Скачать 0.69 Mb.
|
1. Оқу пәнінің паспорты Пәннің атауы «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы және шешендік өнер» Кредит саны мен оқу мерзімі Барлығы – 5 кредит Курс: 2 Семестр: 3 Аудиториялық сабақтар – 75 сағат Дәрістер – 45 сағат Тәжірибелік – 30 сағат СОӨЖ – 37,5 Соның ішінде СӨЖ - 150 Еңбек сыйымдылығы барлығы – 225 сағат Бақылау формасы Емтихан – 3 семестр Пререквизиттер
Постреквизиттер
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Аты-жөні: Жұмабекова Гауһар Айтбекқызы Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: гуманит. ғыл. магистрі, аға оқытушы «Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет 3 Пәні, мақсаты мен міндеттері Пән: «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы және шешендік өнер» ХІХ ғасырдағы қазақ ақын-жазушылардың шығармашылығын зерделеу, насихаттау. ХІХ ғасыр поэзиясындағы ой-мұраттарды, көркемдік ерекшеліктерді үйрену. Пәнді оқыту мақсаты: «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы және шешендік өнер» - ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Пәннің міндеттері: - өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі; - жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда, ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу; - образдар жүйесіне талдау жасай білу; - шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу. 4 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: - ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулардың шығармаларының мәтіндерімен таныс болу; - ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай білуі тиіс; - ақын-жазушылар шығармаларының образдар жүйесін талдай білуі тиіс; - ақын-жазушылар шығармаларының идеясын аша білуі тиіс.; - ақындар өлеңдерін жатқа білуі тиіс. - cтуденттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере білуі; - ақын-жазушылар шығармаларын ажырата алу; - ақын-жазушылар шығармаларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білу; - ақын-жазушылар шығармаларынталдаудағы оның табиғатын білуі; - ақын-жыраулардың шығармаларын идеялық-көркемдік тұрғыда талдай білу; - ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу. 5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
|