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconӘл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасы
Атмосфералық ауаның құрамы. Атмосфералық ауаның ауыспалы құрылушы бөлігі. Атмосферадағы газтәрізді, сұйық және қатты қоспалар (табиғи...
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconВикторина және құстар туралы қызықты жұмбақ, сұрақтар
Табиғат қорғау-мемлекеттік маңызы зор іс. Сондықтан мектеп оқушылардың табиғатты сүйіп,оны қорғай білуге тәрбиелеуісіне баса назар...
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconКурсы: 1 Семестрі: 1,2
«Саясаттану» пәнінен жұмыс бағдарламасы Қр білім және Ғылым Министрлігінің 2011ж. 12 тамызындағы №359 бұйрығымен бекітілген және...
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconКурсы: 1,2 Семестрі: 1,4
«Саясаттану» пәнінен жұмыс бағдарламасы Қр білім және Ғылым Министрлігінің 2011ж. 12 тамызындағы №359 бұйрығымен бекітілген және...
География және қоғамдық пәндер” кафедрасы Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар iconКурсы: 2 Семестрі: 4
«Саясаттану» пәнінен жұмыс бағдарламасы Қр білім және Ғылым Министрлігінің 2011ж. 12 тамызындағы №359 бұйрығымен бекітілген және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница