Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі




Скачать 289.17 Kb.
НазваниеФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
страница2/4
Дата конвертации16.02.2016
Размер289.17 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/176248.doc
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып. Кіріспе

Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Туризмнің даму тарихы

3.Туристтердің жіктемесі

Европа пен Қазақстандағы туризм дамуының факторлары мен периодизациясы. «Туризм» терминінің эволюциясы және түсінігі. Туризмнің негізгі сипаттамалары халық шаруашылығының саласы ретінде. Туризм мақсаттары. Туризмнің негізгі категориялары мен ұйымдастыру формалары. Туризмнің түрлері мен әртүрлілігі. Туризм экономикасының қазіргі әдістемелік талдауы жүйелі тәсілдеме ретінде.

Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістік қатынас. Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:

І. ХVШ ғасырдың соңына дейінгі туризм;

а) ерте заманғы туризм;

ә) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;

б) ХVП-ХVШ ғғ. туризм.

П. ХІХ-ХХ ғғ. туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;

Ш. Қазіргі туризм

Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдастыруымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал, б.э.д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.

Туризмнің алғашқы қадамдары ХVП-ХVШ ғасырларда басталды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік "Куктың жер шарын айналған" саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік "тур" деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.

Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия – мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVШ ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

2 тақырып. Туристік қызмет объектілері

Жоспар

1. Табиғи-рекреациялық объектілер

2. Мәдени-тарихи ескерткіштер

3. Әлемнің табиғи-архитектуралық көрікті орындары

Туристік қызмет объектілеріне – табиғи объектілер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету оъектілері және саяхат кезінде туристтердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер жатады.

Мемлекеттiк табиғи резерват — табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi — экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттiк табиғи қаумал — мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Оларға кіретіндер: Ерейментау, Қызыларай, «Белдеутас», Белағаш, Тауынсор, Қарақия-Қаракөл, Құлжа, Ақтау-Бозашы, Михайловка және т.б. жатады.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


3 Тақырып Туристік қызмет субъектілері

Жоспар

  1. Туристік қызмет көрсетушілер

  2. Туристік қызметті пайдаланушылар

Туристік қызмет субъектілеріне: 1) туристік операторлар (туроператорлар); 2) Туристік агенттер (турагентер); 3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар; 4) туристер және олардың бірлестіктері; 5) экскурсанттар; 6) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.

Туристік оператор – коммерциялық мақсаттағы туристік өнімді жоспарлауға, өндіруге, жүзеге асыруға, өткізуге қатысатын туристік нарықтың белсенді субъектісі. Туристік агент – туроператор мен тұтынушның арасындағы делдал фирма. Гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға; туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға; экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға; экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсетуге сай біліктілігі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға. 

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


4 Тақырып Туристтік қызметтер нарығы

Жоспар:

  1. Туристік қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныс компонеттері.

  2. Тұтынушылар жіктемесі

  3. Сапар мотиві

  4. Туризмдегі маркетинг ерекшеліктері

Сұраныс компоненттері. Туристік қызмет нарығындағы сұраныс сегменттері. Сұраныстың негізгі критериилері. Географиялық параметрлер бойынша сұраныстың сегменттелуі. «Ішкі», «шығу» және «келу» туризмі түсініктері. Туристік сұраныс құрылымының әлеуметтік-демографиялық параметрлері. Жастық критериилер, жыныстық, «кәсіптік» көрсеткіштер бойынша, жанұя типіне байланысты, ұлттық, діни көзқарастар бойынша және жанұяның кірісі бойынша тұтынушылар жіктемесі. Сұранысты сегменттеудегі психологиялық-тәртіптік параметрлері. Сапар мотиві бойынша сұраныс сегментациясы. Турист типтерінің жіктемесі. Маусымдық психологиялық-тәртіптік критерий ретінде. Сұраныстың сапар жағдайы мен формасы бойынша және қаржыландыру көзі бойынша сегментациялау.Туризм нарығындағы сұраныстың даму тенденциялары мен факторлары.

Жалпы туристтік сұраныстың көлемі бойынша туристтік сұранысты талдау. Сандық және бағалық көрсеткіштері. Туризм интенсивтілігі, туризм жекеліктігі түсініктері.

Ұсыныс компоненттері. Туристтік нарықтағы ұсыныс компоненттерін айқындайтын критериилер. Туристтік өнім – негізгі сегментациялық критерии ретінде. «Туризм субнарықтары» жайлы түсінік. Туристтік маркетинг ерекшеліктері. Туристтік фирмалардың маркетингтік стратегияның негізгі белгілері және нарық құрылымы. Туризм нарығындағы сұраныстың даму тенденциясына туристтік ұсыныстың реакциясы.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
1   2   3   4

Похожие:

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница