Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты




НазваниеСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
страница10/20
Дата конвертации16.02.2016
Размер2.08 Mb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2015/10/9-sinip-adebiet.doc
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Деңгейлік тапсырмалар

І

Сөздер

Мақал-мәтел

Ата-ана

Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең.

Жар

Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар.

Туған ел




Туған жер





ІІ

теңеу

Эпитет

Күлдей

Жыландай

Құрандай

Күңгірт

Сұп-сұр көр

Жабайы жар

Ұйқы басқан қабағы


ІІІ.Шығармашылық (әңгіме,өлең, сурет салу)


Топтастыру жүйесі:


Жанұя құрметтеу ата-ананы жақсы көру достарды сыйлау




Махаббат


Ұстазға деген сүйіспеншілік жерін елін


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Сабақтың мақсаты:

а) Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Кейіптеу туралы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Кейіптеу деп қандай көркем сөздерді айтамыз?

2. Кейіптеу арқылы жазған кімдердің өлеңін білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

МағжанЖұмабаевтың өміріне шолу жасау.

  1. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

  2. Түсінік беру

  3. Мәтінмен жұмыс

(өлеңді сатылай кешенді талдау)

  1. «Қысқы жолда»

  2. Өлең.

  3. 5 шумақ

  4. 21 тармақ

  5. 8 бунақ

  6. 7-8 буын

  7. аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)

  8. а)Эпитет «Құлағын қайшыландырып».

ә) Кейіптеу «Екі иімінен дем алып», «Сақ-сақ күледі,долданып», «кебін жамылып», «Екі санын шапақтап»

б) Теңеу. «Аңдай ұлып»

9. Қаракөк-аттың аты

10. Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға қауіпті екенін білдіреді.

4. Сонымен «Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер? (Абай)

Вен диаграммасы: қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру





Білімді бекіту: 1 «Тез тап» психологиялық тренингі

2. Шыққан сөйлем арқылы сабақты қорытындылау

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау. Қыс туралы әңгіме жазу,сурет салу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Cабақтың тақырыбы: Қазақтың бас ақыны

Сабақтың мақсаты: 1) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын,Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігі,пікірлерінің құндылығы,ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін қалыптастыру; 2) шығармашылықпен жұмыс істеуге,оқып-білуге ынталандыру,ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру; 3) ұлтжанды болуға,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге, адамгершілікке,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: білімді тиянақтау.

Әдіс-тәсілдері: іздену,баяндау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Абайдың суреті,әдеби кітаптар,қосымша материалдар,электронды оқулық,Абай туралы зерттеу еңбектер,Абайдың бабалары мен балаларына арналған кесте,әдістемелік оқулықтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,география,музыка,тарих.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

  3. Үй тапсырмасын қорыту;

  4. Жаңа сабақ.


Қазақтың бас ақыны


Абай Құнанбаев 1845-ші жылы Семей облыы,Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты,Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос,Қайдос,Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды.Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір ру болып кеткен.Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай,Көтібақ,Топай,Торғай деген төрт ұл туады.Ырғызбайдан: Үркер,Мырзатай,Жортар,Өскенбай тарайды.Өскенбайдың әйелі Зереден: Құнанбай туады.Құнанбай төрт әйелі болған адам.Оның бәйбішесі Күңкеден: Құдайберді,інісі Құттымұхамбетке айттырылып,қалыңдық кезінде жесір қалған соң,өзі алған екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберген (Тәкежан),Ибрахим (Абай),Ысқақ,Оспан,үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла,Ысмағұл туады.

Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.Абайдың «Атадан алтау,анадан төртеу едім» дейтіні осыдан.Болашақ ақын сабырлы мінезімен,кеңпейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі – зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті.Абай әуелі Ғабитхан деген молдадан сауатын ашады.Он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.Ол медреседе араб,парсы тілдеріне негізінен дін сабағы жүргізілетін еді.Ол енді дін оқуын місе тұтпай,білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп,көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен,араб,иран,шағатай тілінде жазылған ертегі,дастан,қиссалармен танысады.шығыстың Низами,Науаи,Сағди,Хафис,Сафи сияқты ұлы ғұлама ақындарына бауыр басады.

«Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы – заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн – біздің де үнге қосылып,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр». Мұхтар Әуезов.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Ахмет Байтұрсынұлы.

Сәбит Мұқанов Абайды «Ақыл-ақын» деп биікке көтерді.


Абайдың бабалары мен балалары


Ырғызбай


Өскенбай


Зере




Құттымұхамбет Құнанбай Тайбала




Күңке Ұлжан Айғыз Нұрғаным


Құдайберді Тәңірберді Қалиулла


Абай Смағұл


Оспан


Ысқақ




Дәметкен Ділдә Еркежан Әйгерім


Омар Ақылбай Тұрагүл


Шәке Күлбадан Мекаил




Мұртаза Әкімбай Зекаил


Шәкәрім Әбдірахман Кенже


Гафур Мағауия Рахила




Бердеш Райхан

Зият Баязит Уәсила Әлімқұл Қалиман


Ахат Махфура Сағадат Зұбаир


Гүлнар Құтайба Рухия Ақыш


Жағыпар Пәкизат Жабрахил


Кәмилә Әубәкір Мекен

Исраил

Ғазел Бағыпұр Нәзипа

Ишан Айдар Кәсира

Данияр Күлзипа


Ал, А.Байтұрсынов болса,Абайды қазақтың бас ақыны етті.

Орыстың сыншысы Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады,орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады», - деген.Ал біздің поэзиямыздың қан тамыры Абайдан бастау алады.

«Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас» - деп, өзге өнерден сөз өнерін жоғары қояды.Ұлттың тілі – сол ұлттың айнасы,құралы.Абай ұлттық тілдің сол ұлтқа жат, түсініксіз сөздерден таза болуын талап етіп былай дейді:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз,бейшарасы.

Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор.1935-ші жылы латиф Хамиди екеуі реттеп шығарады.1938-ші жылы Уәли Бекенов «Тор жорға», «Май түні» күйлерін нотаға түсіреді.1957-жылы «Желдірмені» Хамза демесіновтың орындауымен қағазға түсіреді.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен,80-жылдары орыс демократтары Н.И.Долгополовпен,А.А.Леонтьевпен танысады.Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигені сөзсіз.Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен,демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы танылды деу ағат айтқандық болар еді.Бұл тұста,М.Әуезов: «Орыстың тілін біліп,орыстың ұлы мәдениетін мол,терең тани бастаған Абай озық ойды бұлардан үйренбейді.Пушкиннің өзінен,Белинский,герцен,Чернышевский,Салтыков-Щедрин,Некрасовтардың өз мұраларын оқып,кең,терең,тәрбие алды», - деп тұжырымдайды.

Абай осылайша Еуропаның гете,Байрон сияқты ақындарын,Спенсер,Спиноза,Льюис,дарвин,Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды.Сөйтіп,М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «1884-жылдары өзінің қырыққа таянғанында ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды».

5.сабақты бекіту.

1. Ақынның қарасөздері,аудармалары (Ақын поэзиясынан үзінді оқу,мазмұнын ашу)

2. «Ғалым өлмес – қағазда аты қалар».Ақынның мақал-мәтелге,нақылға айналып кеткен сөздерін жатқа айту.

3. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқу және морфологиялық,синтаксистік,фонетикалық және сөздердің байланысу түрлеріне талдау.

6
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Похожие:

Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconТоқсандық тақырыбы: Халық музыкасы. Сабақтың тақырыбы: : Қазақтың халық музыкасы. Сабақтың мақсаты
Иә, саламатсыңдарма балалар! Бүгінгі біздің өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың халық музыкасы»
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconҚазақ әдебиеті 10 класс Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты : білімділік
Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының...
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты
Хіх ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Саясат және оның қызметтері. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдаларын қалыптастыру, өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру....
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды биологиялық қарулардың түрлерімен және негізгі қасиеттерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ядролық жарылыс кезіндегі өткір радиация әсерін түсіндіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница