Барлығы – 90 сағат Орал




НазваниеБарлығы – 90 сағат Орал
страница6/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.16 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/ҚАРЖЫЛЫҚ_және_БАНКТІК_СТАТИСТИКА.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
чА=

Мұнда: ДчА – бір акцияға түскен таза табыс;

Дч - таза табыс;

ДВПР.А – айрықша акциялар бойынша дивидендтер;

АО – айналымдағы әдеттегі акциялар саны;

Бір акцияға түскен табыс, айналымдағы әдеттегі әрбір акцияға таза табыстың қанша үлесі тиетінін көрсетеді.Айналымдағы акциялар жалпы шығарылған әдеттегі акциялар мен меншікті портфельдегі акциялар саны арасындағы айырмамен есептеледі.

Акцияға түскен табыс – бұл сол бойынша төленеетін жыл сайынғы табыс.Осы көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін жанама түрде сипаттайды, бірақ қаржылық стратегияның үлкен ықпалында болады, өйткені кәсіпорынның өз табысын өндіріске қосымша қайтадан инвестициялау қажеттігі, акция бойынша төленетін табыс мөлшерінің азаюына әкеліп соқтырады.Акцияға табыстың нақты шамасы басқа көрсеткіштен - үлестіру нормасына тәуелді, ал соңғысы дивиденд түрінде төленген табыс сомасын барлық таза табысқа бөлу жолымен есептеледі.

Айта кету керек, дамыған нарықтық экономика жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ол өкілетті статистикалық зерттеулермен дәлелденген.

Оның аналитикалық тұрғыда негізгі кемшілігі - әртүрлі компаниялардың акцияларының нарықтық құнының бірдей еместігі салдарынан оларды кеңістікте салыстыруға келмейтіндігі болып табылады.

Акциялардың құндылығы. Ол акцияның нарықтық бағасын акцияға түскен табысқа бөлгендегі бөлігі ретінде формуламен есептеледі:


Ца=

Мұнда: Ца – акцияның құндылығы;

РЦ – акцияның нарықтық бағасы;

Дча – бір акцияға түскен таза табыс;

Акцияның нарықтық бағасы мен бір акцияға түскен табыстың арақатынасы компания мен оның акционерлері арасындағы қатынасын көрсетеді.

Акцияның нарықтық бағасы мен акцияға түскен табыс шамасы арасындағы өзара байланысты әдетте "баға - табысы" коэффициенті деп атайды.Бұл көрсеткішті акционерлер мен мүмкін инвесторлар компанияның акцияның құндылық бағалылығын бағалау үшін жалпы басшылыққа алады.Ол аталған компанияның акциясына деген сұраныстың индикаторы ретінде қызмет етеді, өйткені, акционерлер мен инвесторлар компания акциясының таза табысының бір ақша бірлігіне қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін көрсетеді.

Бұл көрсеткіштің динамикасында салыстырмалы түрде жоғары өсуі, басқа фирмаларға қарағанда аталған фирманың табысының жылдамырақ өсуін инвесторлар күтулі екендігін көрсетеді.

Бір акцияның баланстық құны кәсіпорынның бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәліметтеріне сәйкес бір әдеттегі акцияға келетін таза активтерінің құнын көрсетеді.Бұл көрсеткіш былайша есептеледі:


БС.А.=



Мұнда : БС.А – акциялардың баланстық құны

Са.к – акционерлік капиталдың құны

Сп.а – айрықша акциялардың құны

АО - айналымдағы әдеттегі акциялар саны

Акцияны бағалау коэффициенті акцияның нарықтық бағасының оның баланстық құнына қатынасымен формула бойынша есептеледі:


КК.а=

Мұнда: КК.а – акцияны бағалау коэффициенті

РЦ - бір акцияның нарықтық бағасы

БС.А- бір акцияның баланстық құны

Бағалау коэффициенті мағынасының бірден артық болуы, потенциалды акционерлер акцияны алуға, сол уақытта нақты капиталдың бухгалтерлік бағалауынан артық бағаға сатып алуға дайын екенін білдіреді.

Акцияның есептесу бағасы көрсетілген құнның эмиссиялық табыс үлесінің және фирманың дамуына салынған және жинақталған табыс үлесінің қосындысынан тұрады.

Акцияның нарықтық бағасы – бұл оның қазіргі сату және сатып алу бағасы. Ол сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсерімен қалыптасады, тек экономикалық себептерге ғана тәуелді емес және саяси – психологиялық алыпсатарлық сияқты көптеген жағдайларға да байланысты.

Акцияның нарықтық бағасының көрсетілгенннен айырмашылығы, ол капиталдандырылған табысты есепке алады.Акцияны сату дивиденд алу құқығын сату болып табылғандықтан, қор биржасындағы оның нарықтық құндылығы капиталдандырылған дивидендті көрсетеді.Сондықтан ол акция бойынша табыстылыққа тура пропорционалды және несиелік капиталдың пайыздық мөлшерлемесіне кері пропорционалды болады.




Несиелік пайыз есебінен салым бойынша жоғары дәрежедегі кепілдікпен төлей алуға болатын мөлшерлемесінің пайызы қабылданады.

Акцияның табыстылығы. Табыстылықтың ағымдағы және жиынтық деп бөледі.Ағымдағы табыстылық дегеніміз ең алдымен акция иесінің қолына тиетін дивидендтер.Бұл коэффициент дивидендтік табыс немесе дивиденд нормасы деп аталып, былайша есептеледі:


НД=

Мұнда : НД – дивидендтің іс жүзіндегі нақты формасы

Дав – бір акцияға түскен дивиденд

РЦ.А- бір акцияның нарықтық бағасы

Акцияның табыстылығы курстық айырманы есепке ала отырып та есептелінуі мүмкін, оны акция иесі акцияны сатқанда ала алады.Бұл жағдайда акцияның табыстылығы акцияны иеленген кезеңде алынған дивиденд сомасын бір акцияға бөлгенде және акцияны сатып алу бағасы мен оның сатылу бағасының арасындағы айырмашылықты акцияның сатып алу бағасына бөле отырып анықталады.

Акцияның табыстылығы жоғары болған сайын,инвестор болуы мүмкін кісілерді соғұрлым қызықтырады.Дамыған нарықтық экономикалы елдерде акциялардың табыстылығы туралы мәліметтерді қор биржасында тіркелген сарапшылардың аналитикалық шолуларынан алуға болады.Мүдделі акция ұстаушы ретінде, мамандарға бұл ақпарат қаржы нарығында қандай бағыт ұстану қажеттігін көрсетеді.Төленетін дивидендтер үлесі немесе дивидендтерді төлеу көрсеткіші компанияның таза табысының дивиденд түрінде төленуге тиісті бөлігін сипаттайды.

Бұл көрсеткіш дивидендтің бір әдеттегі акцияға және бір жай акцияға түскен табысқа қатынасымен формула бойынша есептеледі:


КД.В=

Мұнда : КД.В- дивидендтерді төлеу коэффициенті

ДВА – бір акцияға түскен дивиденд

ДЧА - бір акцияға түскен таза табыс

Тұрақты өсу коэффициенті компанияның келесі жылы өзінің активтерін ішкі қаржыландыру есебінен арттыру мүмкіндігін көрсетеді, ол жағдайда меншікті капитал мен міндеттемелер арасындағы пропорция сақталуы және дивидендтер төлеу үлесі есеп беру жылындағы мөлшерде сақталуы шарт.Аталған коэффициент, дәлірек айтқанда ішкі көздер есебінен тұрақты өсу қарқынының қамтамасыз етілу коэффициенті, дивидендтер төлеген соңғы таза табыстың бөлігінің, бастапқы акционерлік капиталға қатынасы ретінде формуламен анықталады:


КУ.Р.=

Мұнда : КУ.Р – тұрақты өсу коэффициенті

Дч - таза табыс

ДВ - дивидендтер

Ск - меншікті капитал

Капиталдандыру коэффициенті компания шығарған құнды қағаздар түрлері арасындағы пропорционалды білдіреді.Облигациялардың үлесінің жоғары болуы айрықша және әдеттегі акциялардың тартымдылығын азайтады, айрықша акцияның үлесінің жоғары болуы әдеттегі акцияға деген инвесторлардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғуы мүмкін.

Капиталдандыру көрсеткішінің динамикасы, басқадай бағалы қағаздар бойынша борыштық міндеттемелермен меншікті капитал кіретін, капитал бөлігінің құрылымының өзгеру процесін бейнелейді.Әдеттегі акциялар бойынша капиталдандыру коэффициентін, мысалы, әдеттегі акциялар құнын, облигациялар, әдеттегі және айрықша акцияларды қоса есептегендегі барлық бағалы қағаздар құнына бөлгендегі бөлінді ретіндегі формула бойынша анықтайды:


Қк=

Құнды қағаздар арасындағы пропорцияны талдау, әсіресе әдеттегі акция иеленушілері үшін аса мңызды, өйткені облигация үлесі көп болған жағдайда кәсіпорын табысының төмендеуі дивидендтерді төлеу тәуелділігіне ұрындырады, сонымен қатар табыс артқанда, әдеттегі акциялар бойынша дивмдендтер, облигация мен айрықша акцияның үлесі төмен болған жағдайға қарағанда, көбірек артады.


Акция нарығы







Төлем балансы.

Төлем балансы (басқа елдерге немесе басқа елдерден ) тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын , табыстарағымын немесе олардың трансферттерін , күрделі қаржыландыру үшін қаржылық операцияларды қамтиды.

Төлем балансы экономиканың барлық секторының төлемқабілетілігі туралы ақпараттан тұрады.

Ұлттық есептер жүйесіне кіретін шот- кестелер жиынтығына келесі кестелерді жатқызуға болады.

  1. Салааралық баланс(«шығын- шығарылым» кестесі )

  2. Қаржылық операцияның жиынтық кестесі.

  3. Ұлттық баланстық кесте.


6. Практикалық сабақтардың жоспары

1 Тақырып: Қаржылық және банктік статистиканың теориялық негізі.

Дәрістің мазмұны: 1.1. Қаржылық және банктік статистика пәні, зерттеу әдістері.

1.2.Статистиканың ұйымдастырылуы. Қазақстан Республикасының статистика органдарының қаржылық мекемелермен өзара байланысы.

1.3. Экономикалық процестер мен олардың нәтижелерін сипаттауда қаржылық және банктік статистиканың мәні, ролі қандай?

1.4. Қаржылық және банктік статистиканың ақпараттық мүмкіндіктері қандай?


2 Тақырып: Қаржылық және банктік статистиканың теориялық негізі.

Дәрістің мазмұны: 1.5. Қаржылық және банктік статистиканың міндеттері.

1.6. Қаржылық және банктік статистикадағы негізгі түсініктер мен классификациялар.


3 Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы

Дәрістің мазмұны: 2.1. Мемлекеттік бюджет ұғымы, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің статистикалық көрсеткіштер жүйесі.


4 Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы

Дәрістің мазмұны: 2.3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің кірісін талдаудың статистикалық әдістері.

2.4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетін өңдеу мен талдау үшін ақпарат көздері.


5 Тақырып: Банк статистикасы

Дәрістің мазмұны: Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

6 Тақырып: Банк статистикасы

Дәрістің мазмұны: Банктердің баланстық статистикасы


7 Тақырып: Банк статистикасы

Дәрістің мазмұны: Банк қызметінің сенімділігі мен тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі


8 Тақырып: Несие статистикасы

Дәрістің мазмұны: Несие статистикасы туралы түсінік, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.


9 Тақырып: Ақша статистикасы

Дәрістің мазмұны: Ақша айналымының көрсеткіштер жүйесі


10 Тақырып: Сақтандыру қызметінің статистикасы

Дәрістің мазмұны: Сақтандырудағы негізгі түсініктер, оны статистикалық зерттеудің міндеттері. Мүліктік сақтандыру статистикасы.


11 Тақырып: Сақтандыру қызметінің статистикасы

Дәрістің мазмұны: Жеке бас мүддені сақтандыру статистикасы. Әлеуметтік сақтандыру статистикасы.

12 Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы статистикасы

Дәрістің мазмұны: Бағалы қағаздар нарығы түсінігі, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.


13 Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы статистикасы

Дәрістің мазмұны: Бағалы қағаздар нарығының көрсеткіштер жүйесі


14 Тақырып:

Дәрістің мазмұны: Макродеңгейдегі қазіргі қаржылық баланстар.


15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстар статистикасы.

Дәрістің мазмұны: 1. Қаржылық ресурстар туралы түсінік, секторлардағы олардың құрамы. Қаржылық ресурстарды оны статистикалық зерттеудің міндеттері. 2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарын қолданудың статистикалық көрсеткіштері.


7.Пәнді зерттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар


1 – есеп. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кірісі мен шығысы туралы мәліметтер берілген.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кірісі және шығысының динамикасы (1997ж. Айлар бойынша)

Млн.тенге

Көрсеткіштер

1 шілде

1 қараша

1 желтоқсан

1

2

3

4

І. Кірістер және алынған (қабылданған) ресми трансферттер, соның ішінде:

58460,8

110644,5

145511,0

1.1. Салықтық түсімдер

40604,9

63880,7

85883,6

1.2. Салықтан тыс түсімдер

1701,8

2548,9

3767,5

1.3. Капиталға байланысты операциялардан түскен табыс

16286,7

44207,9

55826,1

1.4. Алынған (қабылданаған) ресми трансферттер (грант)

-132,6

7,0

33,8

ІІ. Шығыстар, соның ішінде:

60478,6

114461,5

166175,1

2.1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

8012,9

14190,2

21110,8

2.2. Қорғаныс

5116,0

8816,4

11425,2

2.3. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

7931,4

11832,3

16110,3

2.4. Білім

5642,0

8035,7

11511,6

2.5. Денсаулық сақтау

2419,1

3488,2

4505,6

2.6. Әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру

3337,5

4592,8

6813,9

2.7. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет саласындағы қызмет

2969,6

3984,1

5629,7

2.8. Отын – энергетика кешені

451,8

775,6

1141,7

2.9. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық аулау, табиғатты қорғау

2553,6

5262,6

6993,9

2.10. Отынды қоспағандағы тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбалар өңдеушісі өнеркәсіп

529,4

3265,7

3900,5

2.11. Көлік және байланыс

229,5

248,3

304,5

2.12. Экономикалық әрекетке қатысты басқа қызметтер

29,24,8

4734,1

11045,8

2.13. Негізгі топтарда көрсетілмеген шығындар

18361,0

45235,5

65681,6

ІІІ. Несие беру минус қарызды өтеу

5386,2

1236,9

16942,7


Осы мәліметтер боынша бюджет көрсеткіштернің динамикасын анықтап, статистикалық талдау жасаңыздар. Ол үшін 1997 жылдың берілген айлары арқылы мына көрсеткіштерді есептеңіздер:

  1. Бюджет кірісінің құрылымын және шығысының құрылымын.

  2. Бюджет кірісі мен шығысының құрылымдарындағы абсолютті ауытқуларыды.

  3. Бюжет тапшылығы сомасын және оны жабуға бөлінген қаржыны.

  4. Бюджет тапшылығының бюджет шығысына қатынасын (бюджет тапшылығының қатысты деңгейін).

  5. бюджет кірісі мен шығысының құрылымдарын график түрінде көрсетіңіздер. Ол үшін салаларды атқаратын қызмет маңыздылығына байланысты мынадай топтарға біріктіріңіздер:

а) жалпы сипаттағы мемлекетік қызметтер;

ә) қоғамдық және әлеуметтік қызметтер;

б) экономикалық әрекетке бйланысты мемлкеттік қызметтер;

в) басқа қызметтерү

Есептің 1, 2, 3 шарттарын орындау үшін мынадай кестені қолданыңыздар.


Көрсеткіш

1 шілдеде

1 қарашада

1 желтоқсанда

1 шілде және 1 қарашамен салыстырғандағы бюджет құрылымының абс.ауытқулары




млн.теңге

%

млн.теңге

%

млн.теңге

%

1 шілде

1 қараша

А

1

2

3

4

5

6

7(6-2)

8(6-4)



Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикасы


2-есеп. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы ұзартылған төлем баланысың (4- қосымша) мсәліметтері бойынша елдің қаржы жағдайына статистикалық талдау жасаңыздар. Ол үшін:


2. «Кредит», «дебет» операциялар сальдосын мына үлгі бойынша есептеңіздер:

Көрсеткіш

Кредит(+)

Дебет(-)

Сальдо

А

1

2

3=1-2


2. Кредит және дебеттік айналымдардың құрылымын, айналымдардың құрылымдық өзгерістерін көсететін балансты мына шоттар бойынша құрыңыздар:

А) ағымдағы шот;

ә) капиталға және қаржыға байланысты операциялар шоты.

Бұл балансты мынадай кесте бойынша құрыңыздар:

Ағымдағы шұоттар бойынша кредиттік және дебеттік айналымдардың құрылымдық өзгерістері

Көрсеткіш

Кредиттік айналым, % (+)

Дебеттік айналым, % (-)

Сальдо

А

1

2

3=1-2


Капиталға, қаржыға байланысты операциялар шоты бойынша осындай есптеулер жасаңыздар.

3. Төлем балансының С тобындағы (резервтік активтер) МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША Қазақстан Республиксының ұлттық валютасының жай күйін талқылаңыздар.

4. Сауда келісімдерінің дебеті мен кредитінің жалпы сомасындағы таза қателер мен қалдырылған мәліметтердің қатысты деңгейін процент есебімен анықтаңыздар.

Талдау жасайтын мерзімді әр топ студенттері үшін оқытушы белгілейді.


3- есеп. Қаржы ресурстарын пайдалану туралы мәліметтер берілген.


Қазақстан республикасының қаржы ресурстарын

пайдаланудың абсолютті көрсеткіштьерінің динамикасы

(АҚШ –тың млн.доллары)

Көрсеткіш

1995ж

1996ж

1997ж

1

2

3

4

1. Жалпы ішкі өнім

16247

20861

22500

2. Жалпы сыртқы борыш

3087

3755

4500

3. Тауар және факторлық емес қызметтер экспорты

1655

2245

6716

4. Жалпы сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша есептелген төлемдердің сомасы

141

256

772


Осы мәліметтер бойынша қаржы ресурстарын пайдаланудың мынадый қатысты көрсеткіштерін есептеңіздер:

  1. Жалпы сыртқы борыштың деңгейін (жалпы ішкі өнімге қатысты, % есебімен).

  2. Жалпы сыртқы борыш пен тауар және факторлық емес қызметтер экспортының арақатынасын, % есебімен.

  3. Жалпы сыртқы борышқа қызмет көрсету процентін.


Банк статистикасы


4-есеп. Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капитал мөлшеріне қарай топқа бөлінуі төменде берілген


Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің меншікті

капитал мөлшеріне қарай топтастырылуы

( 1998 жылдың соңы)



Меншікті капитал мөлшері бойынша банктердің

топтарға бөлінуі,млн.теңге

Банктер саны

1

2

20-ға дейін

20-80

80-130

130-500

500-1300

1300 және одан жоғары

10

6

15

24

13

7

Барлығы

75



1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ – 30 сағат Кеңес-3 сағат. Емтихан – 1-ші семестрде Барлығы: 90 сағат. Орал – 2010
Пәннің оқу әдістемелік кешені /ПӘОК/ «Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәні бойынша Қр мемлекеттік Стандарты Алматы, 2005 жыл
Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 90 сағат Орал- 2009 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ-30 сағат Барлығы – 90 сағат Орал 2009 ж
Курс бағдарламасы. Экологиялық құқық. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2006ж типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторы: Д....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница