Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі




Скачать 372.53 Kb.
НазваниеЕрітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі
страница3/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер372.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/03/16/5506bf060bf6e.doc
1   2   3

Кредит-№2.Тақырып-3: Беттік құбылыстардың физико-химиялық заңдылықтары. Хромотография.

2.Мақсаты:Студенттерді хроматографиялық анализ теориясымен, түрлерімен және әдістерімен таныстыру.

3. Дәрістердің тезистері:

Сұйық заттар мен қатты денелердің газ немесе еріген заттарды сіңіру процестері әртүрлі механизммен жүруі мүмкін, ол прцестерді жалпы түрде сорбция деп атайды.

Сіңіруші заттар – сорбенттер, ал сіңірілетін газ не еріген зат – сорбат немесе сорбтив деп аталады.

Сорбциялық процестердің негізгі төрт түрі бар: абсорбция, адсорбция, түтікшелі конденсация, хемосорбция.

Абсорбция деп газ немесе будың қатты заттың немесе сұйықтықтың бүкіл көлемінде сіңірілуін айтады. Бұл процестің нәтижесі – сұйықтық не қатты ерітіндінің түзілуі.

Адсорбция деп газ немесе сұйық заттың қатты немесе сұйық заттың бетінде өздігінен жиналуын айтады.

Адсорбцияланатые зат – адсорбат не адсорбтив, ал өз бетіне басқа затты сіңіретін затты – адсорбент деп атайды.

Адсорбция таза беттік процесс, мұнда адсорбтивтің (газ не еріген зат) иондары не молекулалары адсорбент бетімен Ван-дер-Ваальс күштері, сутектік байланыс, электростатикалық күштер арқылы әрекеттеседі: мұндай процестердің жылдамдықтары жоғары, адсорбция тез арада өтеді: адсорбция процесі қайтымды, кері процесті десорбция деп атайды.

Адсорбция процесінің сандық сипаттамасы ретінде меншікті адсорбция шамасы (Г, ммоль/г) алынады, ол адсорбенттің бірлік бет массасында сіңірілген заттың мөлшерін анықтайды.

Х ммоль

Г = ____ ; ( _____ )

m г

Х – адсорбтив мөлшері, m – адсорбент массасы.

Адсорбциялық тепе-теңдік тез арада орнығады. Егер адсорбтивтің сіңірілу адсорбенттің онымен химиялық әрекеттесуінен болса, онда хемосорбция орын алады.

Әсер етуші күш сипатына қарай физикалық және химиялық адсорбция деп бөлінеді. Физикалық адсорбцияда энтальпия үлкен емес және процесс қайтымды.

Химиялық адсорбция жылуы – 40-400 кДж/моль аралығында болады, сондықтан процесс қайтымсыз болады.

Адсорбция температураға, қысым мен адсорбтивтің табиғатына, адсорбенттің табиғаты мен меншікті бетіне байланысты болады.

Қатты адсорбенттер – бұл адсорбция жүретін үлкен ішкі немесе сыртқы беті бар табиғи жасанды материалдар.

Адсорбция кезінде бір молекулы(мономолекулалы адсобция) немесе бірнеше молекулалы(полимолекулалы адсорбция) қалыңдықтағы адсорбциялық қабаттар түзілуі мүмкін. Адсорбенттің масса бірлігімен адсорбцияланған заттың мөлшерін абсолютті адсорбция деп атайды және А деп белгілейді.Адсорбент аумағы бірлігінде беттік қабаттағы заттың артық мөлшерін гиббстік адсорбция деп атайды және Г деп белгілейді.

2. Адсорбция талғағыштығы.Егер қандайда бір заттың адсорбциясы басқалардың адсорбциясынан асатын болса, онда берілген адсорбентпен оның талғағыштық адсорбциясы туралы айтуға болады.Бұл жағдайдың үлкен практикалық маңызы бар.Керекті адсорбенттерді таңдай отыра күрделі қоспалардан қатаң анықталған заттарды шығаруға болады.

Талғағыштық адсорбцияның мысалы иондық болып табылады.Панет – Фаянс ережесіне сәйкес, қатты адсорбентте адсорбенттің құрамына кіретін иондар адсорбцияланады.

Хроматографияқозғалатын және қозғалмайтын екі фаза арасында компоненттердің таралуына негізделген заттарды бөлетін физико-химиялық әдіс. Қозғалмайтын (тұрақты) фаза ретінде қатты зат (сорбент) не қатты затқа жағылған сұйық қабат алынады. Қозғалатын фаза - қозғалмайтын фаза арқылы өтетін, анықталатын заттар болатын газ не сұйық зат.

Қозғалмайтын фазаны шыны не металл түтікке (колонкаға) салады. Анализге түсетін қоспадағы компоненттер қозғалатын фазамен қозғалмайтын фаза бойымен жылжиды. Қоспа компоненттері адсорбент бетімен әрекеттесу күшіне байланысты колонка бойымен әртүрлі жылдамдықпен жылжиды. Кейбір компоненттер сорбенттің жоғарғы қабатында қалады, кейбіреулері (адсорбциялық әрекеттесу дәрежесі аз болса) колонканың төменгі бөлігінде болады, біразы қозғалатын фазамен колонкадан шығады. Сондықтан компоненттер бөлінеді.

Қазіргі кезде адсорбциялық, ионалмасу, тұнбаға түсіру, таралу тотығу-тотықсыздану және адсорбциялық –комплекстүзу хроматографиялары көп қолданылады. Бұл хроматографиялардың әрқайсысының өзіне тән түрі және бірнеше орындау әдістері бар. Сондықтан хроматографиялық әдіс химия, биология, медицина бойынша ғылыми зерттеу институттарында, сонымен бірге мұнай өңдеу, мұнай химиясы, химиялық газ өндірістерінде кең түрде қолданылады.

Адсорбциялық хроматогра­фия қатты ұнтақ тәріздес адсорбент қоспаның жеке компоненттерін таңдаулы адсорбциялауға негізделген. Адсорбциялық хроматография фронтальді, ығыстырмалы және элюэнтті әдістермен орындалынады.

Фронтальді әдісте зерттелетін заттар қоспасының ерітіндісін хроматографиялық түтіктің жоғарғы бөлігіне үздіксіз құйып отырады да жеке фильтрат фракцияларын жинайды. А және В ком­поненттері бар жүйені анализдегенде, алдымен түтіктен таза еріткіш шығады, сорбент толық қаныққан соң, түтіктен азырақ сорбцияланатын компоненті бар, мысалы В, ерітіндісі шығады. Ақырында сорбент А затымен толық қаныққан соң, осы екі компоненті де бар ерітінді шығады. Фронтальді әдіс арқылы таза күйінде тек ең әлсіз нашар сорбцияланатын затты ғана бөліп алуға болады. бұл әдістің зерттелетін қоспаны жеке компоненттерге бөлуге мүмкіндігі жоқ.

Ығыстырмалы әдісте колонкаға көп компонентті қоспа ерітіндісінің өлшемін құйып, көбірек сорбцияланатын затпен азырақ сорбцияланатын компоненттерді ығыстырады. Сорбциялау қабілеттіліктеріне байланысты компоненттер жақсы сорбцияланатын затпен біртіндеп ығыстырылады. Алғашқы компонент және келесі компонент зоналары арасында осы компоненттердің қоспалары бар аралық зона түзіледі. Заттардың толық бөлінуі анализді жүргізу жағдайларына байланысты.

Элюентті әдісте колонкаға А, В, Е т.б. компоненттері бар зерттелетін қоспа ерітіндісінің өлшемін құйып, компоненттердің сорбциялануына байланысты хроматограмманы алады. Хроматограмманың төменгі зонасында таза зат Е болады. Сорбентті таза еріткішпен жуғанда қоспа компоненттері сорбциялану қабілеттіліктеріне байланысты бірін-бірі ығыстырып, жылжиды. Нәтижесінде компоненттер сіңіргіштіктерінің жоғарылауы ретінде жуылады (элюирленеді), яғни алдымен Е компоненті элюирленеді, содан кейін В, артынан А элюирленеді. Егер ордината осіне жуылатын зат концентрациясын, ал абсцисса осіне – уақыт не колонка арқылы өткен ағын мөлшерін қойып, элюентті анализ графигін құрады.

Әдістің кемшілігі: еріткіш әсерінен ерітінді сұйылтылатындықтан компоненттердің алғашқы концентрациясы бірнеше рет азаяды.

Ионалмасу хроматографиясы адсорбент құрамындағы қозғалғыш иондар зерттелетін ерітіндідегі иондармен қайтымды алмасуға негізделген.

Өз иондарын зерттелетін ерітінді иондарына алмастыра алатын адсорбенттерді иониттер немесе ионалмастырғыштар деп атайды. Егер катиондар алмасуы жүрсе катиониттер деп, ал аниондар алмасуы жүрсе аниониттер деп аталады.

Хроматогамманың түзілуі зерттелетін ерітінді иондарының алмасуға қабілеттіліктерінің әртүрліліктеріне байланысты. Ионалмасу хроматографиясы да фронтальді, ығыстырмалы және элюентті әдістермен орындалады.

Элюентті әдісте жуатын зат ретінде электролиттер (қышқылдар, негіздер) ерітіндісі қолданылады. Ионитпен толтырылған хроматографиялық колонкалардың жоғарғы бөлігіне бөлінетін иондар қоспасының ерітіндісін құяды. Компоненттерді таза күйінде алу үшін қышқыл ерітіндісімен не концентрациясы біртіндеп жоғарылайтын (градиентті элюирлеу) басқа затпен жуады (элюирленеді). Тотығу дәрежелері әртүрлі иондардың ионитке сорбциялануы әртүрлі. Сорбциялану қабілеттілігі заряд өскен сайын өседі. Тотығу дәрежелері бірдей иондардың сорбциялану қабілеттілігін жуықталған заңдылықпен «сорбциялық қатары» ретінде көрсетуге болады:

Ва2+ > Са2+

Zn2+ > Cu2+ > Ni2+ > Со2+ и т. д.

Бұл қатар сорбенттер және хроматографияланатын заттар табиғатына, қолданылатын элюенттерге және эксперименттің сыртқы жағдайларына байланысты өзгереді.

Иониттер. Химиялық құрамына байланысты иониттер минералды және органикалық тегіне байланысты бөлінеді.Минералды катиониттерге хроматографияға арналған алюминий оксиді, сілтілік силикагель, цирконий фосфаты және т.б. жатады.

Катиондық алмасуға арналған алюмиий оксиді сілтіде ерітіліп, қақталады:

(А12О3)nּNaAlO2 ↔ (Al2O3)nּAlO2- + Na+

Нашар еритін тұнба А12О3 бетінде болатын оңай жылжитын натрий ионы электролиттің катионымен алмасу реакциясына түседі, мысалы:

2 [(Al2O3)nּAlO2-]Na+ + СоС12 → [(Al2O3)nּAlO2-]2Со2+ + 2NaCl

Реакция нәтижесінде түзілген кобальт алюминаты адсорбентті алқызыл түске бояйды. Ионалмасу эквивалентті мөлшерде жүреді, яғни бір Со2+ ионы аадсорбцияланады, ал екі Na+ ионы ерітіндіге өтеді.

Алюминий оксидінің алюминат адсорбентінде сіңірілу қатары мынандай болады: Н+>As+3>Sb+3>Bi3+>Fe3+=Hg2+>Pb2+>A13+> Cu2+> Ag+> Zn2+> Co2+= Ni2+= Cd2+= Fe2+> Mn2+

Осы қатарды пайдаланып, қандай катиондар және қандай ретпен жуылатынын алдын ала болжауға болады. Сорбциялану қатарында катиондар бір-бірінен алыс тұрған сайын оңай және толығырақ бөлінеді. Сорбциялануы бірдей катиондар біруақытта жуылады.

Алюминийдің аюминат оксидін анионит ретінде де қолдануға болады, ол үшін оны азот қышқылымен өңдейді:

[(Al2O3)nּAlO2-]Na+ + 2HNO3 →[(Al2O3)nּAlO+] NO3- + NaNО3 + H2O

Алюминийдің аюминат оксидінің нитратында қозғалғыш NO3- ионы бар, ол ерітіндідегі аниондармен алмасу реакциясына түседі. Анион алмасу мына сызба бойынша жүреді:

[(Al2O3)nּAlO+] NO3- + Kt+ + An- → [(Al2O3)nּAlO+]An- + KtNO3

Аниондардың сорбциялану қатары:

ОН- > РО43- > C2О42- > F- > SO32- > SО42- > I- > Br- > Cl- > NO3- > CH3COO- > SCN-

Минералды катиониттердің басқаларында да сорбциялану механизмі осыған ұқсас болады.

Қазіргі кезде ионит ретінде әртүрлі маркалы синтетикалық шайырлар қолданылады. Шайырларды полимеризация және поликонденсация реакциялары арқылы алады.

Органикалық катиониттердегі негізгі ион алмасу реакциясы мына кесте бойынша жүреді: ов, представить следующей схемой:

R-СООН- + Kt An → R-СООKt + НAn

Анионит ретінде де жасанды шайырлар қолданылады. Ионалмастырғыштар ретінде біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдер қолданылады. Бұл шайындылар электролиттердің аниондарымен мына сызба бойынша алмасу реакциясына түседі:

[R-NH3+ ]ОН- + Kt An → [R-NH3+ ]An- + KtOH

Ионит электролиттің анионын жібермей ұстап қалады, катиондар ерітнідіде қалады және бөлінеді.

Тұнбаға түсіру хроматографиясы ионит құрамына кіретін тұнбаға түсіргіш затпен хроматографияланатын заттар арасындағы реакцияға негізделген. Иондардың бөлінуі ерімейтін қосылыстардың біртіндеп тұнбаға түсуіне негізделген.

Тұнбаға түсіру хроматографиясында зерттелетін ерітінді ионитпен толтырылған хроматографиялық колонка арқылы өткізгенде, анализденетін ерітіндідегі иондар иониттегі иондармен тұнба түзеді. Тұнбалар олардың ерігіштігінің өсуіне байланысты түзіледі. Сонда әртүрлі түске боялған тұнбалардан хроматограмма алынады. Мысалы, егер колонканы йодид-ионы бар ионитпен толтырып, Ag+, Pb2+, Hg2+ иондары бар ерітнідіні өткізсе, үш зонадан тұратын хроматограмма алынады: жоғарғы жағында - оранж-қызыл түсті (HgI2), ортасында – ашық-сары түсті (AgI), төменгі бөлігінде – қою сары түсті (РbI2) тұнбалары.

Тұнбаға түсіру хроматограммаларын фильтр қағазында бейтарап «тасымалдағыштар» қолданып та алуға болады.

Тасымалдағыштар ретінде аз еритін заттар қолданылады, олар хромаографияланатын ерітінді компоненттерімен әрекеттеспеуі керек. Тасымалдағыштар ретінде силикагель, крахмал, алюминий оксиді, барий сульфаты, кварц, асбест, иониттер қолданылады. Тұнбалар жақсы бөліну үшін олардың ерігіштігінде үлкен айырмашылық болу керек.

Хроматографияланатын заттардың колонкада бөлінуі таза еріткішпен жуса, жақсырақ болады. Зоналар жекеленіп, бөлінген шекаралары айқынырақ көрінеді. Хроматограммалардың төменгі шекаралары айқын және зона бойымен біркелкі таралады. Сондықтан зонаның биіктігін өлшеп, сандық анализ жүргізуге болады. Тұнбаға түсіру хроматограммасының қағаз қолданатын әдісінде тасымалдағыш ретінде орташа тығыздықты фильтр қағазының жолағын не дөңгелегін алады. Жолақ не дөңгелек қағаз тұнбаға түсіргіш заты бар ерітіндіге бірнеше минутқа батырылады да, ауада кептіріледі. Зерттелетін ерітінді осылай дайындалған қағазға тамшылатылады. Алғашқы тамшы толық қағазға сінген соң ғана келесі тамшыны тамызады. Тұнбалардың ерігіштігінің әртүрлілігіне байланысты сақина тәріздес хроматограмма алынады. Хроматограмманың орталығына 3-4 тамшы еріткіш тамызып, хроматограмманы жуады. Сонда еріткіш орталықтан шетке қарай жылжып, тұнба зоналары бөлінеді.

Сапалық анализ хроматографияның қағаздық әдісінде де колонкалы хроматография сияқты жасалады, яғни анықталатын затты тұнбаның түсі және орны бойынша табады. Сандық анықтау түсті зонаның ені бойынша да жүргізіледі. Зонаның ені зерттелетін заттың ерітіндідегі концентрациясына тәуелді.

Таралмалы хроматография өзара араласпайтын екі еріткіштер арасында заттардың таралу процесін қолдануға негізделген. Мысалы, бромның сулы ерітіндісін бензолмен шайқап араластырып, қоспаны тұнуға қалдырып қойса, бром бензолда еріп, оны сары-күрең түске бояйды. Бром суға қарағанда бензолда жақсырақ ериді, сондықтан ол бензол қабатына өтеді. Қозғалмалы тепе-теңдік орнағанда бромның органикалық еріткіштегі концентрациясының (Со) судағы концентрациясына (Сс) қатынасы таралу коэффициентіне тең болады. Таралу заңын мына формуламен көрсетуге болады:

или

мұндағы Кт – таралу коэффициенті (тұрақты шама), Сн – органикалық еріткіште анықталатын компоненттің концентрациясы (моль/л), берілген мысалда – қозғалмайтын фаза , Ср – сол компоненттің судағы концентрациясы (моль/л)– қозғалмалы фаза.

Таралу коэффициенті Кт зерттелетін зат табиғатына, еріткіштерге, температураға және экспериментті жүргізу техникасына байланысты.

Таралмалы хроматографиясы колонкалы, қағаздық және жұқа қабатты әдістермен орындалады.

Таралу коэффициенті жоғары зат колонка бойымен таралу коэффициенті төмен затқа қарағанда тезірек жылжиды. Нәтижесінде анализге түсетін заттар компоненттерінің кеңістікте бөлінген зоналар хроматограммасы алынады.

Қағаздық хроматография – таралмалы хроматографияның бір әдісі, қозғалмайтын фазаның тасымалдағышы ретінде хроматографиялық қағаз қолданылады. Хроматографиялық қағаздың бірнеше түрі болады: № 1, 2, 3, 4. № 3 және 4 қағаздары тығызырақ болады, сондықтан еріткіш қозғалысы баяулау болады, оларды «баяу» қағаздар деп, тығыздығы азырақ № 1 және 2 қағаздарды «тез» қағаздар деп атайды, себебі еріткіш тезірек ағады.

Хроматографиялық қағаз өздерінің тесіктерінде суды ұстай алады (20-проценттік ылғалдылыққа дейін), су қозғалмайтын еріткіш (фаза) ролін атқарады. Хроматографиялық осындай қағаздарға анализденетін заттар алдын-ала жағылады, еріткішпен өңдегенде ол заттар еріткішке өтеді де қағаздың капиллярлары арқылы әртүрлі жылдамдықпен қозғалып бөлінеді, сол кезде хроматограмма алынады.

Бір өлшемді хроматограмма алу үшін қағаздың жолағын алады, ал екі өлшемді хроматограмма алу үшін қағаздың парағы қоладнылады. Айналмалы хроматограммалар алу үшін дөңгелек қағаздар қолданылады. Камера диаметрінен қағаз дөңгелектерінің диаметрі 2-3 см-ге жалпағырақ болу керек.

Бірөлшемді хроматограмма алу үшін камера ретінде шыны цилиндрлер не шыны банкалар қолданылады. Екі өлшемді хроматограммаларды алуға эксикатор қолданылса, дөңгелек хроматограммаларды алуға Петри шынысы қолданылады.

Үдемелі хроматограммалар қозғалатын еріткіш қағаз тесіктерімен төменнен жоғары жылжығанда, ал егер жылжитын еріткіш жоғарыдан төмен жылжыса, төмен түсетін хроматограмма алынады.

Жұқа қабатты хроматография (ЖҚХ). Шыны табақшаларға жұқа қабат етіп сорбенттерді (алюминий оксиді, силикагель және т.б.) жағады да камерадағы бөлінетін заттары бар ерітіндіге қиғаштап салады. Табақша шетіне 1-2 см қалғанға дейін сұйықтық көтерілгенше камерада қалдырылады. Содан кейін табақшаны кептіріп, хроматограмманы шығарады. Бөлінетін қоспа мен белгі қағаздық хроматографиядағы сияқты табақша шетінен 2 см қашықтықтағы мәре сызығына жағылады. Жеке дақтар арасы 1,5-2 см болу керек. Қағаздық хроматографияға қарағанда жұқа қабатты хроматография тез орындалады.

Жұқа қабатты хроматография үдемелі төмен түсетін және жазықтықты болып бөлінеді. Үдемелі жұқа қабатты хроматография көбірек қолданылады.

Тотығу-тотықсыздану хроматографиясы. Анықталатын заттар иондары мен колонкадағы сорбент құрамындағы иондар арасында жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларының жылдамдықтарының әртүрлілігіне негізделіп заттар бөлінеді. Реакциялар жылдамдығы, яғни заттардың бөлінуі, анықталатын иондардың тотығу-тотықсыздану потенциалдарының мәніне байланысты.

Адсорбциялық-комплекстүзу хроматографиясы түзілетін комплексті қосылыстардың тұрақсыздық константалары мәнінің айырмашылығын қолдануға негізделген. Бұл әдісте өзгертілген сорбенттер қолданылады. Бұл сорбенттерде комплекстүзуші реагенті және оның анықталатын катиондармен түзетін комплексті қосылыстарын ұстап қалуға қабілеті болу керек.

4. Көрнекі материал: мультимедиялық қамтама

5. Әдебиеттер

  1. Евстратова К.И., Купина Н.А., Малахова Е.Е. Физическая и коллоидная химия. М. ВШ. 1990. С.

  2. Киреев В.А. Краткий курс физической химии. М. Химия, 1978 С.

  3. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. М. ВШ. 1975. С.

  4. Добычин Д.П. и др. Физическая и коллоидная химия. М. Просвещение, 1986. С.

6. Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)


1.Траубе – Дюкло ережесін пайдаланып май қышқылының беттік активтілігі сірке қышқылының активтілігінен неше есе артық екенін есептеңдер. (Жауабы: 10 есе)

2.Беткейлік құбылыстар дегеніміз не ?

3 Ленгмюрдың адсорбция изотермасы мен теңдеуі.

1   2   3

Похожие:

Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Студенттерге ерітінділердің жіктелуі, заттар ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері....
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconЭлектролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.)
Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconБиологиялық жүйелер термодинамикасы
Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия. Ағза, ашық...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconКурсы және оқу семестрі: I курс, І семестр
Тақырыбы: Биологиялық мембраналар, ультрақұрылысы, қасиеттері, қызметтері. Мембранадан заттардың тасымалдануы, түрлері, механизмдері...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconАнатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары
Дәрістің мақсаты: анатомиялық анықтамасын, оның мазмұны мен зерттеу методтарын беріп, адам организімінің құрылыс элементтерімен (тін,...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconХимия 10 – класс
Сабақтың мақсаты: а Темірдің атом құрылысы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, өнеркәсіпте алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері;...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconЖүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі
Дәріс тақырыбы: Қалыпты физиология курсына кіріспе. Қозғыш құрылымдардың қызметтік ерекшеліктері
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconСабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырып №. 1 Ақуыздардың құрылымы және міндеттері. Ақуыздардың химиялық құрамы. Ақуыздардың физико-химиялық қасиеттері және биологиялық...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconПрезентация «: Эндокриндік жүйе»
Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин,...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі icon2. Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері
Зиянды химиялық немесе биологиялық заттардың табиғи көздерін талдау. Зиянды химиялық және биологиялық заттарды бейтараптандыру ұсыныстары,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница