Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе




НазваниеБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
страница4/5
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.economika.bukhar-zhirau.kz/files/01k.doc
1   2   3   4   5

2.3.1. Өнеркәсіп

Негізгі бөлігін өңдеуші өнеркәсіп құрайтын, ауданның өнеркәсіптік өндірісі өнімінің көлемінің өсуі тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына байланысты, атап айтқанда егіс егу алаңдарының артуынын, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің артуынан, жаңа өндірістерді ашу және жаңаларын кеңейтуден.

Өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы өсімі 2010 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңге 2,6%-дан 3,6%-ға дейін құрайды. 2010жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі – 9389,4 млн.теңгені құрайды, 2009 жылдың деңгейіне өсім 102,6 %, ал 2014 жылы өндіріс көлемі 13527,4 млн.теңгені құрайды, бұл 2009 жылы 133,1% құрайды.

ндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемдерін арттыру 8 жаңа өндірістерді ашу есебінен жүзеге асырылады, әрекет етудегілердің өндірістік қуаттылығын арттыру, шығарылатын өнім түрлерін арттыру.


2.3.2. Кәсіпкерліктің дамуы

Ауданда кәсіпкерлік дамуының негізгі мақсаты болып- экономиканы өндірістік және басқа салаларындағы кәсіпкерліктің өсуіне әрекетін тигізетін шағын бизнесті қолдау жүйесін құру болып табылады.

Кәсіпкерлердің қиындықтары мен қызығушылықтарын анықтау.

Қойылған міндетке жету үшін келесі міндеттерді шешу қарастырылады;

1. Бизнес саласының өндіріс және қызмет көрсету саласына бағытталуы;

2. Кәсіпкерлік салалары қызметінің құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

3. Шағын кәсіпкерлік дамуының есебінен әлеуметтік бағдарламаларды құру әзірленген бағдарламасын орындау жолымен, тұрғындарды жұмыспен қамту.

4. Қаржылық көздерді анықтаумен шағын кәсіпкерлік субьектілері арнайы бағдарламаларының несиелендірілуін қабылдау.

Осының нәтижесінде шағын кәсіпкерлік дамуының негізгі көрсеткіштері 2014 жылы келесі көрсеткіштерге жетті:

Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2009ж бағалау -1705 бірлік, 2010 ж-1722 бірлік, 2011ж -1739 бірлік, 2012 ж-1774 бірлік, 2013ж-1810 бірлік, 2014ж- 1864 бірлік.

Шағын бизнесте жұмыстылар санының өсуі 2014жылы 2009 жылмен салыстырғанда 9,3 % құрады.

Шағын кәсіпкерлік саласына жұмыстылар саны 2009жылы бағалау-3592 адам, 2010ж- 3664 адам, 2011ж- 3737 адам, 2012ж- 3849 адам, 2013ж- 3965 адам, 2014 ж -4048 адам.

Адамдар саны 2014 жылы, 2009 жылмен салыстырғанда 114 % құрайды.

Шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілерімен тауар, жұмыс, қызмет көрсетулер шығарылымының көлемі 2009 жылы бағалау - 3607 млн.теңге, 2010ж -3679 млн.теңге, 2011 ж- 3753 млн.теңге, 2012 ж - 3828 млн.теңге, 2013ж- 3943 млн.теңге, 2014ж -4140млн.теңге. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінен шығарылатын өнімдерінің, жұмыс және қызмет көрсетулер өсуі 2014 жылға дейін 2009 жылмен салыстырғанда 114,8 % құрайды.


2.3.3. Құрлыс

Құрлыс жұмыстары көлемінің орта жылдық өсімі 2,1-3,0% деңгейінде күтіледі.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді эксплуатацияға енгізу 2010ж 7200 м2 тұрғын үй енгізілуі 407,3 млн.теңге сомасына, 70 пәтер енгізіледі, соның ішінде 6500 м2 жеке құрлыс 367,3 млн.теңге сомасына- 58 пәтер және жалдық (коммуналдық) тұрғын үй 700 м2, құны 45,0 млн.теңге-12 пәтерлік.

2011ж тұрғындар қаражатының есебінен 7400 м2 тұрғын үйдің енгізілуі жоспарланған, 2014ж тұрмыстық үй енгізілуі 8000 м2 құрайды, 2009ж деңгейіне тұрғын үй енгізілуінің өсімі 14,3% құрайды.


2.3.4. Ауыл шаруашылығы

2010-2014 жылдары ауыл шаруашылығында жоспарланады:

-Саланы интенсификациялау жолымен ауыл шаруашылығы өндірісінің сапалы жағдайы өсімінің тенденденциясын сақтау;

-Шағын шаруа қожалықтарын азайту бойынша шаралар қабылдауға;

-Мал, өсімдік өсіруде іріктеу-асылдандыру жұмысын кеңінен қолданатын тауар өндірушілердің ірілендірілуі;

-Ауылды қолдау шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, әрекет етудегі жылдық институттар мен даму бағдарламаларына қол жетімдігін қамтамасыз ету,

-«Ботақара» несиелік серіктестігі қатысушыларының санын арттыру, жалдық компаниялардың жұмысын тарту мен қамтамасыз ету.

-сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындардың санын арттыру.

-2014ж астық өндірісін 65,1 мың.тоннаға дейін жеткізу, картопты 22,6 мың.тонна, көкөністерді 5,3 мың.тоннаға, етті 28,4 мың.тоннаға, сүтті 66,0 мың.тоннаға, жұмыртқаны 92,9 млн.данаға, жүнді 66,7 тоннаға жеткізу жоспарлануда.


2.3.5. Транспорт және коммуникациялар

Автокөлік құралын дамыту мақсаты болып ауданның барлық елді мекендерін автобустық хабарландырумен қамту болып табылады, жолаушыларды тасымалдаудың қаупсіздігін қамтамасыз ету, қызмет ету мәдениетін жақсарту.

Міндеттер-келесі бағыттар бойынша автобустық хабарламаны қайта қалпына келтіру: облыстық орталық-аудандық орталық-селолық округ, аудандық орталық-селолық округ, жолаушылар тасымалдау қызметтері үшін тарифтерді төмендету.

Баға индекстері есебімен 2010-2014жылдары жүк тасымалдау 3%-3,5 % дейін артады және осыған сәйкес 25 тен 29 тоннаға дейін құрайды.

2010-2014 жылдары жаңа автобус маршруттарын құру есебінен, жолаушылар тасымалдау көлемі жыл сайын 4% өседі және 2010ж 0,1242 млн.адамды, 2014ж 0,1428 млн.адамды құрайды.

10%-ға қала аралық телефон байланысы артады, телефон аппараттарымен қамтамасыз ету де артады.

Аудан бойынша жыл сайын интернет пайдаланушыларының 10 % өсуі күтіледі.

Аудандық және жергілікті маңыздағы автожолдарды эксплуатациялау саласында, басымдылықта жаңа жолдар мен көпірлер құрылысының жоқтығынан қазіргі таңда негізі мақсат, ішкі кент жолдарының, көпірлердің және жол желілерінің ұсталымы бойынша жұмыстар кешені.


2.3.6. Электр энергетикасы

Ауылдық елді мекендерде электрлік энергетика дамуының негізгі мақсаты:

Электржелілері мен жабдықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды кешенін дамыту,

Электр беру желілерінің ағымдағы жөнделімі бойынша уақытылы жоспарланған шаралар өткізу,

Бұл ауылдағы электр мен қамту сапасы мен сенімділігін жақсартады.


2.3.7. Инвестициялық сала

Негізгі капиталға инвестиция өсімінің қарқыны 2010-2014 жылдары 4,4-5,3 % құрайды.

Инвестициялар өсімі негізгі және айналымдағы қаражаттардың толықтырылуы есебінен ғана емес, бар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы есебінен де болуға тиісті.

2.3.8 Тұрмыстық сала

2010-2014 жж тұрғындарға тұрғын үйдің қол жетімдігін қамтамасыз ету үшін келесі бағыттарда жұмыс жүзеге асырылады:

1. Жеке тұрмыстық құрлысты дамыту үшін жағдайлар жасау;

2. Жергілікті атқарушы органдармен республикалық бюджетен несиелер есебінен тұрғын үй құрлысы;

3. Тұрмыстық үйдің жалдық секторының дамуы;

4.Ауданның тұрмыстық салынымдарының инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымдарының дамуы;

5. Отандық құрлыс материалдарының үлесін арттыру;

6. Тұрғын үй салу құрлысының сапасын арттыру;

7. Ипотекалық несиелендіру желісін және тұрмыс құрлыстық жинақ желілерін дамыту;

Алдағы кезеңде 2010 жылдан 2014 жылға дейін тұрмыстық қор 38 мың.ш. м тұрмыстық үйге артады және 2014 жылы 1190 мың.м құрайды, бұл 2009 жылдың пайыздық деңгейіне 103,3% құрайды. 2010жылы 1 тұрғынға 19,2 ш.м тұрғын үйден келеді, ал 2014жылы 19,8 ш.м.


2.3.9. Білім беру

2010-2014 жылдары Бұқар жырау ауданының білім беру саласындағы негізгі бағыттар:

Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбиелеу сапасын арттыру;

Аудан мектептері оқушыларының білім алу сапасы мен үлгерімін арттыру; 12- жылдық білім беруге кезең-кезеңдік көшуді қамтамасыз ету;

Кәсіптік және жеке өсу үшін жеке білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бастапқы кәсіптік білім алудың үзіліссіз моделін енгізу,

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және білім беру ұйымдарын нормативте бекітілген жарақтандырылған деңгейге жеткізу;

Аудан мектептерінің компьютерлік паркінің жаңаруын қамтамасыз ету;

Аудан мектептері бойынша интернет аясы трафикін ұсыну және 100% телефондандыруды қамту;

Білім беру саласының кадрлармен қамтамасыз етілуін жақсарту.

Педогогикалық кадрлармен жұмысты жетілдіру;

Аз қамтылған және аз табысты отбасы балаларын жалпы оқыту қорын ауқымды көлемде қамту;

Білім беру ұйымдары жүйесінің ары қарай дамуы;

Күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізу;

Аудан мектептерінде өрт автоматикасы және дабылдарды қондырғыларын талап еткен нормаларға жеткізу;

Аудан мектептерінің 1,2,3,4 сынып оқушыларын ауқымды көлемде ыстық тамақпен қамту;

Аудан мектептерінің жанында мектепке дейінгі шағын-орталықтар ашу;

Аудандық қазақ № 1 ОМ құрлысы, Байқадам селосында негізгі мектеп құрлысы.


2.3.10. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жағдайы тұрғындар өмірінің сапасына тікелей әсерін тигізетін, әлеуметтік- экономикалық даму деңгейінің маңызды индикаторларының бірі, 2010-2014жылдары тұрғындардың денсаулығын жақсартуға келесі шаралар жоспарланған

-Аймақтың емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлік кадрларын толық жиынтықтау;

- Ботақара кентінде жаңа аурухана кешенін қызметке енгізу;

- жаңа отбасы-дәрігерлік амбулаторияларының құрлысы;

- тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді қол жетімді ету және сапасын арттыру;

- әлеуметтік-маңызды және жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын аурулардың өлімін жібермеу;

- Онкологиялық аурулардың асқыну жағдайларын жібермеу,

- Аудан тұрғындарының алын ала қаралу пайызын арттыру және ауруды анықтау пайызын арттыру;

- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды белсендендіру, әгімелесу, санитарлық бюллетендер;

- Диспансерлік ауруларды диспансерлік есепке және дәрігерлік бақылауға уақытылы алу,

- мамандардың санаттандырылуын 85% арттыру.

2.3.11. Еңбек ресурстары

2010-2014 жылдары жұмыстылық саласындағы негізгі мақсаттары, мақсатты топтардың жұмыстылығын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу, кәсіби даярлау және қайта даярлау есебінен, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіруде, өнім жұмыстылығының өсімі және жұмыс орындарының ашылуы есебінен еңбек нарығында жұмыссыздардың бәсекеге қабілеттігін арттыру.

Алдағы 2010-2014 жылдары тұрғындарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру мақсатында келесі жұмыс жүргізіледі:

  • тұрғындарды және жұмыс берушілерді еңбек нарығының жағдай туралы ақпараттандыру;

  • Әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа

орналастыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыс берушілермен бірігіп жұмысқа тұрғызу туралы шарттар бекіту;

  • Жұмыссыздарды кәсіби білім алуы мақсатында оларды қоғамдық жұмыстарға бағыттау;

  • Шағын және орта бизнестің дамуы, жұмыссыздардың жұмыстылығын

ұйымдастыру үшін материалдық көмек көрсету;

  • Еңбек нарығының сұранымдарына сәйкес мамандықтары бойынша кәсіби оқуға бағыттау.

2010 жылдан 2014 жыл кезеңінде 5590 жұмыссызды жұмысқа орналастыруға

көмек көрсету жоспарланған, қоғамдық жұмыстарға 3,5 мың.адам қатысады, 1000 жұмыссыздың кәсіби даярлығы өткізіледі, 197 жұмыссызға жеке ісін ашуға көмек көрсетіледі.

2010 ж ауданда орташа еңбек ақы 52,1 мың. теңгені құрайды, 2009 жылдың деңгейіне өсім 14,7%. 2014 ж орташа еңбек ақы 72,2 мың.теңгені құрайды, 2009 жылдың деңгейіне өсім 59% құрайды, бұл 2010-2014 жылдары аз еңбек ақы мөлшерінің 6 % өсу есебінен және мемлекеттік мекеме жұмыскерлері еңбек ақысының 2010 ж 25%-ға, 2011 ж 30%-ға өсуі есебінен болады.


2.3.12. Тұрғындарға әлеуметтік көмек

2010-2014 жж азаматтарды әлеуметтік қорғаудың маңызды мақсаты болып азаматтардың өмір жағдайын жақсарту, өмір сапасын арттыру, әлеуметтік мекенжайлы көмекті нығайту, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ҰОС қатысушыларының кедейшілігін жоюу әдістерін жетілдіру,

Халықтың әл-ауқатын арттыруға келесі көмек түрлерін жүзеге асыру жолымен жетіледі:

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы;

Мекен жайлы әлеуметтік көмек;

Тұрмыстық көмек;

Мүгедектерді жеке реабилитациялау құралдарымен қамтамасыз ету;

Біреудің көмегін қажетсінетін, 1,2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді бағу үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға үстеме ақы.

2010 жылы 121,5 млн.теңге, 2011 жылы 128,8 млн.теңге, 2012 жылы 136,8 млн.теңге, 2013 жылы 144,2 млн.теңге және 2014 жылы 152,0 млн. теңгеге дейін арту жоспарлануда.

2014 жылы кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасылардың санын 1200 адамға дейін төмендету жоспарлануда, мекен жайлы әлеуметтік көмектің орташа көлемін 2670 теңгеге арту жоспарлануда, бұл 2009 жылдың деңгейіне 140 % құрайды.

Соғыс ардагерлері мен ҰОС қатысушылары да назардан тыс қалмайды, оларға жыл сайын 3 млн.теңге сомасына материалдық көмек көрсету жоспарланған.

Сондай ақ мемлекеттік емес көздерден материалдық көмек көрсету бойынша

жұмыс жалғасады.

2.3.13. Мәдениет және спорт

Мәдениет саласындағы негізгі мақсат тарихи-мәдени мұраны дамыту және сақталуын енгізу, кәсіби өнер мен халық өнерін дамытуды қамту, аудан аумағында тұратын халық мәдениетінің өзара алмасуы мен дамуын жүргізу.

Жыл сайын ауыл мәдениетін дамытуға басты назар аударылады:

2014 жылға жоспарланады:

- ауданның 2 елді мекендерінде кітапханалар ашып, жалпы санын 41-ге жеткізуге;

- ауданның тағы 1 елді мекенінде клуб мекемесін ашып және олардың санын 41 - ге жеткізу.

- аудан кітапханаларының кітап қорын жыл сайын толықтыру;

-кітапханаларды 100% телефондандыру, компьютерлендіру және барлығында интернетке шығу желісін орналастыру.

2014 ж дейін тағы да 6 кітапхананы модельді үлгісіне ауыстыру, 10 қуыршақ театрын ашу, 10 елді мекенде вокалды- аспаптық ансамбілдерді құру, 5 тарихи-өлкетану мұражайын ашу.

Ақылы қызметтердің көлемін 3,2 млн.теңгеге жеткізу, 2009 жылдың деңгейіне өсім 40% құрайды.

Бұқар жырау орталық кітапхана жүйесінің ақпараттандыру жүйесін енгізу жоспарлануда. Интернет класс құру, құқықтық мәдениет орталығы.

Спорт құралдарын 2014 ж 161 –ге дейін жеткізу жолымен 2010-2014 жж балалар және жасөспірімдер спортын дамыту жоспарлануда.

2014 жылы спортпен айналысушылар санын 808 адамға дейін, 2009 ж 648 адамға қарсы.

Жалпы және ұлттық спорт түрлерін дамыту (ат спорт түрлерін дамытуға ипподром бар, ұлттық спорт түрлерімен айналысушылардың саны артуда)

Тұрғындарды спортпен үнемі айналысу жолымен сауықтыру (аудандық спорт жалпы шараларының санын арттыру).

Жоғары спорт нәтижелеріне жету (аудан спортсмендерінің облыстық және халық аралық ареналарда үнемі қатысуы)

Басымды міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі факторлар бар:

  • Облыстық орталыққа жақындық

  • Ауқымды адам ресурсы.

  • Спорт нәтижелерінің өсімі.

  • Жаңа спорт жайларының құрлысы.

  • Барлық сала бойынша ауданның қолайлы өсуі.


2.3.14. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы

Аудан аумағында қолайлы экологияның сақталуы үшін 2010-2014 жылдары ауданда аудан аумағындағы экологиялық саясатының жүзеге асырылуы жүргізіледі, ол басымды табиғатты сақтау шараларының жүзеге асырылуында көрсетіледі:

Атмосфераға зиянды заттардың лақтырылуын төмендету;

Су ресурстарына кері әсерін тигізушілікті төмендету;

ТҚҚ жер ресурстарын тазарту, өндірістің тұтынуда токсинді және токсинді емес қалдықтарын тазарту;

Экологиялық білім алуды дамыту және экологиялық білімді насихаттау;

Қоршаған ортаның ластануы үшін экологиялық төлемдер жүйесін жетілдіру;

Табиғи ресурстарды пайдаланған үшін экологиялық төлемдер ресурсын енгізу және өңдеу, табиғи ресурстарды пайдалану және оның шығарылымы;

Аудан кәсіпорындарында, лақтырылым, тасталым және қалдықтар үйінділерін төмендендіретін жетілген технологиялық процесстерді енгізу (экологиялық таза технологиялық процесстер);

Жоғарыда көрсетілген шаралардың нәтижелері аудандағы экологиялық жағдайдың қиындығын азайтуға бағытталған, атап айтқанда:

  1. Шаң-газ қондырғылары жұмыстарының тиімділігін арттыру жолымен атмосфералық ауа ластануын азайту, аудан кәсіпорындарында прогрестік күл аулау технологиясын енгізу, метанның өндірістік утилизациясы.

  2. Тазалау құралдары жұмыстарының тиімділігін арттыру, жоғарғы су айдындарына толық мөлшерде тазаланбаған сулардың шығарылуын азайту.

  3. Қалдық жинаушыларының қайта жаңартылуы нәтижесінде, утилизациялау және кәсіпорындар санында қалдықтарды пайдалану қоршаған ортаның ластануын азайту.

  4. Бұзылған жерлердің рекультивациясын жүзеге асыру, табиғи қатты қалдықтардың орналасуы көлемдерін азайту, табиғи қатты қалдықтарды басқару бағдарламасының әзірленуі.

  5. Орманды қалпына келтіру, жасылдандыру жұмыстарын жүргізу. 2010-2014 жылдары аудан бойынша лас заттарды атмосфераға лақтыру, жыл сайын үш мың тоннадан аса лақтырылымды құрайды. Көміртегі лақтырылымдары жыл сайын 0,5 мың.тоннаны құрайды.

1   2   3   4   5

Похожие:

Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconМәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon«БҰҚар жырау ауданының жастары – 2008-2010 Ж. Ж.» АймақТЫҚ бағдарлама ботақара кенті мазмұНЫ

Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconI сабақтың тақырыбы: Қазыбек би мен Бұқар жырау
Білімділік – шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconТамыз 2010 жылғы жағдайына Бұқар жырау ауданы бойынша
Жоғарғы, экономикалық. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconӘлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе
Ортамерзімдік жоспары (әрі қарай Жоспар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 14 маусымындағы №647 қаулысымен бекітілген,...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconҚыркүйек 2010 жылғы жағдайына Бұқар жырау ауданы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар
Жоғарғы, экономикалық. Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орта кәсіптік экономикалық
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon2009 жылдың 10 қараша жағдайы бойынша
«Бұқар жырау ауданының жастары – 2008-2010 ж ж.» аймақтық бағдарламаның жүзеге асуы және кенттер мен селолық округтеріндегі жастар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница