Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі




НазваниеКіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі
страница4/7
Дата конвертации20.02.2016
Размер1.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-қазақ-тілі-пәні-бойынша-5-10-сынып-оқушы
1   2   3   4   5   6   7

2.2.3.Жазбаша сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу.

Сұрақ-жауапқа жаттықтыру жұмысы стилистикадан алғаш мәлімет беру кезінде, тіл ұстарту мақсатында жүрізіледі.

Онда оқушыларға белгілі мақсатқа байланысты сұрақтар беруі талап етіледі. Ал ол сұрақтарды мұғалім белгілі бір мәтіннің немесе сөйлемнің стильдік ерекшеліктерін білдіретіндей етіп ұйымдастырады. Яғни, сұрақтар әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, оларға стилистикадан берілетін білімнің ауыр-жеңіліне байланысты беріледі.

Тегінде, сұрақ қоя білу, қойылған сұрақтарға орынды, дәйекті жауап қайтару дағдылары оқушыларға нақтылы көмек берудің нәтижесінде қалыптасады. Оны ауызекі жұмыстан гөрі жазбаша жаттығулардың үстінде жүзеге асыру мүмкіндігі мол. Өйткені, оқушы жіберген кемшілікті (сөз таңдау, сөйлем құрау, ой нақтылығы т.б.) жазып, сызып көрсетуге, дұрыс жазудың үлгілерін беруге болады.

Дегенмен, жазу жұмыстарының сапалы орындалуы оған дейінгі сұрақ-жауапқа жаттығу кезінде оқушылардың алған білім, дағдыларына байланысты. Мысалы, мына мәтін қай стильде жазылған? деген сұрақ беру үшін, ол мәтінмен оқушылар бұрын танысқан немесе стиль туралы бұрын мәлімет берілген болуға тиіс. Демек, сұрақты белгілі мақсатқа лайықты құрастыру, оны оқушының дұрыс түсініп, орынды жауап қайтаруы – жұмыстың сәтті орындалуының басты шарттары болып есептеледі.

Өзіміздің көп жылдық педагогтық іс тәжірибемізге сүйене отырып түйгеніміз оқушылардың қалың көпшілігі сыныптық және сыныптан тыс қабылданған материялдарды жинақтап, логикалық жүйеде байланысқа түсіріп, жазбаша баяндап беруге қабілетсіз келеді.Оның басты себебі бұл мәселе қазақ тілін оқыту әдістеме ғылымында күні бүгінге дейін зерттеу нысаны болмағандықтан мұғалімдер әр түрлі білім көздерінен жинақтап біріктіру арқылы бала тілін жазбаша дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері кең көлемде белгіленбей келді. Сондықтан оқушыларды мұндай жұмыс түріне жаттықтыру ісі талап деңгейінде көріне алмай жүр.

Жоғарыдағы аталғандарға сәйкес, оқушыларды әр түрлі білім көзінен жинақталған материалдарды біріктіру нәтижесінде тұтас байланысқа түскен мәтін түзу дағдыларын қалыптастыру, яғни олардың контекстік тілін дамыту жолдарын анықтауды сұрақ-жауап, яғни әңгіме әдісі арқылы жүргізу тиімді.

Біз біріктірілетін материалдарға әдебиет оқулығындағы әңгімелерді, сурет-иллюстрацияларды, табиғат құбылыстары мен өмір шындығын бақылаудан алынған мәліметтерді, жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері мен оқушының жеке басының пікірін пайдаландық. Ең негізгі білім көзіне оқылатын мәтін алынады да, ал қалғандары оған қосымша қызмет атқарады.

Әр түрлі білім көздерінен біріктіру арқылы балалардың контекстік тілін дамыту мақсатында жүргізілетін жұмыс үдерісін мынадай бөлімдер бойынша қарастырдық.

1. Оқылатын мәтінді ұғу.

2. Оқылған мәтінді сапалы толықтыру үшін екінші білім көзінен материал жинақтау.

3. Оқыған материал мен оқушылардың басқа білім көзінен жинақталған материалының контекстегі мазмұнға сай логикалық байланысқа түсіруге дағдыландыру.

4. Біріктірілген материалдар бойынша әңгімелету, жазбаша мәтін құрауға жаттықтыру.

Оқулықтағы мәтін мен басқа білім көзінен жинақталған (бақылау, сурет, тәжірибе т.б.) материалдарды бір мезгілде талдау үдерісі тек тақырыптық байланысын белгілейді сөйлемдер арасындағы мағыналық дәнекерлікті анықтайды, мұның өзі баланың контексті тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Сөйлемдер арасындағы бұл қатынастар әр түрлі білім көздерінен алынған материалдардың логикалық негізде жүйеге түсуді қамтамасыз етеді, оқушыларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.

Оқылатын мәтін мен сыныптан тыс табиғат құбылыстарына жүргізілген бақылаудың немесе мектепте жүргізілген тәжірибенің барысында жинақталған материалдарды біріктіріп, тұтас әңгіме құру дағдыларын қалыптастыру жайындағы жұмыстарға мысал келтірейік.

Егер сабақта күнделікті тұтынылатын зат не құбылыс жайында жазылған әңгіме оқытылса, мұғалім сабақты түсіндіруде оқушылардың жеке басының тәжірибесіне сүйенеді (жаңа мәтінді оқығанға дейінгі игерген), ал егер шала таныс немесе мүлде таныс емес нәрселер жайында баяндалған мәтін талданатын болса, онда оқушыларды онымен тереңірек таныстыру мақсатында белгілі бір зат не құбылысқа бақылау ұйымдастырады не тәжірибе (басқа да білім көздерін пайдалануы мүмкін) өткізіледі.

Әңгіме мәтінін оқудан бұрын оқушыларға сол зат не құбылысқа бақылау жүргізу тапсырылады. Бақылау нәтижелі болу үшін, нені, қашан, қалай бақылау керектігі, оқылатын мазмұнда сөз болатын нәрселер жайында қосымша мағұлмат алатындай етіп егжей-тегжейлі нұсқау, сұрақтар беріледі. Олай дейтініміз, оқушының оқу материалын ұғынуды тікелей сезу үдерісіне сүйеніп, іске асады. Ал тікелей сезу үдерісінде түйсіну, қабылдау, елестеу жатады.

Қабылдаудың ерекше түрі – бақылау. Бақылау үдерісі белсенді жүргізілуі шарт. Бақылаудың белсенділігі дегеніміз – жұмысты жүргізерде оқушыларды қандай нәрселерге мән беруді ескерте отырып сұрақтар арқылы жетелеу. Демек бақылау дегеніміз белгілі бір нысанды мақсатсыз қарау немесе бір нәрсені тыңдау сияқты пассив үдеріс емес, керісінше ойдың қатысымен белсенді түрде іске асатын үдеріс.

Енді жұмыс барысын мысалдар арқылы көрсетейік.

1. “Керемет көктем”әңгімесін оқу (оқушылардың табиғат құбылыстарына жасаған бақылау нәтижесінде жинақталған материалды пайдалану).

2. “Ұя сыры” әңгімесін оқу (мектепте жүргізілген тәжірибе нытижелерін пайдалану). Оқулықтағы .“Керемет көктем” әңгімесін өту алдында оқушыларға табиғат құбылыстарына бақылау жүргізуді тапсырады.

Мұғалім бақылау нәтижелі болу үшін нақтылы жоспар – сұрақ ұсынады:

1. Қардың еруі (таңертең, түсте, кешке). Қар неліктен ериді? Еріген кар неге айналады? Су қайда, қалай ағады?

2. Көктемнің хабаршыларын қалай білесің (жердің көктеуі, ағаштардың бүршік жаруы, жидектердің гүлдеуі, жапырақ жаюы, құстардың келуі, алғашқы келген құстар, олардың іс әрекеттері, жан-жануарлардың түрленуі).

3. Адамдардың көктемгі іс әрекеттері қандай? (Жер жырту, егін салу, бау-бақшаларын күтіп баптау, т.б.)

Ендігі жерде қандай құбылыстарға зейін аудару қажеттігіне бағыт беріліп “Керемет көктем” әңгімесін мәтінімен оқушылардың табиғатты бақылау нәтижесінде жинақталған материалды қоса талдау жасау арқылы бұл бір-біріне ұқсас материалдар бір мазмұнға біріктірілді. Мысалы:

“Керемет көктем” мәтінін екі мағыналы бөлікке бөлінген талдау кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған материалдарда осы екі бөлік бойынша сұрақ-жауап мынадай жүйеде жүргізіледі.

Мәтіннің бірінші бөлімі бойынша жұмыс



Мұғалімнің сұрақтары:


Оқушылардың жауаптары:

1. Әңгімеде қар жайында не айтылған?

2. Көк туралы не жазылған?


3. Құстар туралы не айтылған?


4. Бірінші бөлімде көктемнің неше белгісі сөз болады?


5. Қар қалай ериді?



1. Қар кетті.

2. Қылтыйып көк те көріне бастады. Шөптің кішкентай жапырағы көрінеді.

3. Құстар – көктем хабаршысы. Құстар аспанда қалықтап ұшып, қанатын кең сермейді.


4. Үш белгісі сөз болады:

а) қардың кетуі; ә) шөптің шығуы; б) құстардың келуі.

5. Күн біртіндеп жыли бастады. Таңертең қар қатты болғанымен, түс кезінде ериді. Қар асты тола су. Су ағып жылғаларға құяды. Жылғадағы су сылдырлап ағады.

Үй шатырлары мен беткейлерде қар еріп біткен. Тек шұңқырлар мен жылғаларда ғана қалған. Кешке қар қатаяды. Өйткені күн батады. Су бетін жұқа мұз басады.



Мәтіннің екінші бөлігі бойынша жұмыс.


Мұғалімнің сұрақтары:


Оқушылардың жауаптары:

1. Дәрмен неге ерте оянды?


2. Дәуреннің әжесі керемет көктем-нің келуін қалай түсіндірді?


3. Әңгіме неліктен керемет көктем деп аталады?


4. Адамдардың көктемгі іс-әрекет-терін баяндап беріңдер?


5. Көктемді неге “керемет көктем” деп атауға болады?


1.Ауылдың көшесін дүрілге толтырып трактор өтіп барады.


2.Дәуренді далаға шығарып тракторлар керуенін нұсқап: Әне егіншілер дабылы соғылған, керемет көктемнің келгені.


3. Көктемде жер жыртылып, егін егіледі.


4. Күн қызып, жер дегдиді. Көктем шығысымен диқандар жер жыртып, егін егеді. Бидай, арпа, сұлы, жүгері себеді. Бұлар – дәнді дақылдар. Ауыл адамдары бақтарына өрік, алма, жаңғақ, шие,

алмұрт, жүзім көшеттерін отырғызады.

Ал бақшаларына қияр, асқабақ, қызыkша, сәбіз, пияз, қауын, қарбыз егеді. Жеміс ағаштарының түбін қопсытып, әктейді.


5. Көктемде күн жылынып, жер көктейді, ағаштар бүршік жарып, жеміс-жидектер гүлдейді. Алыстан құстар ұшып келеді. Диқандар жер жыртып, егін егеді. Ауыл адамдары бақтарына жеміс ағаштарын отырғызып, бақшаларына көкөніс отырғызады.



Міне, осылайша, оқушылар мәтіннің әр бөлігіне өздерінің бақылау нәтижесінде жинақтаған мәліметтерді бейнелейтін бүтін тілдік компоненттерді (өзара байланысқан сөйлемдер тобы) біртіндеп біріктіреді. Әр түрлі білім көзінен жинақталған материалдарды мұқият талдай отырып әр бөлікке кіріктірген соң, оқушылар кеңейтілген әңгіме мазмұнын байланыстыра отырып, ауызша баяндау мүмкіншілігіне ие болады.Мәтіннің әр бөлігі талданған соң, әңгімені қайта оқымай, бүтін логикалық байланысқа түскен материалды байланыстыра жазып шығу тапсырылады.

Жазу жұмысының мұндай түрі оқушыны дәл, нақты жауап беруге дағдыландырып, сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуге жаттықтырады, тіл стильдерінің тілдік құралдарын ерекшеліктерін біліп, қолдана білуге төселдіреді.

Тұжырымдағанда, жазу жұмысының сұрақ-жауап түрі оқушыны дәл, нақты жауап беруге дағдыландырып, сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуге жаттықтырады, мәтін құрастырудағы тілдік құралдардың ерекшелігін ажыратып, қолдана білуге жаттығады. Ал әр түрлі білім көздерінен жинақталған материалдарды біріктіріп, тұтас мәтін құру оқушылардың сөздік қорын молайтып, байланыстырып жазу дағдыларын қалыптастырады, ойлау үдерісінің дамуына ықпалын тигізеді.


2.2.4. Мазмұндама жаздыру.

Мәтін құрастыру жұмысының ең қарапайым түрі – мазмұндама. Өйткені онда оқушылар даяр мәтін бойынша жұмыс жүргізеді.

Әдістемелік әдебиеттерде мұның мынадай түрлері көрсетіледі: а) мәтінге жуық немесе толық мазмұндау; ә) Қысқаша мазмұндау; б) мәтіннен цитата немесе эпиграф келтіре отырып мазмұндау; в) берілген мәтінге өз ой қорытындысын қоса мазмұндау. Бұларға қоса стильдік мақсатта, әр түрлі жазба әдеби тіл стильдері бойынша мазмұндама жүргізуге де болады. . Сондықтан Р.Ә.Шаханова сөйлеу жаттығуларының негізі қатысымдық бағыттағы жаттығулар болу қажеттігін айтады. 28,24

Мектеп тәжірибелерінде мазмұндама үшін көлемі шағын мәтіндер беріліп, оны мұғалім 2-3 рет қайыра оқып беру арқылы жаздырады. Сондықтан оқушылардың жұмыстарында мәтінді сөзбе-сөз қайталап, дайын фразаларды «көшіріп» бере салушылық жиі ұшырайды. Бірсыпыра оқушылар мәтіндегі ұмытып қалған кейбір сөйлемдерді екінші сөйлемнен дұрыс, жалғастыра алмай, оларды байланыссыз тіркей салады.

Олай болмау үшін мазмұндама жүргізуден бұрын: мәтінді түсініп оқу, қабылдау, мәтінді негізгі бөлімдерге бөліп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тілін талдау, мәнерлеп оқыту тәрізді жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылардың жазу жұмысы мәтінде барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналады. Бұл тұрғыдан мазмұндама жүргізудегі мәтінді оқып түсіну мен қабылдау арқылы есте қалғанын қайта жаңғырту амалдарын қарастырамыз.

Тәжірибеде жазбаша қарым-қатынаста мынандай жағдаяттар жиі кездеседі: мәтіннің кейбір бөлімдерін оқушы дұрыс түсінбейді немесе жазушының қолданылған мағына, мәні бойынша емес басқаша қате түсінуі мүмкін. Мәселен, бұл құбылысты Б.С.Мучник «Речь идет не о любом затруднении в понимании текста, которые может быть вызвано, например особой сложностью содержания, и не об отсустсвии понимания (нолувом понимании, не понимании), а также не о том неизбежно расхождении в оттенках между замыслом автора ирезультатом читательского восприятие, которое присуще каждому акту передачи мысли, а именно о неправильном и искаженном превратном понимании, понимании со знаком минус», - деп нақталайды [29,31]. Сондықтан жазбаша қарым-қатынастың психолингвистикалық негізінің бірі - жазушының мәтіні мазмұны автордың мәні бойынша дұрыс қабылдау болып табылады. Өйткені мәтінді мағыналық тұрғыдан дұрыс қабылдау жазбаша сөйлеу әрекетінің жалпы заңдылығы болып саналады.

Мәтінді қабылдау дегенде, оқығанда бастапқы сөздердің байланысы мен мәнін игеру болап табылады. Сондықтан қабылдау түсінумен байланысты. Оны Б.Мучник: «Однако, мы рассматриваем такое восприятие, которые не разрывно с понимнием, т.е. восприятие именно смысла текста, смысловое восприятие», - деп көрсетеді [29,47].

Мәтін мазмұнын дұрыс қабылдаудың екінші бір жалпы заңдылығы – сөйлем құрылымының стилистикалық жағынан дұрыс болуы, яғни сөйлемде келтірілген деректердің (факты) жүйелі түрде құрылған сөйлемде дұрыс қабылданады. Ал стилистикалық жағынан дұрыс құрылмаған сөйлем ойды қабылдауда қатеге ұрындырады. Сөйлемдегі деректерді түсінбеу әрекетін Л.В.Щерба “кері әсер ететін тілдік материал” деп атап : “Роль этого отрицательного материала громадна и совершенно еще не оценена в языкознании”, - деп көрсетеді [30,33]. Сондықтан біз мәтін мәнін қабылдауды сызбаға түсіргенін былайша көрсетуге болады:

Кесте №5. Мәтінді қабылдау жүйесі.


мәтінді оқушының ұғыну деректері



автордың ойын түсіну деректері

автордың ойын қате түсіну деректері



бұрмаланып түсіну

дұрыс түсінбеу


оқуда кездейсоқ қателер жіберу

қабылдаудың заңдылықты қателері

Бұл кестедегі соңғы деректердің тобы мәтінді ұғымдық қабылдау амалдарының жалпы заңдылықтарын ашуға болады. Яғни тілдік деректердің негізінде қабылдаудың заңдылықты қателікке ұрынуы ғылыми және тәжірибелік мәселе болып табылады. Өйткені мәтінде берілетін мәнді қате түсінуді болдармау үшін тілдік деректермен арнаулы жұмысты жүйелі жүргізудің қажеттілігі келіп шығады. Бұл мәселе бойынша оқушылардың шығарма мәтіндері, жазба жұмыстары талданды, ұғымдық қателер белгіленеді.

Мәтіндегі қате ұғымға әкелетін сөйлемдерді біз зерттеуімізде екі топқа бөліп қарастырдық: 1) сөйлем құрамындағы жеке сөздің мәнін түсінбеуден туындайтын; 2) жазушының сөздерді бір-бірімен байланыстырып, тіркестіруден туындайтын қате түсінуі. Ал бұл екі жағдай әрі қарай бөлшектеуді мына сызба арқылы нақтылауға болады:

сөйлем мәнін қате түсіну



Жеке сөз мағынасын түсінбеу

Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысындағы мәнін түсінбеу



Сөзжасамның мағынасын дұрыс түсінбеу

Сөздерді ажыратудағы қате мәні


Логикалық екпін бойынша дұрыс түсінбеу

Сөздердің байланысының қате мәні

Қорыта келгенде, оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту үшін

мәтінді түсініп оқу арқылы автордың мақсат еткен ой-пікірін мазмұн-мәнін дұрыс қабылдау икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға болады. Бұл психолингвистикалық негіздерге ойлау амалдарына сүйенеді.

Мазмаұндау оқыту үдерісінде ерте басталады. Жазбаша мазмұндаманың түпкі мақсаты мәтінді өз сөзімен түсінігінше әңгімелеу. Бұл тұрғыдан мәтін жазбаша сөйлеуге үйретуде ерекше қызмет атқарады. Сондықтан ең алдымен оқушы мәтін мазмұнын түсініп игеру керек. Ол үшін оқушы мәтіндегі лексикалық құрамын игерген сол сөздердің мәтіндегі бір-біріне байланысына мән беріп, грамматикалық көрсеткіштердің қызметін ескеріп, әр сөйлемнің мәнін түсіну арқылы мәтін мазмұнын игереді. Соңынан жадына сақтап, талап деңгейінде мазмұндайды.

Тұжырымдай келгенде, оқушылар оқыған материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатынан, оқушылардың жас ерекшелігіне, дайындықтарына, білім мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдап, жүйелі мазмұндау үшін негізінен мынадай жұмыстар ұйымдастырылады:

1. Мәтінді қабылдауға дайындау.

2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

3. Мәтінді оқу.

4. Мәтіннің жоспарын жасау.

5. Мәтіннің мазмұны бойынша шығармашылық жұмыстар.

6. Оқыған мәтіннің мазмұнын жазу.

Тіл стильдерін үйрету мен жаттығу барысында жаздырылатын мазмұндамаларға стильдік сипат береміз. Онда жалпы мазмұндама алудың ұстанымдарын сақтай отырып, оқушылардың назары кейде мәтіннің жазылу стиліне аударылады.

Мазмұндама жазуда оқушыларға қиындық келтіретін жұмыстың бірі – ол мәтіннің стилін өзгертіп мазмұндау болып есептеледі. Ол үшін оқушылардың тіл стильдері туралы жүйелі білімі, дағдысы болуы шарт. Мәтіннің стилін өзгертіп жазуды стильдік талдаудан бастаған жөн. Өйткені, сол мәтіннің қай стильде жазылғандығын, оның тілдік ерекшеліктерін білген оқушы ғана оны өзгертіп жаза алады. Сонымен бірге кейбір күрделі сөйлемдерін варианттарымен ауыстырып немесе оқушылардың түсінігіне қиын сөздер мен тіркестері түсіндіріліп, даярлық жұмысы жүргізіледі. Кейде мазмұндауға өте шағын мәтіндер таңдалып, стильдік ерекшелігі айқын ажыратуға болатындай түрі алынады.

Тұжырымдай келгенде, мазмұндамаға стильдік талап қоя жаздыру оқушылардың стилистикадан оның ішінде стильдерден білімдерін кеңейтіп, түсіне білуге дағдыландырады. Сол арқылы тіл мәдениеті артып, сауатты жазу мен сөйлеуге дағдыланады.

Шығарма жаздыру. Шығарма – белгілі бір автордың өз ойынан жазған еңбегі. Шығармалар түрлі-түрлі болады: саяси, ғылыми, көркем әдеби, публицистикалық т.б. Қоғамдық үлкен мәні бар, жұртшылыққа танылған шығармалардан бастап газет-журналдарға жазылған кіші мақалаға дейінгі еңбек шығарма деп аталады. Сол сияқты мектеп оқушысының қазақ тілі әдебиетінен орындайтын шығармашылық жазба жұмысы да шығарма делінеді.

Шығарма – мектепте орындалатын өте жауапты да күрделі жұмыс. Оқушының білім-танымдық дәрежесін, пікірін жүйелі жеткізе алуын, тәлім-тәрбиелік және қабілет шамасын байқататын жазбаша түрдегі ой еңбегі.

Қазақ тілі мен әдебиетінен орта мектепке арналып жасалған жетілдірілген бағдарламада: «8-10-сынып оқушыларына жаздыратын шығарма түрлері тарихи курс мақсатына лайық тақырыптық (талдау), публицистикалық және әдеби-шығармашылық», - деп, үш салаға бөлетіндігі көрсетілген [31, 6].

Бұл пікірлерге негіздеп, жазбаша тілді дамыту үлесін оқушы шығармасы тақырыбы мен мазмұнына қарай негізінен, екіге бөлуге болады:

1) көркем әдебиет туындылары бойынша шығарма;

  1. оқушының өз іс-әрекеті және қоршаған орта жөніндегі шығарма.

Жоғары сыныптарда жиі жазылатын шығарманың түрі-көркем әдеби туындылар бойынша шығармалар. Оған көркем әдебиет кейіпкерлерінің образдарын ашуға және оның маңызын талдауға байланысты шығармалар жатады. Мысалы, белгілі бір кейіпкерге мінездеме беру; белгілі бір көркем шығарманың өзіндік ерекшелігі мен мәні, жазушы стилі мен оның тілі, композициясы, талданып отырған көркем шығарманың әдебиет тарихындағы орны, белгілі бір ақын я жазушының өз кезеңінде қазақ әдебиетіне қосқан үлесі т.б. Әдеби туындылар жайындағы шығармалардың дені мектеп бағдар-ламалық материалдарды қамтиды. Сол себепті мұндай шығармалардың мазмұны оқулық аясынан онша көп ауытқи қоймайды. Сондықтан жазбаша шығарма жазуға жаттықтыру осй түсініктеріне де байланысты жүргізіледі.

Оқушының ой, іс-әрекеті: басынан кешкен оқиғасы, қоршаған орта жөніндегі өмірден көргені мен түйгені, олар жайында алған әсері, табиғат пен тұрмыс жайындағы ой-пікірлері, арман-қиялы т.б. қамтиды

Мектепте оқушыларды шығарма жұмыстарына төселдіру көптеген жаттығу жұмыстарын жүргізуді, бәрінен бұрын жазба жұмысының өзіне тән ерекшелігін жете меңгеруді талап етеді. Өйткені оқушылардың жазба жұмыстары олардың шығармашылық еңбегі болып табылады. Шығармашылық жұмыс оқушылардан біріншіден берілген тақырыпты ашу үшін қажетті материалдарды жинақтап, таңдап ала білуді, екіншіден жиналған материалды тақырыптық ерекшелігіне сай дұрыс және жүйелі түрде орналастыруды, үшіншіден материалды әдеби тілде бере білуді талап етеді.

Оқушыларда бұл аталған дағдыларды қалыптастыру мақсатында дайындық жұмыстарын дұрыс жүргізуі тиіс. Демек оқушылар оқыту үдерісінде:

  1. ұсынылған алғашқы кезеңдерде өздеріне етене таныс, оқушылардың қызығушылығын тудыруы;

2) берілген тақырып бойынша қамтылатын мәселелер анық, дәл көрсетілуі;

3) ұсынылған тақырыптың негізгі идеясын ашудың нақтылы жолдары көрсетілуі ;

4) оқушылар көркем әдебиеттен алған мәліметтерді басқа да білім көздерінен (газет, журнал т.б.) алынған материалдармен толықтыру икемділігіне қалыптастырылуы;

5) оқушылар берілген тақырыпқа сай материал жинақтау мақсатында табиғат құбылыстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне т.б. бақылау жүргізуді игеруі;

6) берілген тақырыпта талапқа сай шығарма жазу үшін басқа да пәндерден алған материалдар мен мәліметтерін пайдалана білуге жаттықтырылуы тиіс. Ең соңында, оқушылардың алғашқы жұмыстарындағы байқалған қателіктер мен жетістіктер үнемі есепке алынып, кемшіліктерді түзету жолдарын үнемі көрсетіліп отырса, сонда ғана жұмыстан дұрыс нәтиже шығатыны сөзсіз.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық,...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconНҰрпейісова эльмира серікбайқызы кіші медицина мамандарын даярлаудағЫ Қызылорда медициналық колледжінің орны
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысы тақырыбы-ның қамтылған уақыты ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың бас кезі. Ха-...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconҚорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырыптың өзектілігі
Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconЗерттеу тақырыбының өзектілігі
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница