Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі




НазваниеКіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі
страница5/7
Дата конвертации20.02.2016
Размер1.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-қазақ-тілі-пәні-бойынша-5-10-сынып-оқушы
1   2   3   4   5   6   7

3. Оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша

жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі


Біз мәтіндердің қатысымдық тілдік ерекшелігіне қарай хабарлау, сипаттау және пікірлеу мәтіндері бар екендігін айтқанбыз. Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады. Бұл да көркем әдеби жанрына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкерлер) іс әрекеттері, олардың арасындағы диалогтар келтіріледі.

Тағы бір ерекшелігі: мұнда ең басты оқиғалар мен фактілерге көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мәтінде зат есімдер мен етістіктер молынан кездеседі.

Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі.Мысалы кейіпкердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, себептік негіздер, ой қорытындылары пікірлеуге жатады.

Сипаттау мәтініне келсек, мұнда кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, заттар мен құбылыстар суреттеледі. Солардың елеулі және елеусіз қасиеттері жайында сөз болады. Сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады.

Мысалы ретінде Сейфуллиннің “Күн батарда” деген еңбегінен үзінді келтірсек:

Күн батарда

Сәулесі шашыраған қызыл күн қып-қызыл алтын табақтай болып аспан мен жердің шендескен арасына қыстырылды. Ол жер дүниеге шашылған алтын нұрын қалтыратып, асығып жинай бастады. Қызыл күннің алтын нұрымен айрылыса бастаған жасыл жердің сұлу жүзі құбылып, демде мың түрге түсті. Ойды, қырды, даланы теп-тегіс қаптаған қою жасыл қалың шөп дүниені қаптаған жасыл тәрізденеді. Алтын нұрының ақырғы шуақтарын аспанға шашыратып, тартылған қызыл табақ қыстырылған екі араға ақырын ғана жылжып жоқ болды.

Ойы, қыры, даласы жап-жасыл болып тұтасқан жердің жүзі енді жасыл емес, қара көк тәрізденеді. Қара көк теңіз құбылып, бірте-бірте қошқыл тарта бастады. (С. Сейфуллин).

Міне, осындай көркем әдеби сипаттаумен қатар өте дәлдікті қажет ететін ғылыми, іс-қағаздық сипаттау мәтіндер кездеседі. Мұндай сипаттау мәтіндері де мектептерде пайдаланылады. 5-10-сыныптарда балалар сипаттау мәтіндерін оқиды, ауызекі баяндайды, мазмұндамалар мен сипаттау шығармаларын жазады. Мысалы: “Мектеп бағында”, “Біздің сынып”, “Күзгі орманда” т.б.

Оқушы тек затты ғана сипаттап қоймайды, сонымен бірге іс-әрекетті, үдерісті (“мысалы, шаңғыны қалай жасадым”). Сипаттаудың өзіне тән ерекшелігі эпитеттер, метафоралар мен теңеулердің көптігі: сюжеттің жоқтығы: оның композициялық құрылысымен заттар мен құбылыстарға жүргізген бақылаудың нәтижесі анықтайды. Мысалы, “Көктем” тақырыбын жазу үшін, ең алдымен күн жылынды, қар ериді, сай-саладан су аға бастайды, одан әрі қарай жалғаса береді. Яғни бақылаудың бірізділігі сақталуы тиіс.

Пікірлеу мәтіні деп – бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында, мысалдар, салыстырулар, ойлар келтіру арқылы жаңа ой қорытындыларын жасауға арналған түрі. Пікір айту – мәтіннің қиын формасы.

Қарапайым пікірлеу мәтіннің жүйесі мынадай: тезис, тезистің дамуы, қорытынды жасау. Міне осындай жүйеде жоғарғы сыныптарды әдебиеттік шығармалар, ғылыми мақалалар жазылады. Ең алғаш болжам айтылады, мәселенің зерттелу барысы баяндалады, соңынан ұсынылған болжам тәжірибеде дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы ой қорытындысын жасайды. Мысалы, жетінші сынып оқушысы Қайрат С. “Көктем шықты” деген шығармасынан мысал келтіреміз.

Туған елге құстар ұшып келе бастады. Қанатты достар қызу жұмыс үстінде. Бірі ұя салса, екіншілері жұмыртқа басуға кірісті, үшіншілері балапандарына тамақ тасумен әуре. Олар өсімдіктерге зиянды құрт-құмырсқамен қоректенеді. Сөйтіп құстар адамға үлкен пайда келтіреді. Сондықтан қанатты достарымызды сақтауымыз керек. Олардың ұяларын бұзбаңдар, балапандарын өлтірмеңдер!

Қайраттың бұл шығармасында пікірлеу элементтері бар (құстардың зиянды насекомдарды қырып, үлкен пайда келтіретіндігі) және дұрыс ой қорытындысын жасаған (ұяларын бұзбаңдар, балапанын өлтірмеңдер). Пікірлеу мәтіні жайында көрнекті ғалым Т. А. Ладыженская былай дейді “Планитруя развитие связной речи, учитель предусматривает упражнение различных типов и оргнизует обучения повествоанию, описанию и элементов рассуждения”[32,71].

Алайда мәтіндегі мынадай ерекшеліктер тілдің функциональды стильдік ерекшеліктері бойынша игертіледі.

Яғни, оқушылар стильдік бояулы тілдік құралдарды, әсіресе стильдік мән беретін синонимдердің қолданылу жолдарын түсіну тиіс. Бұл теориялық түрде емес, тәжірибелік жұмыстармен меңгертіледі. Дәлірек айтқанда, оқушылар мәтіндегі сөйлемдердің нәзік реңдерін аңғартуға мүмкіндік алады. Бірақ жеке сөзді орынды қолдану оқушының ойын толық жеткізуге көмек болғанымен, ауызша немесе жазбаша мәтінде стилі туралы мәлімет бере алмайды. Мұндай күрделі де қажетті мәселені оқушылар функциональды стилистика белгілі бір хабарды, пікірді жеткізіп айтуға қажетті стильдік ішкі және сыртқы тәсілдерін, мазмұнды айту формаларын үйрету қажет етеді.

Қазіргі бағдарламада стилистика байланыстырып сөйлеу материалдарының бірі ретінде жеке алынбай, тұтас қарастырылып, концентрлі бағытта жүргізіледі. Мысалы, байланыстырып сөйлеуді дамыту сабақтарында мәтін туралы түсінік, оның синтаксистік құрылысын, байланысын оның түрлерін ажырату мақсат етілсе, мәтінді функциональды стильді өтпей толық игерту мүмкін емес. Стиль туралы түсінік мектепте оқытылатын тіл материалдарымен тығыз байланыста болғанымен, оның тілден тыс (экстралингвистикалық) жағдайға қатысты жағын ескермеуге болмайды. Ол мәтіннің (ауызша не жазбаша) мақсатын және қатынас құралы ретінде қолданылу аясын анықтау деген сөз. Оқушы мәтіннің стилін дұрыс түсіну үшін оның не үшін, қандай мақсатпен не жазғанын қалыптасқан жағдайға оқушы стилистикалық қате жібермей, құрған мәтіндері талапқа сай келеді.

Дағдыны оқушы бойына қалыптастыру үшін, алдымен олар стиль түрлерінің өзгешелігін білуі керек. Сондай-ақ мұғалім стилистикалық дағды қалыптастыру үшін мына мәселелерді еске алу шарты тілдің стильдік салаларын бөліп, бірінен-бірін ажырату үшін мәтіннің қатынас құралы ретінде қолданылу аясына қарай бөлуге үйрету. Айталық, ауызекі сөйлеу стилі жеке санаға негізделіп, емін-еркін қалыпта сөйлеу айқын көрініп тұрса, ғылыми көркем әдебиет, іс-қағаздарын, публистикалық стиль қоғамдық сапа деңгейінде ресми айтылуға негізделген. Сондықтан ауызекі сөйлеу стилін бір бөлек, өзге стильдерді кітаби жазба стиль деген атпен өз алдына айтамыз.

Оқушыларға ауызекі сөйлеу стилін түсіндіруде диалогты мәтіндерді аламыз. Ондағы сөйлемдердің ауызша еркін айтылатынына, ықшамдылығына толымсыз сөйлемдердің молдығына көңіл аударып, оларды мағына кем-кетігі дауыс, екпін-ырғақ ым-қимыл әрекетірмен толықтырылатындығы түсіндіріледі.

Ал кітаби стиль (монолог) көбінесе жазба түрде қолданылатындықтан, ауызекі сөйлеу стиліндегі дауыс, екпін-ырғақ, ым-қимылдар аңғартатын мән-мағыналардың бәрін оқырманға толық жеткізу үшін сөйлемдер барынша толық, тыныс белгілері дұрыс қойылып, мүмкіндігінше ойдың айқындылығын сақтауды қажет етеді. Сондықтан кітаби стиль нормаға лайық жазылатын әдеби тіл үлгісі болып табылады.

Сонымен осы айтылған ерекшеліктер ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің тілдік өрнектерінің өзгешілігін туғызады. Бұл түсінік кітаби стильдің ауызекі сөйлеу стилінен ерекшелігін байқатқанымен, ішкі ерекшеліктерін таныта алмайды. Өйткені кітаби стиль көркем әдебиет, іс-қағаздары, ғылыми публистикалық стильдерге бөлінеді. Олардың жазылу мақсатына, мазмұнына байланысты тіл өрнектері әр түрлі болып келеді.

Кітаби стильдерді оқушыларға анықтап түсіндіруде көркем әдебиет стилін ғылыми, іс-қағаздары стилімен салыстыру әдісін қолдану керек. Өйткені әдебиетке қайшы келетін белгілер ғылыми және іс-қағаздары стиліне бір-біріне өте жақын әрі ұқсас. Ғылыми, іс қағаздары стилі тек хабарлау міндетін атқарса, көркем әдебиет стилі әрі хабарлау, әрі адамға әсер ету күшіне ие. Бірінші стиль бойынша тек заттар мен ұғымдар нақтылы дәлелдермен анықталса, көркем әдебиет стилі нақтылы образ арқылы, мәнерлі сөз қолданыс жолымен беріледі.

Бұл стиль өзгешелігінің бір-біріне қайшы келетін белгілері: 1) дерексіздік-нақтылық; 2) образдық болмауы-образдылық; 3) заңдылық-субъективтік; 4) эмоциясыз-эмоциялық. Бұл қайшы белгілердің біріншілері іс қағаздары, ғылыми стилге тән болса, екіншілері әдебиетке тән. Міне, мәтінде жан беретін стилистиканы оқыту мектеп бағдарламасында екі басқышқа бөлініп берілген.

Бірінші басқышта оқушылар 5-6-сыныптарды функционалды стильдің барлық түрін оқиды. Мұнда оқушылар стиль түрлерін, олардың ерекшеліктерін айырып, тілдік құралдармен танысады.

Екінші басқышта 7-8-сыныптарда төменгі сыныптарда танысқан мәліметтерін кеңейтіп, өздерді де әртүрлі мәтін құрай алатын болады. Ал 10-сыныпта стиль түрлері арнаулы оқытылады.

Сондықтан 5-8-сыныптарда жазба стильдердің тілдік құралдары оқылып отырылған бағдарламалық материалдар арқылы үйретіледі.

Стильдермен таныстырудың ең тиімді әдісі – үлгілер көрсету мен шығарма-ларды талдау. Мысалы, эмоциональды-обрзды көркем әдеби стиль мәтіннің үлгісі.

Күз, алтын күз! Бұл не ғажап! Айнала мүлде өзгерген. Тал-терек алтынға малынғандай. Сары шәліге оралған келіншектей құлпырды. Тек шырша мен қарағай жазғы өңін өзгерте қоймаған. Бақтағы күздік алмалар пісіп, уылжып тұр. Үзіп жесең бал татиды. Шіркін, иісін айтсаңшы оның! Аңқыған иісі танауыңды жарады. Бақшада сары қауын, көк ала қарбыздар теңкиеді. Қарбызға пышақ ұшын сәл тигізсең болды, қақ айрылады. Іші қып-қызыл болып шыға келеді. Жесең тіліңді үйіреді. Сап-сары астық алқабында кемедей жүзіп комбайндар жүр, олар алтын дән бастыруда. Күз – жыл бойғы еткен еңбектің көрсеткіші. (М.Әлімбаев).

Ғылыми стильге құрылған мәтінге мысал.

Күз жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл мезгілде жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңесу нүктесінен, күннің қысқа тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша күз айлары болып есептеледі. Күзде күн суық, көлдер мен өзендер тартылады. Өсімдіктер қурап, ағаштың жапырақтары түседі. Күн қысқара түседі. Жыл қыстары тізбектеліп, жылы өлкелерге кетеді. (Балдырған журналынан).

Мектептегі хабарландыру (іс қағаздары стилі).

Ертең 21 наурыз күні, сағат 10-да мектеп мәжілісханасында жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік болады. Бағдарламада: мектеп директорының кіріспе әңгімесі, соңында үлкен мерекелік ойын-сауық. Ертеңгілікке 3-сынып оқушылары шақырылды.

5-6-сыныптарда стильдермен таныстыру теория тұрғысынан емес тек тәжірибелік жұмыстар арқылы жүргізілуі тиіс, әсіресе, мәтіндерді жетілдіру: сөйлемдегі сөздерді басқа сөздермен алмастыруда, сөйлемдерді түзетуде де балаларға стиль туралы мағлұматты тереңдете игерту үшін функциональды стильдер бойынша мәтін құрауға жаттықтырылады.

Оқушылардың әдеби тіл стильдері бойынша жазбаша тілін дамыту үшін, жазбаша стильдердің ерекшеліктері мен тілдік құралдарын игерту 5-10-сыныптарда әр тіл стильдердің ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.

3.1. Ресми стильдегі мәтін бойынша. Ресми тіл өзіне тән тілдік құралдардың қолданысымен ерекшеленеді:

  • жоғары тәртіппен (регламентпен) сөйлеуге белгілеген тілдік қолданыстар;

  • мазмұнды баяндаудағы ресмилік;

  • сөздер тек өзінің тура мағынасында баяндалуы;

  • ресми тілде сөйлеушінің жеке көзқарасы мен пікірінсіз тек дәлдік пен нақтылық сақталады.

Ресми тіл екі үлкен бөлімнен тұрады: ресми-құжатты және күнделікті істер. Ресми-құжатты – дипломатия тілі (дипломатиялық актілер) және заңдар тілі деп бөлінеді. Ал күнделікті істер тіліне – қызметтік хаттар және іс қағаздары жатады. Сызба түрінде былай көрсетуге болады:

№6. Ресми стиль жанрлары.


Ресми стиль




Ресми құжаттар




Күнделікті істер




Дипломатия тілі




Заңдар тілі




Қызметтік тіл




Іс қағаздар


Әдеби тіл стилінің бұл түрі қарым-қатынастың бір формасы ретінде қолданылады. Ресми стильдің халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, қарым-қатынасында маңызды роль атқарады. Яғни, бұл стильдің қалыптасуы белгілі бір қажеттіліктен келіп туған. Сондықтан ресми стиль адамзаттың қоғамдық өмірінің жоғарғы сатысында мәдени дәреженің жетілген кезінде пайда болды.

Ресми іс қағаздарының тілдік құралдарды қолданылуы да өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттар белгілі бір үлгіде орындалады, немесе құжаттардың өзіндік алдын ала дайындалған үлгісі болады. Бұл үлгі қағаздарда өзіндік ойын жазбаша жеткізу тәсілдері мен сөйлем құру реңктерін анықтайды. Мысалы, анықтама құжаттарында: «Осы анықтама талап еткен орынға беріледі», ал акт жасауда: «бір жағынан», «екінші жағынан», «акт тапсырушы», «акт қабылдаушы», «біз қол қоюшылар», «қабылдап алдым» деген штамп сөздер кездеседі.

Ресми стильдік екінші бір ерекшелігі көркемдегіш құралдар өте сирек қолданылады. Ресми стильде көбінесе лексикалық жағынан ауыспалы мағынада қолданылмайды, қолданылса да өте сирек қолданылады. Тұрақты тіркестер, фразеологизмдер де аз пайдаланылады. Қолданылатын жағдай ол ресми хабардың сипаттаушы емес, хабардың әсерін арттыру үшін ғана қолданылады.

Ресми стильдің грамматикалық жағынан ерекшелік әбден қалыптасқан, тілдік ерекшеліктері айқын көрінетін стильдің түрі болып табылады.

Құжаттар немесе іс қағаздар, баяндау немесе хабарлауға байланысты сай пайдаланылады. Көбінесе мұндай сөйлемдердің баяндауыштары бұйыру, шақыру, үндеу т.б. мәнінде болады. Мысалы: орындалу міндеттелінсін, баса назар аударылсын, мекемеге тапсырылсын. Әсіресе сөйлемнің баяндауышы немесе етістіктің өткен шақ формасында жиі кездеседі. Көбінесе іс қағаздардың көпшілігі келер шақтың формасы ырықсыз етіс түрлерінде кездеседі.

Іс қағаздар стилінің немесе ресми стилін мәтін құрауында өзіндік өзгешеліктер бар. Ресми мәтін тұжырымды, қысқа белгілі бір баяндау мазмұнынан гөрі, тілдің қатысымдық мазмұнымен жиі кездеседі. Мысалы: сенімхат, анықтама, өтініш, қолхат т.б.

Мәселен, мемлекеттік директивалық шешімдерді басқару іс қағаздарының көптеген түрлерінде, әсіресе, тарихи құжаттардың тілдік ерекшелігі айрықша. Мұндай іс қағаздарда қоғамның даму тарихы жайы жазылады да, мемлекеттік құрылыстың әр кезеңіндегі тарихын көрсетуде іс қағаздарының да алатын орны бар.

Ресми қарым-қатынаста лексикалық сөз байланысының мүмкінділігі шектеулі. Мысалы, қызмет хатта құралмайды (жазылмайды) және бағытталады (жіберілмейді), үкім хабарланады, бетке басып шығарылады, еңбек ақы тіркеледі. Немесе, мына сөздер белгілі бір құжатты ғана таңдап қолданылады: тілекке жету (пенсияны сұрап алу), қол қою, тыңдау (баяндама тыңдау), тиісті, қабылдамау т.б. Кейбір құжаттар мазмұнға құрылмайды, олар анкеталық сұраққа жауап беру, сан (цифр) арқылы кесте мәлімет т.б.

1. Анкета. Бұл әдістің трафаретпен ұқсастығымен қатар айырмашылығы да бар. Біріншіден, синтаксистік ұйымдастырылуы бірдей емес. Анкетада сұрақтар ерте дайындалады. Осы сұрақтар мен жауаптар мағынасы жағынан байланысып өздігінен сөйлем құрады. Олар бірдей формада болады. Анкета вертикальді орналасады.

2. Кесте. Бұл берілген сандық немесе сөздік форманың бірлігі, бір құжатта әр түрлі мәтіннің байланысы беріледі. Ұлттық жазба сөйлеумен байланысып кестелік материалмен түсіндірілуі мүмкін. Ал ол анкетаны болжамайды. Құжаттың мәтінмен көрсететін форма, ондағы хабардың мазмұнын анықтайды. Мәтінмен формаланған түрлі трафареттер, анкеталар, кестелер қызмет құжатының үндесу формасының басты амалы болып табылады.

Қызмет сөзінің өзі құжат немесе құжаттың бір түрі екенін көрсетіп тұр.

3. “Қызмет құжаты” түсінігі мыналарды қамтиды:

        1. Деректі және басқаратын құжаттар (нұсқаулар, заңдар, шешімдер, бұйрықтар).

        2. Әкімшілікті ұйымдастыру құжаттары (жоспар, ереже, акт, хаттама, есеп беру).

        3. Еңбектердің жеке құрамы туралы құжат (арыз, өмірбаян т.б.).

        4. Финанстық құжаттар

        5. Есепке алу құжаттар (мемлекетаралық іс қағаздар).

4. Құжат мазмұны. Құжат мазмұны – оның жауапты бөлігі болып табылады. Құжат мазмұны заңдық қатынаста мінсіз, ақиқатты болу керек. Ол құжат ретінде құбылыс, оқиға, деректерді анықтауға қызмет етеді. Дәлсіздік, өңін айналдыру, түсініспеудің құжат сапасын төмендетіп, оның заң жүзінде күшін әлсіретеді.

Құжат қысқа әрі нақты жазылып, кейбір “шындығында жұмыс істейді” т.б. білдіретін және т.б. артық сөздер экспрессивті-эмоциональді сөздер мен эпитет, метафора, гипербола қолданылмайды.

Құжатта айтылғанда сұрақтарға ешқандай күдік, түсінісу пікірлері болмай, бәрі айқын баяндалуға тиіс. Мәселен, бір азаматқа жұмыс орнына анықтама берілетін болса, онда қайда және қандай мақсатпен берілетіні туралы көрсетілуі керек. Егер қандай да бір бөлімнің қызметкеріне алғыс жариялау туралы бұйрық шықса, онда соған байланысты қандай жағдайда мадақтауға ие болған еңбегі көрсетілуі тиіс.

Мазмұнның түсініктілігі – құжаттағы барлық ойдың әдеби тілмен тұжырымды баяндалғанын дәлелдейді, әрбір адамның оңай түсінетіндігін білдіреді. Ұзақ көп цифрын, есімше, көсемше тіркестерінен аулақ болған жөн. Сөйлемдегі сөздерді грамматика ережелеріне сәйкес орын-орнына қоя білу керек.

Іс қағаздарын жүргізу әкімшілік және жалпы болып бөлінеді. Әкімшілік іс қағаздарын жүргізуге мекеме қызметінде бұйрық беру және оны жүзеге асыру үрдісінде туындайтын құжаттар жатады.

5. Мемлекет басқару ұйымдары және ведомоствоға қарасты мекемелерде қолданылатын құжаттар ұйымдастырушылық – бұйрық беру құжаттар деп аталады.

Бұларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады.

              1. Ұйымдастырушылық (ереже, жарлықтар, нұсқаулар).

              2. Бұйрықтар (қаулы, бұйрық, нұсқау, шешім).

              3. Анықтамалық – хабарлама (хаттар, баяндамалар, шолулар, түсіндірме хаттар, тізімдер т.б.)

Міндет, белгіленуі , қойылуы жағынан құжаттар фактілерді, оқиғалар мен құбылыстарды тіркеу (акт, есеп, хаттама) хабарды белгілі бір жерге жеткізіп (хат, ашық хат, жеделхат) отыратын құрал ретінде де қолданылады. Қызметтік құжаттар – мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамдар атынан, ал дербестері жәке азаматтардың атынан (өтініш, шағым) жазылады.

Іс қағаздар мен құжаттардың өзіндік құрылымы болады. Мысалы:

  1. Жеке іс қағаздарының авторы сол құжатты (хаттар, арыз, өтініш, шағым) құрастырған адамдар, қол қоюшылар да осы жекелеген адамдар болып келеді.

  2. Құжаттардың ерекше белгілері болуы мүмкін. Олардың белгілі бөліктері “шрифтер” деп аталады. Бұл белгілеулер құжаттар құпиялығын, орындалуының тездігін, почта жіберудің ретін анықтайды.

Құжаттар құпиялығын анықтайтын шрифтер (белгілер) “өте құпия”, “құпия”, “жариялауға болмайды” деген түрлерге бөлінеді. “Шұғыл” белгілі құжаттар арқылы жіберулі ретін білдіреді.

  1. Құжаттар мазмұнына қарай дербес және типтік болуы мүмкін. Көптеген құжаттар қайталанбас мазмұнымен дербес болады. Мазмұны жағынан дербес құжаттарға: қаулы, шешім, бұйрық, хаттамалар жатады.

  2. Әрбір құжаттың мазмұны түсінікті болу үшін бас тақырыбы оның оқуын жеңілдетеді; оны тіркеуде, орындаушыларға бөліп, орындау және талдау кезінде жеңіл тиеді. Басқа тақырыбы бар құжаттар іс қағаздарын тіркеуге қолайлы.

Демек, оқушыларды күнделікті өмірге бейімдеу үшін жазбаша сөйлеу мәтін құрастыра білуге жаттықтырылады. Ең алдымен, оның тілдік құралдары туралы мәлімет оқытылып отырылған тілдік материалмен байланыстырылады. Мысалы, 7-сыныпта етістік туралы білім беруде, етістіктің модальдық құрылымының қолданылу ерекшеліктері ресми стильдегі мәтіннің тілдік құрылымымен байланысты мәлімет беріледі. Мәселен,іс қағаздар тілінде барыс септіктегі етістік құрамды сөздің модаль сөздермен тіркесіп жұмсалуында кейбір ерекшеліктер бар. Біріншіден, іс құжаттар тілінің қызметтік аясына құқықтық қатынастар саласы, басқару салалары жатады. Осыған байланысты іс құжаттарының стильдік бағыты отбасы қарым-қатынасындағы, қызметтегі қоғамдық орындарындағы және мемлекет алдындағы жауапкершілік пен міндеттілік мәнде болып келетінін білеміз.

Екіншіден, адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен іс жүргізу мәтінінің тілдік құралдарына жеке адам тіліндегі ерекшеліктер тән емес. Ресми іс жүргізу стилінің мағыналық ерекшелігі әлеуметтік сананың ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Соған орай, басқару тілінің стильдік белгісі, бағыты, бұйрық, жарлық, нұсқау түрлері міндеттілік, жауапкершілік негізінде сөйлем құрылымы да осы ерекшеліктерге сәйкес түрде жүзеге асады. Соған орай қажеттілік, міндеттілік мағынасындағы модаль сөзді күрделі етістік баяндауыштар тұрақты қолданылады.

Жазбаша тілде, көркем шығармаларда аса көп кездесе бермейтін, соның ішінде іс қағаздар тілінде сандық жағынан молынан қолданылатын, іс қағаздар тіліне тән стильдік сипат алған модальды күрделі баяндауыштар қолданысы іс қағаздар тілінде берік орын алған. Мысалы, іс қағаздар стиліне тән модаль сөзді күрделі баяндауыштар тұлғаларының мәнін ашып көрсету үшін –уға тиіс, -уға міндетті, -уы керек, -уі мүмкін тұлғалардың қолданыс ерекшелігін алайық.

М.Балақаев “Қазіргі қазақ тілі”(синтаксис) оқулығында құрама баян-дауыштардың құрамындағы сияқты, секілді, тәрізді, керек, тиіс модаль сөздері есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте жұмсалғанда, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көзқарасын білдіру үшін жұмсалатындығын көрсетеді [33].

Х.Неталиева қазіргі қазақ тіліндегі –у тұлғалы қимыл есімдері мен модаль сөз тіркесінің мағыналық қызметі жөнінде былай дейді: “ тұлғалы етістіктер, көптеген көмекші шылаулар, модаль сөздерімен жиі қолданылады. Олар: керек, керек емес, үшін, тиіс, мүмкін, қажет т.б. –у тұлғалы етістіктермен айтылатын осындай сөз тіркестерінің бірсыпырасы (міндеттілікті) керек, қажет, тиіс т.б. білдіретіндігін айтады” [34,31].

К.Ищанов етістіктің модальдық құрылымын раймен байланыстыра қарады, тұлғасы кейбір модаль сөздермен тіркескенде, міндеттілік райы және қажет райы деп аталатын ерекше модальдық категория жасайтынын айта отырып, оның екі тәсіл арқылы жүзеге асатынын атап көрсетті:

  1. у тұлғалы сөзбен керек, шарт, мүмкін модаль сөзінің тіркесі арқылы. Аталған құрылым, негізінен, қажеттілік пен мүмкінділікті білдіреді;

  2. барыс септігі –у тұлғасы мен тиіс, міндетті модаль сөздерінің тіркесі. Мұндай құрылым қажеттілік пен қимылдың міндетті түрде іске асуын білдіреді [35].

Ал мұндай мағынадағы қажеттілік, міндеттілік іс қағаздар стиліне жүйелі қолданылатын грамматикалық бірлік деп тануға келтірілген мысалдар себепші бола алады. Мәселен, баптар мәтіндерінен үзінді келтірейік: “Нотариустың құжаттары заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуы тиіс”. “Егер азаматтар және олардың ақыл-есі кемістігі салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алатын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті”.

Етістіктің модальдық құрылымдары субьектінің қимыл-әрекетінің ақиқат-шындыққа қатынасы жөніндегі көзқарасын білдіреді. Ал қимылға деген субьектінің көзқарасының түрлі болуы заңды. Ал іс қағаздар тілінің синтаксистік құрылымдардың қолданылу қызметінің бағыты, негізінен, бұйыру, әмір ету, үкім шығару т.б. реңдік мағыналарда болғандықтан, қажеттілк, міндеттілік мағынадағы синтаксистік құрылымдар іс қағаздар тілінің ерекшеліктеріне тән қасиетке ие болады. Мәселен, іс қағаздар стилінде бұл тұлғалардың көп қолданатыны оның функционалдық қызметімен байланысып жатқан ерекшелік деп айта отырып, -уға керек, -уға тиіс, -уға міндетті тұлғаның синонимдес мәнде жұмсалып міндеттілік мағынаны білдіруі арқылы ресми құжаттар бетінен жиі көрініс беруі іс қағаздар тіліндегі жазылу әдісінің бір түрі болып келеді.

Мысалы, “Еңбек келісімі” құжатынан: “Келісім мезгілінен бұрын тоқталатын болса, ол жайлы екі жақ бір-біріне 15 жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлау керек”.

Телефонхаттан үзінді: “Ғимаратқа кіру үшін жеке басын растайтын құжат алу керек”.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен үзіндіде: “Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін, жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы кодекстің жалпы бөлімінің сол жазалау түрі белгіленген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерінен аспауы керек”.

Тұжырымдағанда, іс қағаздар тіліне тән жиі кездесетін бұл қайталаулардың қызметтік сипаты үнемі постпозицияда (соңында) келіп, бір жағынан, мәтін мазмұнын бірнеше компоненттерге бөліп, түйдекті түрде үстемелене қолданылып, айтылар ойды хабарлау, түсіндіру, нақтылау, түйіндеу секілді сан түрлі қызмет атқарып отырса, екінші жағынан, мәтінді тудыру, дамыту, тиянақты түрде аяқтау қызметімен қоса, айтылар ойдың, іс-әрекеттің міндетті түрде болуына қозғау салу, тіпті бұйыру бояуының реңін байқауға болады. Соған орай, бұл қайталама құрылымдар бүкіл мәтін бойынан кездесіп, мәтін мазмұнын жүйелі баяндайтын іс қағаздар тіліне тән сөйлем құрылысының тиімді баяндауышына айналады.

Ал оқушыларға ресми мәтін құрастыра білу икемділігін арттыру үшін:

- ресми мәтіннің тілдік ерекшеліктері туралы білім, сол сыныпта оқытылатын грамматикалық форма мен категорияға байланысты берілуі нәтижелі болады;

- ресми мәтіннің түрлерімен таныстыруда оның мағыналық, мазмұндық мәніне орай жүрізіледі. Мәселен, ол құжат қайда қолданылады, мақсаты не? деген мәселелер анықталады;

  • құжаттардың, іс қағаздардың мәтінінің тілдік ерекшеліктерін тани білуге жаттықтыру мәтін талдау жүйесімен жүргізу қажет.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық,...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconНҰрпейісова эльмира серікбайқызы кіші медицина мамандарын даярлаудағЫ Қызылорда медициналық колледжінің орны
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысы тақырыбы-ның қамтылған уақыты ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың бас кезі. Ха-...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconҚорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырыптың өзектілігі
Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconЗерттеу тақырыбының өзектілігі
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница