«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы




Название«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы
страница7/14
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Tajibekeev.AlKTar-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Бақылау сұрақтары:

1.Алаш орда өкіметінің құрылуы.

2.Алаш қозғалысының Алаш орда өкіметінің тағдыры.

3. Түркістан автономиясы

4.Алаш автономиясы

5.Халық шаруашылығының дамуы

6.Кеңестік социализм идеологы


Лекция № 18 Тақырыбы: Алихан Бөкейханов .(1870-1937)

Жоспар:

1.Алихан Бөкейхановың өмірі мен қызметі.

2.Шығармашылығы мен еңбегі.

3.Қоғамдық қызметі.

Пайдаланған әдибиеттер.

а)негізгі


Мәмбет Қойгелдиев«Ұлттық саяси элита» А. 2004ж

Мұқтарқұл Мұхаммед «Алаш Бағдарламасы қиянат пен ақихат» А. 2000ж.

Пайдаланған әдибиеттер.

б)қосымша


Ғалым Ахмедов «Алаш – Алаш болғанда» А. 1996ж.

М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» А. 1995ж.


Лекция мәтіні

1. 1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақтардың съезі Алаш автаномиясы аталатын мемлекеттік құрылым үшін күресетіндігін мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор болмағаны мен отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекшеленетін. Өйткені бұл қабылдаған шешімдер қазақ елінің ХVІІІ ғасырдан бері өз бостандығы мен теңдігі үшін патшалық билікке қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысын анықтайтын айғақтайтын оқиға еді.

Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық мақсатты көздеген Ресейдегі бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеядан қорықты сондықтанда кеңестік билік тұсында біз қазақ ұлт азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолы мен олардың артында қалдырған шығармашылық мұрасы мен танысу мүнкіндігі мен айырылдық. Азаттық қозғалыс тарихында сондай терең із қалдырған тұлғалардың бірі - Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейханов.

2. Әлихан Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бұл елді мекен Жезқазған облысы Ақторғай ауданы Даратал савхозына қарайды.

Алашорда үкіметінін премьер-министрі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым публицист аудармашы. Әуелі білімді Қарқаралы үш класты мектебімен Қарқаралы училищесінде алған (1879 – 86) Омбы техникалық училищесін (1890) С Петербург императорлық орман институтын (1894) бітірген студент кезінде отаршылыққа қарсы «Зарзаман» тобының жұмысына қатысып, саяси күреске ораласа бастайды. 1894-1908 ж Омбы орман мектебінде оқытушы, Омбы қоныс аударушылар басқармасында қызмет істейді. 1896ж Императорлық орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің мүшелігіне өтті. 1896-98ж әуілі Тобыл губерниясынсы эканомикасын зерттеуге арналған экспидициясының кейін Ф. А. Изербина экспидициясының құрамында болды. Осы кезеңде ол қазақ елінің эканомикалық жай күйін шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын материалдық және рухани мәдениетін зерттейді. 1903ж С.П. Швецов басқарған Сібір экспидициясы құрамында болып, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – қой өсірудің жай – күйіне арналған іргелі еңбегін жазды. 1905 жылдан бастап қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы саяси күрес ісіне белсене араласады. 1905 жылы Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүше болып, осы жылы Қарқаралыда өткен қозғалысқа басшылық жасап 14500 адам қол қойған петиция ұйымдастыруды осы жылы Орал қаласында Қазақстанның бес облысы зиялылары мен игі жақсылары бас қосқан съездге басшылық жасап бастапқыда Ресей кадет партиясының филалы ретінде құрылған Алаш партиясының іргесін қалады.

ІІ. 1906 жылдың 9 – қаңтарында саяси қозғалыс көсемі ретінде тұтқындалып, Павладар түрмесіне жабылды. Сол жылы Ресейдің І Мемлекеттік думасына мүше болып сайланар алдында түрмеден босатылып саяси күресін жалғастырады. Патша үкіметінің І Мемлекеттік думаны күш пен таратуына қарсы бағытталған «Выборг үндеуін» ұйымдастыруға қатысқаны үшін 1907 жылдың соңында қамауға алынып, түрмеге отырғызылды. 1908 жылы абақтыдынбосатылғаннан кейін Омбыға қайтіп оралған Бөкейхановты патша үкіметі Самараға жер аударады. 1908-15 ж Самарада тұрған кезінде Батыс Қазақстандағы қазақ зиялыларымен бірлесе отырып Алаш қозғалысының жұмысын жандандыра түседі. 1913 жылы А. Байтұасынов, М. Дулатовтармен бірге бүкілқазақтық, жалпы ұлттық баспасөз ұйымы – «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырады. Саяси партия құру жөніндегі ісінде одақтастар іздеу мақсаты мен 1914 жылы социал – революционерлер партиясымен («ЭССР») жақындасып, 1914 – 15 ж оның басшысы А. Ф. Керенскиймен үш рет кездеседі. 1914 ж С Петербургте өткен Ресейде мекендейтін 10 мұсылман халықтарының өкілдері қатысқан Мұсылман съезіне қатысып, Ресей мұсылман халықтарының орыс отаршылығына қарсы ортақ күрес идеясын ұсынды. Уақытша үкіметтің 1917 жылдың 3 – ңаурызында Торғай облысы бойынша комиссары, ал 7 – сәуірде Түркістан комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін 1917 – жылдың 21 – 26 шілдесінде Орынборда бүкілқазақ съзін өткізіп, Алаш партиясы атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1917 жылы Қазан революциясынан кейін тәуелсіз қазақ мемлекеті Алаш автаномиясын құру мақсаты мен Орынборда 5 – 13 желтоқсанда Алаш партиясының ІІ съезін өткізіп, Алаш автаномиясын құру туралы шешім қабылдады. Осы съезде «Алашорда» үкіметі құрылып, Бөкейханов жасырын дауыспен оның төралығына саиланды. Алашорда үкіметі Батыс бөлімшесінің қызметіне рухани басшылық етті.

Ресей федерациясы құрамында қазақ мемлекетінің сақтап қалуға тырысқан Бөкейханов 1918 жылы наурвзда Семейден тікелей телефон арқылы РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы В. Лениннің Ұлт істері халық комиссаы И .Сталинмен келіссөз жүргізеді. Азамат соғысының аяқталу қарсаңында Алашорданың қазақ халқа арасындаға беделінен қаймыққан кеңес үкіметі қырғыз (қазақ) ревалюциялық комитетінің 1920 ж 9 – науруздағы бұйрығы мен Алашорда мемлекетің таратып , оның басшыларын қуғын сүргінге ұшыратты. Бұл кезде 1922 – 27 ж Бөкейханов Мәскеуде КСРО халықтары орталық баспасының қазақ секциясында әдеби қызметкер болып істейді. 1927 – 37 ж Мәскеуде бірыңғай ғылыми әдеби аудармашылық қызметпен айналысада. Осы мерзім ішінде бірнеше рет саяси айып тағылып, жауапқа тартылған Бөкейхановты 1937 ж тамызында түрмеге жауып, 27 – қыркүйекте ату жазасына кеседі.

3. Бөкейханов экономист-ғалым ретінде орыс тілінде «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры» , «Қазақтар» , «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», «Қарқарала уезіндегі қазақтардың рулық құрылымы» , «Павладар уезі» және «Адай уезінің қазақтары » атты іргелі ғылыми еңбектер жариалады. Бөкейханов 1894 – 1913 ж «Степной край», «Степной пионер», «Голос степей», «Иртыш», «Семипалатенский листок» , «Тургайская газета», «Туркестанские ведомости», «Оренбургский листок» басылымдары мен Айқап журналы мен тығыз қарым қатынас орнатып, олардың беттерінде өзінің публицистикалық шығармаларын жариялады. Алашорданың органы болған – «Қазақ» ( 1913 – 18), «Сарарқа» (1918) газеттерін, «Абай» (1918) журналын шығаруды ұйымдастырып, Кеңес үкіметі жылдарында «Темірқазық», «Қызыл Қазақстан» , «Жаңа әдебиет», т.б. журналдары мен «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» т.б. газаттері мен жиі араласып, олардың беттерінде «Қыр баласы » , «Ғ Б», «Қ Б», «А Б», «Сын степей» , «Туземец» деген бүркеніш аттар мен көптеген публицистикалық еңбектерін жариялады.

Бөкейханов қазақ тарихы, әдибиеті мен фольклорын зерттеу ісіне де зор үлес қосты. 1907 ж Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев » атты қазанамалық мақала жазып, 1909ж Абайдың ұлы Турағұл Құнанбаев пне Кәкітай Ысқақов дайындаған қазақтың ұлы ақыны – А. Құнанбаевтың бір томдық шығармалар жинағын басып шығарды. Әр жылдары «Қарақыпшақ», «Қобыланды», «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген кім?», «Ән-өлең және оның құралы» т. б. еңбектерін қазақтардың шығу тегіне арналған «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» этнографиялық сипаттағы «Қазақтардың ас беруі» зерттеулерін жариялады. «Ер Тарғын» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»жырларын жинап бастырды. Орыс жазушылары Толстой, Чехов, Короленко, Малин – Сибиряк, француз жасушысы Ги Де Мопассаның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Бөкейханов 1989ж 16- мамырда ақталып, туған халқымен қайта табысты.

ІІІ. 1937 жылы 27-қыркүйекте КСРО жоғары соты әскери коллегиясыныңнегізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейханов 1989 жылы 14- мамырда КСРО жоғары сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.

Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелері болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті меселе ұлттық теңдік, саяси бостандық еді.

Әлихан Бөкейханов мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы қайраткердің соңынан ерген інілерлерінің бірі, азаттықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басынды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз! Өмірінде жүрген жолың біздің інілерімізге жағып қойған шамшырақ » - дегенде асыра айтып қателескен жоқ еді

Бақылау сұрақтары:

1.Алихан Бөкейхановың өмірі мен қызметі.

2.Шығармашылығы мен еңбегі.

3.Мерзімді басылымдарда қызметі

4.Алашорда үкіметінін премьер-министрі

5.Сібір экспидициясы құрамында


Лекция №19 Тақырыбы. Әлихан Бөкейханов

Жоспар:


1 Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасын зерттеуге қосқан үлесі.

2 Әлихан Бөкейханов Қазақстанның қоғамдық саяси және мәдени өмірі.


Пайдаланған әдибиеттер.

а)негізгі

1.Мәмбет Қойгелдиев«Ұлттық саяси элита» А. 2004ж

2.Мұқтарқұл Мұхаммед «Алаш Бағдарламасы қиянат пен ақихат» А. 2000ж.

3.Папов Ю. Әлихан Бөкейханов Тағдыр және уақыт “Орталық Қазақстан” 1992 ж. 22 қазан.

4.Қойгелдиев М. “Қуандым түнде жүріп күн шығар деп”. “Социалистік Қазақстан”. 1990 ж. 14 январь.

6.Қойгельдиев М., “Әлихан Бөкейханов А., 1994ж. 7-б.

7.Қойгельдиев М. “Алаштың Әлиханы” Ақиқат 1991 ж. №11

б)қосымша

1.Сұлтанхан Аққұлұлы “Ұлт мұддесін қорғаған” Егеменді Қазақстан 1994 ж. 15-шілде.

2.Ә.Бөкейханұлы “Қазақтар” Ана тілі 1990 ж.

3.Ғалым Ахмедов «Алаш – Алаш болғанда» А. 1996ж.

4.М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» А. 1995ж.


1. Қазақ халқының атамекенінің немесе экономикалық территориясының қалыптасуының сан ғасырларға созылған күрделі тарихы бар. Тұтас бір территорияға негізделген, орталықтанған қазақ мемелекетін құру процесі Қазақстанның Россияға қосылуына дейін аяқталып болмаған еді.

ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан дейінгі мерзімде Қазақстан Россияға түгелдей қосылдырылды да, нәтижесінде Россия империясының феодалдық-патриархаттық қатынастар үстем болған отары болып тынды. Отаршылдар қазақтың орталықтанған мемлекеттігінің құрылуымен оның біртұтас этникалық территориясының қалыптасу процесін күштеп тоқтатты.

Патша үкіметі қазақ хылқы мекендеген жерді, оның сан ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан ата мекенін мемлекеттің меншігі деп жариялап, жұрайлы жабындықпен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ әскерлерін орналастыру алқаптарына, патшаның жеке меншігіне тағы сол сияқтыларға пайдалану үшін күшейте тартып алып отырды. 1917 жылға дейін отарлаушылар қазақ халқының иелігінде болып келген жердің 45 миллион десатинасына қожалық етті. Патша отаршылары мұрат мөңкеұлының сөзімен айтсақ, Еділді алып етекке, Жайықты алып жағаға қол салды, ойылды алып ойындағысын орындады.

Түрлі қазақ ххалқынның сан ғасырдан бері қалыптасу процесін бастап кешіп келе жатқан территориялық тұтастығын да тас –талқан етті. Әкімшілік басқару тұрғысынан Қазақстан басқару тұрғысынан Қазақстан территориясы бөлшектенді. Өлкенің батысының айтарлықтай бөлігі Авсрахань генерал-губернаторлығына, солтүстік шығыс-Батыс Сібірге, оңтүстік облыстар-Түркістан генерал-губернаторлығына т.б. бағындырылды.

Бұл империалистік алпауыстар отар аймақтарда орнатқан “бөліп ал да, билей бер”, -деген принциптің айқын көрінісі еді.

Өз заманында халқының қамын ойлап, отарлау саясаты жете түсініп, оған қарсы әр түрлі әрекет жасаған ғалым, экономист, қоғам қайраткері Әлихан Нурмухаммедұлы Бөкейханов болды.

ХІХ ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылық училищисінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстарын айналысты. Россияның көрнекті экономистері, географтары қатысқан “Россия біздің отанымыздың жалпы географиялықсипаттамасы”, атты көп томдық еңбектің Қазақстан даласына арналған 18 томына автор ретіндегі қатысты. Ол 1903 жылы шықты.

Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жалғастырып келе жатқан халықтың болашағына Әлихан Бөкейхановтың көзқарастары онда кеңінен орын алуы табиғи нәрсе. Кітап беттерінде ол оқырмандарды былай деп нандырады: Самодержавие жартылай жабайы халықтың мінез-құлқын жұмсартып, дәулет деңгейін көтеруге өзінің міндеті етіп отыр, ол “қазақтардың өздерінің мүддесі көздейді, сауда транспорттарының жүріп тұруына ыңғайлылық” жасау үшін мүмкін болғанның бәрін істейді, ең бастысы, күллі цивилизаторлық ісін жүзеге асыру нәтижесінде самодержавие астықты арзандатып, көшпелілердің өмір сүруін қамтамасыз ететін болады.

1896 жылы үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған. Ф.А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылды.

2. Әлихан Нурмұхамедұлының 1896 жылы құрылған қазақ даласының шаруашылығын зерттеу экспедициясына қатысуы оның қоғам-қайраткері, ғалым ретінде танылған елеулі еңбегінің жарқырап көрінген тұсы еді.

Экспедиция мүшелерінің қатарында белгілі ғалымдар Л.К. Чермак, И.Ф. Гусев, И.Д.Трипольский, Н.Ф.Дмитриев, В.А. Владимирский т.б. болды. Әлихан олардың ішіндегі ең беделділерінің бірі және өз алдына жеке топқа басшылық жасады. Өйткені ол көшпелі байырғы жалықтың әдет-ғұрыпмен жер шаруашылығын етене жақсы білді. Қазақ даласына қоныс аударушы орыс мұжықтарына “артық жер” бөліктерін кесіп беру үшін экспедиция әуелі төмендегідей мәліметтерді зерттеп, шешіп алуды өз алдарына мақсат етіп қойды.

1.Көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдердің заңдылықтарына көз жеткізу.

2.Қазақтарды ауылдық қауылға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша жіктеу.

3.Сол жеке шаруашылықтарға қажет төрт түлік малдың келемін есептеп шығару.

4.Әр түліктің керекті жайылым мөлшерін, яки жер нормасын анықтау.

5.Этникалық жағынан, жоғырафиялық ерекшелігімен тарихи даму тұрғысынан зерттеу. Экспедицияның қызметі 1896 мен 1903 жылға дейінгі мерзімге созылып, жалпы саны 12 уезді қамтыды, 13 томнан тұратын ғылыми-зерттеу еңбегін бастырып шығарды.

Ол көшпелі шаруашылықтың сан ғасырдан бері жинақталған тәжірибелерінің құпия сырларын ғылыми зерттеліп, жіліктеп, талдай келіп, “қазақ көшпелі шаруашылығы-бұрынғы табиғат құбылыстарына орай сәйкестендірілген дәстүрлі түрінен өзгеріп, қазір жер өңдеу яки диханшылықпен малшылық орналасқан, жылдың 8-10 айын отырықшылықпен өткізетін жаңа сапаға көтерілген шаруашылық”, деген тың пікір айтады

Бұл көшпелі тұрмыстың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық түрінен әулеттік-экономикалық құрсаудың нәтижесінде соны бір сатысына оту кезеңін сипаттаған ғылыми мәні зор тұжырым еді. Екінші қазақтық ауылдық қауым және оның жүйелену қисынын ғылыми сүзгіден өткізіп, түзіп шыққан да Әлихан болатын Ол ескі рулық патриархалдық қауымының енді шаруашылық негізде саны сапалық деңгейде қайта құралатындағы анықталды. Ауыл шаруашылығының тұңғыш ретғылыми тілде айналысқан түсрігне “қыстау”, тағы “жайлау”, “күзету”, “шаңырақ меншігі”, “қой бөлік”, “Ата бөлік” т.б. қазақша төл ұғымдарымыз арқылы экономикалықкатегориялар жіктегендігін айтып кетуіміз ләзім. Қыстаудың шаңырақ санына қарай бірінің “5-тен 50-ге шейін”, олардың қоғамдық еңбек бөлінісі “қар арту”, “пішен дайындау” ортақ болатынын жайылым меншігі – бір атаның немесе бірнеше атаның иелігі болатынын атап көрсетті .

Ғылыми ауылдық қауымның ішкі экономикалық байланысты әлеуметтік рухани бірегейліктің мықты негізі екенін дәлелдеп берді. Күні бүгінгі дейін тарихшы, этнограф, экономист ғалымдар қазақ халқының өткен ғасырдағы қоғамдық өмірін зерттеген еңбектерінде Ә.Н.Бөкейхан жасаған осы жүйеге сүйеніп келді .

Экспедиция мүшелерінің тыңғылықты зерттеу жұмысының нәтижесінде кіші отаудың орташа күн көрісі үшін 1-24 мал басына, 5-8 десятинаға дейін тиеселі енші кесіп берілетіндігін, ал ауылдық қауымның шаңырақ иесі 90-192 десятина шамасында жер мөлшерін пайдалануға толық құқысы барлығын есептеп шықты. Экспедиция барысында шаруашылықтардың 67%-не санақ жүргізілді.

Материалдар 1905 жылы жарық көрді. Топ жетекшісі Л.К. Чермак Ә.Бөкейхановтың үлесін жоғары бағалады, “Ол қауымдық-ауылдық топтарға ескертулер енгізіп отырды, түрлі схема жасады, табығи тарихи өлкелердің құрылымын анықтады, оларды сүреттеп жазды, көшіп-қонудың кестесін, сондай-ақ қырғыз сөздерінің алфавиттік көрсеткішін жасады. Ол И.Ф. Гусевпен бірігіп, қырғыздардың “қазақтар” жер пайдалану картасын жасалды.

Бұл сала егер пайдамен жүргізілсе, барлық қажетті ашады, соның ішінде астықпенде қамтамасыз ете алады.

Әлихан Бөкейханов қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдерінің ізгі ойларының қазақ жұртына жеткізушілер сонында болды. Патшалық болмыс жағдайында саяси күрескер ретінде қалыптасқан оның қызметінде қатерлік кеткенімен социалистік революцияға дейінгі азаматтық ерлігіне әділ баға беру бүгінгі ұрпаққа сын.

Әлихан Бөкейханов қалдырған, ақсатын жеткен асыл мұраны жан-жақты талдап бойыптап түсіну, халықтың кәдесіне жарату алдағы міндет.

Бақылау сұрақтары:

1.Алихан Бөкейхановың өмірі мен қызметі.

2.Шығармашылығы мен еңбегі.

3.Мерзімді басылымдарда қызметі

4.Алашорда үкіметінін премьер-министрі

5.Сібір экспидициясы құрамында

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Похожие:

«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті гуманитарлық білім факультеті отан және шетел тарихы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница