ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология




НазваниеПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
страница4/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/f9ad8e13-b651-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД Маманд кіріспе матер.каз
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Метрология негізі


Дәріс жоспары:

1 Технологиялық процесті метрологиялық қамтамасыз ету

2 Техникалық құрылғы параметрін бақылау және өлшеу қажеттілігі


1 Технологиялық процесс параметрін өлшеуші рационалды анықтау бойынша негізгі критерий— өнеркәсіптің технологиялық процестің толық деңгейі жайлы ақпарат және объектілі ақпаратпен қанағаттандыру.

Бақыланатын параметрдің негізгі критериі технологиялық процесте нақты бақылаушы нүкте саны орнатылауы қажет. Берілген ақпаратқа сай нақты технологиялық процесі бойынша өлшеудің жалпы санын анықтап, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыс көлемін орнату.

Техникалық және конструкторлы құжатты, метрологиялық сапаршы нормативті-техникалық процестерді рационалды номенклатура өлшеуші параметрі тексереді.

Берілген тапсырмаға сәйкес шешімді бақылайды:

өлшеуші параметр номенклатура мен сапа көрсеткіштері стандарт талабына сәйкес болуы;

техникалық процес немесе өнім тағайындалған номенклатураға сәйкестігі; қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігін бақылау дұрыстығы;

сапа көрсеткіші мен параметрдің жіберілетін технологиялық ауытқуы нормаланған дәлел;

жіберілетін шекара интервалы немесе номиналды параметрдің рұқсат етілетін ауытқуы көрсетілуі тиіс (форма "... дейін").

Егер артық немесе кем параметр рұқсат етілсе, форма мынаны көрсетеді "артық емес..." немесе "кем емес..." сәйкес;

Мақсатқа сай таңдалған дәлдік номенклатура бақылау шығынын азайтады.


2 Объективті тексеру мүмкіндігі техникалық параметр талабын дұрыс толық формалауға мүмкіндік береді.

Әрбір техникалық талап тексереді:

(түрлі талқылауда) тапсырма әдептілігі;

  • Талап стандартты терминде, жалпыға қабылданған ғылыми

техникалық әдебиет түрінде болуы тиіс.

  • Спецификалық терминдер, жалпыға қабылданған емес және түрлі

мағынада болыуы мүмкін, сол себептен оны алдын ала сілтеме ретінде құжатта немесе оған анықтама жасалынуы тиіс;

  • Өлшеуді тексеру жолында физикалық шама талабы органолептикалық

(түс, иіс, дәм, иілгіштігі және т.б.) бақылау талабына ауысу мүмкіндігі бар;

  • Өлшеу параметрін реттеп және автоматтандыру бақылауын қабылдағанда, өндіруші еңбегін арттырып және өлшеу шығынын төмендеуі тиіс;

  • Экономикалық және техникалық мақсатта орталықтан басқарылатын құрал қолданылады (цехтағы пуль, өндірістегі диспетчер т.б).


Бақылау сұрақтары

1 Техникалық процесті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі тапсырмасы?

2 Техникалық процесті метрологиялық қамтамасыз етуде кім жауапкершілікке алады?

3 Өндірісте техникалық процесті метрологиялық қамтамасыз ету мақсаты?


№ 17 дәріс

Тақырыбы: Халықаралық электротехникалық комиссия


Дәріс жоспары:

1 ХЭК жалпы анықтама

2ХЭК жалпы құрылымы


1 ХЭК - электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары стандарттарын әзірлейді. Ол 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда бұдан бір ғасыр бұрын 1906 жылы, яғни ИСО - дан бұрын қүрылды. ХЭК мен ИСО - ның әр мезгілде құрылуы мен түрлі бағыттылығына, екі ірі халықаралық ұйымның бір қатар бағытта қызмет етіп келе жатыр.

ИСО мен ХЭК - тің міндеттерінің ортақтығы мен кейбір органдар қызметтерінің қосақталу мүмкіндігін ескере, бұл екі ұйымның арасында бір жағынан қызметтер аясын шектеу, ал басқа жағынан техникалық қызметтерді үйлестіруге бағытталған.

ХЭК мүшелерінің мөлшері (60 жуық) ИСО - дан кем. Бұл көптеген дамып келе жатқан елдерде электртехника, электроника және байланыстардың мүлдем болмауы немесе нашар жетілгендігінен. КСРО 1922 жылдан бастап МЭК мүшесі болған.

ХЭК - тің жоғары басқару органы- барлық ұлттық комитеттер кіретін Кеңес (17-сурет). Кеңестің жыл сайынғы мәжілістері ХЭК мүше елдерінде кезекпен өткізіліп, ұйымның қызметтерінің барлық кешенді мәселелерін шешуге арналады. Шешімдер жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар бөлінуі тең болған жағдайда Президент шешуші дауыс құқығына ие.





МЭК ұйымына мүше елдердің көпшілігі стандарттау жөніндегі ездерінің ұлттық ұйымдарымен кірген, кейбір елдерде (Франция, Германия, Италия, Бельгия және басқалаларын стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым құрылымына кірмейтін МЭК - ке қатысу жөніндегі арнайы комитеттер құрылды.

ХЭК ресми тілдері - ағылшын, француз және орыс.

Ұйымның өз жарғысымен анықталған негізгі мақсаты - халықаралық стандарттар мен басқа құжаттар әзірлеу арқылы электротехника және радиотехника төңірегінде стандарттау және онымен сабақтас мәселелер жөнінде халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету. Іс - әрекет комитетіне бағынышты кеңес беруші топтар жұмыс істейді. Комитет оларды техникалық комитет жұмыстарына нақты мәселелер бойынша үйлестіру қажеттілігі туындағанда құруға құқылы. Екі кеңес беруші топтар қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді өзара бөлісіп алған: АКОС - электр қауіпсіздігін, АСЕТ - электроника мен байланыс мәселерін.

ХЭК - тің негізгі стандарттау нысандары:

- электртехника өнеркәсібінің материалдары (сұйық, қатты, газ тәрізді дтэлектриктер, мыс, аллюминий және олардың балқымалары, магнитті материалдар);

- өндірістік мақсаттағы электртехника жабдықтары (дәнекерлеуші аппараттар, қозғағыштар, жарық техникалық, жабдығы, реле, төменгі вольтті аппараттар, желілер және басқалары);

- электрэнергиялық жабдықтар (булық және гидравликалық турбиналар, электрбайланыс сымдары, генераторлар, трансформаторлар);

- электрондық өнеркәсіп бұйымдары (интегралдық схемалар, микропроцессорлар және басқалары);

- тұрмыстық және өндірістік мақсаттардағы электрондық жабдықтар;

- электраспаптар;

- байланыс серіктеріне арналған жабдықтар;

- терминология.

ХЭК құрамындағы электрондық және электртехникалық жабдықтар шығаратын радиокедергілерді өлшеу әдістерін стандарттаумен айналысатын Радиокедергілер жөніндегі Халықаралық арнайы комитеттің (СИСПР) біршама ерекше статусы бар. Ондай кедергілер жіберілуі мүмкін деңгейлер іс - жүзінде барлық дамыған елдердің тікелей техникалық заңнамаларының нысандары. Электрондық және электртехникалық жабдықтардың СИСПР стандарттарына сәйкестігі сертификатталады.

СИСПР - ге тек ұлттық комитеттер ғана емес, халықаралық комиттер де қатысады: Еуропалық радиохабар одағы, Халықаралық радио мен теледидар ұйымы, Халықаралық электротехникаларын өндіретін және тарататын одақ, Халықаралық ірі электртехникалық жүйелері жөніндегі конференция, Халықаралық теміржол одағы, Халықаралық қоғамдық көлік одағы, Халықаралық электртермия жөніндегі одақ. Комитет жұмысына бақылаушылар ретінде Халықаралық радио байланыс комитеті мен Халықаралық азаматтық авиация комитеті қатысады. СИСПР халықаралық нормативтік құжаттар, сондай - ақ ақпараттық құжаттар да әзірлейді.

ХЭК-тің негізгі үйлестіруші органы – Іс-әрекеттер комитеті. Бұл комитет өзінің басты міндеті техникалық комиттер жұмыстарын үйлестіруден басқа, жұмыстардың жаңа бағыттары қажеттілігін анықтайды, техникалық жұмысты қамтамасыз ететін әдістемедік құжаттар әзірлейді, басқа ұйымдармен қызметтесу мәселелерін шешуге қатысады және Кеңестің барлық тапсырмаларын орындайды.

ХЭК бюджеті ИСО - кі сияқты, осы ұйымға мүше - елдердің жарнасы мен халықаралық стандарттар сату түсімдерінен құралады. МЭК техникалық органдарының құрылымы да ИСО сияқты-техникалық комитет, комитет бөлімдері және жұмыс топтарынан тұрады. МЭК-те 80 техникалық комитет бар, олардың бір бөлігі (ИСО-дай) жалпы техникалық және саларалық сипаттағы халықаралық стандарттар, ал басқа бөлігі нақты өнім түрлерінің халықаралық стандарттарын әзірлейді.

Қазіргі уақытқа дейін МЭК 3000 аса мемлекеттік стандарттар әзірледі. Тұрмыстық электрбұйымдары мен машиналаларға арналған қауіпсіздік талаптары жөніндегі жұмыстарды МЭК атқаруының маңызын атап өткен жөн. Әр елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолының түрліше болуына байланысты «Тұрмыстық электраспаптары қауіпсіздігі» 61 ТК барлық электраспаптары мен машиналарға талаптар қойған 40 аса мемлекеттік стандарттар шығарды. МЭК халықаралық стандартына электраспаптар мен машиналардың сәйкестігін сертификаттау жүйесін МЭК - те құруына байланысты, осы сала бойынша стандарттар әзірлеудің маңызы ерекше.

Болашақта кейбір мамандардың болжамдары бойынша МЭК пен ИСО - ның іс - әрекеттері бірте - бірте жақындай түседі: бірінші этапта - мемлекеттік стандарттар даярлаудың бірыңғай тәртібін әзірлеу, бірлескен техникалық комитет құру; ал екінші этапта-бірігіп кетуі мүмкін, ИСО мен МЭК ұйымдарына көпшілік елдер тіпті бір органдар - ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдармен кірген.

ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын даярлау мерзімдерін қысқарту маңызды міндет, себебі қазіргі кезде оларды әзірлеуге орташа 4 - 5 жыл кетеді. Өнімнің моральді ескіру мерзімінің қысқарға ыңғайлануы, стандарттарға халықаралық сауда сұраныстарының шапшаң әсерінің қажеттілігі халықаралық стандарттар әзірлеу мерзімін күрт қысқрту міндетін қояды. Халықаралық стандарттар жобасын телеконференция шеңберінде талқылау тәртіптері тәжірибеде жиі қолданыла бастады. Телеконференциялардың әр елдер мамандарының іс - сапармен келіп қатысатын дәстүрлі мәжілістерінен айырмашылығы, олар жиі, ұйымшылдықпен және тез өткізіледі. Мамандардың бағалауынша, дәстүрлі тәртіп шеңберінде мемлекеттік стандарт әзірлеумен салыстырғанда телеконференцияда қаражаттың 80%, уақыттың 60% үнемделеді. Шетелдік тәжірибедегі «стандартттар әзірлеу тәртіптерін электрондау» процесі уақыт өте келе дәстүрлі стандарттар әзірлеу кезеңінен толық бас тартуға әкелуі мүмкін: «жобапікір - пікірді ескерту» тізбегінің орнына стандарттар редакциясын жасап бітіруге барлық мүдделі тараптар шын көпжақтылық тікелей қатысу режимінде жұмыс жасау жоспарлануда.

Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарға ИСО, МЭК, МАК - пен бірге (стандарттау жөніндегі жұмыстарға мамандандырылған ұйымдар ретінде) басқа ұйымдар да қатысады.


№ 18 дәріс

Тақырыбы: Стандарттау негізі


Дәріс жоспары:

1Стандарттау жайлы түсінік

2Стандарттау принципі


1 Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.

Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.

Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.

Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.

Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.

1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.

Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.

19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.

Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.

1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.

1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.

1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.

1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.

Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.

19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.

Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.

1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларына 1993 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңын, ал 1999 жылы «Стандарттау туралы» ҚР заңын қабылдау болып саналады.

2004 жылы Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданып, 2005 жылдың мамыр айында ол күшіне енеді.

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

«Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген:

Стандарттау – нақты қойылып отырған және ыктимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу аркылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге койылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану максатында техникалык реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін қүжат;

Стандарттау халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде өтеді. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін қүжат.

Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалык реттеу жүйесін құруға катысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган.


2 Техникалық реттеуде стандарттаудың принципі:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

Бақылау сұрақтары:

1 Сертификаттау саласында қандай заң бар?

2 Қандай заң өз күшінде?

3 Заң қандай бөлімдерден тұрады

4 Сертификаттауға сәйкес бөліміне қысқаша анықтама

5 Техникалық реттеудің мақсаты

6 Техникалық реттеудің негізгі принципі


№ 19 дәріс

Тақырыбы:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»
В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПавлодар Пән бойынша Нысан оқу бағдарламаны бекіту парағы пмұ Ұс н 18. 3/38 (Syllabus)
В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы бойынша олимпиадаларға қатысу ақпараты

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница