1. Оқытушылар туралы мәліметтер




Скачать 420.58 Kb.
Название1. Оқытушылар туралы мәліметтер
страница1/4
С О Тапбергенов
Дата конвертации20.02.2016
Размер420.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/18/54e43f68f08e4.doc
  1   2   3   4

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен





СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


БИОХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КафедраСЫ


Силлабус




Пән: Химия

Пән коды: Him 1111

Мамандық: 5В130200 Стоматология.


Оқу сағаттарының саны: 90 сағат

Курс және оқу семестрi: 1 курс, 1,2 семестр


Семей 2014ж


Силлабус (студенттiң жұмыс бағдарламасы) биохимия және химиялық пәндер кафедрасында химия пәнi бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.


Авторы: оқытушы Елемесова Ж.Г.


Кафедра мәжілісінда талқыланды

Хаттама №____, «_____» _____________2014ж.

Кафедра меңгерушісі, проф. _____________С.О.Тапбергенов


I. ЖАЛПЫ МӘЛЕМЕТТЕР


1. Оқытушылар туралы мәліметтер



Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1.

Тапбергенов Салават Оразович

медицина ғылымынын докторы, профессор, биохимия кафедрасынын меңгерушісі.

1965 жылы Семей мемлекеттік медициналык институттың емдеу факультетін уздік багамен аяктады. 1966 жылдан 1968 жылға дейін Харьковтың медициналық инситутының биохимия кафедрасында мақсатты асперантурасында оқыды.1985 жылы УССР-дың ҒА-сының ҒЗИ-ның креобиологиялық және криомедицинасында медицина ғылымдарының доктор ғылыми дәрежесіне диссертацияны қорғады.1983 жылдан 1987 жылға дейін СММА-ның емдеу факультетінің деканы болды. Қазақстанда медициналық жоғары оқу орындарына арналған бірінші оқулықтың авторы «Медициналық биохимия. Молекулярные основы физиологических функций». (2001 жылы) және студенттер мен дәрігерлерге арналған оқу құралының авторы. «Медицинская и клиническая биохимия» (2004 жыл ) және т.б.. Қазақ тілінде бірінші (2007 жылы) шыққан Медициналық жоғары оқу орындарына арналған «Медициналық биохимия» оқулығының авторы. Профессор Салауат Оразович Тапбергеновтың басқаруымен 3 ғылым докторы және 13 ғылыми кандидатты дайындады.

2.

Бекбосынова Раиса Бокеевна

Доцент, биология ғылымдарының кандидаты.

1968 жылы Крупская атындағы СМПИ бітірді. 1990 жылы Харьковтің Мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертация қорғап, биологиялық ғылымдарының кандитаты ғылыми атағын алды.

3.

Олжаева Рауза Романовна

аға оқытушы, биол. ғыл. канд.

1987 жылы Н.К. Крупскаяның атындағы Семей педагогиялық мемлекеттік институтті бітірді.

4.

Прозор Ирина Ивановна

аға оқытушы

1983 жылы СММИ бітірді. 2010 жылы мед. ғыл. канд. қорғады. (Алматы қ., адам және жануарлар физиологиясының институті).

5.

Советов Бахытбек Советович

оқытушы

2008 СГМА бітірген. 2009 кафедрада жұмыс істейді. 2012 «Медицина Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады

6

Смаилова Жанаргуль Каиргалиевна

оқутышы

1992 жылы СММИ бітірді. 2010 ж. кан. дис. қорғады (Семей қ).

7

Муртазина Динара Дударовна

оқытушы

2005 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады.

8

Болысбекова Салтанат Манарбековна

Кафедраның аға оқытушысы

1997 ж. Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде арнайы кеңес шешімімен химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 01.11.2009 ж - 01.09.2011 ж. – Семей қ. ММУ жалпы медициналық және бала емдеу факультетінің декан орынбасары. 2008-2009ж ПОҚ рейтингісінің қорытындысы бойынша «Ең жақсы оқытушы» номинациясына мақтау қағазымен мадақталды, 2009-2010, 2010-2011ж ПОҚ рейтингісінің қорытындысы бойынша «Ең жақсы доцент, аға оқытушы» номинациясына мақтау қағазымен мадақталды.

9

Елемесова Жаннур Габдилмаликовна

оқытушы

2004 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады.

10

Лекерова Алия Толеухановна

оқытушы

Фармацевтикалық факультеттің эдвайзері.

11

Нысамбаева Калия Салимовна

оқытушы




12

Сабитова Альфира Нуржановна

оқытушы

2006 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады

13

Сыдыкова Каламкас Токтарбековна

оқытушы

2009 жылы «Химия Магистрі» академиялық дәрежеде қорғады


Байланыс ақпараты: Семей қаласы, Абай көшесі, 103. СММУ физико-химиялық корпуста биохимия және химиялық пәндер кафедрасы бар. Телефон- 52-69-37, электрондық мекен-жай - alfa – 1983@mail.ru.


3. Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

  • Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

  • Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

  • Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

  • Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

  • Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

  • Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)


  1   2   3   4

Похожие:

1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна

1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кулембаева Анаргуль Сынтасовна

1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Бейсембаева Гульмира Кулханова

1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Имангалиева Индира Тлеубергенқызы
«Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің дамытудың өзекті нысаналары» пәні бойынша
1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1. 7 Оқытушылар туралы мәліметтер. Кулмуканова Куралай Какешевна
Силлабус 051301 «Жалпы медицина» мамандығына арналған «Психология негіздері» пәні бойынша жасалды
1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
В050900 «Қаржы» мамандығының жоғары кәсіби білім сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған «Қаржылық талдау»
1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Кафедра пму-дің а корпусында осы мекен-жай бойынша орналасқан: Ломов көшесі, 64 үй, байланыс телефоны: 673669 ішкі 1148
1. Оқытушылар туралы мәліметтер iconОқытушылар құрамын аттестаттау туралы
Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби дамуының мониторингін жүзеге асыру мақсатында
1. Оқытушылар туралы мәліметтер icon1 Оқытушылар туралы мәліметтер Кагибат Азамат Кагибатович
Оқу жұмыс бағдарламасы жұмыстың оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген, С. Торайғыров атындағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница