Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты




НазваниеСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
страница4/20
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2015/10/9-sinip-adebiet.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Білімді бекіту: Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Ежелгі дәуір әдебиеті.

Сабақтың мақсаты : а) Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар.

Ұлан-байтақ қазақ жері — ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғүн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.

Сақтар біздің заманымыздан бүрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазакқ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайын-дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!" — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.

Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.

Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.

Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар


Кітаппен жұмыс: Кітаптан ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып түсініктерін айтады.


Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : АЛЫП-ЕР ТҰҢҒАНЫ ЖОҚТАУ

Сабақтың мақсаты : а) Алып-ер Тұңға туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктердің) патшасы болып суреттеледі.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.

Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар.

Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

Алып-Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар...

Сөздікпен жұмыс: Тұңға- алғашқы,бірінші деген мағынасында

Опасыз дүние-бұл дүниеде ешкім мәңгі қала алмайды деген мағынада


Кітаппен жұмыс: Алып-Ер Тұңғаны жоқтауын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.


Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  3. Ежелгі дәуір әдебиетіне қай ғасыр жатады?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Алып-Ер Тұңғаны жоқтауды оқып келу


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ (VIII ғ.)

Сабақтың мақсаты : а) Орхон ескерткіштері туралы мәлімет беру, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі ,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Түркілер Ү-ҮІІІ ғасырларда «Түрік қағанаты» деп аталатын үлкен мемлекет құрды. Түркілер - қазіргі қазақ, қырғыз, қарашай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай, саха (якут), хакас, әзірбайжан, түрік, құмық, авар, балқар, башқұрт сияқты тілдері бір-бірімен ұқсас, түркі тілінде сөйлейтін, тұтас түркі елі. Түркілердің түпкі Отаны - қазіргі қазақ жері.

Түрік қағанатының негізін құрғән Бұмын қаған еді. Ол 552 жылы қайтыс болып, кейінгі ұрпақтарынын біліксіздігінен қағанат екіге бөлініп, көрші жатқан тауғаштарға тәуелді болады. Елу жылдан кейін Елтеріс ханның тұсында бостандыққа қол жеткізеді.

Елтеріс қайтыс болған соң( артында қалған ұлдары Білге - жеті жаста, Күлтегін бес жаста екен. Мұрагерлері жас болғандықтан, елді інісі Қапаған билейді. Жиырма төрт жылдан кейін ған Білге қағандықты алып, Күлтегін әскербасы болады. Тонұқұқ ақылшь кеңесші болып отырады.

Орхон ескерткіштері дегеніміз - осы тарихи тұлғаларға арнап жасалған жәзулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Мұндай тарихи тастар бұрын қәзақ жерінде көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.

Орхон ескеркіштеріндегі жазулардың негізгі мазмұны - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Орхон жазулары мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқты қазақтың эпостық жырларымен үндес, ұқсас.

Орхон жырларының құрылысы жағынан қазіргі өлеңнен біраз айырмашылығы бар. Онда арагідік болмаса, ұйқас кездесе бермейді. Дыбыс үндестігі, сөз қайталаулар ішкі ырғаққа құрылады.

Тіл тірі организм секілді өзгеріп отырады. VIII ғасырындағы ата-бабалар тілі мен бүгінгі тілде айырмашылықтар болуы заңды. Көрші елдермен қарым-қатынастарға байланысты біздің олардан, олардың біздің тілімізден сіңіргені аз емес. Сондықтан, бүгінгі оқушыға түсінікті болу үшін зерттеуші ғалымдар қазіргі тілімізге аударып берген.

Сөздікпен жұмыс: Тауғаштар-қытайға қараған түркі тайпалары

Тоңықұқ-алғашқы заң шығарушы деген мағынада

Кітаппен жұмыс: Орхон ескерткішін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Орхон ескерткішін оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты : а) Қорқыт ата туралы айта отырып, ол туралы аңыздардан мәлімет беру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Түркілердің тауғаштарға елу жыл ісін-күшін беру себебі не?

  2. Түрік қағанаты қалай құрылған еді?

  3. Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде?

  4. Айтар ойы қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр.

Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсін», - деген соң, нағышылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады.

Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.

Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің ауылын жау шапқаны», т.б.

Кітаппен жұмыс: Қорқыт ата туралы аңыздарды мәнерлеп оқиды.

Топтастыру стратегиясы:


Ұшардың ұлуы Кілем жайған




Желмая Әупбай







Башпай Аққу

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қорқыт ата кітабын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Оғыз қаған жыры

Сабақтың мақсаты : а) Оғыз қаған шығармаларын оқытып, мағынасан ашу,талдату;

ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, кітаптар,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

«Оғыз қаған жырында» бүкіл оғыз-қыпшақ тайпаларының басында болған жағыдайды тек бір адамның басына жинақтап береді.

Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне жалынып, өздерінің Көк Бөріден тарағанын аңғартады.

Оғыздың Үрім қағанға жорығын Көкжал бәрі бастап отырған екен. Оғыздың өзі кек өңді, шашы теңіз толқынындай болып суреттелүі кек түсті қасиетті деп санауынан туған.

Оғыздың ақылшы-кеңесшісі ¥лық Түрк - Қорқыт ата, Тонүқүқ, Бұхәр сияқты жыраулар.

Жырда Оғыздың анасының аты - Айқаған, әкесі аталмайды. «Оғыз қаған жырының» құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді.

Кітаппен жұмыс: Оғыз қаған жыры құрылысына қарай талдайды

Шығарманың басталуы: Оғыздың тууы.

Шығарманың дамуы: Тажал аң-Қатпен соғысы

Шығарманың шиеленісуі: Үйленуі

Шығарманың шарықтау шегі: Оғыздың үрімге жорығы

Шығарманың шешімі: Еліне оралып жерін балаларына бөліп беруі

Дәптермен жұмыс: Айқаған-Оғыздың анасының аты

Көзі жарыды-қуанды

Қат-ормандағы тажал аң

Тұрысу-соғысу
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Похожие:

Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconТоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты
Иә, саламатсыңдарма балалар! Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың халық музыкасы»
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconҚазақ әдебиеті 10 класс Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты : білімділік
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының...
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты
Хіх ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру....
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация әсерін түсіндіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница