«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама




Скачать 314.85 Kb.
Название«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама
страница2/2
Дата конвертации16.02.2016
Размер314.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kmg.kz/upload/company/kz/kodeks_kaz.doc
1   2

4.2. Басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас

66. Басшылық пен қызметкерлер арасында сындарлы кәсіби қарым-қатынас құру ҚМГ күнделікті тиімді жұмысы үшін және оның болашақ дамуы үшін қажет.

67. Басшыларға мынадай іскерлік этикет нормалары мен ережелерін ұстану ұсынылады:


- Қызметкерлерге этика және іскерлік этикет нормалары мен ережелерін жақсы меңгеру үлгісін көрсету;

- қызметкерлерді басқа қызметкерлердің көзінше сынамау, мұны оңаша жасау;

- қол астындағылар алдында қателіктерін мойындау және өз атына айтылған орынды сын үшін қудаламау;

68. Қызметкерлерге мынадай іскерлік этикет нормалары мен ережелерін ұстану ұсынылады:

- жұмыс орнында болмау себептері туралы тікелей басшыны кідіріссіз хабардар ету;

- басшының әдепсіз іс-әрекетіне әріптестерінің көзінше жауап қайтармау. Егер әділдігіне сенімді болса, жеке кездесу туралы өтініш жасау қажет;

- ҚМГ басшыларын тануы және аты-жөнін білуі тиіс.

69. ҚМГ тыс еңбек қызметі бар болса Қызметкерлер:

- тікелей басшыны және ҚМГ адам ресурстарын басқару департаментінің басшысын жоспарланып отырған басқа ұйымдардағы өзге ақылы еңбек қызметі туралы хабардар етуге;

- қосымша еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімдеуі;

  • олардың негізгі еңбек міндеттеріне әсерін тигізбейтін және ҚМГ имиджі мен мүдделеріне зиян келтірмейтін басқа ұйымдардағы өзге ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруға;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚМГ ішкі құжаттарында көзделген коммерциялық және өзге қызметтік ақпараттың сақталу ережелерін орындауға міндетті.


4.3. Корпоративтік мәдениет


4.3.1. Қызметкердің сыртқы келбеті және келіссөздер жүргізу

этикасы

70. Қызметкерлерге өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде киім, аяқ-киім және шаш сәнін таңдауда ҚМГ байсалды және кәсіби имиджін қолдайтын іскерлік стильді ұстану ұсынылады.

71. Қызметкерлер келіссөздер жүргізу, соның ішінде телефонмен, мәдениетінің ережелерін ұстануы қажет. Іскерлік келіссөздер байыпты, сыпайы жүргізілуі тиіс.

72. Қызметкерлердің телефонмен сөйлесе білу қабілеті жалпы ҚМГ туралы жақсы әсер қалдыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ телефонмен сөйлескен кезде бір бөлмеде әріптестердің бар екендігін есте сақтау қажет және олардың жұмысына құнттылықпен қараған әрі қатты сөйлесіп олардың назарын аудармаған жөн.

Кеңеске қатысқан кезде ұялы телефондарды сөндіру не оларды дыбыссыз режимге қою қажет.


4.3.2. Корпоративтік мерекелер

73. Ұжымда мерекелік іс-шаралар жүргізу корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлшегі болып табылады. Компанияның туған күні, Жаңа жыл, Наурыз, Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні, Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – дәстүрлі корпоративтік мерекелерге жатады. Мерекелік іс-шаралар ҚМГ ішінде және ҚМГ тыс жүргізіледі. Компания ішінде Қызметкерлер конференц-залға жиналады, ҚМГ басшылығының өкілдері құттықтаулармен сөз сөйлейді, ҚМГ компаниялар тобында қызметкерлерді наградтау және көтермелеу тәртібі туралы жұмыс нұсқаулығына сәйкес жұмыста ерекше көзге түскен Қызметкерлерді грамоталармен, сыйлықтармен марапаттайды және т.б. ҚМГ тыс тойлаған кезде ұжым қала сыртына, табиғат аясына шығады, онда құрылымдық бөлімшелер музыкалық нөмірлер, би, ұлттық ойындар дайындайды. Жекелеген жағдайларда басшылықтың бастамасы бойынша Қызметкерлердің отбасы мүшелері шақырылады.


4.3.3. Қызметкерлердің туған күндері

74. ҚМГ Қызметкерлерінің туған күндерін тойлау еңбек ұжымының мүшелері үшін дәстүрлі болып табылады. Ресми түрде басшылықты құттықтайды (құттықтау ашық хаты, гүл шоғы, ҚМГ ішкі почтасында құттықтау). Қызметкерлердің басқа санаттарына құрмет көрсету құрылымдық бөлімше ішінде жүргізіледі. Қызметкерлердің туған күндерін тойлағанда жұмыс уақытынан басқа кезде (түскі үзіліс) жеңіл фуршетке (алкогольсіз сусындар, жеміс-жидек, торт, пирожное) рұқсат беріледі. Жауапты департамент ҚМГ ішкі почтасы арқылы туған күн иесіне ҚМГ ұжымы атынан құттықтау жолдайды. Қызметкерлерге сыйлықтар ұжым мүшелерінің жеке тілектеріне байланысты ұсынылады.


5-тарау. Құпиялылық


  1. ҚМГ құпия ақпараты болып Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес осындайларға жатқызылған ақпарат танылады.

  2. Қызметкерлердің, соның ішінде Лауазымды тұлғалардың қолында бар құпия сипаттағы кез келген мәліметтер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, құпияда сақталады.

  3. ҚМГ құпия ақпаратына қол жеткізуге рұқсаты бар қызметкерлер осындай ақпаратқа қол жеткізуге рұқсаты жоқ басқа қызметкерлерге, сондай-ақ ҚМГ тыс кез келген үшінші тұлғаларға оны жария етпеуі тиіс. Осындай шектеулер Қызметкер жұмыстан шыққаннан кейін де ҚМГ ішкі құжаттарымен белгіленген уақыт барысында қолданылады.

  4. Жұмыс күні барысында және ол аяқталған соң Қызметкер өз жұмыс орнынан кеткенде жұмыс үстелінде немесе басқа оңай қол жеткізімді жерде құпия ақпаратты қамтитын құжаттардың қалып қоймағандығына көз жеткізуі тиіс. Барлық осындай құжаттар шкафтар мен жәшіктерде құлыпталуы тиіс, ал компьютер сөндірілуі немесе бұғатталуы тиіс. Серіктестермен сөйлесу кезінде компьютердің экранындағы ақпаратты қоса алғанда Қызметкердің жұмыс үстеліндегі барлық құпия ақпарат сөйлесуші көзбен шолып көретіндей қол жеткізімді болмауы тиіс.

  5. Құпия ақпарат (электрондық, жазбаша немесе басқа түрде) ҚМГ басшылығының тиісті тапсырмасынсыз ҚМГ тыс шығарылмауы тиіс. Жұмыстан шыққан кезде Қызметкер ҚМГ-ге тиесілі, ҚМГ туралы ақпаратты немесе көпшілікке арналмаған ақпаратты қамтитын барлық құжаттарды, файлдарды, компьютерлік дискеталарды, есептемелер мен жазбаларды, сондай-ақ осындай ақпаратты қамтитын құжаттардың барлық көшірмелерін ҚМГ-де қалдыруға міндетті.


6-тарау. Мүдделер қақтығысы


  1. ҚМГ Қызметкерлері сияқты лауазымды тұлғалар да өздерінің кәсіби функцияларын адал және жете ұғынып, ҚМГ және Жалғыз акционердің мүддесінде, қақтығыстарды болдырмай тиісті қамқорлықпен және сақтықпен орындайды. Осы мақсаттарда ҚМГ тәуелсіз директорлардың ҚМГ Директорлар кеңесі құрамындағы тиімді жұмысының маңыздылығын сезінеді және тиісті кәсіби тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделі бар және жеке этика деңгейі жоғары үміткерлерді мұқият іріктейді.

  2. Мүдделер қақтығысын анықтау және оны барабар реттеу Жалғыз акционер мен серіктестердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

  3. Лауазымды тұлғалар мен ҚМГ Қызметкері және/немесе оның аффилиирленген тұлғалары мүдделер қақтығысын болдырмау мақсаттарында:

- ҚМГ корпоративтік ресурстары, ҚМГ басшылығы, Қызметкерлері, оның лауазымдық жағдайы және/немесе лауазымдық міндеттерін орындау барысында алынған ақпарат беретін мүмкіндіктерді өз мүдделеріне немесе жеке пайда табу үшін пайдаланбауы тиіс;

- ҚМГ мен оның кез келген аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген қарым-қатынастарды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға тікелей қатыспауы тиіс;

- мүдделер қақтығысына әкеліп соқтыруы ықтимал қандай да болмасын қызметке қатыспауы тиіс;

- туындаған қақтығыстар қолданыстағы заңнама шеңберінде, қақтығысқа тартылған тараптардың заңды мүдделерін ескере отырып шешілуі үшін бар күш-жігерін салуға міндетті;

- ҚМГ тікелей алатын кірістерін қоспағанда, қандай да болмасын сыйлықтар алмауы немесе кез келген басқа үшінші тұлғалардан өздерінің ҚМГ-дегі қызметімен байланысты пайда көрмеуі, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындағаны үшін көтермелеу ретінде қандай да болмасын кіріс немесе пайда алмауы тиіс. ҚМГ ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес, сондай-ақ хаттамалық және өзге де ресми іс-шаралар өткізу кезінде мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда, сыйлықтар қабылдауға немесе пайда көруге жол бермейді.

84. ҚМГ-де мүдделер қақтығысын реттеу осы Кодекспен, Корпоративтік басқару кодексімен және ҚМГ өзге де ішкі құжаттарымен регламенттелген.

7-тарау. Жауапкершілік


85. Осы Кодекс нормаларын сақтау ҚМГ барлық Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Осы Кодекске сәйкес этикалық нормаларды бұзудың барлық фактілері Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі құжаттарының нормаларына сәйкес қаралуы тиіс.


8-тарау. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері


86. Омбудсменді ҚМГ Директорлар кеңесі жылына 1 рет тағайындайды.

Омбудсменнің негізгі функциялары Кодекс ережелерін сақтамау туралы мәліметтер жинау, қызметкерлерге, Лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелері бойынша консультациялар беру, Кодекс ережелерін бұзу жөніндегі дауларды қарауға бастамашылық жасау және оларға қатысу болып табылады.

87. Омбудсмен мыналарға құқылы:

- келіп түскен өтініштер негізінде де, өз бастамасы бойынша да Кодекс ережелерін бұзушылықтарды анықтау жөнінде рәсімдер жүргізуге бастамашылық етуге;

- Кодексті сақтамау мәселелері жөнінде Қызметкерлерге, Лауазымды тұлғаларға жеке жүгінуге;

- Қызметкерлерге, Лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелері бойынша түсінік беруге және түсіндіруге.

88. Омбудсмен мыналарға міндетті:

- Кодексті бұзу мәселелері жөніндегі дауларды қарау рәсімін жүргізу кезеңінде, осындай істерде қарауға бастамашылық жасау себебі бойынша оларды мәжбүрлеп жұмыстан шығару жағдайлары туындағанда Қызметкерлерді қорғауды (еңбек заңнамасымен белгіленген рәсімдер шеңберінде) қамтамасыз етуге;

- Кодексті сақтамауға қатысты мәселелерді қарауға қатысуға;

- Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша Қызметкерлердің, Лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Іскерлік серіктестер мен Мүдделі тұлғалардың өтініштерін есепке алуға;

- ҚМГ Қызметкерлері өтініш жасаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кодекс ережелері бойынша түсіндірмелер ұсынуға;

- Кодексті сақтамау мәселелері бойынша дауларды қарауға қатысу кезінде тәуелсіздік пен алаламаушылықты сақтауға;

- Кодекс ережелерін бұзу фактісі бойынша жүгінген Қызметкердің, Лауазымды тұлғаның жасырын болуын (жасырын болуға ниет білдірген жағдайда) қамтамасыз етуге.


9-тарау. Іс жүзінде пайдаланылуы


  1. Осы Кодекс Лауазымды тұлғалардың және атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық Қызметкерлердің орындауы үшін міндетті, ҚМГ ішкі нормативтік құжаты болып табылады.

  2. ҚМГ Қызметкерлердің Кодексті ашық талқылауын қолдайды және оны жетілдіру жөніндегі кез келген сындарлы ұсыныстарға оң қарайды.

  3. Кодекс ережелеріне қатысты мәселелер және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ Кодекс ережелерін бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да заңға қайшы әрекет фактілері бойынша ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері, сондай-ақ Іскерлік әріптестер мен Мүдделі тұлғалар мыналарға:

  • тікелей басшыға, не деңгейі бойынша келесі тікелей басшыға;

  • Омбудсменге;

  • 976565 телефоны бойынша, ҚМГ президентінің (Басқарма төрағасының) 2008ж.11.03. №116а бұйрығымен бекітілген Жүйе бойынша ақпарат қабылдау жөніндегі жұмыс нұсқаулығына сәйкес doverie@kmg.kz ҚМГ электрондық ақпараттық сенім жүйесі бойынша, атын атап немесе жасырын түрде тиісті шаралар қабылдау үшін жүгінуге құқылы.

Өтініш жасаған тұлғаның құқықтарына оның кез келген өтініш жасауы кезінде қысым жасалмауы тиіс.

  1. Бекітілген іскерлік этика нормаларын ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің бұзу жағдайлары анықталғанда шешім қабылдауға арналған материалдар Омбудсменнің міндетті қатысуымен ҚМГ Әлеуметтік жауапкершілік және іскерлік этика комитетіне қарауға жолданады. Қарау нәтижелері мен қабылданған шешімдер ҚМГ Әлеуметтік жауапкершілік және іскерлік этика комитеті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш жасаған тұлғаға хабарланады.

  2. ҚМГ Әлеуметтік жауапкершілік және іскерлік этика комитетінің мүшелері Кодекс ережелерін бұзу туралы мәліметтерді қарау құпиялылығына кепілдік береді.



10-тарау. Кодексті түсіндіру және онымен танысу

94. Кодексті әзірлеу үшін жауапты департамент мыналарды:

- Қызметкерлерге қатысты – Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде онымен танысуды;

- жаңа қабылданған Қызметкерлерге қатысты – жұмысқа қабылданған кезде Кодекспен танысуын;

- Лауазымды тұлғаларға қатысты – олар ҚМГ тиісті органына сайланған кезде Кодекспен танысуын;

- Кодекс ережелері өзгерген және толықтырылған жағдайда – қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қызметкерлер мен Лауазымды тұлғалардың олармен танысуын қамтамасыз етеді.

95. Кодекс ережелерін түсіндіруді Омбудсмен жүзеге асырады.

96. Кодекс ашық құжат болып табылады және оны ҚМГ серіктестер мен кез келген басқа мүдделі тұлғалар арасында еркін таратады.


11-тарау. Қорытынды


97. ҚМГ Корпоративтік мәдениет және ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің Іскерлік этика деңгейінің жай-күйіне мониторинг жасауды жүзеге асырады, зерттеулер, сұраулар жүргізеді.

98. Кодексті қабылдау ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретінде. ҚМГ Директорлар кеңесі өзектендіру және жетілдіру мақсатында осы Кодекс ережелерін 2 жылда бір рет қайта қарайды, олардың іс жүзінде қандай шамада іске асырылғандығын талдайды, сондай-ақ қажет болса оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.




1   2

Похожие:

«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» қыркүйектегі №10/08 хаттамасының шешімімен, 2009 жылғы «5» ақпандағы №02/09,...
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2010 жылғы 8 маусымдағы
ЖӨніндегі қазақстан компаниясы акционерлік қОҒамының корпоративтік хатшысы туралы
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«сенім-банк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №92 Шешімімен Бекітілген

«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің МҮшелерімен біліктілікті жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің дәрежесін, құзыретін, құрамын, жұмыс істеу және қызмет ету тәртібін,...
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың
Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 19 қарашадағы №276, 2011 жылғы 25 ақпандағы №36, 2011 жылғы 24 наурыздағы №55, 2011 жылғы 16 мамырдағы...
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13...
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама iconКассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы
Орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница