Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014




Скачать 229.75 Kb.
НазваниеКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014
Карменбаев С А
Дата конвертации16.02.2016
Размер229.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/16/54e16a026efa8.doc

G-041.07.05.23-2013

Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен





СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕР КафедраСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС




Пән: Құқық негіздері

Пәннің коды:ОР 1109

Мамандығы: 5В130100 Жалпы медицина

Оқу сағатының/кредиттің*көлемі:90

Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр


Семей 2014

Пәннің силлабусы «Құқық негіздері» пәні Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырылды.

«Құқық негіздері» пәні Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2005 ж.Типтік оқу бағдарламасының негізінде.


Автор(лар): Карменбаев С.А.

_____ ____________201_ кафедра отырысында талқыланды №____Хаттама

Кафедра меңгерушісі_______________ Сергазина Г.М.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1

Карменбаев С.А.

Оқытушы ,құқықтану магистрі

Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам құрудағы саяси партияр мен қоғамдық қозғалыстардың рөлі.




Бытимбаева Г.

Оқытушы, MA

Мектептегі орта менеджментінің маңыздығы


Байланыс ақпараты: Кафедра Семей қаласы Абай көшесі 103, (3-ші жатақхананың) 3 қабатында орналасқан. 314, 316 – оқытушылар бөлмесі, 301-313, 318 – оқу бөлмелері.

Қызмет телефондары: 8(7222) 520970

Автобус маршруттары 41,33 және маршрутты такси 213 «Медицина университеті» аялдамасы.

Пәннің саясаты: Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және сақтау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • СОӨЖ (студенттердің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады, емтиханнан шығарылғаны туралы акт жасалады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз және себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса бір ай ішінде өтеуі керек.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.

  • Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеу – дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.

  • Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға 2,33 (70 %) артық баға қойылмайды.

  • Себепті жағдай бойынша босатқан сабақтарды өтеу кезінде білімалушыға жауап берген бағасы қойылады.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою үшін өтінім деканаттан рұқсатнама беру сәтінен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

  • Білімалушы бекітілген уақытта екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттесталмаған деп есептеледі. Пәндердің аудиторлық (дәрістер, практикалық) сабақтары жалпы сағаттар көлемі босатылғандар санына байланысты мынадай әкімшілік шаралар енгізілсін:

- 5 - 10% - ескерту

- 11 - 15% - сөгіс

- 16-24% - қатаң сөгіс

  • Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті. Себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына журналда «0» қойылады. Және оның рейтингі автоматты түрде төмендейді.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.

  • Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, қосылады, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде эмтихандық ведомсотіге қойылады.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.

  • Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.

Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)

  • Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)



1. Кіріспе

Құқық негіздері – мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады. Құқық негіздері теориясының, мемлекет теориясының түсінігі және анықтамалары, құқық салаларының құқықтық қалыптарының әр құқық саласында жалпы бөлімде қарастырылған құқық қалыптарының маңызды мәні, негізі туралы түсініктерді қамтиды.

Адамның және азаматтың күнделікті өмірде көп кездесетін құқық салаларына: отбасы, еңбек, азаматтық және басқа да құқық қатынастарына көп көңіл бөлінеді. Құқық негіздері Қазақстанның құқық жүйесі және студенттердің әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік-құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда құқық негіздері құқықтық тәрбиенің қажетті элементі ретінде көрініс табады және Қазақстан Республикасында құқықтық мәдениетті көтермелеу үшін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тиімді құрал болып табылады.

2. Пәннің мақсаты: Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамның құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге береді.

3. Оқытудың міндеттері - заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру.

5. Реквизитке дейінгі:

Қазақстан тарихы

Саясаттану

Философия

6. Реквизиттен кейінгі:

Қоғамдық денсаулық сақтау

Наркология

Жалпы хирургия

6. Пәннің қысқаша мазмұны: Құқық негіздері курсының жүйесі, пәні. Мемлекет және құқық теориясы және мемлекет жайлы жалпы түсінік. Құқық және құқылық түзілістерінің жа-лпы ұғымы. Құқықтық қатынас. Құқық бұзушылық және заңға жауапкершілік. Конституциялық құқық- ҚР және мемлекетті басқару. ҚР административтік құқығы және мемлекетті басқару. Әкімшілік жауапкершілік. ҚР азаматтық құқығының жалпы көрінісі. Меншік құқығы. Міндеттеме жағдайы. Мұралық құқық. ҚР-да азаматтық құқық институттарына жалпы мінездеме . ҚР қаржы құқығының негізі. Қаржы құқығының ісі. Банкілік істер. Салық құқығының негізі ҚР салық жүйесі. ҚР қылмыстық құқық. ҚР жемқорлыққа қарсы күрес құқығының негізі. Сақтандыру ісінің құқықтық бұрмасы. ҚР экология құқық негіздері. ҚР жер құқығының негізі. ҚР процессуалды құқығы

7.Сабақтардың тақырыптық жоспары


Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәрістердің тақырыптарының атауы

Сағаттар саны

1

Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

2

2

ҚР конституциялық құқығының негіздері.

2

3

ҚР-ның құқық қорғау органдары және сот.

2

4

ҚР-ғы мемлекеттік басқару.

2

5

ҚР әкімшілік құқығының негіздері.

2

6

ҚР азаматтық және отбасы құқығының негіздері.

2

7

ҚР қаржы құқығының негіздері.

2

8

ҚР еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының негіздері.

2

9

ҚР экологиялық және жер құқығының негіздері.

2

10

ҚР қылмыстық құқығының негіздері.

2

11

Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері.

4




Барлығы

24


Семинарлы ( тәжірибелік) сабақтардың тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбының атауы

Сағаттар саны

1

Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

2

2

ҚР Конституциялық құқығының негіздері.

2

3

ҚР Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі.

2

4

ҚР Мемлекеттік басқару.

2

5

ҚР Әкімшілік құқығының негіздері.

2

6

ҚР Азаматтық құқығының негіздері(жалпы бөлім).

2

7

ҚР Азаматтық құқығының негіздері(азаматтық құқықтық қатынастар).

2

8

ҚР Отбасы құқығының негіздері.

2

9

Аралық бақылау №1

2

10

ҚР қаржы құқығының негіздері.

2

11

ҚР еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.

2

12

ҚР экологиялық құқығының негіздері .

2

13

ҚР жер құқығының негіздері.

2

14

ҚР Қылмыстық құқығының негіздері.

2

15

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күресу.

2

16

ҚР Қылмыстық құқығының негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығы.

2

17

ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері. Қылмыстық іс жүргізу құқығы.

2

18

Аралық бақылау №2

2




Барлығы:

36


8. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар


Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыптарының атауы

Сағаттар

саны

1

Мемелекеттің түсінігі және оның ерекшіліктері мен белгілері.

2

2

Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдері, ҚР-ың конституциялық құрлымы.

2

3

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері.

2

4

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі және мемлекеттік органдар.

2

5

Мемлекеттік қызметтің құқықтық ерекшеліктері.

2

6

Мәміле және шарттардың құқықтық қолдану аясы.

2

7

ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі.

2

8

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық, қаржылық –құқықтық қатынастардың түсінігі.

2

9

Бюджеттік қатынастарды реттеу шеңберіндегі мемлекеттік басқару және бақылау.

2

10

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқықтық қатынастары кезінде орнайтын еңбек шарты мен еңбек дауларының құқықтық ретеу жолдары.

2

11

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.

2

12

Экологиялық құқықтың қайнар көздері.

2

13

Қылмыстық құқықтың құрлысы.

2

14

Қылмыстық іс қозғаyдың құқықтық жолдары.

2

15

Азаматтық іс жүргізyшілік құқықтық қатынастар, олардың сyбъектілері.

2

Барлығы

30


Студенттің өздік жұмысын ( СӨЖ) ұйымдастырудың жоспары




СӨЖ тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары/өткізу түрі

СӨЖ бақылау түрлері

СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі)

1

Мемелекеттің түсінігі және оның ерекшіліктері мен белгілері.

реферат

Жазбаша жұмыс, қорғау

3 апта

2

Қазақстан Республикасының конституциялық даму кезеңдері, ҚР-ың конституциялық құрлымы.

Графологиялық кесте

Жазбаша жұмыс, қорғау

4 апта

3

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

5 апта

4

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі және мемлекеттік органдар.

Графологиялық кесте

Жазбаша жұмыс, қорғау

6 апта

5

Мемлекеттік қызметтің құқықтық ерекшеліктері.

Эссе

Жазбаша жұмыс, қорғау

7 апта

6

Мәміле және шарттардың құқықтық қолдану аясы.

Графологиялық кесте

Жазбаша жұмыс, қорғау

8 апта

7

ҚР неке және отбасы құқығының қорғау дәрежесі.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

8 апта

8

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық, қаржылық –құқықтық қатынастардың түсінігі.

Реферат

Жазбаша жұмыс, қорғау

10 апта

9

Бюджеттік қатынастарды реттеу шеңберіндегі мемлекеттік басқару және бақылау.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

11 апта

10

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқықтық қатынастары кезінде орнайтын еңбек шарты мен еңбек дауларының құқықтық ретеу жолдары.

Презентация

Презентация көрсету, қорғау

12 апта

11

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.

Эссе

Жазбаша жұмыс, қорғау

13 апта

12

Экологиялық құқықтың қайнар көздері.

Презентация

Жазбаша жұмыс, қорғау

14 апта

13

Қылмыстық құқықтың құрлысы.

Презентация

Жазбаша жұмыс, қорғау

15 апта

14

Қылмыстық іс қозғаyдың құқықтық жолдары.

Реферат

Жазбаша жұмыс, қорғау

16 апта

15

Азаматтық іс жүргізyшілік құқықтық қатынастар, олардың сyбъектілері.

Презентация

Жазбаша жұмыс, қорғау

17 апта


9. Негізгі және қосымша әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері / Қ. И. Оспанов. - Алматы : Жеті жарғы, 2006. - 296 б.

  2. Қошқарбаев Е.Е. Медициналық құқық «АқНұр баспасы», 2013ж.

  3. Қошқарбаев Е.Е.Құқық негіздері «АқНұр баспасы», 2012ж. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: в 2-х т. Кіт.1 / сост. Е. Баянов . - Алматы : Эверо, 2009. - 383 с. : ил.

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері : в 2-х кн. Кіт2. / сост. Е. Баянов . - Алматы : Эверо, 2009. - 368 с. : ил.

  5. Оспанов, Қ. И Құқық негіздері: учебник / Қ.И Оспанов. - толық 3-басылымы. - Алматы : ЖЕТІ ЖАРҒЫ , 2010. - 304 с.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық : учебник / Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева. - Астана : Фолиант, 2007. - 331 с.

  7. Жоламан, Қабидолла Досмұхамедұлы. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық : учебное пособие / Қ. Д. Жоламан. - Алматы : Эверо, 2008. - 306 с. : ил

  8. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы : учебник / А. Қ. Мұхтарова. - Алматы : Нұр-пресс, 2005. - 561 с. : ил.

  9. Өзбекұлы, С. Мемлекет және құқық теориясы: учебник / С. Өзбекұлы, Ө Қопабаев. - Алматы : Жеті жарғы, 2006.

  10. Оспанов К.И. Основы права : учебное пособие / К. И. Оспанов. - 2-е изд., доп. - Алматы : Жеті жарғы, 2007. - 300 с. - (Учебное пособие)

  11. Ибраева А.С. Теория государства и права : учебное пособие / А. С. Ибраева. - Алматы : Жеті жарғы, 2006. - 423 с. - (Учебное пособие)

  12. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы / Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева. - [б. м.], 2007. 2003

  13. Основы государства и права Казахстана. Хрестоматия : учебник / сост. Г. Сапаргалиев. - 2-е изд., доп.,перераб. - Алматы : Атамұра, 2004. - 272 с. : ил

  14. Сапаргалиев, Гайрат. Основы государства и права Казахстана : учебник / Г. Сапаргалиев. - 3-е изд., перераб. и доп. - Алматы : Атамұра, 2003. - 192 с. : ил

Қосымша әдебиеттер:

15. Булгакова Д.А. Теория государства и права.-Алматы,2004.-

16. Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан / Г. Сапаргалиев. - 2005.

17. Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан. Академический курс. / Г. Сапаргалиев. - 3-е изд., изменен. и доп. - Алматы : Жеті жарғы, 2007. - 542 с. : ил

10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері

  • Дәрістер: шолу-иллюстрациялы, презентация

  • Тәжірибелік сабақтар: : шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрастыру, тесттік тапсырмаларды шешу, дөңгелек устел, мини конференциялар және т.б..

  • Оқытуышының жетекшілігімен өздік жұмыстар (СОӨЖ):: жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау, оқытушымен барлық пайда болған сұрақтар жөнінде кеңесу, аралық бақылау түрінде тереңірек оқыту, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді уйрету.

  • Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ): студенттердің оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен, электрондық тасымалдаушылардағы оқулықтармен жұмыс жасау, Power Point форматында презентация дайындау, реферат дайындауы, графологиялық кестені дайындауы, эссе жазуы, тесттік тапсырмалар құрастыру,

11. Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Бақылаудың барлық түрлері бойынша оқу жетістіктерінің бағалауы баллдық–рейтингілік әріптік жүйе бойынша жүргізіледі.


Дәстүрлі шкалаға ауыстырылған білім алушылардың оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4.0

95-100

өте жақсы

A-

3.67

90-94

B+

3.33

85-89


жақсы

B

3.0

80-84

B-

2.67

75-79

C+

2.33

70-74



қанағаттанарлық

C

2.0

65-69

C-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Әр пән бойынша білім деңгейінің жетістіктері келесідей анықталады.

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ ) 60% құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ ) 40% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) академиялық кезең ағымында алған барлық бағалар жинағы орташаарифметикалық саны сияқты есептеледі.

Похожие:

Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІІІ іү семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде Қазақстан тарихы және жалпы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница