1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы




Название1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы
страница3/5
Дата конвертации20.02.2016
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://aksu-gymnasium.edu.kz/files/blogs/1369999012243.doc
1   2   3   4   5

ІІ нұсқа

  1. Азот пен фосфор элементтеріне салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: А) атом құрылысында; Б) тотығу дәрежесінде; В) олардан түзілген оксидтердің құрамы мен қасиетін. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

N2→NH3→NО→ NО2→H NО3→Ba(NО3) 2

  1. 17г. натрий нитратын концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіру арқылы алынатын азот қышқылының массасын есептеңдер; егер қышқылыдың шығымының масалық үлесі 0,96 болса

ІІІ нұсқа

  1. Азот пен фосфордың ұшқыш сутектік қосылыстарына салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: молекулалық құрылысынан, физикалық және химиялық қасиетінен. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

P→Ca3 P2→ PH3→ Р2О5→H РО3→ H3 РО4

  1. 30г. аммоний хлоридін артық мөлшерде кальций гидроксидінен қыздыру арқылы алынатын аммиактың (қ.ж.) көлемін есептеңдер, аммиактың шығымының көлемдік үлесі 0,92 болса



ІVнұсқа

1. Азот пен фосфордың қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңдер, ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер: молекулалық құрылысынан, физикалық және химиялық қасиетінен. Жауабын реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Pb(NО3) 2→NO2→HN О3→NH43→ NH3→(NH4) 2SO4

3.62 г. фосфорды оттегінде жаққан кезде 130 г. фосфор (ІV) оксиді алынды, фосфор (ІV) оксидінің шығымының массалық үлесін есептеңдер


ІV тақырып. Көміртегі топшасы.

Жұмыс 1. Көміртегі. Көміртегі оксиді

І нұсқа

  1. Көміртегі атомының қалыпты және қозған күйдегі электрондық конфигурациясын бейнелеңдер. Неге көміртегі атомы үшін 2s22p2→ 2s12p3 схемасы бойынша электронның ауысуы болады?

  2. Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көмірдің мыс (ІІ) оксидімен әрекеттесуін;

Б) көмірдің көміртегі (ІV) оксидімен әрекеттесуін; В) өнеркәсіптік әдіспен әктастан көміртегі (ІV) оксидін алынуын.

  1. 5 % азоты бар, 20 л. көміртегі (ІІ) оксидін толық жандыру үшін қанша көлем қажет?



ІІ нұсқа

  1. Табиғатта көміртегі қандай жай зат түрінде кездеседі? Физикалық қасиеттерін салыстырыңдар және кристалдық тордың құрылымына байланысты екенін түсіндіріңдер.

  2. Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІV) оксидінің әктас суымен әрекеттесуі; Б) көміртегінің сумен әрекеттесуі; В) көмірдің артық мөлшеріндегі оттегінде жануын

  3. 8 % карбонатсыз қоспалары бар, 60 г. мрамордың артық мөлшеріндегі азот қышқылымен әрекеттесуі арқылы алынатын көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі қанша?


ІІІ нұсқа

  1. Көміртегі қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Көміртегі атомының әртүрлә тотығу дәрежесінде болатын үш қосылысының формуласын жазыңдар.

  2. Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІІ) оксидінің темір (ІІ) оксидімен әрекеттесуін; Б) көмірдің алюминиймен әрекеттесуін; В) көміртегі (ІV) оксиді кальций оксидімен әрекеттесуі.

  3. 6% жанбайтын қоспасы бар. 400 г. көмірді жандырған кезде бөлінетін (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидінің көлемі қандай?


ІVнұсқа

  1. Адсорбция мен десорбцияға анықтама беріңдер. Ағаш көмірінің адсорбциялық қасиеті адамдардың қандай практикалық жағдайларда қолданылады?

  2. Реакция теңдеулерін жазыңдар: А) көміртегі (ІІ) оксидінің жануын; Б) көмірдің күкіртпен әрекеттесуін; В)зертханалық әдіспен мрамордан көміртегі (ІV) оксидінің алынуын;

  3. 10% карбонатты емес қоспалары бар, 500 г. әктастың термиялық ыдырауы кезінде бөлінетін көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі қандай?

Жұмыс 2. Көмір қышқылы және оның тұздары

І нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Ca(HCO3)2→ CaCO3→CO2→Na2 CO3→H2 CO3

  1. Үш номерленген пробиркаларда калий хлориді, калий карбонаты, калий фосфатының ерітінділері бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар.

  2. Егер көмірқышқыл газын лакмусы бар күлгін түсті судан өткізсе, онда түсі қызыл түске боялады, ал қыздырған кезде бояу қайта күлгін түске боялады. Бұл құбылысты түсіндіріңдер


ІІ нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

СО →CO2→КН CO3→К2 CO3→ CO2

  1. Әк суынан көмірқышқыл газын көп өткізген кезде қандай өзгерістер байқалады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. Натрий және калий карбонаттарының сулы ерітінділері қандай ортаны көрсетеді? Неге?


ІІІ нұсқа

  1. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Ca(HCO3)2→ CaCO3→CO2→Na2 CO3→H2 CO3

  1. Әктасты күйдірген кезде калий карбонаты ерітіндісінен қосалқы газдарды өткізе отырып, көмірқышқыл газын қосып алады. Қаныққан кейінгі алынған ерітіндіні қыздырады, сонда көмірқышқыл газынан ол босатады. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

  2. Қандай сапалық реакциялар арқылы көмірқышқылының тұзын тұз, күкірт және азот қышқылының тұздарынан айыруға болады?


ІVнұсқа

  1. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

C→ CO2→ H2 CO3→Na2 CO3→ NaN O3

  1. А) барий гидроксиді: Б) күкірт қышқылы; В) калий гидроксиді; Г) калий нитраты ерітінділеріне сода ерітіндісін қосты. Қандай




  1. жағдайда реакция байқалады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. Ас тұзға кальций карбонатын әсер еткенде сода алуға бола ма? Неге?



Жұмыс 3. Кремний және оның қосылыстары.

І нұсқа

  1. Неге кремнийдің бейметалдық қасиеті көміртегіне қарағанда әлсіз екенін кремнийдің атом құрылысы арқылы түсіндіріңдер

  2. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

SiO2 → Si→ SiO2 →Na SiO3

  1. 5% қоспасы бар, 160 г. магний силициді Mg2Si тұз қышқылыменәрекеттескен кезде түзілетін SiН4 силанның массасы қанша?


ІІ нұсқа

  1. Калий силикаты мен натрий силикатының сулы ерітінділері реакцияның қандай ортасын көрсетеді? Неге?

  2. Келесі өзгерісті орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaОН→Na2 SiO3 → Н2 SiO3 → SiO2

  1. 10% қоспасы бар, 40 г. кремний (ІV) оксидін көмірмен тотықсыздандырған кезде кремнийдің қанша массасы алынады?


ІІІ нұсқа

  1. Кремний қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Кремний әр түрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстардың формулаларын жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

+НCl

Si→ Mg2Si→Si Н4→ SiO2

  1. 10% қоспасы бар, 50 г. кремний (ІV) оксидін натрий гидроксидімен балқытқан кезде түзілген натрий силикатының массасы қанша?

ІVнұсқа

  1. Кремний (ІV) оксиді қандай оксидтер тобына жатады? Неге? Жауабын реакция теңдеулерімен жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Si→ SiO2 →К2 SiO3→ Н2 SiO3

  1. 5% қоспасы бар, 60 г. кремний магнийімен әрекеттескен кезде алынған Mg2Si магний силицидінің массасы қанша?


Жұмыс 4. Қоспасы бар заттың белгілі массасы немесе көлемі бойынша реакция өнімінің масасын немесе көлемін есептеу

  1. 10% қоспасы бар, 600 г. әктасты термиялық ыдыратқан кезде алынған кальций оксидінің массасы қанша?

  2. 20% қоспасы бар, 200 г. әктасты термиялық ыдыратқан кезде алынған көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемін қанша?

  3. 5% қоспасы бар, 50 г. азоттан 8 г. аммиак алды. Аммиактың шығымының массалық үлесін есептеңдер

  4. 6% қоспасы бар, 400 г. әктасты күйдірген кезде түзілген сөндірілмеген әктің массасы қанша?

  5. 8% қоспасы бар, 500 г. әктасты күйдірген кезде түзілген сөндірілмеген әктің массасы мен көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемін (м3) есептеңдер

  6. 10,8 г. сусыз натрий карбонаты артық мөлшерден азот қышқылымен әрекеттескен кезде 2,24л. (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидін алды. Натрий карбонатындағы қоспаның құрамын есепте

  7. 8 % жанбайтын қоспасы бар, 500 г. көмірді жаққан кезде (қ.ж.) көміртегі (ІV) оксидінің қанша көлемі бөлінеді?

  8. 187,5 көмір жанған кезде (қ.ж.) 336 л. көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Көмірдегі көміртектің массалық үлесін есептеңдер

  9. (қ.ж.) 5% қоспасы бар, 0,6 кг. әктасты ыдыратқан кезде алынатын көміртегі (ІV) оксидінің зат мөлшерін (моль) және көлемін (л) анықтаңдар




  1. Кальций гидроксидінің ерітіндісімен 2 м3 ауаны (қ.ж.) өткізген кезде 3 г. кальций карбонаты түзілді. Ауадағы көміртегі (ІV) оксидінің көлемдік үлесін есептеңдер

  2. 3% қоспасы бар, 80 г. барий карбонатын ыдыратқан кезде түзілген барий карбонатын ыдыратқан кезде түзілген барий оксидінің зат мөлшерін (моль) және массасын есепте

  3. 95% кальций карбонаты бар, 60 г. әктасты артық мөлшердегі тұз қышқылымен әрекеттескен кезде алынатын көміртегі (ІV) оксидінің (қ.ж.) көлемі мен зат мөлшері (моль) қанша?

  4. 54 г. әктасты күйдірген кезде 22 г. массасын жоғалтты. Әктастағы кальций карбонатының массалық үлесін есептеңдер. (әктаста кальций карбонатынан басқа ыдырамайтын заттар бар)

  5. 5% қоспасы бар, 60 г. кремний (ІV) оксидін көмірмен тотықсыздандырған кезде қанша масса кремний түзілді?


Жұмыс 5. ІV тақырып бойынша қорытындылау

І нұсқа

  1. Көміртегі (ІV) оксиді мен кремний (ІV) оксидіне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Төменде көрсетілген заттардың қайсысымен көміртегі (ІІ) оксидін көмірқышқыл газының қоспасынан тазартуға болады: фосфор (V) оксиді, әк суы, күкірт қышқылының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі? Болатын реакция теңдеуін жазыңдар

  3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaCO3→ Ca CO3→CO2→ Ca(HCO3)2→CO2

  1. 6% қоспасы бар, 400 г. кальций карбонатын ыдыратқан кезде (қ.ж.) қанша көлем көміртегі (ІV) оксидін алуға болады?


ІІ нұсқа

  1. Кремний және көмірқышқылдарына салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Ерітіндіде тұздар бар: натрий хлориді, калий сульфаты, кальций нитраты және магний сульфаты. Оған калий карбонатын құйды. Ақ тұнба түсті. Бұл тұнба нені көрсетеді? Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар

  3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CO2→ Na2 CO3→ Na HCO3 →CO2→ CaCO3

  1. 3% қоспасы бар, 30 г. кремний (ІV) оксидін магниймен тотықсыздандырған кезде қанша масса кремний түзілді?



ІІІ нұсқа

  1. Кристалды кремний мен графитке салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер

  2. Бір пробиркада натрий карбонатының ерітіндісі, екіншісінде – натрий сульфатының ерітіндісі берілген. Әр пробиркаға барий хлоридінің ерітіндісін қосты. Екі жағдайда да ақ түсті, суда ерімейтін тұнба түзілді. Қай пробиркада натрий карбонатының ерітіндісі бар екенін көрсетіңдер? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  3. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CO2→ Сa2 CO3→ Сa (HCO3 )2 → CaCO3→CO2

  1. Артық мөлшердегі азот қышқылы 3% қоспасы бар, 20 г. кремний карбонатымен әрекеттескен кезде (қ.ж.) қанша көлем көміртегі (ІV) оксидін алуға болады?



ІVнұсқа

  1. Көміртегі (ІІ) оксиді мен көміртегі (ІV) оксидіне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықты көрсетіңдер. Жауапты қажетті реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер




  1. Үш номерленген пробиркаларда калий сульфаты, натрий силикаты және натрий карбонатының ерітінділері бар. Қандай бір зат арқылы әр пробиркадағы қосылысты анықтауға болады? Сәйкес келетін реакция теңдеулерін жазыңдар

  2. Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:

SiO2 →К2 SiO3→ Н2 SiO3 → SiO2 →Si

  1. 5% қоспасы бар, 60 г. кремний жанған кезде қанша масса кремний (ІV) оксиді түзілуі керек?



V тақырып. Металдардың жалпы қасиеттері. І-ІІІ топтағы негізгі топшадағы металдар.

Жұмыс 1. Металдарды алу әдістері

І нұсқа

  1. Мыс (І) оксиді мен мыс (ІІ) оксидінен мысты көмірмен тотықсыздандырудың реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер

  2. Алюминді-термиялық әдіспен, 5% қоспасы бар, 90 г. марганец (ІV) оксидін тотықсыздандырған кезде қанша масса марганец алуға болады?

ІІ нұсқа

  1. Алюминдітеримиялық әдіспен хром (ІІІ) оксидінен хромды алу реакция теңдеулерін жазыңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  2. Егер шығымның массалық үлесі 90% болса, 960 г. темір (ІІІ) оксидін көмір (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру кезінде қанша масса темір алуға болады?

ІІІ нұсқа

  1. Көміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздану реакция теңдеулерін жазыңдар: А) қорғасынды оның жоғарғы оксидінен; Б) мысты оның мыс (ІІ) оксидінен Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер

  2. Алюминдітеримиялық әдіспен 52 г. хромды алу үшін, 10% қоспасы бар, хром (ІІІ) оксидінің қанша массасы қажет?

ІVнұсқа

  1. Молибденді оның жоғарғы оксидінен сутегімен тотықсыздандыру жолымен алудың реакция теңдеулерін құраңдар. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілеңдер және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  2. Егер мыстың шығымының массалық үлесі 85% құрайтын болса, 160 г. мыс (ІІ) оксидін көмірментотықсыздандыру кезінде қанша масса мыс алуға болады?

Жұмыс 2. Металдардың химиялық қасиеттері.

І нұсқа


  1. Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) натрийдің күкіртпен; Б) темірдің күкірт қышқылының ерітіндісімен; В) алюминийдің броммен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.

  2. Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) мыс және темір (ІІ) сульфатының ерітіндісімен; Б) мырыш пен сынап (ІІ) нитратымен; В) магний мен қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар

ІІ нұсқа

  1. Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) мыстың оттегімен; Б) темірдің хлормен; В) барийдің сумен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.

  2. Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) мыс және күміс сульфатының ерітіндісімен; Б) темір



мен сынап (ІІ) нитратымен; В) қорғасын мен хром (ІІ) хлоридінің ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар

ІІІ нұсқа

  1. Әрекеттесу реакция теңдеулерін құраңдар: А) алюминидің иодпен; Б) мыстың күкіртпен; В) натрийдің сумен. (А) реакция теңдеуінен элементтердің тотығу дәрежесін көрсетіңдер және электрондық баланс әдісімен коэффиценттерін қойыңдар.

  2. Қандай заттар арасында химиялық реакциялар жүреді: А) темірдің мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісімен; Б) күміс және кальций бромидінің ерітіндісі; В) алюминий және қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісімен? Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңдар


1   2   3   4   5

Похожие:

1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы iconТақырып Кіріспе. Заттардың агрегаттық күйі
Массалар әрекеттесуші заңының анықтамасы. Кр мен Кс, олардың арасындағы байланыс. Гомогенді және гетерогенді реакциялардың мысалдарын...
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы icon«бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және 6N0720- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының пәндерінің...
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы iconБейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» 050721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар
Орысша-қазақша химия-технологиялық терминологиялық сөздік 050720 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721 «Органикалық...
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы iconҚарағанды мемлекеттік медицина университеті
Енгізу жолдарын, дәрілік заттардың негізгі фармакокинетикалық параметрлерін, дұрыс мөлшерлеуін, дәрілік заттардың біріктіруін, кері...
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы icon«бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы iconОрганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының сырттай оқу түрінің студенттеріне арналған бақылау тапсырмаларының әдістемелік нұсқаулары Павлодар
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721– «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының сырттай оқу...
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы icon«Химия», 6N0721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6N0112 «Химия» (білім беру), 6N0734 «Жарылғыш және пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша магистратураға түсу емтихандарының бағдарламалары
Алкандардың кеңістіктік құрылымы. Алкандардың химиялық қасиеттері. Радикалдық орын басу реакциясының механизмі
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы iconАррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Күшті электролиттер тоериясының негізгі қағидалары
Д. И. Менделеевтің ерітінділер туралы ұғымдары. Ерітінді концентрацияларын өрнектеу
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы iconФизиология кафедрасы д ә р І с тақырып
...
1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы icon5В072100 -органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған
В072100 –Органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған «Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница