Рентген сәулелері қолданылу аймағы




Скачать 41.41 Kb.
НазваниеРентген сәулелері қолданылу аймағы
Дата конвертации16.02.2016
Размер41.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kaznmu.kz/press/wp-content/uploads/2012/09/РЕНТГЕН-СӘУЛЕЛЕРІ-ҚОЛДАНЫЛУ-АЙМАҒЫ.doc
Рентген сәулелері қолданылу аймағы

Алмабаева Н.М., Бопанова А.О., Умирбекова З.К.

ҚазҰМУ-ның биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы


Экспериментальные данные как отечественных, так и зарубежных исследователей свидетельствуют о высокой биологической активности электромагнитных полей во всех частотных диапазонах. При относительно высоких уровнях облучающего электромагнитного поля современная теория признает тепловой механизм воздействия. При относительно низком уровне – принято говорить о нетепловом или информационном характере воздействия на организм.


Biological activity of electromagnetic fields

Experimental information of both domestic and foreign researchers testify to high biological activity of the electromagnetic fields in all frequency ranges. At in relation to high levels of the exposing to rays electromagnetic field a modern theory acknowledges the thermal mechanism of influence. At relatively low level – it is accepted to talk about non-thermal or informative character of affecting organism.


Еліміздегі және шет ел зерттеушілерінің эксперименттерінен алынған мәліметтерінен барлық жиілік диапазонындағы электромагниттік өрістің жоғары биологиялық белсенділікке ие болатыны белгілі. Салыстырмалы жоғарғы деңгейдегі электромагниттік өріспен сәулеленуі жылулық әсер механизмін тудыратынын қазіргі теория көрсетеді. Ал салыстырмалы төменгі деңгейдегі сәулелену жылулық емес немесе ағзаға әсері ақпараттық сипат беретінін айтуға болады.

Рентген сәулелері ультракүлгін сәулелері мен гамма сәулелерінің энергетикалық шкалаларының арасында жататын электромагниттік толқындар. Рентген сәулелері мен гамма сәулелерінің энергетикалық диапазоны энергияның кең аймағында жатады.

Осы екі типті сәулелер электромагниттік сәулелер болып табылады және фотон энергиялары бірдей болғанда - эквивалентті. Терминологиялық ерекшелігі пайда болу тәсілінде - рентген сәулелері электрондар (не атомдарда, не еркін) қатысуымен шығарылса, ал гамма сәулелері атом ядроларының қайтадан қозған үрдісінде шығарылады. Рентген сәулелерінің фотондарының энергиясы 100 эВ-тан 250 эВ-қа жетсе, ал толқын ұзындығы аралықты қамтиды. Жұмсақ рентген сәулесі өте төмен фотон энергия мен сәуле шығару жиілігімен сипатталады (толқын ұзындығы өте жоғары), ал қатты рентген фотон энергиясы мен сәуле шығару жиілігі өте жоғары болуымен (және толқын ұзындығы өте төмен) сипатталады. Рентген сәулелері зарядталған бөлшектердің өте күшті үдетілген кезде (тежелген сәуле), не атомдар мен молекулалардың электрондық қабаттарындағы жоғары энергетикалық ауысулар пайда болады. Бұл екі эффекті де рентген түтігінде пайдаланылады.

Үдету және тежелу үрдісінде электроннның кинетикалық энергиясының 1% -ы ғана рентген сәулелерге, ал энергияның 99%-ы жылуға айналады. Рентген сәулелерін сонымен қатар зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінде де алуға болады. Ал синхротронды сәуле бөлшек шоғының магнит өрісінде ауытқуынан пайда болады да, нәтижесінде олар қозғалысқа перпендикуляр бағытында үдеу алады. Бұл сәуле жоғары шекарасы бар тұтас спектрге ие. Таңдалған параметрлерге сәйкес (магнит өрісінің шамасы және бөлшектер энергясы) синхротронды сәуле спектрінде рентген сәулесін алынады. Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы атом өлшемдерімен тең, сол себептен рентген сәулелері үшін линза жасайтын материал жоқ. Сонымен қатар бетке перпендикуляр түскен рентген сәулелері мүлдем шағылмайды. Осыған қарамастан рентген оптикасында рентген сәулелері үшін оптикалық элементтер салу мүмкіндіктері табылды.

Рентген сәулелері заттан өтіп кете алады, түрлі заттар оларды әртүрлі жұтады. Бұл сәулелердің жұтылуы рентгендік алмалы-салмалы (түсірілімде) кезінде өте маңызды қасиеті болып табылады. Рентген сәулелерінің қарқындылығы жұтылу қабатында жүрілген жолға тәуелді экспоненциалды кемиді (мұндағы d-қабат қалыңдығы, коэффициенті пропорционал, мұндағы Z-элементтің атомдық нөмері, толқын ұзындығы). Жұтылу фотожұтылу (фотоэффект) және комптондық шашырау нәтижесінде жүреді. Фотожұтылу кезінде атом қабатынан электронды фотон ыршытып шығарады, сол үшін фотон энергиясы қандай да бір минимал шамасынан көп болуы керек. Энергияның жоғарғы мәндері үшін ықтималдылық үздіксіз азаяды. Осы тәуелділік себебінен жұтылу шекарасы бар. Жұтылу кезінде ыршытып шыққан электронның орнына басқа электрон келеді, сонда фотон энергиясы аз сәуле шығарылады, флюоресценция үрдісі жүреді. Сонда бұл сәулелер кейбір заттарда жарық шығарады (флюоресценция). Бұл эффект медициналық диагностикада рентгеноскопияда (флюоресценциялық экранда кескінді бақылау) және рентген түсірілімінде (рентгенографияда) қолданылады.

Рентген фотоны тек байланыс электрондармен өзара әсерлесіп қана қоймай, еркін және әлсіз байланысқан электрондармен байланысады. Электрондарда фотондар шашырауы Комптон шашырауы пайда болады. Шашырау бұрышына байланысты фотонның толқын ұзындығы белгілі бір шамаға дейін артады, соған сәйкес энергиясы төмендейді. Комптон шашырауы фотожұтылумен салыстырғанда өте жоғары фотон энергияларында басым көрінеді.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген үрдістерге тағы бір электрон - позитрон жұбының пайда болу есебінен жүретін жұтылу мүмкіндігін жатқызуға болады. Бірақ та ол үшін 1,022 МэВ-тан жоғары энергия қажет.

Медициналық пленкалар құрамына кіретін рентгенолюминофорлар (рентген сәулелері әсерінен жарық шығарады және жарық сезгіш фотоэмульцияны жарықтандырады) күшейтілген экранмен комбинациялы түрде пайдаланылады. Кескінді алу әдісі рентгенография деп аталады. Ал флюорографияда кескін азайтылған масштабта алынады. Люминесценциялық заттарды (сцинтилятор) жарық сәулесінің (фотоэлектронды көбейткіштер, фотодиод және т.б.) электронды детекторымен оптикалық жалғауға болады, алынған құралды сцентилляциялық детектор деп атайды. Ол арқылы жеке фотондарды тіркеуге және олардың энергиясын өлшеуге мүмкіндік береді. Жартылай өткізгішті детекторларда рентген сәулелері диодтың p–n ауысуында электрон-кемтік жұбын шығарады. Сонда аз шамада ток ағып өтеді, оның амплитудасы түскен рентген сәулесінің қарқындылығы мен энергиясына пропорционал. Импульсты режимде жеке рентген фотондарын тіркеуге және олардың энергиясын өлшеуге мүмкін болады.

Рентген сәулелері иондалған сәулелері болып табылады. ол тірі ағзаның ұлпаларына әсер етеді және сәуле ауруының, сәулеге күю, қатерлі ісік ауруларының себебі болуы мүмкін. Сол себептен рентген сәулелерімен жұмыс жасағанда қорғану шараларын жасау қажет.

Похожие:

Рентген сәулелері қолданылу аймағы icon1 Қолданылу саласы
Сейсенбаева М. К., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы
Рентген сәулелері қолданылу аймағы icon1 Қолданылу саласы
Сейсенбаева М. К., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы
Рентген сәулелері қолданылу аймағы icon1 Қолданылу аясы
Психология” кафедрасының профессоры,психология ғылымдарының кандидаты Ш. С. Сатиева
Рентген сәулелері қолданылу аймағы icon1 Қолданылу аясы
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 48/01-2014 поәК
Рентген сәулелері қолданылу аймағы icon7. Молекулярлы-цитогенетикалық және молекулярлы-биологиялық әдістер, принциптері, қолдану аймағы, ақпараттық маңыздылығы
Тақырыбы 6: «Моногенді, полигенді тұқым қуалау. Адам генетикасының негізгі әдістері»
Рентген сәулелері қолданылу аймағы iconГуманитарлық-заң факультеті
...
Рентген сәулелері қолданылу аймағы iconОзон қабаты, озон тесігі
Озон қабаты ұстап қалатын күннің ультра-күлгін сәулелері жер бетіне тікелей өтіп кететін болса, онда тереңдігі 10 метрден асатын...
Рентген сәулелері қолданылу аймағы iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Мультимедиа технологиясы мәтін, гарфика және видеомульти-пликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компью-тердің...
Рентген сәулелері қолданылу аймағы iconПрограмма құру процесінде қолданылу тәртібін, жолдары мен тәсілдерін
Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасында бағдарлама құру процесінде Шартты операторды пайдалану
Рентген сәулелері қолданылу аймағы iconДиссертациялық кеңес төрағасы
Кен машиналары мен жабдықтарын пайдаланудың тау-кен техникалық жағдайларына бейімделген техникалық және экономикалық негізделген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница