Кәсіпкерлік әлеуметтануы




НазваниеКәсіпкерлік әлеуметтануы
страница1/9
Т Т Социология
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.01 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Социоинженерия_УМКД_07407гр.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»

Әлеуметтік-гуманитарлық

факультет деканы

___________Хайдаров Е.Е.

қолы аты-жөні

«__»__________ 200_ж.


Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

050501- Әлеуметтану

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


«Әлеуметтік инженерия»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 4

Семестр - 7

Кредит саны-2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақтар – 15 сағат

ОқСӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – 7-ші семестрде

Барлығы – 90 сағат


Орал

2009 ж.


ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

2009-2010 оқу жылы 7 семестр 2-кредит

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Әлеуметтік инженерия” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды.

Негізге алынған типтік оқу бағдарламалары: Философия ғылымының докторы, прфессор М. С. Аженов, әлеуметтану ғылымының кандидаты, доцент Ж. А. Нұрбекова «Кәсіпкерлік әлеуметтануы» Астана 2005 ж.

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М. С. Садырова, әлеуметтану ғылымының кандидаты, доцент Г. О. Абдикерова «Экономикалық әлеуметтану» Астана 2005 ж.

Құрастырған: аға оқытушы Шайхиев Т.Т.

Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі ________________ А.А. Какимова


Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді.


“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.


Кафедра меңгерушісі___________ Абулкасова Д.Б.

(қолы) (аты-жөні)


Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ ____________________

(қолы) (аты-жөні)


2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).


2.1 Оқытушы туралы мәлімет

  • Шайхиев Тұрар Төлегенұлы

  • Жұмыс телефоны 51-20-39

  • №3 ғимарат 304 – бөлме.


Жоғарғы оқу орны студенттері даярлануы үшін берілген авторлық оқу құралдары:

1. Шынтемірова Б.Г., Шайхиев Т.Т. Әлеуметтану. Оқу-әдістемелік құрал.

Орал 2005 ж.

2. Шынтемірова Б.Г., Шайхиев Т.Т. Социология Электронды оқу құралы.

Орал 2006 ж


2.2 Пән туралы мәлімет

Пән: «Әлеуметтік инженерия» курсы, 2 – кредит сағат

Өтетін орны: кесте бойынша тарих бөлімінде.

Сабақ кестесі:

Семестр 15 оқу аптадан және 1 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат саны болу тиісті, әр кредит – сағат саны екі байланыс сағаттан (дәріс, семинар), екі сағат СӨЖ және екі сағат ОқСӨЖ тұрады.


Сабақ

Өткізу уақыты

Сабақ

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

( дәріс)

50 мин.

СӨЖ 2

(тәжірибелік сабақ)

50 мин.

Байланыс сағаты 1 (семинар)

50 мин.

ОқСӨЖ 1 (тәжірибелік сабақ)

50 мин.

СӨЖ 1

(тәжірибелік сабақ)

50 мин.

ОқСӨЖ 2 (тәжірибелік сабақ)

50 мин.


Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОқСӨЖ

СӨЖ

Емтихан

Барлығы

4

7

2

15

15

30

30

2

92


2.3 Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Курс мақсаты: Курс мақсаты жеке адамның әлеуметтік өмірде, әлеуметтік институттарда, әлеуметтік қарым-қатынас пен байланыстарда іске асырлатын тұрақты сапалар мен қасиеттер жүйесі ретіндегі дара тұлға екендігін көрсету. Әлеуметтану ғылымында жеке адам және қоғам өзекті мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы байланыстарды терең зерттеу мәселесімен әлеуметтік инженерия айналысады. Курстың басты мақсаты осы байланыс туралы студенттерге түсінік беру және оны ашып көрсету.

Курс міндеті: Курс негізінен жалпы қоғамға тән әлеуметтік институттар, бірлестіктер, қоғамдастықтар жеке адам тұтынысына қалай сәйкестендіріледі, олар қаншалықты жеке адам мүддесін қорғай алады, әлде олар жеке адам мүддесінен тәуелсіз, дамудың өзіндік логикасына сүйене ме деген мәселелерді топшалауға бағытталған. Әлеуметтік инженерия Батыс ақыл-ойына тән құндылықтар жүйесіне негізделген. Курс міндеті осы Батыс негізінен ақыл-ойына тән рационалды ойлау әдістемесін студенттер бойына енгізу.

Курс мазмұны:

1. Әлеуметтік инженерия: пән саласы мен мазмұны.

2. Шетелдік әлеуметтік инженерия дамуы.

3. Антика: утопиялық инженеризм.

4. Ағарту: реформистік инженерия.

5. Өтпелі кезең: ХІХ ғасырдағы эксперименталды әлеуметтану.

6. Қазіргі кезең: әлеуметтік инженерияның құрылымдалуы.

7. Ресейдегі әлеуметтік инженерия дамуы.

8. Басқаруға қатысты инженерлік байлам: Н. Витке мен Ф. Дунаевский.

9. А. Гастевтің әлеуметтік инженериясы.

10. Әлеуметтік инженерия мен қолданбалы әлеуметтану.

11. Әлеуметтік инженериядағы қолданбалы психотехника әдістері.

12. Әлеуметтік инженериядан әлеуметтік утопияға: О. Ерманскийдің көзқарастары.

13. Өнеркәсіптік жедел дамуды техникалық қамтамасыз ету.

14. Әлеуметтік инженерияның қазіргі кезеңі.

15. Интернеттегі әлеуметтік инжиниринг.


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Оқыту әдістемесі:

Оқылу негізінен негізгі оқу материадары түсіндірілетін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын дәріс және тәжірибелік сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша коллоквиум және жазбаша бақылау жұмыстары, жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Студент білуі тиіс:

  • әлеуметтік инженерия түсінігін;

  • әлеуметтік инженерияның шетелдерде дамуын;

  • еңбекті ғылыми ұйымдастыру ұғымын;

  • өнеркәсіпті басқару технологияларын;

  • әлеуметтік инженерия технологияларын райдалана білуді;

  • әлеуметтік инженерия жетістіктерін;

  • әлеуметтік инженерия кері әсерлерін.


Сабаққа қатысу:

Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.

Аудиториядағы тәртіп :

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

  1. Өз пікірін дәлелдесе;

  2. Сабаққа белсенді қатысса;

3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.


Сабақ мазмұны мен кестесі (SILLABUS).


АПТА 1.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Әлеуметтік инженерия: пән саласы мен мазмұны.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік инженерия – адам мінез-құлқын бақылау мен ұйымдық құрылымдарды өзгертуге негізделген қолданбалы әлеуметтік әдістер жиынтығы ретінде.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Әлеуметтік инженерияда әлеуметтік және экономикалық проблемаларды зерттеуде нақты өлшемдер, кестелер мен формулалар қолданылуы. Инженерия – теория дамуының соңғы нүктесі.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Әлеуметтік инженерияның өнеркәсіп пен бизнестегі ролі. Әлеуметтік инженерияның негізгі мақсаттарының бір еңбек орнының ғылыми – техникалық талаптарға сай болуы.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 2.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Шетелдік әлеуметтік инженерия дамуы.

Дәріс мазмұны: АҚШ-тағы қолданбалы әлеуметтану аясындағы әлеуметтік инженерия. А. Гоулднер теориясы. Қолданбалы антропология дамуының әлеуметтік инженерия саласына тигізген әсері.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: АҚШ-та әлеуметтік инженерияның қала құрылысын жоспарлауда, саясатта және т.б. қолданыла бастауы.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Италиян әлеуметтанушысы Л. Галлино теориясы. К. Поппер іліміндегі утопиялық және реформистік әлеуметтік инженерия. 1960 жж. У. Уайттың әлеуметтік инженерия жобасы. Әлеуметтік инженерияның Н. Хидано ұсынған төрт базалық алғышарттары.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 3.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Антика: утопиялық инженеризм.

Дәріс мазмұны: К. Поппердің Платон еңбектеріндегі антикалық утопиялық инженерияны зерттеуі. Платонның таным теориясы.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Қоғамның күйреуін нақты жоспарлау арқасында тоқтатуға болатындығын түсіну пайда болуы.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Платонның үлгілі мемлекет теориясы. Басқарушы топ денесі мен ойының тазалығына жетуді жоспарлау жолдары мен осы жолда әскери тәртіпті қолдану мүмкіндіктері. Қоғамның идеалды жағдайына жету жолында ескі институттарды толық жою мен қатал жазалауды қолдану қажеттіліктерін Платонның дәлелдеуі.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 4.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Ағарту: реформистік инженерия.

Дәріс мазмұны: Ағарту дәуіріндегі ақыл-ой мен прогресс идеясының кейінгі әлеуметтік-саяси реформалардың интеллектуалдық негізін қалауы.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Ағарту идеяларының өнеркәсіпті қоғам теориясы құрылуының көзі болуы.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Ақыл-ойдың эмпириялық тұжырымының негізін қалаушылар Бэкон, Локк, Юм көзқарастары. Ақыл-ойды техникалық құрал ретінде қабылдау. А. Тюргоның органикалық модел теориясы. Сен-Симон, Конт және Спенсердің өнеркәсіпті қоғам теориялары. Технократиялық доктрина негіздерінің қалануы.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 5.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Өтпелі кезең: ХІХ ғасырдағы эксперименталды әлеуметтану.

Дәріс мазмұны: Өтпелі кезеңде эмпирикалық және эксперименталды әлеуметтік ғылымдардың пайда болуы. Ф. Тейлордың әлеуметтік және инженер-техникалық заңдылықтарды ұштастыруға бағытталған эксперименттері.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Еуропадағы эмпирикалық әлеуметтік ғылымдардың негізгі бағыттары.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Саяси арифметика бағыты (У. Петти, Дж. Граунт). Әлеуметтік физика бағыты (А. Кетле). Әлеуметтік гигиена бағыты (Э. Чадвик, Л. Виллерме). Моралдық статистика бағыты (А. Герри, Дж. Кей-Шатлуорт). Социография бағыты (Ле Пле мектебі).

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 6.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Қазіргі кезең: әлеуметтік инженерияның құрылымдалуы.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтану ғылымының фундаменталды зерттеулерге бағытталуы. Э. Мэйо басшылығымен іске асырылған Хоторн экспериментінің әлеуметтік инженерия дамуына тигізген зор әсері.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: АҚШ-та қолданбалы – тәжірибелік зерттеулердің дамуына қосқан Чикаго мектебінің үлесі.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: ХХ ғасырдың соңында «әлеуметтік зерттеулер үшін» қозғалыстарының пайда болуы мен дамуының әлеуметтік инженерия дамуына қосқан зор үлесі. Қоғамның келеңсіз құбылыстарымен күреске бұқаралық қоғамдық пікірдің кеңінен тартылуы. Әлеуметтік инженерияның университеттер қабырғасында емес, негізінен жеке кеңес беру орталықтарында дамуының себептері.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 7.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Ресейдегі әлеуметтік инженерия дамуы.

Дәріс мазмұны: Әлеуметтік инженерияның Кеңестік Ресейде кеңінен дамуының себептері. Өнеркәсіпті ұйымдастыру саласында социализм идеологиясына қайшы келмейтін жаңа шешімдер іздеу.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Шаруашылықты ұйымдастырудағы жаңа өнеркәсіптік эксперименттер. Марксизм идеологтары еңбектеріндегі жаңа өнеркәсіптік ұстанымдар.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Шаруашылық пен өнеркәсіпті ұйымдастырудағы «әскери коммунизм» эксперименті. Шаруашылық пен өнеркәсіпті ұйымдастырудағы «жаңа экономикалық саясат» эксперименті. Шаруашылық пен өнеркәсіпті ұйымдастыруда «бесжылдық жоспарларға» көшу.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.


АПТА 8.

Кредит сағат – 2

Тақырыбы: Басқаруға қатысты инженерлік байлам: Н. Витке мен Ф. Дунаевский.

Дәріс мазмұны: Кеңестер Одағында жаңа ғылыми сала «социотехниканың» пайда болуы.

Әдебиет: Социальная инженерия. Курс лекций. М., 1994 г.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Кеңес кәсіпорындарындағы еңбек пен басқаруды ғылыми ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеген ғылымдар шоғырының әлеуметтік инженерия дамуына қосқан зор үлестері.

Әдебиет: В. И. Добреньков, А. И. Кравченко., Фундаментальная социология. ІІ-том. М., 2004 г.

Оқ СӨЖ мазмұны: Н. Виткенің әлеуметтік инженериясының екі бөлімі. Өнеркәсіп үрдісін ғылыми ұйымдастыру және басқаруды ғылыми ұйымдастыру. Н. Виткенің ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын зерттеуі. Ф. Дунаевскиийдің өнеркәсіп ұжымына қатысты «омарта рухы» теориясы.

Әдебиет: Радаев В. Экономическая социология. М., 1998 г.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Кәсіпкерлік әлеуметтануы iconБекітемін
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік іскерлік түрткі ретінде экономиканың динамилық дамуында...
Кәсіпкерлік әлеуметтануы iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
Кәсіпкерлік әлеуметтануы icon«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы
Л», «Каспий» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»...
Кәсіпкерлік әлеуметтануы iconΙ-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Азақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары
Кәсіпкерлік әлеуметтануы icon1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс
Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының...
Кәсіпкерлік әлеуметтануы iconҚазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды жетілдіру жолдары
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері б
Кәсіпкерлік әлеуметтануы iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы Ереже
Осы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынандағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі...
Кәсіпкерлік әлеуметтануы icon«Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Миссиясы: Зайсан ауданының тұрақты дамуына отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, отандық тұтынушыны сапасыз...
Кәсіпкерлік әлеуметтануы icon«Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Аягөз қаласы
Аягөз ауданының кәсіпкерлік бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) маңызды міндеті – ауданда кәсіпкерлікті дамыту, бинестің дамуына қолайлы...
Кәсіпкерлік әлеуметтануы icon«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Экономиканың басым бағыттары, ауданның халқы мен ұйымдарының және басқа өңірлердің артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница