Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ




Скачать 391.85 Kb.
НазваниеСтуденттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ
страница1/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер391.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://megduna.ru/download/pn_memleket_jne_i_teoriyasi_almati_2011_aza_ebek_jne_leume.doc
  1   2   3



ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ


ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ





СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ПӘН: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ


АЛМАТЫ 2011


ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ


Заң факультеті


«Бекітемін»

ОӘЖ Проректоры

_________Утешева Е.А.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ПӘН: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ


Алматы, 2011


Оқу-Әдістемелік Кеңеспен баспаға ұсынылған .

(Хаттама № 1 ;10 қазан 2010 ж.)


Құрастырушы : аға оқытушы Нурман К.Н.


Рецензент: з.ғ.к. профессор Ищанова Г.Т.


Аталмыш пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары теориялық және тәжрибелік сабақтарға беріле отырып студенттердің теоретикалық ой тұжырымдауының қалыптастырылуына, пәннің мәні мен мазмұнын түсіне отырып қорытындылай алуына үйретеді.


Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыс

жазуна арналған әдістемелік нұсқаулар.


Студенттердің өзіндік жұмысы – студенттердің ғылыми әдебиеттерді, нормативтік материалдарды өз бетінше оқуының маңызды нысандарының бірі болып есептеледі. Ол студенттерге өз білімін жетілдіруге, қоғамдық құбылыстар мен процесстерді бағалай білуге, ғылыми және саяси мағлұматтардың көптеген ағымдары бойынша бейімдесе алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындау студенттерге монографиялық жұмыстардың, нормативтік материалдардың (әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарын), оқу әдебиеттерінің мазмұнын қисыны бойынша талдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, теориялық ережелерді дұрыс тұжырымдау және ашу қабілетін дамытады, құқықтық терминологияны үйренуге, тәжірибелік ұсыныстарды білдіруге, өз бетінше қорытынды шығаруға ықпал етеді; мұның бәрі бағдарлама бойынша материалдарды неғұрлым терең әрі жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын, сонымен қатар, оқытушының студенттердің білімін тексеруінің бір нысаны болып табылады, студенттердің оқытылатын пәнге қарым-қатынасы қандай және олардың өз бетінше жасаған жұмысы қаншалықты жемісті екендігін тексеруге мүмкіндік береді.


Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы студенттер үшін бірінен бірі келіп шығатын бірнеше сатыдан тұратын, жоспарланған еңбек процесі ретінде ізденістің алғашқы тәжірибесі болып табылады. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жазудың бүкіл барысын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

а/ тапсырмаларды, кеңес алу және жұмыстың алдын ала жоспарын жасау.

ә/ тапсырма тақырыбына қатысты ғылыми материалдарды жинау (ең алдымен библиографиямен жұмыс істеу), әдебиеттерді оқу.

б/ мәселенің құрамдас бөліктерін талдау, тақырыпты баяндау.

в/ материалды тұтас өңдеу.

г/ жұмыстың жоспарын нақтылау.

ғ/ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын қорғау.

Әрине, өзіндік жұмыстар тақырыптарының барлығының күрделілік деңгейі бірдей емес, алайда олардың кез-келгенімен жемісті еңбек етуге болады. Кейде, бірден кейбіреулерді баяндаудың күрделілігі қорқытып жіберуі де мүмкін, оған ешқандай қысылу қажет емес екендігі туралы ескертіп қою қажет, бір рет оқығанда түсініксіз болған мәселе, оны екінші рет қайталап оқыған кезде немесе мәселеге басқаша көзқараспен назар аударған кезде түсінікті болады.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыс тақырыбының түсініксіз болған ешбір мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Олардың барлығы өз бетінше немесе оқытушының көмегімен қажеттілікпен түсіндіріледі.

Студент, өзіндік жұмысын мұқият көңіл бөлу арқылы, уақытын дұрыс бөлу арқылы, асықпай, жоспар бойынша және жүйелі түрде жұмыс істеу арқылы оның жемісті орындалуын қамтамасыз етеді.


Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарын құру және келісіп алу.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарының болуы онда тек тақырыпқа қатысты мәселелерді ашуға, материалдарды баяндауда ізбе-ізділік пен нақтылықты қамтамасыз етуге, олқылықтар мен қайталануды болдырмауға, өзіндік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыруға, қажетті жағдайда уақытты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тақырыпты таңдау және жоспарын құру аяқ астынан жүзеге асырылмауы тиіс, алдын ала оқулықтың тиісті бөлімімен танысып, тақырыптың мазмұнын түсініп алу, мемлекет және құқық теориясы курсында оның алатын орны мен ролін анықтап алу қажет.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспары ғылыми жетекшімен келісіліп анықталуы тиіс. Студент әдістемелік нұсқауда берілген үлгі жоспарға сүйене отырып оған толықтырулар енгізуі немесе өзінің жоспарын ұсынуы мүмкін.Қаралатын мәселелерді неғұрлым толық ашу үшін жоспардың әрбір бөлімін неғұрлым ұсақ тармақтарға бөлуге болады. Алайда шектен тыс көп сұрақтардың жоспарда қарастырылуы да негізсіз екендігін ескерген жөн. Дұрыс емес құрастырылған жоспардың бірінші белгісі – сұрақтардың бірінде тақырыптың атының толығымен қайталануы. Әрбір жеке сұрақ оның бір бөлігін ғана ашып көрсетуі қажет.

Жұмыстың жоспарын құрастырғаннан кейін оны оқытушымен келісіп алу қажет. Мұндай келісімсіз тақырыптың мәнін ашуға тырысу дұрыс емес, өйткені дұрыс құрастырылмаған жоспар бүкіл курстық жұмысты жоққа шығаруы да мүмкін.


Тақырып бойынша ғылыми мәліметтерді жинау, библиографияны дайындау, әдебиеттер мен нормативті материалдарды оқу.

Өзіндік жұмысты тиімді орындау үшін ғылыми мәліметтерді жинаудың орны бөлек. Әрбір тақырып бойынша университеттің кітапханасында бар негізгі қайнар көздердің тізімі ұсынылған. Қайнар көздердің шеңберін кеңейту үшін басқа да кітапханаларды пайдаланған жөн.

Монографиялық әдебиеттерден тыс пайдалы мәліметтерді әртүрлі және мерзімдік басылымдардан.

Соңғы жылдарда баспадан шығарылған әдебиеттер туралы мәліметті Ұлттық кітапхананың библиографиялық залынан алуға болады.

Әдебиеттерді таңдау және тізімін жасау үшін университет кітапханасының каталогымен танысу қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі толық болуы тиіс және негізгі монографиялық жұмыстарды, оқу құралдарын, нормативтік материалдар мен журнал мақалаларын қамтуы тиіс. Оқытушымен кеңесіп алғаннан кейін студент қажетті әдебиеттерді терең зерттеуге кіріседі.

Жиналған материалдарды талдау және тақырыпты баяндау.

Қажетті әдебиеттерді жинаған соң жұмысты дайындау процесінің ең маңызды кезеңі туады - әдебиеттер мен басқа да қайнар көздерді оқу және конспектілеу.


СӨЖ тақырыптық жоспары

№№ п.п.

СӨЖ тақырыптардың аттары және тапсырмаларының мазмұны

1

Мемлекеттің түсінігі және мәні

2

Мемлекеттің пайда болуы жөніндегі теориялар

3

Мемлекеттің пайда болуының матералистік теориясының ерекшеліктері

4

Мемлекеттің басқару нысаны

5

Қазақстан Республикасы - Президенттік республика

6

Мемлекеттің құрылым нысаны

7

Қазақстан Республикасы – Унитарлық мемлекет

8

Саяси режим.

9

Демократия және қоғам

10

Қазақсанда зайырлы мемлекет орнатудың кейбір мәселелері

11

Құқықтық мемлекетттің Қазақстандық моделі

12

Азаматтық қоғам теориялары

13

Құқық түсінігі және мәні

14

Құқық жүйесі және құқықтық жүйе

15

Құқық шығармашылығы

16

Құқық қолдану

17

Құқық бұзушылық және құқықтық жауапкершілік

18

Құқықтық реттеу механизмдері

19

Заңдылық және құқықтық тәртіп

20

Құқықты талқылау

21

Қазақстандағы Парламенттің саяси биліктегі ролі

22

Әлеуметтік жағдайдың мемлекет тарапынан реттелу мәселелері

23

Құқықбұзушылық түсiнiгi, түрлерi, белгiлерi.

24

Заңды жауапкершiлiк түсiнiгi, белгiлерi, түрлерi.

25

Құқықты қолдану актілері түсінігі мен түрлері

26

Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу

27

Құқықтағы олқылықтар

28

Құқықты талқылаусубъектілері

29

Құқықтық реттеу механізмі

30

Құқықтық мiнез-құлық.




Барлығы:
  1   2   3

Похожие:

Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconҚмму ф 4/3-07/02
Оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ icon«Медициналық биология» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өңдеу
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өңдеу кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді, хаттама №24 «29»05. 2014ж
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconОқытушылардың жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Мақсаты: қоршаған орта факторлары мен адамның денсаулық күйі қарым-қатынасы, оның әсерін бағалау әдістері және қолайсыз әсерлесуді...
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconБ. С. Тантыбаева С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы
Сондықтан да студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бүгінгі таңда маңызды орын алады. Қазіргі оқыту технологиясы тұрғысынан...
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ icon«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Омыртқасыздар зоологиясы пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ icon1. 2 Менеджмент және маркетинг кафедрасы
ОӘК экономикалық мамандықтар бойынша дайындалатын студенттерге арналған. ОӘК оқу уақытын тақырыптар мен оқу сабақтарын, студенттердің...
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconРефераттық хабарламаынң тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconРеферат жазуға Әдістемелік нұСҚау пән бойынша «Основы права»
Реферат жұмысының жазудың мақсаты студенттерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік...
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconСтуденттердің Өзіндік жұмысы әдістемелік нұСҚаулар
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Студенттердің Өзіндік жұмыстарын орындауына әдістемелік нұСҚАУ iconФ кгму 4-3-07/01 пп кгму 4/01
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница