2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi




Скачать 345.04 Kb.
Название2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
страница1/4
Дата конвертации16.02.2016
Размер345.04 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/npa/zan/kr-kolik-turaly.doc
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 22.05.2012 13:28:47


Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы

(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 542-IV Заңы қара (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі)

 

Заң күшi бар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актілері туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығын қараңыз

 

Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 157-XIII қаулысын қараңыз

 

1 бөлiм. Жалпы ережелер

(1 - 4 баптар)

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi

(5 - 8 баптар)

3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

(9 - 14 баптар)

4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк

(15 - 24 баптар)

5 бөлiм. Қорытынды ережелер

(25 - 26 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.

 

1 бөлiм. Жалпы ережелер

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілдi; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билік органының атынан).

Көлік кәсіпорны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.

Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.

Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.

Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау.

Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-бап өзгертілдi

2-бап. Көлiк туралы заңдар

Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін көлік құралдары мен олардың өмірлік циклінің процестерін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету тәртібі тиісті көлік түрлерінде қолданылатын, белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын нормативтік актілерде айқындалады

 

28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілдi (бұр.ред.қара)

3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, шлюздер, халықаралық мәртебесі бар теңіз порттары, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары мемлекет меншігі болып табылады, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке меншiкте болуы мүмкiн.

«Магистральдық теміржол желiсi - жекешелендіруге жатпайтын және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке берілетін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ортақ пайдаланылатын теміржол көлігі объектісі.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілгендерді қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлер, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекет меншiгінде де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 4-бап өзгертілдi

4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен

Республикадағы көлiк жерлерi болып:

- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;

- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.

Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртібі жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.

Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.

 

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi

 

2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілдi

5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу

Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттік органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.

 

28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi

6-бап. Көлiктi мемлекеттік басқару

Көлiктi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органның негiзгi мiндеттерi:

Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;

көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттік стандарттарды әзiрлеуге қатысу;

көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;

республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;

көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;

мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;

Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттік реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.

 

ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілдi (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау

Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актілерімен белгiленедi.

Екi және одан көп көлiк құралының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия беру кезiнде, темір жол көлігін қоспағанда, әрбiр жеке көлiкке лицензияның бар екенiн растайтын құжат ресiмделедi.

 

28.12.98 ж.
  1   2   3   4

Похожие:

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
...
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconI бөлiм Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Банк осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы
Ескерту. Тақырыбына және кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi ҚР Үкiметiнiң 2008. 07. 31. N 725 Қаулысымен
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Бөлiм. Банктердің және банк холдингтерінің құқықтық мәртебесiн өзгерту және қызметiн тоқтату ерекшелiктерiнiң шарттары
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандығының студенттеріне арналған «Экономиканы мемлекеттік реттеу»
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандығының студенттеріне арналған «Шетелдегі экономиканы мемлекеттік реттеу»
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi icon«6М051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бір жылдық оқу) мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін
Оқуға түсу емтиханының бағдарламасы «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің негіздері», «Менеджмент негіздері», «Экономика...
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi iconМемлекеттік Университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару» пәні бойынша 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері...
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi icon4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу
Электр жетегінің координаталарын реттеу. Электр жетегі механикасы мен динамикасы. Электр қозғалтқышының қуатын таңдау. Электрлік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница