ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология




НазваниеПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
страница2/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/f9ad8e13-b651-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД Маманд кіріспе матер.каз
1   2   3   4   5   6   7   8   9

мемлекеттік білім беру стандарты


Дәріс жоспары:

1Аудиториялық сабақтар

2 Студенттердің өздік жұмыстары

3 Курстық жұмыстар

4 Практика


Аудиториялық сабақьтар дәрістер, тәжірибелік және лабораториялық және семинарлық түрінде өткізіледі олар мамандықтың оқу бағдарламасымен сәйкес жүргізіледі.


Оқушының өзіндік жұмысы (ОӨЖ) — бұл оқушылардың оқу қызметіндегі дидактикалық тапсырманы өз бетімен орындауға, білімге қызығушылығын арттыруға және белгілі бір сала ғылымында білімдерін толықтыруға бағытталған ерекше қызмет түрі .

Оқушының өзіндік жұмысы логикалық ойлаудың дамуын, шығармашылық белсенділік, оқу материалын игеруде зерттеушілік көзқарасын дамытатын практикалық тапсырмалардың іске асырылуымен байланысты.

Оқушының өзіндік жұмысы процессі инновациялық технологияларды қолану негізінде болуы керек. ООӨЖ аудиториялық формасы оқушының кітаптармен және алғашқы көздерімен жұмыс, топтық тапсырмаларды орындау , қойылған тапсырма шектеріндегі индивидуалды аналитикалық қызмет. ООӨЖ әрбір пән бойынша академиялық период мерзімі бойынша графикке сәйкес дәл мерзімі(дата), аудиторияда орындалады.


Курстық жұмыс студенттің жеке дербес жұмысының басты элементі болып табылады. Курсттық жұмыстың басты мақсаты ғылыми әдебиеттер, жаңадан зерттеу жұмыстарымен айналысып, нәтиже қорытынды алу.

Студенттердің белгілі мамандықты меңгеруге және нақты тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізуге негізделген. Берілген мәселені теориялық анықтап талқылауға негізделеді. Курстық жұмыстар оқу жоспарларға лайықты мерзімдерде жазылады. Курстық жұмыс студенттің ұсталығының дербес баяндама- мәселе, айқынды ең басым сұрақтарды, зерттеу элементтеріне қарамастан немесе меншікті эксперименталді тәжірибелі деректерді қолдану.

Курстық жұмыстың ғылыми баяндамалар мен аудиториялық дәрістерден айырмашылығы, оны әрбір студент жазбаша түрде, жетекшінің нұсқауымен белгілі мерзімде жазуы керек. Сонымен қатар, жазылған курстық жұмысты семинар немесе тәжірибелік сабақтарда қолдануға болады.

Курстық жұмыс қарапайым және кітап пен түрлі мақалалар үзінділерінен құралуы мүмкін. Аяқталған материалға ие, далелі мен анықтамасы бар ғылыми түрде болуы тиіс.

Жалпы теориялық жағдайға сәйкес курстық жұмыс құрылымының мақсаты тапсырманы зерттеп және қорытынды жасау болып табылады.


Кәсіби практика оқушының білім алудағы маңызды қадамдарының бірі және оның алатын компетенцияларын бағалауға мүмкіндік береді.

Кредиттік оқу жүйесінде түрлі кәсіби практикалар академиялық сағаттардағы түрлі еңбексыйымдылығын қарастырады.

Практика оқушының индивидуалды оқу жоспарына егер студент базалық практиканың орындалуына қажетті теоретикалық курстардың бекітілген минимумын меңгерген жағдайда ғана енгізіледі.

Өндірістік практиканы өтуге теориялық оқу курсынан жақсы өткен және аралық аттестациядан жақсы өткен студенттер ғана өткізіледі.

Практика бағдарламалары мамадық профильін және практикадан өту ерекшелігін ескере отырып жасалады.


1сабақтың қандай түрлерін білесіз

2аудиториялық сабақтардың СӨЖ-дерден қандай айырмашылығы бар

3Студенттің өздік жұмысы дегенді қалай түсінесіз

4СӨЖ қандай түрлері бар

5 СӨЖ және СОӨЖ формаларының қандай түрлері бар

Ұсынылатын әдебиет:

Абдыгаппаров С.Б. Қазақстандағы кредиттік білім беру жүйесі.

Алматы: Казак университеті 2004г


№ 7 дәріс

Тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы


Дәріс жоспары:

1 Ғылым туралы түсінік

2 Ғылыми зерттеулер


1 Ғылым - бұл адамдардың арнайы қызметінің нәтижесінде алынатын және қоғамның тікелей өндіріс күшіне айналатын қоғам және ойлаудың, табиғатттың объективті заңдарының үздіксіз дамушы білім жүйесі.

Ғылым мақсаты - табиғат пен қоғамның дамуының және табиғатқа әсерін қоғамға пайдалы нәтижелерге қол жеткізу үшін алынған білімдерді қолдану негізінде танып білу...

Ғылымның дамуы факторларды жинау, оларды зерттеу және жүйелеу, жалпылау және логикалық құрылыммен жүйеленген, байланысқан ғылыми білімдердің қолдағы бар факторларды түсіндіруге және жаңаларын болжауға мүмкіндік беретін, жекелей заңдалақтарын ашудан басталады.

Ғылымға сонымен қатар зерттеу әдістері де жатады. Әдіс деп қандай да бір құбылыс немесе процессті теориялық зерттеу немесе тәжірибиелік орындау тәсілін түсінеміз. Әдіс – бұл ғылымның негізгі мәселесін – шындықтың объективті заңдарын шешетін құралы. Әдіс индукция мен дедукцияның, талдау мен синтездеудің, теориялық және экспериментальдық зерттеулерді салыстырудың қажеттілігі мен қолдану аясын анықтайды.


2 Ғылымның дамуы мен жүзеге асырылуының формасы ғылыми зерттеу болып табылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – нақты объектіні анықтау және оның құрылымын, сипаттамаларын, ғылымда жасалған білімдердің принциптері мен әдістерінің негізінде жасалған байланыстар жан жақты зерттеу, сонымен қатар адам қызметіне пайдалы нәтиже алу, өндіріске болашақтағы пайдасы үшін енгізу.

Ғылыми зерттеу үздіксіз дамуда қарастырылып, теорияның тәжірибиемен байланысына енгізделуі тиіс.

Ғылыми зерттеу кезінде маңызды рольді ғылыми зерттеулерді шешу кезіндегі пайда болатын танымдық мәселелер болып табылады.

Эксперимент - бұл танымның бақылау мен өлшеулер ғана жасалмай сонымен қатар зерттеу объектісінің өзгересін орын ауыстыру және т.с.с. жасалынатын жалпылама эмпирикалық әдісі

Бұл әдісте бір фактордың екінші факторға әсерін анықтауға болады. Эмпирикалық әдістер ғылыми зерттеулерде үлкен роль атқарады. Олар тек теориялық алдын ала сілтемелерді бекітуге негіз болмай, сондай-ақ ғылыми зерттеудің жаңа жаңалығының пәнін құрайды. Алынған білімдердің негізінде заңдар жасалады, теорияны жасайда, факттарды тексереді және т.б. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жасалған жұмыстың қорытындылары мен жалпыламалрының ғылымилығы қаншалықты жоғары, олардың қаншалықты дұрыс және тиімді болса соншалықты жоғары бағаланады. Олар жаңа ғылыми жұмыстардың негізін қалауы керек.

Ғылыми зерттеуге қойылатын басты талаптардың бірі зерттелетін құбылыстар мен процесстердің арасындағы тәуелділік пен байланысты орнатуға және ғылыми қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ғылыми жалпылама болып табылады. Қорытындының мәні қаншалықты терең болса, зерттеудің ғылыми дәрежесі де соншалықты жоғары болмақ.


Бақылау сұрақтары:

1. Ғылым түсінігі

2. Ғылыми зерттеу деген не?


Ұсынылатын әдебиет:

Ғылыми зерттеулер негіздері: Учеб. для техн. вузов /В.И.Крутов, И.М.Грушко, В.В. Попов – М.: Высш.шк., 1989.-400с.

№ 8 дәріс

Тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Дәріс жоспары:

1 Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу

2 Ғылыми-техникалық ақпарат


1 Зерттеу жұмысын белгілі бір кезекпен жүргізеді.

Орындау процесі алты этаптан құралады:

1) тақырыпты қалыптастыру;

2) зерттеудің мақсаты мен тапсырмаларын анықтау;

3) теоретиялық зерттеулер;

4) эксперименталдық зерттеулер;

5) ғылыми зерттеулерді талдау және безендіру;

6) ғылыми зерттеулерді ендіру мен тиімділігі.

Әрбір ғылыми зерттеудің тақырыбы болады. Тақырып ғылым мен техниканың түрлі сауалдары болуы мүмкін.


2 Қызметкерлердің жұмысының тиімділігі арттыру және қажетті құжаттаманы таңдауды жеделдету үшін жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат (ҒТА) қызметі ұйымдастырылған.

Ақпарат тасымалдаушылар түрлі құжаттар болып табылады: кітаптар ( оқулықтар, оқу құралдары, монограиялар); периодтық басылымдар (журналдар, бюллетеньдер, институттар еңбектері, ғылыми жинақтар);

нормативтік құжаттар (стандарттар, ТШ, нұсқаулықтар, уақытша нұсқаулықтар, нормативтік кестелер және т.б.);

каталогтар мен прейскуранттар;

патенттік құжаттама (патенттер, өнертабыстар;

ғылыми зерттеу және тәжірибелік -кострукторлық жұмыстардың есептері;

ақпараттық басылымдар (ҒТА жинақтары, аналитиаклық шолу, ақпараттық парақтар, экспресс-ақпарат, көрмелік проспекттер және т.б.)

шетелдік ғылыми-техникалық әдебиеттердіңаудармалары;

ғылыми-теникалық және өндірістік жиналыстардыі материалдары;

диссертациялар, авторефераттар;

ұйымның өндірістік-техникалық құжаттамасы (есеп, жұмыстарды қабылдау актілері және т.с.с.);

екінші деңгейлі құжаттар (реферативті шолу, библиографиялық каталогтар, реферативті журналдар және т.б.).

Бұл құжаттар жыл сайын артып отыратын ауқымды ақпарат ағымын береді.


Бақылау сұрақтары:

1 Ғылыми-техникалық ақпарат дегеніміз не?

2 Ғылыми зерттеудің түрлері.


Ұсынылатын әдебиет:

Основы научных исследований: Учеб. для техн. вузов /В.И.Крутов, И.М.Грушко, В.В. Попов – М.: Высш.шк., 1989.-400с.


№ 9 дәріс

Тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Дәріс жоспары:

1 Өнертабыс ұғымы

2 Өнертабыс түрлері


1 Өнертабыс деп адамның белгілі қызмет аймағындағы техника объектілерін құруға бағытталған мәселенің техникалық шешімін айтады, оның белгілі аналогтармен салыстырғанда жаңалық қасиеті және қазіргі заңдылыққа байланысты құқықтық қорғауы бар.

Қазақстандық патенттік заңдылыққа байланысты өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі келесі жағдайларда:

  1. егер бұл өнертабыс жаңа болса;

  2. егер оның өнер табушылық деңгейі болса;

  3. егер оны өнеркәсіпте (өндірісте) қолдануға болса.

Өнертабыс жаңа болып саналады, егер ол техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.

Өнертабыс өнер табушылық деңгейге ие болады, егер ол мамандық үшін техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.

Техника деңгейінің мәліметтеріне өнертабыстың басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ барлық мәліметтер жатады.

Өнертабыстың жаңалығын орнатқан кезде техника деңгейінің мәліметтеріне бұрын өнертабыстарға және пайдалы моделдерге басқа авторлардың берген өтінімдері және Қазақстанда патенттелген өнертабыстары мен пайдалы моделдері жатады. Жаңалықтың абсолютті сипаттамасы болады.

Өнертабыс объектілеріне келесілер жатады:

  1. қондырғылар;

  2. әдістер (биотехнологиялық әдістер, емдеу әдістері, диагностика және сауықтандыру әдістері);

  3. заттар (химиялық, емдеу);

  4. микроағзалар штаммдары, өсімдік және жануар жасушаларының дақылдары;

  5. бұрыннан белгілі қондырғыларды, әдістерді, заттарды, штаммдарды жаңа мақсатпен қолдану.

Пайдалы модел деп өндіріс құралдары мен тұтыну пәндерінің жаңа конструктивті орындалуын айтады. Пайдалы модел өнертабысқа жақын объекті болып табылады.

Пайдалы модел ретінде Қазақстан Республикасында қондырғылар қорғалады.

Пайдалы моделге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа және өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналса.

Пайдалы модел жаңа деп есептеледі, егер оның барлық белгілерінің жиынтығы техника деңгейінің мәліметтерінде берілмесе.

Өнеркәсіптік үлгі деп сыртқы түрін анықтайтын өнімнің көркемді-конструкторлық шешімін айтады, оның қазіргі заңдылыққа сай құқықтық қорғауы бар. Өнеркәсіптік үлгіге құқықтық қорғау беріледі, егер ол жаңа, айырықша және өнеркәсіпте қолдануға жарамды болса.

Өнеркәсіптік үлгі жаңа деп саналады, егер өнімнің эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін қамтитын барлық белгілердің жиынтығы үлгілердің басымдылық күніне дейін жалпыға ортақ мәліметтерде берілмесе.

Өнеркәсіптік үлгі айырықша қасиеттерге ие деп саналады, егер маңызды белгілер өнімнің эстетикалық шығармашылық сипаттарын анықтаса ғана. Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналады, егер ол бірнеше рет қайта өңделіп шығарылса.

Өнеркәсіптік үлгілер көлемдік, жазықтық және аралас болып бөлінеді.


2 Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі (МКИ) немесе халықаралық патенттік жіктелуі (МПК) 1975 жылдың 7 қазанында күшіне енді, ол өнертабыстарға берілетін патенттерді, оның ішінде жарияланған патенттік өтінімдерді, авторлық куәліктерді, пайдалы моделдерді және пайдалылығы туралы куәліктерді қамтитын біраңғай жіктеу жүйесін құру алдын-ала қарастырылады.

1971 жылдың 24 наурызында шыққан халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург келісімінің негізінде қабылданған халықаралық патенттік жіктеу функционалдық-салалық принцип бойынша құрылған және ол негізгі және қосымша құрал ретінде халықаралық аумақта жіктеу, олар туралы мәліметтерді іздеу үшін қолданылады.

Халықаралық патенттік жіктеу қорғау құжатымен қорғауға жататын объектілері бар білімнің барлық салаларын қамтиды.

Халықаралық патенттік жіктеу 8 бөлімге (тарауға) бөлінген, олардың шартты атаулары мен А дан Н дейін латын алфавитінің бас әрпімен белгіленген белгіленулері бар.

А бөлімі – Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру;

В бөлімі - Әртүрлі технологиялық процестер, тасымалдау;

С бөлімі – Химия және металлургия;

Д бөлімі – Текстиль, қағаз;

Е бөлімі – Құрылыс, тау жұмысы;

F бөлімі – Механика, жарық, жылу, қозғалтқыш пен сораптар, қару-жарақтар, жару-қопару жұмыстары;

G бөлімі – Физика;

Н бөлімі – Тоқ.

Халықаралық патенттік жіктеудің құрылымының иерархиясы білімнің барлық салаларын бірнеше жіктеу деңгейіне бөлінумен анықталады. Иерархияның бұл деңгейлері бөлімдерге, кластарға, классішілікке, негізгі топтар мен топшаларға сай болады.

Мысалы:

А 01 В 1/00 негізгі топ

бөлімі класс классішілік 1/24 топша

бөлшектелген рубрикалар

Халықаралық патенттік жіктеудің рубрикасын ізденістің пәніне (объектісіне) қарай анықтайды. Қажетті рубриканың орнатылуын жеңілдету үшін Өнертабыстардың халықаралық жіктелуі үшін Алфавитті-пәндік көрсеткішті, ал халықаралық патенттік жіктеу үшін терминдер көрсеткішін қолданады.

Әрбір бөлім екі араб санымен белгіленген кластарға бөлінеді.

Мысалы:

А бөлімінде: А 23 – «Құс және тағам өнімдері, оларды өңдеу»;

F бөлімінде: F 26 – «Кептіру».

Әрбір класта бір немесе бірнеше классішіліктер болады. Классішіліктің индексі класс индексінен және латын алфавитінің бас әрпінен тұрады.

Мысалы: А 22 класында екі классішілік бар:

А 22 В – «Мал сою ісі»;

А 22 С – «Етті, құс пен балықты қайта өңдеу»

Әрбір классішілік бөлімшелерге бөлінген, олар «рубрикалар» деп аталады. Рубрика ішінде негізгі (басты) топтар мен топшалар бар.

Бөлшектелген рубриканың индексі классішілік индексінен тұрады, содан кейін екі сан және қисық сызық болыды.

Негізгі топтың индексі классішілік индексінен тұрады, одан кейін екі немесе үшмәнді сан, қисық сызық және 00 символдары болуы керек.

Негізгі топтың мәтіні техниканың саласын анықтайды.

Мысалы: А 22 С 11/00 – «Шұжық өнімдерін өндіру»;

Ғ 25 В 6/00 – «Компрессорлық машиналар, қоңдырғылар мен бірнеше конденсация контуры бар жүйелер».

Топшаның индексі. Топшалар негізгі топқа бағынатын рубрикаларды құрайды. Топша индексі классішілік индексінен, содан кейін бір, екі немесе үшмәнді негізгі топтың нөмірінен, қисық сызықтан, 00 символдарынан басқа екі саннан тұрады.

Мысалы: А 22 С 11/02 – шұжық өнімдеріне арналған шприцтер.

Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктелуінің 2001 жылы шыққан 8 редакциясы бойынша ол 45 топтан тұрады.

1 кластан 34 класқа дейін – тауарлар.

35 кластан 45 класқа дейін қызметтер.


Бақылау сұрақтары

1 Өнертабыс деген не

2 Өнертабыс объектісі

3 Өнертасытың қандай түрлері сіздерге белгілі

3 МКИ сипаттамасын беріңіз


Ұсынылатын әдебиет

1 Основы научных исследований: Учеб. для техн. вузов /В.И.Крутов, И.М.Грушко, В.В. Попов – М.: Высш.шк., 1989.-400с.


№ 10 дәріс

Тақырыбы: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Дәріс жоспары:

1 Патенттік ақпараттық зерттеулер

2 Патенттік зерттеулер мазмұны


1 Патенттік зерттеулердің мазмұны және өткізу тәртібі МЕСТ Р 15.011-96 сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт шаруашылық субъектілерінің қызметіне таралады. Ол меншік түріне, мемлекеттік тапсырыстарды орындауға, шаруашылық келісімшарттарға, инициативті жұмыстарға тәуелсіз болып табылады және ұйымға бірыңғай талаптар бекітеді, патенттік зерттеулер нәтижелерін қолдануға, ресімдеуге және жүргізуге бірыңғай талаптар бекітеді және халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады.

Патенттік зерттеулер – шаруашылық қызметі нысандарының техникалық деңгейін және даму тенденциясын, патенттік және тағы басқа ақпараттар негізінде патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестігін (белгіленуі бойынша қолдану тиімділігін) зерттеу.

Зерттеу нысаны - шаруашылық қызмет нысаны және субъектінің шаруашылық қызметі.

Шаруашылық қызмет нысаны – техника нысаны, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылған нысандар, ноу-хау, шаруашылық субъектісіне көрсетілетін қызметтер.

Шаруашылық субъектісі – халықшаруашылығы қызметінің кез-келген мүшесі.

Бәсекегеқабілеттілік – шаруашылық қызмет нысанының қандай-да бір кезеңде, нақты нарыққа бәсекелестік немесе қарама-қарсы әсер ету жағдайында коммерциялық немесе басқа табысқа жетуін қамтамасыз ету.

Инжиниринг – әртүрлі инженерлік жұмыстарды орындау, коммерциялық негізінде кеңесші қызмет атқару.

2 Патенттік зерттеулер мазмұны мен сипаты жағынан негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарына жатады және шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызмет нысанын құру, өндіру, тұтыну, дамыту, қолдану, жөндеу және өндірістен алу туралы шешім қабылдауда негізгі бөлігі болып табылады.

Патенттік зерттеулер жеке ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде, шаруашылық субъектісі құрамында болады.

Патенттік зерттеулерді шаруашылық субъектісі жүргізеді:

  • құру бағдарламасын орындаушылар; өндірістің дамуы және техника объектісін құру;

  • өнімнің тәжірибеде шығуын іргелі зерттеу және қосымша сипаттағы зерттеулер орындаушылары;

  • ҒЗЖ орындаушылары;

  • тапсырыс берушілер;

  • дайындаушылар.

Тәжірибелік тұтынылуына байланысты патенттік зерттеулерді жүргізеді:

  • тапсырыс беруші (негізгі тұтынушы) – болжау, ағымдағы жоспарлау, бағыттағы анықтау кезінде, зерттеулік жобаны, өнімді тұтыну кезінде.

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаушы – болжау кезінде, келешекте және ағымдағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау, техника және технико-экономикалық негіздегі жаңа нысандарын құру және енгізуде бағыттарды таңдау; инжинирингті қызметті анықтау кезінде; ғылыми-зерттеу жұмыстарын және кезеңдерін орындау кезінде; ғылыми-техникалық бірлестік құру кезінде.

  • орындаушы (әзірлеуші, жобалаушы) өз қызметін келешекте және ағымда жоспарлау және жобалау кезінде; нақты жұмыстарды орындау қажеттілігі негізі кезінде; тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-конструкторлық, жобалық, технологиялық және тағы басқа жұмыстар және олардың кезеңдерін орындау процесінде; тұтыну түрін таңдау және өнімді тұтыну жағдайын қамтамасыз ету негізі кезінде; басқа ұйымдар мен фирмалардың білімі мен тәжірибесін қолдану сұрақтарын шешу кезінде.

  • дайындаушы (жеткізуші) кәсіпорынды жаңарту және оны дамыту кезінде, өнімдерді жеткізуде, өнім сапасын көтеру мәселесін шешу кезінде, технологияны дамытуда, кәсіпорынды материалдық және технологиялық қамтамасыз етуде, лицинзиялау және шетелден қоңдырғылармен қамтылған кезде, өнімді жақсартуда, өнімдерді жеткізу туралы мәселелерді шешу және оларға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, жеткізілген өнімдердің сервистік қызметтері және тағы басқалары.

  • барлық шаруашылық субъектілер – санаткерлік жеке меншіктің құқықтық күзет нысандарының мәселелерін шешуде.

Патенттік ізденістердің жүргізілуі және олардың шешімін көрсету, келісім немесе жоспарлы-техникалық құжаттарда қарастырады.

Жұмыстарды жүргізудің келісім құжаттарында екі жақтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сондай-ақ патенттік зерттеулердің шешімдерін, шарттары, сонымен қатар екі жақтың жауапкершілігін қарастырады.

Басқа мекемелерді патенттік зерттеуге қатыстыру бойынша жұмыс орындаушы шешеді. Егер басқа мекемелер қатысатын болса, онда келісім мен контракт толтырылады.

Патенттік зерттеулердің шешімдерін құжаттарды жасау кезінде қолданады, олар шаруашылық субъектілерге және қабылдаған шешімдерге байланысты болады, сондай-ақ:

  • болжамдар, бағдарламалар, бизнес-жоспар және кәсіпорын дамуы және қызмет көрсету;

  • келісім құжаттары;

  • есептік ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық, жобалық құжаттама, техникалық шарт, өндірілген өнімге стандарттар, сонымен қатар, ғылыми-техникалық өнімге жеткізу-қабылдау актілері;

  • елдегі жеке меншік нысандарының күзетпен қамтамасыз етуге байланысты құжаттамалар;

  • шаруашылық субъектілердің формалауға және ғылыми-техникалық жеткізушілер, патенттік және коммерциялық саясатқа байланысты құжаттамалар;

  • шаруашылық субъектілердің салық жеңілдіктеріне құқығын дәлелдейтін құжаттама;

  • басқа құжаттамалар, құрамында патенттік зерттеудің шешімі болуы мүмкін.

Патенттік зерттеудің шешімін шаруашылық субъектіде көрсетілгендей қарастырады және белгілі бір тәртіпте қолданады.

Патенттік зерттеу шешімін келісімде көрсетілмесе оны шет елге шығаруға болмайды.

Патенттік зерттеулердің мазмұны төмендегідей болады:

  • шаруашылықтың техникалық нысандарын зерттеу, тенденциясын таңдау және олардың дамуының болжамы;

  • белгілі бір өнімнің жағдайын зерттеу, зерттеліп жатқан ел кәсіпорынның мінездемесі;

  • өнімге және қызметке тұтынушылардың талаптарын зерттеу.

Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі мыналарды қарастырады:

- патенттік ізденістердің тапсырмаларын анықтау, ізденістердің түрлері мен олардың жүргізілу әдістерін және патенттік ізденістерді жүргізу тапсырмаларын өңдеу;

- патенттік және басқа да құжаттардың талаптарын іздеуді анықтау, регламенттік ізденісті өңдеу;

- талқыланған регламентке сай патенттік таңдау, ізденіс пен ізденіс есептерін әзірлеу;

- талқыланған құжаттарды жүйелеу мен талдау;

- патенттік ізденістермен берілген тапсырмаларды растау, иеленген субъектінің ұсыныстарын растау, қорытынды жасау;

- ізденістердің нәтижелерін әзірлеу патенттік ізденістердің есебі түрінде.


Бақылау сұрақтары

1 Патенттік зерттеу немен аяқталады?

2 Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі-конструкторлы жұмыстың қандай кезеңдерінде патентные зерттеу жүргізіледі?

3 Нелітен патенттік құжат техникалық нысан дамуының болжаушы ақпараттық база болып табылды?

4 «Бәсекеге қабілетті өнім» дегенді қалай түсінесіңдер?


Ұсынылған әдебиеттер:

1 Основы научных исследований: Учеб. для техн. вузов /В.И.Крутов, И.М.Грушко, В.В. Попов – М.: Высш.шк., 1989.-400с.


№ 11 дәріс

Тақырыбы: Метрология негізі


Дәріс жоспары:

1 Метрология жайлы түсінік

2 Физикалық шамалардың өлшем бірліктері

3 Физикалық шамалардың өлшем бірліктер жүйесі


1 МЕСТ 16263-70 МӨЖ бойынша метрологияға жалпы анықтама берілген.

«Метрология» деген сөз гректің «метрон» - өлшем және «логос» - ілім дейтін екі сөзінен құралған.

Метрологияның сөзбе-сөз мағынасы - өлшеу туралы ілім. Қазіргі кездегі анықтама бойынша, метрология - өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Қазіргі кезде метрологияның құрамына: заңды метрология, теориялық (ғылыми) және тәжірибелік (қолданбалы) метрология кіреді.

Метрология тәжірибелік қызмет ретінде ерте заманнан бері келе жатыр. Адам қоғамының даму барысында өлшеулер адамдар арасындағы, олардың сыртқы ортамен, табиғатпен қарым-қатынаста негізгі рөл атқарды. Сол кезден бастап өлшемдер, пішіндер, заттардың, құбылыстардың қасиеттері, сонымен оларды салыстыру туралы ережелер мен әдістер дайындалып шығарылды.

Бұрын өлшеу бірліктері мен олардың өлшемдерінің атаулары арнайы қоңдырғыларды қолданбай, қол, аяқ астында болған заттардың атауына сәйкес қойылды. Мысалы: Ресейде ұзындықтың негізгі бірліктері ретінде пядь және локоть қолданды. Кейінірек, аршин атты бірлік пайда болғанда пядь қолданыстан алынды.

Атаулары бар өлшемдердің бірліктерін біріктіру үшін үлгілі өлшемдер шығарыла басталды. Оларға өте ұқыпты қарады: бұл өлшемдер шіркеулерде, басқа да құнды заттарды сақтауға болатындай жерлерде сақтады.

Өндірістің даму барысында өлшемдерді қолдану және сақтауға байланысты талаптар жоғарылап, физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір қалыпқа келтіріле бастады.

Метрология дербес, өзара толықтырушы бөлімге, негізгісі «Теориялық метрология» болып үшке бөлінеді. Бұнда өлшеудің теориялық жалпы сұрақтары баяндалады.

«Қолданбалы метрология» бөлімінде теориялық зерттеу нәтижесі тәжірибеде қолдануға негізделеді. Соңғы бөлім «Заңтану метрология» өзара байланысты және өзара шартты жалпы заңды, норма талаптар сонымен қатар басқа да мемлекет тарапынан қажетті бақылау және регламенттеу, біркелкі өлшеу құралы мен өлшем бірлігін қамтамасыз етуге негізделген.

Өлшеу-метрологиянын негізгі түсінігі. МЕСТ 16263-70 бойынша өлшеу-арнайы техникалық құрал көмегімен физикалық мөлшерді анықтау.

Медицинада метрологиянын алатын орны үлкен. Медициналық өлшеу құралдарының көптеген түрлері шығарылған. Медицинаның диагностика, терапия және гигиенада өлшеу түрі қолданылады.

Өлшеу барлық сала түрінде жобалау, дайындау, өндірістік құралдың кез-келгенін бақылауда қолданылады.


2 Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең қарапайым өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен кашыктықты және денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді.Ақиқаттық мағынаға эксперименталді жолмен алынған физикалық өлшем жатады. Өлшем бірліктерге деген қажеттілік сандықта анықтауда туындады, айталық, құйылма немесе сұйық заттың мөлері. Масса, ұзындық, өлшемдері пайда бола бастады. Өлшем бірлігінің дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, өлшем бірлігін өлшеммен байланыстырғанда. Өлшенген өлшем бірлік өлшемге теңестірілді.

Екінші кезең заттық эталон (метр, килограмм) табиғи және заттыққа негізделе, өлшем бірліктен бас тартумен сипатталады.

Үшінші кезеңде физикалық өлшем бірлік дамуы анықтады, яғни ғылым мен техника талап еткен нақты дәлдік бірлікпен заттық өлшем бірлік эталоны қамтамасыз ете алмайтынын. Қазір метрдің өлшемі арқылы секундты анықтайды.

Физикалық шамалар өлшенетін және бағаланатын болып бөлінеді. Өлшенетін шамалар белгіленген өлшем бірліктерінің белгілі саны түрінде сандық өрнектелуі мүмкін. Физикалық – бұл олар үшін өлшем бірліктері енгізіле алмайтын шамалар, олар тек бағалануы. Бағалау – бұл белгілі ережелер бойынша жүргізілетін, берілген шамаға белгілі санды тіркеп жазу операциясы. Бағалау шкалалардың көмегімен жүргізіледі. Шкала – бұл дәл өлшеулер нәтижелерінің негізінде қабылданған, физикалық шама мәндерінің реттелген тізбектілігі. Бұдан, физикалық емес шамалар тек бағалануы ғана мүмкін.

Физикалық шамаларды келесі түрде жіктеуге болады:

Құбылыстар түрлері бойынша олар топтарға бөлінеді:

  • заттық, олар заттардың, материалдардың және олардан жасалған бұйымдардың физикалық, физика-химиялық қасиеттерін (масса, тығыздық, сыйымдылық және т.б.) сипаттайды;

  • энергетикалық, олар энергияны (қуатты, кернеуді) түрлендіру, тарату және пайдалану процестерінің энергетикалық сипаттамаларын сипаттайды;

  • процестердің уақытта өтуін сипаттайтындар. Оларға әр түрлі спектрлік сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады

Физикалық процестердің әр түрлі топтарына тиесілігі бойынша шамалар механикалық, жылулық, акустикалық, электрлік және магниттік, жарықтық, кеңістікті-уақыттық, иондаушы сәуле шығару, атомдық және ядролық физика, физика-химиялық болып бөлінеді.

Берілген топтың басқа шамаларына шартты тәуелсіздігі дәрежесі бойы

1872 жылы халықаралық комиссия прототип жүйенің метрлік шартты материалдық эталондерде (прототипах) негізде елдің және ұзындықтың бірліктерін бекіткен.

1875 жылы 17 мемлекет (соның ішінде және Ресей) Метрикалық конвенцияға қол қойды, дипломатиялық конференция болған:

1) метрдің халықаралық прототипы және килограмм бекітілді;

2) өлшем және таразының халықаралық бюросы құралды;

3) өлшем және таразының халықаралық комитеті түзілді;

4) бір реттен алты жылда өлшем мен таразыға бас конференция орнатылды.

Метрдің және килограмм үлгілері платина және иридия құйындысынан жасалынды. 1889 жылы Парижде    J өлшемі және таразылар бойынша I бас конференция өткізілді, онда бекітілген метрдің және килограмның халықаралық прототипы  жасалынды. Мемлекеттердің арасында болған. Ресей екі метрді (№ 11 және №28) және екі килограмм (№12 және №26) алды. Олардан 28 метр және килограмм №12 ара сапа Ресейдің мемлекеттік эталонын бекітулі болды. Ақырында, метрлік жүйесі орнады.


3 Физикалық шамалардың өлшем бірліктер жүйесі болып негізгі өндірілген бірлік жиынтығы болып табылады.

Алғашқыда МКС бірлік жүйесі үш негізгі бірлік ұзындық, масса, уақытқа сәйкес орнатылды. СГС жүйесі сантиметр, гамма, секундқа негізделе орнады.

Кейбір уақыт МКГСС техникалық бірлік жүйесіне ұзындық масса, күш, уақыт - (метр - килограмм - күш - секунд) негізделе енгізілген.

1948 жылы IX Басты конференцияда өлшеу және салмақ бойынша тәжірбиелі бірлік жүйесі орнату ұсынылды, негізгі бірлік ретінде, килограмм, секунда және электрлік шама орнады.

X Бас конференцияда (1954 ж) негізгі жаңа бірлікке: - метр, масса килограмм, уақыт - секунд, ток күші - ампер, температура термодинамикалық - кельвин. Жарық күші – кандела енгізілді.

X Бас конференциядан кейін Халықаралық метр және таразы комитеті жаңа бірлік жүйесін даярлап және оны Халықаралық бірлік жүйесі деп атауға ұсыныс жасады.

1960 жылы Өлшем мен салмақ бойынша XI Бас конференция жаңа жүйені қабылдады оны «Халықаралық бірлік жүйесі (Systeme International)» қысқартылған түрінде «SI», «СИ».


Бақылау сұрақтары:

1 Метрология бойынша не түсінесіңдер?

2 Метрологияның қандай түрі бар?

3 Физикалық шаманың өлшем бірлігі деген не?

4 Қандай физикалық шамалардың өлшем бірліктерін білесіңдер?

5 СИ жүйесі деген не?


№ 12 дәріс

Тақырыбы: Метрология негізі


Дәріс жоспары:

1 Физикалық шаманы өлшеу

2 Өлшеу әдістері

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»
В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПавлодар Пән бойынша Нысан оқу бағдарламаны бекіту парағы пмұ Ұс н 18. 3/38 (Syllabus)
В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы бойынша олимпиадаларға қатысу ақпараты

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница