Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі




НазваниеКіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі
страница1/7
Дата конвертации20.02.2016
Размер1.13 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-қазақ-тілі-пәні-бойынша-5-10-сынып-оқушы
  1   2   3   4   5   6   7
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.

Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін де дамыту.

Бұл бағыттағы негізгі мәселе – оқушыларды сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға үйрету. «Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны» [1, 204]. Сондықтан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіруге яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдауға септігін тигізеді. Сол себепті «Қазақ тілінің» жаңа білім мазмұнын меңгерудің функциональдық-семантикалық және коммуникативтік-әрекеттік аспектілерін күшейтудің қажеттігі арта түседі», - деп көрсетсе, [2, 14] оқу бағдарламасында сөйлеудің түрін ауызша және жазбаша деп қарастыра келіп, «тіл мәдениетін қалыптастыру ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің қалыптарына сай дағдыларды жетілдіру» міндетін қояды [3, 4].

Жазбаша сөйлеу әрекеті - таңбалардың белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болуы арқылы адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазбаша сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына қалыбына (формасына) көңіл аударып, оны ойлау әрекетімен пайымдауы арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуы нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.

Қазір тілді оқыту саласында әдіскерлердің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Бұл міндет әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушылары да қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән беріле бастады. Мұның өзі сөйлеу әрекетінің ішінде жазбаша сөйлеу үдерісін (процесс) тез де сапалы игеруге қажет әдістемелік жүйені талап етіп отыр. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытудың басты мәселесі – жазбаша сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру. Бұл қазақ мектептеріндегі белгілі міндеттерді жүктейді: танымын арттыру арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін ояту; әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормасын игерту; оның мол байлығын меңгертіп, сол арқылы тілге деген сүйіспеншілігін сезімін және қарым-қатынас жасау икемділік пен дағдылырын қалыптастыру.

Қоғамның дамуына сай өмірдің әр саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де жетіліп, сөйлейтін немесе жазатын адам ойы айқын да жатық әрі мәнерлі болуы тиіс. Сондықтан оқушыларға тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын дұрыс,еркін айта, жаза алатын етіп меңгерту – бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының «Орта білімді дамыту тұжырымдамасы» бойынша: «Білім мазмұнында білім, білік, дағдыларды игеру бірте-бірте оқушылырдың талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағыт алуы қажет», - деп көрсетілген [4].

Оқушылардың тілінің жұтаңдығы мен тіл мәдениетінің төмендігінің өзіндік себептері бар. Олардың ең негізгілері: 1) жалпы білім беретін мектептердегі жазбаша сөйлеуге жаттықтыру, тіл дамыту жұмыстарынын жүйесінің жасалынбауы; 2) жазбаша сөйлеу жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттерінің нақтыланбауы; 3) мектептердегі бағдарлама, оқулық оқу құралындағы жазбаша тілін дамытуға байланысты материалдар көлемінің теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да анықталмауы; 4) жазбаша тіл дамытуда басшылыққа алатын оқушылардың сөйлеу икемділіктерін дамыта оқыту зерттеу мен тәжiрибелердiң қазіргі күн талаптарына сай болмауы.

Сондықтан диплом жұмысының мақсаты – қазақ тілі пәні бойынша 5-10-сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік жолдарын анықтап, 5-10-сынып оқушы-лырының жазба тілін дамытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.

Диплом жұмысының міндеті:

  • тілдік қарым-қатынасты қалыптастырудағы жазбаша сөйлеу әрекетінің орны және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтау;

  • жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдылары туралы лингвистикалық, педагогика-психологиялық әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы 5-10- сынып оқушылырының жазба тілін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін белгілеу;

  • 5-10-сынып оқушыларының жазба тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық негіздерін тану арқылы жазбаша сөйлеуге жаттықтырудың нәтижелі жұмыс түрлері мен тиімді әдіс, тәсілдер жүйесін жасау;

  • Жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту негізінде оқушылардың қатысымдық білік, дағды, икемділіктерін қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.

Зерттеудің әдістері: Алға қойған мақсатқа жету үшін, міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер қолданылды: теориялық әдіс, педагогикалық бақылау әдісі, салыстырмалы әдіс, эксперимент әдісі.

Теориялық және тәжірибедегі маңызы: Оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекеті мен оның түрлерін дамыту тілді қатысымды-танымдық тұрғыдан меңгерудің сапасын арттырып, әдістеме ілімін теориялық жағынан байытады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І. 1.1. Жазбаша мәтін және оның құрылымдық ерекшеліктері

А.Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: “Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады”, - дейді [5,344]. А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты [5,345].

Қ.Жұбановтың еңбектерінде қазіргі тіл біліміндегі терминдік атаулармен берілмесе де, мәтін мәселесіне қатысты пікірлердің болғандығы анық байқалады. Мәселен, Қ.Жұбанов мәтінді сөз деп атайды. Ғалымның мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданыстағы қызметіндегі ерекшеліктерінен туындаған болса керек. Мәтін қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсінген ғалым мәтіннің ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетіп, олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Бұл жөнінде Қ.Жұбанов: “Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін де оның жасалу жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөле қарау. Өйткені ауызекі сөйленетін сөздің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар, - деп, паралингвистикалық зерттеу нысанасы ым-ишара секілді кинестикалық амал-тәсілдерді т.б. атап көрсетеді де, ойын былайша сабақтайды:” - Жазулы сөзде бұл кеңшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады; қалай оқылса, солай түсініледі, немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. … Сондықтан, әсіресе, жазылатын сөздің қалай құру тетігін білу өте қажет” [6,148]. Бұдан біздер ғалымның мәтінді жүйелілік сипаты бар құбылыс деп түсінгендігін көреміз. Бұл көтерілген мәселелер сол кезде мәтін лингвистикасының ауқымында қарастырылмаса да, қазірдің өзінде тіл білімінің осы саласы үшін өзекті, әрі құнды.

Қазақ тіл білімінде мәтіннің тұлға-бірлігінен саналатын күрделі синтаксистік тұтастық туралы алғашқы пікір білдірген ғалымдар қатарында Т.Қордабаев пен Р.Сыздықоваларды атай аламыз. 60-70-жылдардың өзінде-ақ ғалымдарымыздың еңбектерінде күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды. Алайда, ғалымдардың пікірі бойынша, өздерінің екбектерінде бұл категория жан-жақты арнайы қарастырылмады. Әйтсе де, Р.Сыздықова “Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы” (1970) деген еңбегінде қазақ поэзиясында сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс тіліндегімен сәйкесетінін және бірсыпырасы өзгеше, яғни қазақ тілі табиғатына сай келетіндігін айта келіп, олардың басты-бастыларын тізіп көрсетеді [7]. Ал 1974 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің стилистикасы” оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: “Сонымен жазу – ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабарлайды ”[8,9-10]. Бұл ойдан жалпы лингвистика ғылымының зерттеу нысанынан саналатын мәтін – тіл жүйесін пайдалану арқылы қағаз бетіне түскен сөйлеудің бір түрі, яғни ол сөйлеудің хатқа түскен бейнесі түрінде анықталып отырғаны анық байқалады.

Н.Ж.Құрманова мен К.Мухлистің мәтіннің теориясы мен оны оқыту әдістемесіне арналған және теория мен әдістеменің синтездік түрі болып шығарылған оқу-әдістемелік құралы “Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі”,- деген атпен 2000 жылы жарық көрді.[9,114]. Мұнда авторлар 1-бөлімінде мәтіннің теориялық болмысын сипаттаса, 2-бөлімінде мәтіннің түрлі қырдан оқушыларға танылу әдістемесін сипаттайды. Оқушыларға лингвистикалық мазмұндағы мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын, танымдық мәтіндер мен жұмыс жасауды, ұлттық ойлауды қалыптастырудың жолдарын, шешендік мәтіндерді талдау жолдарын, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытуды, ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты, тіл ұстарту мақсатында мәтінді қолдану, жекелеген тіл бірліктерін оқыта отырып мәтінмен жұмыс жасау әдістерін, мәтіннің құрамындағы сөз, сөз тіркесі, сөйлемдердің өзара байланысу жолдарын таныту әдістерін, мәтінді жоспарлау, тақырып және мәтіннің байланысын таныту жолдарын кең көлемде сипаттаған, бұл еңбек – қазақ тілін оқыту әдістемесінде мәтінді танытуға арналған алғашқы туындылардың бірі деп санаймыз.

Мәтін өте күрделі табиғаты оған түрлі қырдан танылған түрлі анықтама берілуінен байқалады. З.Я.Тураева, Н.И.Жинкиннің тұжырымдамасы негізінде А.И.Новиковтың, М.М.Бахтиннің, И.Р.Гальпериннің, Б.Шалабаевтың, қырғыз мәтіндерінің қатысымдық құрылымын зерттеген С.Ж.Мусаевтың. Мәтінге берген анықтамаларын салыстыра талдай отырып, әр анықтамада мәтіннің бір қыры танылып жататынын көре аламыз.

Мәтін теориясын кең көлемде зерттеген И.Р.Гальперин өзара байланысып жататын мәтіннің мазмұндық (содержательные) және тұлғалық-құрылымдық категорияларын анықтап, олардың әрқайсысына сипаттама береді: хабар беру, мүшелену, мәтінішілік байланыс (когезия), континуум, диссконтинуум, ретроспекция (мезгілге, кеңістіке қатысты ұғымдар),модальділік, дербес мағыналық, тұтастық, аяқталғандық. Ғалым оларға нақты шек қоюды қажет деп есептемейді, өйткені “тұлғалық – құрылымдық категориясына мазмұндық сипат тән болса, ал мазмұндық категориясы құрылымдық тұлғалар арқылы көрініп отырады”[10,5].

Мәтінді зерттеушілер оның тұлға – бірлігі ретінде бірнеше сөйлемдерден тұратын ірі тұтастықтарды көрсетеді. Түркологияда мәтін лингвистикасы мәселелері ішінен осы бағыттағы жұмыстарға көбірек көңіл бөлінді. Мәселен, Т.Қордабаев “Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі” оқу құралында: “Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің нысанасын құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады”, - деген пікір білдіреді [11,8]. Ғалым бұл жерде күрделі синтаксистік бірлік пен құрмалас сөйлемдердің бірнеше сөйлемдерден тұрып күрделі ойды білдіруін басшылыққа алып отырса керек. Әрине, екеуі де бірнеше сөйлемдерден тұратынына ешкім де талас туғызбайды, бірақ олар тең дәрежедегі ұғымдар емес. Себебі бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемдердің қай түрі де күрделі синтаксистік бірліктің бір ғана құрамдас бөлшегі болып саналады.

Мәтіннің көлемі қандай, қанша сөйлемнен түзілуі тиіс деген сұраулар төңірегінде де зерттеушілер арасында бірізді пікір жоқ. Сол себепті де, мәтін атауы әр түрлі құрылымдық-мағыналық бірліктерге – дара сөйлемге де, мағыналық, интонациялық жағынан аяқталған сөйлемдердің тізбегіне де, тұтас шығармаға да (макромәтін), шығарма бөліктері мен үзінділеріне де (микромәтін), яғни “бір сөйлемнен бастап бірнеше томдық шығармаға дейін”(Л.Г.Фридман) қолданыла береді. Сонда бұларды мәтін деп атауға қандай негіз бар? Бұл сауалға жауап ретінде О.И.Москальскаяның пікірін келтіргенді орынды көрдік. О.И.Москальская: “…сан түрлі сөйлеу туындылары мен олардың шартты түрде аяқталған бөліктерінің барлығын біріктіріп тұрған ең басты белгісі – мағына бірлігі және қатысымдық маңызы бар функциналдық белгісі”, - деп тұжырымдайды [12,12-13]. Әр түрлі тұлға-бірліктердің мәтін деп аталуы, зерттеушінің тұлға-бірлікті өзіндік байланысу жолдары мен тәсілдері бар, салыстырмалы түрде тұтас бір аяқталған мазмұнды білдіретін құбылыс ретінде қарастырудан туындауы да мүмкін. Сондай-ақ бір-екі немесе үш-төрт сөйлемдерден тұратын, өз алдына аяқталған дербес тұтас мәтін ретінде танылатын да сөйлеу туындылары бар. Олар: мақалдар, мәтелдер, жұмбақтар, жарнама мәтіндері т.б.

Тұжырымдай келгенде, оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқыту үшін, ең алдымен, олардың мәтін туралы білімін, түсінігін, мәтіннің құрылымдық ерекшелігі туралы біліктілігін қалыптастыру қажет.

Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда ғалымдардың пікірлері түрліше. Біреулер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп атаса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеу нәтижесін мәтінге жатқызады. Алайда, мәтіннің мүшеленуі (бөлшектенуі), мағыналық тұтастық және құрылымдық байланыс сияқты белгілерін барлық зерттеушілер мақұлдайды. Мәселен, Г.Смағұлова мәтіннің белгілі бір құрамнан тұратынын айта келіп: «Мәтін – тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық – құрылымдық күрделі тұлға. Ол – логикалық, грамматикалық, байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі», – деп анықтайды [13,9].

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар – мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік жағынан жан-жақты зерттеу әлі де кенжелеп келе жатқан өте маңызды мәселелердің бірі екенін мойындамасқа болмайды.

Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен істелетін жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функциональдық тұрғыдан танып-білуге, сол арқылы оқушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені, мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтін стильге қатысты да танылады. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеу әдістемесіне стилистикалық бағыттағы жаттығу жұмыстары да енеді.

Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лигвистикалық тұрғыдан танылуы қажет. Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді. Сонда мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функциональдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6) сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі. Бұл аталғандарды таратып қарастырайық. Біріншісінде сөйлеудің ауызша және жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер – синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы нақпа-нақ келіңкіремейтін экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.

Жазбаша мәтінде оны құраушы бірліктердің арасындағы байланыстырушы элементтер айқын білініп, формалды көрсеткіштері мүмкіндігінше, толыққанды болуға, логикалық ой желісі үзілмей, сақталып отыруға, лексикалық құнарлылығы терең болып, басқа да тілдік формалардың мол болуына мүмкіндік беретіндей күйде жасалады.

Екінші белгіні қарастырайық. Қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.

Үшінші белгіні талдайық. Мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функциональды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіндік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек.

Төртінші белгі бойынша. Мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функциональдық стильдермен тығыз астасып жатады. Ондай байланыстылықты мынадай сызба арқылы көруге болады:

Кесте №4. Функционалдық стильдер мен жанрлардың қатысы:


Стильдер

Жанрлар

Ғылыми стиль

Оқу материалы мәтіндер; мақалалар, монографиялар (үзінділер), баяндамалар, хабарламалар, рефераттар, шолулар, аннотациялар

Ресми стиль

Өтініш, мінездеме, түсініктеме қағаз, ресми құттықтау, хабарландыру, анкета (сауалнама), автобиография, ұсыныстар

Публицистикалық стиль

Хроника, ақпарат хабар, мақалалар, комментарийлер, очерк, фельетон

Көркем стиль

өлең, поэмалар, ертегі, әңгіме, повесть, роман (үзінді)
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық,...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconНҰрпейісова эльмира серікбайқызы кіші медицина мамандарын даярлаудағЫ Қызылорда медициналық колледжінің орны
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысы тақырыбы-ның қамтылған уақыты ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың бас кезі. Ха-...
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconҚорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырыптың өзектілігі
Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі iconЗерттеу тақырыбының өзектілігі
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница