Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе




НазваниеБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
страница5/5
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economika.bukhar-zhirau.kz/files/01k.doc
1   2   3   4   5

2010-2014 жж Бұқар жырау ауданы дамуының мақсатты индикаторлары.

2010 ж өнеркәсіптік өнім өндірісі 13527,4 млн.теңгені құрайды, 2014 жылы 10474 млн.теңге. Орташа жылдық өнеркәсіптік өнім өндіру көлемінің өсуі орташа алғанда 3,5 % болжамды- әрекет етудегі кәсіпорындарда өндіріс көлемдерінің тұрақты өсуі есебінен, сондай ақ 8 жаңа кәсіпорындарды ашу.

2014 ж өнеркәсіпте жұмыстылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 16 %-ға артады. 2014 ж өнім өндірісі көлемі 2009 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіпте 33%-ға артады және 12681 млн.теңгені құрайды, тау-кен өндіру саласында 29,2% артады және 851,2 млн.теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы табысы 17221,4 млн.теңгені құрайды, 2010 ж деңгейіне өсім 2213,9 млн.теңге немесе 14,8 % құрайды. Жеке көлем индексі 2010ж -100,4 %, 2014 ж -105% құрайды. 2014 жылға бидай өнімі 65,1 мың.тоннаны немесе 103 % құрайды, бұл 2009 ж деңгейіне. 2010-2014 жылдары мал басының өсуі және өсімдік өсіру өнімі өндірісі көлемдерінің 3,0 % өсуі болады.

Шағын бизнестің дамуы жұмыстылар санының өсуімен және өндірілетін өнім көлемінің өсімімен сипатталады. 2014 ж шағын бизнес субьектілерінің саны 1864 бірлікті құрайды, 2009 жылдың деңгейі 8,2 % құрайды. 2014 жылы шағын бизнесте жұмыстылар саны 4,1 мың.адам, 2010 жылдың деңгейіне өсім 11,4%. Шағын бизнес субьектілерімен өндірілетін өнім көлемі 2014 жылы 4140 млн.теңгеге өседі, 2010 жыл деңгейіне өсім 12,5 % құрайды.

2010-2014 жж 38,0 мың.м 2 тұрғын үй енгізу күтіледі, соның ішінде тұрғындар қаражатының есебінен 37,3 мың. м 2, республикалық бюджет қаражаттарының есебінен 0,7 мың.м 2- жалдық (коммуналдық) тұрғын үй.

Ауданда 4 жастан – 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымдардың санын арту жоспарлануда, осыған сәйкес мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен 635 тен 960 балаға дейін қамту. Аудан мектептерінің жанынан мектепке дейінгі шағын-орталықтар санын 2014ж 665 бала контингентімен 20-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Шағын орталықтарды қосқанда мектепке дейінгі білім алумен қамтылған балалар саны жыл сайын артуда: 2008 ж- 1300, 2010 ж- 1460, 2012 ж-1595, 2014ж-1625 мектепке дейінгі балалар саны. Қамту пайызы 30% құрайды.

2014 жылға дейін мектептерді жабу немесе ашу жоспарланбайды.

2014 жылы компьютерлендіру деңгейі 2009 жылға пайызда 109,1% құрайды, компьютерлер санының өсімі 100 бірлікке.

Болжам бойынша ҰБТ қатысатын оқушылар үлесі 2010 жылы 2009 жылдың

деңгейіне (104,7%), 2014 жылы 2009 жылдың деңгейіне өсім 3,8% құрайды (386 адам).

2014 жылға дейін жаңа кәсіби мектептер ашу жоспарланбайды.

Бір оқушыға орта білімге мемлекеттік шығындардың көлемі 2010ж 209,7

мың.теңге, 2009 жылдың деңгейіне өсім 25% құрайды. 2014 жылы 1 оқушыға 258,4 мың.теңгеден келеді,

2009 жылдың деңгейіне өсім 54,1%.

2014 ж тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы 72 жасқа дейін артады (2009 ж -66,9).

1000 тұрғынға өлім деңгейінің қысқартылуы 8,9 дан, 2008ж 7,2 ге дейін 2014 жылы. Түберкүлезден ауыру және өлім деңгейі 100 мың.адам тұрғынға, 145-тен 2008 жылы 135-ке дейін 2014 жылы қысқартылады. Туу деңгейінің артуы 14,1%-дан 2007ж 16%-ға дейін 2014 жылға дейін. Денсаулық сақтаудың дамуы нәресте, ана мен бала өлімін жібермеуге бағытталады. Дәрігерлер санының және олардың санатының артуы.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау алдағы кезеңде кедейшілік шегінен төмен тұратын тұлғалардың 1,4 мың.адамға төмендеуі 2009 ж, 1,2 адамға төмендеуі 2014 ж болады. 2 жылдай ӘМК алатын шаруашылықтардың жеке салмағы 32-ге дейін төмендейді, бұл 2008 жылдағы 45,1-ге қарсы. Жыл сайын мүгедектерді арнайы қозғалыс және қосалқы құралдарымен қамту артады және 2014 жылы қамту 90% құрайды.

2014 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрайды, 2009 жылдың деңгейіне 1,1% -ға төмендейді. 2014ж экономикада жұмыстылар саны 31,7 мың. адамға дейін артады, 2009 жылдың деңгейіне өсім 1,7 мың.адам. 2014 жылы азаматтарды жұмысқа тұрғызу 1,3 адамды құрайды және 2009 жылмен салыстырғанда 0,3 мың.адамға артады.

Кітапхана қызметі аясының кеңеюуіне байланысты, моделді кітапханаларды құру, 2010-2014 жылдары кітапхана пайдаланушыларының саны 2500 адамға артады. Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасының нығаюуына байланысты, ақылы қызметтер көлемі 3,2 млн.теңгеге дейін жеткізіледі.

Аудандағы дене шынықтыру және спорт дамуы спорт алаңдары санының артуы есебінен және спортпен айналысуға арналған басқа да орындардың 15% артуы есебінен, Б мен ЖӨМ санының 25%, спортпен айналысушылар санының 15%-ға, спорттың әр түрінен облыстық және басқа да сайыстарға қатысатын аудан спортшыларының санының орташа алғанда 10% артуы арқылы жүзеге асырылады.

2010-2014 жылдары ауданның елді мекендерін қамтамасыз ететін жаңа автобус маршруттарын құру есебінен, жолаушыларды тасымалдау көлемі 6%-ға өседі, 4%-ға жүк тасымалдау өседі.

Телефон байланысы қызметінің көрсеткіштері өзгереді. Стансаларды электронды бекіту және айрыбастауға байланысты 3 % өседі, 100 тұрғынға телефондар тығыздылығы 14,4 бірлікті 2010 ж және 21,1 бірлікті 2014 ж құрайды.

Тұрғындардың әл-ахуалының өсуі есебімен Интернет желісін пайдаланушылар саны өседі 100 тұрғынға 2009 жылы 0,4 пайдаланушыдан 2014 жылы 0,64 пайдаланушыға дйін жетеді.

2010-2014 жылдары аналогтық стансаларды толығымен электрондыға айрыбастау жоспарлануда. Сондай ақ 100%-ға телефон орнатуға өтінімдер қанағаттандырылады.

Аудан елді мекендерінің ішкі кент жолдарын жақсы жағдайға келтіру 2010-2014 жылдары ішкі кент жолдарының күрделі жөнделіміне, облыстық бюджет қаражаттарынан жыл сайын 60 млн.теңге бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының әрі қарайғы күделі және орташа жөнделімі, жолдардың көліктік-эксплуатациялық жағдайын нормативтерге жеткізілуімен қажетті қаражаттар шеңберінде.

Жұмыстардың орындалуы бұзылған жабындағы учаскелерді қайта қалпына келтіруге және ішкі кент жолдарының және көпірлердің көлік-эксплуатациялық жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді.


4. 2010-2012 жылдары ауданның бюджеттік параметрлерінің болжамы

    1. 4.1. Бюджет саясатының негізгі бағыттырын

Бюджеттік саясат

2009 жылға аудан бюджетінде бекітілген шығындардың жалпы көлемі 3220,3 млн.теңгені құрайды, 2010 жылға шығындар болжамы 3665,6 млн.теңгені құрайды және бюджеттік қарыздары 26706 мын.тенге, 2011 жылы 2884,5 млн.теңгені, 2012 жылы 3072,7 млн.теңгені құрайды.

Бюджет шығындарының өсуі Президент Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты. 2010-2012 жж аудандық бюджеттің орта мерзімдік жобасында әр бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бірінші кезекте еңбек ақының төлеміне және әлеуметтік аударылымдар қарастырылған.

Ұстауға шығындарда жұмыскерлерге еңбек ақы төлеміне, коммуналдық қызметтер, көмірді алу және тасымалдау, әзірленген нормативтер шеңберінде басқа да тауарларды алуға, автокөліктерді ұстауға, вебсайт қызметтері, салық салу мақсаттарында коммуналдық меншікке түскен мүлікті бағалау қызметтері, жергілікті атқарушы органның қорынан шегеруге келмейтін шығындар, сондай ақ ауданның жергілікті атқарушы органына табиғи және техногендік мінездемедегі төтенше жағдайларды жоюға қаражаттар қарастырылған. Алдағы 2010-2012 жж материалдық-техникалық кешеннің нығаюуы қарастырылмайды, жоспарлауда бір ретттік шығындар алынып тасталған.


Бюджет шығындарының саясаты

2009 жылға ауданның бекітілген бюджетінде шығындардың жалпы көлемі 3220,3 млн.теңгені құрайды, 2010 ж шығындар болжамы 3665,6 млн.теңгені құрайды, 2011ж 2884,5 млн.теңге, 2012ж 3072,7 млн.теңге.

2010-2012 жылдардағы орта мерзімдік кезеңінде мемлекеттік органдардың ұсталуына шығындар бір деңгейде ұсталады. 2010 ж мемлекеттік органдардың ұсталуына шығындар 254,3 млн.теңгені құрайды, бұл 2009 ж 3,8% артық, 2011ж 263,8 млн.теңге, өткен жылға өсім 3,7%, 2012ж 273,9 млн.теңге, өсім 3,8% құрайды.

2010ж қорғанысқа шығындар 5,2 млн.теңгені құрайды, 2009 жылмен салыстырғанда 353,0 мың.теңгеге аз, 2011 ж шығындар 4,3 млн.теңгені құрайды.

Сондай ақ орта мерзімдік кезеңде келесі бағдарламалар бойынша шығындар назарға алынған:

«Аудан масштабындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» 2010ж 380,0 мың.теңге, 2011 ж 380,0 мың.теңге, 2012ж 380,0 мың.теңге.

«Аудандық (қалалық) масштабтағы, сондай ақ өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде дала өрттерін сөндіру және алдын алу» бағдарламасы бойынша 2010 ж- 536,0 мың.теңге, 2011 ж- 576,0 мың.теңге, 2012ж -617,0 мың.теңге сомасында қаражаттар қарастырылған.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық және сот-орындаушылық қызмет» 2010 жылы- 199,0 мың.теңге, 2011жылы- 214,0 мың.теңге, 2012жылы- 229,0 мың.теңге сомасында.

2009 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамту шығындары 171,3 млн.теңгеде анықталған, 2010 жылы 180,3 млн.теңге сомасына шығындар қарастырылған, 2011 жылы 173,8 млн.теңге сомасында, 2012 жылы 114,5 млн.теңге.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға шығындар 2010 жылы 9,9 млн.теңгені құрайды, жұмысқа 596 адам бағытталады, 2011ж 13,1 млн.теңге (640), 2012 ж 13,1 млн.теңге (700).

2010 жылы кәсіби оқу мен қайта оқуда, 180 адамның қайта оқуы жоспарланған, 1,8 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылған, 2011 жылы 2,4 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылған (190 адам), 2012 жылы 2,7 млн.теңге (200 адам).

2010ж жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуге 1,4 млн.теңге қарастырылған, 27 жұмыссызға 2011 жылы 1,4 млн.теңге, 2012 жылы 1,4 млн.теңге.

Тұрғындардың әл-ахуалын арттыру мақсатында төленеді:

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді

Мекен жайлы әлеуметтік көмек

Мүгедек балаларға материалдық көмек төленеді

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер

Тұрмыстық көмек көрсетілді

Мүгедектерді гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің қызметімен, іс-қимылмен түсіндіру маманымен қамтамасыз ету.

2010 жылы жалпы 116,4 млн.теңге сомасына, 2011 ж 59,6 млн.теңге, 2012 ж 59,6 млн.теңге сомасына.

2009 жылы тұрмыстық-коммуналды шаруашылық нысандарының дамуына 31959,0 мың.теңге, 2010 жылы 34516,0 мың.теңге, 2011 жылы- 37104,0 мың.теңге қарастырылды, 2012ж болжам 39702,0 мың.теңгені құрайды.

Мәдениет саласына шығындар 2010 жылы 200 млн.теңгені құрайды, 2010 жылы 249,4 млн.теңге, 2012 жылы 254,1 млн.теңгені құрады.

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы» бағдарламасына 2010 жылы 140,2 млн.теңге сомасына, 2011 жылы 167,4 млн.теңге, 2012 жылы 154 млн теңге сомасында қаражаттар жоспарланған.

«Автокөлік жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына 2010 жылы 40,2 млн.теңге, 2011 жылы 16,0 млн.теңге, 2012 жылы 17,1 млн.теңге қарастырылған.

4.2. Жергілікті бюджеттін болжамы

Салықтық саясат

2010-2012 жылдардағы аудандық бюджеттің кірістері орта мерзімдік кезеңге макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдық параметрлерінің негізінде, 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы № IV «бюджетке салықта және басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа салық кодексінің есебімен анықталған, назарға бекітілген бюджет пен 2009 жылдың бағалауы алынды.

Бюджет кірістерін есептегенде ескерілді:

Мемлекеттік мекемелер жұмыскерлеріне еңбек ақының жоғарлауы 2010ж 25%, 2011ж 30%-ға.

Әлеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына аударылымдардың артуы нәтижесінде 4%-дан 5%-ға дейін 2009 - 2012 жж..

2010ж төмен еңбек ақының 831 теңгеге артуы, 2011ж -1037 теңге, 2012ж –1094 теңге,

Жергілікті бюджетке аударылымдардың нормативтері қолданылды әлеуметтік салық 100%, төлем көздеріне салынатын кірістерден жеке табыс салығы 50% мөлшерінде.

Мұның барлығы салық түсімдерінің көлемін сақтауға себебін тигізеді.

2010 жылы жеке табыс салығы 2009 жылмен салыстырғанда 30,5% артады, 2011жылы 21,8%, 2012жылы 10,3%-ға азайады. 2010 жылы әлеуметтік салық -241,2 млн.теңгені құрайды, 2011 жылы – 309,1 млн.теңге, 2012 жылы - 338,6 млн.теңге, әлеуметтік салық түсімдерінің артуы еңбек ақының өсуі есебінен және әлеуметтік сақтандыру ставкаларының 2009 жылы 4%, 2010 жылы -5%, 2012 жылы -5% өсуі есебінен болады.


Кірістер түсімдерінің болжамы

2009ж бекітілген бюджеттің кірістері бойынша болжам 3176,3 млн.теңгені құрады, соның ішінде салықтық түсімдер 652,6 млн.теңге, салықтық емес түсімдер 1,8 млн.теңге, капиталдан түсімдер 7,6 млн.теңге, субвенция 1858,8 млн.теңге.

2010 жылға - кірістер бойынша болжам 640,9 млн.теңгені құрайды, соның ішінде салықтық түсімдер 656,3 млн.теңге, салықтық емес түсімдер 1,9 млн.теңге, капиталдан кірістер 3,5 млн. теңге, субвенция 2176,8 млн.теңге.

2011 жылға 2884,5 млн.теңге, соның ішінде салықтық түсімдер 768 млн.теңге, салықтық емес түсімдер 1,2 млн.теңге, капиталдан түсімдер 0,4 млн.теңге, субвенция 2114,8 млн.теңге.

2012 жылдарға - 3072,7 мың.теңге, соның ішінде салықтық түсімдер 822,7 мың.теңге, салықтық түсімдер 1,3 мың.теңге, капиталдан кірістер 0,4 мың.теңге, субвенция 2248 млн.теңге.





1   2   3   4   5

Похожие:

Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconМәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon«БҰҚар жырау ауданының жастары – 2008-2010 Ж. Ж.» АймақТЫҚ бағдарлама ботақара кенті мазмұНЫ

Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconI сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconТамыз 2010 жылғы жағдайына Бұқар жырау ауданы бойынша
Жоғарғы, экономикалық. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconӘлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе
Ортамерзімдік жоспары (әрі қарай Жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 14 маусымындағы №647 қаулысымен бекітілген,...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconҚыркүйек 2010 жылғы жағдайына Бұқар жырау ауданы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар
Жоғарғы, экономикалық. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon2009 жылдың 10 қараша жағдайы бойынша
«Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж ж.» аймақтық бағдарламаның жүзеге асуы және кенттер мен селолық округтеріндегі жастар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница