Республика казахстан




Скачать 122.23 Kb.
НазваниеРеспублика казахстан
Дата конвертации16.02.2016
Размер122.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kazatu.kz/docs/20120927_aues_kz.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

Republic of Kazakhstan


Қазақстан Электрэнергетикалық Қаумдастығы

Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация

Kazakhstan Electropower Association


Алматы энергетика және байланыс университеті

Алматинский университет энергетики и святи

Аlmaty University of Power Engineering and Telecommunications


Академик Ш.Ч.Чокин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты

Казахский Научно-Исследовательский Институт Энергетики им. академика Ш.Ч.Чокина

Kazakh Research and Development Institute of Power named after academician S.C. Chokin





АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА


ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ


INFORMATION MESSAGE


Академик Ш.Ч. Чокиннің туғанына 100 жыл толуына орай өтетін

"ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКА,

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ"

8-ші Халықаралық ғылыми-техникалық

конференция


27-29 қыркүйек 2012 ж.


8-ая Международная научно-техническая конференция


" ЭНЕРГЕТИКА, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИИ И ВЫСШЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ В СОВРЕМЕННЫХ УСЛОВИЯХ" посвященная 100-летию со дня рождения академика Ш.Ч. Чокина


27-29 сентября 2012 г.


The 8th International scientific and technical conference


"POWER, TELECOMMUNICATIONS AND the HIGHER EDUCATION IN MODERN CONDITIONS" devoted to the 100 anniversary since the birth of academician S.C.Chokin


September 27-29, 2012.


Алматы, 2012

Almaty, 2012

Құрметті әріптестер!


сіздерді Академик Ш.Ч. Чокиннің туғанына 100 жыл толуына орай өтетін "ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКА,

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ"

8-ші Халықаралық ғылыми-техникалық

Конференцияға қатысуға шақырамыз


Конференция 2012 жылдың 27-29 қыркүйегінде

Алматы қаласы (Қазақстан Республикасы),

Алматы энергетика және байланыс университеті базасында өтеді


Ұйымдастыру КОМИТЕТі:

  1. Даукеев Гумарбек Жусупбекович, т.ғ.к., проф., ректор – төраға (тел. +7(727) 2925740).

  2. Уразалинов Шаймерден Абильмаженович, т.ғ.к., ҚЭА төрағасы – Тең төраға (тел. +7(717) 2689651).

  3. Абдуллаев Калык Абдуллавич, э.ғ.к., ҚР ҰИА, ХИА академигі, «Академик Ш.Ч.Чокин атындағы ҚазҒЗЭИ» АҚ басқармасының төрағасы – Тең төраға (тел. +7(727) 2920860).

  4. Стояк Вячеслав Владимирович, т.ғ.к., проф., ҒЖжХБ проректоры – Төраға орынбасары (тел. +7(727) 2929981).

  5. Сериков Эрнест Акимович, т.ғ.к., проф., ОӘЖ проректоры (тел. +7(727) 2925010).

  6. Абдрахманов Еркеш Абдрахманович, т.ғ.д., проф., ӨТЖ проректоры (тел. +7(727) 2927900).

  7. Ибраева Алма Абылкасымовна, ҚӘБ бастығы (тел. +7(727) 2927491).

  8. Дворников Валерий Александрович, ф-м.ғ.к., доц., ҒЗС бастығы (тел. +7(727) 2929055).

  9. Жигулин Юрий Тимофеевич, МКБО бастығы (тел. +7(727) 2924471).

  10. Табултаев Сайын Сейдинкожаевич, т.ғ.к., доц., АТФ деканы (тел. +7(727)2784691).

  11. Джетписбаева Балхия Масимхановна, кітапхана директоры (тел. +7(727) 2920457).

  12. Медеуов Улукбек Идрисович, т.ғ.к., проф., РТжБФ деканы (тел. +7(727) 278441).

  13. Зияханов Мухтар Умирзакович, ф-м.ғ.к., доц., ЖЭФ деканы (тел. +7(727) 2784454).

  14. Аршидинов Маликжан Мамежанович, т.ғ.к., проф., МҚДжСОФ деканы (тел. +7(727) 2927391).

  15. Айтжанов Нургали Мухамбетсагиевич, т.ғ.к., доц., АТҚО бастығы (тел. +7(727) 2926751).

  16. Яхъяев Эркин Алимджанович, т.ғ.к. проф., ЖДФ деканы (тел. +7(727) 2925789).

  17. Соколов Сергей Евгеньевич, т.ғ.к., проф., ЭСТЖ кафедрасының меңгерушісі, «АЭжБУ Хабаршысы» журналының бас редакторы. (тел. +7 (727) 2925048).

  18. Орумбаев Рахимжан Кабиевич, т.ғ.д., ТМД еңбек сіңірген энергетигі, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы, КСРО өнертапқышы, Ардагер энергетик, «Академик Ш.Ч.Чокин атындағы ҚазҒЗЭИ» АҚ КА зертх. меңгерушісі – «Жылуэнергетика және жылутехнология» секциясының төрағасы (тел. +7(701) 3247236).

  19. Кошумбаев Марат Булатович, М.Б. т.ғ.д., БҰҰ «ХИА» академигі, «ТДҰА» АҚ ұлттық сарапшысы, «Академик Ш.Ч.Чокин атындағы ҚазҒЗЭИ» АҚ төраға орынбасарының міндетін атқарушы – «Электр энергетикасы» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2920968).

  20. Коньшин Сергей Владимирович, т.ғ.д., проф., ТКЖ каф. мең. – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2922023).

  21. Дюсебаев Марат Канафиевич, ЕҚжҚО каф. т.ғ.д., проф. – «Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік, салалар бойынша экономика» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2923347).

  22. Куралбаев Зауытбек Куралбаевич, т.ғ.д., проф., КТ каф. мең. – «Автоматика, ақпараттық технологиялар және жүйелер» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2925095).

  23. Мун Григорий Алексеевич, ҚазҰУ, АЭБ каф. х.ғ.д., проф.- «Электроникадағы нанотехнологиялар» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2923065).

  24. Карсыбаев Марат Шакирович, ф-м.ғ.к., Физика каф. мең.– «Жоғары білімдегі инновациялар» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2927923).

  25. Джагфаров Ниспек Рахимжанович, т.ғ.к., проф., ӘП каф. мең.– «Әлеуметтік-экономикалық және саяси даму: тарихи тәжірибе, жетістіктер, проблемалар» секциясының төрағасы (тел. +7(727) 2925750).



конференцияның құрылымы


Конференцияның бағдарламасына өзекті ғылыми және практикалық мәселелер бойынша пленарлық, секциялық және стендтік баяндамалар кіреді.


Конференцияның пленарлық мәжілістері және секциялар бойынша жұмысы


№ 1 секция – Жылуэнергетика және жылутехнология

№ 2 секция – Электр энергетикасы

№ 3 секция – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

№ 4 секция –Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік, салалар бойынша экономика

№ 5 секция – Автоматика, ақпараттық технологиялар және жүйелер

№ 6 секция – Электроникадағы нанотехнологиялар

№ 7 секция – Жоғары білімдегі инновациялар

№ 8 секция – Әлеуметтік-экономикалық және саяси даму: тарихи тәжірибе, жетістіктер, проблемалар


КОНФЕРЕНЦИя жұмысының РЕГЛАМЕНТі


Конференция 2012 жылдың 27-29 қыркүйегінде Алматы энергетика және байланыс университетінде өтеді (050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 126)


Бейсенбі, 27 қыркүйек 2012 жыл


09.00 – 10.00 – Конференцияға қатысушыларды тіркеу, Кофе-брейк (С-207)

10.00 – 12.30т – Конференцияның пленарлық мәжілісі (С ғимаратының акт залы)

12.30 – 14.00 – түскі үзіліс

14.00 – 16.00 – Секция мәжілістері

16.00 – 16.15 – Кофе-брейк (С-207)

16.15 – 18.00 – Секция мәжілістері

18.30 – Салтанатты кешкі ас


Жұма, 28 қыркүйек 2012 жыл


10.00 – 11.30 – Секция мәжілістері

12.00 – 13.00 – Конференцияның қорытынды пленарлық мәжiлiсi

(Ғылыми Кеңес залы А-213)

13.00 – 13.45 – түскі үзіліс

13.45 – 14.30 – Университет бойынша экскурсия


Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл


09.00 – Табиғатқа шығу


Регламент:

- пленарлық мәжіліс баяндамасы – 20 минут;

- секциялық мәжіліс баяндамасы – 10 минут.


Конференцияның (секцияның) ғылыми бағыттары


Жылуэнергетика және жылутехнология

  • жылуэнергетикалық процесстердің математикалық үлгілеу мәселелері;

  • энергетика жабдықтарында жылу алмасу және гидродинамика;

  • жылуэнергетикадағы физика-химиялық процесстер;

  • жылумен жабдықтау жүйелерiндегi энергия мен ресурсты үнемдеу

  • ЭЖК.


Электр энергетикасы

  • электроэнергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелері;

  • жел энергетикасы, ГЭС, фотовольтаика;

  • электр желілерінің геоақпараттық үлгілері;

  • электр механикасы және электр жетегі;

  • электр станциялардың, қосалқы станциялардың және электр желілердің электр жабдықтары;

  • энергия жүйелерiндегi энергия мен ресурсты үнемдеу.


Радиотехника, электроника және телекоммуникация

  • радиохабарлар мен теледидар желісі және жүйелері;

  • байланыс, навигация және басқарудың жүйелері мен құрылғылары;

  • телекоммуникациядағы қазіргі ақпараттық технологиялар;

  • коммутацияның телекоммуникациялық желісі мен жүйесі;

  • телекммуникациялардың экономикалық аспектілері;

  • радиоэлектронды құралдардың электромагниттi үйлесiмдiлігi.


Салалар бойынша өндірістік және экологиялық қауіпсіздік, экономика

  • энергетикадағы, өндірістегі және телекоммуникациядағы еңбек шартын жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті арттыру;

  • қоғамдық өрлеу және өркениет мәселелерi.


Автоматика, ақпараттық технологиялар және жүйелер

  • компьютерлік және желілік технологиялар;

  • ақпараттық технологиялар және жүйелер;

  • технологиялық үдерiстердi автоматтандыру;

  • компьютерлік модельдеу;

  • бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері;

  • оқу барысында электрондық бiлiм беретiн ресурстарды қолдану.


Жоғары білімдегі инновациялар

  • жоғары инженерлiк бiлiм сапасы мен мазмұны;

  • инженерлiк бiлiмде оқу технологиясын және инновациясын басқару;

  • академиялық мобильдiлiктiң мәселелері және потенциалы.


Электроникадағы нанотехнологиялар

  • нанотехнологиялар;

  • наноэлектроника;

  • полиэлектролиттік кешен;

  • академиялық мобильдiлiктiң мәселелері және потенциалы: пәнаралық және халықаралық кооперацияның жолдары.


Әлеуметтік-экономикалық және саяси даму: тарихи тәжірибе, жетістіктер, проблемалар

  • әлеуметтік дамыған елдер;

  • саяси даму және қорытындылар;

  • Қазақстан халықтарының бірлігі мен азаматтық қоғамның жасалуы;

  • көпконфессиялық ортақтықтың қалыптасуы.


Конференцияның жұмыс тiлi:

қазақ, орыс, ағылшын.


Конференцияның басында баяндамалар тезистерінің жинағы шығарылады.

Ғылыми жаңалықты және өзекті баяндамалар «АЭжБУ Хабаршысы» журналына шығады.

Ұйымдастыру жарнасын төлеген әрбiр қатысушы тезистердiң жеке данасын алады. Мақалалар жарияланған «АЭжБУ Хабаршысы» журналының данасы конференцияға қатысу өтінімдерінде көрсетілген мекенжай бойынша 01.11.2012ж. дейін жіберіледі.


Материалдарды ресімдеу талаптары

1. Мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады және оны дайындаған мекеменің ұсынысымен, жариялауға рұқсат беретін мөр басылған сарапшы қорытындысымен берілуі керек.

2. Мәтіннің әр бетінің төменгі оң жақ бұрышына автор (авторлар) қол қоюы және төменде келтірілген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс. Қолжазба көлемі әдебиеттерді, кесте мен суреттерді қосқанда ереже бойынша 6 беттен аспауы қажет.

3. Мақала мәтіні СD-тасымалдаушы дискіде ұсынылады, ол міндетті түрде TimesNewRoman қарпі, Word ортасында бір интервалды мөлшерінде, 13 кегль, екі дана болып компьютермен жазылуы тиіс. Жиектері: жоғары және төменгі жағы – 20 мм, сол жағы – 20 мм, оң жағы – 15 мм.

4. Беттің жоғарғы сол жағында ӘОК (әмбебап ондық классификациясы бойынша индекс) көрсетіледі. Келесі бас әріптермен, қалың қаріппен (жаңа жолдан, дәл ортасында) мақала тақырыбы жазылады.

5. Одан әрі арасына бір жол тастап, кіші әріптермен автордың (авторлардың) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, жұмыс орны, қаласы еш қысқартусыз толық жазылады.

6. Сосын араға жол тастап қысқа (2-3 сөйлемнен тұратын, кегль – 12, қаріп – курсив), үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша (әрқайсысының арасына жол тастап) – аңдатпа беріледі.

7. Содан кейін арасына жол тастап, мақаланың мәтіні мен сілтемелер ретінде нөмірленген әдебиеттер тізімі (кегль 13) жазылады. Сілтемелер тік жақшаға алынады, мысалы [2], [5-7]. Әр деректің библиографиялық сипаттамасы әдебиеттерді ресімдеу талаптарына сәйкес (баспа, бет саны және т.б. көрсеткіштерімен) болуы қажет. Мақаладан соң ағылшын тілінде 5-10 сөйлемнен аспайтын, авторлары мен тақырыбы көрсетілген, мақаланың мазмұнын ашатын қысқаша реферат жазылады.

8. Мәтінде суреттер мен графикалар сілтемеден кейін (Сурет 1 – Аты (суреттің төменгі жағына) қойылады. Суретке жазылған жазу 13-кегльмен теріліп, белгілердің мағынасы сурет пен жазудың арасында болуы керек. Суреттер ГОСТ талабын сақтай отырып, Paint (Painbrush) режімінде, графикалар, диаграммалар, гистограммалар MicrosoftExcel режімінде орындалып, мәтінге MicrosoftExcel объектісі ретінде қойылуы тиіс. Барлық графикалық материалдар 300 dpi-дан кем болмауы керек. Кестелер мәтінде сілтеме бойынша көрсетіліп, кесте атауы мен нөмірі кестенің жоғарғы жағында көрсетіледі. Математикалық, физикалық және басқа да формулалар MicrosoftEquation – формулалар редакторында қисық қаріппен теріліп, ортада орналасуы, ал олардың нөмірлері беттің оң жақ шетінде жақшада болуы керек. Формулалардың параметрлерінің мағыналары жаңа жолдардан басталып, әрқайсысы үтір-нүктемен бөлінуі тиіс. Шартты белгілер халықаралық бірлік жүйесімен орындалуы қажет.

9. Жеке бетте автор (авторлар) туралы толық мәліметтер көрсетіледі: аты-жөні, пошталық адресі, жұмыс орны, қызметі, қызметтік және үй телефондары, е-mail.

10. Баяндама материалдарының тезисін жоғарыда көрсетілген талаптарға сай конференция тілдерінің бірінде ресімделіп, 1 беттен аспауы тиіс.

Материалдарды конференцияға 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мына мекенжайға жіберу қажет: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 126, «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ (АЭжБУ), ғылыми-зерттеу секторы (ҒЗС), А ғимараты, 223-каб., тел.: 8(727) 292-90-55, тел./факс 292-09-14,

E-mail: nis@aipet.kz, nis_aues@mail.ru, http://www.aipet.kz, http://www.aues.kz


Ұйымдастыру жарнасы

Ұйымдастыру жарнасы 2600 теңгені құрайды.


ЕСЕП айырысу ШОТы

Шет ел корреспонденттері үшін: «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ (АЭжБУ),

ИИК КZ 618560000000109669 «Банк ЦентрКредит» АҚ.

БИК KCJBKZKX, РНН 600400070232, Кбе 17.

Еліміздегі корреспонденттер үшін: «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ (АЭжБУ),

ИИК КZ 608560000000005121 «Банк ЦентрКредит» АҚ.

БИК KCJBKZKX, РНН 600400070232.


Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті


2012 жылдың 27-29 қыркүйегінде өтетін

Академик Ш.Ч. Чокиннің туғанына 100 жыл толуына орай өтетін

"ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКА,

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ"

8-ші Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға

қатысушыларға арналған

Тіркеу формасы

(форманы 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жіберулеріңізді өтінеміз)


Тегі __________________________________________________________

Аты, әкесінің аты_______________________________________________

Ғыл. атағы_____________________________________________________

Ғыл. дәрежесі___________________________________________________

Қызметі ________________________________________________________

Ұйымы ________________________________________________________

Қала, ел ________________________________________________________

Пошталық мекен жайы__________________________________________

Телефон (қызметтік және үй) қала кодымен________________________

Факс___________________________________________________________

E-mail __________________________________________________________

Web-site ________________________________________________________

Баяндама атауы _________________________________________________


Секцияның нөмірі, тақырыптың атауы ____________________________

Қатысу формасы (көрсету керек)

● пленарлық баяндамамен шығу

● секциялық баяндамамен шығу

● стендтік баяндама көрсету

● қатысусыз баяндама жариялау

● тыңдаушы ретінде қатысу


Баяндамашы ________________________________________________________________


Қонақүйден орын брондау ____________

(иә, жоқ)

Қолы. Күні

Похожие:

Республика казахстан iconО совместных действиях по решению
...
Республика казахстан iconХартия шанхайской организации сотрудничества
Республика Казахстан, Китайская Народная Республика, Кыргызская Республика, Российская Федерация, Республика Таджикистан и Республика...
Республика казахстан iconО формировании единого экономического пространства
Республика Беларусь, Республика Казахстан, Российская Федерация и Украина, именуемые далее Сторонами
Республика казахстан iconСоглашение по вопросам свободных (специальных, особых) экономических зон на таможенной территории таможенного союза и таможенной процедуры свободной таможенной
Республика Беларусь, Республика Казахстан и Российская Федерация, именуемые в дальнейшем Стороны
Республика казахстан iconРеспублика казахстан омская гуманитарная академия
«Актуальные вопросы совершенствования законодательства в рамках реализации стратегии «Казахстан-2050»
Республика казахстан iconТоварищество с ограниченной ответственностью «казахстан-тасымал» 070006, Республика Казахстан, г. Усть-Каменогорск, ул. Михаэлиса 20/1 оф 57
Тоо “Казахстан-Тасымал” является представителем крупнейших российских заводов-изготовителей оборудования для строительной, дорожно-строительной,...
Республика казахстан iconТоварищество с ограниченной ответственностью «казахстан-тасымал» 070006, Республика Казахстан, г. Усть-Каменогорск, ул. Михаэлиса 20/1 оф 57
Тоо “Казахстан-Тасымал” является представителем крупнейших российских заводов-изготовителей оборудования для строительной, дорожно-строительной,...
Республика казахстан iconТоварищество с ограниченной ответственностью «Казахстан-Тасымал» 070006, Республика Казахстан, г. Усть-Каменогорск, пр. Абая 162/1-1
Рнн 181600243172, иик kz 628560000000510358 в ао «Банк ЦентрКредит», бик kcjbkzkx
Республика казахстан iconДоговор об окончательном урегулировании в отношении Германии (Москва, 12 сентября 1990 г.)
Германская Демократическая Республика, Федеративная Республика Германия, Соединенное Королевство Великобритании и Северной Ирландии,...
Республика казахстан iconПрограмма-минимум кандидатского экзамена по специальности 07. 00. 02- отечественная история (История Республики Казахстан) Республика Казахстан
Наряду с этим высокий уровень требований, предъявляемых к кандидатскому минимуму по отечественной истории, характеризуется глубоким...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница