Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы




НазваниеКемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы
страница1/36
Дата конвертации16.02.2016
Размер4.56 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/npa/№276_13.05.2011_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 18:03:15


Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 Бұйрығы

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

А. Бектұров

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2011 жылғы 13 мамырдағы

276 бұйрығымен бекітілген

 

 

Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау және жасау, сондай-ақ кемелерді жасау және оларға материалдар мен бұйымдарды дайындауды жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық құжаттары талаптарының орындалуын бақылау, тексеру мақсатында Кеме қатынасының тіркелімі жүзеге асыратын техникалық бақылаудың нысанын, тәртібін, әдісін және көлемін белгілейді.

2. Осы Қағиданы Кеме қатынасы тіркелімі кемелерді жобалау, жасау және кемелерде қолдануға арналған материалдар мен бұйымдарды дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданады.

3. Осы Қағида сондай-ақ пайдаланудағы кемелерді қайта жабдықтау, жаңғырту, жаңарту және жөндеу кезінде қолданылады.

4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) басты кеме — бірлі-жарым жасалған кеме немесе жаңа жоба бойынша жасалған серияның алғашқы кемесі;

Осындай жоба бойынша басқа ұйымда жасалған алғашқы кеме, басты кеме емес алғашқы кеме болып есептеледі;

Алғашқы кеменің сынау көлемі басты кеменің сынау көлемімен салыстырғанда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша төмендетіледі;

2) басты үлгі (басты партия) - тексеру және сынау жолымен Кеме қатынасы тіркелімі өлшемдерінің, қасиетінің, параметрлерінің және сипаттамасының осы Қағида талаптарына сәйкестігін және осы ұйымда айқындалған технология бойынша дайындау кезінде міндеті бойынша қолданылу мүмкіндігін анықтайтын материал немесе бұйым (партия).

3) бір жолғы мақұлдау - нақты салынып жатқан кемеге немесе қазіргі бар кемеге қолданылатын немесе орнатылатын материалдар немесе бұйымдарды мақұлдау рәсімі;

4) бұйымдар - кемелік техникалық құралдар (қозғалтқыштар, қазандар, генераторлар, компрессорлар, сорғылар, палубалық механизмдер, рульдік машиналар, құрылғы, электрлік, радионавигациялық және басқа жабдықтар) олардың буындары, құрауыштары, бөлшектері, құрал-саймандары, жабдықтау заттары және Қағиданың талаптары қолданылатын басқа да объектілері;

5) келісілді - кез келген техникалық құжаттама қарау кезінде, егер ол Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес деп танылса, Кеме қатынасы тіркелімі қолданатын термин;

6) Кеме қатынасы тіркелімінің талабы - осы Қағиданың және Кеме қатынасы тіркелімінің нормативті құжаттары талаптарының, сондай-ақ объектінің ерекшелігімен байланысты хатпен ұсынылған талаптар.

7) кеменің жасалу күні - Кеме қатынасы тіркелімінің кемелік құжаттарын беру күні, ал жасалуына Кеме қатынасы тіркелімі техникалық бақылауы жүзеге асырмаған кемелер үшін - қабылдау-тапсыру актісінің қол қою күні;

8) компьютерлік қосымша - компьютер көмегі арқылы қойылған есепті тапсырманы шешуге арналған, бір бірімен байланысты бағдарламалық, графикалық және мәтіндік модульдердің жиынтығы;

9) қозғалтқыштарды конвертирлеу:

1) дизельді - кемелерде басты қозғалтқыштар ретінде және қосымша қозғалтқыштар ретінде қолдану үшін;

2) бензиндік - кемелерде басты қозғалтқыштар ретінде және қосымша қозғалтқыштар ретінде қолдану үшін; оларды кемелік электр станциясының генераторын жетектеу үшін қолдауын Кеме қатынасы тіркелімінің жеке қарауына жатады;

10) мақұлданған - Кеме қатынасы тіркелімі сыныпты кемелерде сол немесе басқа материалдар мен бұйымдарды қолдану туралы мәселе оң шешімін тапқан кезде Кеме қатынасы тіркелімі қолданатын термин;

11) мақұлдау - осы материалдар мен бұйымдардың Кеме қатынасы тіркелімі Қағидасының және техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын Кеме қатынасы тіркелімінің құжаты;

12) назарға алынды - Кеме қатынасы тіркелімі әр түрлі есептеулер, жазулар, түсіндірме жазбалар, жүргізілген зерттеу туралы есептерден тұратын техникалық құжаттамаға қатысты қолданылатын термин;

13) өнімнің сапасы - жүзу қауіпсіздігінің, адам өмірін қорғаудың, тасымалданатын жүктердің сақталуының, экологиялық қауіпсіздігі талаптарына байланысты өнімдердің қасиетінің жиынтығы;

14) Тану туралы куәлік - белгіленген ұйым осы Қағиданың талаптарына сәйкес өнімді дайындаушы ретінде Кеме қатынасы тіркелімімен танылатындығын растайтын құжат;

15) тәжірибелі үлгі (тәжірибелі партия) - Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес мақсаты бойынша қолдану мүмкіндігін тексеру мақсатында жаңадан әзірленген техникалық құжаттамаға сәйкес дайындалған және сыналған материал немесе бұйым (партия);

16) техникалық бақылау - Кеме қатынасы тіркелімі қызметінің кемені және олардың элементтерін жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту, жөндеу және кемелерде орнатуға арналған бұйымдарды жөндеу (механизмдер, жабдықтар, құрылғылар, жабдықтау құралдары) және материалдарды дайындау процесінде Қағиданың орындалуын кезеңдік тексеруді қамтитын құрамды бөлігі;

17) техникалық құжаттама - конструкторлық және технологиялық құжаттама, сондай-ақ Кеме қатынасы тіркелімі талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті деректері бар техникалық бақылау объектісінің нормативтік-техникалық құжаттары;

18) типтік материалды немесе бұйымды мақұлдау - Кеме қатынасы тіркелімі көп сериямен немесе үздіксіз өндіріс жағдайында дайындалатын осы өнімнің өкілі ретінде белгіленген материал, бұйым немесе бұйымдар тобын мақұлдау рәсімі;

19) типтік материал немесе бұйым - нақты кемеге немесе техникалық бақылау объектісіне жатқызылмастан мақсаты бойынша қолданылатын материал немесе бұйым;

20) типтік технологиялық процесс - белгіленген шарттарға және нақты кемеге немесе техникалық бақылаудың объектісіне жатқызылмастан қолданылу саласына арналған технологиялық процесс;

21) ұйымды куәландыру - Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің тексеруі кезінде ұйымның тану шарттарына сәйкестігімен қорытындыланатын ұйымды тану процесінің бөлігі;

22) іріктеп бақылау - техникалық бақылауды жүзеге асыратын әдістің көмегімен объектінің Қағида талаптарына сәйкес келуі объектінің жекелеген параметрлеріне, өлшемдеріне, қасиеттері және сипаттамаларына жүргізілген бақыланатын тексеру нәтижелері бойынша немесе партияның бір немесе бірнеше таңдауларды (сынамаларды), сондай-ақ техникалық процестің жекелеген өндірістік операциялары, режимдері және басқа да көрсеткіштерін тексеру нәтижелері бойынша орнатылады.

5. Осы Қағидада қолданылатын қысқартулар Қазақстан Республикасының Ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады:

ІСЖКЖҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6871 нөмірмен тіркелген) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы.

АСЖКЖҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 167 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6883 нөмірмен тіркелген) Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы.

ПККҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6991 нөмірмен тіркелген) Пайдаланудағы кемелерді куәландыру қағидасы.

Сыныптау қағидасы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6969 нөмірмен тіркелген) Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы.

6. Кеме қатынасы тіркелімі кемелерді жобалау, жасау және кемелерде қолдануға арналған материалдар мен бұйымдарды дайындау кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға техникалық бақылауды (бұдан әрі - техникалық бақылау) жүзеге асырады.

7. Техникалық бақылау мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) кемелерді жасауға арналған техникалық жобаларды қарау және келісу;

2) стандарттардың жобаларын қарау және келісу (мемлекеттік және салалық);

3) қозғалтқыштардың, берілістердің, білік жетектердің, жылжытқыштардың, құрылғылардың, қазандардың, электрлік және басқа да жабдықтардың жобаларын, сондай-ақ басты қозғалтқыштардың күрделі жөндеу жобаларын дайындауға арналған техникалық шарттарды қарау және келісу;

4) кемелердің олардың қайта сыныпталуына байланысты жабдықтауға дейінгі техникалық құжаттарын қарау және келісу;

5) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жобалар бойынша жасалған басты кемелерді (объектілерді) сынауға қатысу;

6) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген құжаттама бойынша дайындалған материалдар мен бұйымдардың басты үлгілерін сынауға қатысу;

7) ұйымдар мен сынақ зертханаларына тану туралы куәлікті ресімдеу және беру;

8) басты кеме жасалғаннан немесе қайта жабдықталғаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері беретін кемелік құжаттардың көшірмесін тексеру;

9) осы Қағидамен регламентелгеннен айырмашылығы бар техникалық негізделген шешімдерді қарау және келісу;

10) егер дайындаушы ұйымдар Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерлері қызметінің шекарасынан тыс табылатын болса, материалдар мен бұйымдарға куәлік беру.

8. Кеме қатынасы тіркелімінің құрамына Кеме қатынасы тіркелімінің пошталық мекенжайы шегінен тыс болуы мүмкін және атқарып отырған лауазымының күшіне байланысты техникалық бақылау және оларға сыныпты беру арқылы кемелерді куәландыру құқығы бар Кеме қатынасы тіркелімінің лауазымды тұлғасы болып табылатын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерлері кіреді.

9. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері техникалық бақылауды мынадай нысандарда жүзеге асырады:

1) мыналардың техникалық жобаларын қарайды және келіседі:

тұрақтағы кемелерді, техникалық флот кемелерін, сериялық емес өздігінен жүретін және басқа типтегі және міндеттегі өздігінен жүрмейтін кемелерді сүйреуіштерді қоспағанда, жоғары жылдамдықты кемелерді, экранпландарды және жаңа конструктивтік типтегі жаңа кемелерді;

корпустарды нығайтуды немесе пайдалану немесе белгіленген жүзу ауданынан тыс бір жолғы өту үшін кемелерді конверсиялауды;

қайта жабдықтау, барлық типтегі және мақсаттағы кемелерді жаңғырту және жөндеу, кемелердің қайта сыныпталуына байланысты қайта жабдықтауға дейінгіні қоспағанда;

бу қазандарын жөндеу;

сериялық емес жасалған қосымша міндеттегі кемелік техникалық құралдарды дайындау және жөндеу;

жүк көтергіш құрылғыларды жөндеу;

қысым астындағы ыдыстарды дайындау және жөндеу;

2) жасалып жатқан, қайта жабдықталатын, жаңғыртылатын және жөнделіп жатқан кемелердің жұмыс құжаттамаларын қарайды және келіседі;

3) Кеме қатынасы тіркелімі жүзеге асырылатын осы Қағиданың 
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Похожие:

Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconМ емлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен ба ғдарламаларды және олардың орындалуы ж өніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconЖоғары техникалық оқу орынның механикалық, көліктік, металлургиялык т б. мамандықтарының студенттерінің оқу ісінде Материалтану және конструкциялық материалдар
«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәнінің мәні үлкен. Болашақ маманның жалпы техникалық біліміне және инженерлік...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconТехникалық байқау операторларына механикалық көлiк құралдарының және оларға тiркемелердiң мiндеттi техникалық байқаудан өтуі туралы куәлiк бланкiлерiн беру
«Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеудегі жұмыстар. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау. Техникалық...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconСанитарлық-техникалық бұйымдарды бір дереккөзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы (Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98)...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconАвтомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы iconАкционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница