«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж




Название«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж
страница1/12
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/4c497e00-69fb-11e5-9d50-f6d299da70eeметодика.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СМК 3 деңгейдегі құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-19.1.03/03-2015

«Әлеуметтану» пәні бойынша

барлық мамандықтарға арналған

оқу-әдістемелік кешен

Басылым №2 28.08. 2015ж,

өзгеріс басылым №1 18.09.2013ж.



«Әлеуметтану» пәні бойынша

барлық мамандықтарға арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Семей

2015



Кіріспе


1. Құрастырғандар: «28» 08 2015ж

________ Кенжебулатова А.М.,

________Садыков Д.К.,

________ Камиева К.Р.,

________ Татиев Е.Е., аға оқытушылары

“Философия және саясаттану ” кафедрасы

2 Талқыланды.

2.1. Философия және саясаттану кафедрасында

Хаттама № 1 «28» 08. 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі: ___________ А.А.Мұқатаева


2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында Хаттама №1 «09» 09. 2015ж.


Төраға: _____________ С.Қ. Тойкин


3. Бекітілді.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға ұсынылды.


Хаттама №1 «11» 09. 2015ж.


ОӘК төрағасы: ____________ Г.К. Искакова


4. Алғашқы рет енгізілді

(«18 »09. 2015ж. №1 басылымның орнына)


МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Семинар сабақтары

  4. Студенттердің өздік жұмыстары.



1. ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)

Әлеуметтану-қоғам дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Әлеуметтану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Әлеуметтану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Әлеуметтанудағы позитивизм- ХХ ғасырдағы әлеуметтанудың жетекші бағыты. Негізін салған-О.Конт.

Әлеуметтену-ұйымдасқан, бақыланатын процесс ретінде жеке адамдардың өмір бойы әлеуметтік тәжірибені жинақтауы мен тұлғаларға айналуы.

Әлеуметтендіру агенттері-әлеуметтендіру процесінің барысына бағытталған мақсатпен ықпал жасаушылар.

Құндылықтар-жалпы көпшілік таныған мінез-құлық стандарты, сол мақсаттарға жетудегі негізгі жолдар мен құралдар туралы сенімдер.

Әлеуметтік құрылым-әлеуметтік топтың ішкі құрылысы, топтардың институттардың өзара әрекеттерінің реттелген жиынтығы.

Мәртебе-белгілі бір құқықтар және міндеттер жиынтығымен байланысқан қоғамдағы тұлғаның немесе әлеуметтік топтың Жалпы қалыптық жағдайы.

Мобильдік -әлеуметтік субьектінің әлеуметтік құрылымындағы орнының өзгеруі.

Мотивация-тұлғаның немесе әлеуметтік топтың белсенділігі мен қызметінің бағытын анықтайтын ниет.

Әлеуметтік стратификация-өздерінің әлеуметтік мәртебесімен өзгешеленетін қоғамдағы түрлі әлеуметтік жіктелудің нәтижесі.

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

Қолданбалы әлеуметтану- әлеуметтану ғылымының саласы. әлеуметтік өмірді оптимизациялау, ұйымдастыру, дамытудың жолдары, формалары т.б.

Салалық әлеуметтану-қоғамдық өмірдің жеке немесе ауқымды салаларындағы әлеуметтік құбылыстарды, жүйелерді, процесстерді зерттейтін әлеуметтану ғылымының салалары.

Социум-әлеуметтану ғылымының обьектісі, яғни адамзаттық өзара әрекеттің жалпы формасы, әлеуметтік ақиқат.

Урбанизация-қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси-әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.


2. Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені

Тақырып № 1. Әлеуметтану әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.

Мақсаты: Студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, объектісі мен, негізгі ұғымдық ақпараттарымен таныстыру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. әлеуметтанудың міндеттері мен қызметтеріне, әлеуметтанудың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнына аса назар аудару қажет екенін түсіндіру. Оларды әлеуметтанудың даму тарихымен таныстыру, сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік жағдайын талдау.

Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.


Дәріс тезистері:

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің , ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын ХIХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы О.Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың  объектісі мен пәнінің орындарын алмастырып алмауымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.

Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.

Әлеуметтану пәнінің  байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына,  оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын құрал – тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің  шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс - әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтілік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекетінде атқарған қызметтерінде байқалады.

Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі әр уақытта адамдардың өзара қарым-қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір – бірімен байланыс – қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үрдістерге қатынасынан көрінеді.

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс – қимылын көрсетеді. Бұл категориялар бір – бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір – бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді.

Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы зерттеу жүргізеді. Ол – «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар. Осы қарым – қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетінің мұң – мұқтажын, талап – тілектерінің бірлігі жатыр.

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін - өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.

Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:

1 Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.

2 Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

3 Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс – қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланыс, қатынасын бейнелейді.

4 Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.

5 Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың  болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп – тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.

 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында.

Әлеуметтанудың арнаулы әдістері: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.

Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.

Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым» , «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады.

Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, µмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер – нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты.Ал, бұл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырылады.

Әлеуметтік білімнің құрылымы  деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар – мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.

4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататын зерттеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы қызметі және функциясы туралы;

5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;

6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:

а) жалпы әлеуметтану теориясы;

ә) эмпирикалық әлеуметтану;

б) орта деңгей теориялары.

Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмперикалық зерттеулер деп екіге бөледі.

Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әруақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне  тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуна түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.

Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа,нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап – тілегіне, мұң – мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік функцияны да атқарады.

Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан – жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнаулы теориясы жасалды. Құқық ғылымымен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен біріге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтануы, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.

Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын, қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.

Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой – пікірлерін, теорияларын, тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қортындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж iconӘлеуметтану мамандығы бойынша курстың бағдарламасы 200 7 -2008 оқу жылы 5семестр 2-кредит
«Әлеуметтану» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Web дизайн» пәні бойынша 5В042100 «Дизайн» мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен студенттерге конструкторлық құжаттармен жұмыс...
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж iconХимия мамандығы бойынша Ғбк студенттерге арналған «Физика» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Физика сол сияқты техниканың барлық салаларындағы революциялық түрленулердің басты себептісі болып табылады. Мысалы, энергетика,...
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж icon«Растрлық графика» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 050111 «Информатика»
«Информатика» мамандығы бойынша дайындау бағытының 3 курс студенттеріне арналған кредиттік оқыту технологиясы бойынша
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж iconПәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Пәннің оқу әдістемелік кешені “Компьютер архитектурасы” Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ,2005ж
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж iconОҚУ Әдістемелік кешен
ОӘК «Омыртқасыздар зоологияс» пәні бойынша «Биология», «Химия-биология» мамндықтарының студенттеріне арналған
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж icon«Дифференциалды психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы А. Коңырова
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж icon«Қаржы нарығы және делдалдары» пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2015ж
Нурмадиева Г. Д. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономикалық ғылымдар...
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж icon«Тағам гигиенасы» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
...
«Әлеуметтану» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған оқу-әдістемелік кешен Басылым №2 28. 08. 2015ж iconОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2014 Мазмұны
Түркітану пәні – түркі халықтарының барлық рухани – мәдени өмірін, әдебиет, тіл, тарих, археология, этнография, география, әлеуметтану,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница