Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г




Скачать 162.85 Kb.
НазваниеФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дата конвертации16.02.2016
Размер162.85 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/Stomatologiya/2 kurs/Visual diagnostics/Kazh/Lekci.kompleks/1/1.doc
Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Кафедра Визуалды диагностика


ДӘРІС


Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктері»


Пән Визуалды диагностика

Мамандығы 5В130200 «Стоматология»


Курс екінші


Уақыты (ұзақтығы) 1сағат


Қарағанды 2014

Тақырып: Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктері.


Мақсаты: Визуальді диагностиканың жаңа әдістерімен таныстыру, жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктеріне түсінік беру.


Дәріс жоспары:

  1. Визуальді диагностика пәнінің мазмұны.

  2. Медициналық радиологияның қысқаша тарыхы, оның дамуына ат салысқан отанымыздың ғалымдары.

  3. Визуальді диагностикада қолданылатын электромагнитті, ультрадыбыстық және корпускулярлық сәулелер.

  4. Радиациялық қауіпсіздік.

  5. Медициналық диагностикалық бейне.

  6. Медициналық бейне информатика объекті ретінде.

  7. Бейненің визуальді анализі.

  8. Рентгенологиялық зерттеудің негізгі тәсілдері.


Медициналық радиология – медициналық мақсатта теория мен тәжірибені зерттейтін медицина тарауы.

Медициналық радиология екі негізгі ғылыми пәннен тұрады: 1) диагностикалық радиология (сәулелік диагностика) және 2) терапиялық радиология (сәулелік терапия).

Сәулелік диагностика – адам ағзасының қалыпты құрылысы мен қызметін зерттеу, сонымен қатар патологиялық өзгерістерді анықтау және алдын алу мақсатында сәулелерді қолдану туралы ғылым.


  • Бұл пәннің құрамына рентгендиагностика, радионуклидті диагностика,

Ультрадыбыспен зерттеу, магнитті-резонансты томография кіреді.

Сонымен қатар:

  • термография,

  • ӨЖЖ-термометрия,

  • магнитті-резонансты спектрометрия,

  • интервенциялық радиология (сәулемен зерттеу тәсілдерінің көмегімен емдік шаралар жүргізу)

Сәулелік терапия – иондатқыш сәулелерді дертті емдеуде қолдануды зерттейтін ғылым.

Медициналық радиологияның туған күні – 1895 жылдың 8-ші қарашасы. Вюрцбург қаласындағы жергілікті университеттің профессоры Вильгельм Конрад Рентген өзінің лабораториясынада кешке қарай катод түтікшесімен жұмыс істеп отырып, кездейсоқ платиносинеродты барий кристалы бар шыныдан сәуле тарғанын көріп қалады. Сөйтіп, Рентген бұл феноменге түсінік беріп, жаңалық ашады.

Ал 1901 жылы Рентгенге физика пәні бойынша 1-ші Нобелев премиясы беріледі. Берілген 50 мың швед кронын Рентген Вюрцбург университетіне сыйға тартқан.


Рентген сәулесі – бұл қысқа толқынды электромагнитті тербелістер. Тарау жылдамдығы жарықтың жылдамдығындай секундына 30000 шақырым.

Оларды рентген түтікшесінде, вакуум қондырғысында жоғары кернеудегі электр тогын өткізу арқылы алады. Квант энергиясының өлшем бірлігі – джоуль.

РЕНТГЕН СӘУЛЕСІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ


  1. Көзге көрінбейді, иісі, дәмі жоқ

  2. Бағытын өзгертпей бір бағытта тарайды

  3. Өтімтал

  4. кейбір химиялық заттарды сәуле өткен кезде жарқыратады (мысалы, вольфрам тұздары, кадмий)

  5. Пленканың жарық сезгіш бетін қарайтады

  6. Денеден өту қасиеті әрқалай. Ол құрамындағы заттардың атомдық салмағына, заттың тығыздығына, қалыңдығына, сәуленің өтімдалдығына байланысты.

  7. Иондатқыш қасиеті арқылы ағзаға биологиялық әсер береді.



Медициналық радиологияда барлық сәуле екі топқа бөлінеді: 1) иондатқыш және 2) иондатқыш емес.


Иондатқыш сәулелерге мыналар жатады:

  • инфрақызыл (жылу) сәулесін абсалютті ноль темпиратурасынан жоғары денелер шығарады. Бұл сәуленің белсенді көзі адам ағзасы боп табылады. Инфрақызыл сәулесі электромагнитті сәулеге жатады. Толқынының ұзындығы бойынша жарық пен радиотолқындардың ортасындағы орынды алады;

  • резонансты сәуле, тұрақты магнитті аймақта орналасқан объектінің (адам денесінің) жоғары жиіліктегі электромагнитті импульстің әсерінен пайда болады;

  • ультрадыбыстық толқындар – серпімді ортада бөлшектердің толқын тәрізді жайылып тербеліс қозғалыстары. Тербеліс жиілігіне байланысты дыбыс инфпрадыбысқа – секундына 20 тербеліс (20 Гц), кәдімгі дыбыс –20 Гц - 20 кГц және ультрадыбысқа 20 кГц бөлінеді. Медициналық диагностикада ультрадыбыстың 0,8 – 15 Мгц аралығындағы жиілік қолданылады.


Иондатқыш сәулелердің жалпы қасиеті ол адам тінінің құрамына кіретінт қоршаған ортадағы атомдарды иондау қабілеті.

Бұл сәулелер 2 топқа бөлінеді:



  1. квантты (рентген және гамма-сәулесі) – фотондардан тұрады;

  2. корпускулярлық (бөлшектерден тұрады) –электрондар, протондар, нейтрондар, мезондар және т.б. бөлшектер шоғырлары.

Иондатқыш сәулелр табиғи және жасанды боп бөлінеді.

Табиғи көздер – ғарыштан жерге келетін космостық сәулелр. Космостық сәуленің қарқындылығы аз, өйткені энергияның басым көпшілігі амосферадағы ауа атомдарымен қарым-қатынасқа жұмсалады. Келесі иондатқыш сәуленің табиғи көздері бұл топырақта, ауада, суда, тірі организмдерде, адам тініндегі радиобелсенді элементтерден таралған. Бұлардың бәрі табиғи радиациялық фон деп аталады.

Табиғи көздер – адам қолымен жасалған әр түрлі техникалық қондырғылар.

Медицина мақсатында қолданылатын иондатқыш сәулелердің көзіне рентген түтікшесі, радиобелсенді нуклидттер және зарядтталған бөлшектердің үдеткіші жатады.

Рентген түтікшесі – като пен анодтан тұратын вакуумды шыны ыдыстан тұрады. Катод жіңішке вольфрам спиралінен жасалған.

Слайд-сурет 1. Ол қызған кезде айналасында бос электрондардан тұратын бұлт(термоэлектрондық эмиссия) түзіледі. Жоғары кернеудің салдарынан ренген түтікшесінің полюстеріне таралып, соңынан анодқа келіп жиналады. Анод минутына 10 мың жоғары жылдамдықта айналыс жасап, элетрондардың бір нүктеге тие бермей анодтың балқып кетпеуін қамтамасыз етеді. Анодта электрондардың тежелуінің салдарынан кинетикалық энергия электромагнитті сәулеге айналады.

Радиобелсенді нуклидтер – медициналық мақсатта қолданылатын басқа иондатқыш сәуле көзі, оны генераторлардың көмегімен алады.

Зарядтталған бөлшектердің үдеткіші- электр өрісінің көмегімен жоғары энергияның зарядталған бөлшектерін алу қондырғылары.

Бөлшектер вапкуумды камерада қозғалады, олардың қозғалысын магнит өрісі немесе электр өрісімен басқарады.

Бөлшектердің қозғалу траекториясына байланысты зарядталған бөлшектер үдеткіші циклдік және сызықты боп бөлінеді, ал зарядталған бөлшектердің сипаты бойынша – электрон үдеткіштері (бетатрон, микротрон, электрондардың сызықты үдеткіші) және ауыр бөлшектре- протондар (циклотрон, синхрофазотрон) боп бөлінеді.

Сәулелік терапияда зарядталған бөлшектер үдеткішін жоғары энергияның электромагнитті сәуле көзі ретінде қолданады, электрондарды, протондарды, нейтрондарды азырақ қолданады.

Радионуклидті диагностикада үдеткіштерді жартылай ыдырау периоды қысқа және ультрақысқа радионуклидтерді алу үшін қолданады.


РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК


Медицинада кез келген иондатқыш сәулені қолданған кезде радияциялық қауіпсіздік ережесін сақтау керек және сәулелік бөлімшелердегі персонал мен пациентті қорғау керек.

Иондатқыш сәулелермен жұмыс жасағанда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ресми ережелермен заңдалған.



  1. Бірінші талап – барлық сәулелік зерттеулер қатаң көрсетілімдер бойынша жүргізілу керек. Ақпараттылығы бірдей тәсілдердің ішінен адам ағзасына сәуле күші аз түсетінін таңдау керек. Тексеру рентгенологиялық зерттеулер жүкті әйелдер мен 14 жастағы балаларға жүргізілмейді, ал радионуклидтті процедуралар – 1 – 16 жастағы баларға, жүкті әйелдер мен бала емізіп жүрген аналарға жүргізілмейді.

  2. Екінші талап – науқасты радиологиялық зерттеу ережелерін сақтау. Оны арнайы дайындықтан өткен маман жүргізу керек.

Сәуледен қорғау дегеніміз адам ағзасына рұқсат етілген дозадан төмен сәулені қолдануға бағытталған шаралар мен қондырғылар жиынтығы.

Категория А – сәуле көзімен үнемі немесе уақытша жұмыс жасайтындар жатады. Оларға рұқсатетілген доза – бір жыл ішінде жеке бас эквивалентті дозасының ең жоғарғы мағнасы, яғни 50 жыл ішінде денсаулығында қолайсыз өзгерістер туғызбайтын доза.

Категория Б – қызметі немесе тұратын жері иондатқыш сәулермен байланысы бар топ, оларға рұқсатетілген доза бір жылға белгіленеді.

Таблица 1. Мүшелердің үш тобы ескеріледі:

1 топ – барлық ағза, гонада, жілік май.

2 топ – бұдшық ет, қалқанша без, май, бауыр, бүйрек, көк бауыр, өкпе, шыны дене.

3 топ – тері, сүйек, кәрі жілік, балтыр және табан сүйектері.


Сәулеге қарсы қорғаныс келесі факторлармен сипатталады:

  1. Медициналық мекемелерде радиологиялық бөлмелердің дұрыс орналасуы;

  2. Тұрақты қорғаныс қондырғылары (қозғалмайтын қондырғылар - кірпіш, баритобетон, қорғасынмен қапталаған шыны);

  3. Қозғалмалы қорғаныс қондырғылары (қорғаныс перделері, рентген түтікшісінің қабы, радиобелсенді сақтайтын сейфтар, контейнерлер;

  4. Жеке басты қорғайтын заттар (қорғасыннан жасалған алжапқыш, қолғап, арнайы киім, дистанциялық аспаптар;

  5. Қашықтықпен қорғану – жұмыс орнының сәуле көзінен алшақ орналасуы;

  6. Уақытпен қорғану.


Рентгенологиялық бөлмелерде жұмыс жасайтын персоналдардың кәсіби зияндықтарын ескере отырып, еңбектік заң құжаттары бірнеше жеңілдіктер қарастырған: қысқартылған жұмыс күні, ұзартылған демалыс, жалақыға үстеме ақы, зейнетке ерте шығу. Рентгенологиялық бөлімшеде жасы 18 ге толмағандар және жүкті әйелдер жұмысқа алынбайды.


МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БЕЙНЕ


Бейне дегеніміз көзбен көруге қолайлы кез-келген сәуленің таралуының оптикалық диапозонға өзгертілуі.

Слайд-сурет 2. Бейне арнайы жүйелермен жасалады. Барлық радиологиялық жүйедегі бейнелер – рентгенологиялық, радионуклидті, ультрадыбысты, термографиялық, магнитті-резонансты – келесі схема бойынша таралады.

Сәуле көзі – пациенттен тыс орналасуы мүмкін (рентгенологиялық және ультрадыбыспен зерттеу кезінде). Ағзаға енгізуге болады (пен зерттеу кезінде). Сәуле адам ағзасынан пайда болуы мүмкін (термографии кезінде) немесе сырттай қозу кезінде (магнитті-резонансты томография кезінде).

Сәуле детекторы. Оның мақсаты – электромагнитті сәулені немесе серпімді тербелістерді аулап алып, диагностикалық ақпаратқа өзгерту. Детектор флюоресцентті экран, фото- немесе рентгендік пленка, газоразрядты камера немесе сцинтилляциялық есепші, арнайы материалдар мен қоспала бола алады.

Өзгерту блогы. Бұл блоктың мақсаты – сигналдың ақпараттық көлемін кеңейту, бөгеуілді жою, келесі кезеңге ақпаратты өткізу бөлігі (сәулені электр сигналына айналдыру).

Бейне синтезаторы. Оның мақсаты – Зерттелуші объектінің бейнесін жасау.


МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕЙНЕ ИНФОРМАТИКА ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ


Сәулелік диагностиканың құралдарының арқасында алынатын ақпаратттың негізгі көзі – мүшенің медициналық бейнесі боп табылады. Барлық медициналық бейнелер екі топқа бөлінеді: аналогты және сандық (матрицалық) бейнелер мен аралық вариант – аналогты-сандық бейне.

Аналогты бейнеге үзіксіз ақпатар беретіндер жатады. Кемшіліктері: ықшамдап сақтау қиын, диагностиканың талаптарына сай өңдеу қиын, қолданушыдан қолданушыға тапсыру мүмкін емес, артық сигналдар мен сапасын төмендететін шулар көп.

Сандық бейнелерге компьютердің көмегімен алынатындар жатады. Олар ұялы структурадан (матрицадан) тұрады, ондағы мүше туралы ақпарат сан түрінде орналасқан, оған сигнал диагностикалық аспаптың тіркегішіші арқылы түседі. Компьютердің көмегімен матрицада сақталған сигналдардан мүшенің бейнесін жинақтауға (реконструкция) болады. Дигитальді бейне сапалы, артық сигналдар жоқ, магнитті және оптикалық, магнитті-оптикалық сандық таратқыш заттарға сақталып, оңай өңделіп, алыс қашықтыққа жіберіледі.

Аналогты-сандық бейнелер алғаш рет аналогты болады да, сосын санға айналып, дигитальді бейне алынады. Аналогты бейне сандық бейнеге өнделіп, сосын керісінше алогты бейнеге қайтарылуына болады. Осы мақсатта аранйы қондырғылар қолданылады: аналогты және сандық өзгеркіштер.

Сандық бейне растрлық дисплейде секундына 30 рет жол салып электрондық сәулемен сканирлеу тәртібімен жүзеге асады.

Сандық юейненің элементарлық бірлігі «пиксел» деп аталады. Сонымен, дисплейдің растрлық экранының барлық ауданы – пикселдер жиынтығы.

Медициналық бейнелер тобы және ооларды алатын сәулелік диагностика тәсілдері:

Аналогты бейнелер:

  • Дәстүрлі пленкалық рентгенография, соның ішінде сызықты томография;

  • Дәстүрлірентгеноскопия;

  • Сонографияның кейбір түрлері (А-режим).

Аналогты-сандық бейнелер:

  • Сандық рентгенография ( рентгенограммаларды қайталап санға айналдару)

  • Сандық рентгеноскопия;

  • Сандық субтракциондық ангиография;

  • сонография (кейбір түрлері);

  • сцинтиграфия.

Сандық бейнелер:

  • рентгенографияның алғашқы-сандық тәсілдері;

  • компьютерлік томография;

  • магнитті-резонансты томография;

  • эмисионды томография;

  • доплерлік карталау.


Сәулелік диагностикада медициналық бейнелер екі вариантта болады:

  1. Тығыз көшірме түрінде - рентгенограммалар, қағаз бетінде, фотоқағазда; магнитті таратқыштарда– лента, диск;

  2. Жазып алынған түрде – дисплей экранында немесе рентгенодиагностикалық аспапта.

Бейнені өңдеуде ерекше форма бұл кадрлар алгебрасы: компьютердің көмегімен бірнеше бейнелерді алып тастау (субтракция) немесе қосу.

Сандық бейненің маңызды артықшылығы оны компьютердің көмегімен өңдеудің мүмкіндігінде. Бірінші кезеңде – бейнеге коррекция жасалып, бейне деффектісін техникалық түзелуі жүргізіледі. Ол бейнені алу барысында жасалады. Бейнені компьютермен өңдеудің келесі кезеңінде - бейненің сапасын жақсарту үшін тегістеу, мүшені контрастылау, кейбір жерлерін қосымша бояу жүргізіледі.

Есептеу техникасы медициналық практикаға кеңінен еніп жатыр. Дәстүрлі дәрігер-пациент жүйесі, дәрігер– компьютер – пациент жүйесімен алмасуда. Бұл сәулелік диагнотикада ерекше орын басып келе жатыр.


БЕЙНЕНІҢ ВИЗУАЛЬДІ АНАЛИЗІ

Әр-түрлі мамандықтағы кез-келген дәрігерге сәулелік диагностикалық зертеулердің материалдарымен жұмыс істеуге жағдай туады: рентгенограммалармен, сцинтиграммалармен, сонограммалармен, термограммалармен, компьютерлік томограммалармен және т.б.


Сәулелік бейнені зерттеудің реті.



  1. Бейнені жалпы қарап шығу:

А) сәулелік тәсілді анықтау;

Б) зерттеу объектісін анықтау (дене бөлшектері, мүше);

В) зерттелуші мүшенің формасына, көлеміне, құрылысы мен қызметіне жалпы баға беру.


  1. Бейнені детальді зерттеу

А) «қалыпты жағдай» мен «патологиялық жағдайды » анықтау;

Б) дерттің сәулелік белгілерін анықтау және оған баға беру;

В) анықталған белгілерді белгілі бір клиникалық синдром немесе патологиялық процеске жатқызу;


  1. Анықталған синдром немесе жалпы патологиялық процеске себепші болған дертті анықтау.




  1. Әр түрлі сәулелік зерттеу тәсілімен алынған мүшенің бейнесін салыстыру.




  1. Сәулелік тәсілдердің қорытындысын басқа да клиникалық, инструментальді зерттеулермен салыстыру.




  1. Сәулелік тәсілдердің мәліметтері бойынша қорытынды шығару.


СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ


Сәулелік диагностиканың тәсілдері:

  • рентгенологиялық;

  • радионуклидті;

  • магнитті-резонансты;

  • ультрадыбыстық.


Рентгенологиялық тәсіл– адам денесі арқылы өткен ренген сәулесінің арқасында мүшелер мен жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттеу.

Рентгендік диагностикалық жүйе рентген түтікшесінен, зерттеу объетісінен (пациент), бейне өзгерткішінен (пленка, флюоресцентті экран) және рентгенолог дәрігерден тұрады.

Негізгі тәсілдер:

  • рентгеноскопия (қолма-қол айнаға түсіру)

  • рентгенография – сурет алу (арнайы пленкада бейнені тіркеу)


Рентгенодиагностикалық аспаптар универсальді – жалпы (R-скопия немесе R-суреттер) және арнайы аспаптар – арнайы (қозғалмалы, стоматологиялық, маммограф, флюорограф т.б.).

Слайд- сурет 3. Ренген бейнесін алу


Замануи рентген аспаптары қоекртендіну қондырғысынан, сәулелегіштен (рентген түтікшесі), шоғырды коллимациялау қондырғысынан, рентгеноэкспонометрден, сәуле тіркегіштен, басқару пультінен тұрады. Рентген аспабы стол-штативтен тұрады, дәрәгер телебасқару жүйесі бойынша жұмыс жасайтын көрші бөлмеде монитор экранынның қасында болады. Аспапты басқару қиын емес, өйткені микрпроцессорлық техниканың күшімен жүзеге асады.

Слайд-сурет 4. Ренген сәулесі адам денесінен өткен кезде әлсірейді, өйткені ол ортаның біркелкі есместігінен, сондықтан рентген сәулесінің сіңірілуі әр түрлі мүшеде біркелкі болмайды, ол тіннің қалыңдығы мен тығыздығына да байланысты. Сәуле сүйек тінінде қатты сіңіріліп, ал паренхиматозды мүшелерде 2 есе төмен ұсталады – ол өкпе, ішек, қарын. Сондықтан, мүше сәулені қатты сіңірсе, бейне қарқынды болады, ал керісінше болса, онда бейне мөлдірлеу болады (Мысалы, көкірек қуысының ренгенограммасында – бұғана, қабырға, өкпе). Сонымен, ренген бейнесі әр түрлі тінде рентген сәулесінің сіңірілу дәрежесін сипаттайды.

Рентгенография – объектінің ренген бейнесін тығыз таратқышта (рентген пленкасы) сақтайтын рентгенологиялық зерттеу тәсілі. Сандық ренген аспаптарныда бейне қағазада, магнитті немесе магнитті – оптикалық аспапта сақталады.

Пленкалық рентгенографияға универсальді рентген аспабында немесе аранйы штативте жасалатын зерттеулер жатады. Зерттелетін дене ренген сәулесі мен ренгендік пленка бар кассетаның ортасында орналдасады. Кассетаның ішкі қабаты құрамында люминофор бар үдеткіш экранмен қапталған, ол ренген сәулесінің әсерінен жарқырап, пленкадағы фотохимиялық өзгерістерді үдетет түседі. Үдеткіш экранның мақсаты – экспозицияны төмендетіп, пациенттің радияциялық сәулені аз алуы.

Дененің зерттелетін бөлігін кассетаға жақындататды, ол бейнені анық алуға көмектеседі. Сәулені зерттелетін дененің ортасына және пленкаға перпендикуляр бағыттайды. Рентгенографияны вертикальді, горизонтальді немесе бүйір бағытта жүргізуге болады. Әр түрлі бағыттан сурет алу кейбір диагностикалық белгілерді табуға көмектеседі (плеврадағы сұйықтықтың ағуы, ішектегі газдың деңгейі).

Дененің бір бөлігінің немесе тұтас мүшенің суретін шолу суреті деп атаймыз.

Мүшенің белгілі бір проекцияда керекті деталін түсіру – нысана сурет деп аталады, ол сурет скопия кезінде дәрігердің өзі түсіріп алады.

Техникалық жағынан қанағаттанарлық сурет дегеніміз қарқынды және анық бейне.

Қарқынды бейне - пленкадағы екі көршілес аймақтың қараю дәрежесінің айырмашылығы. Контрастылық «көлеңкенің қанықтығы» деген ұғыммен тығыз байланысты (пленканың қараю дәрежесі).

Бейненің структуралығы – көзбен қарағанда бейненің көптеген ұсақ бөлшектерін айырмашылығы. Көлеңкелік бейненің стуктурасы тіннің морфологиялық құрылысына байланысты.

.

Слайд-сурет 5. Артефакт – ренгенография кезінде техникалық қателіктердің салдарынан болады (үдеткіш экранда бөгде заттардың болуы, матрицалық т.б.).


Суреттер 2-3 рентгенограммалардан тұратын сериялық болуы мүмкін, ол мүшенің жағдайын түсіріп алу перистальтика), (сериялық ренгенография дегеніміз аз уақыт ішінде бірнеше рентгенограммаларды алу (артериография, секундына 6-8 сурет жасайды).

Рентгенологиялық сурет ашық және қою бөліктерден тұрады. Ренген пленкасының қараюы эмульсиялық қабаттағы металдық күмістің қалыптасуынан пайда болады. Ол үшін пленканы химиялық және физикалық өңдеуден өткізеді: шығарады,бекітеді, жуады, кептіреді. Пленканы автоматты түрде өңдейтін машиналар да бар. Микропроцессорлық техниканы қолдану, жоғары температура мен тез әсер ететін химиялық реактивтер рентгенограмманы 1 – 1,5 минуттың ішінде алады.

Рентген суреті - флюоресцентті экранда алынған бейнемен салыстырғанде негатив, сондықтан ренген сәулесіне мөлдір бөліктер «қою» көлеңке, ал тығыз заттар «ашық» жерлерді көрсетеді Рентген сәулесі қабаттасқан, бір беттікте орналасқан. Яғни бір деталь басқасына қабаттасатын болғасын, ренгенограммаларды әр түрлі бағытта жасаған жөн (қарама-қарсы, бүйірінен), қосымша немесе аксиальді бағытта.


Рентгенографияның кемшіліктері.

  • Суммациялық бейне патологиялық өзгерістерді анықтауды қиындатады.

  • Жұмсақ тіндер арасында қарқындылық аз (өкпе, сүйек, май тіндерінен басқалары)



Рентгенографияны барлық салада кеңінен қолданады, өйткені ол қарапайым және науқас үшін жеңіл орындалатын тәсіл. Суретке ренген бөлмесінен басқа, палатада, операциялық, реанимациялық бөлімшеде де түсіруге болады Рентгенограмма ұзақ уақыт бойы сақталынатын құжат, басқа да мамандармен талқылаған кезде де көрсетуге болады.

Ренгенографияның зияндығы – ренгенографияны көп рет қайталануы сәулеленудің рұқсат етілген деңгейінің шетіне жақындататытнын есте сақтау керек. Сондықтан ренгенологиялық зерттеуді бала көтеру жасындағы жастарға тағайындаған кезде абай болу керек.

Әдебиет


Негізгі:

  1. Линденбратен Л.Д., Королюк И.П. Медицинская рентгенология и радиология: Москва. 2000 г.

  2. Шехтер И.А. Рентгенологический атлас зубов и челюстей в норме и патологии. Москва. 1968г.


Қосымша:

  1. Общее руководство по радиологии I-II части. Серия по медицинской визуализации 1995г. С.263-298.

  2. Милько В.И. Рентгенология. «Вища школа», 1983г. С.178-198.

  3. Розенштраух Л.С., Рыбакова Н.И., Виннер М.Г. Рентгенодиагностика заболеваний органов дыхания. Москва « Медицина» 1978 г. С. 9-52.

  4. В.Н. Артюшков. Атлас рентгенодиагностических схем сердца в норме и патологии. Москва «Медицина» 1968 г.

  5. С.А. Рейнберг, Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. 2 тома, Москва. «Медицина» 1964 г.

Похожие:

Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: «Балалардағы гипер- және гипогликемия синдромы. Эндокринологияда мейірибкелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері»
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Асқазан-ішек жолының зақымдалу синдромы. Өңеш атрезиясы, туа пайда болған қысқа өңеш, пилоростеноз, ішектің мекониймен...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)»
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4 /3- 04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мысалы, ағылшын-саксон тілді елдерде "Саяси ғылым", Францияда "Саяси әлеуметтану", Испанияда "Саясаттану" және т б атауларды ұнатады....
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница