Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі




Скачать 222.93 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации20.02.2016
Размер222.93 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/179112.doc

Пән бағдарламасының

титул парағы (SYLLABUS)





ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

түрі




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)


TPNG 3301 «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы»

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы студенттеріне арналған


TPNG 3301 Мұнай мен газды өңдеу технологиясы


Павлодар, 2013 ж.


Пән бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)




ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

түрі







БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_________К.К. Ахметов

«___»_____________20__ж.



Құрастырушы: аға оқытушы _________________ Тугамбаева Т.Б.


Пән бағдарамасы (Syllabus)

TPNG 3301 Мұнай мен газды өңдеу технологиясы

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының күндізгі оқу түрінің студенттеріне арналған


Бағдарлама «___» _________20__жылы бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.


Кафедра отырысында ұсынылды «___»_________20__ж. Хаттама № _____.


Кафедра меңгерушісі м.а. ________Несмеянова Р.М. «____» ______20__ж.

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды

«__» ____________ 20__ж Хаттама № __


Факультеттің ОӘК төрайымы ______ Каниболоцкая Ю.М. «___» ___20__ж.


1. Пәннің паспорты


Пәннің атауы Мұнай мен газды өңдеу технологиясы


ЖОО компоненті пәні

Кредиттер саны және оқыту мерзімдері

Барлығы – 4 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Барлық аудиториялық сабақтар – 60 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Практикалық /семинар сабақтары – 30 сағат

СӨЖ – 120 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 30 сағат

Жалпы жұмыс сыйымдылығы - 180 сағат


Бақылау түрі

Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер


Бұл пәнді толық игеру үшін келесі пәндерді оқып игергенде алынған білімдер, икемділіктер және дағдылар қажет: химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары, органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері, органикалық заттардың химиясы және физикасы.


Постреквизиттер

Пәнді оқып игеруде алынған білімдер, икемділіктер және дағдылар келесі пәндерді игеруде қажет:

- жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары;

- пластмасстар технологиясы;

- дипломдық жобаны орындау және қорғау.


2. Оқытушылар жайлы мәліметтер және хабарласу ақпараты

Дәрістерді оқитын аға оқытушы Тугамбаева Токжан Бабатаевна.

Қабылдау сағаттары кафедрада, аудитория № 509. С.Торайғыров атындағы ПМУ бас корпусы, тел. (8-7182) 673651


3. Мазмұны, мақсаттары және міндеттері


Пәннің мазмұны. «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» пәні мұнайгаз кешені кәсіпорындарында біліктілік қызмет атқару үшін бағытталған дайындау жүйесінің элементі болып табылады.


Пәнді оқыту мақсаты – студенттерді мұнайгазөңдеу өнеркәсібінің қазіргі заманғы күйі және даму перспективаларымен таныстыру, мұнай мен газды өңдеу саласындағы білімдер кешенін қалыптастыру және кеңейту; мұнай мен газды тауарлы өнімдер алу үшін шикізат ретінде бағалауға мүмкіншілік беретін икемділіктер мен тәжірибелік дағдылар қалыптастыру.


Пәнді оқытудың міндеттері студенттерді мұнайгаз өнеркәсібінің даму аспектілерімен таныстыру, мұнай мен газды әртүрлі отындар және мұнай химиясы үшін шикізат алу мақсатында дайындау және өңдеудің негізгі процестерін оқып игеру, мұнайды және мұнай зауыттарының газдарын өңдеу схемаларының негізгі нұсқаларымен танысу.


4. Білімдерге, икемділіктерге, дағдыларға және компетенцияларға қойылатын талаптар

Бұл пәнді оқып игеру нәтижесінде студенттер:

білу керек:

  • мұнай мен газдарды өңдеудің физика-химиялық заңдылықтарын;

  • мұнайгазхимия аймағындағы зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін;

  • мұнай мен газдарды дайындау және өңдеу аймағындағы ғылым мен заманауи есептеу техникасының ең жаңа жетістіктерін;

  • мұнайгаз шикізатынан небары маңызды өнімдерді алудың заманауи әдістерін;

орындай білулері керек:

  • мұнай мен көмірсутекті газдарды өңдеудің физика-химиялық негіздерін өндірістік қызметте қолдануды;

- мұнай мен газдарды дайындау және өңдеу аймағындағы ғылым мен заманауи есептеу техникасының ең жаңа жетістіктерін қолдануды;

  • белгілі физика-химиялық және эксплуатациялық қасиеттерге ие өнімдерді алуды;

игерулері керек:

  • нақты технологиялық міндеттерді шешу дағдыларын;

  • табиғи көмірсутекті шикізатты өңдеудің нақты химиялық процестерін зерттеу кезінде тәжірибелік есептеулер орындау дағдыларын.


5 Пәнді оқып игерудің тақырыптық жоспары


Академиялық сағаттардың сабақтар түрлері бойынша бөлінуі




Тақырыптардың атауы

Аудиториялық сағаттардың сабақтар түрлері бойынша саны

СӨЖ

дәрістер

практика (семинар)

зертхана студиялық, жеке

Барлығы


Соның ішінде СОӨЖ

1

Мұнай мен газдарды өңдеудің каталитикалық гетеролитикалық процестерінің технологиясы

7,5

7,5

-

30

7,5

2

Мұнай шикізатын өңдеудің гидрокаталитикалық процестерінің технологиясы

7,5

7,5

-

30

7,5

3

Мұнай өңдеудің каталитикалық гомолитикалық процестерінің технологиясы

7,5

7,5

-

30

7,5

4

Мұнай қалдықтарын өңдеу

7,5

7,5

-

30

7,5




Барлығы: 180

(4 кредит)

30

30

-

120

30

6 Дәріс сабақтарының мазмұны




Тақырып 1 Мұнай мен газдарды өңдеудің каталитикалық гетеролитикалық процестерінің технологиясы

Катализ және катализаторлар туралы жалпы түсінік.Гетерогенді катализ теориялары. Адсорбция және катализ. Катализдің энергетикасы және химиялық табиғаты. Гетерогенді каталитикалық реакциялардың макро- және микрокинетикасының негіздері. Гетерогенді әрекеттесу аймақтары.

Каталитикалық крекинг процесінің технологиясы. Каталитикалық крекинг процесінің маңызы мен міндеті. Каталитикалық крекинг шикізаты. Шикізатты дайындау. Крекинг каталитзаторлары. Каталитикалық крекингтің механизмі және химизмі.

Каталитикалық крекинг процестерін басқару негіздері. Технологиялық параметрлер. Реакторлар типтері. Процестің параметрлерінің материалдық балансқа және крекинг өнімдерінің сапасына тигізетін әсері. Тура бағытты лифт-реакторы бар каталитикалық крекинг қондырғысының технологиялық схемасы.

Каталитикалық крекинг газдарынан бензиндердің жоғары октанды компоненттерін синтездеу. Изобутанды олефиндермен каталитикалық С-алкилирлеу. Процестің міндеті. Теориялық негіздері. С-алкилирлеу катализаторлары. Шикізат. Күкіртқышқылды С-алкилирлеу процесін басқару негіздері. Күкіртқышқылды С-алкилирлеудің өнеркәсіптік қондырғылары. С-алкилирлеудің технологиялық тәртібі. С-алкилирлеудің материалдық балансы.

Метанолды изобутиленмен каталитикалық О-алкилирлеу. Теориялық негіздері. О-алкилирлеу катализаторлары. Шикізат. Метанолды изобутиленмен С-алкилирлеу процесін басқару негіздері.

Әдебиет [1], 25 - 42 б.; [2], 36 - 79 б.; [4], 160 - 199 б.; [6], 123 - 213 б.


Тақырып 2 Мұнай шикізатын өңдеудің гидрокаталитикалық процестерінің технологиясы

Гидрокаталитикалық процестердің жіктелуі, міндеті және маңызы. Каталитикалық риформинг процестерінің теориялық негіздері және технологиясы. Процестің химизмі және термодинамикасы. Каталитикалық риформинг процесінің катализаторлары және олардың каталитикалық әсерінің механизмі.

Каталитикалық риформинг процесін басқару негіздері. Риформинг шикізатының сапасы. Каталитикалық риформинг процесінің өнеркәсіптік қондырғылары. Катализатор қабаты стационарлы болатын каталитикалық риформинг қондырғысы. Катализатор үздіксіз регенерацияланатын каталитикалық риформинг қондырғысы.

Бензиндердің пентан-гександы фракцияларының каталитикалық изомеризациялануы. Теориялық негіздері. Процестің негізгі параметрлері. Қайнау температурасының басы 620С болатын фракцияны изомеризациялау қондырғысы.

Мұнай шикізатын жақсартудың каталитикалық гидрогенизациялық процестерінің теориялық негіздері және технологиясы. Гидрогенизациялық процестердің даму тарихынан қысқаша мәліметтер. Шикізаттың гетероорганикалық қосылыстарының гидрогенолиздену реакцияларының химизмі, термодинамикасы және кинетикасы. Күкірторганикалық қосылыстардың гидрогенолизі. Азоторганикалық қосылыстардың гидрогенолизі. Оттекқұрамды қосылыстардың гидрогенолизі. Гидрогенизациялық процестердің катализаторлары және олардың әсерінің механизмі. Гидрогенизациялық процестерді басқару негіздері. Дистиллятты фракцияларды гидрожақсартудың өнеркәсіптік процестері. Дизельді отынды гидротазартудың технологиялық схемасы. Вакуумды дистилляттарды гидротазарту. Майлы рафинаттарды гидротазарту. Мұнай қалдықтарын гидрожақсарту процестері.

Мұнай шикізатын гидрокрекингілеудің каталитикалық процестері. Гидрокрекинг реакцияларының химизмі мен механизмінің ерекшеліктері. Процестің катализаторлары. Гидрокрекинг процестерінің негізгі параметрлері. Бензинді фракцияларды гидрокрекингілеу. Талғамды гидрокрекинг процестері. Керосинді фракцияларды гидродеароматизациялау. Вакуумды газойльдің жеңіл гидрокрекингі. Вакуумды дистиллятты 15 МПа қысымда гидрокрекингілеу. Жоғары тұтқыр майлы шикізатты гидрокрекингілеу. Қалдық шикізатты гидрокрекингілеу.

Әдебиет [1], 46 - 79 б.; [2],82 - 100 б.; [4], 202 - 269 б.; [6], 218 - 247 б.


Тақырып 3 Мұнай өңдеудің каталитикалық гомолитикалық процестерінің технологиясы

Көмірсутектерді бумен каталитикалық конверсиялау процестерінің теориялық негіздері және технологиясы. Күкіртсутекті элементарлы күкіртті алумен тотықтырумен конверсиялау (Клаусс әдісі). Сұйылтылған газдар мен бензин-керосин фракцияларын тотықтырумен демеркаптанизациялау. Қатты мұнай қалдықтарын бу-оттекті газификациялаумен сутегін өндіру.

Әдебиет [1], 83 - 102 б.; [2], 103 - 136 б.; [4], 274 - 319 б.; [6], 215 - 321 б.


Тақырып 4 Мұнай қалдықтарын өңдеу

Ауыр мұнай қалдықтарын баяу кокстеу қондырғысы. Ине тәрізді коксты өндіру технологиясының ерекшеліктері. Қалдықтарды термоконденсациялау арқылы мұнай пісірінділерін алу процестері. Мұнай шикізатын пиролиздеу қондырғылары. Техникалық көміртегі өндірісі. Мұнай битумдарының өндірісі.

Әдебиет [1], 105 - 132 б.; [2], 136 - 179 б.; [4], 322 - 358 б.; [6], 322 - 400 б.


7. Тәжірибе сабақтарының мазмұны


Тәжірибелік сабақ 1.

Тақырып 1: Мұнай мен газдарды өңдеудің каталитикалық гетеролитикалық процестерінің технологиясы

Жоспар 1. Каталитикалық крекинг қондырғысының аппараттарындағы жылуфизикалық процестерді есептеулер

2. Каталитикалық крекингтің гидродинамикалық процестерін және аппараттардың негізгі размерлерін есептеу

3. Микросфералақ катализатор жалған сұйылтылған күйде болатын аппараттардағы ағындардың жылдамдықтарын есептеу

Тапсырма: Реактор мен регенератордың негізгі размерлерін есептеу

Ұсынылатын әдебиет: [10]. 125 – 136 б.


Тәжірибелік сабақ 2.

Тақырып 2: Мұнай шикізатын өңдеудің гидрокаталитикалық процестерінің технологиясы

Жоспар 1. Каталитикалық риформинг қондырғысының материалдық балансын құрастыру

2. Каталитикалық риформинг қондырғысының реакторын есептеу

Тапсырма: Каталитикалық риформинг қондырғысының реакторының конструктивтік есептеуін орындау

Ұсынылатын әдебиет: [11]. 118 – 126 б.


Тәжірибелік сабақ 3.

Тақырып 3: Мұнай өңдеудің каталитикалық гомолитикалық процестерінің технологиясы

Жоспар 1. Каатлитикалық гомолитикалық процестерді жүргізуге арналған қондырғаларды есептеу

2. Құбырлы пештердің технологиялық есептеуін орындау

Тапсырма: Масса алмасу процестері мен аппараттарын есептеу, материалдық баланс құрастыру, конструктивтік есептеу орындау

Ұсынылатын әдебиет: [10]. 140 – 177 б.


Тәжірибелік сабақ 4.

Тақырып 4: Мұнай қалдықтарын өңдеу

Жоспар 1. Мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғыларының реакциондық аппараттары

2. Реакциондық аппараттарды есептеу

Тапсырма: Мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғыларының материалдық баланстарын құрастыру

Ұсынылатын әдебиет: [11]. 130 – 162 б.


8. Өздік жұмыстардың тапсырмалары


Тақырып 1 Мұнай мен газдарды өңдеудің каталитикалық гетеролитикалық процестерінің технологиясы

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Катализ дегеніміз не және ол қалай жіктклкді?

2) Гетерогенді катализаторларға қойылатын негізгі талаптар қандай?

3) Катализаторлардың физикалық және химиялық дезактивациялануларының салдары неде?

4) Катализ теориялары қалай жіктеледі?

5) Физикалық және химиялық адсорбция арасындағы негізгі айырмашылықтар қандай?

6) Иондық (гетеролитикалық) катализдің негізгі катализаторлары қандай?

7) Мұнай өңдеудің қандай процестері бифункционалды катализаторларды қолданумен жүреді?

8) Каталитикалық крекингтің мақсатты міндеті неде?

9) Каталитикалық крекинг процесіне шикізаттың фракциялық және химиялық құрамы қандай әсер етеді?

10) Каталитикалық крекинг шикізатын жақсартудың қандай процестері әлемдік мұнай өңдеуде қолданылады?

11) Цеолиттер мен крекингтің өнеркәсіптік катализаторларының сиапттамасын беріңіздер. Цеолиттердің кристалдық құрылымдары қандай?

12) Каталитикалық крекинг процестерінің қандай заманауи түрлері (аппаратуралық безендірілуі бойынша) бар?

2. Презентация: Кааталитикалық крекинг процесі

Әдебиет [1], 25 - 42 б.; [2], 36 - 79 б.; [4], 160 - 199 б.; [6], 123 - 213 б.


Тақырып 2 Мұнай шикізатын өңдеудің гидрокаталитикалық процестерінің технологиясы

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Гидрокаталитикалық процестердің міндеті, маңызы және жіктелуі қандай?

2) Каталитикалық риформинг процестерінің міндеті мен маңызы қандай?

3) Каталитикалық риформинг процесіндегі сутегінің ролі қандай?

4) Каталитикалық риформинг катализаторларының құрамы қандай?

5) Каталитикалық риформинг катализаторын хлорлау қандай мақсатта орындалады?

6) Неліктен каталитикалық риформинг шикізаты терең гидротазарту мен кептіруден өткізіледі?

7) Неліктен каталитикалық риформинг процесі бір бірінен кейін орналасқан реакторларда орындалады?

8) Каталитикалық риформинг реакторларында катализатордың көлемінің тарлуының оптималды мөлшері қандай?

9) Бірінші, екінші және үшінші реакторларда қандай реакциялар жүреді?

10) Реакторларда температуралық гардиент қалай таралады?

11) Қай реактордың катализаторы небары көп кокстеледі?

12) Риформаттың қажетті октандық саны өскенде каталитикалық риформингтің материалдық балансы қалай өзгереді?

13) Қалыпты пентандар мен гександардың каталитикалық изомеризациялану процестерінің міндеті мен маңызы неде?

14) Мұнай өңдеудің гидргогенизациялық процестерінің маңызы мен міндеті неде?

15) Мұнай шикізатын гидрокрекингілеу процесінің міндеті неде және қандай түрлері белгілі?

2. Реферат: Каталитикалық риформинг процесі

Әдебиет [1], 46 - 79 б.; [2],82 - 100 б.; [4], 202 - 269 б.; [6], 218 - 247 б.


Тақырып 3 Мұнай өңдеудің каталитикалық гомолитикалық процестерінің технологиясы

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Көмірсутектерді каталитикалық тотықтырумен конверсиялау процестерінің міндеті мен маңызы қандай?

2) Көмірсутектерді каталитикалық конверсиялаудың гомолитикалық реакцияларының механизмін түсіндіріңіздер.

3) Жылу тасымалдағыштарға қандай талаптар қойылады?

4) Қандай жылу тасымалдағыштар химиялық технология өндірістерінде қолданылады?

5) Тотығу-тотықсыздану реакцияларының катализі жайлы қазіргі заманғы түсінік қандай?

6) Сутегін алу қондырғысының технологиялық схемасы мен технологиялық тәртібін сипаттаңыздар.

7) Сұйылтылған газдарды тотықтырумен демеркаптанизациялаудың каталитикалық процестерінің түрлері мен міндеті қандай?

8) Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің қандай өндірістік тәсілдері бар?

9) Салқындатқыш агенттер ретінде қандай заттар қолданылады және олардың қолдану жағдайлары қандай?

10) Жылу алмастырғыш аппараттар қалай жіктеледі?

2. Реферат: Мұнай өңдеудің каталитикалық гомолитикалық процестері

Әдебиет [1], 83 - 102 б.; [2], 103 - 136 б.; [4], 274 - 319 б.; [6], 215 - 321 б.


Тақырып 4 Мұнай қалдықтарын өңдеу

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Баяу кокстеу қондырғыларының мақсатты міндеті және түрлері қандай?

2) Мұнай кокстарының қолдану аймақтары қандай?

3) Баяу кокстеу қондырғысының принципиалды технологиялық схемасын, оның параметрлері мен материалдық балансын келтіріңіздер

4) Ине тәрізді коксты өндіру технологиясының ерекшеліктері қандай?

5) Мұнай битумдарының сапасы қандай?

6) Мұнай битумдарын алу қондырғысының принципиалды технологиялық схемасын, оның параметрлері мен материалдық балансын келтіріңіздер

2. Реферат: Мұнай шикізатын пиролиздеу қондырғылары

Әдебиет [1], 105 - 132 б.; [2], 136 - 179 б.; [4], 322 - 358 б.; [6], 322 - 400 б.


9. СОӨЖ кеңестерінің кестесі (СОӨЖ СӨЖ-дің 25%-н құрайды)

СОӨЖ-ның жаңа оқу семестріндегі кестесі бойынша



Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Оқу бағдарламасының небары күрделі сұрақтары бойынша кеңестер


9.20-10.10










10:25-11:15





2.

Үй тапсырмаларын орындау бойынша кеңестер


9.20-10.10










10:25-11:15





3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер


9.20-10.10










10:25-11:15





5.

Барлық басқа сұрақтар бойынша кеңестер

9.20-10.10










10:25-11:15






10. Студенттердің білімдерін бақылау кестесі

Дәрістерге және тәжірибелерге (семинар, зертхана, жеке, студиялық) қатынасу 0-100 баллға бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыстар түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны


Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Тақырып жоспар бойынша анықталады

[2], [3]

4 апта

қорғау

4-ші апта

2

Презентация

Тақырып жоспар бойынша анықталады

[2], [3]

2 апта

қорғау

6-шы апта

3

Аралық бақылау

Оқытылған тақырыптар бойынша




1 апта

тестілеу

8-ші апта

4

Реферат

Тақырып жоспар бойынша анықталады

[2], [3]

4апта

қорғау

12-ші апта

5

Презентация

Тақырып жоспар бойынша анықталады




2 апта

қорғау

14-ші апта

6

Аралық бақылау

Оқытылған тақырыптар бойынша




1апта

тестілеу

15-ші апта


11. Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері

Пән бойынша алынатын баға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау бағаларынан тұрады.

Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. АҮ бағасы келесі жұмыстар үшін алынған балдардың жиынтығы болады:

- сабаққа дайындалу, топта белсенді жұмыс істеу және сабақтардағы бақылау шараларына қатысу;

- өздік жұмыстарын мезгілінде, сапалы орындау және қорғау;

- сабақтарға әрдайым қатынасу.

Аралық бақылау (АБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және АБ нәтижелері бойынша студентің пән бойынша рейтингі (Р1 және Р2) анықталады

Р1(2) = АҮ1(2) * 0,5 + РК1(2) * 0,5

Студенттің семестрдегі пән бойынша рұқсат рейтингінің бағасы тең болады

РД = (Р1 + Р2)/2

Қорытынды баға (РР) және (ҚБ) бағаларының, олардың салмақтық үлестерін есепке алумен(СҮРР и СҮҚБ), қосындысы ретінде анықталады

Қ = РР*СҮРР + ҚБ*СҮҚБ

Рұқсат рейтингі (РР) мен қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері сәйкесінше 0,6 және 0,4 болады.

Пән бойынша қорытынды баға рұқсат рейтингі және қорытынды бақылау бойынша студент оң баға алғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанғысыз» бағасына сай болады. Емтиханның және аралық аттестациялаудың нәтижелері студентке сол күні немесе жазбаша емтихан түстен кейін өткізілсе келесі күні хабарланады.

Студенттердің «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» пәні бойынша оқу жетістіктері, немесе олардың білімдері, икемділіктері, дағдылары және компетенциялары сандық эквивалентке және дәстүрлі бағалар шкаласына адекватты болатын көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


12 Оқытушының талаптары, саясат және шаралар

«Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» пәнін оқып игеруде келесі ережелерді сақтауларыныңды сұраймын:

1. Сабаққа кешікпеу.

2. Сабақта ұялы тефонды қолданбау.

3. Сабақтарды себепсіз босатпау, ауырған жағдайда міндетті түрде медициналық анықтама әкелу.

4. Барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу.

5. Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сай барлық бақылауларды тапсыру.

6. Қатыспаған тәжірибелік сабақтарды оқытушының тағайындаған уақытында қайта орындау.

7. Кафедраның аудиториялық, материалдық қорына ұқсан келтірмеу.

8. ЖОО жарғысын қатал ұстану.

9. Оқытушы және курстастарына шыдамды, ашық, тілектесті және шын көңілмен қарау.

10. Сабақ кезінде оқытушымен қабаттасып сөйлемеу, басқа кісімен басқа тақырыпқа сөйлеспеу. Екінші рет ескертпе жасалғаннан кейін студент аудиториядан шығарылады.

Егер тапсырмалар дәлелді себептер бойынша мезгілінен кейін тапсырылатын болса, онда ешбір жазалау шаралары қолданылмайды.

Егер сіз дәлелді себептер бойынша бақылау шарасына қатынаса алмасаңыз, онда бұл шараны оқытушының тағайындаған уақытында орындауға болады (АБ және ҚБ деканаттың рұқсаты боыйнша тапсырылады), өйтпеген жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Тапсырмаларды белгіленген мерзімдерде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басталуына үш күн қалғанда. Барлық тапсырмаларды орындамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды машықтау міндетті болып табылады. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестілердің көмегімен немесе жазбаша жұмыстарды орындаумен бақыланады. Студенттерді тестілеу алдын ала жариялаусыз орындалуы мүмкін.

Сіздің міндетіңіз сабаққа дайындалып келу. Қолдағы бар әдебиеттерді қолданыңыз, сондықтан кітапханадан оқулықтарды мерзімінде алыңыз.

Орындалған жұмыстарды көшіріп алуға, әдебиеттік мәліметтерді талдаусыз қолдануға қатаң тыйым салынады.


13. Әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиет

1. Суербаев Х.А. Мұнай газ ісінің негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 235б.

2. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өндеу технологиясы. 1-3 томдары. – Атырау: АМГИ. 2005. – 526б.

3. Қайырбеков Ж.Қ., Әубәкіров Е.А., Мылтықбаева Ж.К. Жалпы химиялық технология. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 244 б.

4. Суербаев Х.А., Абызбекова Г.М. Мұнай өндеудің термиялық процестері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 92 б.

5. Эрих В.Н. Химия и технология нефти и газа. - М. : Химия, 2006. – 402 с.

6. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. – Уфа. : Гилем, 2009. – 673 с.


Қосымша әдебиет

7. Ахмеджанов Т.К. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы: оқулық. – Алматы : Дәуір, 2011. – 464 б.

8. Мергалиева А. Мұнай және газды өңдеудің химиясы мен технологиясы: оқу құралы. – Алматы : Фолиант, 2010. – 152 б.

9. Бейсенбаев О.Қ. Органикалық және мұнайхимия өндірісінің технологиясы: оқулық. – Алматы : Дәуір, 2012. – 328 б.

10. Танатаров М. А. Технологические расчеты установок переработки нефти. М. : Химия, 1987. – 404 с.

11Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. – М. : Химия,1997. – 256 с.

12 Гутник С.П. Расчёты по технологии органического синтеза. – М. : Химия,1988. – 272 с.

Похожие:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница