Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік




НазваниеДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
страница3/12
Дата конвертации20.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/63a6a462-76d3-11e4-a79f-f6d299da70eeУМКД -3.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстанның ихтиофаунасы.

Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғасырда Палластың еңбегінен басталады. Ол 1768-1-73жж Санкт-Петербургтін Байқал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттейді. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г.Мейендорф берді.

1853-57жж Каспий су алабын зерттеушілер балық үйірінің динамикасы мен судың биология өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Қазақстанның ихтиофаунасын тануда 19ғасырдың 2 ші жартысында ғалым саяхатшылар Н.А. Северцов пен А.П. Федченконың, К.Ф.Кесслердің т.б жинаған мәліметтері мен ғылыми зерттеудің маңызы ерекше болды.Аралда 1929ж Бүкілодақтық балық шаруашылығының ғылыми зерттеуден ин-тының тұрақты, 1933ж Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай балық базасы ұйымдастырылды.Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО ҒА-ның 1932ж Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен байланысты.Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде Г.В. Никлоьский (Арал су алабы)П.Ф.Домрачев(Балқаш су алабы) және т.б ғалымдар елеулі үлес қосты.

20 –ғасырдың 60 жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық шаруашылықтарын құру мәселесі биологиялық тұрғыдан дәлелденді,кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур,т.б)жерсендірілді, барлық балық түрлерінің морфология және физиология ерекшеліктері, қоректенуі паразит фаунасы мен аурулары зерттеледі. Қазақстан территориясын ихтиогеография тұрғыдан сипаттап, кейбір балық түрлерінің денесінен жерсіндіруге байланысты пайда болатын морфологиялық ерекшеліктер табылады. Республика өзен-көлдерінде биология өнімдер қалыптасуының заңдылықтары, балық өсіру технологиясы іздестірілуде,балық фаунасы жөніндегі мәліметтер жүйеге келтіріліп,қорытылуда.

Ихтиофауна. Биологиялық өнімнің басым көпшілігі су қоймаларында қалыптасады, ал өзендер балық қорын молықтыруда біршама роль атқарады. Бұл орайда Жоғарғы-Ертіс алабы бөлектенген су тоғандарының қосындысы емес, біртұтас, макроэкожүйені құрайды. Сондықтан алаптың жекелеген бөліктерінде биоценоздардың байланыстығы туралы, олардың арасындағы генофондтық алмасу мүмкіндігі туралы мәселе өте маңызды болып саналады. Кестеде бірқатар су тоғандарындағы ихтиофаунаның құрамы көрсетілген, бұл орайда өзендерде биоәртүрліліктің көбірек екені байқалады. Өзендердегі ихтиоценоздардың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді, акклиматизанттар мұнда су қоймасындағыларға қарағанда аборигендерден басымдылығы артық.

Қазіргі кезде балық қорын қорғау және пайдалану оңтайлы емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық, Шүлбіде – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200 тонна, Ертіс өзенінде – 5-15 тонна, облыстың көлдерінде – 10-15 тонна балық ауланады.

Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су тоғандары бойынша 2005 жылғы балық аулау 9098,895 тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 06 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген ҚР 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында 2007-2009 жылдардағы кезеңге қойылған негізгі міндеттердің бірі “...табиғи су тоғандарын көл-тауарлы және басқа да бейімделген шаруашылықтардың разрядына және олардың пайдалануға қосу режимін ауыстыру, сондай-ақ тауарлы балық шаруашылығын құру және дамыту бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу (тоғандық, алаптық, тұйықталған жүйелерде және басқалары)...”.

Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арнаған балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасында өткен кезеңдегі республикадағы балық шаруашылығының жай-күйіне ретроспективалық талдау жасалады, дәлірек айтсақ, тауарлы балық шаруашылығы туралы мәселе қозғалды “... өткен жүз жылдықтың 90 жылдары табысты дамыған.... Бейімделген су тоғандарында бір, екі, үш жастағы тауарлы балық өсірілген. 1970 жылдан бастап 1990 жылға дейін тауарлы балық өндіру 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін өсті немесе 14,2 есеге дейін артты. Тауарлы балықты осылайша өсірудің қарқыны бұрынғы Одақтың бір де бір республикасында болған жоқ...”. 1985-1991 жылдары Шығыс Қазақстан облысында тауарлы-көлді балық шаруашылықтарын құру бойынша жұмыстар бейімделген су тоғандарында жүргізілді, оларға облыстың 18-20 көлі мен шағын су тоғандары пайдаланылды (Сібе, Балықтыкөл, Мариновка, Олемба, Совхозное, Шыбындыкөл және басқа да көлдер, Каменка, Шар, Тайынты су тоғандары). Табанбалықтың осы жылғысы, көкшұбар балық (рипус) личинка кезінде жіберілген. Нәтижесінде көпшілік су тоғандарында өздігінен ұдайы өндірілетін үйірлер қалыптастырылды (Шалқар, Ақ Мектеп көлдеріндегі рипус; Балықтыкөл, Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай су қоймалары мен көлдеріндегі табанбалық), не болмаса ұдайы өнбейтін шағын үйірлерге (Шыбындыкөл, Сібе, Кенжебай көлдеріндегі ақ амур мен дөңмаңдай балық) айналды. 1990 жылдың басында балықтандыру мен енгізілген балықтарды азықтандыру бойынша жұмыстар тоқтағаннан кейін көптеген су тоғандарындағы балықтардың ауланудың және табиғи өлуінің барысында құнды түрлері жойылып кетті, ал табиғатқа бейімделген басқа дарақтар өсу қарқыны төмен рипус пен табанбалықтың аздаған жерлігікті үйірлеріне ауысты.

“... 1990-2005 жылдары тауарлы балық шаруашылығы республикада жүргізілген жоқ. Осы жылдары тауарлы балықты аулау 150 тоннаға дейін азайып кетті. Республиканың жаңа экономикалық қатынастарға көшуі кезеңінде тауарлы балық шаруашылығын мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істеген жоқ. Осы бағытты дамыту бойынша қандай да болмасын республикалық бағдарламаның жоқтығы балық шаруашылығы субъектілерінің осы салада толыққанды қызметті жүзеге асыруларына мүмкіндік бермеді...”. Шығыс Қазақстан облысында 2002 жылы облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 03 мамырдағы № 15-ІІ шешімімен “Облыстың 2002-2004 жылдардағы кезеңге арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы” бекітілді. Бағдарламаның пункттерінің бірі “... облыстың көлдері мен шағын су тоғандарын негізделген су пайдалануға беру және оларда тауарлы балықты өсіруді ұйымдастыру...”. Балық шаруашылық мақсаты үшін беруге жарамды ту тоғандарының тізімі жасалды, оған облыстың 40 шағын су қоймасы мен 29 көлі енгізілді. Содан бастап көлдер мен шағын су қоймаларын балық шаруашылығы мақсаттары үшін жекеменшікке беру бойынша жұмыстар басталды.

Шығыс Қазақстан облысында су қорының көп болуына қарамастан, су тоғандарының барлығы бірдей балық шаруашылығы мақсаттарында қолдану үшін жарамды емес. Облыста балық шаруашылығы мақсатындағы су тоғандарының үш санаты бар:

1) балығы жоқ және балық шаруашылығы үшін болашағы жоқ;

2) ерекше табиғат қорғау құндылығы бар;

3) балықтардың санын көбейтуге және балықтың құнды түрлерін өсіруге жарамды.

Балығы жоқ көлдер мен су тоғандары (мысалы: Әмірекөл, Батырхан, Белкөл, Көзілкөл, Құрым-Байкөл, Малая Уба су қоймасы) балықтың өмір сүруі үшін жарамсыз гидрохимиялық құрамы бар (көпшілігі биік таудағы тоғандар), не болмаса температурасының төмендігі мен су алмасу коэффициентінің жоғарғылығы (таудағы су қоймалары) оларды балық шаруашылығын жүргізу үшін болашақсыз етуде.

Облыстың он жеті көлі ерекше қорғалатын аумаққа жатқызылғандықтан, оларда табиғатты пайдалану шектелген. Бұл объектілер табиғат ескерткіші, не болмаса қорықша болып табылады, онда шаруашылық қызметке мүлдем тыйым салынған (Марқакөл), не болмаса туризмді және спорттық-әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру үшін пайданылады (Сібе, Айыр).

Облыстың 100-ден астам шағын су тоғандарының бұрын пайдаланылуы, не болмаса балық шаруашылығы мақсаттары үшін қазір пайдаланылып жүруі мүмкін. Кейбір кәсіптік су тоғандарында балықты қарқынды аулау жүргізілуде, бірақ мынаны есте сақтау қажет – шағын су тоғанында қарқынды маусымдық балық аулағаннан кейін балық қорының қалпына келтірілу үшін 4-5 жыл қажет. Сондықтан кәсіпшілік ретінде пайдалану үшін шағын су тоғандары тиімсіз. Балық өсіру үшін бейімделген көлдер мен тоғандарда жыл сайын табанбалықтың, дөңмаңдай балықтық, ақсақабалықтың, ақ амурдың 2 мың тоннадан артық құнды өнімін алуға болады.

Қазіргі кезде облыста “Шығыс Қазақстан облысының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсібі кешенін тұрақты дамытудың өңірлік бағдарламасы” жұмыс істейді. Бағдарламаның тармақтарының бірі “... жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын пайдаланушыларға конкурстық негізде бекіту...” болып табылады. 131 су тоғаны енгізілген тізбе жасалды. Тізбе облыс әкімімен бекітілді. Су тоғандары белгіленген пайдалану режиміне қатаң сәйкес пайдаланылуы керек екенін ескеру керек.

Мысалы, арнайы уәкілетті органның бекіткен, балық шаруашылығы ғылымының негіздемесінсіз балық пен омыртқасыздарды өз бетімен су тоғанына жіберу қылмыстық жауапкершілікке дейін заң бойынша қудаланады. Бұдан басқа, су тоғандарында балық шаруашылығын судың химиялық құрамының есебі мен қажетті тыңайтқыштарсыз, жергілікті ихтиофаунаның құрамынсыз қате жүргізу, мелиорация іс-шарасын жүргізбеу балық шаруашылығын тиімсіз жүргізуге, өсірілетін балықтың қырылуына әкеліп соғады, су тоғанының экологиялық ахуалына зиян келтіреді.

Көпшілігінің қазір иелері бар. Әрбір нақты су тоғаны үшін ғылыми-өндірістік орталықтың Алтай филиалының мамандары балық жіберу үшін объектілерді анықтайды, өсіру материалдарының нормаларын есептейді және балық шаруашылығын жүргізу бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Ағымдағы жылы Қақастан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысымен “Жерсіндіру және су тоғандарын балықтандырудың республикалық схемасы” бекітілді, оған Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Алтай филиалының материалдары енгізілді. “Схемада ...” ірі су тоғандарын балықтандырумен қатар, су тоғандары және облыстың шағын су тоғандарын балықтандыру және балықтарды жерсіндіру объектілері анықталды.

ИХТИОФАУНА-(грекше ichthys-балық және фауна) белгілі бір су айдынында ,аймақ суында тіршілік ететін су айдынында тіршілік ететін балықтарды айтады. Көптеген су айдынының ихтиофаунасының құрамынадаму тегі ,алғашқы мекені әр турлі балықтар болуы мүмкін. Мысалы:Арал теңізінің су айдынының ихтиофаунасында Каспий ,Туркістан,т.б балық турлері жатады.


Есіл алабының ихтиофаунасы – су алабы ихтиофаунасының құрамын қалыптастыратын су айдынының тереңдігі мен қысқы суыққа бейімділігінің негізгі факторлары болып табылады. Есіл өзенінің жергілікті ихтиофаунасы Об, Ертіс су алабының ескі арнасына тән өзен-көлдік айдындарында кездеседі, олардың 15 түрі (шортан, сібір балығы, сібір елеці, язь, көл гольяны, қара балық, сібір теңге балығы, алтын және күміс табан балық, сібір голеці, сібір итмұрыны, лақа, тоғызинелі, тікенек балық, кәдімгі алабұға, кәдімгі таутан) бар. Жайылмалы көлдерге балықтардың бұл түрлері көктемгі су тасқынында келіп, су деңгейі төмендегенде өзен арнасына қайтып кетеді. Аум. 50 га, қуатт. 200 млн. бағалы балық личинкасы инкубациялық цехы бар Петропавл балық питомнигі сиг балығы мен карпты жасанды жолмен өсіруде. Балық ш-н ғыл. қамтамасыз етуді Қазақтың балық ш. ҒЗИ-дің Солт. Қазақстан бөлімшесі жүзеге асырады.


Бұқтырма су қоймасы – Жоғарғы Ертіс бассейнінің көлемді және өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді. Бұқтырма су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы құрамындағы балықтың 16 түрі мекендейді, соның ішінде өнімділері – шортан, алабұға, торта, аққайран, оңғақ, мөңке, лақа, сонымен қатар – табан, көксерке, сазан, көкшұбар, ал бекіре, ақбалық-нельма, таймень мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, мөңке, таутан, сазан, лақа сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын жоғалтты. Балық аулау табысының негізін жерсіндірілген – табан және көксерке құрайды. Соңғы жылдары, деңгейлі тәртіпті жасанды реттеу балық өндірісіне жағдай жасап отырғанда, осы немесе басқа уақыт кезеңіндегі табиғи сулылық балықты қайта өндіруде үлкен рөл атқара бастады. Судың аз болған жылдары, өзендерде тасқын шамалы кезінде, балықтар негізінен су қоймалардың жағалауларында уылдырықтайды. Судың мол жылдарында, тасқын жеткілікті болғанда, балықтың көп бөлігі өзендерде уылдырықтайды.

Бұқтырма су қоймасының салынғанына 40 жыл болды. 60-80 жылдары балықтардың және омыртқасыз жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымн қатар жергілікті түрлердің популяцияларының жаңа өмір сүру жағдайына бейімделу өзгерістері жүрді, осы аз тарихи кезеңде тұрақты ихтиоценоз қалыптасуы мүмкін емес еді. Биоценозда сукцессиондық процестер әлі ұзақ уақыт жүретін болады.

Табанның популяциясы 80 ж-ң ортасына дейін және көпшұбардың популяциясы 90 ж-ң ортасына дейін азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз ету нәтижесінде тез дамыды; даралардың өсуі және көбеюі жоғарғы қарқынмен жүрді. Азық қоры азайғаннан кейін бұл даралардың биологиялық көрсеткіштері күрт төмендеді, паразиттік ластау көздері пайда болды, ауру көбейді. Нәтижесінде табанның тоғандарда және көкшұбардың тереңсулы учаскелерде супербасымдылығы қазір сұрақ астында.

Соңғы жылдары көксеркеге сұраныс көбеюде , оның нарықтық бағасы басқа балық өнімдеріне қарағанда 3-5 есе қымбат. Осығын сәйкес кәсіпшіліктің беталысы да өсуде. Бір нәрсе белгілі – Бұқтырма суқоймасы барлық параметр бойынша қазір де, болашақта да Ертіс бассейніндегі негізгі балықөндіретін суқойма болады.Көктемде көлді-өзенді бөлікте тор арқылы аулау жоғары болады, ондағы аулау мөлшері өзен сағасы маңындағы кеңістікте 16,3 кг/тор , орташа 5,17, жазда 6,21 кг/тор орташа мөлшерде 4,02, бірақ бұл жерде балық аулауға шаянның тез өсуі және көптігі кедергі келтіреді. Таулы бөлікте тормен аулау 0,22-ден 3,05-ке дейін құбылады, орташа тәулігіне 1,32 кг/тор. Күз кезінде аулау жаздағы сияқты орташа 1,28 кг/торды құрайды.Бұқтырма суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді ұйымдастыру (балық ұны, фарш, консерва, т.б.).


Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі су қоймаларындағы ихтиофауна тізімі

Балық түрлері

Су қоймалары

Қара Ертіс өзені

Бұқтырма су қоймасы

Өскемен су қоймасы

Ертіс өз. нен Шүлбі су қоймасына дейін

Шүлбі су қоймасы

Ертіс өзені ШГЭСтен төмен

Сібір бекіресі

-

-

-

-

-

+

Стерлядь

-

-

-

-

-

+

Қызыл балық

-

-

-

+

-

+

Нельма

-

-

-

-

-

+

Көк шұбар

-

+

+

+

+

+

Пелядь

-

+

+

-

-

-

Сібір хариусы

-

-

+

+

-

-

Шортан

+

+

-

+

+

+

Налім

+

+

-

+

+

+

Сібір жылан балығы(минога)

-

-

-

+

-

+

Көксерке

+

+

+

+

+

+

Алабұға (ақтаутан)

+

+

+

+

+

+

Ерш

+

+

+

+

+

+

Сазан (карп)

+

+

-

+

+

+

Алтындай карась

+

+

-

-

+

+

Карась

+

+

-

-

+

+

Қара балық

+

+

-

+

+

+

Язь

+

+

-

-

-

+

Сібір елеці

+

+

+

+

+

+

Сібір шабағы

+

+

+

+

+

+

Табанбалық

+

+

+

+

+

+

Сібір пескарьі

+

-

-

+

-

+

Подкаменщик

-

-

+

+

-

+

Гольян

-

-

-

+

-

+

Сібір щиповкасы

+

+

-

-

+

+

Сібір голеці

-

-

-

+

-

-

Жерсіндірушілер саны

3

5

4

4

4

4

Шаруашылықтағы балық түрлерінің саны

11

13

7

11

11

15

Барлық түр саны

15

16

10

18

14

22


"+" – ихтиофауна құрамында бар; "-" – ихтиофауна құрамында жоқ.

Балық аулау жағдайы

ШҚО су қоры ұлан-байтақ жерді алады, көптеген суқоймалар балық шаруашылғы болып табылады. Қазіргі кезде балық қорын қорғау және қолдану оңтайлы жағдайда емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық ауланады, Шүлбі су қоймасында – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200т. Ертіс өзенінде – 5-15т, облыстағы өзендерде – 10-15т.

ШҚО балық шаруашылық су қоймалары бойынша 2010 ж. ауланған балық 2369,00 тоннаны құрады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік icon«Арал теңізі» ҚБ 01. 09. 10. 09. 06. аралығында атқарылған жұмысы. Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы саласында балық аулау науханына балықшылар бригадтары дайындық жүргізуде
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан...
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан...
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы
«Камбала Балық» БӨО балықшылары тендерден ұтып алған 4 участокте 3 бригада балық аулап жатыр
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы
Аудан көлеміндегі қыстық мал азығын дайындауға байланысты (шөп жабу) балықшылар уақытша балық аулауды тоғарды
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconЖүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі
Дәріс тақырыбы: Қалыпты физиология курсына кіріспе. Қозғыш құрылымдардың қызметтік ерекшеліктері
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconМазмұны кіріспе
Тілі туралы түсінік
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconКіріспе
Ақша қаражаттары туралы түсінік
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconI. Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары 6
Кіріспе 4
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік icon2. 3 электронды оқУ ҚҰралдарын дайындау
Кіріспе Delphi ортасы туралы түсінік
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница