Барлығы – 90 сағат Орал




НазваниеБарлығы – 90 сағат Орал
страница4/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.16 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/ҚАРЖЫЛЫҚ_және_БАНКТІК_СТАТИСТИКА.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, ЖІӨ-нің 20%, ЖҚӨ-нің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың экономика мен мәдениетті көтерудіңталаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең азө қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Шығыстар мен салықтар арқылы бюжет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясатты басымдықтар – халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау,білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.

Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

Жергілікті бюджеттің кірістерінің мәні, кірістері мен шығыстары

  1. Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні

  2. Жергілікті бюджеттердің кірістері

  3. Жергілікті бюджеттердің шығыстары

  4. Жергілікті бюджетті әзірлеу, қарау және бекіту




  1. Жергілікті бюджеттердің эконмикалық мәні

Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табыладтын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы , бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді:

  • билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

  • бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу;



Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомостваға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30 пайыздан 60пайызға дейін қайта бөледі (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:

  • олар арқылы өндірістік сфераны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

  • Жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес сфераның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;

  • Тұтынудың қоғамдық (әлеуметтік) қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

ҚР-ның жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50 % аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды. ҚР-да жергілікті бюджеттер коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумақтық бірліктің меншігіндегі өзге де мүлікпен бірге әкәмшәләк-аумақтық, экономикалық және қаржылық негізін құрайд; түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және ҚР Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің ақша қорлары болып табылады.

Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына әсер етіп отыр.

Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдай: қаржы-бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.

  1. Жергілікті бюджеттердің кірістері

“Бюджет жүйесі туралы”, “ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару туралы” ҚР-ның заңдарына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды:

  1. жергілікті бюджеттердің кірістерін – салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін, салыққа жатпайтын түсімдерді және капиталмен жүргізілетін операциялардын түсетін кірістерді – коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден, аймақтардың өзін-өзі қамтамасыз ету үшін сатып алатын астықты өткізуден және жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түсетін түсімдерді;

  2. жеке және заңды тұлғаалардан немесе шетелдік мемлекеттерден, жоғарғы немесе төменгі бюджеттерден алынған ресми трансферттерді (гранттарды);

  3. бұрын жергілікті бюджеттерден берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуді қамтиды.

Қазіргі кезде жергілікті бюджеттерге түсетін салықтар, алымдар және міндетті төлемдер мыналарды қамтиды:

  • Астана қаласының аумағында салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғалар өндірген тауарларға, көрсеткен қызметкерге салынатын ҚҚС;

  • спирттік ішімдіктерге, ойын бизнесіне салынатын акциздер;

  • жеке атыбс салығы;

  • әлеуметтік салық

  • көлік құралдарына салынатын салық:

  • жасалған келісімшарттарға орай жергілікті бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша ҚР-ның үлесі;

  • алымдар, төлемдер, баждар (бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені үшін алымды қоспағанда).

Жергілікті бюджеттерге түсетін салыққа жатпайтын түсімдер мыналарды қамтиды :

  • коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар табысының (пайдасының үлесі);

  • коммуналдық меншік болып табылатын акциялардың пакеттерінен алынатын дивидендтердің түсімі;

  • жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан алынатын кірістердің түсімі;

  • жергілікті бюджеттен кредиттер бергені үшін алынған сыйақылар (мүдделер);

  • жергілікті органдарға қатысты мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

  • жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер;

  • коммуналдық меншік мүлігін жалға беруден түсетін түсім;

  • жер учаскелелерін жалға беруден түсетін түсім

  • қоршаған ортаны ластағаны үшін 50% мөлшерінде төленетін төлемдер;

  • басқа әкімшілік алымдар;

  • жергілікті атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелер өндіріп алатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар;

  • Қр-ның заңдарымен қарастырылған өзге де түсімдер;

  • Қр-ның заңдарымен қарастырылған өзге де түсімдер;

  • Мемлекеттік баж және басқалары.

Банктердің баланстық статистикасы.

Банктік баланс экономикалық талдау үшін ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Ол банк қызметін кешенді сипаттайды. Банктік баланс оның клиенттерінің ақша қаражаттарының бар болуы және төлемқабілеттілігі,несиелік ресурстар,олардың орналасуы,банктің өзінің сенімділігі мен тұрақтылығы туралы нақты ақпарат көзі болып табылады.

Коммерциялық банк балансы – бұл, сәйкесінше бір күнге,банктің қаржылық жағдайы,операциялардың сипаты,құрылымы және көлемі туралы түсінік беретін жиынтық кесте

Пассивте банктің меншікті қаражаттары мен міндеттемелері,активте орналастырылған қаражаттар және банкке міндеттемелер бейнеленеді.Активте қолма – қол ақша қаражаты көрсетіледі.Алдымен олар сатылған акциялардың эквиваленті, яғни банктің міндеттемелері ретінде пайда болады.


Кесте 1

Коммерциялық банк балансының сызбасы


Актив

Меншікті капитал және міндеттемелер

Қолма – қол ақша

Резервтер

Қарыздар,оның ішінде

  • мерзімді

  • талап етуге дейін

Меншік

Акциялар

Салымдар,оның ішінде

  • мерзімді

  • талап етуге дейін

Табыс

Барлығы

Барлығы


Бұл «қолма – қол ақшаның»көп бөлігі кейіннен банктің меншігіне – қажетті материалдық игіліктерге айналады.Банк депозиттік мекеме ретінде қызмет жасай бастаған кезде,яғни салымдарды қабылдап,қолма –қол ақша артады.

Баланстық құрылымда міндетті резервтер ерекше орын алады.Олар заң бойынша салымдар қабылдайтын және қарыз беретін барлық мекемелер үшін бекітіледі.Қарыз қайтарылған (өтелген)кезде,банктің кассалық қолма- қол ақшасы қайтадан артып,оның жаңа қарыздар ұсынуының әлеуетті қабілеттілігі де жоғарылайды.

Баланстық шоттар активті және пассивті болып бөлінеді.Активті шоттарда банк кассасындағы қолма – қол ақша, қысқа мерзімді және ұзақмерзімді несиелер, дебиторлық қарыз, капитал салымдарына және басқа активтерге шығындар, қатыстырылмаған қаражаттар есептеледі.Пассивті шоттарда банк қорлары, кәсіпорындардың есеп шоттарындағы қалдықтар,депозиттер,кредиторлық қарыз,банк табысы,басқалай пассивтер мен қатыстырылған қаражаттар бейнеленеді. Пассивті операциялар құрылымын зерттеуді меншікті және қатыстырылған қаражаттарды анықтаудан,сондай-ақ баланстың жалпы сомасының қалыптасуындағы олардың үлесін табудан бастаған жөн.

Коммерциялық банктің меншікті капиталы- бұл банктің қаржылық ресурстарының көзі.Ол банк қызметінің алғашқы кезеңдерінде,құрылтайшылар бастапқы шығындар ретін жүзеге асыруда таптырмайтын құрал болып табылады.

Банк капиталының қайнар көзі немесе базизтік капитал болып төленген акционерлік капитал және жарияланған резервтер табылуы тиіс.Банктің акционерлік капиталы оның шығарған акцияларының номинал құнына тең болады (төленген акционерлік капитал).Бөлінбеген табыс,шығыстардан табыстардың асып түсуін сипаттайтын банктің баланстық бабын көрсетеді.Резервтік капитал ағымдағы табыстан түсетін жыл сайынғы аударымдар есебінен қалыптасады.

Базистік капиталдан басқа банктік капиталдың жалпы құрылымында сенімділігі біршама төмен қосымша элементтер де қатысуы тиіс.Бұл элементтер жиынтығы қосымша капитал атауын алды (ΙΙ деңгейдегі капитал)

1.Базистік капитал (Ι деңгейдегі капитал)

- төленген акционерлік капитал

- жарияланған ашық резервтер

2.Қосымша капитал (ΙΙ деңгейдегі капитал)

- жасырын (жарияланбайтын) резервтер

- активтерді қайта бағалау кезінде пайда болатын резервтер

- күмәнді берешектерге жалпы резервтер

- бағалы қағаздар және анықталмаған мерзімді субординациялы қарыздар.

«Каспийский Банкі» АҚ-ның толықтырылған жылдық бухгалтерлік балансының деректері негізінде базистік капитал құрамына (Ι деңгейдегі капитал) кіретіндер:

  1. Жарғылық капитал

  2. Міндетті резервтер

  3. Бөлінбеген табыс

  4. Қосымша төленген капитал

Қосымша капиталдың (ΙΙ деңгейдегі капитал) құрамына:

1) Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резерві

  1. Негізгі құралдарды қайта бағалау қоры.

кесте 2

«Каспийский Банкі» АҚ-ның 2003-2005ж.ж. меншікті капиталының өсіңкілігі

(жыл соңына)





Элементтер

2003ж

2004ж

2005ж

өсу қарқыны,%

Млн.

тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн.

тнг

Қорыт

-ға

%-бен

Млн.тнг

Қорыт

-ға

%-бен

2004

⁄2003

2005

⁄2003

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.


2.

3.


4.

5.


6.


7.

Жарғылық капитал

Қосымша төленген капитал

Сатып алынған меншікті акциялар

Міндетті резерв

Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резерві

Негізігі құралдарды қайта бағалау қоры


Бөлінбеген табыс



3700,5


521,5


-0,5

-


-


443,6


1058,0


64,7


9,1


0,0

-


-


7,7


18,5


5797,3


521,5


-25,0

469,9


-


443,6


2390,6


60,4


5,4


-0,2

4,9


-


4,6


24,9


7685,5


525,3


-54,2

469,9


49,5


429,4


6898,6


48,0


3,3


-0,3

2,9


0,3


2,7


43,1


157


100

51 есе көп

-


-


100


226


208


111 есе көп

100


-


97


66,5 есе көп




Барлығы


5723,1

100,0

9597,9

100,0

16004,1

100

168

280




оның ішінде

І деңгейдегі капитал

ІІ деңгейдегі капитал



5280,0


443,6



92,2


7,8



9154,3


443,6



95,4


4,6



15525,1


479,0



97,0


3,0



173


100



294


108


Меншікті капиталдың көлемі 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 10,3 млрд теңгеге немесе 2,8 есе артқан.Өсу қарқыны жылдар бойынша біркелкі таратылған,яғни банк капиталы біркелкі және тұрақты өсуде.Жоғарыда айтып өткендей,негізгісі І деңгейдегі капитал болып табылады.Оның үлесі ең үлкен және жыл сайын артып келе жатыр.ІІ деңгейдегі капиталдың сенімділігі төменірек.Меншікті капиталдың жалпы сомасының өсуі,негізінен бөлінбеген табыстың өсуі есебінен болып отыр.Егер 2003 жылы бөлінбеген табыстың үлес салмағы 18%-ды құраса,2005 жылдың соңына оның үлесі 25%-ға,ал нақты шамасы 6,5 есеге ұлғайды.Жарғылық капитал мөлшерінің нақты мәні өскенімен,оның үлесі 64,7%-дан 48%-ға азайды.

Банктің меншікті капиталы - бұл тек банк қызметін ұйымдастырудың басталатын жері.Қазіргі кезде банктік операциялар қатыстырылған және займдық несие ресурстарына негізделеді.

Қатыстырылған құралдар клиенттердің депозиттерінен,тартылған арнайы қорлардан,есептесу операциялары бойынша уақытша бос қаражаттардан, клиенттердің кредиторлық қарыздарынан тұрады.Негізгі үлесін депозиттер құрайды .Займдық (депозиттік емес) құралдарға банкаралық несиелер,банкаралық уақытша қаржылық көмек және ақшаға айналдырылған берешек бағалы қағаздар жатады.

Қатыстырылған және займдық құралдардың жиынтығы банктің баланстық міндеттемелерінің көлемін анықтайды. Банк міндеттемелері – бұл банктің меншігіне жатпайтын,бірақ банктік қорлардың айналымына оның активті операцияларының көзі ретінде уақытша қатысушы құралдар. Қатыстырылған және займдық ресурстарға талдау жасауды банк ресурстарын тартудың негізгі көздерін сипаттайтын топтар бойынша жүргізу қажет.

кесте 3

«Каспийский Банк» АҚ-ның 2003-2005ж.ж. міндеттемелерінің өсіңкілігі мен құрылымы







Көрсеткіштер

2003ж

2004ж

2005ж

2003 жылдан

2005ж. өсіңкілігі




Млн

тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млнтнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн

тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн

тнг

%-бен




А

1

2

3

4

5

6

7

8

9




1.


2.


3.


4.

5.

Мезгілді депозиттер және өтеуге дейін ұсталатын депозиттер

Берешек бағалы қағаздарды сату арқылы заңды және жеке тұлғалардан түскен қаржылар

Басқа банктердің несиелері

Несие иелері

Басқа да міндеттемелер



30022,5


9300,1


8972,7

93,7


623,5



61,2


19,0


18,3

0,2


1,3



31695,1


17202,0


20262,6

-


876,2



45,2


24,6


28,9

-


1,3



42277,6


45790,8


46082,0

29,9


1340,4



31,2


33,8


34,0

0,02


0,98



12255,1


36490,7


37109,3

-63,9


716,9



140,8


492,3


513,6

31,9


215,0




Міндеттемелердің барлығы

49012,6

100,0

70035,9

100,0

135520,8

100,0

86508,2

276,5


Жоғарыда көрсетілгендей,барлық міндеттемелердің негізгі үлесін клиенттердің депозиттері алуы тиіс,бұл жағдай 2003 жылы байқалып отыр.Содан кейінгі жылдарда нақты мәні ұлғайғанымен,депозиттердің үлес салмағының төмендегенін көреміз,бұл депозитарий медежментінің нашарлауы және клиенттердің «Каспийский Банкі» депозиттеріне салым салуға қызығушылықтарының жойылуын дәлелдейді.

Ақша қаражаттары ағымының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету үшін ,банк 36,5 млрд.теңгеге немесе 5 есеге жуық қарыздық субординациялы және субординацияланбаған бағалы қағаздарды шығаруды арттырады.Сондай –ақ, басқа коммерциялық банктерден алынатын қарыз қаражаттары мен ҚР Үкіметінің қаржылары да 5 еседен көбірек артуда,немесе 37,1 млрд.теңгеге 2005жылдың соңына қатыстырылған қаржылардың екі түрінің де үлес салмағы 67,8% құрады,салыстырмалы түрде 2003 жылдағы олардың жиынтық үлесі 37%.

Баланстың пассивті шоттарына кешенді талдау жасау көлденең және тікелей түрде жүзеге асырылады.Тікелей талдауда банк пассивтерінің жалпы көлеміндегі әрбір баптың үлес салмағына көңіл бөлу керек.Көлденең талдауда өсіңкіліктегі өзгерістер (уақыт бойынша) қарастырылады.Мұндай талдауда әдетте,ең ірі баптар немесе ең көп өсіңкілікке ұшыраған баптар іріктеледі.

кесте 4


«Каспийский «Банкі» АҚ-ның пассивтерінің 3 жылға өсіңкілігі мен құрылымы.







Пассив баптары


2003ж


2004ж


2005ж


2005/20

ж.ж

Млн.тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн.

тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн.

тнг

Қорыт-ға

%-бен

%бен

1.


1.1


1.2


1.3


2.


2.1


2.2

Міндеттемелер – барлығы, оның ішінде

Клиенттердің қаражаттары

Несиелік мекемелердің қарыздары мен қаражаттары

Шығарылған берешек бағалы қағаздар

Меншікті капитал – барлығы,

оның ішінде

Жарғылық капитал

Бөлінбеген табыс


49012,6


30022,5


8972,7


9300,1


5723,2


3700,5


1058,0


89,5


54,8


16,4


17,0


10,5


6,8


1,9


70035,9


31695,1


20189,3


17202,0


9597,9


5797,3


2390,6


87,9


39,8


25,3


21,6


12,1


7,3


3,0

135520,8


42277,6


45987,4


45790,8


16004,1


7685,5


6898,6


89,4


27,9


30,3


30,2


10,6


5,0


4,6


276,5


140,8


512,5


492,4


279,6


207,7


652,0

Міндеттемелердің және меншікті капиталдың барлығы

54735,8

100,0

79633,8

100,0

151524,9

100,0

276,8

оның ішінде тиімді несиелік ресурстар

52166,8

95,3

76062,1

95,5

148094,7

97,7

283,9


Жалпы алғанда, міндеттемелердің және меншікті капиталдың көлемі 2,77 есеге өскен.Міндеттемелердің өсу қарқыны мен меншікті қаражаттардың өсу қарқыны біркелкі. Дегенмен, құрылымда ең үлкен үлесті міндеттемелер құрайды; орта есеппен 3 жылға 89%-ға жуығын , бұл жайт қаржылық қызметтер нарығындағы тұрақсыз жағдайдан және банк қызметінің осалдығынан хабар береді.

Зерттелініп отырған кезеңнің басындағы міндеттемелердегі депозиттердің үлесі 55 % құрады,2005 жылдың соңында оның деңгейі төмендеп 27,9 %- ды құрады.

Банк капиталы унификациясының халықаралық әдістемесіне сәйкес,құрылымға қойылатын талап бойынша ,негізгі капиталдың үлесі банк капиталының жалпы көлемінің 50 % -нан кем болмауы тиіс.

Жарғылық капитал базистік капиталдың құрамына кіретіндігін ескерсек,жарғылық капитал көлемі капитал сенімділігі деңгейіне жетуі үшін жеткіліксіз,яғни 3 жылда орта есеппен банк капиталы көлемінің 6,4% құрайды. Банктің базистік капиталының орташа үлесі 11% -дан сәл жоғары. Тиімді несиелік ресурстардың мөлшері мен үлесінің ұлғаюы сенім ұялатады,ал бұл банк табыстары мен капиталдың өсуіне әкеледі. Банк балансының активі мен пассиві тығыз байланысты.Банктер әрдайым пассивтердің жағдайын бақылап отыруы тиіс. Егер ресурстар ағымы баяуласа,банк активті операциялар аумағындағы өз саясатын қайта қарауы, берілген несиелердің бөлігін жабуы, бағалы қағаздарды сатуы тиіс және т.с.с.

Егер пассивті талдау ,банк ресурстарын талдау болса,онда активті талдау дегеніміз осы ресурстардың қолданылу бағыттарын талдау.

Банктің активті операциялары төрт топқа бөлінеді: кассалық,бағалы қағаздарға инвестициялау,несиелік және басқа да активтер.

Баланстың өтімділігін тиісті деңгейде ұстау үшін банктің кассасында клиенттер қаражаттарының белгілі бір үлесін өтеу үшін , банктегі қолма- қол ақша табыс әкелмегенімен , әрдайым қаражат болуы тиіс. Коммерциялық банктер,сондай – ақ , «меншікті резервтер» баптарын шектеп, өз ресурстарының қалған бөлігінен барынша көп табыс алуға ұмтылады.

Бағалы қағаздарға инвестициялар – бұл үкіметтің кепілдігімен шығарылатын ел қазынашылығының вексельдері. Олар қызмет мерзімі бойында бір иеленушіден басқасына өте алады. Ол ардан басқа үкіметтік бағалы қағаздар болады.

Несиелік операцилар – банк табыстарын толықтырудың негізгі көзі несиенің негізгі капиталының түзілуі және толықтырылуы, сондай – ақ тұрғын үй құрылысы және тұтыну тауарларын төлеу үшін қолданылады.Несиенің аталған түрлері үлкен дәрежедегі тәуекелділікпен байланысты болғандықтан,сондықтан олардан үлкен пайыз алынады.Басқа да активтерді банктік ғимараттар мен құрал- жабдықтың құны құрайды.Активтердің көлемі мен құрылымы туралы деректер 5 кестеде келтірілген.

кесте 5

«Каспийский «Банкі» АҚ-ның активтерінің 2003-2005ж.ж. өсіңкілігі мен құрылымы.







Актив баптары

2003ж

2004ж

2005ж

2005/

2003

%-бен

Млн.

тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн

.тнг

Қорыт-ға

%-бен

Млн.

тнг

Қорыт-ға

%-бен

А

1

2

3

4

5

6

7

8



Кестенің жалғасы

А

1

2

3

4

5

6

7

8

1.


2.


3.


4.

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері,міндетті резервтер.Несиелік

мекемелердегі қаражаттар (кассалық

операцилар)

Саудалық бағалы

қағаздар,өтеуге дейін ұсталатын инвестицилық бағалы қағаздар

Клиенттерге қарыздар(несиелік операциялар)

Негізгі құралдар және материалдық емес активтер,берілген аванстар,басқа да активтер



8679,7


8383,2


35459,4


2213,5



15,9


15,3


64,8


4,0



13273,3


13746,0


49431,8


3182,7



16,7


17,3


62,1


3,9



13740,0


24378,1


107907,3


5499,5



9,1


16,1


71,2


3,6



158,3


290,8


304,3


248,4

Активтердің барлығы

54735,8

100,0

79633,8

100,0

151524,9

100,0

278,8


Активтер сомасының жалпы артуы негізінен ең тәуекелді операциялар – берілген несиелер және бағалы қағаздар есебінен болады, олардың өсу қарқыны ең үлкен және сәйкесінше 3 және 2,9 есені құрайды. Жалпы талданып отырған кезеңде құрылым тұрақты.Несиелік ресурстар орта есеппен 3 жылға 66% құрайды,ал саудалық бағалы қағаздармен бірге олар орта есеппен 82%- дан сәл артығырақ.

Негізгі құралдарға салынған қаражаттардың үлес салмағы көп емес, дегенмен олардың өсіңкілігі жоғары, арту 2,5 есеге жуық , бұл ғимаратты қайта жабдықтаумен және құрал – жабдық сатып алумен байланысты.

Банк балансын талдау және анықталған жетіспеушіліктер негізінде банкке баланс құрылымын жақсарту бойынша келесідей шаралар ретін жүргізу қажет:

  • Бір клиентке қызмет көрсетуге кеткен шығындардың орташа сомасымен сипатталатын банктік активті операциялардың өзіндік құнын төмендету қажет,оны төмендетуге әсер ететін:

- ресурстық база құрылымын үйлесімділеу;

- пайыздық емес шығындарды азайту;

Ресурстық база құрылымын үйлесімділеу деп, клиенттердің топтары бойынша депозиттердің төмен диверсификациясын түсінуге болады және ұзақ мерзімге клиенттердің депозиттерін тарту механизмдерін қолдану қажет.

  • Активті операцияларды үйлесімділеу қажет,яғни табыс әкелмейтін активтердің бар болуына жол бермеу, орта және ұзақ мерзімді несиелерді шектеу, несие беруді клиенттің қаржылық жағдайына негіздеу және оның тұрақсыздығы жағдайында берілетін несие сомасын шектеу.

Жоғарыда аталған шаралар меншікті капитал үлесін ұлғайтуға, яғни қаржылық қызмет көрсету нарығында банк позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақша айналымы статистикасы.

Ақша базасы (Б) – ҚР-дың Ұлттық банкымен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма-қол ақшалар (Ұлттық банктық емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді.

Ақшалай базаның құрамына Ұлттық Банктан тыс қолма-қол ақша, екінші деңгейдегі банктардың депозиттері және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкының басқа ұйымдарының депозиттері жатады.

Ақша массасы – шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет экономикасында барлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады.

Ақша массасын қандай көрсеткіштер сипаттайды?

Қазақстанда ақша массасы: М0, М1, М2, М3 агрегаттарына бөлінеді (1998ж. қазаннан бастап). Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей:

М0 – айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралв ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктан тыс монета, банкнота сомасы;

М1 – агрегат М0 + халықтың және банктық емес заңды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері;

М2 – агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктық емес заңды тұлғалардың аударылатын депозиттері;

М3 – агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктық емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері.

Ақша мультипликаторы қалай анықталады?

Ақша мультипликаторы (m):

m= M/Б

Мұндағы: М – айналымдағы ақша массасы;

Б – ақша базасы.

Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктардың несиелік салымдарының көлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы М3 ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде банктық резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды.

Егер ақша айналым каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылмаса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады.

Ақша массасының өсімін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?

Ақша массасы (агрегат М3 үшін) өсімінің факторлық талдауы:


∆М3=М31-М30=m1Б1- m00


Мұндағы: М10 – есептегі және базистік кезеңдегі М3 агрегаты үшін ақша массасы;

m1,m0 – есептегі және базистік кезеңдегі ақша мультипликаторы;

Б1Б0 – есептегі және базистік кезеңдегі ақша базасы.

Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен а) ақша мультипликаторының өзгеруі:

∆М3m=(m1-m01

ә) ақша массасының өзгеруі

∆М3Б=(Б10)m0

Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы:

∆М3=∆М3m+∆М3Б

Ұлттық валютаны сатып алу қабілеттілігін қалай санауға болады?

I теңгені сатып алу қабілеттілігі= I тұтыну бағасы

Теңгенің сатып алу қабілеттілігінің номиналды индексін, АҚШ долларына қарағанда, теңге курсының өзгерістерін және жалпы ақша массасында шетел валютасындағы ақша айналымының бөліктерін есепке ала отырып, есептеуге болады:


I теңгені

номиналды I теңгені х d теңге + I АҚШ х d АҚШ доллары,

сатып алу = сатып алу доллары сатып алу

қабілеттілігі бағасы


Мұндағы d теңге, d доллар – бұл теңге мен АҚШ долларының Қазақстан нарығындағы ақша айналымындағы үлесі


I АҚШ долларын 1

сатып алуға бағасы =

I АҚШ долларына теңгенің

қатынасының курсы


Ақша массасының айналым жылдамдығы қалай анықталады?

Айналымдағы ақша саны (V) немесе ақша бірлігі айналымының жылдам-

дығы:

V= ЖІО

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ – 30 сағат Кеңес-3 сағат. Емтихан – 1-ші семестрде Барлығы: 90 сағат. Орал – 2010
Пәннің оқу әдістемелік кешені /ПӘОК/ «Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәні бойынша Қр мемлекеттік Стандарты Алматы, 2005 жыл
Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 90 сағат Орал- 2009 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ-30 сағат Барлығы – 90 сағат Орал 2009 ж
Курс бағдарламасы. Экологиялық құқық. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2006ж типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторы: Д....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница