Скачать 165.25 Kb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Химия және химиялық технологиялар кафедрасы «Пластмасстар технологиясы» пәнінің ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ«050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
БЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор _________Н.Э.Пфейфер 20___ж. «___»__________ Құрастырушы: х.ғ.к., доцент __________Абдуллина Г.Г. Химия және химиялық технологиялар кафедрасы «Пластмасстар технологиясы» пәні бойынша «050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫЖұмыс бағдарламасы "___" ___________ _____ж. бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді. 20__ж. «___»__________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама Кафедра меңгерушісі ________________________ К.Х. Жапаргазинова ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20___ж. «____»_________ №_____ хаттама ОӘК төрайымы ______________ Р.Ж. НургожинКЕЛІСІЛДІФакультет деканы ___________ Қ.Қ. Ахметов «___»_______20 __ж.МАҚҰЛДАНДЫ: ОӘБ бастығы _______________ А.В. Варакута «___» ______ 20__ж Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «___»______________ №____ хаттама 1. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІПәнді оқытудың мақсаты – Полимер мен пластмасса технологиясының негіздерін және жаңа полимерлі материалдар өндірісінің дамуының перспективасын игеру. Пәнді оқытудың міндеті – химия ғылымының аранайы тараулары мен түйінді негізін студенттердің жетік меңгеруі және окулық арнайы әдебиеттермен өз бетімен жүмыс істеу дағдысын жетілдіру; химиялық тәжірибелерді жүргізу дағдысын дамыту; теориялық материалдарды және лабораториялык тәжірибелер жүргізу арқылы, алынған мәліметтерді, сондай-ақ, байкалған кұбылыстарды қарастыру арқылы қорыту дағдысын қалыптастыру. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиісті: білуі керек: келесі пәндерді жетік менгеру үшін кажетті жан-жақты білім алу; жаңа химиялық материалдарды қазіргі техникада дұрыс пайдалану; химиялық тәжірибе техникасының негіздерімен таныстыру; қолданбалы химиямен байланысты сұрақтардың мәні мен мағынасын игеру; өндірістің экологиялық проблемаларымен таныстыру, сондай – ақ полимерлі материалдар мен пластамассаларды өндірудің негізгі әдістерін, полимерлерді алудың технологиялық процестерін және олардан бұйымдар жасау әдістерін білу. істей білуі керек: теориялық және есептемелік сипатты химиялық есептерді шешу; анықтамалык және арнайы әдебиеттерді пайдалану; тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялық есеп шығару техникалық меңгеру; бастапқы компоненттердің мөлшерін есептеу және лабораториялық жағдайда полимерлер алу, алынған өнімдердің негізгі сипаттамаларын анықтау. 2 Пререквизиттер Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: органикалық химия, циклді қосылыстар химиясы, физикалық химия, жалпы химиялық технология, полимерлердің химиясы және физикасы, химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары. 3. Пәннің мазмұны
3.2 Пәннің тақырыптық мазмұны 1 Тақырып. Кіріспе. Өнеркәсіптік полимерлерді, композициялық материалдарды дамытудың негізгі бағыттары. Жаңа полимерлі композициялы материалдарды өндірудің жаңа технологиялық процестерін құрастыру және меңгеру. Полимерлерді өндіру үшін қажетті шикізат көздері және негізгі түрлері. Пластмассалар – көпқұрауышты жүйелер. Пластмасса құрамы. 2 Тақырып. Полимерлену реакциялары бойынша алынған полимерлер негізіндегі пластикалық массалар. Полимерлеуді жүргізудің әдістерін таңдау. Массада, суспензияда және эмульсияда, органикалық еріткіштер ортасында, қатты фазада полмерлеу. Осы әдістерге сипаттама. Полимерлеу процестерін сандық түрде көрсету және процеске әсер ететін факторлар. Қанықпаған алифаттық көмірсутектердің полимерлері (полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен). Бастапқы шикізаттар, оларды алу әдістері және олардың сапасына қойылатын талаптар. Осы түрдегі полимерлерді алудың технологиялық процестерінің ерекшеліктері, полимердің құрылысына технологиялық параметрлер процесінің әсері. Қанықпаған ароматты көмірсутектердің полимерлері (полистирол, пенополистирол, стиролдың сополимерлері). Стиролдың блоктық полимерленуі. Әдістің артықшылығы және кемшілігі. Молекуалық массаға және полистиролдың молекулалық-массалық таралуына технологиялық параметрлер процесінің әсері. Стиролдың суспензиялы полимерленуі. Эмульсиялы полимеризация. Әртүрлі әдістер арқылы алынған полистиролдың қасиеттері. Престі және прессіз әдістер арқылы алынған пенополистирол. Пенополистирол қасиеттері және оны қолдану аймақтары. Метакрилатпен, акрилатпен, α-метилстиролмен және басқа мономерлермен стиролды сополимерлеу. Стирол негізіндегі үшқұрауышты сополимерлер. Қанықпаған галогентуындылы көмірсутектердің полимерлері (поливинилхлорид, поливинилиденхлорид, политетрафторэтилен). Бастапқы шикізаттар. Синтездеудің ерекшеліктері. Массада, блокта және сулы суспензияда полимерленген ПВХ өндіру. Полимерлердің қасиеттері және қолданылуы. Процестердің технологиялық өңделуі. Акрил, метакрил қышқылдарының полимерлері және олардың туындылары (полиакрилаттар). Полиакрилаттардың сипаттамасы. Өндіруге арналған мономерлер және бастапқы шикізаттар. Акрилаттарды полимерлеу процесінің әртүрлі нұсқалары. Процестердің технологиялық өңделуі. Синтездеудің технологиялық параметрлерімен полимердің құрылысы және қасиеттерінің арасындағы байланыс. Жай және күрделі винил эфирлерінің полимерлері (поливинилацетат, полиформальдегид және т.б.). Бастапқы шикізаттар және алу әдістері. ПВА алудың өнеркәсіптік әдістері және жай винил эфирлерді сополимерлеу. Формальдегидті полимерлеу әдістері, процестің механизмі. 3 Тақырып. Поликонденсациялану реакциялары бойынша алынған полимерлер негізіндегі пластикалық массалар Порликонденсациялану реакцияларының негізгі ерекшеліктері. Поликонденсациялану реакцияларының негізгі ерекшеліктері. Поликонденсациялану процесінің сипаттамасы. Гомополиконденсация және гетерополиконденсация. Тепе-теңдіктік және тепе-теңдіксіз поликонденсация. Фенол-формальдегидті полимерлер және фенол және басқа альдегидтер негізіндегі полимерлер. Өндіру үшін бастапқы шикізаттар. Синтездеу процесінің ерекшеліктері. Үздіксіз және периодты процестер. Мата тәрізді және резолды олигомерлер мен полимерлер. Фенопластар. Композициядаға байланыстырушы қызмет. Толықтырғыштар түрлері. Өндіріс технологиясы, қасиеттері және қолданылуы. Аминоальдегидті полимерлер. Бастапқы шикізаттар. Синтездеу процесінің ерекшеліктері. Пресскомпозициялау, желім, мипора. Жұмсақ жіп тәрізді және берік мата тәрізді материалдар. Күрделі полиэфирлер: полиэтилентерефталат, поликарбонаттар, полиакрилаттар, қанықпаған полиэфирлер. Бастапқы шикізаттар. Оларды синтездеу процесінің технологиялық ерекшеліктері. Оларды өндірудің технологиялық процестерінің негізгі сатылары. Эпоксидті полимерлер. Полиамидтер. Полиуретандар. Бастапқы шикізаттар. Алу технологиясының ерекшеліктері. 4 Тақырып. Пластмассаларды өңдеудің негізгі процестері Пластмассаларды қайта өңдеу процестерінің түрлері және жалпы сипаттамасы. Экструзия. Жабын өндіру. Түтіктерді өндіру. Профилді бұйымдарды өндіру. Гранулаларды (ұнтақтарды) алу. Едендік бұйымдарды алу. Жоғары қысымда құю. Жоғары қысымда құюға арналған үлгілер. Жоғары қысымда құйылатын бұйымдарды өндіру технологиясы. Ректопластарды жоғары қысымда құю. Престеу. Престер. Таблеткалық машиналар. Пресс-үлгілер. Престеу технологиясы. Данматикалық престеу. Құю арқылы престеу. Щтранг-престеу. Полимерлерді бибро үлгілеу. Вакуум- және пневмоүлгілеу. Әйнекшынылардан үлкен формалы бұйымдарды өндіру. Пластамассалардан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеу. Дәнекерлеу және жапсыру. Пластмассаларды өндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі. Материалдық баланстарды құрастыру мысалдары және полимерлерді алу үшін жылуды есептеу және пластмассаларды қайта өңдеу. 5 Тақырып. Техникалық каучуктер және каучуктәрізді полимерлер. Табиғи каучуктер. Каучуктердің құрылымы және қасиеттері. Жалпы бағыттағы синтетикалық каучуктер. Бутадиенді каучуктер (СКБ, СКД). Изопренді каучуктер: СКИ-3, СКИЛ. Физикалық және технологиялық қасиеттері. Вулканизаттар қасиеттері. Бутадиен-стиролды, бутадиен-метилстиролды каучуктер. Химиялық құрылымы, физикалық және технологиялық қасиеттері. Жалпы бағыттағы каучук негізіндегі резина сипаттамалары. Арнайы бағыттағы синтетикалық каучуктер. Бутадиен-нитрилді, хлоропренді каучуктер. Құрылымы, қасиеттері. Бутилкаучук. Құрылымы, қасиеттері. Этилен-пропиленді каучуктер (СКЭП және СКЭПТ). Вулканизациялау. Фторкаучуктер (СКФ-26, СКФ-32). Қасиеттері, қолданылуы. Фторланған каучуктердің белгілі ерекшеліктері. Каучук негізіндегі материалдар. Полиизобутилен. Термоэластопластар. Доңғалақтар өндіруде қолданылатын пластиктер. 3.3 Лабораториялық жұмыстардың мазмұны
3.4 Практикалық сабақтардың мазмұны 1. Полиэтиленді алу әдісінің оның қасиетіне әсері. Полипропиленнің кемшіліктерін жою әдістері. Стирол негізіндегі қолжетімді сополимерлер және оларды алу жолдары. 2. Амидті альдегидті олигомерлердің түзілу процесінің химизмі. Фенолльдегидті олигомерлердің түзілу процесінің химизмі. 3. Термопластардың технологиялық қасиеттері. Жоғары қысымда құю. Процестің негізгі заңдылықтары. Жоғары қысымда құюдың технологиялық параметрлері және технологиялық сұлбалары. Экструзия: процестің аппаратуралық өңделуі; Экструдер цилиндрінде полимердің қозғалу заңдылықтары. Экструдерлер түрлері. Экструзияның технологиялық параметрлері. 4. Каландрлау. Каландрлар құрылымы және түрлері. Каландрлау технологиясы. Реактопластардың технологиялық қасиеттері. Реактопластарды престеу; негізгі операциялар; құрал-жабдықтар. Престеудің технологиялық процестері. Реактопластарды жоғары қысымда құюдың ерекшеліктері. 5. Жалпы бағыттағы синтетикалық каучуктер. Арнайы бағыттағы синтетикалық каучуктер. 3.5 СӨЖ мазмұны
3.5.1 Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар 1. Басқаша механизм бойынша полиэтиленді полимерлеу. Төменгі қысымда жоғары тығыздықтағы полиэтиленді алудың газфазалық әдістері. Пенополистирол. Престі және прессіз әдіс арқылы пенополистиролды алу әдістерінің сипаттамалары. Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3] 2. Қанықпаған полиэфирлер. Полимерлердің сипаттамасы. Бастапқы шикізаттар. Оларды синтездеудегі технологниялық процестердің ерекшеліктері. Оларды синтездеу технологиясының теориялық негіздері және өндіру ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4] 3. Құю кезіндегі ориентациялы эффекттер. Олардың қызметі. Резбасы бар және арматурасы бар бұйымдарды құю. Көп түрлі бұйымдарды құю. Экструдирленген беттердің кемшіліктері. Олардың пайда болу себептері және оларды жою әдістері. Көп қабатты беттер. Каландрланған жабынның кемшіліктері, олардың болу себептері және оларды жою жолдары. Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,6] 4. Астынанпрестеу жұмыстары, оның маңызы және сипаттамасы. Астынанпрестеу ережесінің көптүрлілігі. Престелген-бұйымдардың кемшіліктері, олардың болу себептері және оларды жою жолдары. Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,5] 5. Жанаспалы үлгілеу. Эластикалы диафрагмамен үлгілеу. Пластмассадан жасалған бұйымдарды дәнекерлеу. Пластмассадан жасалған бұйымджарды желімдеу. Полимерлі желімдер. Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,3,6] 6. Жалпы бағыттағы каучук енгізіндегі резинаның және резиналық бұйымдардың сипаттамалары. Вулкандау және арнайы бағыттағы синтекалық каучуктерді қолдану аймақтары. Ұсынылатын әдебиеттер: [5,6]
«050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме Пән атауы Пластмасстар технологиясы
Кафедра меңгерушісі ______ Жапаргазинова К.Х. 20__ж. «___» ________ Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер : 1. Ерғожин Е.Е. Жоғары молекулалық қосылыстар. – Алматы.: Print-S, 2008 ж.- 406 б. 2. Қаирбеков Ж.Қ. Жалпы химиялық технология. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 244 б. – ISBN. 3. Асаубек М. Полимер құрылысы. – Алматы: РИК, 1999 ж. - 79 б. 4. Карузина И.А., Тугамбаева Т.Б. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұскаулар «Жоғарымолекулалық қосылыстар химиясы». - Павлодар: ПМУ, 2006 ж. Қосымша әдебиеттер: 4. Байжуманова Т.С. Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұскаулар «Жоғарымолекулалық қосылыстар химиясы».- Павлодар: ПМУ, 2006 ж. – 26 б. 5. Баймуханов Н. Полимер адам қызметінде. – Алматы: Казахстан, 1964 ж. Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер : 1. Под ред. В.В. Коршака. Технология пластических масс. – М.: Химия, 1985.-559с. 2. Николаев А.Ф. Технология пластических масс. – Ленинград: Химия, 1977. - 367 с. 3. Под ред. В.В. Кузнева, В.К. Гусева. Основы технологии переработки пластмасс. – М.: Химия, 2004 г. - 574 с. Қосымша әдебиеттер: 4. Алпатова О.А. Пластмасс технологиясы. – Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2006. - 99с. 5. Бортников В.Т. Основы технологии переработки пластмасс. – Л.: Химия, 1983. - 304 с. 6. Брацыхин Е.А. Технология пластических масс. – Л.: Химия, 1983. - 400 с. 7. Григорьев А.П., Федотова О.Я. Лабораторный практикум по технологии пластических масс. – М.: Высшая школа, 1986. - 494 с. 8. Методические указания к лабораторным работам по курсу "Химия ВМС, Технология пластмасс". – Кафедра химических технологий ПГУ им. С. Торайгырова, 2011 г. |
![]() | Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» 050721 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар Павлодар Орысша-қазақша химия-технологиялық терминологиялық сөздік 050720 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721 «Органикалық... | ![]() | Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының сырттай оқу түрінің студенттеріне арналған бақылау тапсырмаларының әдістемелік нұсқаулары Павлодар «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721– «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының сырттай оқу... |
![]() | 5В072100 -органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған В072100 –Органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған «Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық... | ![]() | ЖҰмыс оқу бағдарламасы В072100- органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттері үшін |
![]() | 6D072100 «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы алматы 2012 «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Ph. D докторантурасына түсушілерге арналған емтихан | ![]() | 1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған |
![]() | Кредиттер саны және оқыту мерзімі В072100- органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының студенттеріне арналған | ![]() | Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы студенттеріне арналған |
![]() | «бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және 6N0720- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының пәндерінің... | ![]() | Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі В072100 – Органикалық заттардың химиялық тенологиясы мамандығының студенттеріне арналған |