Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы




Скачать 296.65 Kb.
НазваниеҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
страница1/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер296.65 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.amu.kz/student/umkd_training_methodical_package_of_disciplines/2013/sud-med-umkd/sd-1
  1   2   3



«Астана Медицина университеті» АҚ



С № 07.1.19-2012

Шығарылған күні:



Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы

Тексерілген күні:

Тексеріс:

бет -







CИЛЛАБУС


ОР 1109 «Құқық негіздері» пәні бойынша


051101 – Мейірбике ісі мамандығына арналған


Дәріс - 15 сағат


Тәжірибелік сабақ - 15 сағат


ОСӨЖ - 30 сағат


СӨЖ – 30 сағат


Емтихан – 1, 2 семестр


Барлық сағат саны - 90


Курс - 1


Семестр – 1,2


Астана, 2012 ж.


1.6. Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы - аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы: Тарих және құқық. Жалпы еңбек өтілі: 17 жыл, тіл меңгерімі: қазақ тілі, орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілін сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel.

2. Құсайын Айгүл Ахатқызы - аға оқытушы, 1995 жылы Ақмола қаласының көлік жол техникумын бітірген. Мамандығы: есепші. 2001 жылы Астана қаласының Л.Гумилев атындағы Евразия Университеті. Мамандығы: Құқық зерттеуші. Жалпы еңбек өтілі: 10 жыл, оның ішінде 5 жылы педагогиалық. Тіл меңгерімі: Қазақ тілі – сөйлесу деңгейінде, орыс тілі еркін, неміс тілі және ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі - Word, Excel.

3. Какимжанова Нургуль Төкенқызы - оқытушы, 2000 жылы Қостанай қаласында А.Байтұрсынов атындағы Мемлекеттік Университетін бітірген. Мамандығы: Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті. 2006 жылы Орталық Азия Университетін бітірген. Мамандығы: Құқықтанушы. Жалпы еңбек өтілі: 11 жыл. Тіл меңгерімі: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері еркін. Компьютерлік білімі - Word, Excel.

4. Мұқанова Айжан Болатқызы – оқытушы, 2010 жылы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Университетті бітірген. Мамандығы: заңгер. Жалпы еңбек өтілі: 2 жыл. Тіл меңгерімі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel.

1.7. Байланыс ақпараты: Сары-арқа көшесі, 33

7 қабат, ауд. 711, 713, 715

Телефон:23-06-20

Электрондық мекен-жайы: astana – sudmed @ mail.ru.

Сайт: жоқ

1.8. Пәннің саясаты:

1. Пән бойынша барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу қажет. Сабаққа қатысу, сондай-ақ белсенділік таныту қойылатын бағаға әсерін тигізеді. Кенеттен тыс жағдайлар, мысалы: ауырып қалу, отбасылық жағдайлар барысында сабақтан қалуға болады, бірақ міндетті түрде деканаттан босату рұқсат қағазы немесе дәрігердің анықтамасы қажет.

2. Қалдырылған сабақ нақты бір уақытта өтелінеді. Себепті жағдайлармен келмей қалған сабақтардың өтеліміне қорытынды ұпай қойылады, ал себепсіз жағдайлармен келмей қалған сабақтарға да өтелім жасалынады, бірақ оған ұпай қойылмайды.

3. Студент үй тапсырмасын оқытушыға «кейін» не болмаса «ертеңге» қалдырмай сабақтың басында тапсырады. Үй тапсырмасы орындалмаған жағдайда сабақтың қорытынды бағасынан 10 ұпай төмендетіледі.

3.1. Бекітілген мерзімінен кеш тапсырылған тапсырма жұмысына төмен ұпай қойылады және де курс бойынша жиналған жалпы ұпайға әсерін тигізеді.

4. Сабақ барысында тәртіп сақтау керек, яғни сөйлесуге болмайды және ұялы телефонды өшіріп қою қажет.

5. Оқу барысына белсенді қатысу.

6. Үй тапсырмасын бұлжытпай орындау.

7. Сабаққа келгенде міндетті түрде силлабустың, тәжірибелік сабақтың, ОСӨЖ, СӨЖ қағазға басылып шығарылған нұсқасын әкелу қажет (электрондық нұсқаларын да әкелуге болады).

8. Студент шыдамды және оқытушысымен курстастарына мейірімді де ашық болуы қажет.

Курстың бақылау әдістері: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, Бұл бақылау жұмыстары жеке және топтық жұмыс түрінде тәжірибелік сабақтарда, коллоквиумдарда, жағдайлық есептерді шешу және қорытынды емтихандарда жүзеге асырылады. Курстағы оқыту барысы: -15 сағат дәріс, 15 сағат тәжірибелік сабақ, 30 сағат ОСӨЖ, 30 сағат СӨЖ .


Студенттерге оқу жылы барысында құқық негіздері пәні бойынша мынадай талаптар қойылады:

  • Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, ОСӨЖ уақытында келу;

  • Сабақтарға медициналық халатпен екінші аяқ киіммен қатысу;

  • Уақытында ОСӨЖ тапсырмаларын орындау;

  • Тәжірибелік сабақта Астана МУ АҚ анықтамалық жолдамасын және Құқық негіздері пәнінің силлабусын қолдану;

  • Студенттер дәрістер мен тәжірибелік сабақтардан қалған күндерін өз уақытында өтеу қажет.

  • Егер, студент тәжірибелік сабаққа келмеген күндерін өтемеген жағдайда коллоквиумға (аралық бақылауға) кірмейді.

- СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсыру (СӨЖ қабылдау қорытынды рейтингті санауға бір апта қалғанда тоқтатылады).

  • ОСӨЖ міндетті түрде тапсыру саны - 10 нан кем болмау керек, егерде студенттің өз қалауы бойынша 10-нан аса ОСӨЖ тапсыруға рұқсат беріледі.

  • Тәжірибелік сабақтарда міндетті түрде ҚР Конституциясын қолдану қажет;

  • Дәрістердің конспектілерін дұрыс жазу;

  • Кафедрада тазалық ережелерін сақтау;

  • Оқу әдістемелік жабдықтауларын (тесттерді, әдістемелік нұсқауларды) ұқыпты қолдану;

  • Студенттер өз рейтингтерін есептеуді білу.

  • Студент ай сайын өз рейтингін есептеу қажет.

  • Студенттерге ескерту. Барлық есептелген рейтингтер офис

регистратордың базасында болады, есептелінген рейтинг өзгертілмейді.

  • Егерде студент 50 % ға дейін төменгі пайызда ұпай алған уақытта, ол студент емтиханға жіберілмейді.

Аталған шарттарды орындамаған студенттерге берілетін айып шаралары мынадай:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға себепсіз жағдайлармен келмегені үшін -10 ұпай төмендетіледі.

2. Тәжірибелік сабаққа және аралық бақылауға кешігіп келген жағдайда 10 ұпай төмендетіледі. 3. Сабақ барысында өзін дұрыс ұстай алмайтын студентке 10 ұпай төмендетіледі. 4. Студенттер берілген тесттерді және әдістемелік нұсқауларды ұқыпты қолданбағаны үшін, олар бүлінген заттарды орнына келтіру қажет. Мысалы: ксерокөшірмеден түсіру немесе компьтермен басып шығарып әкелу.

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе.

Құқық негіздері – бұл мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, саяси және құқықтық қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстары жөнінддегі білімінің бір саласы. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні.


2.2. Пәннің мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге заң аумағындағы негізгі теориялық ережелерді үйрету, заңмен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс жүзінде туындаған жағдайлар барысында жөн тауып алған білімдерін іске асыруды үйрету.

Барлық мамандықтағы дәрігерлердің жұмысы құқық негіздерінің білімін талап етеді. Әрбір дәрігер құқық мәселелеріне дайын болуы қажет. Жұмыс барысында медициналық құжаттарды заң жүзінде өзі рәсімдеу әрекеттері жиі кездесіп тұрады.


2.3.Оқыту мақсаттары:

- студенттердің құқықтық мәдениеттерін дамыту;

- құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына қатысты мәдени-құндылықты қалыптастыру;

- құқықтық жағдайларда теориялық талдау жасай білу қабілеттілігіне бейімдеу;

- қағидалардың анықтамаларын білу және зерделеу;

- категориялармен түсініктерді меңгерту;

- әр құқық саласының нормаларын қолданып, талқылау дағдыларын қалыптастыру;

- студенттерге құқықтық мәдениеттің құрылымы бойынша бағдар беру;

- ҚР Конституциясында қарастырылған құқықтары мен міндеттерін үйретіп, аса көңіл аударту;

- ҚР азаматтары мен болашақ мамандардың құқықтық тәрбиесімен құқықтық санасының ролі мен маңызын оқу барысында анықтау;

Студент білуі қажет:

- кәсіби мамандық жүйесіндегі тәртіптің орны мен рөлін;

- мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен алған білімінің маңыздылығы туралы.


2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Мейірбике ісі - факультетінің студенттері Құқық негіздері пәні курсын аяқтау нәтижесінде мыналарды білулері қажет:

- адамның қорғалуына бағытталған заңдарды

  • қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін

  • медицина қызметкерлердің құқықтар мен міндеттер және мамандық құқық бұзушылық үшін олардың жауапкершілігі туралы заңдардың ережелерін.

  • денсаулық сақтаудың түрлі құқық салаларымен байланыстары

  • жалпы құқық жүйесіндегі салалардың реттеу пәнін.

  • ҚР Конституция бойынша азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерді.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынаны істеуге тиіс:

- заң жауапкершіліктің түрлеріне сипаттамасын жасау.

  • ҚР Конституциясының және денсаулық сақтау туралы заңдардың ережелерін қолдану.

  • түрлі құқық салалардың қолдану ортаны айыра білу.


2.5. Реквизитке дейінгі:

Мемлекет пен құқықтың негіздері - құқықтық мемлекеттің тарихы, оның тәсілдері, мақсаттары.

Бұл пәнді тиімді меңгеру үшін тарих, философия, саясаттану және т.б. курстардың білімі қажет.

Осы пән мемлекет және құқық негіздерін қарастырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билікпен басқару органдары, сот жүйесінің құрылымын, бюджеттік жүйенің құрылымын, сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек, сақтандыру және жер құқығының құқықтық институттарының маңыздылығын қарастырады.

2.6. Реквизиттен кейінгі:

Сот медицина – медицина қызметкерлердің мамандық және лауазымды міндеттері.

Экология – экологиялық заңдардың және денсаулық сақтаудың байланыстарын, экологиялық қауіпсіздікті бұзған үшін жеке және заң тұлғалардың жауапкершілігі.

Қоғамдық медицина, денсаулық сақтаудың ұйымдастырылуы, денсаулық сақтау туралы заңдардың негіздері, медициналық статистика – денсаулық сақтау туралы заңдардын қарастыру.


2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Құқық негіздерінің пәніне мүліктік және процессуалдық құқығының негізгі салалары, түрлі құқықтық қатынастардың мазмұны, құқықтық тәртіптің және заңдылықтың тәсілдері жатады. Бұл пән мемлекет пен адамның құқықтық байланыстарын, заң жауапкершіліктің түрлерін, олардың қолдану тәртібін қарастырады. Конституция бойынша құқықтары мен міндеттердің оқытуына, оның құқықтық қоғамдағы роліне ерекше көзқарас беріледі.


2.7. Тақырыптық жоспары. (оқытушының басшылығымен баяндамалар,тәжірибелік, семинарлық, зертханалық, өздік жұмыстар).

Дәрістердің тақырыптық жоспары.



Өткізілу уақыты

Тақырыптың атауы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

06.09.12

Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.

Шолу

1 сағат

2

13.09.12

ҚР конституциялық құқығының негіздері.

Тақырыптық

1 сағат

3

20.09.12

ҚР құқық қорғау органдары және сот.

Тақырыптық

1 сағат

4

27.09.12

ҚР әкімшілік құқығының негіздері.

Қазақстандағы мемлекеттік басқару.

Тақырыптық

1 сағат

5

04.10.12

ҚР азаматтық құқығының негіздері.

Тақырыптық

1 сағат

6

11.10.12

ҚР отбасы құқығының негізгі ережелері.

Тақырыптық

1 сағат

7

18.10.12

ҚР еңбек құқығы.

Тақырыптық

1 сағат

8

25.10.12

ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету

құқығы.

Тақырыптық

1 сағат

9

01.11.12

ҚР қылмыстық құқығының негіздері.

Тақырыптық

1 сағат

10

08.11.12

ҚР қаржы құқығының негіздері.

Тақырыптық

1 сағат

11

15.11.12

ҚР салық құқығының жалпы ережелері.

Тақырыптық

1 сағат

12

22.11.12

Жер құқығының негіздері.

Тақырыптық

1 сағат

13

29.11.12

Экологиялық құқығының жалпы ережелері.

Тақырыптық

1 сағат

14

06.12.12

ҚР іс жүргізу құқығы.

Тақырыптық

1 сағат

15

13.12.12

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Тақырыптық

1 сағат
  1   2   3

Похожие:

Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы 2006 жылғы 03. 08. 388 М. Ж. М. Б. С. негізінде 051301 Стоматология мамандығы үшін және Қр бғМ 21. 05. 2005ж №289...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы 2006 жылғы 03. 08. 388 М. Ж. М. Б. С. негізінде 051301 Стоматология мамандығы үшін және Қр бғМ 21. 05. 2005ж №289...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы:...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы:...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы:...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы icon050115 «Құқық және экономика негіздері» мамандығының Құқық қорғау органдары пәні бойынша Білу керек
Бұл жоба арқылы сот жүйесін және олардың адам өміріне маңызын, яғни бағыт-бағдарды анықтауды, сот төрелігің адам өміріне әсер етуін...
Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы iconПатологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы
Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының отырысында талқыланып бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница