«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы




Название«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы
страница6/14
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Tajibekeev.AlKTar-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бақылау сұрақтары:

1.Қазан төкерісіне шығу себебі.

2.Төңкерістің әлеуметтік базасы

3.Қөтерілшілдері қозғаушы күштері.

4.Петроградта қарулы көтеріліс

5.Оңтүстік шығыс одағы


Лекция №15. Тақырып: 1917 жылғы Қазан төңкерісі.

Жоспары:

1. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатудың ерекшелігі. Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-саяси ахуал.

2. Екінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері.


Пайдаланған әдебиеттер


Қазақстан тарихы .Очерктер .Көне заманнан бүгінге дейін.Алматы 1994 ж

Х Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы 1995 ж

Ә Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

К Мамырұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

М Тынышпаев История казахского нырода А 1994 ж

К Нұрпеисов Алаш пен Алаш Орда Алматы 1992 ж


1.Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты.

Соның нәтежесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады. Ресейдің отарлауаудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә Жангелдин , В Чекмаров , П Кобезев және т.б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотев , Бекен Серікбаев , Сәкен Сейфулин , Тоқаш Бокин , Амангелді Иманов , Әбдірахман Әйтеев , сияқты көптеген күресшілерді шығарды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер больщевиктер жағынан түгелдей шықты . Мұндай жағдайда Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор , Орал , Жетісу , обылыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы осы күресте жанын қиған құрбандықтар арқасында ғана тиді.

2. Кеңес өкіметі алдымен Сырдария облысында жеңіп шықты . Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы , оның саяси-экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы қазанда Кеңес өкіметі құрылғанан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (шымкент ) қаласында жеңеді . Қараша , Желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада , Түркістанда , Қазалыда , Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елдімекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады . Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін күресте большевиктер өздерін жақтаған ұсақ буржуазиялық топтар және ұйымдар мен әскерлерімен, интерноционалдық меньшевиктермен “Үш жүз ” партиясымен келісімге барды .1917 жылдың күзіде Қазақстанда өзін Қырғыздың (қазақтың ) социолистік париясы деп атаған “Үш жүз ” партиясы құрылды .Оның жетекшісі –адвокат , журналист және драматург Көлбай Тоғысов болды .Оны Шаймерден Әлжанов , Әбілхайыр Досов , Ысқақ Көбеков , журналист Мұқан Айтпенов т. б қолдады К Тоғысов 1907-1912 жылдары патшалық -әкімшілік тарапынан қуғынға ұшырады .1916 жылы Ташкент қаласында “ Алаш” атты газет шығарылды . 1917 жылы наурыз-сәуір айларында К Тоғысов Сырдария облысында “ Шора-и-Ислам ”партиясын құруда Мұстафа Шоқайұлына көмектесті .

1917 ж жергілікті бұхара халықтың қолдауымен Кеңес өкіметі Ақмола және Семей обылыстарында кең өрістеді . Петропаволда жұмысшы және шаруа депуттары Кеңестің темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 ж 22 қарашада революциялық уақытша комитет құрылды., оның құрамында Ғ Ылырысов , Я Побелянский , К Сүтішев , П Рыжов және т.б кірді . Бұл комитет сол жылғы 27 желтоқсанда Ақмолада өткен еңбекшілердің бұқаралық Жиналыснда биліктің кеңестерге көшпелі туралы қарар қабылданды. Дегенмен , Көкшетау , Павлодар , Атбасар Семей , Өскемен уездерінде қазақ-орыс және офицерстаршина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан , Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазан төкерісіне шығу себебі.

2.Төңкерістің әлеуметтік базасы

3.Қөтерілшілдері қозғаушы күштері.

4.Петроградта қарулы көтеріліс

5.Оңтүстік шығыс одағы


Лекция 16. Тақырыбы: Алаш орда және Түркістан автономиясы үкіметтерінің құрылуы.


1.ІІ- Бүкіл қазақтың сьезд және оның қауылысы.

2.Алаш орда өкіметінің құрылуы.

3.Алаш қозғалысының Алаш орда өкіметінің тағдыры.


Пайдаланған әдебиеттер:

Ч.Мусин Қазақстан тарихы.

К.Аманжолов Қазақстан тарихы.

Дәрістер курсы І-ІІ

Қазақстан тарихы 5-томдық ІІІ том.Көне заманнан бүгінге дейін.

Қазақстан тарихы. Очерктер.


1.Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 шы 5-13 желтоқсанда орынборда «Алаш» партиясының кезекті (үшінші) сьезі отті. Сьезде Алаш орда автономиясының орнағанын және кадет партиясы орталық комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет құрылғанын хабарлады,программалық документтер қабылдады. Ол 25 000 адамнан тұрады мимизия формасындағы ұлттық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.

Алаш өкіметін құру мәселесін 1917 жылы шілденің 21-28 інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық І сьезінде қаралған болатын, сьезде 14 мәселе талқыға түсті.Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: «Русия демократическая», «Парламентская республика» болып, қазақ облыстары қонс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мақтап айта алғандары: «қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Осындай дұрыс ой-пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ. Ал қазақтың ұлттық – территориялық мәселесін Алаш орда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласындағы жалпықазақтың ІІ сьезінде заңды түрде бекітті.

2. Алаш орда автономиясының оның конститутциясын бүкілрассиялық құрылтай сьезі бекітуге тиіс. «Алаш» партиясы программасынаң жобасы 1917 жылы «Қазақ» газнтінің 251ші санында жарияланды. 10 баптан тұратын саяси қазақ елінің ұлттық, тілек – мақсатының негізгілері баяндалды, онда: «Алаш орда» үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі «федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет» ретінде анықталды. Ол екі республиканың Құрылтай жиналысымен мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетінің Президентпен министірлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесінде, дінді мемлекеттен бөлудіде сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құрумен салық салу ісін ұйымдастыру, «Түземдіктердің» жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және мемлекеттік меншікті орнату сияқты т.б. шараларды да қамтыды.

Осы жалпықазақтық ІІ сьезінде: «Алаш облыстарының қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі құрылды, оның аты: «Алаш орда» деп аталды. «Алаш орданың» өкімет құрамы 25 адам болып, он орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.

Алаш автономиясының Алаш орда аталған ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлихан Ганашев (Бөкей ордасы) , Халел Досмұхамедов (Орал обылысы), Халаел Ғабасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу обылысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы, облыстардан тыс алаш орда құрамына Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Тынышбаев,Б,Құлманов,Ж.Ақбаев, Б.Мамұтов, О.Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі. Ә .Бөкейханов автономиясының үкіметі Алаш орданың төрағасы болып сайланды.

Сол кездегі Алаш Орда Автономиалық мемлекетінің жері Россия империяасының бес жікшілік құрамы болып кірген еді. Сырдаря мен Жетісу обылыстары – Түкістан генерал-губернеторлығына, Торғай обылысы тікелей Россия мемлекетінің құрамына кірді.

Алаш Орданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар, 1918ж көкектің екісіне дейін Халил мен Жаһанша Досмұхалидовутар Масквада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабілдауында болды. Ә.Бөкейханов, Л.Ғаббасов, Ә. Ермековтар . И. Ленин және И.В.Сталин мен қазақ автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді.

«Қазақ» газетінің 1918ж 30 шілдеде шыққан 262 санында «заречное свобода Алаш Орда хкіметінің іске кіріскені» туралы телеграма басылған.

Сонысен қатар 1918ж майда Оралда өткен қазақ сезінде Жаһанша және Халаел Досмұхалидовтар бастаған «ойыл уәаятының » уақытша үкіметі жариаланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымынты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш Орданың батыс бөлігі жеке үйым деп есептелмеген, Алаш Орда автономиасының торағасы Ә. Бөкейханов Алаш Орданың батыс бөлігін құру жайында іс-қағазына қол қойған, бірақ Алаш Орда заңды түрде мұндай бөлінуі болмаған. Осының бәрән ескере отырып, Алаш Орданың батыс бөлігін жеке ұйым деп есептеуге болмайды – деп жазды Қырғыз өлкесінің басқарушы Пестковскииге 1920ж 23 ақпанда жазған есебінде.

«Алаш Орда» үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында өкілетті өкімет биліктерінің ұйымдастыруға кірісті, «Рессей патриотизімге» ақырына дейін адалболып қалған әскер бөлімдерінің атамандарының әскери одақ құрып, олардан қару жарақ алмақ болды.

Алаш өкіметінің төрағасы Ә. Бөкейханов 1919ж басында Омбыда Колчакшан қару-жароақ сұрау ниетімен барғанда. Алаш Орда үкіметіне бағынышты әскелдің құрамын, тұрған жерін санын айтады: соладың ішінде:

Жетісу майданында – 700 адам, Тройцкіде-540 адам, Орал обылысында 2000 адамнан құрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Клчок қазақ автономиясын мойындаудан бас тартқан соң Алаш Орда Үкіметінің басшылары сабет өкіметін кен\лісімге келді. Ол Байтұрсынов 1919 ж 25 шілдеде кирревконның мүшесі болып В.И.Ленин, қолынан мандат алды.

Батыс Алашорда басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919ж 21 желтоқсанда Орынборды Кирревконға жазған хұпия хатында атты казактардың қыстағына қарамастан Алаш солдаттарының қызылдарға қарсы соғыспағанның, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында қара беріп кейін қашып кетіп жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының оралдағы соғыс—револютция советінің мүшесі Летава- Мюратпен байланыс жасап, ақтарға қарсы әрекеттерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан тазартуларын өтінгендерін хабарлайды. Азамат соғысы жылдарында Алашорда кеңес өкіметін жау күштермен одақтас болды. Нәтежесінде азамат соғысында жеңіске жеткен. Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық саяси өтірінен аластауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жопын да қолдану кезінде (1919-1920ж) кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқанардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттың демократиялық интелигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен «халақ жауы» аталып, сталиндік әкімшілік әміршіл жүйесінің құрбандары болды.., ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды.

3. «Алаш Орда» үкіметінің қазақстандағы 4 жылдық басқару кезеңі, міне осынлай аяқталды. Кеңестік социализм идеолыгтары « Алаш Орда» бүржуазиялық ұлтшылдық қозғалыстан өзге еш нәрсе емес деп бағалайды.

Алайда біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей оның қызметімен бағдарламасына «Бұржуазиашылдықтардың» ешқандайда белгісі жоқ. «Алаш» - «Ұлттық диаспоралық» партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқынаң өз тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күрестің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.

Сонымен патшалық Ресейдің отарлау кезеңі «Алаш Орда» автономиясының уақытша жүргізген ұлттық басқаруы кезеңімен алмасты. Ал «Алаш Орда » үкіметін Кеңес үкіметі 1920ж құлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттік орнады. Сонымен қорта келгенде ақпан көтерілісінен кейін ұлттық қозғалыс жаңа серпін алды. 1918ж 22 қаңтарда кеңес үкіметіне балама ретінде Қоқанда Түркістан автономиалы республикасы, ал 1917ж 5-13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» автономиасы жариаланды. 1920ж 9 мартта Қырғыз рефкомы Алашорданың және оның барлық мекемелерінің жойылғаны туралы хабарлады.

Бақылау сұрақтары:

1.ІІ- Бүкіл қазақтың сьезд және оның қаулысы.

2.Алаш орда өкіметінің құрылуы.

3.Алаш қозғалысының Алаш орда өкіметінің тағдыры.

4.Түземдіктердің» жерді пайдаланудағы құқығы

5.Алаш автономиясы

6.Халық шаруашылығының дамуы

7.Кеңестік социализм идеологы


Лекция №17 Тақырыбы: Алаш орда және Түркістан автономиясы үкіметтерінің құрылуы.


Жоспар:

1. Алаш автономиясының құрылуы.

2. Алаш Орда кеңес үкіметі мен азамат соғысы жылдарында.

3. Түркістан автономиясының құрылуы.


Пайдаланылған әдебиеттер.

а)негізгі

1.Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж

2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96

3.М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95

М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95

5.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.

6. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж

7. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992

8. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.

9. М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.

10.Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.

б)қосымша

1. С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990

2. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар

3. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада

4. Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992

5. Ә.Әбдікәкімұлы «Қаз тар» оқу құралы А.1997


1.Қазақ автономиясын құру жолындағы қиындықтарды туралы әңгімелейтін құжаттармен деректер жарияланған «Ақтар қозғалысын» өкілдер арасынан одақтастар іздеді, уақытша Сібір үкіметімен, құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен, Түркістан (Қоқан) автономиясымен, Башқұрт ұлтшылдарымен Орал әскери үкіметімен әскери-саяси одақ жасау –Алаш Ордашыларды қандастарын өлімге қиған азамат соғысына қатысуға итермеледі.

Большевизмнің идеялогиялық артықшылықтарын бекітіп берген Қызыл Әскер жеңісі оларды Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Төңкеріс комитетімен одақтасуға мәжбір етті, бұның өзі Кеңес үкіметімен одақтасу болатын.Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазды.Кеңес одағы тұсында жасалған зертеу еңбектері халық арасынан сайланып,елдің мүддесін биік мінберден қорғаған ардақтыларымыздың бәрі «Аты жаман» Алаш партиясының мүшелері болғандықтан,бір жақты қаралау ұстанымымен жазылды.

Белгілі Қоғам қайраткері ,тарих ғылымдарының докторы , профессор Өмірзақ Озғынбай еді. Ғалым ұзақ жылдар бойы осы мәселені түп ізденісіне түсіп ,өзіміздегі мұрағаттарды ғана емес, Санкт-Петербург ,Мәскеу мұражайларындағы деректерді де ақтарып ,қоймай жүргізген зертеулеріне арқасында қазақ даласындағы XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы саяси-әлеуметтік ахуалдан бастап ,думаға депутат сайлаудың қалай өткені ,олардың атқарған қызметтері , көтерген мәселелері жөнінде және осынау Алаш ардақтыларын кейінгі тағдырлары туралы да мол мағлұмат береді. Соңғы мәселеге байланысты Орынбор ,Омбы,Омск,Саратов,Ташкент,т.б қалалардыңда мұражайларында жұмыс істеді .

1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында «Кадет», «Народная свобода»,»Социал демократтар», т.б партиялар ресми түрде тіркеліп ,өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған .

Оған қазақтың оқыған зиялыларымен қатар ел арасындағы құлағы түрік,көкірегі ояу көптеген белсенді адамдар да өтіп өз партияларының мәслихатын халық арасына таратып отырған. Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларында шарпып ,патшаға қарсы ереуілдермен шерулер Орал, Перовск, Ақтөбе, Петропавл,т.б қалалардағы өнеркәсіп орындарында темір жол жұмысшылары арасынгда жиі болып тұрғаны белгілі. Міне,осынау кезеңде Думаға сайлау болатын туралы заң шыққаны туралы қазақ арасына жетеді.

Әрине бұл жақсы жаңалық еді. Өздерін теңгермей ,жарты кеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігіне орын бермеген қазақ арасында жыл келгендей жақсы хабар әкелгені шындық.Жергілікті төрешіл үкіметтің басшылары болса,өздері кемсітіп жүретін қазақтардың жоғарғы үкімет органына сайлану құқығына ие болғанына шек келтіріп, Петербордан басқа бұйрық келіп қалар ма екен деп ойлап,сайлау науқанын ұйымдастыруды көп уақыт қолға алмайды. Жергілікті халықтың қысымымен қолға алынған ол мерзімнен әлдеқайда кеш басталады.Қала берді ол аумақтық бөлініске келгендеде барынша әділетсіз болады.

Мәселен,қазақ даласын Ақмола ,Семей ,Торғай және Орал губернияларына бөлінген он депутаттық мондаттың бүкіл халықтың жетпіс пайызын құрайтын қазақтарға төртеуін, ал отыз пайызын құрайтын орыстар қоныстанған қалаларда алтауын береді .Бұған әрине, қазақтар арасыннан наразылықтар білдіріп кей біреулер социал демократтар партиясын «Болшевиктер» қанатының үндеуімен сайлауға байкотта жариялайды .Осындай тіке-тіркестің салдарына уақытылы өткізілген сайлаудың кесірінен Қазақстандық депутаттар кеш қалып Дума жұмысына алғашқы күннен қатыса алмайды.Дегенмен,қанша жетіспеушіліктері болса да ,бұл қазақ даласында демократиялық жолмен өткен тұнғыш сайлау еді.Енді онда сайланған депутаттардың есімдерін толығымен атап ғкетейік.Олар:

Семей облыснан Ә.Бөкейханов, Торғай облысынан А.Бірімжан, Орал облысына А.Қалменұлы, Ақмола облысынан Ш.Құсшығұлы, Жетісу облысынан М.Тайынұлы.

Сонымен бірге қақзіргі Қазақстан аумағына енбейтін қазақтар қалың қоныстанған аумақтардың арасынан Астрахан губерниясынан Бақтыгерей Құлманұлымен Дәуіт Ноян-Тұндыт, Уфа губерниясынан Сәлімгерей Жәнтөре еді. Сөйтіп бірінші Думаға қазақтар арасынан 8 депутат сайланды.

Азамат соғысы жылдарында (1918-1920жж) Орынбор мен Самара қалаларында қазақ және башқұрт ел басшылары арасында бірнеше келіссөздер мен жиналыстар өтті. Мұндай келіссөздердің жетістіктерінің бірі «оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының федерациясын» құру, башқұр-қазақ әскери бөлімдерін қалыптастыру болды.

З.Валиди өзінің естеліктерінде 1918ж. 18-21 шілде аралығындағы келіссөздер туралы былай деп жазды «Саитгерей Магазов Семейге келгенде, онда Алихан Бөкейханов пен бұрынғы Қоқан автономиясының басшысы Мұхамеджан Тынышпаев болды. Бұл Қоқан республикасы, Алаш Орда және Башқорыстан лидерлері ұйымдастырған алғашқы бірлескен съезі болды».

Өкінішке орай, көптеген себептерге байланысты Түркі елінің ұлттық қолбасшыларының жоспары жүзеге аспады. Сол кездегі күрес жайлы Башқорстан саяси қайраткері және тарихшысы З.Валидов естеліктерінде жақсы көрінеді: «орталық (Мәскеу) келешекте де бұрынғы отар елдеріндегі орыс пролетариатының өкілдеріне сүйенді, біз олардың «басшыларына» адалдық пен берілгендікті қанша лайықты көрсетсек, соншалықты олардың сенімділігін пайдалана аламыз, бізге деген сенімсіздік Ресей шегінде социализмнің жеңісінен кейін де сақталып қалады. Тіпті әлемде социализм орныққаннан кейін де шығыс халықтары Ресей метрополиясының және жұмысшыларының тарапынан «басқару жүргізілмейінше қанағаттанбайды дегенді мен Лениннің өз аузынан естідім...»

Мұның бәрі Лениндік түсінік «... социализм құру жолына түскен шығыс халқы ешқашан орыс коммунистерінің сенімін пайдалана алмайтынын мен түсіндім»

Бұл мәселе – шовинизм ұлттық ел басшылары алдында кеңес үкіметіне қарсы ашық күрес туғызу қажеттігін қойды. Дәл осы уақытта Т.Рысқұлов, Н.Ходжанов және т.б. пікірлестер Түркістан комиссиясынан және Түркістан атқарушы комитетінен шығарылды. Олардың орнына «интернационалистер» сеніміне ие болған басқа адамдар тағайындалды. Осылайша революция кезінде шығыс халықтарының өтірік алға қатқанымен билік қолына тиісімен большевиктер өздерінің шовинистік пиғылын ашық көрсете бастады.

2. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы және азамат соғысы

Ресейдегі ақпан революциясынан кейін билік үшін кадеттер мен кеңесшілдер арасында талас басталды. Уақытша үкіметтің беделін шұғыл құлдырауы және оның нақты биліктен айырылу жағдайында 191ж. 25 қазанда ( қараша) Петроградта солшыл эсерлер және социал-демократиялық, социал-революциялық партиялардың біршама радикалды бөліктерінің калициясын билікке әкелген қарулы төңкеріс жүзеге асты. Үкімет билігі В.И.Ульянов Ленин басшылық еткен Халық комиссарлар Кеңесінің қолына өтті. Жұмысшылар мен солдат депутаттардың Кеңесінің екінші съезінде қабылданған декреттер Ресейдің соғыстан шығуын, жердің шаруаларға берілгендігін және әртүрлі деңгейдегі кеңес билігінің жер-жерде орнай бастағанын жариялады.

3. Түркістан генерал- губернаторлығының құрамына енген Сырдария және Жетісу облыстарындағы Кекңестер шұғыл түрде билікті өз қолына ала бастады.

Оңтүстік Қазақстанада билікке келген Кеңес үкіметінің отаршылдық сипаты 191ж 15-22 қараша аралықтарында Ташкент қаласында өткен Кеңестің III. өлкелік съезінде айқын көрінді. Мұнда Кеңестік Түркістан автономиясы жарияланды. Бұған қарама-қайшы 26 қарашада Қоқан қаласында IV төтенше Мұсылман съезі өз жұмысын бастады, оның басты нәтижесі уақытша кеңес басшылық еткен. Түркістан Мухтариятын (автономия ) жариялау болды. Уақытша үкімет басшысы М.Тынышпайұлы, шет істер министрлігінің басшысы болып М.Шоқай тағайындалды. Осылайша 1917ж қараша желтоқсан айларында Қазақстанның оңтүстігінде өзіндік қос үкімет қалыптасты. Бірақ Ташкенттегі Кеңес үкіметі өздеріне оппозициялық әрекеттегі мұсылман үкіметінің қызметімен келісе алмады. 1918ж қарашаның 5 жұлдызынан 6-сына қараған түні Кеңестік Түркістанның барлық қарулы күші Қоқанд қаласына шабуыл жасап Қоқан автономиясы құлатылды. Жалпы қазақ елінде жоғарыда болып жатқан күрес түсінікті болған жоқ.

Қазақтардың негізгі бөлігінің бейтараптылық жағдайында Орынборда Кеңес үкіметі орнықты, бірақ бұл ұзақ уақыт әрекет етпеді. Орынбор казак әскерінің басшысы А.Дутов Алаш партиясының және меньшевиктердің қолдауымен Орынбор Кеңесінің мүшелерін қамауға алды. Бірақ 191ж Аяғанда Қостанайда Орынборда Дутов пен оның одақтастары жеңіліп далаға шегінді.

1917ж қараша желтоқсан айларында Қазақстанның солтүстік қалаларының көпшілігінде билік большевиктер қолына өтті. Қарулы күш қолдану жолымен Кеңес үкіметі 1918ж ақпанда Семейде, наурыз айы,нда Верныйда орнатылды. Тек қана Оралда казак әскерлерінің билігін большевиктер жоя алмады. 191ж қараша 1918ж наурыз айларында Қвазақстанның көптеген қалаларында Кеңес үкіметі жарияланғанымен большевиктер ықпалы қалалар мен оның маңындағы терір жолдардан әрі аспады. Халықтын көп бөлігі, әсіресе Қазақстанның далалық өлке қазақтары Алаш Орда үкіметі мен оның жергілікті комитеттеріне бағынды. Ал қазақ станциялары- әскери үкіметке, немесе атамандарына қарады.

Большевиктер мен олардың саяси қарсыластарынан ұстанған бағытының қарама-қайшылығы 1918ж көктемде елдің кбарлық аумағында азамат соғысының кең жайлауына ықпал етті. Қарулы қақтығыстрың басталуына жергіулікті Кеңестің Сібірден шығып Владивосток арқылы Еуропаға бағытталған, бұрынғы әскери тұтқын чехтар мен словактардан құралған Чехославак корпусының бір бөлігін қарусыздандыру әрекеті себеп болды. Алғашында Петропавлскіде кейін Семейде орын алған көптеген көтерілістер Қызыл Армияның көктемгі-жзазғы шабуылы антибольшевиктік күштердің соңғы жетістігі болды.

Сәуір айында Қызыл армия оңтүстік Оралда қарсы шабуылға шығып маусым айында Уфа мен Қостанайды алды. Ақ гвардияшылар мен Қызыл армия бөліктерінің арасындағы ауыр шайқастар 1920ж көктемде солтүстік Жетісуда өтті, мұнда Дутов пен Анненковтың әскерінің қалдықтары шоғырландырылды. Ақ гвардияшылар жеңіліп, Қазақстандағы азамат соғысы аяқталды.

Анитибольшевиктік бірлестіктің жеңілуінің негізгі себебі ішкі келісім мен ынтымақтастық жоқтығынан. Әр жақ эсерлер мен меньшевиктер, шаруалар, жоғарғы офицерлік және басқа одақтастар қарама-қарсы мақсат ұстанды. Негізінен одақтық барлық өкілдері Қазақстанда тіпті шектеулі автономияның берілуіне қарсы болды, Бұл Алаш Орда туы астында біріккен қазақ интелллегенция өкілдерінің негізгі бөлігін оппозициядан бездірді. Қазақ халқы азамат соғысының ауыр кезінде екі аттың ортасында қалды. Оның бір жағында отар елдің үстінен билік жасап қалған отаршыл – монархистер болса, екінші жағында большевик атанған орыстың қара тобыры еді

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті гуманитарлық білім факультеті отан және шетел тарихы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница