«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы




Название«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы
страница3/14
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Tajibekeev.AlKTar-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бақылау сұрақтары:

  1. Алаш қозғалысының шығу себептері .

  2. Қарқаралыдағы митингі.

  3. Қазақ зиялыларының алға қойған мақсаты

4. Ұлттық демократияшыл зиялылар

5. Ақпан революциясынан

6. Қазақтардың Семей облыстық съезі




Лекция№5. Тақырып: Мемлекеттік Думадағы қазақ зиялылары.

Жоспар:

1.Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясы.

2. Ресей Мемлекеттік Думасының мүшелері - қазақтар.


Пайдаланатын әдебиеттер.


а)негізгі

1. Омирзак Озганбай. Государственная Дума России и Казахстан (1905-1917).

2.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.

3.Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж.

4.Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука 5.Казахстана А 1992

6.М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.

б)қосымша

1.М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.

2.Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.

3.С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990

4.М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар

5.К.Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада

6.Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992

7.Ә.Әбдікәкімұлы «Қаз тар» оқу құралы А.1997


Лекция мәтіні

1. 1905-1907 жж.орыс революциясы жылдарындағы қазақ қоғамы.17 қазан 1905жылғы манифест.1905ж.қаңтарда қарусыз халыққа қарсы оқ атқан патшаның қанды ісі жайлы хабар қазақ даласына тез тарап кетті.Қала мен ауылдарды,елдің жиналыстарында патша саясатына қарсы назарлық үндері шыға бастады. Верный қаласының,Әулиеатаның,Орал,Ақтөбе,Петропавл,Семеи жұмысшыларымен демократиялық бағыттағы еңбекшілері наразылық шеруге шыға бастады.Қазақтың шаруаларының ,орыс жұмысшылары мен қоныс аударушы шаруалардың патша үкіметіне сенімсіздігі күшейе түсті.1905жылы Семей,Торғай және Орал облыстарында аграрлы қозғалыстар жүріп өтті.1905 жылы 1-мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында демонстратциялармен жиналыстар өтті. 1905 ж жазда экономика мен өмір жағдайын жақсартуды талап еткен Қазалы мен Шалқар темір жолшылары көтерілді.

Қозғалыстар Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарының барлығын дерлік қамтып алды. Ірі бас көтеру Өспен руднигінде( Ақмола облысы)өтті,мұнда 300-ден аса жұмысшы еңбек етті,оның 265-қазақтар болды.Жалпы Спасск акцонерлік қоғамында 5000-нан аса қазақ жұмысшылар болды.

Төңкерістің қуатты тасқынынан үріккен патша үкіметі 1-қазанда манифест жариялады,онда-адам ар ұят,сөз,жиналыс,одақ бостандықтары уәде етілді.

1905-ж патша атына жазылған көптеген петициялар мен жедел хат ішіннен мазмұны мен принциптілігі жағыннан Қоянды жәрмеңкесінде жазылған петиция ерекшеленеді. Төменде оның бірнеше пунктері келтірілген(барлығы 47-болды).

1.Қазақ халқына мешіт,медресе салуға, медреселерде араб,парсы, түрік тілдерін оқытуға және кітаппен газет шығару үшін баспахана тұрғызуға рұқсат ету.

2.Қазақтарды басқаратын басшылар қазақ тілін білу керек. Оларды тағайындау және орныннан алу қазақ өкілдерінің қатысуымен өтсе.Қазіргі шаруа басшыларының орнына (крестьян начальнигі) бибіт делдалдар болса. Бұл лауазымға жеткілікті білімі бар қазақтарды тағайындаса.

3.Бүкіл іс қағазы қазақ тілінде жүргізілсе, сондай-ақ хатшылармен күзетшілер,хабар тасушылар тек қазақтардан болса.

4.Бұрынғы заманан рудың игілігінде болған,одан кейін әскердің пайдасына бнрілгенЕртіс бойындағы жерлер,сондай-ақ Жоғарғы Мәртебелінің Кабинетіне тиісті жерлер бұрынғыдай ру жері ретінде мәңгілікке қазақтардықы болып қалса.

5.Қазақ ауылдарына тиісті қырдағы жерлерде тау-кен ісін ашу жердің иелерінің қазақтардың өздеріне берілсін,зауыт ашуға,шахта жасауға және т.б. ұсынылады.Егерде олар мұндай кәсіпорыннан бас тартса ғана,десятина бойынша аренда төлейтін басқа адамдар бар осы кендерді пайдалануға рұқсат берілсе.

6.Қазақ ауылдарына миссинерлердің жақындауына тиым салынса.

7.Қазақтар империяның барлық уезд,облыс, губернияларының жер сатып алуға және мемлекеттік қызметке орналасуда провославия діндегілермен тең құқығы болса.

8.Мектептерде хрестиандық діни сабақтар жүргізілмесе.

9.Қазақ – депутаттар қазақтарға қатысты мәселелер туған кезде Мемлекеттік Кеңеске қатысса.

10.Өткен уақытта қазақтар туралы жағымсыз мәліметтер берілетін , яғни қазақ ұры,қазақ-даукес, қазақ-өтірікші, қазақ-жалқау деген сияқты, әрине бұл жоғарғы лауазым иелерімен бейшара қазақтар арасында түсініспеушіліктерге әкеледі. Шын мәнінде патша бодандарының арасында қазақ халқы ең шыдамды,ең төзімді ел.



2. Дала мен Түркістан аймақтық парламентарийлерімен, Ресей Мемлекттік Думасының бірінші және екінші шақырылымндағы қазақ депутаттарының тағдырымен, ел үшін еткен еңбектерімен таныстырады. Депутат-қазақтардың Дала және Түркістан аймақтарындағы қоғамдық –саяси өмірі ғана емес, күллі империядағы салмағы ой өлшеміне салынады.

Бұл ғылыми еңбекте Ресей мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының жұмысы мен құрылымы сөз етіледі.

Әлуметтік-экономикалық, саяси мәселелердің дұрыс әрі бейбіт жолмен шешілуіндегі парламентаризмнің рөлі мен көрсетіледі.


1. Ахмет БІРІМЖАН -1871 жылы туған, І және ІІ думаларға Торғай облысынан депутат болып сайланған. Екі кластық училищені, Орынбор гимназиясын және Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Біраз жылдар Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып істеген. Ағартушы –демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. 1906 жылы 2 шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.


2. Сәлімгерей ЖАНТӨРЕ – 1864 жылы туған. І Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург универсиетінің заң, Мәскеу университетінің физика- математика факультеттерінде оқыған. Губерниялық земствоның бастығы қызметін атқарған. Өзі башқұрт жерінен депутат болып сайланса да туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыстанып кетуінен қауіптенген адам.


3. Алпысбай ҚАЛМЕН-1860жылы туған , І Думаға Орал обылысанан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , Орныбор гимназиясын бітірген соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі болған. Халқының білім алып, отырықшы болуы істері оны үнемі толғандырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.


4. Дәуіт НОЯН ТҰНДЫТ-1860 жыл туған, І Думаға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқаты отбасында туып, пташа лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.


5. Шәмерден ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫ-1869 жылы туған, І және ІІ думаларға Ақмола обылысанан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты , бай адам деп көрестілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті ІІ Думаның ресми тізімнен кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халқыты қанушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.


6. Әлихан БӨКЕЙХАН -1870 жылы туған, қазақ халқының рухани көсемі. Алаш партиясының және Алашорда өкіметінің төрағасы. І думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , алдымен Қарқаралдағы Зариф молда медресесін, одан кейін төрт жылдық қалалық кәсіптік училищені және техникалық училищені бітірген. 1890 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтыга түседі. Осы жылдарда орыс демократтарымен тығыз араласып, олар Ә. Бөкейханның саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған «Қарқаралы петициясының» ұйымдастырушысы болды. Үкіметке қарсы үгіт жүргізді деген айыппен полиция 1906 жылы қаңтар айында Павлодар абақтысына қамады. Дәл осы уақытта Думаға сайлау қызу жүріп жатқан. Тек 30 сәуір күні ғана халықтың ноы сырттай Думаға сайлап қойған белгілі болған соң ғана амалсыз босатты. Бұл кезде І-ші Дума өзінің жұмысын бастап кеткен еді. Сөйтіп, халық қалаулысы оның жұмысына тым кеш келеді. Өмірінің соңғы күніне дейін Әлихан Бөкейхан халқының жоғын жоқтап, сол үшін қолынан келгеннің бәрін жасап, қызу күрес жүргізгені белгілі.

7. Темірғали НҰРЕКЕН-1858 жылы туған, ІІ Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын да өтеген, діни сауатты адам екен.

8. Тілеулі АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ -1856 жылы туған ІІ Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімді, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.

9. Мұхамеджан ТЫНЫШБАЙҰЛЫ-1879 жылы туған. Қазақ арасынан шыққан тұңғыш темір жол инженері. ІІ Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Сонан соң Санк-Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен. Осы оқу орнында жүрген жылдар оның саяси көзқарасы қалыптасады. 1905 жылғы Петербордағы автономияшылар одағының І құрылтайына қатысып, «Қазақтар һәм азаттық қозғалысы » губернаторлықты жойып, азаматтық басқару жүйесіне көшу, Мемлекеттік Думаға халықтың санына сәйкес мандат беру, арождан, сөз бостандығы беру, баспахана, газет –журналдар ашу, т.б. мәселелерін көтерген. Қазақтың өз еліндегі және шетелдегі саны, қоныстану жиілігі, т.б. зерттеп, ең алғашқы ғылыми –демографиялық еңбек жазған. Кеңес одағы кезінде ол өз маманыдығы бойынша түрлі қызметтер істеді. Бірақ Алаш партиясына мүше болғандығы себепті НКВД соңына шырақ алып түсіп, 1932 жылы тұтқындап, Воронежге жер аударады. Есіл ер сол жақта көз жұмады.

10 Бақтыгерей Қаратай -Әбілқайыр ханның шөбересі .,1860 жылы туған. 2 Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын ,ал 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген . Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Орал облысынан он сегіз отбасы бірге барады. 189 жылдан туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарады. Кеңес одағы кезнде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы, 74 жасында дүниеден өтті.

11.Бақтыгерей Құлман– 1857 жылы туған. I және II Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған ауқатты адам болған. Депуттаттардың тізімінде жоғары білімді шенеулік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.

12.Молда Тайынұлы I Жетісу облысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған.Сондықтан болса керек оның есімі ресми тізімге енгізілмеген. Ол туралы басқа деректер жоқтың қасы.

Бақылау сұрақтары:

1.Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының ерекшілігі.

2. Ресей Мемлекеттік Думасында қазақтар.

3. Аграрлы қозғалыстарының себеб салдары.

4. Темір жолшылары көтерілуі

5. Дала мен Түркістан аймақтық парламентарийлері.


Лекция № 6.Тақырып: Қазақстан І дүниежүзілік соғыс кезеңінде

Жоспары:


  1. І дүниежүзілік империалистік соғыстың отар аймақтарға әсері.

  2. Қазақстанда бұқара халық жағдайы нашарлауы, салықтың өсуі.



Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.


Қосымша:

1.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

2.Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

3.Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

4.Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.


1. 1914 жылғы бірінші тамызда бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Онда империалистік державалардың екі мықты тобы-Антанта (Англия, Франция, Ресей және олардың одақтастары) мен Австрия-Германия блогы (Германия, Австрия-Венгрия, Түрция және олардың сателиттері) бір-біріне қарсы шықты.

Ресей соғысқа әзірліксіз, әскери-өнеркәсіптің қуаты төмен күйде, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті; армиясының әскери-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі нашар еді. Отарлықтағы, сондай-ақ жергілікті жердегі мемлекеттік аппарат азғындағы, бюрократизмге, қазынаны ұрлауға, жемқорлыққа белшесінен батқан-ды. Әскери және азаматтық шенеуніктер арасында сатқындық жаппай етек алған. Қатардағы солдаттардың жауынгерлік қаһармандығына қарамастан, орыс армиясы жеңіліске ұшырап, шегіне берді.

2. Патша өкіметі соғыс басталған алғашқы күннен-ақ Қазақстанның барлық облыстарында “Төтенше жағдай” енгізді: жиналыстар өткізуге, стачкаларға, ереуілдерге, жұмыстар жалтауға тыйым салынды. Тек өкіметке ғана емес, тіпті жергілікті патшалық әкімшіліктерінің лауазымды адамдарына қарсы шыққандардың дарға асылатынын жариялады. Мұндай режимді түрлі шенеуніктер, болыс басқарушылары мен ауыл старшындары полицейлік және әкімшілік озбырлықты қоздыру, әр түрлі қоқанлоқылық, парақорлық, жергілікті халықты тонау үшін пайдаланды.

1914 патшалық Ресейдің дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азыған соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.


Бақылау сұрақтары:

1.І дүниежүзілік империалистік қақтығысы

2.Соғыстың отар аймақтарға әсері.

3.Қазақстанда бұқара халық жағдайы нашарлауы

4. Қазақстаның экономикасы құлдырауы салықтың өсуі .

5. Антанта мүшелері.




Лекция№ 7 Тақырып: Қазақстан І дүниежүзілік соғыс кезеңінде

Жоспары:

1.Патша өкіметінің қазақ шаруаларының малдарын тартып алуы.

2.Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.


Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

2.Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

3.Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

4 .К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

5.А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.


Қосымша:


1.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

2.Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

3.Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

4.Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті гуманитарлық білім факультеті отан және шетел тарихы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница