Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі




Скачать 372.53 Kb.
НазваниеЕрітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі
страница1/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер372.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/03/16/5506bf060bf6e.doc
  1   2   3

G-041.07.05.13-2013

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1 бас.

Бет тен




СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ:


Кредит-№1.Тақырып-1: Ерітінділер.Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы.Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі осмостың және осмостық қысымның ролі.

2.Мақсаты: Ерітінділердің коллигативтік қасиеттерін зерттеу ағзадағы осмостық процестердің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

3. Дәрістердің тезистері:

Коллигативті қасиет деп бейэлектролиттің сұйытылған ерітінділерінің еріген зат табиғатына тәуелсіз, тек ерітіндідегі оның бөлшек санына тәуелді қасиеті. Осыған жататындары: осмос, ерітінді үстіндегі еріткіш қысымының төмендеуі, таза еріткішке қарағанда ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы және қату температурасының төмендеуі.


Осмос. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы.

Осмос қысымы жартылай өткізгіш мембраналар қасиетімен байланысты және жүйелерде еріткіштің тек ұсақ молекулаларын өткізу қабілеті деп аталады, мұнда олар ерітінді мен еріткішті немесе екі ерітіндіні әртүрлі концентрациямен бөліп тұрады. Жартылай өткізгіштерге еріткіштердің тек ұсақ молекулаларын өткізуге қабілетті жасуша, ішек, қан және лимфа тамырларының қабырғасы, целлофан, кейбір бейорганикалық қосылыстар және т.б. заттар жатады. Еріткіштің төмен концентрациялы еріткіштен жоғары концентрациялы ерітіндіге жартылай өткізгіш мембрана арқылы біржақты диффузиясы осмос деп аталады. Осмос себебі жартылай өткізгіш мембрананың екі жағындағы екі концентрацияның әртүрлі болуы. Жартылай өткізгіш мембрана – еріткіштің тек ұсақ молекулаларын өткізуге қабілетті жартылай өткізгіш қабырға (перегородки). Осмостың нәтижесінде тамырдың ішінде пайда болатын қысым осмостық қысым деп аталады. Бірдей температурада бірдей қысымда болатын ерітінділер изотоникалық ерітінділер деп аталады. Осмос – еріткіш-судың жануар және өсімдік ағзасында тасымалдану механизмдерінің бірі.

Вант-Гофф мынадай заң енгізген: бейэлектролиттің сұйытылған ерітіндісінің осмостық қысымы еріген заттың ерітінді температурасында газ тәрізді күйде болып және ерітіндіге берілген көлемді алып көрсететін қысымына тең. Бұл заңның математикалық өрнегі мына формуламен көрсетіледі:

= СRT немесе = m/(MּV)ּRT

мұнда  (немесе Росм) – бейэлектролит ерітіндісінің осмостық қысымы,

С – молярлық концентрация моль/л,

Т – абсолюттік температура, К,

R – универсалды газ тұрақтысы,

m – еріген заттың массасы, г

M – еріген заттың молярлық массасы, г/моль

V – ерітінді көлемі, л

Егер есептеуде R=8,31 Дж/(мольּК) деп алынса, онда қысым паскальмен (Па) өлшенеді. Егер есептеуде R = 0,082 (лּатм)/(Кּмоль) деп алынса, қысым – атмосферамен өлшенеді (атм.).

Қанның изотоникалық плазмасындағы ерітінді физиологиялық ерітінді деп аталады. Құрамы бойынша жай физиологиялық ерітіндіге 0,85 – 0,9% натрий хлориді ерітіндісі жатады. Ағзаның оқшауланған мүшелері және жеке жасушалар ұзақ уақыт физиологиялық ерітіндіде сақталуы мүмкін.

Гипертоникалық ерітіндістандартты ерітіндіге қарағанда осмостық қысымы жоғары ерітінді (10% NaCl және 0,9% NaCl).

Гипотоникалық ерітінді - стандартты ерітіндіге қарағанда осмостық қысымы төмен ерітінді (0,2% NaCl және 0,9% NaCl).

Қан жасушасын (эритроцитті) гипертоникалық ерітіндіге салғанда экзоосмос жүреді және жасушаның бүрісуі байқалады – бұл плазмолиз деп аталады.

Қан жасушасын (эритроцитті) гипотоникалық ерітіндіге салғанда эндоосмос жүреді, созылу байқалады, содан кейін жасуша қабықшасының жыртылады және қанның «лак» тәрізді ерітінді түзіледі, бұл құбылыс гемолиз деп аталады.

Раульдің бірінші заңы: ұшқыш емес заттар ерітінділерінің қаныққан бу қысымының төмендеуі еріген заттың молярлық үлесіне тең. Рауль заңының математикалық өрнегі былай жазылады:




мұндағы, N –еріткіш мөлшері, моль

n – еріген заттың мөлшері, моль.

Егер еріген заттың мөлшері n өте аз болса, (N+n)-де n мәнін ескермеуге болады, онда теңдеу мына түрге келеді:



Рауль заңын заттың молярлық М және салыстырмалы молекулярлық массаны Mr анықтау үшін пайдаланады.

Раульдің екінші және үшінші заңы: ерітіндінің қайнау температурасының артуы және қату температурасының төмендеуі. (Бұл заңдар әдетте Раульдің бірінші заңының салдары ретінде қарастырылады).

Раульдің екінші заңы: бейэлектролиттің сұйытылған ерітіндісінің қайнау температурасының жоғарылау мәні Тқ ертіндінің молялдық концентрациясына тура пропорционал:

Тқайнау = Еּb(x),

мұндағы, Е – эбулиоскопиялық константа (эбулиоскопиялық тұрақты), егер 1 кг еріткіште 1 моль затты еріткенде ерітіндінің қайнау температурасы қанша градусқа жоғарылауын көрсетеді.

Е(Н2О) = 0,520. Е(спирт) = 1,040. Е(бензол) = 2,630

Сулы ерітіндінің қайнау температурасы тең :

Тқай(ер-ді) = Тқай(ер-ш)+Тқай немесе Тқай(ер-ді) = 1000+Тқай

Раульдің үшінші заңы: бейэлектролит ерітіндісінің депрессиясы (яғни қату температурасының төмендеу мәні) Тқату ертіндінің молялдық концентрациясына тура пропорционал:

DТқату = Кּb(x),

мұндағы, К – криоскопиялық константа (криометриялық тұрақты), егер 1 кг еріткіште 1 моль затты еріткенде ерітіндінің қату температурасы қанша градусқа төмендеуін көрсетеді.

К(Н2О) = 1,860. К(бензол) = 5,120. К(камфора) = 39,50.

Сулы ерітіндінің қату температурасы тең:

Тқату(ер-ді) = Тқату(ер-ш)-DТқай немесе Тқату(ер-ді) = 00-DТқай

Эбулиоскопиялық және криоскопиялық константалар еріткіш табиғатына тәуелді,

бірақ еріген зат (бейэлектролит) табиғатына тәуелді емес.


Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеті.

Электролит ерітінділері коллигативтік қасиеттерді сипаттайтын шама мәнінің жоғарылауын береді. Оларға да бейэлектролиттерді есептеудегі сол формулалар мен заңдар қолданылады, бірақ изотоникалық коэффициент ескеріледі. Электролит диссоциациясы бірдей молярлық концентрацияда ерітіндідегі еріген зат (молекула, ион) бөлшектерінің жалпы саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда жоғарылауына әкеледі. Бірдей молярлық концентрацияда электролит ерітіндісіндегі бөлшек саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда неше есе артқанын изотоникалық коэффициент i көрсетеді. Изотоникалық коэффициент электролиттік диссоциацияға тәуелді:

i =1-(n-1),

где  - электролиттік диссоциация дәрежесі

n –диссоциация нәтижесінде электролит ыдырағандағы ион саны

Электролиттерді есептеу үшін формулалардың математикалық өрнегі:

Раульдің бірінші заңы:

Раульдің екінші заңы: Тқайнау = iּЕּb(x),

Раульдің үшінші заңы: Тқату = iּКּb(x),

Вант-Гофф заңы: (осмостық қысым): = iСRT,

Бейэлектролит және электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиетін сипаттайтын заңдардан ерітіндінің изотоникалық коэффициентін қатынас ретінде анықтауға болады:



4. Көрнекі материал: мультимедиялық қамтама

5. Әдебиеттер:

1. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. М. 1989. с. 93-125.

2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. М. 2001. с. 21-44.

3. Глинка Н.Л. Общая химия. М. 1990 с. 205-223.


6. Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

  1. Қандай жүйе ерітінді деп аталады?

  2. Ерітіндінің қандай қасиеттері коллигативті деп аталады?

  3. Рауль заңы қалай айтылады?

  4. Неге ерітіндінің қату температурасы таза еріткішке қарағанда төмен болады?

  5. Неге ерітіндінің қайнау температурасы таза еріткішке қарағанда жоғары болады?

  6. Эбуллиоскопиялық және криоскопиялық константалар нені сипаттайды?

  7. Осмос деген не? Осмостың пайда болу себебі неде?

  8. Вант-Гофф заңы қалай айтылады?

  9. Қандай ерітінділер гипо-, гипер-, изотоникалық деп аталады?

  10. Қандай құбылыс гемолиз және плазмолиз деп аталады?



Кредит-№1.Тақырып-2:Протолитикалық тепе-теңдік және процестер. Буферлік жүйелер. Буферлік әсер механизмі.

2. Мақсаты: Студенттерді буферлі ерітінділердің қасиеттерімен, құрамымен таныстыру, буферлік жүйелердегі протолитикалық тепе-теңдік әртүрлі орталарда рН тұрақтылығын сақтауда негіз болып табылады. Орта рН-ның қатаң анықталған мәні ерітінділерді талдау, дайындау, қолдану және сақтау жағдайларының бірі болып табылады.


3. Дәрістердің тезистері:

Организмнiң iшкi клеткалық және ткандiк сұйықтығында температура, қысым, заттың концентрациясы сияқты сипатталалары тұрақтылығын сақтамаса организмнiң қалыпты тiршiлiк әрекетi болуы мүмкiн емес. Кез келген биологиялық жүйенiң рН-ның айтарлықтай өзгерiсi организмнiң күйреуiне әкеледi. Бұдан организм үшiн рН мәнiнің табиғи берiлген мәнiн сақтау өте маңызды.

Қышқылдың немесе сiлтiнiң аздаған мөлшерiн қосқан кезде сутен ионның концентрациясының немесе рН мәнiнiң тұрақтылығын сақтайтын ерiтiндiнiң қасиетiн буферлiк әрекет немесе буферлiк деп атайды.

Буферлiк әрекетке ие болатын ерiтiндер буферлi ерiтінділер деп аталады. Олар қышқылдар мен сiлтiлердiң аздаған көлемiн құйға және сұйылтуға аз сезiмтал. Буферлi қасиеттерге барлық биологиялық сұйтықтықтар: қан, несеп, плазма, сiлекей және т.б. ие болады. Буферлi әрекетке кейбiр бейорганикалық заттардың қоспасы ие болады. Мысалы: СН3СООН және СН3СООNа, NH4OH және NH4Cl

Зерттелетін ерітіндіде рН белгілі бір мәнін сақтап тұру үшін буферлік жүйелерді қолданады. Көбінесе буферлiк ерiтінділер ретінде әлсіз қышқыл және оның тұздарының ерітінділерінің қоспасы, әлсіз негіз және олардың тұздарының ерітінділерінің қоспасы немесе алмасу дәрежелері әртүрлі көпнегізді қышқылдардың тұздарының ерітінділерінің қоспасы қолданылады. Буферлік жүйелердің жіктелуі негізінде осы көрсетілген жағдайлар жатыр.

Құрамы бойынша буферлi ерiтінділер келесi типтерге бөлiнедi:

  1. Әлсiз қышқыл мен оның күштi негiзбен (сiлтiмен) тұзының қоспасы.

Мысалы, ацетатты буфер

Гидрокарбонатты (бикарбонаты) буфер

  1. Әлсiз негiзбен оның күштi қышқылмен тұзының қоспасы

Мысалы, аммонийлi буфер

  1. Екi тұздың қоспасы

Мысалы, карбонатты буфер

фосфатты буфер

  1. Белок буферлi жүйелер:

а) белок молекуласы



б) белок буферi



Белокты буферлі жүйелерге плазма белоктары, эритроциттердің гемоглобині (Нб) және оксигемоглобині (НбО) жатады.


гемоглобин буферi

оксигемоглобин буферi

2. Буферлік әсер механизмі. Әсер ету механизміне байланысты буферлік жүйелерді қышқылдық, негіздік және амфолиттік деп бөледі.

Буферлiк ерiтінділердің әрекетiн ацетатты буфердi мысалға келтiрiп талдайық:


ацетатты буферi: (1)

СН3СООН әлсіз электролит, α<<1.

Натрий ацетаты СН3СООNа күшті электролит, оның диссоциациясы келесі схема бойынша жүреді: СН3СООNа ↔ СН3СОО- + Nа+


Құрамында ортақ ион болғандықтан тұз қышқылдың диссоцияциясын толық басады, сондықтан ацетат буферiнде сiрке қышқылының молекулалары, ацетат және Na+ иондары болады. Осы ерітіндіге НСІ қосса, ол тұзбен реакцияға кіріп, әлсіз сірке қышқылын түзеді:

+ Н+ + Cl- + Na+ + Cl- (2)

Қосылған күштi қышқылдың орнына эквивалент мөлшерде әлсiз сiрке қышқылы түзiледi. Оның концентрациясы артқандықтан Освальд заңы бойынша (α = √k/c) диссоциациялану дәрежесi кемидi.

Нәтижесiнде ерiтіндідегi қышқылдыңң жалпы мөлшерi өседi, бiрақ СН+ мен рН барлық тұз реакцияға кiрiп болғанша өзгермейдi. Егер буферлiк ерiтіндіге сiлтi ерiтіндісiн құйса (СОН- көбейедi), ол сiрке қышқылмен реакцияға кiрiп, тұз және су түзедi:


+ Na+ + OH- + H2O (3)

Ерiтiндiде iс жүзiнде бос ОН- иондары болмайды, қышқылдың жалпы мөлшер азайса да рН мәнi өзгермейдi, әлсiз қышқыл мен күштi негiзден тiзiлген тұз гидролизге ұшырап, сiлiтiлiк орта көрсету керек, бiрақ тұздың концентрациясы асқан сайын гидролиздену дәрежесi төмендейдi, сонд-н гидролиз ерiтіндісінің рН әсер етпейдi:

+ Н+ + Cl- + Na+ + Cl- (4)


+ Na+ + OH- + H2O (5)


+ Н+ + Cl- + Na+ + Cl- (6)


+ Na+ + OH- + H2O (7)


+ Н+ + Cl- + Na+ + Cl- (8)

+ Na+ + OH- + H2O (9)

фосфат буферi екi күштi электролиттен тұрады:

Күштi қышқылды қосқанда әлсiз қышқыл Н2РО4- түзiледi, оның концентрациясы артқанда диссоцияциясы азаяды ( к/с, соднд-н ерiт-ң рН өзгермейдi).

(10)


(11)

белок буферi


(12)


(13)


3. Буферлi ерiтiндiлердің рН есептеу.

.Буферлік ерiтінділер әрекеттесуші массалар заңына бағынады, мысалы, ацетат буферiнде сiрке қышқылы - әлсiз электролит:

CH3COOH CH3COO- + H+ α<< 1

сондсондықтан (14)


осыдан (15)

Ciрке қышқылы күштi тұзы бар жерде ыдырамайтын болғандықтан С(СН3СООН) алынған қышқылдың концентрациясына тең, ал ССН3СОО- буфердiң құрамындағы тұздың концентрациясына тең, себебi αCH3COONa = 1 . Осыны ескере отырып,

(16)

деп жазуға болады. Осы теңдеудің ондық логарифмын терiс таңбамен алсақ, буфердiң рН мәнiң есептеуге болады:

lg CH+ = lg Kg + lg Сқ-л – lg Cтұз (1)

  • lg CH+ = - lg Kg - lg Сқ-л + lg Cтұз

(17)

Бұл теңдеу Гендерсон мен Гассельбах қорытып шығарған буферлiк ерiтіндінің теңдеуi: Буфердiң құрамында негiз болса:

(18)


рН + рОН = 14, pH = 14 – pOH (19)

Гендерсон-Гассельбахтiң теңдеулерi буфердiң құрамындағы заттар концентрациясына тәуелдi емес, сол концентрациялардың қатынасына тәуелдi. Заттардың концентрациясын С= СЭ*V деп көрсетуге болады, сонда

(20)

Егерде СЭтұз = СЭқ-л ; (21)


(22)

Егерде Vтұз = Vқ-л ; тұзбен қышқылдың концентрацияларының қатынасы логарифмделеді. (17-ші,18-ші теңдеулер)

Осы теңдеулердi қолданып, буфердің құрамы бойынша рН мәнiн, рН бойынша құрамын анықтауға болады

5. Қанның буферлi жүйелерi.

Адам организмінде бiр тәулiкте түзiлетiн қышқылдарды (аскорбин, сүт, сiрке, пирожүзiм және т. б. қышқылдар) нейтралдау үшiн 1кг кристалл түрiндегі сiлтi немесе 2,5 – 3 шелек 1М сiлтi ерiтіндісi қажет болар едi. Оған қарамастан организмдегi рН мәндерi тұрақты болады, себебi онда қанның күштi буферлiк жүйелерi әрекет жасайды. Бәрiнен қуаттысы – гемоглобин және оксигемоглобин буферлерi. Олардың сиымдылықтары бәрiнен жоғары. Екiншi орында – бикарбонат буферi, 3-шi орында – фосфат буферi. Осы көрсетiлген буферлiк жүйелер буферлiк сиымдылықтың 75 % қамтамасызз етедi. Қанның қышқылдық негіздік тепе-теңдiгiнің көрсеткiшiн қанның сiлтiлiк резервi деп атайды. Ол СО2 - ң порциал қысымы сынап бағанасы бойынша 40 мм боллғанда 100 мм қан плазмасының сiңiретiн көмiрқышқыл газының мл немесе см3 саны. Әдетте қанның сiлтiлiк резервi 50-65 көлемдiк процентi болады.

Қанның рН мәнi сiлтiлiк жаққа ығысса, ол ығысуды алкалоз дейдi, ал қышқылдық жаққа ығысса ацидоз деп атайды. Алкалоз кезiнде организмде қанның сiлтiлiк резервi көбейедi. Қанның рН мәнi 6,9 – дан кем болса немесе 7,6-дан артық болса, адам өледi.


4. Көрнекі материал: мультимедиялық қамтама

5. Әдебиеттер:

1. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. М. 1989. с. 93-125.

2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. М. 2001. с. 21-44.

3. Глинка Н.Л. Общая химия. М. 1990 с. 205-223.


6. Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

1.Буферлық ерітіндер,олардың жіктелуі.

2. Буферлық ерітінділердің әрекет механизмі.

3. Буферлық жүйелердің тендеуі. Ерітінділердің рН мәндерін есептеу

4. Қышқыл мен сілті қосқанда ерітіндінің жалпы және белсенді қышқылдығы қалай өзгереді ?

5. Фосфат буферінің жалпы жәңе белсенді қышқылдығы қалай қзгереді:

а) түз қышқылының ерітіндісін қосқанда ?

б) калий гидроксидінің ерітіндісін қосқанда


1. Кредит-№1.Тақырып-3: Титриметриялық әдістер. Эквиваленттер заңы. Титриметриялық талдаудың негізгі түсініктері.

2. Мақсаты : Студенттерді титриметриялық талдаудың теориялық негіздерімен, стандартты ерітінділерді дайындау және олардың титрін анықтау әдістерімен таныстыру.

3. Дәрістердің тезистері:

Титриметриялық талдау негізі реакцияға толығымен кеткен ерітінділердің көлемін нақты анықтау.Заттар өзара эквивалентті мөлшерде (n1=n2) әрекеттеседі.Өйткені n=CЭ*V немесе n=N*V,мұндағы СЭ немесе N – эквиваленттің молярлық концентрациясы (нормальдылық), ал V- ерітінді көлемі болса, онда екі стехиометриялық әрекеттесуші заттар үшін мына қатынас дұрыс:

(1) N1*V1=N2*V2


(2) m=N2*Mэ

Зерттелетін заттың ерітіндісіне белгілі концентрациялы ерітіндіні мөлшерлеп құю процесін титрлеу деп атайды.

Зерттелетін ерітінді деп концентрациясы талдау нәтижесінде анықталатын ерітіндіні айтады.

Титрлеу реакциясы келесі талаптарға сай болуы керек:

1. қатаң стехиометриялы болу;

2. тез жүру керек;

3. сандық жүру керек, сондықтан тепе-теңдік константасы жоғары болу керек;

4. эквивалент нүктесін фиксирлейтін әдіс болу керек.

Тәжірибе жүзінде титрлеу соңын индикатор түсінің (индикаторлық әдіс) немесе ерітіндінің басқа бір қасиеттерінің (физико-химиялық әдістер) өзгеруімен анықтайды. Бұл нүкте титрлеудің соңғы нүктесі (ТСН) немесе титрлеу соңығы нүктесі деп аталады, көп жағдайда ол теориялық есептелген эквивалент нүктесімен сәйкес келмейді.

Титриметриялық талдау әдістері

Титриметриялық талдауда әртүрлі типтегі химиялық реакциялар (алмасу, тотығу-тотықсыздану және т.б.) кеңінен қолданылады.

Химиялық реакцияларды қолдану типіне байланысты титриметриялық талдау әдістерін 3 топқа бөледі:

1. Иондардың қосылу реакцияларына негізделген әдістер.Бұл топқа нейтралдау және тұнбаландыру әдістері жатады;

2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген әдістер;

3. Комплекстүзу реакцияларына негізделген әдістер – электролит ерітінділерінде комплекс түзуді қолданатын әдістер.

Пипеттеу әдісі зерттелетін заттың навескасы ерітілген, Vo көлемді өлшеуіш колбадан пипеткамен алынған бігдей мөлшердегі ерітіндіні (аликвотVx) титрлеуге негізделген.Зерттелетін заттың массасын mA параллель титрлеудің нәтижесінен Vc орташа арифметикалықты қоя отырып (1) теңдеу арқылы есептейді.Бұл кезде анықталатын заттың эквивалентінің молекулалық массасын МА ескереді және 10-3 коэффициентін енгізеді, өйткені барлық көлемдерді миллилитрмен көрсетеді, ал титрант концентрациясы Ст литрдегі эквиваленттер молімен көрсетіледі:

тура титрлеу үшін


Cт Vc Vo M А

m = -------------------------- 10 -3 (3)

Vx

кері титрлеу үшін


Аликвотадағы масса:

mА = (Ст11-Cт2Y2)MА10-3

Проценттік мөлшерін табу үшін навесканың массасын m ескеру керек



Жеке навескалар әдісі:




Бір типті титриметриялық анықтау жүргізу кезінде 1 мл стандартты ерітінді әрекеттесетін анықталатын заттың массасы - анықталатын зат бойынша титр қолайлы.Басқа сөзбен: анықталатын зат бойынша титр деп 1 мл жұмыс ерітіндісіне (титрант) эквивалентті анықталатын заттың грамм санын айтамыз.


(7)

Дайындалған ерітінділер. Аналитикалық таразыда өлшенген заттың навескасын белгілі мөлшердегі өлшеуіш колбаға ауыстырады, ерітеді және ерітіндінің мөлшерін сумен белгіге дейін жеткізеді.Бұл жағдайда ерітіндінің титрі Т ерітіндінің көлеміне (V, мл) бөлінген навескаға (G, г) тең :

Т = G/V г/мл (8)

Нормальдылыққа өту үшін (N), ерітіндінің титрін 1000 көбейтіп, еріген заттың эквивалентінің молярлық массасына бөлгенге тең.

МЭ :

N = (Тּ1000)/МЭ моль/л

(9)

Екіншілік стандартты ерітіндінің нормальдылығын және титрін есептеуді келесі формуламен жүргізеді :








Анықталатын зат бойынша титрін есептеу. Мысалы, у затының титрін х затының стандартты ерітіндісі бойынша есептейміз





4. Көрнекі материал: мультимедиялық қамтама

5. Әдебиеттер

  1. Евстратова К.И., Купина Н.А., Малахова Е.Е. Физическая и коллоидная химия. М. ВШ. 1990. С.

  2. Киреев В.А. Краткий курс физической химии. М. Химия, 1978 С.

  3. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. М. ВШ. 1975. С.

  4. Добычин Д.П. и др. Физическая и коллоидная химия. М. Просвещение, 1986. С.



6. Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

1. Титриметриялық талдау негізі дегеніміз не ?

2. Титриметриялық талдау әдістері дегеніміз не ?

3. Титрлеуді орындау әдістерінің анықтамапы ?


  1   2   3

Похожие:

Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconКафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама
Мақсаты: Студенттерге ерітінділердің жіктелуі, заттар ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері....
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconЭлектролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.)
Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconБиологиялық жүйелер термодинамикасы
Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия. Ағза, ашық...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconКурсы және оқу семестрі: I курс, І семестр
Тақырыбы: Биологиялық мембраналар, ультрақұрылысы, қасиеттері, қызметтері. Мембранадан заттардың тасымалдануы, түрлері, механизмдері...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconАнатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары
Дәрістің мақсаты: анатомиялық анықтамасын, оның мазмұны мен зерттеу методтарын беріп, адам организімінің құрылыс элементтерімен (тін,...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconХимия 10 – класс
Сабақтың мақсаты: а Темірдің атом құрылысы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы, өнеркәсіпте алынуы, физикалық, химиялық қасиеттері;...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconЖүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі
Дәріс тақырыбы: Қалыпты физиология курсына кіріспе. Қозғыш құрылымдардың қызметтік ерекшеліктері
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconСабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырып №. 1 Ақуыздардың құрылымы және міндеттері. Ақуыздардың химиялық құрамы. Ақуыздардың физико-химиялық қасиеттері және биологиялық...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі iconПрезентация «: Эндокриндік жүйе»
Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин,...
Ерітінділер. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігі. Ағза тіршілігіндегі ерітінділердің маңызы. Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Биологиялық жүйелердегі icon2. Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері
Зиянды химиялық немесе биологиялық заттардың табиғи көздерін талдау. Зиянды химиялық және биологиялық заттарды бейтараптандыру ұсыныстары,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница