Барлығы – 90 сағат Орал




НазваниеБарлығы – 90 сағат Орал
страница2/9
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.16 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/ҚАРЖЫЛЫҚ_және_БАНКТІК_СТАТИСТИКА.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пән бойынша мағлұмат


Басқарудың экономикалық әдістерінің мәнінің артуы, нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншік формаларының көп түрлілігі, көпсалалы экономиканың дамуы, нарық инфрақұрылымын дамытудың, нарық коньюктурасын танып-білудің маңызының артуы республикадағы есеп пен статистика жүйесінің қайта құрылуын, оны халықаралық стандарттарға сәйкес түрге келтіруді талап етеді.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі деңгейі кәсіпорындар, салалар, республика аймақтарының басқа мемлекеттермен, әсіресе тарихи қалыптасқан тығыз өндірістік қатынастары бар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен өзара байланыстарды күшейтумен анықталады. Бұл халық шаруашылығындағы экономикалық өзара байланыстар мен пропорцияларды жан-жақты зерттеудің қажеттілігін, қалыптасқан заңдылықтарды және оларды сандық бейнелеуді танып-білу үшін әлеуметтік-экономикалық статистиканың әртүрлі әдістерін кеңінен қолдануды қажет етеді. Сан алуан экономикалық-статистикалық әдістердің ішінен баланстық әдіс ерекше орын алады. Ол қоғамдық ұдайы өндірістің бүкіл процесін сипаттайды.

Халық шаруашылығы балансындағы макроэкономикалық көрсеткіштер, материалдық өндірістің басымдығы, сыртқы экономикалық байланыс пен төлем балансы, жалпы экономика мен жекелеген секторлардың қаржылық жағдайының халықаралық нұсқаулар мен стандарттарға сәйкес болмауы халық шаруашылығын экономикалық әдістермен басқаруға мүмкіндік бермеді. Мемлекеттік бюджет, қаржылық ресурстар, несие сияқты экономикалық категориялар халық шаруашылығы балансында қажетінше кеңінен көрсетілмеді және макростатистикалық модельдеудің қазіргі заманғы талаптарына жауап бермеуіне байланысты нарықтық экономикаға көшу жағдайында баланстық құрылымдарды, бастапқы статистикалық ақпарат, бухгалтерлік, қаржылық және банктік есепті теориялық және әдістемелік жағынан қайта қарау қажеттігі туындады.

Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі, есептік статистикалық практикаға халықаралық стандарттардың енгізілуі жалпы экономикалық білім берудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде жоғары оқу орындарында «Қаржылық және банктік статистика» пәнін оқып-үйренудің қажеттілігін арттырады.


Курс мақсаты:


Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесіндегі процестердің, құбылыстардың көлемін, құрамын студенттерді, ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша ұлттық есептер жүйесінің түсініктері мен макроэкономикалық статистикалық әдістемені қолдану арқылы, қоғамдағы өзгерістердің сандық жағын сапалық тұрғыда байланыстыра отырып зерттеуді үйрету.

Курс міндеті:


1) Қаржылық және банктік статистиканың жалпы негіздерін, категориялары мен түсініктерін меңгеру.

2) Қаржы-несие сферасын статистикалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен сандық сипаттау, динамикадағы түрлі экономикалық айнымалылар арасындағы арақатынастарға талдау жүргізу.

3) қаржы нарықтарының, төлем балансының, салықтық-бюджеттік статистикаларының көрсеткіштер жүйесін жетілдіру. Қоғамдағы өзгерістерді баланстық кестелер мен қаржылық шот түрінде бейнелеуге машықтандыру.

Пререквизиттер:


Бұл пәнді оқығанға дейін студент математика, тарих, экономикалық теория, кәсіпкерлік негіздерін, макроэкономиканы, бухгалтерлік есеп, қаржы негіздерін терең білуі қажет.


Постреквизиттер:

«Қаржылық және банктік статистика» курсын оқи отырып, студент білімнің түрлі облыстарындағы эрудициясы мен ой-өрісі кең болуы үшін, әрі ақша-несие және банк қызметі осы пәннің негізгі зерзаты болғандықтан экономист, қаржыгер, менеджер, бухгалтер т. б. мамандықта өз ісінің шебері, жоғары квалификациялы маман болу үшін басқарушылық және қаржылық талдау, ілгеріленген бухгалтерлік есеп, менеджмент, ақша, несие, банктер, банк ісі, мемлекеттік бюджет, корпоративті қаржы және т. б. пәндерді жете меңгеруі қажет.

Оқыту әдістемесі:


Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі. Алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т. б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.


2. 4. Сабақ мазмұны мен кестесі


1 апта

1 кредит сағат

№1 дәріс

Тақырып: Қаржылық және банктік статистиканың теориялық негізі.

Дәрістің мазмұны: 1.1. Қаржылық және банктік статистика пәні, зерттеу әдістері.

1.2.Статистиканың ұйымдастырылуы. Қазақстан Республикасының статистика органдарының қаржылық мекемелермен өзара байланысы.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу

2 кредит сағат

№1 практикалық сабақ

Тақырып: Қаржылық және банктік статистиканың теориялық негізі.

Практикалық сабақтың мазмұны: 1. Экономикалық процестер мен олардың нәтижелерін сипаттауда қаржылық және банктік статистиканың мәні, ролі қандай?

2. Қаржылық және банктік статистиканың ақпараттық мүмкіндіктері қандай?

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Теориялық материалдарды оқу.

2 апта

3 кредит сағат

№2 дәріс

Тақырып: Қаржылық және банктік статистиканың теориялық негізі.

Дәрістің мазмұны: 1.3. Қаржылық және банктік статистиканың міндеттері.

1.2. Қаржылық және банктік статистикадағы негізгі түсініктер мен классификациялар.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


4 кредит сағат

№2 практикалық сабақ

Тақырып: Қаржылық және банктік статистиканың теориялық негізі.

Практикалық сабақтың мазмұны: 1. Қаржылық және банктік статистиканың міндеттерін атаңыз.

2. Қаржылық және банктік статистикада қолданылатын әдістерге жалпы сипаттама беріңіз.

Есептер шығару.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу, практикалық сабақ үшін сұрақтарды оқу.

3 апта

5 кредит сағат

№3 дәріс

Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы

Дәрістің мазмұны: 2.1. Мемлекеттік бюджет ұғымы, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің статистикалық көрсеткіштер жүйесі.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Теориялық материалдарды оқу.


6 кредит сағат

№3 практикалық сабақ

Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


4 апта

7 кредит сағат

№4 дәріс

Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы

Дәрістің мазмұны: 2.3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің кірісін талдаудың статистикалық әдістері.

2.4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетін өңдеу мен талдау үшін ақпарат көздері.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу, практикалық сабаққа дайындалу үшін теориялық материалдарды оқу.


8 кредит сағат

№4 практикалық сабақ

Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару, кестелер құру.

Әдебиет:

(3) 5-21 беттер

(15) 134-147 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


5 апта

9 кредит сағат

№5 дәріс

Тақырып: Банк статистикасы

Дәрістің мазмұны: Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 138-143 беттер

(15) 58-73 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


10 кредит сағат

№5 практикалық сабақ

Тақырып: Банк статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару.

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


6 апта

11 кредит сағат

№6 дәріс

Тақырып: Банк статистикасы

Дәрістің мазмұны: Банктердің баланстық статистикасы

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 138-143 беттер

(15) 58-73 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


12 кредит сағат

№6 практикалық сабақ

Тақырып: Банк статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


7 апта

13 кредит сағат

№7 дәріс

Тақырып: Банк статистикасы

Дәрістің мазмұны: Банк қызметінің сенімділігі мен тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 138-143 беттер

(15) 84-97 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


14 кредит сағат

№7 практикалық сабақ

Тақырып: Банк статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

8 апта

15 кредит сағат

№8 дәріс

Тақырып: Несие статистикасы.

Дәрістің мазмұны: Несие статистикасы туралы түсінік, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 138-143 беттер

(15) 105-114 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


16 кредит сағат

№8 практикалық сабақ

Тақырып: Несие статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

9 апта

17 кредит сағат

№9 дәріс

Тақырып: Ақша статистикасы

Дәрістің мазмұны: Ақша айналымының көрсеткіштер жүйесі

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 138-143 беттер

(15) 114-127 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


18 кредит сағат

№9 практикалық сабақ

Тақырып: Ақша статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: есептер шығару

Әдебиет:

(18)12-16, 62-64, 104-108 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

10 апта

25 кредит сағат

№10 дәріс

Тақырып: Сақтандыру қызметінің статистикасы

Дәрістің мазмұны: Сақтандырудағы негізгі түсініктер, оны статистикалық зерттеудің міндеттері. Мүліктік сақтандыру статистикасы.

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 135-200 беттер

(15) 127-156 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу, практикалық сабақ үшін сұрақтарды оқу.


20 кредит сағат

№10 практикалық сабақ

Тақырып: Сақтандыру қызметінің статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

11 апта

21 кредит сағат

№11 дәріс

Тақырып: Сақтандыру қызметінің статистикасы

Дәрістің мазмұны: Жеке бас мүддені сақтандыру статистикасы. Әлеуметтік сақтандыру статистикасы.

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 135-200 беттер

(15) 127-156 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу, практикалық сабаққа дайындалу үшін теориялық материалдарды оқу.


22 кредит сағат

№11 практикалық сабақ

Тақырып: Сақтандыру қызметінің статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару.

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

12 апта

23 кредит сағат

№12 дәріс

Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы статистикасы

Дәрістің мазмұны: Бағалы қағаздар нарығы түсінігі, оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 135-200 беттер

(15) 127-156 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


24 кредит сағат

№12 практикалық сабақ

Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: есептер шығару.

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

13 апта

25 кредит сағат

№13 дәріс

Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы статистикасы

Дәрістің мазмұны: Бағалы қағаздар нарығының көрсеткіштер жүйесі


Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 135-200 беттер

(15) 127-156 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


26 кредит сағат

№13 практикалық сабақ

Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы статистикасы

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу

14 апта

27 кредит сағат

№14 дәріс

Тақырып:

Дәрістің мазмұны: Макродеңгейдегі қазіргі қаржылық баланстар.

Әдебиет: Қаржылық шот. Төлем балансы.

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 135-200 беттер

(15) 127-156 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


28 кредит сағат

№14 практикалық сабақ

Тақырып: Макродеңгейдегі қазіргі қаржылық баланстар.

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


15 апта

29 кредит сағат

№15 дәріс

Тақырып: Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстар статистикасы.

Дәрістің мазмұны: 1. Қаржылық ресурстар туралы түсінік, секторлардағы олардың құрамы. Қаржылық ресурстарды оны статистикалық зерттеудің міндеттері. 2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарын қолданудың статистикалық көрсеткіштері.

Әдебиет:

(2) 149-190 беттер

(3) 27-108 беттер

(5) 135-200 беттер

(15) 127-156 беттер

(16) 259-311 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Есептер шығару. Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үйге берілген тапсырманы қайталау, алдағы дәрістің сұрақтарымен танысу.


30 кредит сағат

№15 практикалық сабақ

Тақырып: Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстар статистикасы.

Практикалық сабақтың мазмұны: есептер шығару

Әдебиет:

(19) 3-18 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу


2.5. Әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер:

1. Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

2. Социально-экономическая статистика, Уч. Пособие, А., Экономика,1999

3. Социально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

4. А.И.Гинзбург, Статистика, С-Петербург,Питер,2005

5. Курс социально-экономической статистики/под ред. М.Г.Назарова, М.,Финансы и статистика,2000

6. Социальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

7. Л.А.Голуб, Социально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

8. А.В.Сиденко,В.М.Матвеева, Практикум по социально-экономической статистике, М., 1998

9. В.Н.Самин, М.Шпаковская, Социально-экономическая статистика, М., 2000

10. Социальная статистика. И.И.Елисеева, Н.К.Бельгибаева, А., 1999

11. Экономическая статистика, Иванова Ю.Н., М., 1998

12. Международная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, Минск, 1995

13. В.Д.Мельников, К.К.Ильясов, Финансы, А., 1997

14. Национальные счета в переходный период, Методология СНС ООН, 1994

15. Система национальных счетов, А.М.Елемесова, Е.М.Кииков. А., 1995

16. Методологические положения по статистике, А., 2005

17. Национальные счета РК, (статистический сборник) 1999-2003

18. Пономаренко А.Н., Башкатов Б.И., СНС:принципы построения.-М.,1992

19. Курс национального счетоводства Авров.А.П,Маринов И.И,Оглов В.Е

А,1996.

20. М.М.Новиков,И.Е.Тесмак, Макроэкономическая статистика, Минск, 1997

22. Г.М.Молдакулова, Международная экономическая статистика, Уч. пособие, А., 2004

23. Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі 2000-2003 ж.ж., Статистикалық жинақ, А., 2004

24. БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, БҚО статистика басқармасы, Орал, 2004

25. Социально-экономическая статистика, под ред. Б. И. Башкатова М., 2002

26. Г.М.Молдакулова, Финансовая и банковская статистика, Уч. пособие, А., 2000

Қосымша әдебиеттер:

27. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе» туралы заңы, Алматы, 1996

28. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика» туралы заңы, Егеменді Қазақстан, мамыр, 1997


3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырма-ның мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты

№4 семинар

№10 семинар

Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

4

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест






4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра «Есеп және қаржы»

тьютор Алтыбаева Ш. М.

(аты-жөні)

Пән «Қаржылық және банктік статистика»

(пән атауы)

Кредит саны 2





Әдебиет атауы


Барлығы

Ескерту


Кітапханада


Кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Элек-тронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

2




20,0







2

Методологические положения по статистике, А., 2005


1




10,0







3

Система национальных счетов, А.М.Елемесова, Е.М.Кииков. А., 1995

2




20,0







4

Национальные счета РК, (статистический сборник) 1999-2003


1




10,0







5

Курс национального счетоводства Авров.А.П,Маринов И.И,Оглов В.Е

А,1996.


15




100,0







6

Әлеуметтік-экономикалық статистика пәні бойынша есептер жинағы, Әміреев Ы.Ә.,Оспанова Б.,Киіков Е.М.,А.,2005

5




50,0

























7

Социальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

5




50,0







8

Л.А.Голуб, Социально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

5




50,0







9

Социально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

5




50,0








10

В.Н.Самин, М.Шпаковская, Социально-экономическая статистика, М., Финансы и статистика, 2003.

1




10,0







11

Г.М.Молдакулова, Финансовая и банковская статистика, Уч. пособие, А., 2000


2




20,0








5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Қаржылық және банктік статистиканың негізгі міндеттері

Қаржылық және банктік статистиканың негізгі міндеттері келесідей

1.Ұлттық қаржылық жағдайы туралы мәлімет жинау оны баспасөз бетінде жариялау, үкімет орындарына министрліктерге және сәйкесінше ведомствалардың және халықаралық ұйымдарға, ғылыми мекемелерге уақытылы ұсынып отыру.

2.Қазақстанның қаржы-несие сферасының статистикалық көрсеткіштер жүйесінің көмегімен сандық сипатттау.

3.Ақша массасының бар болуы, пайда рентабельдік, Ұлттық валютаның сатып алу қабілеті, қор операциялары, мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы, айналым капиталының айналымдылығы, кіші және орта бизнестің дамуын несиелеу және т.б. сияқты қаржы дамуының өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау және статистикалық мәліметтерді талдау.

4.Көрсеткіштер жүйесін жетілдіру:

а) Қаржы нарықтарының стаистикасы: несие нарығы, банкаралық акция нарығы, бағалы металлдар нарығы, мемлекеттің бағалы қағаздар нарығы;

б) Төлем балансының статистикасы;

в) Салықтық-бюджеттік статистика;

г) Қаржылық шот.

5.Халықаралық практикада қабылданған ақша, банктік стаистиаканың көрсеткіштерін қалыптастыру үшін екінші деңгейдегі банктердің жаңа статистикалық есеп беру формаларын жасау және енгізу.Қаржы бойынша сатистиканың ғылыми қойылымы әлеумттік-экономикалық құбылыстар мен процесстердің өзара байланысын бейнелейтін статистикалық көрсеткіштер жүйесін қолданылуын талап етеді.Статистикалық көрсеткіштер жүйесі өзгеріссіз болып табылады, ол әрдайым ҚР-ғы нарықтық қатынастардың дамуына сәйкес жетілдіреді.

«Қаржылық активтер» термині ұлттық есеп жүргізу жүйесінде қаржы активтері үшін де, сондай-ақ қаржылық міндеттер үшін де қолданылады.

Қаржылық активтердің қаржылық емес автивтерден ерекшелігі сол, олардың көбі басқа институттар бірліктеріне қойылатын талаптарды білдіреді, яғни оларға басқа бірліктердің қаржы міндеттері қарсы тұрады.

Қаржылық міндеттер-бір инститтуттарының бірліктер екіншісіне ақша қаржылықтарын беретін келісім-шарттық қатынастардың түрі.Бұл қаржыларға ие институттарының бірліктер (кредиттер) басқа бірліктен дебитордан (борышкер) келісімінің шарттарына сәйкес төлем алады.

ҰШЖ сәйкес қаржылық активтерді классификациялау негізінде екі критерий жатыр:

1) құқықтық сипаттамалар, яғни кридитор мен қарызгердің өзара қатынасын сипаттау;

2) өтімділік-бұл айналымдылық, беру мүмкіндігі, конвертациялану немесе активтердің ақшаға айнала алу жеңілдігі ең өтімді болып талап бойынша және қаржылық штрафтық санкцияларсыз басқа қаржылық активтерге, тауарларға, қызметтерге алмастыруға болатын қаржылық активтер табылады.Оларға алтын, нақты ақша және депозиттік карточкалар өтімділігі төмен қарқынды құралдарға, бағалы қағаздарға, яғни векселдермен облегациялар жатады.Бағалы қағаздар мен ссудалар үшін классификациялау критериші болып төлем мерзімі табылады.Өтімділігі өте төмен активтерге сақтау технологиялық резервтер мен басқа да шарттар жатады.

Активтердің категорияларының сипаттамасы

1.Монетарлық алтын ақша-несие мекемелерінде қаржы актив немесе халықаралық резерв ретінде сақталатын алтынды білдіреді.Өндірістік пайдалануға арналған (ол ҰШЖ-де құндылықтарға жатады) алтын кірмейді.Монетарлық алтын сатып алуға қабілетті резервті құру үшін алынады және кепілдеме сертификаттық пробасымен кәуландыруы тиіс, құрамындағы алтын 95/1000 -нан кем болмайтын монета құйма түрінде болады.Монетарлық алтынмен жүргізетін операциялар қаржылық органдардың алтынды сатып алу мен сатуынан тұрады.Мыс: монетарлық алтынды сатып алу Ұлттық қаржылық органдардың қаржылық шоттарында активтің ұлғайтылғаны ретінде жазылса, сәйкесінше әлемнің басқа елдерінің қаржылық шотына активтердің кемуі түрінде жазылады.ҰШЖ-де монетарлық алтын тек орталық банк немесе орталық үкімет үшін қаржылық актив болуы мүмкін деп саналады.


ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің статистикасы.

1.Мемлекет бюджетінің түсінігі,оны статистикалық зерттеудің міндеттері.

ҚР-ның мемлекеттік бюджеті-бұл негізгі қаржылық жоспар-мемлекеттің қызметтерін орындау үшін қажет ақша-қаражаттардың орталықтанған қорының кірісі мен шығысының есебі.Оперативті мемлекет бюджеті әдетте бір жылға құрылып,оны қр-НЫҢ ҮКІМЕТІ БЕКІТЕДІ.Мемлекеттік бюджет қаржылық құрал ретінде белгілі бір кезеңге мемлекеттің,кәсіпорынның, мекемелердің ақшалай табысы мен шығынының жазылуын көрсетеді.Мемлекеттік бюджетке оның табысы ретінде келіп түсетін ақша қаражаттары ҚР-ның қаржы ресурстарының маңызды бөлігін құрайды.

Мемлекеттік бюджеттің қажеттілігі келесідей анықталады:

1)Өнім өндіру,экономикалық циклдың үзіліссіз айналымын қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған ресурстардың бар болуын талап етеді.

2)Мемлекет нарықтық емес сипаттағы қызметтерді көрсету,әлеуметтік-мәдени шараларды орындау,қауіпсіздікті күшейту,мемлекеттік басқару,құқық қорғайтын органдарын т.б. ұстау үшін орталықтанған қаражаттарға мұқтаж.

Бюджеттік қатынастар пенсия,жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдерді ұсыну,экономиканың басқа секторларының бірліктеріне салық салу жолымен табыстар мен байлықты қайта бөлуге негізделген.

Мемлекеттік бюджет республикалық және аймақтық бюджеттерден тұрады.Статистика мемлекеттік бюджеттің кірісіне ақшаны шоғырландыру және жалпымемлекеттік қажеттіліктерге пайдалану туралымәліметті жинақтау және өңдеумен айналысады.

Статистиканың міндеттері келесідей:

1.ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің кірісі мен шығысының,оны жаңа бюджеттік классификация бойынша оның дефицитінің (профицитінің) көлемін анықтау.

2. ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің кірісінің көздері мен шығысының бағыттарының құрылымы мен динамикасын зерттеу.

3. ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің сондай-ақ республикалық және аймақтық бюджеттің жүзеге асырылу барысын бақылау мен талдау.

4.Мемлекеттің ішкі қарызының көлемін зерттеу.

5. Мемлекеттік бюджеттің кірісінің тауарлар мен қызметтер өндіру нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштерімен өзара байланысын талдау.

6.БҰҰ ҰШЖ бойынша Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерін жинақтау мен өңдеуді әрі қарай жетілдіру.

Статистиканың бұл міндеттерінің ерекше өзекті болу себебі,өйткені қазіргі кезде Мемлекеттік бюджет статистикасы операцияларды кассалық әдіс бойынша есепке алады,яғни нақты ақшалай ағымдарды тіркеу негізінде.Ал ҰШЖ-де операцияларды есепке алудебиторлық және кредиторлық қарыздың пайда болу сәтінде жүргізіледі. Мемлекеттік қаржы статистикада және БҰҰ ҰШЖде операцияларды тіркеудің әр түрлі әдістері көрсеткіштердің сәйкессіздеріне, қорлар мен ағымдардың көрсеткіштерінің толықтай емес қамтылуына әкеліп соғады.Мыс,негізгі капиталды тұтыну сызылып тастаған ақшалалай емес қарыздар сияқты ақшалай емес ағымдарды бейнелейтін көрсеткіштер ескерілмейді.

2. .ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің көрсеткіштер жүйесі.

Мемлекеттік бюджетті зерттеу кезінде қолданылатын статистикалық көрсеткіштер жүйесінің негізгі бюджеттік классификация болып табылады.

Бюджеттік класификация-бұл мемлекеттің басқа органдарының бюджеттік қызметін сипаттайтын біртекті белгілер бойынша кірістер мен шығыстарды жүйеленген, заңдастырылған түрде топтастыру.

Халықаралық Волюта қоры Мемлекеттік бюджетті класификациялаудың келесідей мүмкіндік беретін жүйесін ұсынды:

-Мемлекеттік басқару мекемелеріндегі операциялар туралы мәліметті реттестіру.

-Мемлекеттік басқарудың қарыз қаражаттарын тартусыз, өткен кезеңдерде жинақталған ішкі ресурстар есебінен несиелер мен шығындарға қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін талдау.

Экономикалық операциялардың ұқсастығы Мемлекеттік бюджет класификациясының халықаралық жүйесіне келесідей бөлімдерді кіргізуге мүмкіндік береді:

А.Табыстарды және алынған ресми трансферттерді класификациялау.

Б.Шығыстарды және бюджетті таза несиелеуді класификациялау.

В.Бюджеттік дефицитті қаржыландыру операцияларын класификациялау.

Г.Мемлекеттік қарызды класификациялау.

Халықаралық Волюта қоры нұсқаулары негізінде ҚР-ның жаңа бюджеттік класификациясы жасалынды.

Бюджеттік класификация «Бюджеттік дефицитті қаржыландыру», «Мемлекеттік қарыз» бөлімдерінің көрсеткіштері негізінде кеңйтілген, жаңа класификациялар енгізілген-табыстар мен алынған ресми трансферттерді экономикалық класификациялау,шығыстар мен бюджеттік таза несиелеуді экономикалық класификациялау.

Мемлекеттік бюджеттің қызметі табыстар мен алынған ресми трансферттер және таза несиелеуді қосқанда шығыстар сияқты экономикалық категориялар көмегімен көрінеді.Табыстар мен шығыстар ресми трансферттер мемлекеттік қажетті қаржылық құралдардың толықтырылып отыруымен қамтамасыз етеді.Таза несиелеуді қосқандағы шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес қаржылық ресурстарды бөледі.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесін келесі бөлімдер арқылы көрсетуге болады.

ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің көрсеткіштері:

1)Бюджеттің табыстары мен алынған ресурстардың трансферттерінің көрсеткіштері.

2)Бюджеттің таза несиелеуді қосқандағы шығыстарының көрсеткіштері.

3)Бюджет сальдосының көрсеткіштері.

Көрсеткіштердің 3 бөлімінің әрқайсысы кластарға , топтарға түрлерге сәйкес бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің статистикалық көрсеткіштер жүйесі мемлекеттік басқару секторы мекемелері мен басқа секторлардың бірліктері арасында орындалатын экономикалық операциялардын мәнін бейнелейді. Негізінен операцияларда екі ағым қалыптасады. 1-ағым операция қалыптасуына бағытталған –түсімдер,

2-сі операция қатысушысынан төлемдер өзара байланыс негізінде түұсімдер мемлекет қаржысынын активін арттырса , алтөлемдер керісінше азайтады .

Экономикалық операциялар келесі белгілері борйынша ажыратылады: экономиканың табиғатты және мақсатты бағытталуы.

Экономикалық табиғатты немесе экономикалық пайда болу белгісі бойынша келесідей бөлінеді:

  • Бөлу және қайта бөлу

  • Кіріс бөлігіне табыстарды арттыратын ресурстардың келіп түсуі:

  • Кіріс бөлігіне табыстарды арттыратын «бірәқ мемлекеттік қажы активтер мен болатын операцияларды бейнелеп бюджеттік дефицитті қаржыландыратын» ресурстардың келіп түсуі.

Экономикалық табиғатына басты операциялар қайтарылатын және қайтарылмайтын болып топтастырылады

Қайтарылатын операциялар - бұл белгілі өтеу мерзімі бар келісім- шарт міндеттемесі үлгісіндегі түсімдермен төлемдер : оларға бөлу және қайта бөлу сипатындағы операциялар жатады . ек қана қайтарылатын операция негізінде қаржылық пайда болады , немесе міндеттер өтеледі. Қайтарылатын операциялар мемлекеттік басқару секторы мекемелерінің басқа секторлардың бірлестіктеріне қатысты пайда болатын міндеттемелерге байланысты операцияларға бөлінеді және басқа секторлардың бірліктерінің мемлекеттік басқару секторының мекемелеріне қатысты міндеттемелердің пайда болуына әкелетін операцияларға бөлінеді.

Қайтарылатын операциялар бұлар бойынша келісім-шарт міндеттемелері жоқ түсімдер мен төлемдер. Мұндай операцияларға бюджеттің кіріс бөліміне келіп түсетін оның кіріс бөлімін арттыратын немесе арттырмайтын ресурстар жатады. Қайтарылатын операциялар деп егер тауар мен қызметтің кері ағымы , мысалы жинақтар мен төлемдер болғандағы қайтарылмайтын түсімдермен төлемдерді айтады.

Қайтарылатын операциялар компенсация жағдайындағы төлемдерді білдіреді. Қайтарылмайтын операциялар тауар мен қызыметтің кері ағымы болмаған жағдайда , мысалы, салықтар қайтарылмайтын түсімдермен төлемдерді айтады. Қайтарылмайтын операциялар орнына қандайда бір эквивалентті алуды көздемейді және ерікті , сондай-ақ міндетті болуы мүмкін.

Мақсатты бағытталудың белгісі бойынша экономикалық операциялар ағымдағы және капиталдық болып бөлінеді. Ағымдағы түсімдер мен төлемдер мемлекеттік басқару мекемесінің ағымдағы қызметімен ,ал, капиталдық –күрделі шығындармен(қолданылу мерзімі бір жылдан астам) негізгі активтерді алу ,құру және сату.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ – 30 сағат Кеңес-3 сағат. Емтихан – 1-ші семестрде Барлығы: 90 сағат. Орал – 2010
Пәннің оқу әдістемелік кешені /ПӘОК/ «Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәні бойынша Қр мемлекеттік Стандарты Алматы, 2005 жыл
Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 135 сағат Орал

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – 90 сағат Орал- 2009 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconБарлығы – сағат Орал 2010 ж

Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Барлығы – 90 сағат Орал iconСӨЖ-30 сағат Барлығы – 90 сағат Орал 2009 ж
Курс бағдарламасы. Экологиялық құқық. Типтік оқу бағдарламасы. Астана 2006ж типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторы: Д....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница