Орта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы

Скачать 77.82 Kb.
НазваниеОрта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы
Дата конвертации20.02.2016
Размер77.82 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://testcenter.kz/upload/iblock/24a/ozhsb_2015_khimiya-_az_.doc
Орта білім оқу жетістіктерін

сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.

1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының химия пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

  1. Тест мазмұны.

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде – 6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.

Химия пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.

Бөлім

Тақырып

Тақырыпша

01

Жалпы химия

01

Бастапқы химиялық түсініктер

01

Бастапқы химиялық түсініктер

02

Химиялық элетенттердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы

01

Химиялық элементтердің периодтық жүйе-сі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы

02

Атом құрылысы

03

Химиялық байланыс және зат құрылысы

01

Ковалентті байланыс

02

Иондық байланыс

04

Электролиттік диссоциация теориясы және ерітінділер

01

Электролиттік диссоциация

02

Ион алмасу реакциялары

03

Тұздар гидролизі

04

Есептер

02

Бейорганикалық химия

01

Металдар

01

Металдардың жалпы қасиеттері

02

І топтың негізгі топшасының металдары

03

ІІ топтың негізгі топшасының металдары

04

ІІІ топтың негізгі топшасының металдары

05

Қосымша топшаның металдары

02

Бейметалдар

01

Бейметалдардың жалпы қасиеттері

02

IV топтың негізгі топшасының бейметалдары

03

V топтың негізгі топшасының бейметалдары

04

VI топтың негізгі топшасының бейметалдары

05

VII топтың негізгі топшасының бейметалдары

06

Есептер

03

Функциональдық сауаттылық

01

Қолдануға арналған тапсырмалар

01

Бастапқы химиялық түсініктер.

Химиялық элетенттердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы

02

Электролиттік диссоциация теориясы және ерітінділер

03

Металдар және оның қосылыстары

04

Бейметалдар және оның қосылыстары

02

Анализге арналған тапсырмалар

01

Бастапқы химиялық түсініктер.

Химиялық элетенттердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы

02

Электролиттік диссоциация теориясы және ерітінділер

03

Металдар және оның қосылыстары

04

Бейметалдар және оның қосылыстары

03

Синтезге арналған тапсырмалар

01

Бастапқы химиялық түсініктер.

Химиялық элетенттердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы

02

Электролиттік диссоциация теориясы және ерітінділер

03

Металдар және оның қосылыстары

04

Бейметалдар және оның қосылыстары

5.Тест жоспары: Бейорганикалық химия –8

Жалпы химия – 6

Қолдануға арналған тапсырмалар -2

Анализге арналған тапсырмалар -2

Синтезге арналған тапсырмалар -2

6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар химия курсынан меңгеруі тиіс:

1) химиялық заттардың формулалары, химиялық реакциялардың теңдеулері, химиялық элемент, атом, молекула, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, химиялық реакциялардың типтері, атом құрылысы, ядро заряды, протон, нейтрон, электрон, электрондық орбиталь, иондар, изотоптар, химиялық байланыс, аллотропия, моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро тұрақтысы, реакцияның жылу эффектісі, реагенттер, металдардың белсенділік қатары, бейтараптану реакциясы, катализатор, электртерістілік, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш, тотығу және тотықсыздану, тотығу-тотықсыздану реакциялары; оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар, генетикалық байланыс; индикаторлар;

2) негізгі заңдарды: зат массасының сақталу заңы, зат құрамының сақталу заңы;

Д. И.Менделеевтің периодтық заңы, Авогадро заңы;

3) химияның негізгі түсініктері: электролиттер, бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация, диссоциациялану дәрежесі, аниондар мен катиондарға сапалық реакциялар, гидролиз, сутектік көрсеткіш, бейметалдар, аллотропия, металдар және олардың жемірілуі, электролиз, құймалар, шойын, болат;

4) заттарды алудың жалпы әдістері, өндірістік синтездің заманауи технологиясы туралы түсінік; бейорганикалық заттардың кластары және олардың генетикалық байланысы; заттар мен материалдарды өндіруде, қоғамның дамуында және адам денсаулығын, табиғатты қорғаудағы химияның өскелең рөлі;

5) қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғау және салауатты өмір салтын (тамақтану үйлесімділігі, тыныс алу) ұйымдастырудың химиялық жолдарын;

6) Нақты өмірдегі ақпаратты түсіну және интерпретациялау, химиялық құбылыстарды зерттеу үшін алгоритмдерді құрастыру және базалық қасиеттерді анықтау;

Химияның негізгі заңдарын қолдана білу, кесте түріндегі ақпаратты графикалық және мәтіндік формада интерпретациялау (кодтау және кодты жою), сандық және сапалық ақпараттар негізінде мәтіндік және математикалық бекітулер түрінде қорытындылар жасай білу;

7) Химиялық реакцияларды, олардың белгілері мен пайда болу жағдайларын талдай (анализдей) білу және реакциялардың жүру мүмкіндіктерін болжай алу; табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын көре білу; болып жатқан құбылыстарды атом-молекулалық ілім негізінде түсіндіре білу; бұл білімдердің маңызын теория мен практикада көрсете білу;

8) Нақты химиялық процестерді болжай алу және модельдей білу, іс жүзінде жүргізе алу. Ақпаратты жинақтау және жүйелеу, әртүрлі химиялық процестердегі негізгі мен ортақ нәрсені бөлу.

5.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындауға берілетін уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 30 минут.

6. Нұсқа және тапсырмалар саны:

Бір тест 20 тест тапсырмасынан тұрады.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

7.Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

8. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған кезде оқушы 20 балл алады.

Похожие:

Орта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы iconОрта білім оқу жетістектерін сырттай бағалау бойынша Қазақстан тарихы пәнінен тест спецификациясы
Мақсаты: 9 сынып оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын...
Орта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы icon«5В072100 Oрганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған «Органикалық химия» пәні бойынша
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту...
Орта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы iconБекітемін Білім және ғылым вице-министрі

Орта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша химия пәнінен тест спецификациясы iconБекітемін Ұто директоры

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница