Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары




Скачать 202.83 Kb.
НазваниеҚалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары
Дата конвертации16.02.2016
Размер202.83 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.zkgmu.kz/fs/srs/32145_2016-02-04 10:37:31_Коммуналдық гигиен Лаубаева Айдана 402.d
Жоспары


I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім


  1. Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары

  2. Топырақтың ауыр металдармен ластануы және туындайтын аурулар

  3. Топырақ ортасының пестицидті ластануы және оның зардаптары.



III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары


Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жою және қалалық аймақтардың ластануы әсіресе саны 1 млн.-нан астам тұрғыны бар ірі қалаларда (мегаполистерде) бірден-бір мәселе болып отыр. ТҚҚ «өндірісінің» бір адамға орта нормасы 1м3/жыл (көлем бойынша) немесе 200 кг/жыл- масса бойынша. Көптеген тұрмыстық, өнеркәсіптік, радиоактивті қалдықтар, сонымен қатар құрылыс материалдарымен және пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қалдықтар оларды пайдаланудың ерекше схемасын жасап шығаруға әсер етті - ТҚҚ сақтау полигондарын жасау. Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар қатты, сұйық немесе газ тәрізді фазалардың қоспасы болып бөлінеді. Тұрмыстық қатты қалдықтар құрамы бойынша әр-түрлі (10.1 кесте): тағам қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резина, шыны, ағаш, мата, синтетикалық заттар.
ТҚҚ талдауының көрсетуінше олардың негізгі массасы органикалық компоненттерден тұрады (80%-ға дейін). Тағам қалдықтары құстарды, кеміргіштерді, жануарларды жинайды. Ал олардың өліктері ауру микроағзалардың көзі болып табылады. Атмосфералық тұнбалар, күн жылуы, қоқсықтардың жылынуы және өрт салдарынан пайда болатын жылу (сонымен қатар жерасты) ТҚҚ полигондарында физико-химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруіне әсер тигізеді. Олардың өнімі - сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химиялық қосылыстар. Сақтау үрдісінде қалдықтар басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл қалдықтар сақтау полигондарында жаңа экологоиялық қауіпті заттардың пайда болуына әсерін тигізеді. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді. ТҚҚ-дың ОС-ға биогендік әсерінің нәтижесінде жәндіктердің, құстардың, кеміргіштердің, сүтқоректенушілердің, микроағзалардың көбеюіне қажетті жағдай туғызады. Бұл бактериялар мен вирустардың үлкен қашықтықтарға таралуына әсер етеді. 
Сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар аса үлкен қауіп төндіреді. Олар топырақ және өсімдік қабатына зиян тигізе отырып жерасты суларына және гидрографиялық желіге енетін түрлі улы заттар және қосылыстардың жоғары концентрацияларымен сипатталады.
Бүгінгі таңда радиоактивті қалдықтарды пайдалану күрделі мәселеге айналуда. Бұл оларды кең пайдаланумен және тірі ағзаға зиянды және жабық әсерімен байланысты.

Қатты және сұйық қалдықтар. Өзінің қажетін өтеу үшін адамзат баласына қажет дүниенің барлығын өнеркәсіп, ауылшаруашылық өндірісінде өндірген кезде


өніммен бірге қалдық заттардың да шығарылатын аян. Осын қалдықтардың бір бөлігі қатты заттар түрінде, ал екінші бір бөлігі сұйық заттар түрінде

шығарылады. Соңғы 25 жыл ішінде ТМД елінде ірі қалаларында, соның ішінде Қазақстанда, қалдықтар көлемі әрбір тұрғынға шаққанда 2 есе көбейді. Қоқыс заттардың үйінділеріндегі қалдық заттар жағылғанда улы заттар пайда болады олар топырақтың үстіңгі қабатын ластайды.

Сұйық қалдықтар-құрамында улы заттар бар шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік жуынды сулар, булар әсіресе егін шаруашылығында ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін қолданғанда топырақты ластайды. Ауылдық жерлерде топырақтың ластануының негізгі көздері мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштарды қарқынды түрде қолдану, биологиялық ластану болады.




Қалдықтарды зиянсыздандыру төрт әдіс: жағу, химиялық немесе биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы жүргізіледі.

Әртүрлі жылуфизикалық қасиеті бар қалдықтарды жағуға арнайы арналған қондырғылардың конструкциялары жасалған. Кейбір өнеркәсіптерде жағу процесі қазандықтың күш беретін қондырғыларында жүргізіледі. Жағу алдында өңдеу арқылы қалдықтарды көп жылу шығаратын қасиет беріп жанғыш затқа айналдырады. Жанғыш қалдықтардың бәрі жағылады. Қалдықтарды жағуды 1000-1200 °С шамасында жүргізген орынды, себебі бұл жағдайда атмосфераға бөлініп шығатын ластаушы заттардың көлемі минимумға дейін төмендейді.

Бірқатар елдерде қауіпті қалдықтарды жағуға өте жоғары температураны ұстай алатын цементтік пештер қолданылады. Негізінде цементтік пеште химиялык тазартуға пайдаланылған өнеркәсіп ерітінділері, баспа бояулары, бояу сұйылтқыштары мен олардың қалғындылары, колданылған майлар және жанғанда көп жылу бөлетін органикалық қалдықтар жағылады. Қалдықтарды көмудің орнына жою үшін жағу әдісін қолданған тиімді келеді, себебі оларды жаққанда бөлінген жылуды цемент шығаруға пайдаланса, осыған жұмсалатын біраз отынның мөлшері қысқартылады.

Жанбайтын улы қатты және паста тәрізді 2-ші және 3-ші кластық қалдықтарды зиянсыздандыру оларды тығыздап қалыңдығы 1 м-дей саздан немесе бетоннан жасалған шұңкырларға көму арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстанда ең кеңінен қолданылатын әдіске бір қалдықтың түрін екінші қалдықпен зиянсыздандыру жолдары жатады. Мысалы, байыту фабрикаларының сілтілі сұйық қалдықтары мен зауыттардан шығатын қышқылды ерітінділерді арнайы тұндырғыш-тоғандарға бір-бірін нейтралдау үшін бірге жинайды.

Сонымен қатар қазіргі кезде коксхимиялық зауыттардан шығатын күкіртті смолалы заттарды нейтралдауға азот тыңайтқыштарын өндіретін зауыттардың әкті шламдары қолданылып жүргені белгілі. Ал көмірді кокстауда бөлініп шығатын құрамында күкіртті сутегі бар газ аммиак суымен нейтралданады.


2.Топырақтың ауыр металдармен ластануы және туындайтын аурулар


Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі – ауыр металдар. Ауыр металдар – тығыздығы  темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. кейбір бүйрек, бауыр, буын сияқты мүшелерде жинақталып, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын, кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жатады. Олар тағам, су, ауа арқылы организмге түскенде ыдырамайды, керісінше, тірі организмдерде жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер етеді. Сондықтан, ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек .


1-кесте. Кейбір ауыр металдардың адам денсаулығына әсері

Элементтер

Элементтер әсерінің салдары

Көздері

Сынап

(Hg)

Жүйкенің бұзылуы (Минамат ауруы); асқазан-ішек жолдары мен бүйрек қызметінің бұзылуы, хромосомаларда өзгерістер пайда болуы

Ластанған топырақтар, жер үсті және жер асты сулары

Күшәла

(As)

Терінің қатерлі ісік аурулары, интоксикация, перифириялық невриттер

Ластанған топырақтар, умен дәріленген дән

Қорғасын

(Pb)

Сүйек ұлпасының бұзылуы, қанда протеин синтезделуінің тежелуі, жүйке жүйесі мен бүйректің бұзылуы

Ластанған топырақтар, жер үсті және жер асты сулары

Мыс

(Cu)

Ұлпаларда органикалық өзгерістердің пайда болуы, сүйек ұлпасының ыдырауы, гепатит

Ластанған топырақтар, жер үсті және жер асты сулары

Кадмий

(Cd)

Бауыр циррозы, бүйрек қызметінің бұзылуы, протеинурия

Ластанған топырақтар


Металдардың осы қасиеттеріне және қоршаған ортаның бақылаусыз ластануына байланысты, өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан кейін тірі организмдердің жаппай улануы байқала бастаған.

Ауыр металдардың ауа, топырақ және су арқылы өсімдіктерге әсері орасан зор. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша ауыр металдар (Zn,Cu) мен күкірт тотығы (SО2) ағаш жапырақтарында жүретін метоболизм процестеріне ингибитор ретінде әсер етеді. Орталық Европаның орман массивтерінің 23 дефолиациямен бүлінген (қарқындылығы 25). Қылқан жапырақтыларға қарағанда емен сияқты жапырақты ағаштар көп зардап шеккен. Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы әр түрдің өз ерекшелігіне байланысты. Зерттеулер бойынша мыс балқыту өндірісіне жақын аймақта топырақ пен өсімдіктерде ауыр металдардың мөлшері бақылау аймағымен салыстырғанда өте жоғары. Мыстың мөлшері 12 есеге дейін, ал басқа элементтердің мөлшері 2-5 есеге дейін артады. Сонымен қатар, мырыштан басқа ауыр металдардың мөлшері топырақта өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Алайда, топырақта ауыр металдардың мөлшері 2-3 есе артса, олардың өсімдіктердегі мөлшері 5-6 есе артады. Статистикалық талдау қорытындысы бойынша, топырақ пен өсімдіктер арасында тура корреляциялық байланыс бар. Зиянды қалдық заттардың вентиляциялық таралу аймағында жапырақтардың және барлық өсімдіктердің морфопатогенезі байқалған. Жапырақтардың зақымдануы формасы мен түсі өзгерген некроз түрінде, сонымен қатар, сарғаю, хлороз, тургорлық қасиетін жоғалту, түсі өзгермей құрап қалу, өзгеріссіз немесе болмашы ғана сыртқы зақымданудан соң түсіп қалуымен байқалған. Олар қылқан жапырақты ағаштардың жаңғақтарының дамуы мен мөлшеріне, тұқым саны мен массасына кері әсер еткендігі анықталған. Қоршаған ортаны ластаушы өндіріс көздерінен алшақтаған сайын бұл көрсеткіштер дұрысталғандығы байқалған .

Металлургия кен орыны мен оның маңайындағы топырақтың құрамындағы анықталған ауыр металдар мөлшері әртүрлі деңгейде болатындығы, негізгі шөлейт өсімдіктері құрамындағы ауыр металдардың мөлшері кеніштен қашықтаған сайын азаятындығы анықталған. Шөлейттік өсімдіктер ішінде негізінен жусан, изен, сексеуіл, бидайық ағзаларында ауыр металдар, әсіресе кадмий өте жоғары дәрежеде жинақталады екен.

Қорғасын-мырыш комбинаттарынан қоршаған ортаға бір мезгілде заттардың газды шаң түріндегі кешені бөлінеді, ол газды заттардың организмге бірлескен түрде әсер ететінін көрсетеді. Мұндай кешенді әсерді бағалауда ортаның климаттық ерекшеліктеріне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына көңіл бөлген жөн. Аллюминий, кадмий, теллур т.б. ауыр металдар жануарлар мен өсімдіктердің клеткаларында хромосомалық және генетикалық мутациялардың кең спектрін құрайтыны туралы көптеген мәліметтер бар. Ауыр металдар өсімдіктер организмінде жинақталып, қоректік тізбек арқылы тарала отырып, тірі организмдердің әртүрлі таксономиялық топтарына, оның ішінде адамға да зиянды әсер етеді. Ауыр металдардың тұздары бөліну кезеңінде хромосомалық аберрациялардың жиілігін 2 есе арттырады. Көп жылдық өсімдіктер, әсіресе дәнді дақылдар, құнды топырақтар мен өндірістік территорияларда табиғи түрде көптеп өседі.

Ауыр металл қосылыстары адам ағзасы үшін улы болып келеді. Себебі олар ақуыздармен берік қосылып, биокатализаторлардың және басқа да биологиялық белсенді ақуыздық заттардың қалыпты жұмысын бұзады. Ауыр металдар өздерінің уландырғыш қасиетін кез келген агрегатты күйде сақтайды. Олар өкпе мен кеңірдекке оксид немесе тұз түрінде тозаң боп түсіп, тыныс алу мүшелерін тітіркендіреді. Ауыр металдардың тұздары ересек адамның және нәрестенің ағзасына тері арқылы өтуі мүкін.

Әр металл адам ағзасының белгілі бір мүшесінде жинақталады. Ағзаға түскен кадмий иондары ақуыз молекулаларының карбоксильді, аминді және сульфагидрильді (COOH, -NH2-SH) топтарымен қосылыс түзді. Кадмий бүйректе, бауырда, асқазан асты және қалқанша бездерінде шоғырланады. Кадмий теріге әсер ету арқылы дерматиттер мен экземалар сияқты терінің созылмалы ауруларын туғызады. Түрлі мүшелерде жинақталатын кадмийдің тас түзілуіне әсер ететін қасиеті бар. Оның улы әсері әсіресе, нәресте ағзасында айқын көрінеді, баланың сөйлеу қабілеті тежеліп, тез шаршағыш болады, ақыл-ойының дамуы тоқтап, ауыз қуысындағы тістері тісжегіге шалдығады. Кадмий сонымен қатар, асқорыту ферменттерінің белсенділігін тежейді, ұлпалар мен қанның катализдік белсенділігін төмендетіп, көміртегі алмасуына да кері әсер етеді. Мырыштың ерігіш қосылыстары шамадан тыс артқанда ас қорыту жолдарының қызметі нашарлайды.

Металл иондары жанды жүйе ағзаларының қажетті құрамдастары болып табылады, өйткені олар металлорганикалық қосылыстар түрінде тотығу-тотықсыздану реакцияларында, жүйке импульстарына қатысты процестерінде катализатордың рөлін атқарады, сонымен қатар оттегінің өкпе альвеолаларынан жасушаға тасымалдануын қамтамасыз етеді (Fe гемоглобинді кешені), энергияның химиялық аккумуляторы деп аталатын АҮФ күрделі молекулаларының түзілуі кезінде электрондардың бір атомнан екінші атомға бағытталған қозғалысына және зат алмасу процестеріне де (метаболизмге) қатысады [3].

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қандағы қорғасынның қалыпты мөлшері 15-40 мкг/100 мл. АҚШ-да қала балаларының 5%-ке жуығының орталық жүйке жүйесінің қызметі қорғасын тұздарымен зақымданған, ал Шотландияда балалардың 17%-нің қанында 50-80 мкг/100 мл қорғасын кездеседі. Адам қанындағы қорғасынның мөлшері оның ауадағы мөлшерінің артуымен пропорциональды көтеріледі.

Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бірі – организмнің металдар аэрозолін сіңіруі. Мысалы, қорғасын-мырыш өндірістерінен бөлінетін қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтері биосферада оңай жылжып, бүкіл тірі организмдерге жеңіл тасымалданады [4].

Металл мөлшерінің жеткілікті нормадан артуы немесе төмендеуі сияқты ауытқулардың болуы жасушалардың жетілуін бұзады, ол өз кезегінде ағзаның бірқатар функцияларының өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы, ағзада қажетті темір және кобальт мөлшерінің кемуі ауыр зардаптарға әкеледі [5]. Мыс пен кобальттың жетіспеуі қанның түзілу барысына қатысатын, құрамында кобальт және мыс болатын B12 витамині түзілуінің тежелуі салдарынан адам шектен тыс азады, анемияның ауыр түрі дамиді. Қанның құрамындағы мырыш қосылыстарының катализаторлық қасиеттері әсерінен гидрокарбонаттардың ыдырауы үдеп, қаннан өкпеге көміртек газының бөлінуі жүзеге асады, яғни адам тыныс алады.

Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар, оның ішінде ауыр металдар өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді.

Ауыр металдардың 80%-ы микроэлементтердің қатарына жатады. Микроэлементтердің ауыз су мен тағам өнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың өсімдіктер мен жануарларда артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды үдерістерге қауіп төндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мөлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, қоректік тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға кері әсер етеді. Өндіріс қалдықтарының қоршаған орта нысандарына түсуін, жинақталуы мен миграциялану заңдылықтарын зерттеу олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді [Попов А.В., 1993].

2-кесте. Азық-түліктердегі ауыр металдардың мөлшері (мг/кг).

Өнімнің түрі

Қорғасын

Мыс

Сүт және сүттен өндірген өнімдер

0,04

0,19

Ұн және ұннан жасалған өнімдер

0,34

0,31

Көкөніс-бақша өнімдері, жеміс-жидек

0,13

0,06

 

Адамның жасы мен жынысына қарай олардың ағзасындағы мыстың қалыпты мөлшерін көрсететін мәлімет төмендегідей:

- 6 айлық бала – 3,14 -010,99 мк/моль/л

- 6 жасар бала – 14,3 - 29,83 мк/моль/л

- 12 жасар бала – 12,56 – 25,12 мк/моль/л

- Ересек ер адам – 10,99 - 21,98  мк/моль/л

- Ересек әйел адам – 12,56 – 24,35 мк/моль/л

- Жүкті әйел босанар алдында – 18,53 - 47,41 мк/моль/л.

Ағзада артық мөлшерде жиналған мыс оны улайтыны жайында да мәліметтер бар.

Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі – ауыр металдардың тірі организмдерге әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы, негізінен антропогенді жолмен қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металлургия өндірістері, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

Қазақстанның оңтүстік өңірінің территориясына ауыр металдардың оның ішінде улылығы жоғары қорғасын, мыс, мырыш, кадмий элементтерінің қоршаған ортада таралуына әсер ететін біраз себептер бар.

Ғылыми деректерге сай, қоректік тізбектер арқылы адам организмі тағам өнімдерінен 40-50%, судан 20-40%, ауадан 20-40% улы заттарды қабылдайды екен. Осындай жолмен түскен ауыр металл иондары адам организмінде әртүрлі аурулардың пайда болуының басты себебі. Техногенді ластанған аудандарда асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелері аурулары екінші орында, қан айналу жүйелері аурулары үшінші орында тұр. Сондықтан қоршаған ортаны ауыр металл иондарынан тазарту, олардың теріс әсерін бейтараптау әдістерін іздестіру кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып саналады.


3.Топырақ ортасының пестицидті ластануы және оның зардаптары.


Зиянкестерді жою үшін мыңдаған химикаттар ойлап табылған. Оларды пестицидтер деп атайды(лат. Pestis-зиянкес, caedo-өлтіремін). Пестицидтер әсер ететін организмдердің тобына байланысты классификацияланады:

  • Гербицидтер – арам шөптерді жою үшін;

  • Инсектицидтер – зиянкес насекомдарға қарсы;

  • Зооцидтер – кеміргіштермен күресуге арналған;

  • Фунгицидтер – саңырауқұлақтық ауруларды қоздырушыларға қарсы;

  • Дефолианттар – жапырақтарды құрту үшін;

  • Дефлоранттар – артық гүлдарді жою үшін.

Дегенмен, бұл химикаттардың бірі де өзі құртуға арналған организмдерге қатысты абсолютті іріктеу қабілетіне ие емес, яғни олар өзге де организмдерге, адамдар денсаулығына да зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан олардың барлығы – биоцидтер, яғни тірі заттардың әртүрлі формаларына қатер төндіретін қосылыстар.

Байырғы заманнан бастап адамдардың жинақтаған азық түліктері зиянкестермен жойылғаннан жоқшылық көрген. Мысалы, Библияда шегірткелердің егінге шабуылдарының салдарынан келген аштық туралы жазылған.

Зиянкестермен күресудің эффективті жолдарын іздестіру бүгінге дейін жалғасуда. Алғашында құрамында қорғасын, сынап, мышьяк сияқты ауыр металдары бар заттар қолданған. Бұл органикалық емес қосылыстарды көбінесе алғашқы ұрпақтың пестицидтері деп атайды. Енді ауыр металдар топырақта жиналып өсімдіктердің өсуін тежейтіні белгілі болды. Кейбір жерлерде топырақтың ластанғаны соншалық, тіпті 50 жылдан соң әлі де өнім бермейді. Әрине, адамдар мен жануарлардың улану жағдайлары да кездескен. Сонымен қатар ол пестицидтер эффективтілігін жоған, себебі зиянкетердің оларға деген төзімділігі артуда.

1930 жылдары фермерларға саны күнен күнге ұлғайып келе жатырған адамдардың барлығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығында қолданылып келген алғашқы ұрпақ пестицидтері деп аталып келген органикалық емес пестицидтер жарамсыз болып, олар жаңа пестицидтер іздестірді.

Олар – екінші ұрпақ пестицидтері деп аталған синтетикалық органикалық қосылыстар. 1930 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер осы қосылыстардың насекомдарға әсерін зетррей бастады. 1938 жылы ол дихлордифенилтрихлорэтанға(ДДТ) кезікті.

ДДТ насекомдар үшін өте улы, ал адамдар мен басқа да сүтқоректілер үшін сол кездің зерттеулері бойынша айтарлық зиян келтірмейтін зат болып шықты. Оның өндірісі қымбатқа соққан жоқ. Оны көптеген зиянкес насекомдардың түрлеріне қарсы қолдануға болатын болды. Ол қоршаған ортада қыйын ыдырайтын тұрақты және ұзақ уақытты қорғанышты қамтамасыз ететін зат болды. ДДТ-ның жетістіктері өте көп болып корінгені соншалық 1948 жылы Мюллер ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл зат бүгінгі күнде де пайдаланылатын көптеген синтетикалық органикалық пестицдерге негіз болды.

Мысалы, АҚШ та олардың саны 900-ге жетеді. А.В.Яблоков(1988) мәліметтері бойынша біздің елде орта есеппен 2кг 1га жерге қолданылған(87% егістікте),ал АҚШ та 1,6кг 1га жжерге(61% егістікте) қолданылған. Пестицидтер қолдану аясынан көптеген қашықтықтарға тарайды. Оның көптеген түрлері топырақта айтарлықтай ұзақ сақталады(ДДТ ның жартылай ыдырау кезеңі суда 10жылға,ал диэлдриннің жатрылай ыдырауы 20жылдан асады).

Синтетикалық органикалық қосылыстарды қолданудағы проблемаларды үш категорияға бөліп қарастыруға болады:

Біріншісі – зиянкестердің тұрақтылығының дамуы. Егіншілердің басты проблемасы пестицидтердің уақыт өте келе активтілігін жоятындығы. Бұрығы нәтижелерге жету үшін пестицидтердің одан да артық мөлшері немесе күштірек әсер ететін өзге түрлері қажет болады. Бұл тұрғыдан қарағанда синтетикалық органикалық қосылыстар бірінші ұрпақ пестицидтерінен еш артықшылығы жоқ. Егіншілік алаңын пестицидтермен өңдеу зиянкестердің ең сезімтал даналарының жойылуына алып келеді. Ал ең төзімділері одан әрі көбейіп, одан да төзімді ұрпақ береді. Насекомдардың көбеюге деген қабілеті өте жоғары. Мысалы, бір жұп бөлме шыбындары екі аптадан кейін жүздеген ұрпақ беруге икемі болатын ұрпақ бере алады. Әлсін әлсін пестицидтермен өңделген насекомдар еріксіз іріктеуге түсіп, одан әрі өздерін өлтіретін заттарға төзімді ұрпақ береді.

Пестицидтерді қолдану кезінде үнемі оларға деген төзімді түрлердің саны көбейіп отырды. 25-ке жуық зиянкестердің негізгі түрлері барлық пестицидтерге төзімділік көрсетеді. Бір қызығы, бір препаратқа төзімділігі қалыптасқан зиянкестердің популяциясы келесі бір ол препаратқа қатысы жоқ, оның әсеріне еш ұшырамаған өзге пестицидтерге де төзімділік көрсетеді.

Екінші – зиянкестерді химиялық жоюдан кейін де олар одан да көп мөлшерде қайта оралуы мүмкін. Оны қайта туу деп те атайды.

Мөлшерінің аздығына байланысты көп алаңдатпаған насекомдардың аяқ астынан интенсивті көбеюі жағдайды одан әрі қыйындатады. Бұл – екінші ретті сандық ошақтар деп аталады.

Зиянкестердің қайта туу мен екінші ретті сандық ошақтарының дамуы насекомдардың қоректік тізбекке қатысуынан болады. Өсімдік улағыш түрлердің популяциясының көлемі көбінесе олардағы паразиттермен немесе жыртқыштармен реттеледі. Пестицидтермен өңдеу кезінде көбінесе зиянкестердің өздерінен көрі олардың табиғи реттегіштері зардап шегеді. Демек, зиянкестер популяциялардың табиғи реттегіштерінің жойылуы олардың қайта тууна ғана емес, санының тез көбеюіне де алып келеді. ---

Зиянкестердің табиғи реттегіштеріне пестицидтердің өздерінен гөрі әлдеқайда қатты әсер етуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, өсімдік қоректі түрлер жануар қоректілерге қарағанда басынан ақ төзімді болады. Екіншіден, жыртқыштар қоректік тізбекте биоконцентрациялау арқылы препараттардың көбірек дозасын алады. Үшіншіден, жыртқыш аңдар уланудан басқа, уақытша азықтың жетіспеушілігінен де зардап шегуі мүмкін.

Үшіншіден – пестицидтер қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсер етеді.

1950-1960 жылдары орнатологтар қоректік тізбектің ақырғы сатысында тұрған құстар популяциясының катастрофалық түрде азаюын байқаған. Балық жейтін құстар,мысалы ақбасты орлан мен скопа сияқты құстарына тіпті толық жойылу қауіпі төнген.

Ол құстардың жұмыртқалары балапандар шыққанша жарылып кететінін зерттеулер көрсетті. Нәзік жұмыртқалардың құрамда көп мөлшерде ДДТ табылған, ал ол организмдегі калцийдің алмасуына әсер етіп, нәтижесінде құстар жұқа жұмыртқалар салған. Ары қарай зерттеулер құстардың ДДТ ны қоректік тізбектен биоконцентрациялау арқылы алғаны анықталды.

Негізінен осы зетрреулер биоаккумуляцияға галогенделген көмірсулардың мүмкіншілігі туралы түсінік қалыптастырды. Балықпен қоректенетін құстарға ол басқаларынан көп әсерін тигізеді, себебі ДДТ ның көп мөлшері суға ағызылады, ал судағы үлкен қоректік тізбектер арқылы көп сатылы биоканцентрацияға үшырайды.

Ұлпаларды бақылау кезінде ДДТ адамның және басқа жануарлыардың барлығының дерлік майларында жинақталатыны анықталды. Олар тіпті пестиуидтердің пайдаланылытын жетінен әдеқайда алыс тіршілік ететін арктикалық тюленьдер мен антарктидалық пингвиндерде де табылған.

Бұл қосылыстар адамдарда қатерлі канцерогенді, мутагенді және тератогенді кемшіліктер тудырады. Пестицидтер адамның қоршаған ортаға әдейі енгізетін жалғыз ластағыш зат болып табылады. Бірақ зиянкестердің төзімділігінің, екінші қайтара көбеюінен пестицидтердің түрлері мен саны күні бүгінге дейін өсуде. Бүкіл әлем бойынша пестицидтердің өндіру, қолдану және мөлшерінен тыс пайдаланудың нәтижесінен жылына жарты миллион адам зардап шегеді. Галогенделген көмірсулардың қоршаған ортаны ластау және биоаккумуляциялау қабілеті оның тұрақтылығымен,яғни жай ыдырауына байланысты. Мысалы ДДТ-ның жатрылай ыдырау мерзімі – 20 жылдай, ал жарты бөлігі пайдаланғанан кейін тағы 20 жылға, қалдықтардың жартысы тағы 20 жылға дейін сақталады.

Осы жайттарды ескере отырып агрохимиялық өнеркәсіптер тыйым салынған қосылыстарды тұрақсыз пестицидтармен ауыстыруда.

Олар да синтетикалық органикалық заттар болып есептеледі, бірақ олар пайдаланғаннан соң бірнеше күн немесе апианың ішінде улы емес заттарға ыдырайды. Сондықтан оның үлкен қашықтықтарға миграциялану және ұзақ уақыт пайдалану салдарынан адамдар мен жануарларға қауіпі жоқ. Тұрақсыз пестицидтерді «экологиялық қауіпсіз» деп атайды. Шынында солай ма?

Қоршаған ортаға әсер заттардың тұрақтылығымен қатар үш фактормен анықталады: токсиклығымен, дозамен және пайдаланылу ортасымен. Біріншіден, көптеген тұрақсыз пестицидтер ДДТ ға қарағанда улырақ. Олардың мұнымен қоса үнемі өңдеу жасап тұру міндетілігі ауыл шаруашылығы жұмысшылары үшін өте қауіпті.

Екіншіден, тұрақсыз пестицидтер өңделген аймақтың экосистемасын бұзуы мүмкін. насекомдар – көптеген су қоймаларының қоректік тізбектерінің құраушы бөлігі болып табылады. Фитопланктондармен қоректенетін насекомдар өлгенде фитопланктондар популяциясының жарылысты көбеюі орын алады. Сол сияқты топырақ экосистемасы да бұзылуы мүмкін: мұнда органиканың ыдырау және биогендердің бөлініп шығу процесстері зардап шегеді. Топырақтағы зиянкестердің популяциясы олардың табиғи дұшпандарының жойылуының әсерінен көбеюі мүмкін.

Үшіншіден, пайдалы насекомдар да тұрақсыз пестицидтерге сезімтал болуы мүмкін. Мысалы, тозаңдану кезінде маңызды орын алатын аралар. Бұл пестицидтердің пайдаланылуы ара өсіретіндердің тек экономикалық жағдайына ғана емес, сондай-ақ тозаңдануға да қатер тудырады.

Ақтығанда, тұрақсыз пестицидтер де тұрақтылар секілді қайта жандану, екінші ретті жарылыстар тудыруы және насекомдарда оларға деген тұрақтылықты қалыптастыруы мүмкін.


Қорытынды


Топырақтың ластануы қазіргі таңдағы аса маңызды проблеммалардың бірі

болып отыр. Себебі топырақтың зауыттардың салдарынан, ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын тыңайтқыштар есебінен де ластануы тұлғайып келе жатыр. Топырақтағы артық мөлшердегі химиялық элементтердің шектен тыс жоғарылауы адамдардың денсаулығының нашарлауына алып келіп отыр. Адамдар дың организіміне ауыр металдардың түсуі белгілі бір созылмалы аурулардың дамуына алып келіп отыр.Топыраққа тұрмыстық қалдықтарды ң тасталуы да топырақтың ластануына алып келіп отыр. Қазіргі таңда адамзат өз болашағы үшін топырақ ластануын тоқтатуды қолға алуы керек. Ластанған аймақтарды қалпына келтірумен айналысуы керек. Топырақты қорғау әрбір азаматтың міндеті болуы керек.


Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В.Т. В 2 ч. – М.,– 2006 жыл

  2. Неменко Б.А Коммуналдық гигиена : окулық/ Б.А. Неменко. -Алматы: Ғылым , 2004 жыл

  3. Айбасова Ж. Гигиеническая оценка воздушной среды: учебно-метод. пособие Ж.Айбасова.- Актобе; 2008 жыл

  4. Аскарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқу құралы У.Б. Аскарова.- Алматы: Нур-пресс

  5. Кенесариев У.И. Экология және халық денсаулыгы; оқулық / У.И. Кенесариев, Н.Ж. Жакашов.- Алматы: Ғылым, 2003 жыл



Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлеткеттік медицина университеті


Білім алушының өзіндік жұмысы


Тақырыбы: Қалдықтарды өтелдеудің экологиялық проблеммалары.Топырақ-өсімдік жүйесіндегі ауыр металдар. Топырақтың пестицидтермен ластануы және оның адамдардың денсаулығына әсері


Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Кафедра: Коммуналдық гигиена және еңбек гигиенасы кәсіби аурулармен кафедрасы

Дисциплина : Коммуналдық гигиена

Курс:4

Орындалу түрі : реферат


Орындаған: Лаубаева.А

Қабылдаған: Сакебаева.Л

Тобы: 402


Ақтобе 2016

Похожие:

Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconҚалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconТөтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы...
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconҚазақстанның энерго экологиялық мәселелері
Осы мәселелермен әр түрлі экологиялық ұйымдар ашылып жатса да, олардың бұл проблемаларды шешуге қауқарлары жетпей, ғаламдық мәселеге...
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconҚазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат беруді ресімдеу тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат беруді ресімдеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconБаширова жадыра ерсайымовна
Сырдарияның ТӨменгі ағысындағы биоалуантүрліліктің Қазіргі экологиялық КҮйін экологиялық ПӘндерде оқыту
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары icon«Самұрық-Энерго» АҚ Экологиялық саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздікті қамсыздандыру
Республикасы мойындаған халықаралық құқық және халықаралық шарт ережесі нормаларына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз...
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconГеография сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі. Жоспар. Кіріспе
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconОрынбасары: а әбенова Тәрбиеші: Омарова М
Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде жас ұрпақты елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға экологиялық сананы қалыптастыруға...
Қалдықтарды жоюдың экологиялық проблеммалары iconБюллетень тақырыбы. Жыл
Ндірістік қалдықтарды қайта пайдалану және шаңЫТҚан топырақ беттерін бекітуге қолдану
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница