І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты




Скачать 102.8 Kb.
НазваниеІ. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты
Дата конвертации16.02.2016
Размер102.8 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://perizat.ucoz.com/_ld/0/38_12.doc
12 Сабақ жоспары


Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері.


ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға радиотолқындар және радиобайланыс туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару икем дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.

в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.


ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.


ІV. Сабақтың түрі: теориялық.


V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, сұрақ – жауап, есептер шығарту.


VІ. Сабақтың көрнекілігі: қарапайым радио.

Пән аралық және пән ішілік байланыс


Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:


Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.


2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-20 минут:

1) Эссе «Электромагниттік өрістің қауіптлігі және оны алдын алу шаралары»


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.


4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

1) Радиотолқындар.

2) Модуляция.

3) Детектрлеу.

4) Радиотолқындардың қолданылуы.

5) Радиотолқындардың таралуы.

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

 1888 ж орыс ғалымы А. С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми  болжамын ұсынды. Бұл проблеманың  практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика – химия қоғамының мәжілісінде А. С. Попов әлемінде бірінші рет 250м қашықтықта сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.

Поповтың бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым Г.Маркони  де шұғылданды. Ол 1897 ж.  Электормагнитті толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатындығы жөнінде патентті А. С. Поповтан бұрын алған. Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде өлшейтін синусоидалық электормагниттік тербелістердің аса манызды екенін көрсетті.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Радиотолқындар дегеніміз не?

  2. Радионы ең алғаш қай жылы кім ойлап тапты?

  3. Радиобайланыс принциптері.

  4. Радиотолқындар толқын ұзындығына байланысты қалай бөлінеді?

  5. Ғарышкемемен байланыс жасау үшін қандай радиотолқынды пайдаланады?

  6. Телевизиялық хабарлар тарату үшін қандай радиотолқындарды пайдаланады?

  7. Радиолокатор және радар дегеніміз не?


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Есеп шығару. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 980, 981 есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!


Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________


Радиобайланыс ПРИНЦИПТЕРІ

 1888 ж орыс ғалымы А. С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми  болжамын ұсынды. Бұл проблеманың  практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика – химия қоғамының мәжілісінде А. С. Попов әлемінде бірінші рет 250м қашықтықта сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.

Поповтың бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым Г.Маркони  де шұғылданды. Ол 1897 ж.  Электормагнитті толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатындығы жөнінде патентті А. С. Поповтан бұрын алған. Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде өлшейтін синусоидалық электормагниттік тербелістердің аса манызды екенін көрсетті. Осыған байланысты ақпарат таратуда шығатын радиотолқынның қуаты жиіліктің төртінші дәрежесіне тура пропорционал, яғни Р ~ V болатынын білген жөн. Міне, сондықтан ақпаратты өте алысқа жіберерде, жиілігі үлкен қуатты радиотолқындар пайдаланылады. 1894 ж. Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын қондырғыларға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиоқабылдағыштардың маңызды бөлігі болып табылатын антенна ойлап шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады. Оның электромагниттік өрісі кеністіктің үлкен бөлігін қамтиды. Сондықтан антенна электормагниттік толқындарды жақсы шығара да, қабылдай да алады

Электромагниттік толқындардың қысқа және ұзақтау импульстарынан құралатын телеграф сигналдарын ғана жеткізу емес, онан әрі электромагниттік толқындардың көмегімен сөзді, музыканы жеткізу мүмкіндігі туды, яғни, сенімді және жоғары сапалы радиотелефон байланысы іске асырылды. 

Модуляция. Радиотелефон байланысын жүзеге асыру үшін, антенна күшті шығарып тарататын, жиілігі жоғары тербелістерді пайдалану қажет. Жиілігі жоғары өшпейтін гармониялық тербелістерді генератор, мысалы, транзисторлы генератор өндіріп береді. Дыбысты жеткізу үшін осы тербелістерді өзгертеді, яғни басқа сөзбен айтқанда, модуляциялайды. Оны жиілігі төмен электр тербелістерінің көмегімен жасайды. Мысалы, жиілігі жоғары тербеліс амплитудасын дыбыстыкіндей жиілікпен өзгертуге болады. Бұл тәсілді амплитудалық модуляция дейді де, ал жиілік өзгерсе жиіліктік модуляция деп атайды.

Детектирлеу. Қабылдағыш ішінде жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып, бөліп алады. Сигналды осылай түрлендіру процесін детектирлеу деп атайды. Детектирлеу нәтижесінде алынған сигнал, хабарлағыштың микрофонына әсер еткен дыбыс сигналына сәйкес болады. Жиілігі төмен электр тербелістерін күшейтіп алып, дыбысқа айналдырады және басқа мақсаттар үшін де пайдаланады.


Радиотолқындардың қолданылуы

Кез - келген электормагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Радиобайланыс үшін радиотолқындарды пайдаланады. Радиотолқындардың таралуы олардың толқын ұзындықтарына тікелей тәуелді болады. Қысқа толқындар ионосферадан және Жер бетінен көп қайтара шағылады. Қысқа толқындардың көмегімен шалғай аралықтармен радиобайланыс жүзеге асады. Ұзын толқындар жер бетін бойлай сырғанайды. Сондықтан оны шектеулі қашықтыққа пайдалануға болады.

Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп аталады. Радиолакация арқылы нысанның қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Радиолокациялық қондырғы – радиолокатор немесе радар – хабарлаушы және қабылдаушы бөліктерден тұрады. Радиолокаторлар ұшақтар мен кемелердің орнын анықтау, ауа райы қызметіне т.с.с. пайдаланылады.

Ол үшін кеңістіктің белгілі бір аймағына бағытталған электромагниттік сигнал тарататын арнайы радиотелескоптың антеннасы қолданылады.  

Телехабар. Радиотолқындар тек дыбысты ғана емес, сонымен қатар кескіндерді де қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Телевизиялық радиосигналдар тек ультрақысқа толқын диапазонында ғана жіберіледі.

Телехабарлық  радиосигналдар тек ультрақысқа толқын диапозонында ғана жіберіледі. Осындай толқындар әдетте антеннаның тікелей көру шегінде ғана тарайды. Сондықтан телехабармен үлкен атырапты қамту үшін телехабар таратқыштарды жиірек орналастыру және олардың антенналарын жоғарырақ көтеру керек. 

Космостық радиобайланыс саласындағы жетістіктер «Орбита» делінетін жаңа байланыс жүйесін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс спутнигі пайдаланады. «Молния» сериялы байланыс спутниктері аса созылыңқы орбитаға жіберіледі. Олардың айналыс периоды шамамен 12 сағ. Ультрақысқа толқындар ионосфераны тесіп өтеді. Сондықтан олар ғарышкемелермен байланыс жасау үшін пайдаланылады.

Телеграф пен фототелеграф сияқты едәуір ескі байланыс құралдары да жетілдіріліп жаңа мақсаттар үшін қолданылатын болды.

Адам сөйлегенде  дауыс  жилігі  80Гц – тен 12 000Гц, ал есту  мүмкіншілігі 16Гц – тен 20 000Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның  жиілік  аясы     300Гц – тен 3400Гц – ке дейін    болғанда,  сөйлеген  дыбыс деңгейінің  90%, ал сөздің есту анықтылығы  99% табиғи  үнін сақтайды.  




Радиотолқындардың таралуы

 

Жиіліктің атауы

Толқындардың атауы

Жиіліктер

Толқын ұзындығы

Қолданылуы

Өте төменгі

Милиметрлік, өте жоғары

3-30кГц

100-10км

Су асты кемелер, радионавигацияда метерологиялық байланыс үшін

Төменгі

Километрлік, ұзын

3-30кГц

10-1км

Радио хабарларын 1500-1600м  диапазонында тарату мақсатында

Орташа

Гектометрлік, орташа

300кГц-3МГц

1км-100м

Радио хабарларын тарату 600-200м диапазонында тарату

Жоғары

Декаметрлік, қысқа

3МГц-30МГц

100м-10м

Радио хабарларын   75-16м диапазонында тарату мақсатында

Өте жоғары

Метрлік, ультрақысқа

30МГц-300МГц

10м-1м

Телевидение, радиолакация

Ультра  жоғары

Дициметрлік

300МГц-3ГГц

1м-10см

Радиорелелі байланыс,  телевидение, радиолакацияда

Шекті жоғары

Сантиметрлік

3ГГц-30ГГц

1см-1см

Өте жоғарғы жиілікті техника, спутник көмегімен космостықтық байланыста, радиоастрономияда

Гипер жоғары

Миллиметрлік

30ГГц-300ГГц

1см-1мм

Радиоспектрлік

 

Дицимиллиметрлік, субмилиметрлік

300ГГц-3ТГц

1мм-0,1мм

Космостық байланыста

 

Ұзын инфрақызыл толқын

3ТГц-30ТГц

0,1мм-10мкм

ИК-локация, байланысында

 

Қысқа  инфрақызыл толқын

30ГГц-300ГГц

10мкм-1мкм

ИК - локация, байланысында, физикалық зерттеулерде

 

Жақын инфрақызыл толқындар, оптикалы толқындар, жұмсақ ультракүлгін

300ГГц-3000ГГц

1мкм-0,1мкм

Оптикалық сызықтар көмегімен лазерлік байланыстарда

 

Ренген сәулеленуі

<3000ГГц

>0,1мкм

Квантты генераторлардың рентгендік сәулеленуінде

 

Похожие:

І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты : а Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру....
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconҚазақ әдебиеті 10 класс Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты : білімділік
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының...
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация әсерін түсіндіру
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру
І. Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс принциптері. ІІ. Сабақтың мақсаты iconАқтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница