Реферат Орындаған




Скачать 121.85 Kb.
НазваниеРеферат Орындаған
Дата конвертации16.02.2016
Размер121.85 Kb.
ТипРеферат
источникhttp://sirius.zkgmu.kz/fs/srs/33268_2015-12-23 19:47:32_Аронрашидова пульмо.doc
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті





Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Ішкі аурулар - 1

Курс: 4

Топ: 403 А

Тақырыбы: Спирография

Орындау әдісі: реферат


Орындаған:Аронрашидова Айкерім

Тексерген:Агзамова Р.Т


Ақтөбе 2015

Жоспары:


І.Кіріспе бөлім

Спирография жайлы түсінік


ІІ.Негізгі бөлім

Қолдану көрсеткіші

Зерттеу протоколы

Қолдануға қарсы көрсеткіштер

Спирография жүргізудің техникасы

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Спирография – әртүрлі тыныс көлемдерінің арнайы аспап көмегімен-спирографпен тіркеу әдісі.Жазылған спирограмма бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығын және оны құрайтын көлемдерді есептеп анықтауға болады. Қазіргі таңда жоғарғы информациялы өкпенің жағдайын бағалайтын, тез, ыңғайлы әрі дәл нәтиже беретін әдіс болып есептелінеді. Медициналық диагностикада спирография жүйесі айтарлықтай жаңалықтар ашты, олар өкпе сыйымдылығын анықтап қоймай испираторлық және экспираторлық тыныстауды бірдей зерттейді. Спирография – қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылықтар,сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тыныс алу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері - форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде анықталады.


Жазылған спирограмма бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығын және оны құрайтын көлемдерді есептеп анықтауға болады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз-максимальды немесе терең тыныс алып тыныс шығару кезіндегі ауаның максимальды көлемі. Оның құрамына мынадай ауа көлемдері кіреді:

Тыныстық көлем(ТК)-қалыпты тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі ауаның көлемі.(300-800мл)

Тыныс алудың резервтік көлемі(ТАРК)-қалыпты тыныс алудан кейін терең тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның қосымша көлемі(1500-2500мл)

Тыныс шығарудың резервтік көлемі(ТШРК)-қалыпты тыныс шығарудан кейін терең тыныс шығарғанда өкпеден қосымша шығатын ауаның көлемі(1000-1500мл).Қалыпты жағдайда өкпенің тіршілік сыйымдылығы-3500-5000мл.ӨТС шамасы жынысқа(әйелдерде төмен),жасқа(35 жастан соң төмендейді),салмаққа және бой ұзындығына тәуелді болса,сонымен қатар дене қалпына байланысты өзгеруі де мүмкін.(ӨТС-ң шамасы жатып анықтауда төмен).Сондықтан оны анықтау әрқашан бір қалыпты жағдайда(отырған немесе тұрған )жасалуы керек.

Спирограф – бұл медициналық компьютерлік диагностикалық аспап.Ол ересектер мен балалардың сыртқы тыныс қызметін пневмотахометрия көмегімен зерттейді.



Микропроцессорлы спирограф өкпенің функционалдық жағдайының сапалық және көлемдік өзгерістерін бағалау үшін қолданылады және емдік –диагностикалық процесстің барлық этаптарында (бұзылыстарды анықтау, олардың айқындылығын бағалау,өткізіліп жатқан терапияның негізделуі мен эффективтілігініңбағалануы, аурудың динамикасын қадағалау), белгілі бір жағдайлардағы еңбекке жарамдылықты бағалау экспертизаларында, тұрғын халықтың жалпы және эпидемиологиялық тексерулерінде пайдаланылады.

Спирограф әртүрлі профильдегі медициналық мекемелерде аппараттың механикалық қасиеттеріне байланысты адам өкпесінің вентиляциясын бағалау үшін арналған.

Спирографта «Адам өкпесінің вентиляциялық қасиеттерін функционалды зерттеу мен бағалауды өткізудің униферсирленген методикасы» іске асырылған. Берілген әдістеме 1996жылы енгізілген. Сонымен қатар спирограф портативті және үстел үстілік құрылғы, сыртқы тынысалудың 27 көрсеткіштерін анықтау және тексерудің қорытынды протоколын құрастыратын аппарат.

Спирограф комплекті

  • Спирограф

  • Спирограф датчигі

  • Лазерлі немесе ағымды принтер

  • Еріндік (загубник)(5дана)

  • Мұрын қысқышы

  • Жүйелі шнур

  • Датчикке арналған шнур

  • Калибрлі шприц шнур

  • Калибрлі шприц 3л

  • Эксплутация бойынша әдістеме



Барлық сптрографтар ашық және жабық типті болады. Ашық типті спирографта атмосфералық ауаны жұтады, ал шығарылған ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі (сыйымдылығы 100-200л) Бұл ауа құрамынан жұтылған оттегінің көлемімен бір минут ішіндешығарылған көмірқышқыл газының көлемін анықтауға болады. Жабық типті аппаратта атмосфералық ауаға қатысы жоқ, өзінің ауасы бар көмірқышқыл газы арнайы жұтқышқа шығарылады.

Компьютерлік спирограф СП-3000 ол жадылар сақталған модульмен USB шнуры арқылы ноутбукқа жалғанады. Программаны қамтамасыз ету ушін  Windows-98/2000/XP жүйесі қолданылады.




  • Спирограф СП 3000- диагностикалық компьютерлік медициналық құрылғы, пневмотахометрия көмегімен ересектермен балалардағы сыртқы тыныс алудың функциясынзерттеуге арналған.

  • Ол емхана және стационар, диспансерлерде сонымен өатар ғылыми зерттеу және басқада медициналық мекемелерде қолданыла алады.

  • Спирографты қолдануға болатын аймақтар: дәрігерлік және ғылыми зерттеу жұмыстарында, стационарлық және амбулаторлық жағдайлардағы сыртқы тыныс алудың функциясын зерттеу,өкпе ауруларының ағымына болжам жасау, операцияға дейінгі тексеру және операциялық қауіп дәрежесін бағалау, скрингті тексерулер, спорттық медицина, кәсіптік аурулар, емдік және реабилитациялық іс әрекеттердің эффектвтілігін қадағалау, астма- мониторинг, дәрілердің индивидуалды таңдалуы.

Спирограф СП 3000-нің мүмкіндігі мол.Ол тексерунәтижелерін тіркеуге, салыстыруға, қорытынды жасауға және тексеріс нәтижелерін қағаз бетіне басып шығара алады.Тесттердің графиктері және берілгендері компьютердің экранында көрсетіледі және қатты дискіде қатты сақталады. Спирограф СП 3000 өкпенің тіршілік сиымдылығы, өкпенің форсирленген тіршілік сыйымдылығы ,өкпенің максималды вентиляциясы, тыныс алудың минуттық көлемі тесттерінің нәтижелеріне анализ жасауға арналған.

Компьютерлік спирограф СП 3000 CD-ROM диск қабылдағыш сиякты компьютерге жалғанатын берілгенді алу модулінен , ауаағымын қалыптастырушыдан (тыныс алу түтігі)

тұрады және бағдарламалық қамтамасыз етілген. Бағдарламалық қамтамасыз етілуі

Windows-98/2000-XR бойынша жұмыс істейді.


Зерттеу протоколында

  • Пациент жасы, салмағы, бойы, жынысы

  • Зерттеу күні

  • Абсолютті және проценттік көрсеткіштер

  • Әрбір көрсеткіштің ауытқу дәрежесі

  • Форсирленген тыныс шығарудыңпроцедура графигі

  • Зерттеу қорытындысы

  • Өлшенген және есептелген көрсеткіштер

Спирографтың мүмкіншіліктері:

  • Спирограф сырткы тынысты тесттер аркылы 38 стандарттық көрсеткіш бере алады

  • Жоғары спирометриялық өлшемнің дәлділігі

  • Анықталған өлшемнің мағынасын қазақ,орыс және ағылшын тілінде береді

  • BTPS бойынша коррекциялау

  • Компьютер жадында 50000 астам зерттеулер сакталады.

  • Зерттеу натижесін параққа HTML форматта түсіріп береді.

Қолдануға қарсы көрсеткіштер.



  • Зерртеуді өткізуге мүмкіндік бермейтін науқас жағдайының ауыр болуы

  • Прогрессирлеуші стенокардия , миокард инфарктісі , ми канайналымының жедел бұзылыстары

  • Қатерлі артериальды гипертензия ,гипертониялық криз

  • Жүктілік токсикоздары, жүктіліктің екінші жартысы

  • Қанайналымының ІІІ дәрежелі жеткіліксіздігі

  • Ауыр дәрежелі өкпелік жеткіліксіздік





Спирографияның қолдану көрсеткіштері

  1. Өкпе жеткіліксіздігінің типі мен дәрежесін анықтау

  2. Өкпе вентиляциясының көрсеткішін аурудың дәрежесі мен даму жылдамдығын анықтау мақсатында мониторингілеу

  3. Бронхиальді обструкциясы бар науқастарды қысқа және ұзақ әсерлі В2агонист бронходилятаторлармен, ингаляциялық ГКС және мембрана тұрақтандырушы препараттармен курстық емдеудің нәтижесін бағалау

  4. Басқа зерттеу әдістерімен бірге өкпе және жүрек жеткіліксіздігі арасындағы ажыратпалы диагностиканы кешенді түрде жүргізу.

  5. Өкпе ауруларымен науқастануға қаупі бар немесе зиянды өндіріс факторларның әсері бар жұмыс орындарында істейтін адамдарда вентиляциялық жеткіліксіздігінің алғашқы белгілерін анықтау.



Спирграфияны өткізу қажет жағдайлар

Ұзақ мерзімді және созылмалы себепсіз жөтел (3-4апта бойы жиі ЖРВИ және жедел бронхиттен кейін)

Ентігі пайда болады, кеуде клеткасы аймағындағы жағымсыз сезім.

Дем шығару кезіндегі ысқырықты тыныс

Тыныс алу мен тыныс шығарудың қиындауы.

Спирографиялық зерттеуге дайындық

Тексеру таңертеңгі уақытта ашқарынға жасалады. Кем дегенде темекі шеккеннен кейін сонымен қатар кофе ішкеннен кейін 1 сағаттай күту керек. Зерттеу науқастың отырған қалпында жүргізіледі. Науқас тік отырып, мұрнын арнайы қысқышпен кысып ауанын кірмеуін қамтамасыз етеді. Спирометрдің түтігін ауызға енгізіп, белгі берген кезде дем алады. Спирограф СП-3000 наукас дем алуды бастағаннан кейін-ақ өзі автоматты түрде өлшеуге кіріседі.

Спиромерияның басты көрсеткіші өкпенің тіршілік сыйымдылығы(ӨТС). Ол дем алатын және дем шығаратын өкпедегі ауаның максимальді көлемін береді.


Спирография жүргізудің техникасы

Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі, зерттеу алдында (30мин) Зерттелуші тыныштық қалпында болуы керек .Сонымен қатар зерттеу басталғанға дейін (12сағ)бронхолитик қабылдауға болмайды. Статистикалық көрсеткіштер қалыпты тыныс алуда анықталады. Ауаның орташа көлемі қалыптыды 500-800 мл Мұнда көбінесе альвеолярлы ауа көлемі маңызды , ол газ алмасу процесіне байлнысты.Пациент қалыпты тыныс шығарған соң максимальды тыныс шығарады, бұл тыныс шығарудың резервті көлемі және қалыпты тыныс алған соң максимальды тыныс алу тыныс алудың резервті көлемі болы табылады.

Статистикалы көрсеткіштер анализінде тыныс алудын көлемі есептеледі, бұл өкпе тінінің эластикалық қасиетін және тіршілік сыйымдылығын көрсетеді. Яғни жоғарыда көрсетілгендей лдымен максимальды тыныс шығару көлемі,кейін макс тыныс алу көлемі. Мұнда форсирленген тыныс шығару көлемі .Зерттеудің соңғы сатысы ретінде өкпенің максимальды вентиляциясы анықталады, максимальды ауа көлемі төмендеуі өкпе вентиляциясының обструкциялы және рестрикциялы бұзылысын көрсетеді.





Бұл көрсеткіш барлығы обструктивті бронхит кезінде маңызы үлкен. Тифно индексі мен форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі бронх өткізгіштігі бұзылуымен көоінетін бронхиальды астмада, созылмалы обструктивті өкпе ауруында , броноэктатикалық ауруда кездеседі. ЖОК 25-75 болатын кіші бронхтар мен бронхиолалардың өткізгіштік қалпын көрсетеді. Бұл ерте обструктивті бызылыстарды анықтауда көптеген мәлімет береді.

Спирометрияның көрсеткіштері

  • ӨТС – өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Демді толық алғаннан кейінгі өкпедегі ауаның көлемін анықтайды.

  • ФООС – бұл өкпедегі ауаның көлемі мен тез дем алу маневрінің басталуынан соңына дейінгі айырмашылығы.

  • ТДШК - Тездетілген 1 секундтағы дем шығару көлемі

  • ТДШК/ООС қатынасы, пайыздық индекс Тиффно түрінде

  • ОФВ1/ФООС қатынасы, индекс Генслара пайыздық түрінде.



ЖКБ – жылдамдық көлемінің биіктігі. Дем шығару процессі кезінде максимальді жетістік
ТЖК – тез жылдамдық көлемі.



  • Индекс Тиффно қалыпты жағдайда 75% асады. Өкпеде обструциялар болған жағдайда бұл көрсеткіш төмендейді. Мысалы бронхиалді астма т.б аурулар кезінде.

  • Тез дем шығару жылдамдығының көлемі орташа өлшемде 25 – 75%. Бұл өкпенің жоғарғы бөлігінің зақымдалуы кезінде ерте диагностикалауға мүмкіндік береді.

Спирометрия-өкпенің әртүрлі көлемдерін(ӨТС,ТК және ТШРК) анықтау әдісі.Ол үшін құрғақ немесе сулы спирометрлерді қолданылады.

Жұмысты орындау: Құрғақ спирометрдің мундштугін спиртпен тазалап,зерттелуші терең тыныс алғаннан соң спирометрге едәуір күшпен тыныс шығарады. Сонда спирометрдің үстіндегі шкала бойынша ӨТС-на сәйкес сан анықталады. Тәжірибені 2-3 рет қайталап ӨТС-ң орташа шамасы есептелінеді. Спирометрді қолданып бірнеше адамдардың ӨТС-н анықтап бір-бірімен салыстыру керек.

Тыныстың тиесілі көрсеткіштерін есептеу және алынған көрсеткіштерін салыстыру сынамалары. Белгілі бір адамның тыныс жүйесінің қызметін бағалау үшін спирометрия және спирография әдістерімен анықталған өкпе көлемдерін сол адамға тиесілі тыныстық шамаларымен салыстыру керек. Тиесілі ӨТС-н(ТӨТС) арнайы формулалар мен номограмма бойынша анықтайды:

Формула бойынша есептеу:

Ерлерде-ТӨТС=27.63-(0.112*Ж)*В

Әйелдерде-ТӨТС=21.78-(0.101*Ж)*В

Мұнда Ж-жасы В-бой ұзындығы(см)

Бой ұзындығы бойынша есептеу:

Ерлерде-ТӨТС=бой ұзындығы(см)*25

Әйелдерде-ТӨТС= бой ұзындығы(см)*20

Дене бетінің аумағы бойынша:

Ерлерде-ТӨТС=дене аумағы(м2)*2.5

Әйелдерде-ТӨТС= дене аумағы(м2)*2.0


Қорытынды


Сонымен қорыта келгенде Спирография қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып жүрген бірден бір әдіс. Ол тыныс алу мен тыныс шығару кезінде өкпе арқылы өтетін ауа ағысының жылдамдығын да есептеуге мүмкіндік береді.Бұл көрсеткіш барлығы обструктивті бронхит кезінде маңызы үлкен. Тифно индексі мен форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі бронх өткізгіштігі бұзылуымен көоінетін бронхиальды астмада, созылмалы обструктивті өкпе ауруында , броноэктатикалық ауруда кездеседі. ЖОК 25-75 болатын кіші бронхтар мен бронхиолалардың өткізгіштік қалпын көрсетеді. Бұл ерте обструктивті бызылыстарды анықтауда көптеген мәлімет береді.


Болашақта ғылыми-техникалық прогресс нәтижесіне байланысты , көптеген әдістер шығады деген ойдамыз

Өкпе тіпті , бүкіл ағзалардын ауру көрсеткішін төмендету және емдеу біздің борышымыз!


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Л.З.Тель, К.М.Хамчиев «адам физиологиясы»

  2. Поликлиническая терапия В.А Галкин Москва 2009 ж

  3. Поликлиническая терапия Г.К Нанаева Д.З. Мамытбекова Бишкек 2004 ж

  4. Ішкі аурулар Қ. А. Жаманқұлов Ақтөбе 2008

  5. Русский медицинский журнал 22.02.10 ж 2-10 бет

  6. Интернет желісі






Орындау критерийлері

0-0,1

0,2-03

0,4-0,5

1

Рефератты рәсімдеу










2

Рефераттың жоспары










3

Иллюстративті материал










4

Өзектілігі










5

Мазмұны










6

Қорытынды










7

Әдебиеттер










8

СӨЖ кестесіне сай тапсырылу дер кезінде тапсырылуы










9

Қорытынды












0-0,1 критерий орындалмаған

0,1-0,2 критерий ескертулермен орындалған

0,4-0,5 критерий орындалған

Похожие:

Реферат Орындаған iconРеферат. Орындаған
Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі. Жыныстық дифференцировкасының факторлары
Реферат Орындаған iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Реферат Орындаған iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Реферат Орындаған iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы. Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің...
Реферат Орындаған iconРеферат Орындаған: Аблаева Ф. М
Тақырып: Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы.Өмір сүру салтына және жасқа байланысты бұлшық еттердің өзгерісі. Жүрек ет тканінің...
Реферат Орындаған iconРеферат Орындаған
Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп түр. Себебі адам...
Реферат Орындаған iconРеферат Орындаған: Баймаханов А
Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және...
Реферат Орындаған iconКурсының бағдарламасы Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н. Е
Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н. Е
Реферат Орындаған iconОрындаған: «Зерде» мектебі директорының инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Н. Нұртаева

Реферат Орындаған iconРеферат Пәні: Еңбекті және табиғатты қоршаған ортаны қорғау. Тақырыбы: Шулы және дірілден қорғау. Орындаған: Тексерген: Мамандығы: «Маркшейдер ісі»
Шудың деңгейі 85 дба-ден асатын аймақтар қауіпсіздік белгілерімен белгілену керек. Бұл аймақтарда жұмыс істейтін жұмыскерлер жеке...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница