«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы




Название«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы
страница5/14
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Tajibekeev.AlKTar-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бақылау сұрақтары:

1.Уақытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты.

2.Жер және ұлт мәселесі.

3.Қазақстанды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалуы.

4.Қоныс аудару басқармасы жүргізген саясаты.

5.Большевиктік партия

6.Теміржолшыларының Құрылтай сьезі


Лекция №12 Тақырыбы: Алаш партиясының құрылуы.

Жоспар

1.Бүкіл қазақ съезі, Алаш партиясының құрылуы.

2.1917 жылғы партия белсенділерінің қызметі.


Пайдаланылған әдебиеттер.

а)негізгі

1.Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж

2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96

3.М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95

4.М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95

5.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.

6. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж

7. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992

8. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.

9. М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.

10. Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.

б)қосымша

1. С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990

2. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар

3. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада

4. Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992

5. Ә.Әбдікәкімұлы «Қазақ тарихы» оқу құралы А.1997


1. Алаш партиясы Контрреволюцияшыл буржуазияшыл – ұлтшыл ұйым(1917-1920) Байлардың ,феодалдар мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының сойылынсоқты 1905 жылы кодет партиясының Қазақстандағы тобы ретінде пайда болды.Оған Ә.Бөкейханов ,М.Тынышбаев т.б қазақтың буржуазияшыл –ұлтшылдары құрды.1917жылы 21-26 июльде (3-8 августь)Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» («Бүкіл қазақтық») съезде «Алаш» партиясы саяси жағынан ресми түрде қалыптасып ,өзін басшы органдарын сайлады.»Алаш»партиясының бағдарламасы пан исламизм ,пан туркизм идиялогиясын уағыздады.

Қазақстанның буржуазия автономиясы ұранын көтерді ,потриархалдық-феодалдық ескі қатынастарды біртіндеп буржуазия қоғамының жағдайларына үйлестіруді ұсынды, ауылда жер иеленудің бұрынғы түрлерін сақтауды ,әдет прабасын негізделген сот жүйесін құруды ,халық арасында мұсылман дінін кең таратып,оның ықпалын көздеді.»Қазақ»(Орынбор) ,»Сарыарқа «(Семей ) газетері партияның осы идеяларын насихаттайды

2. “Қазақ ” газетінің 1917 ж 21 қарашадағы санында “Алаш ” партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жобаны жасаушылар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Елдес Омаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов деп көрсетілген. Бұдан көріп отырғанымыздай ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, әрі идеялық басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың аты-жөндері бірінші тұр. Ұдайы саяси қуғын –сүргінге ұшырағанына түрмеге жабылып, жазаға тартылғандарына қарамастан, олар өздерінің туған халқына шексіз берілгендігін көрсетті және оны іс жүзінде дәлелдеді. Олар қатігез отаршылдық пен полицейлік езгі жағдайында туған халқының мүддесін қорғады, оның өмір сүру құқын ғана емес, сонымен қатар дербес саяси даму құқығын да ғылыми дәйектілікпен айқындап партия бағдарламасының жобасын түзді.

Ұйымдасып көмеген қазақ зиялылары бостандық жарияланғаннан кейін алғашқы кезде әрқайсысы әр жақта ұйым ашты, олардың көбі ұйым деген аты болмаса, ен істеу керектігін өздері де білмеді, жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарынан (сауық кештерін қою, жазба газет шығару,т.с) әрі аспады.Мысалы Омбыда “Бірлік”, Қызылордада “Талап ”, Зайсанда “Қазақ жәрдемі ” т.б. ұйымдар болды. Орынборда бір топ қазақ жастары 1917 жылдың жазында “Еркін дала ” деген ұйым ашып, “Қазақ ” газетінің 17 шілдедегі санында халыққа мынадай үндеу жариялапты: “Бірінші тамызда оқытушылардың Орынборда жиыны болады.Учредительное собрание келіп қалады.Болатын өзгерістің жайын ұйымдасып кеңксуіміз қажет. Оның үстіне, жаңа туған қауымның көптің талқысына салатын сөздері бар. Соның үшін күш біріктіріп қызмет етуге сендерді біз шақырып күтеміз”.


Бақылау сұрақтары:

1.Бүкіл қазақ съезі, Алаш партиясының құрылуы себебі.

2.1917 жылғы партия белсенділерінің қызметі.

3.Уақытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты.

4.Жер және ұлт мәселесі.

5.Қазақстанды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалуы.


Лекция №13 Тақырыбы: Алаш партиясының құрылуы.

Жоспар:

1.Алаш партиясының бағдарламасы.

2.Алаш партиясының “Большевиктер”, “Кадеттер”, “Үш жүз ” партияларымен арақатынасы мен айырмашылығы.


Пайдаланылған әдебиеттер.

а)негізгі

1.Мұхтар Құл-мұхаммед“Алаш ” бағдарламасы А:2000 ж

2. Ғ.Ахметов Алаш –алаш болғанда естеліктер мен тарихи деректер А:96

3.М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты А:95

4.М.Қойгелдиев алаш қозғалысы А:95

5.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.

6. Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж

7. Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992

8. М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.

9. М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.

10. Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.

б)қосымша

1. С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990

2. М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар

3. Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада

4. Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992

5. Ә.Әбдікәкімұлы «Қазақ тарихы» оқу құралы А.1997


Лекция мәтіні

Алаш партиясының бағдарламасының жобасы.

I Мемлекет қалпы. Ресей демократиялық федеративтік республикаға енген әрбір мемлекет тәуелсіз болып табылады. Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау құқында дін, еркек, әйел талғаусыз болады.

Законда жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.

II Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстарының бәрі бір байланып өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. “Алаш ” партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земестволардың управаларында милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. “Алаш ” партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи (дамуына) ету жағына бастайды.

III. Негізгі хұқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек әйел демей адам баласы тең болу.

-жиылыс жасауға,қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік, үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығынан атамаушылық;

заңсыз жолмен ешкімді өкімет адамдары ұстамаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде бір жетідей қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға –айып, оқығанға жаза болу.

IV.Дін ісі.

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы балу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.

Муфтілік қазақта өз алдына болу.Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.

V. Билік һәм сот. Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кімде болса, олардың үкіміне мойын сұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присежный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен сот жұрт ұйғарған ерепсе жолмен атқарылу.

VI. Ел қорғау. ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету, әскер тобына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII. Салық.

Салық әл-ауқат табысқа қарай байға –байша, кедейге –кедейше әділ жолмен тарату.

VIII. Жұмысшылар.

Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод –фабрикалар аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. “Алаш” партиясы жұмысшылар турасында социал –демократтардың меньшевик табының програмасын жақтайды.)

IX.Ғылым –білім үйрету.

Оқу ордаларының есігі кімде кім болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жацылу.Бастауыш мектептерде ана-тілінде оқу, қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу, оқу жолы өз алдына автономия түрінде болу;үкімет оқу ісін е кіріспеу; Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

X. Жер мәселесі.

Учредительное собрание негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдамен жергілікті жұртқа берілсін деу;қазақ жер сыба ғасын отырғ ан жерлерденалып орналасқанша қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; Сыбаға өлшеу норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; Сыбағадан артылған жер земество қолында болу; артық туған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп беру; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иленбей ауыл-аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.Жер законынде жер сату деген болма, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земество қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земество мүлкіне саналу.

1917 ж 5-13 желтоқсанда Орынборда II жалпы қазақтар съезі өтті. Съезде жалпы “қазақ –қырғыз ұлты автономиясы ” құрылды.оған “Алаш ” деп ат қойылды. Автономияны басқару үшін “уақытша халық кеңесі”, “Алашорда ” құрылды. Ол 25 мүшеден құралды. Оның он орны орыс және тағы басқа халықтарға ұсынылды.алашорданың орналасуы Семей қаласы болды.Осы Орынборда өткен II съезде Алашорданың “Алаш ”партиясының бағдарламасын бекіткен тұғын.

2.Революциядан кейін қазақ зиялылары көбінесе екі орталықта-Орынбор мен Ташкентте топталған еді. Орынборда “Қазақ ” газеті болды, ал Ташкентте Көлбай Төгісов 1916ж “Алаш ” деген газет шығарып, “Қазақ ” газетімен алакөз араз болды., “Алаш” газетін өкімет орындары 1917 ж жауып тастағаннан кейін Көлбай өзінің әйелі , гимназиябітірген Мәриям Төгісова атынан “Үш жүз ” деген газет шығара бастады, бірақ оның да өмірі ұзақ болмады. Көлбай “Қазақ ”газетіне жазғанына қарағанда, Зайсанда ауыл шаруашылығы мектебінде оқыған, сонда сотқа тілмаш болып қызмет істеген, аздап заң жүйелерімен танысып алғаннан кейін “адвокат ” болып жүрген, заңсыз адвокат болғанын білген заң орындары қудалаған соң екі баласы мен әйелін тастап Ташкент жаққа барып,бойдақпын деп Намангандағы белгілі бір адамның әлгі айтқан Мәриям деген қызына үйленген.

XX ғасыр басында Ресей топырағына Марксизм идеяларының енуіне байланысты, большевиктер партиясы В.И.Лениннің басшылығымен саяси аренаға жолдама алды. Саяси билікке төңкеріс жасау арқыыл жетіп, демократиялық, социялистік өзгерістерді енгізіді, бағдарламалық мағанада насихаттаған. Бұл партияның жұмысшы табы арасында беделі зор болды. Шын мәнінде кадеттер партиясы қазақ зиялыларынан көп қолдау тапты.Олардың басшылары рухани жетекшілерісол партияға мүшелікте болып бағдарламасын мойындады. Атап айтқанда Әлихан Бөкейханов 1906 ж кадет партиясының Орталық комитетінің мүшесі болғаны белгілі, бірақ одан өзі шығып қалған. Оның себебін өзі былай дейді: кадет партиясы жер әркімнің жеке меншігінде болсын дейді. Қазақтарға жерді бөліп берсең, олар ана башқұрттар сияқты, ішкі жақтан келген орыстарға сатып, жерлерінен айрылып қалады; екіншіден, кадеттер ұсақ ұлттарға автономия беруге қарсы, ал біз автономия алуды көздейміз. Осы екі себептен ол партияны тастап шықтым дейді.

Ахметтің сөзімен айтқанда “киіздей шала басып қарпылмаған ” алаштың өзі сол қым-қиғаш заманда құрылмай жатып быт-шыт болып Шығыс Алашорда, Батыс алашорда болып бір бөлігі Торғайда қалып ыдырап аяғынан тозды. Шығыс пен Батыс Алашорданың арасында байланыс болмады. өйткені жер шалғай қолдарында байланыс құралдары жоқ еді. Сонымен “Алашорда ” іс жүзінде 1918ж ортасынан 1919ж аяғына дейін бас аяғы жыл жарымдай ғана өмір сүрген.


Бақылау сұрақтары:

1.Алаш партиясының бағдарламасы алдына қойған мақсаты?

2.Алаш партиясының басқа партияларымен арақатынасы мен айырмашылығы.

3. Мерзімді басылымдар

4. Шығыс пен Батыс Алашордаға бөліну себебі

5. Кадеттер партиясы қазақ зиялыларын қолдау табуы


Лекция №14 Тақырыбы: 1917 жылғы Қазан төңкерісі

Жоспары:

1.Қазан төкерісіне қоғамның әр түрлі топтарының көзқарасы.

2.Төңкерістің әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштеріне байланысты пікірлер.


Пайдаланған әдебиеттер


Қазақстан тарихы .Очерктер .Көне заманнан бүгінге дейін.Алматы 1994 ж

Х Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы 1995 ж

Ә Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

К Мамырұлы Қазақстан тарихы А 1997 ж

М Тынышпаев История казахского нырода А 1994 ж

К Нұрпеисов Алаш пен Алаш Орда Алматы 1992 ж


1. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін онаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою , жер мәселелерін империалистік соғыстан шығуы және т.б көкейтесті мәселелерді шешпеді . Қазақстанның жақсы шырайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудармасының жергілікті аппараты өз жұмысына одан әрі жалғастыруды. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В И Ленин басқарған большевиктер партиясы “Бүкіл өкімет кеңестерге бірлескен ” –деген ұранды пайдалана отырып , Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналды .

1917 жылы 25 қазанда 17 қарашада Петроградта қарулы көтеріліс басталып уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. Уақытша үкімет құлатылып , мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес , дүниежүзін , бүкіл әлемді дүр сілкіндірді .

2. Революция бүкіл билікті жұмысшы , солдат , шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың , халықтардың , келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазақ революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығуы мен дінге отаршылықтың бұғуынан босанып , тәуелсіздік алатын шығармыз деген үміттенді.

Қазақ революциясынан кейін көп уақыт өтпей-ақ елдін азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды . Бұл тұста Қазақстан Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді . Кейбін жерлерде автономиия жарияланып , олардың Ресей құрамында болатыны –болмайтыны жөнінде мәселе ашық тұрды. Түркістан “Оңтүстік шығыс одағы” деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды .
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті гуманитарлық білім факультеті отан және шетел тарихы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница