«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы




Название«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы
страница2/14
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Tar/Tajibekeev.AlKTar-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



Лекция№ 1. Тақырып: XIXғ соңы-XXғ басындағы Қазақстан.

Жоспары:

1.Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі. Өнеркәсіптің , сауданың және қалалардың дамуы.

2.Қазақ ауылының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

8.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1.19 ғ 2- жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады. Қазақстанға Ресей капиталы тартылды. Ол әсіресе пайдалы қазбаларды шығару және өңдеуге, ауылшаруашылығы шикізаттарын өңдеу өнеркәсібіне және саудағы салынды. Ресей капиталы үшін мұнда аса тиімді, қолайлы жайлар көп еді: жер қойнауының қазба байлықтардың аса молдығы, жердің өте арзандығы, шикізаттың арзандығы , жұмыс күшінің арзандығы т.б. Кен өндіру өнеркәсібі өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы болды. Тау-кен өнеркәсібі зауыттары негізінен Ақмола,Семей облыстарының Баян Ауыл ,Қарқаралы, Ақмола және Алтай уездерінде болды. Мұнда мыс, күміс-қорғасын рудниктері мен зауыттары , көмір , алтын өндірісі болды. 1896 ж бір ғана Қарқаралы уезінде 70-ке жуық шағын мыс, 170 күміс-қорғсын, 3 темір т.б. рудниктер болды. Ұсақ , орта өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірге жұмысшы саны 300-ден 500-ге дейін жететін Спасск мыс зауыты , Успен руднигі, Қарағанды көмірі кәсіпшілігі ,Екібастұз және Риддер өнеркәсіпорындары сияқты ірілері жұмыс істеді. Күннен күнге күшейе түскен капиталистік қатынастар сауданың қатты дами түсуіне себепші болды. Империя мен отар өлке арасындағы тауар алмасу мен айырбас кеңейді. Ресейден Қазақстанға түрлі маталар, металл бұйымдар әкелінді. Орта Азия хандықтарынан да қазақтарға сыртқа негізінен мал мен мал шикізатын, астық шығарды. Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмеңкелер ерекше орын алды. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 ж Бөкей Ордасында ашыллды.Жәрмеңке саудасы әсіресе Ақмола облысында күшті дамыды. Онда Тайыншакөл (Петропавл) , Констанинов (Ақмола), Петров (Атбасар) , Қоянды (Қарқаралы уезі) сияқты аса ірі жәрмеңкелер және 50- ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. Бұдан өзге Семей облысында Шар жәрмеңкесі ,Жетісуда –Қарқара , Сырдария облысында-Әулиеата, Орал облысында- Ойыл, Темір сияқты ірі жәрмеңкелер жұмыс істеді.Олардың әрқайсысының тауар айналымы миллион сомға жетті.

1897 ж (бүкіл халықтық) халық санағы бойынша ірі қалалар мыналар еді: Орал-36446 адам, Верный-22744, Семей-20216, Петропавл-19688, Жаркент-16094, Қостанай-14275, Әулиеата-11722, Ақмола-9688, гурьев-9322, Өскемен-8721, Павлодар-7738, Перовск-5058, Көкшетау-4962, Қарқаралы-4451, т..б .Қалалардың дворяндар , офицерлер , көпес-саудагерлер , әр саладағы интеллигенция өкілдері , қызметкерлер, жұмысшылар т.б. тұрды.

2. 19 ғ ортасынан бастап Қазақ жеріне капиталистік қатынастрының тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өміріне , әлеуметтік топтарының жағдайына әсерін тигізбей қамтыды. Дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстауда, Бетпақдалада, Орталық Қазақстанда, Сырдария , Семей , Ақмола облыстарының далалы аудандарында сақталды. Брақ мұның өзінде мадың құрамы, жерді иелену сипаты бұрынғы көшпелі шаруашылыққа көп ұқсай бермейтін еді. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің көрінісі еді. Капиталистік қатынастарының етек алуы және Қазақстанға орыс , украин шаруаларын қоныс аударту отырықшы егіншіліктің кең тарауына себепші болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанға капиталистік қатынастардың қалыптасуы.

2. Өнеркәсіптің дамуы

3. Сауданың және қалалардың дамуы.

4. Қазақ ауылының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

5. Мал шаруашылығының өзгеріске ұшырауы.


Лекция №2. Тақырыбы: XIXғ соңы-XXғ басындағы Қазақстан.

Жоспары:

1.Қазақстанның 20 ғ басындағы әлеуметтік –экономикалық дамуы. Столыпин реформасы.

2.Қазақстанда марксистік ілімнің таралуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.


Лекцияның мәтіні:

1.20 ғ басы ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен ,Қазақстанда отаршылдық саясатының тереңдеуімен ерекшеленді. Өлкеге орыс шаруаларын қоныстандыру одан әрі күшейе түсті. Қоныстандыру басқармалары құрылып, олар қоныстанушы жер қорларын “құрау” үшін “артық” жерлерді анықтаумен айналысты. Әрбір қазақ жанұясы пайдалануға 15 десятинадан ғана жер алды, ал қалған барлық жерлер мемлекеттік мүлік министрлігіне бағынатын қоғамдық жер қорларына жатты. Бұл әрине көшпенді шаруашылықты күйзеліп , қиратты.

Ал шын мәнінде мал шаруашылығын дамыту үшін , сол кезде анықталғандай , мысалы Сырдария аймағында 145 дес, Жетісуда –110 дес жер керек еді. Сонымен біге Қазақстан жерінде Сібірлік ,Оралдық , Орынборлық ,Жетісулық казак әскерлері орналасты.

20 ғ басында олардың саны 1 миллион 11 мың адам болды және 15,6 миллион десятинадан аса құнарлы жерлерді иеленді. Қоныстандырудың жаңа кезеңі 1906 ж премьер –министр болып тағайындалған Столыпиннің реформасын тікелей байланысты болды. Ол орталық деревняларда жер мәселесін шешіп , аграрлық буржуазияны қалыптастыру үшін орыс шаруаларын шет аймақтарға , соның ішінде астыққа бай Қазақстанға жаппай қоныстандыруға ерекше мән берді. Қоныстандыру қозғалысы күшейді. Егер 1895 жылдан 1905 жылға дейін Қазақстанның далалық облыстарында 294296 адам қоныстанса, ал 1906 ж 1910 жылға дейін 770 мыңнан асты. 1897 ж санақ бойынша далалық облыстарда орыс халқы 20 пайыз болса, 1917 ж 1 қаңтарда 42 пайызға жетті .Қазақтардан 1893-1905 ж ж 4 млн десятина , ал 1906-1912 жж 17 млн десятинадан астам жер тартып алынды. Ал, 1917 ж тартып алынған жалпы жер 45 млн десятинадан асып түсті.

2. Қазақстанға орыс шаруаларының қоныстандыруымен бірге саяси, революциялық маңызды роль атқарды. Қазақстанға 19 ғ соңы 20 ғ басында марксизм идеялары тарай бастады. Қазақстанда 1896 Атбасар қаласында жер аударылғандар жұмысшы Ушановтың ұйымдастыруымен тұңғыш марксистік үйірме құрылды. 20 ғ басында мұндай марксистік ұйымдар Ақмолада , Петропавлда ,Оралда , Қостанайда ,Семейде ,Верныйда, т.б.құрылды.

Революцияның бастауына себеп болған –1905 ж 9 қаңтардағы қанды жексенбі. Қазақстна қалаларында өткен жұмысшылар жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдірілді. Қалалар мен темір жолдарда наразылық ереуілдері болды. 1905 ж ақпанда Перовск , Түркістан, Қостанайда, Павлодар, Петропавл, Орал т.б. қалаларда ереуілдер болды.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанның 20 ғ басындағы әлеуметтік –экономикалық дамуы.

2. Столыпин реформасы.

3. Қазақстанда большевиктердін ілімнің таралуы.

4. Орыс шаруаларының коныстану себеб салдары?

5. Қоныстандырудың жаңа кезеңі


ЛЕКЦИЯ № 3. Тақырыбы:XX ғ. басындағы қазақ ағартушылығы.

(1 сағат)


Жоспары:

1.Оқу-ағарту ісі.

2.Қазақстанның мерзімдік баспасөзі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

1. 19 ғ аяғы –20 ғасырдың басында Ресей империясының халыққа білім беру мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесінде көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу-ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 ж қабылданған “Ресейді мекендейтін баратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы” заң ұлттық мектептерге және ұлттық шет аймақтарға бүкіл ағарту жүйесін:1)әлі орыстандырғандар үшін, 2)орыстары көп жерде тұратындары үшін және 3) жергілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді. Бұл орайда 1-санат үшін мектептер салынатын болып белгіленді, оларда оқыту орыс әліппесімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде жүзеге асырылуға тиісті болды. Екінші санат үшін орыс мектептері құрылуға тиіс болды, оларда орыс балаларын да “бұратана” балаларды да бірге оқыту көзделді. Ана тілі уызша түсіндірген кезде ғана қолдануға тиіс еді. Үшінші санат үшін орыс мектептері құрылып ,оларда оқыту тек орыс тілінде жүргізілді.

2. Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары “Түркістан уәлиятының газеті” (1870-1882 ж) , “Дала уәлиятының газеті ” (1888-1902 ж) отаршылдық өкімет органдары құрды. Біріншісі Ташкентте шығып тұрды және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығын да шығарылды. Өкімет орындарының өкімі бойынша бұл басылымдар отарлық басып алуды нығайтты және Шығыстағы бодандарды рухани жағынан бағындыру мақсатымен шығарылды. Отаршылдық әкімшілік мұнда патша жарлықтарын, үкімет ұйымдарының өкімдерін басты, отарлық шет аймақтарды игеру үрдісін жазды, бұратаналарға көзқарас жөнінде “өркениеттік миссияны” жүзеге асырған империялық саясаттың мәнін түсіндірді.

Бақылау сұрақтары:

1.Оқу-ағарту ісінің жетістіктері.

2.Қазақстанның мерзімдік баспасөзі.

3.Баратаналарға білім беру ережесі.

4.Қазақ тіліндегі алғашқы басылымдары

5. Отаршылдық әкімшілік қызметі.


Лекция №4. Тақырып : 1905 – 1907 жылдарындағы революциялық оқиғалар. Алаш қозғалысының басталуы.

Жоспары:

  1. Алаш қозғалысының шығу себептері .

  2. Қарқаралыдағы митингі. Қазақ зиялыларының алға қойған мақсаты


Пайдаланатын әдебиеттер.

а) негізгі:

1.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда. Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.

2.Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж.

3.Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука Казахстана А 1992

4.М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992ж 272 б.

5.М..Қозыбаев .Историческая наука Казахстана А., 1992ж.

6.Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.

б) қосымша

1.С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990

2.М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар

3.К.Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада

4.Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992

5.Ә.Әбдікәкімұлы «Қаз тар» оқу құралы А.1997

6.М.Қойгелдиев ,Т Омарбеков Тарих тағылымы не дейді А.1992 .ж

7.М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы.А 1995 ж

8.Қасенов Қ, Ә.Төреханов Қызыл қырғын .37-де опат болғандар А.1994.


Лекцияның мәтіні:


1.Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің идеологы Дж. Неру былай деп жазған: «біз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық бірақ біздің күресімізге дем берген үлттық сезім жүргізілген әлде жылатып отыр; ол әрбір азиялықтың жүрегіне жылу үялатады, өйткені өткен кездегі отаршылдық туралы естелік оның ақыл -ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен, үлтшылдық Азияның кез -келген бөлігінде әлі де нақты күш болып отырды

Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттық идеясын
таратушы, қазақ халқының ұлттық саны - сезімін оятушы,
отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс -
ханы үрпағы Ресейдің либерал демократиялық қозғалысының
жоғары биліктің қайраткері, бүрын кадет партиясы Орталық
Комитетінің мүшесі болған Алихан Бөкейханов басқарды.


Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық
қозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтүрсынов, М.Дулатов
және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктестеріне айналды.


2. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары - билердің, батырладың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды.

Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара - шаруалардың жұмысшылардың, қала демократиясының мүдделері де білдіреді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығынан азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемінің, оның деимократиялық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат, егеменді автономиялық үлттық мемлдекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.

Ақпан революциясынан кейін, 1905 жылдан бастап өмір сүрген, алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір - мамыр айларында «Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті.

Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін - өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын мәселелер жиынтығын қарады.

Олардың қатарында азық - түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін - өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап айтқанда, съезд облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет деп тапты. Қазақтардың орыстармен өзара қатынастарын реттеу әдістері босқөындарды Қытайдан қайтару әдістері арнайы қаралды.

Қазақтардың Семей облыстық съезі (27.ІҮ-7.У.1917) Бүкілқазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын қүру туралы өз көзқарасын ұсынды. Съезд Ресейлік бірінші Құрылтай жиналысында Ұлы Ресейді мекендейтін үлыстардың еркіндігі, теңдігі мен туысқандығы баянды етілуі тиіс және оларға өздерінің саяси өмірін үлттық, тұрмыстық, мәдени, экономикалық тарихи - географиялық ерекшеліктеріне сәйкес қайта құруға мүмкіндік берілуге тиіс деп санады. Съезд дворян-помещиктер үстемдігі түсында қүрылып, ескі режимнін саясатын қолдап келген, қазіргі кезде күні өткен, халыққа мүлде пайдасы жоқ және зиянды шаруа бастықтарды, становойлық приставтар, урядниктер мен дала генерал-губернаторлығы институттарының таралуын талап етті.

1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда, Жалпы қазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарымен ішкі Бөкей Ордасының делегаттары қатысты.Съезд мемлекеттік басқару нысаны, қазақ облыстары автономиясын, жері мәселесін халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін, мәселелерін және т.б. қарады.Көріп отырғанымыздай қазақтың демократиясын жұртшылығын қазақ мемлекеттігі демократиялық реформалар ұлттық саяси өзін-өзі билеуі үшін қажетті алғы шарттар жасау проблемалары толғандырды. Съезд қазақтың "Алаш" саяси партиясын қүру туралы мәселе қарап оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты."Мемлекеттік басқару нысаны" мәселесі бойынша съезд "Ресейде демократияшыл федерациялық , парламенттік республика болуға тиіс "-деп жазды.

Съезд қазақ облыстары "облыстық ұлттық - аймақтық
автономия алуға тиіс" деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың
қазақ босқындары және 1916-жылғы оқиғаларға қатысып, Жетісу казактар мен уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындарға үшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді.


Съезд өлке еңбекшілерін Жетісудың ашыққан қазақ халқын тез арада және шын мәнәнде көмек үйымдастыруға шақырды.

Акпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті.1917 жылғы Сәуір айында Түркістан,Башқұртстан,Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті гуманитарлық білім факультеті отан және шетел тарихы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 22. 06. 2006 жылғы №289 бұйрығымен...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария»университеті «Тарих және құқықтану» факультеті. «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихы» пәні бойынша
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Сулы жүйелер экологиясы” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Гуманитарлық білім»факультеті «Тарих және география» кафедрасы “Медициналық география” пәні бойынша
Оқу бағдарлама «Сырдария» университетінің ғылыми кеңесінде талқыланып, бекітілген
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне 5 семестрінде «Шешендік өнер» пәніне оқу жоспарына сәйкес 2...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«Сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -курс студенттеріне семестрінде «жообп: Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» пәніне...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 6 маусым...
«сырдария» университеті «гуманитарлық білім» факультеті отан және шетел тарихы icon«сырдария» университеті «филология және психология» факультеті «тілдер» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және Қр бѓМ 11. 05. 2005 жылғы №289 бұйрығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница