ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология




НазваниеПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
страница1/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.24 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/f9ad8e13-b651-11e3-b0bc-f6d299da70eeУМКД Маманд кіріспе матер.каз
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042–18-9.1.01/03-2013


ПОӘК

«Мамандыққа кіріспе» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


18.09.2013 ж.

№ 1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология

(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Мамандыққа кіріспе» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







Семей

2013




Мазмұны





1

Дәрістер

3

2

Тәжірибелік сабақтар

73

3

Студенттердің өздік жұмысы

86


1 ДӘРІСТЕР


№ 1 дәріс. Кіріспе


Дәріс жоспары:

1Курстың мақсаты, пәні және тапсырмалары

2Шәкәрім атындағы СМУ тарихы мен құрылымы


1Курстың мақсаты, пәні және тапсырмалары.

«Мамандыққа кіріспе» пәні жалпы кәсіби пәндер курсына жатады және жалпы және арнайы пәндердің қатарына қосылғандардың алғашқысы, әрі «5В073200» – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығының студенттерін даярлаудағы негізгі арнайы курстардың бірі болып табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты кәсіби қызметтің ерекшеліктері мен түрлерімен танысу, осы мамандықпен байланысты өндірістік-техникалық және жобалық-конструкторлық қызмет бастамаларын үйренуге даярлық болып табылады.

Пәннің тапсырмалары: өнімге (қызметке), оның технологиялық жасалуына, өндірісіне, қолданысына және жоғары сапа мен қауіпсіздігіне бағытталған нормалар, ережелер мен талаптарын зерттеу.

Осы пәнді оқу барысындағы студенттердің үйренген, ойға түйген білімдері басқа да келесі жалпыкәсіби пәндерді оқу кезінде материалды тез алып қабылдауына көмектеседі.


2Шәкәрім атындағы СМУ тарихы мен құрылымы.

Семей облысының климаттық жағдайлары мал шаруашылығына қолайлы болып табылады. Соғыс жылдарында Ленинградтан еткомбинаты эвакуацияланып әкелінген болатын. Осының бәрі осы аймақтың дамуына өз үлесін қосқан. Өңдеуші саланың өсіп-өркендеуіне квалификацияланған мамандар қажет болды.

Осыған байланысты, 1964жылы Семейде Джамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өндірісінің институтының филиалы ашылды, онда Джамбылдан көшіріліп әкелінген 5 курс студентттері (сүт технологиясы мамандығы бойынша 13 студент, ет технологиясы мамандығы бойынша 18 адам) оқитын болды.

Филиал үш кафедраны құрайтын. Олардың бірі ветеринарлық ғылымдар докторы Ульянов Сергей Дмитриевич басқарған тамақ өндірісі кафедрасы болатын. Оқыту кешкілік жүйесімен іске асырылатын, яғни студенттер күндіз еткомбинатында жұмыс істейтін, ал кешке сабақ оқитын. 1965 жылы филиал 4 мамандық бойынша алғашқы студенттерін қабылдады: тамақ өндірісіндегі машиналар мен аппараттары, ет және ет өнімдерінің технологиясы, сүт және сүт өнімдері технологиясы, және тамақ өндірісінің экономикасы.

1980 жылы филиал жеке Семей ет және сүт өндірісінің технологиялық институтына айналды, ол КСРО-дағы Мәскеулік және Ленининградтықтан кейінгі үшінші мамандандырылған институт. 1996 жылы педагогикалық, зооветеринарлық және технологиялық үш ЖОО-ның бірігуі болып, солардың негізінде Шәкәрім атындағы СМУ негізі қаланды. Және одан кейінгі жылдары педагогикалық институт бөлек шықты.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Семей өңіріндегі барлық ЖОО-нан еуропалық классикалық көппрофильді университеті ретінде сапалы ерекшеленеді. Зооветеринарлық, технологиялық және қаржы институттарының негізінде 1995 жылы құрылған Шәкәрім атындағы СМУ Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы мәдениет, оқу-әдістемелік және ғылыми орталығына айналып, жоғары мектеп дәстүрін сақтап және өркендете білді.

Қазақстан Республикасының 1999жылғы 22 қыркүйегіндегі қаулысымен «Семей» Семей мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті деп аталды. 2000жылдың ақпан айында Шәкәрім атындағы СМУ құрамына бұрынғы Семей мемлекеттік қаржы институты кеп қосылды.

2004 жылдың ақпан айында Шәкәрім атындағы СМУ құрамынан Семей мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты.

Қазіргі таңда университет Республиканың ірі көпсалалы жоғары оқу орны (ЖОО) болып табылады. Қазақстан республикасының ЖОО білім беру қызметін ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығының бағалау нәтижелері бойынша 2008 жылы Шәкәрім атындағы СМУ еліміздің көпсалалы ЖОО арасында 10-шы орында, № 000004 мемлекеттік лицензиясы бар, мемлекеттік аттестациядан ойдағыдай өткен.

Мұнда кең ауқымда сұранысы көп жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринариялық, бизнес және құқық мамандықтары бойынша, соның ішінде 44 бакалавр мамандықтары, 2 жоғары арнайы білім, 225 магистратура мамандықтары, 5 докторантура мамандарын даярлайды.

Университеттегі оқу орнын басқарудың жүйесін жетілдіру үшін ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестігіне екі рет тексерістен «SGS International Certification Services» швейцариялық компания өткізген сапа менеджмент жүйесі енгізілген, сертификатталған және табысты әрекет етуде. Университетте білім беру қызметі сапасын бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы бағалау қолданылады. Қазақстан респуликасының ЖОО білім беру қызметін ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығының бағалау нәтижелері бойынша 2008 жылы Шәкәрім атындағы СМУ еліміздің көпсалалы ЖОО арасында 7-ші орынды алады.

Қазіргі уақытта Шәкәрім атындағы СМУ 5 факультетті құрайды:

- аграрлық факультет,

-гуманитарлы-заң факультеті,

- инженерлі-технологиялық факультет,

-ақпараттық-байланыс технологиялар факультеті,

-қаржы-экономикалық факультеті,

- Шәкәрім атындағы СМУ колледжі.

«Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы (РЗҒО).

-ет және сүт өндірісінің ғылыми-зерттеу институты,

-ветеринария және мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты,

-химия-экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институты,

-мониторинг және болжаудың әлеуметтік орталығы,

-Шәкәрімтану ғылыми орталығы,

-тұрақты даму ғылыми орталығы.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1 Курс мақсаттарын атаңыз.

2 Курс тапсырмалары қандай?

3 Шәкәрім атындағы СМУ негізінің қалану тарихы қандай?

4Шәкәрім атындағы СМУ негізін салудағы СТИМПП атқарған ролі.

5Шәкәрім атындағы СМУ құрылымы қандай?


№ 2 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе


Дәріс жоспары:

1 Инженерлік- технологиялық факультет және оның кафедралары

2 Стандартау және биотехнология кафедрасы


1 Инженерлік- технологиялық факультет және оның кафедралары

ИТФ Қазақстандағы және орталық Азиядағы тамақ және қайтаөңдеуші өндіріс кадрларын даярлау бойынша алдыңғы қатарларда. Инженерлік-технологиялық факультет 9 корпуста орналасқан. Факультет деканы Қасенов А.Л., оқу ісі бойынша декан орынбасары Байтукенова Ш.Б., деканның ғылым және тәрбие жөніндегі декан орынбасары Тоқтаров Ж.Х., сонымен қатар деканатта 2 әдіскер жұмыс істейді.

Факультет құрамына 12 мамандық бойынша даярлық жасайтын 6 кафедра кіреді. Факультет барлық ЖОО және ЖОО кейінгі білім берудің барлық түрлері бойынша даярлайды: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура.

ИТФ кафедралары: стандарттау және биотехнология, ТӨМА, машина жасау және механика технологиясы, ет, сүт және тамақ өнімдерінің (өндірісінің) технологиясы, техникалық физика және жылуэнергетика, химия.


2 Стандартау және биотехнология кафедрасы

1995 жылы сүт технологиясы кафедрасында жаңа мамандық «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» ашылды. 1998 жылы сүт технологиясы кафедрасынан «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы бөлектенді. Осы мамандық бойынша мамандар даярлау осы уақытқа дейін жалғасуда, себебі өнім өндірушілердің басты мақсаты өнім сапасы болып табылады. Кейіннен осы кафедраға «Биотехнология», «Құрылыс», «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырушыларының өндірісі»» мамандықтары қосылды. Қазіргі таңда кафедра екі мамандық бойынша мамандар даярлайды: «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)», «Биотехнология. Кафедра түлектері даярлаудың сапасын жоғарылатуға жұмыстар жүргізуде. Соңғы 5-7 жылдың ішінде кафедрада 3 мамандық бойынша магистранттар даярлануда: «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «Метрология» және «Биотехнология». Кафедра 9 корпустың 3қабатын түгел алып жатыр.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1 ИТФ жайлы не білесіз?

2 Қанша және қандай кафедралар факультет құрамына кіреді

3 Стандарттау және биотехнология кафедрасының тарихы қандай

4 «С және Б» кафедрасында қандай мамандықтар бойынша мамандар даярлайды?


№ 3 дәріс

Тақырыбы: ҚР жоғары білім беру жүйесі


Дәріс жоспары:

1 Білім беру жүйесі түсінігі. Білім беру жүйесінің мәселелері

2 Білім деңгейлері


1 ҚР білім беру жүйесі өзараәрекеттесуші жинақты түрінде келесілерді құрайды: 1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім сьтандарттары және білім беруші оқу бағдарламалары;
2) білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдарды меншік түрінен, типтерінен тәуелсіз ұйымдастыру ;
3) білім беруді және сәйкес инфрақұрылымды басқару, соның ішінде білім сапасының мониторингін жасайтын ғылыми және оқу-әдістемелік ұйымдары

Білім жүйесінің мәселелері болып табылады:
1) сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау

2) азаматтық және патриотизмді тәрбиелеу, Отанына – Қазақстан Респубикасына деген махаббат, мемлекеттік белгілеріне құрмет тұту, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу.

3) отандық және әлем мәдениеті жетістіктерін жалпылау, тарихты білу, қазақ халқының және республиканың тағы ьасқа халықтарының салт дәстүрлерін білу, мемлекеттік тілді білу, және орыс тілін және тағы басқа шетел тілдерін үйрену;
4)білім беру ұйымының автономдылығын және тәуелсіздігін кеңейту, білім беруді басқарудағы демократизация;
5) білім берудің жаңа технологияларын енгізу және тиімді қолдану, соның ішінде кредиттік, дистанциондық, ақпараттық-коммуникациялық

6) білім берудің, ғылым және өндіріс интеграциясы

7) оқушылардың кәсіби бағытталуын қамтамасыз ету;
8) қатарлы техникалық және кәсіби білім берудің қарқынды дамуын жұмыспен қамтушылармен және тағы басқа әлеуметтік партнерлармен белсенді арақатынас жасау арқылы дамыту.


2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі үздіксіздік білім берудегі оқыту бағдарламасы принципі негізінде келесідей білім беру деңгейлерін құрайды:
1) мектепалды даярлық және білім беру;
2) бастауыш білім;
3) негізгі орта білім;
4) орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім);
5) ортабілімне кейінгі білім;

6) жоғары білім;
7) жоғарыдан кейінгі білім.


1Білім беру жүйесін қалай түсінесіз?

2Білім жүйесінің негізгі мәселелерән атаныз

3ҚР қандай білім деңгейлері қолданылады


№ 4 дәріс

Тақырыбы: ҚР жоғары білім беру жүйесі


Дәріс жоспары:

1Білім берудің Болон декларациясы

2 Жоғары білім берудің кәсібі оқыту бағдарламалары


1 Болон декларациясы екі деңгейлі жоғары білім жүргізуді қарастырады, оның бірінші деңгейі орындаушылық типтегі индустриалды қоғамның қалыптасуының сақталуы қажеттіліктерін көрсететін компетенттілікке ие болуға бағытталған, ал екіншісі – шығармашылық қабілеттердің дамуына бағытталған.

«Бакалавр-магистр» жүйесі социалисттіктен кейінгі кезеңде 20жыл бұрын енгізілген. Бырақ, формальды түрде ол шынайы еңбек нарығымен қиыспаған, ал оның қажеттілігі білім мен ғылым қажеттіліктерімен түсіндірілетін, яғни ол академиялық мансапқа ғана бағытталған еді. Алайда, осы жүйенің іске асырылуы барысында өмір өз түзетулерін енгізіп отырды.

Қазіргі таңда адамды «оқытпайды», адам өзі «оқиды». Осы парадигма шектерінде адам өмір бойы оқу іздену үстінде өтеді, ал біз тек мақсаттытүрде ғана және оның жеке қызығушылығы шектерінде ғана көмектесе аламыз.

Осы тенденция жоғары білім жүйесінде Қазақстан Республикасының 1999 жылы «Білім туралы» Заңы қабылдануымен өзінің заңнамалық бекітілуін тапты, сәйкесінше жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіби білім көпдеңгейлі, бакалавриат, жоғары арнайы білім және магистратураны құрайтын құрылымымен дамиды.

Бұл жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіби білімнің ары қарайғы реформалануының Болон декларациясының және американдық үшсатылы білім беру моделінің негізге ережелерін қамтитын ұлттық моделді жасау жолдарыныі қажеттілігін тудырды.

Болон декларациясы ұлттық жоғары оқу орындарындағы керекті инстуционалды өзгерістері жоғары білім жүйелерінің реформалануының құрылымдық қайтақұру үдерісін ғана болжамайды, ол білім беру бағдарламалырының өзгерісін де қарастырады.

Болон процесі бойынша англосаксондық екідеңгейлі жоғары білімнің архитектурасы енгізіледі: «бакалавр – магистр». Деңгейлердің англосаксондық құрылымы кредиттер, емтихандар және дипломдар конвертілеуге арналған жалпылық жетістік құралы болып табылады. Дипломдардың және оқыту циклдарының жалпы құрылымдарының горманизациясы мақсатында «бакалвр-магситр» деңгейлері градуальды алдылық (негізгі) және градуальды кейінгі деңгейлер енгізіледі. Сонымен қатар, негізгі деңгейдің білім беру бағдарламасы біріншіден, үшжылдық ұзақтықтан кем болмауы керек, екіншіден артықшылықтары бойынша нарықтық бағытқа ие болуы керек.

Қазақстанда орта білімнен кейінгі екідеңгейлі (3- сатылы) жүйенің белсенді ендірілуі басталып жатыр.

Ұлттық білім беру бағдарламалырының халықаралық танылу мақсатында білім беру ұйымының профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқушылардың мобильділігін қамтамасыз етуде, сонымен қатар білім сапасын арттыру және жоғары және жоғарыдан кейінгі білімнің барлық деңгейлерінің артықшылықтарға ие болуы мақсатында мамандарды даярлаудың үшсатылы құрылымы «бакалвр – магистр – доктор» екі деңгей бойынша енгізіледі: бірыңғай кредиттік жүйе бойынша жоғары білім (бакалавр – магистр) және жоғарыдан кейінгі білім (доктор).

Осылайша, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім модернизациясы білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, мазмұны және құрылымына қатысты болады: біріншіден, мамандарды даярлаудың үшсатылы құрылымына өтуі – «бакалвр – магистр – доктор», екіншіден, екідеңгейлі орта білімнен кейінгі құрылымның сақталуы (жоғары – жоғарыдан кейінгі білім), үшіншіден, оқытудың кредиттік жүйесі қолдану.

Қазақстанда кредиттік білім беру жүйесі ХХ ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап қалыптаса бастады, және осылайша оқыту аясында ЖОО-да оқу жоспарлары мен бағдарламаларының унификациялары арқасында студенттердің мобильденуінің артықшылықтары айқын көрініс тапты. Қазақстандық ЖОО-ны бірқатары белсенді түрде шетелдік университеттермен халықаралық байланыстарын белсенді түрде кеңейте бастады, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға көптеп қатыса бастады. Барлық отандық білім беру жүйесін білім берудің әлемдік жүйесіне интеграциялауды жеделдетуге деген зор ұмтылыс пилоттық жобаларға бастау берді, оларды Еуроодақ қаржыландырды (1995-97 жж.), Қазақстандық бірнеше ЖОО Темпус-ТАСИС жобаларын ұтып алды.

Бұл оқу орындарының коллективтерін оңтайлы, уақытқа есептелген білім беру үрдісін – мамандарды кредиттік білім беру жүйесінің ережелерін ескере отырып үшсатылы даярлауды (бакалавр - магистр - доктор) енгізуге итермеледі. 2001-2002ж.ж. бастап білім және ғылым министрлігінің рұқсатымен кредиттік жүйені бакалавриатта және магистратурада (КазГАСА және МИР АС Университеті негізінде) ресми енгізудің этапы алғашқыбасталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кредиттік оқыту жүйесі магистратурада 2001жылдан бастап жүргізіліп келеді.

Ғылыми- педагогикалық эксперимент оқу-әдістемелік құжаттаманың сәйкесінше даярлығын қарастырады, екі деңгейдің енгізілуі – жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіби білім, мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарттарын жасау, жаңа оқу жоспарын жасау, жаңа акадесиялық қызметтерді енгізу (студенттік топтардың жетекшілерін және т.с.с), оқу үдерістерін бөлу және білімдерді бағалау және т.с.с.

ЖОО әріптестері алдыңғы қатарлы әлем мемлекеттірінің білім беру жүйелерін ұйымдасьыру бойынша, мамандықтардың оқу бағдарламаларын қалыптастыру бойынша халықаралық тәжірибесін зерттеу бойынша қарқынды жұмыстар басталды.

Осылайша, мысалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әлемнің алдынғы қатарлы мемлекеттеріндегі мамандарды даярлау тәжірибесін зерттеп, ең жақсы шетелдік университеттердің тәжірибесін зерделей келе « ҚР ғылым докторларын даярлаудың және кредиттік жүйенің жағдайы мен перспективалары» жинағы жарық көрді. КазГАСА-да АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей, Сауд Арввиясы, Жапонияның, Қытайдың, Түкиянвң, Үндістанның 50 ЖОО-ның материалдары жалпыланып карастырылды, сондай-ақ бірқатар алдыңғы қатарлы дамыған әлем мемлекеттеріндегі білім беру жүйесінің заңнамалық құжаттары зерттелген.


2 1. Жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламалары «бакалавр» академиялық дәрежесіне және (немесе) квалификацияға ие болатын мамандарды даярлауға бағытталған , кезекті кәсіби даярлығын жоғарылату.

Кәсіби оқыту бағдарламасымен оқуды бітірген академиялық «бакалвр» дәрежесіне ие болған тұлғалар квалификациялық талаптарымен жоғары білімнің болуы қарастырылған должностьта қызмет атқара алады.
2. жоғары білімнің кәсіби оқыту бағдарламаларының мазмұны жалпыбілім беру пәндерінің циклін, негізгі пәндер циклін, рофилдік пәндер циклін, сонымен қатар сәйкес мамандаықтар бойынша кәсіби тәжірибеден өтуді қарастырады. Әр пән циклі міндетті компонент және таңдалған компоненттерден құралады. Оқушының таңдалған компонент пәндері әрбір циклда міндетті компонент пәндерін мазмұнды толықтырып тұруы керек.
Университеттер конкурстық негізде білім берудің жаңа сапалы жетілдірілген әдістері мен формалары бар инновациялық білім беру бағдарламаларын жасауға және енгізуге құқылы
3. жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламаларын игерудің мерзімі мемлекеттік жалпығаортақ білім стандартымен анықталады және 4жылдан кем емес болуы керек
4. техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтарға жоғары оқу орындары оқу мерзімін қысқартатын кәсіби оқыту бағдарламалары жасалып, іске асырылады.
5. жоғары әскери оқу орындары әскери мамандықтар бойыншаөздерінің мемлекеттік басқару ұйымдарымен жасалатын және бекітетін білім беру саласындағы өкілетті орган келісімімен кәсіби оқу бағдарламаларын іске асырады.
6. клиникалық мамандықтар (денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган бекітетін мамандықтар) бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтар үшін интернеатураның кәсіби оқыту бағдарламасын игеру клиникалық тәжірибеге өтуге міндетті шарты болып табылады.
Интернатура жайлы ереже денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган бекітеді.


1Болон декларациясы туралы не білесіз

2 ҚР Болон декларациясы қай жылы заңды түрде бекітілді?

3кәсіби оқыту бағдарламалары дегеніміз не ?


Ұсынылатын әдебиет:

Абдыгаппаров С.Б. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы: Казак университеті 2004 г.


№ 5 дәріс

Тақырыбы: ҚР жоғары білім беру жүйесі


Дәріс жоспары:

1 Білім беру сапасын басқару

2 Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау


1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім беру сапасын бағалаудың, білім беруді және жалпы білім беру жүйесінің тиімді қызмет етуін қаржыландыруға бөлінетін қаражаттардың реттелуін, бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарды құрайды.
2. Білім беру сапасын басқару барлық деңгейлердегі білім беру мониторингі негізінде басқарушы шешімдер қабылдау арқылы іске асырылады. ешений на всех уровнях на основании результатов образовательного мониторинга.
3. білім беру мониторингі ішкі және сыртқы білім беруді бағалау тәсілімен жүргізіледі. Білім берудің сапасының сыртқы бағасы лицензиялау, білім беру ұйымының мемлекеттік аттестациядан және аккредиттелуі, ұлттық бірыңғай тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау, сонымен қатар барлық типтегі және барлық түрдегі білім беру ұйымының ранжирование процедурасы.
Білім беру сапасының ішкі бағасы сапа менеджмент жүйесі, ағымдағы үлгерім бақылау, оқушылардың білім жетістіктерін түрлі өзіндік бағалаудың процедураларын құрайды.
Жоғары білім беру орнының қызметін бағалауға осы оқу орынындағы білім беру сапасына студенттардің берген бағасы да кіреді.


1. білім берудегі мемлекеттік бақылау азаматтардың білім алуға құқын қамтамасыз етуге бағытталған және білім беруші оқу бағдарламаларын іске асырушы заңды тұлғалардың іске асыратын білім беру қызметі ҚР білім беру саласындағы заңдары талаптарына және білім беру қызметінің лицензиялануы ережелеріне сәйкес болуы керек.
2. білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады:
1) білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы заңды тұлғалардың білім беоу қызметі;
2) оқушылардың сәйкес оқу бағдарламаларын жетік игеруі дәрежесі .
3. мемлекеттік бақылаудың негізге түрлері:
1) білім беру ұйымының мемлекеттік аккредиттелуі;
2) аралық мемлекеттік бақылау;
3) ҚР білім беру туралы және білім беру қызметінің лицензиялануы ережелері заңнамасынан шықпауын бақылау.
4. білім беру ұйымының мемлекеттік аккредиттелуі ведомстводық бағынудан және меншік формасынан тәуелсіз бес жылда бір рет жоспарлық реттебілім беруді бақылаудың мемлекеттік органдарымен олардың компетенттілігіне сәйкес орындалады.

5. тексерістер келесі түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы — білім беру саласындағы өкілетті орган немесе аймақтық орындаушы органдармен олардың компетенттілігіне сәйкес жоспарлаған ҚР заңнамасына сай алдыңғы тексерістерге қатысты уақыт интервалдарын ескере отырып өткізіледі

2) жоспардан тыс — жеке және заңды тұлғалардың қарауына тікелей жауап қайтару мақсатындағы тексеріс;
3) қарсы — тексеріс жүргізген кезде бақылаушы органдарға көрсетілген тұлғалармен байланысты қосымша ақпарат қажет болған жағдайдаүшінші жақ тексерісі.


1 ҚР білім беруді бақылаумен қандай орган айналысады

2 білім беру сапасының қандай түрлерін білесіз

3 білім беру бақылау қандай әдістер арқылы жүзеге асырылады.

4 білім беру сапасын бақылаудың объектілерін атаңыз


Ұсынылатын әдебиет:

Абдыгаппаров С.Б. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы: Казак университеті 2004г


№ 6 дәріс

Тақырыбы: 5В073200 мамандығы бойынша
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»
В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПавлодар Пән бойынша Нысан оқу бағдарламаны бекіту парағы пмұ Ұс н 18. 3/38 (Syllabus)
В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология icon«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы бойынша олимпиадаларға қатысу ақпараты

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница