ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология




НазваниеПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
страница6/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/f9ad8e13-b651-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД Маманд кіріспе матер.каз
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы (03.07.2013 ж өзгерістермен және толықтырулармен)

2 «Сәйкестікті растау шаралары» техникалық регламенті


№ 26 дәріс

Тақырыбы: Аудит туралы түсінік


Дәріс жоспары:

1 Аудиттің пайда болу тарихы

2 Аудиттің түрлері


1 Аудиттің тарихи отаны Англия болып саналады. Бұл елде 1844 жылдан бастап заңдар жинағы шығып тұрған екен, осыған орай акционерлік компания басшылары жылына кем дегенде бір рет аудиторларды каржылық тексеріс пен акционерлер алдындағы есепті жасау үшін шақыртып тұрған.

1929-33 жылдардағы Әлемдік экономикалық дағдарыс аудиторлардың қызметіне дегенн қажеттілікті қатайтты. Бұл уақытта аудиторлық тексерістің сапасына деген талаптарды қатаңдай бастады,және оның міндеттілігі мен қажеттілігі кейбір салада пайда бола бастады.

Дағдарыс аяқталған соң барлық елдерде жылдық есеп пен аудитордың қорытындысына жиналатын ақпарат көлеміне міндетті талаптар қойыла бастады.


2 Аудит негізгі үш түрге бөлінеді:

  • қаржылық аудит;

  • материалдық қамдау аудиті;

  • сапа аудиті.

Осы аудиттің үш түрі ұйымның жұмысының нәтижелелігін бақылау жүйесін құрайды. Алдыңғы екі аудит түрі экономикалық басқару аймағына жатады.

ИСО 9000-2000 берілген анықтамаға сәйкес аудит (тексеріс)- аудит куәлігін алу үшін, сонымен қатар аудит ережелерінің орындалуын объективті бағалау мақсатында жүйелі, тәуелсіз талдау мен құжаттандырылған үрдіс.

Аудит (сапаны тексеру)- бұл түзетуші әрекеттердің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1 Аудит терминін қалай түсінесіз?

2 Аудит термині қашан және қалай туындап еді?

3 Аудиттің қанша түрін білесіз және олардың ерекшеліктері неде?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 20 қараша 1998ж «Аудиторлық қызмет туралы » Заңы 19 .02. 2007 енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен

2 ИСО 19011-2002 Руководящие указания по проведению аудита систем качества и /или системы управления охраны окружающей среды


№ 27 дәріс

Тақырыбы: Аудит туралы түсінік

Дәріс жоспары:

1 Ішкі аудит

2 Ішкі аудитті жүргізу


1 Ішкі аудитті жоспарлау

2 Аудитті жүргізу

3 Аудит нәтижелері бойынша есеп беру

Ішкі аудит жүргізу кезінде орындалатын негізгі іс-шаралар:

1 Аудит жүргізудің жоспарын әзірлеу

2 Ұйымның сапа Жүйесінің құжаттарын карастыру

3 Аудит жүргізу

4 Сәйкессіздіктерді анықтау

5 Анықталған сәйкессіздіктерді бағалау

6 Аудиторлық қорытындыны құрастыру.

Аудиттің нәтижесі дегеніміз аудит туралы есеп пен түзетуші әрекеттер жоспарынан тұратын аудиторлық қорытынды болып табылады.

Ішкі аудиттер бағдарламасы

Сапа менеджмент жүйесінің аудит жоспары

Ішкі аудит жүргізу бойынша бақылау беттері

Ішкі аудит кезінде анықталған сәйкессіздік туралы акті

Түзетуші және ескертуші әрекеттер жоспары

Аудит туралы қорытынды есеп

Аудит есептерін тіркеу журналы

Аудиторлық топтың жұмысы туралы анықтама

Әрбір аудит келесідей кезеңдерден тұрады:

-аудит жүргізуге бұйрық шығару, онда аудиторлық топтың құрамы мен жетекшісі(бас аудитор) тағайындалуы тиіс;

-аудит жоспарын құрастыру және бекіту;

-бақылау беттерін әзірлеу;

-аудиторлық топ мүшелерімен кеңес жүргізу;

-өткізілетін аудит туралы тексерілетін кәсіпорынға алдын-ала хабарлау;

-тексеруден өтетін кәсіпорын өкілдерімен алдын ала кеңес өткізу;

-нысанды тексеру (аудит жүргізу);

-алынған нәтижелерді талдау, анықталған сәйкессіздіктерді, сәйкессіздік туралы хаттама жасау;

-анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған түзетуші әрекеттерді әзірлеу;

-тексеруден өтетін кәсіпорын өкілдерімен қорытынды кеңес өткізу;

-аудит нәтижелері (акті) туралы есепті жасау,бекіту және тіркеу;

-түзетуші/ескертуші әрекеттер жоспарының орындалуын бақылау


Бақылауға арналған сұрақтар:

1 Ішкі аудитті жүргізудің мақсаты не?

2 Ішкі аудиттің маңызы(ролі)

3 Ішкі аудиттің негізгі қызметтерін атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Аудиторлық қызмет туралы » заңы 20 қарашадан 1998ж өзгертулермен және толықтырулармен 19 .02. 2007

2 ИСО 19011-2002 Сапа менеджменті жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары


№ 28 дәріс

Тақырыбы: Аудит туралы түсінік

Дәріс жоспары:

1 Сыртқы аудит

2 Сыртқы аудитті жүргізу


1 Бұл - екінші немесе үшінші жақтың аудиті

Сертификациялық аудиттердің типтері

Әуелгі аудит

Бұл аудит сертификацияның қолдану аймағын жан-жақты қарастырады. Оның көмегімен сертификаттау жөніндегі орган сертификаттау критериялары бойынша сапа жүйесінің сәйкестігін бағалауды жүргізеді және ұйымның сапа жүйесіне сертификат беру мүмкіндігін анықтайды.

Қадағалау аудиті

Бұл аудит белгілі бір уақыт аралығында жүргізіліп отырады.Оның мақсаты -ұйымның сапа жүйесі сертификатталған жүйе дәрежесін сақтай алатындығын анықтайды. Яғни, бұл аудит жүйенің таңдамалы элементтерін қарастырып отырады.

Қайталанатын аудит (сертификаттың әрекет етуін ұзартуға арналған аудит)

Бұл аудит берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан бұрын орындалады. Аудиттің нәтижелері сертификаттауды ұзарту мүмкін бе екенін көрсетеді. Сертификаттау бойынша органдардың көпшілігі осындай аудит арқылы алынатын ақпаратты пайдалана отырып, қадағалау аудитінің нәтижелерін қолданып аудит жүйесінің таңдамалы элементтеріне аудит жүргізуді шектейді.


2 Сыртқы аудитті жүргізудің негізгі кезеңдері:

-дайындық

-аудит

-кейінгі әрекеттер

1Дайындық

    1. Бастапқы жоспарлау

    2. Алдын ала сапар

    3. Бөлшектеп жоспарлау

  1. Аудит

    1. Енгізу жиналысы

    2. Деректі аудит

    3. Есепті дайындау

    4. Соңғы жиналыс

  2. Кейінгі әрекеттер

    1. Аудит бойынша есепті бағыттау

    2. Келісілген түзетуші әрекеттерді жабу

    3. Бақылауды жоспарлау, ағымдағы талдау немесе қайталанылатын аудит


Бақылауға арналған сұрақтар:

1 Сыртқы бақылауды қалай түсінесіз?

2 Сыртқы аудит ішкі аудиттен несімен ерекшеленеді?

3 Сыртқы аудит қандай кезеңдерден тұрады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ИСО 19011-2002 Сапа менеджменті жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары

2 ҚРСТ ИСО 9001-2001 Сапа менеджмента жүйесі. Талаптар


№ 29 дәріс

Тақырыбы: Аккредиттеу туралы түсінік


Дәріс жоспары:

1 Аккредиттеудің тарихы

2 Аккредиттеудің заңнамалық негізі


1 Аккредиттеу термині латын тілінен «сенімділік тудыру» деп аударылады. Басында "аккредиттеу" ұғымын халықаралық құқық жүйесінде қолданған болатын және аккредиттеу деп елдің шетел жанындағы немесе халықаралық ұйымдағы өкілге жіберген мемлекет жағынан сенімділік тудыру және екінші мемлекеттің оны қабылдау (құзыретін растау) процедурасын айтатын.

Шығарылған бұйымдарды сынаужүргізу бекітілген талаптарға сәйкестігін дәлелдейді және бұл өндіріс процестерінің айнымас бөлігі болып табылады. Көбінесе сынаққа кеткен шығындар басқа да өндіріс шығындарынан көбірек болып келеді. Сертификаттау жүйесі аккредиттеумен тығыз байланысты, өйткені аккредиттеу арқылы сертификаттау жөніндегі органның құзыреттілігі расталады және оның қызметіне сенімділік тудырады.

Аккредиттеу саласы өз бастауын XXғ. 20-30жылдарынан бастау алып келеді. Алайда аккредиттеу жүйесінің белсенді түрде құрылуы соғыстан кейінгі жылдары дамыған.

Сонымен 1947 жылы Австралияда сынақ зертханаларын аккредиттеу жүйесі, 1972 жылы Жаңа Зеландияда сынақ зертханаларын аккредиттеудің ұлттық стандарты қабылданды, 70- жылдардың соңынан европалық елдерде аккредиттеу жүргізіле бастады, АҚШ-та 1978 жылы "Жақсы тәжірибе ережелері" құқық беруші құжаты ретінде қабылданғаннан бастап токсикологиялық зертханаларды аккредиттеу басталды

1977 жылы сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша Халықаралық конференция (ИЛАК) құрыла бастаған. Осы мақсатта 1978 жылы бірінші рет халықаралық сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі конференция – ИЛАК, кейіннен, 1991 жылы халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі форум - ИАФ құрылды.

ИЛАК әрекетінің саласы – сынақ және калибрлеу зертханалары мен қадағалау органдарын аккредиттеу.

ИЛАК басты міндеті ретінде аккредиттелген зертханаларда орындалған өлшеулер мен сынау нәтижелерін тану жолымен саудаға көмектесу үшін халықаралық кооперацияны дамыту деп қойды. 1996 жылы ИЛАК аккредиттеу жөніндегі органдар арасында олардың қызмет нәтижелерін өзара тану туралы келісім жүйесін құру құқығына ие кооперацияның ресми мәтребесін алды.

ИАФ қызметінің негізгі бағыты аккредителген зертханаларда және сәйкестікті бағалау жүргізетін органдарда екіжақты және бірнеше тарапты келісімдерді бекіту жолымен нәтижелерді тануға көмектесуге (ұйымдастыру сұлбасы Б қосымшасында берілген) бағытталған.

Нәтижелерді өзара тану үшін аккредиттеу критерийлері мен процедуларын үйлестіру қажет, осы бөлікте ИЛАК және ИАФ ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ және өзге де халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық етеді.

Аккредиттеу жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптарға:

- аккредиттеу жөніндегі орган өзінің жұмысын кемсітпеушілік негізге құру керек; аккредиттеуге қол жеткізу кез келген өтінім берушілер үшін ашық болуы керек;

- аккредиттеу жөніндегі орган қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке ұйым ретінде тіркелген болуы керек.

Сыртқы сауда қатынастарыныңжәне ұлттық аккредиттеу жүйелерінің дамуымен өңірлік аккредиттеу ұйымдары туындай бастады және сынақ және калибрлеу зертханаларын және сертификаттау жөніндегі оргнадарды аккредиттеужүйелерінің қосылу дәстүрі байқалып отыр.

Бұған мысал ретінде еуропалық ұйымдар бола алады. Тек 1994 жылы ВЕС калибрлеу зертханаларын және ВЕЛАС сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық кооперациялар негізінде ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйым құрылды.

Кейіннен 1991 жылы құрылған ЕАС сертификаттау жөқніндегі оргнадарды аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйым мен ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйымдар 1997 жылғы қараша айында бірігіп ЕА Еуропалық аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастықты құрды.

ЕА мүшелері бірнеше тараптық келісімдер негізінде әрекет ететін және ЕН 45000 сериялы стандарттарға сәйкесетін ұлттық аккредиттеу жөніндегі органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасында аккредиттеу критерийлері ИСО/МЭК нұсқаулықтарында, ТМД мемлекеттері арасындағы аккредиттеу облысында жан жақты ынтымақтастық туралы Меморандумда жазылған талаптармен гармонизацияланған.

Аккредиттеу критерийлері Қазақстан Республикасының ұлттық стандартында ИСО, EN стандарттары, ИСО/МЭК органымен аккредиттеу субъектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген нормативтік құжаттарда бекітілген.

2001- жылға дейін қолданылған сынақтарды аттесттациядан өткен зертханаларда жүргізу практикасы Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін болды, өйткені техникалық құзыреттілік тек аккредиттелген сынақ зертханаларымен расталуы керек. Осыған орай Мемстандарттың 27.06.2001 жылғы № 225- бұйрығы бойынша сынақ зертханаларын аттестациялауға тиым салынды.

Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасы және техникалық реттеу және метрология жөніндегі Мемлекеттік жүйесінің негізін қалаушы нормативтік құжаттары бойынша (бұл құжаттар халықаралық және еурорпалық стандарттармен гармонизацияланған деп жоғарыда айтып кеткенбіз) аккредиттеуді жүргізу кезінде төмендегі жұмыстар атқарылады:

- өтінім беруші ұйымның техникалық құзыреттілігін эксперттік бағалау, оның ішінде аккредиттеу материалдарын сарасптау, сәйкестігін тексеру және техникалық құзыреттілігін анықтау. Бұл жұмыстарды фирманы аккредиттеуге дайындаушы ұйымдар жүргізеді;

- аккредиттеу, аккредиттелгені туралы аттестат бері, аккредиттеуден өткен ұйымдардың тізілімін жүргізу, аккредиттеуден өткен ұйымдарды мемлекеттік бақылау. Бұл жұмыстарды Мемстандарттың аккредиттеу жөніндегі органы жүргізеді.


2 Қазақстан Республикасында аккредиттеу бойынша құқықтық негізі ретінде алғаш рет Қазақстан Республикасының "Аккредиттеу туралы" Заңы орнатылған,2008 ж шілдеде жаңа "Аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау туралы" Заңымен алмастырылды.

Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңы сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларын (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы олармен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.

Аккредиттеудің негізгі мақсаттары болып төмендегі мақсаттар табылады:

1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;

5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу.

Аккредиттеу төмендегі принциптерді қолданады:

1) еріктілік;

2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

4) кемсітушілікке жол бермеу;

5) құзыреттілік;

6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

7) тәуелсіздік;

8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарт­тарын пайдалану басымдығы болып табылады.

Осы Заңда аккредиттеу саласында қолданылатын келесідей негізгі ұғымдар қолданылады.

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзіретін ресми танитын рәсім;

2) аккредиттеу аттестаты - аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің берлгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзіретін куәландыратын құжат;

3)аккредиттеу белгісі - аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;

4) аккредиттеу жөніндегі орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) аккредиттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

6) аккредиттеу критерийлері - өтініш беруші өзінің аккредиттелуі үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы;

7) аккредиттеу материалдарын жаңарту - аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізу;

8)аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері;

9) аккредиттеу саласын кеңейту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі ;

10) аккредиттеу саласын қысқарту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін азайту процесі;

11) аккредиттеу,сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар - уәкілетті орган белгіленген тәртіппен аттестатталған мамандар;

12) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі;

13) аккредиттеу субъектісі - осы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

14) инспекциялық тексеру - аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу критерийлерін сақтауын аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын тексеру;

15) калибрлеу зертханасы (орталық) - өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

16) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар;

17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;

18) өтініш беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;

19) салыстырмалы сынақтары - бірдей немесе ұқсас сынақ объектілерінде екі немесе одан көп зертхананың (орталықтың) сынақтар жүргізуі және олардың нәтижелерін бағалауы;

20) салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

21) сәйкестікті бағалау - өнімге, процесске,көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне,персоналға,өлшем құралына, сынақ жабдығына,өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың орындалуын сәйкестікті растау,сынақтар, зерттеулер,өлшемдер,салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргізу арқылы дәлелдеу;

22) сәйкестікті бағалау объектілері - сәйкестікті растауға, зерттеуге,сынауға, өлшемге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға жататын өнім, процестер, көрсетілетін қызметтер, менеджмент жүйелері, персонал, өлшем құралдары, сынақ жабдығы, өлшемдерді орындау әдістемелері;

23) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің не персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

24) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеулерді,сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;

25) техникалық сарапшы - сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

26) уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.


№ 30 дәріс

Тақырыбы: Аккредиттеу туралы түсінік


Дәріс жоспары:

1Аккредиттеу кезеңдері

2 Шетелдегі аккредиттеу жүйелері


Аккредиттеу процедурасы мынадай негізгі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;

2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;

3) ұсынылған құжаттарды сараптау;

4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;

5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату.

Қайтадан аккредиттеу 2) және 3) тармақтарда көзделген кезеңдерді сақтамастан жүргізіледі.

Өтінімді ұсыну және оны қарау

Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:

1) аккредиттеуге өтінім;

2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

3) қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі мәлімделетін аккредиттеу саласы;

4) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестат­тауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт;

5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін).

Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады.

Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.1), 3) – 5) тармақтарда көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

Аккредиттеу алдындағы шарт

Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтініш беруші арасында жасалады.

Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары болып табылады:

1) шарттың мәні;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

3) жұмыстардың құны;

4) тараптардың жауаптылығы.

Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.

Мынадай жағдайлар аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға негіз болып табылады:

1) заңды тұлғаның таратылуы;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;

3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;

4) аккредиттеу жөніндегі органның құжат­тарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысындағы немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкес­сіздіктерді анықтауы;

5) аккредиттеу жөніндегі органның аккре­диттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы.

Құжаттардың сараптамасы

Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Сараптама жүргізу үшін аккредиттеу жө­нін­дегі орган аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторды тағайындайды.

Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор­дың қорытындысында:

1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы;

2) нақты критерийлер бойынша (сәйкессіздік болған кезде) құжаттардың сәйкессіздігін көрсету;

3) ұсынылған құжаттарды түзету жөніндегі (қажет болған жағдайда) ұсынымдар және өтініш берушінің осы ұсынымдарды орындауын растау тәртібі;

4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу кри­терийлеріне сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы тұжырымдар қамтылуға тиіс.

Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор­дың қорытындысы негізінде аккредиттеу жөнін­дегі орган мынадай:

1) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру туралы;

2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіз­діктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабыл­дайды.

Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.

Өтініш беруші шешімнің көшірмелерін ал­ған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анық­талған сәйкессіздіктерді жояды және ол туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлайды. Аккредиттеу жөніндегі орган хабарламаны алған кезден бастап жеті күн ішінде құжаттарға қайтадан сараптама жүргізеді.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш беру­ші­нің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бо­йынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру

Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру өтініш берушінің біліктілігін, құжаттарда ұсынылған ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган жасақтайтын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады.

Тексеру жөніндегі топ кемінде үш адамнан құралуы керек, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады.

Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша:

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандар;

- сәйкестікті растау жөніндегі сарапшылар-ауди­торлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлім­деген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін.

Тексеру мерзімі бұл туралы шешім қабыл­данған күннен бастап есептелетін он жұмыс күні­нен аспауға тиіс.

Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының қорытындысы бойынша есеп дайындайды, онда өтініш берушінің аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы қамтылуы керек.

Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып топ жетекшісі екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтініш берушіге ұсынылады.

Өтініш беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертпелерін жазбаша түрде аккредиттеу жөніндегі органға ұсына алады.

Тексеру жөніндегі топ есебінің негізінде және өтініш берушінің ескертпелерін ескере отырып (олар бар болған жағдайда), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мынадай:

1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материал­дарды қарау туралы;

2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіз­діктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабыл­дайды.

Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.

Өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жо­яды және оларды жойғаны туралы аккредиттеу жө­ніндегі органға хабарлайды, одан кейін аккредиттеу жөніндегі орган оған қайта тексеру жүргізеді. Тексеру мерзімі тексеру жөніндегі топтың өтініш берушінің орналасқан жеріне келген күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау

Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды.

Оң шешім қабылданған жағдайда аккре­дит­теуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқын­дайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.

Теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге құжаттар жиынтығымен бірге дәлелді бас тарту жіберіледі.

Аккредиттеуден кейінгі шарт

Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады.

Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары:

1) шарттың мәні;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

3) жұмыстардың құны;

4) инспекциялық тексерулерді жүргізу, аккре­диттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері;

5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі;

6) тараптардың жауаптылығы болып табылады.

Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты уәкі­летті орган бекітеді.

Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:

1) заңды тұлғаның таратылуы;

2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;

3) аккредиттеу аттестатынан айыруы;

4) аккредиттеу аттестатының жойылуы;

5) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда оны қайтарылмауы;

6) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктерді жоймауы;

7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу негіз болып табылады.

5) және 6) тармақтарда көзделген негіздер бойынша аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтату датасы тиісінше аккредиттеу аттестатын қайтару датасы не сәйкессіздіктерді жою мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»
В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПавлодар Пән бойынша Нысан оқу бағдарламаны бекіту парағы пмұ Ұс н 18. 3/38 (Syllabus)
В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы бойынша олимпиадаларға қатысу ақпараты

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница