Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014




Скачать 220.43 Kb.
НазваниеКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Кусаинова Н М
Дата конвертации16.02.2016
Размер220.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/11/54dadf468809e.doc

G-041.07.05.16-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

Тек.1

Бет тен




СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедраСЫ


Силлабус

(Syllabus)


Пән: Психология негіздері

Пәннің коды: ОР1219

Мамандығы: 5В 130200 стоматология

Оқу сағатының көлемі: 54 сағат

Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр


Семей 2014

Силлабусты Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды

Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде


Автор: Кусаинова Н.М.


___ _____2014 кафедра отырысында талқыланды №__Хаттама


Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. _______________ Сергазина Г.М.


Оқытушылар туралы мәліметтер (Оқытушылар туралы нақты мәліметтер жазылады: тізімі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы және т.б.)





Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1.

Куклина Надежда Михайловна

Аға оқытушысы

Автор брошюры «Личность до школьника: становление и коррекция». Семей 2005г. Учебного пособия «Биомедицинская этика». Семей. 2010г.

2

Кусаинова Нурбану Мендыбаевна

Оқытушы

Дистантті оқу

студенттеріне арналған «Жалпы және заң психология» пәнінен оқү-әдістемелік нусқаудың авторы

«Проблемы формирования прфессиональной компетентности педагога».

- Университет «Кайнар» (Семей), 2009.Оқү-әдістемелік құралдың авторларының бірі.

3

Жакупбекова Эльмира Айткалиевна

Оқытушы

Автор учебного пособия

«Биоэтика» на казахском языке.




Байланыс ақпараты: СММУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мекен – жайы Семей қаласы, Ленин көшесі 3, №3 жатахана, № 316 кабинет.


Пәннің саясаты:

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Студент себепті жағдаймен бір сабақ босатқан күннің өзінде декенаттан рұқсат қағаз алады.

  • Екі немесе одан көп сабақ босатқан жағдайда деканаттан семинар сабағына және дәрістерге рұқсаттама алу керек.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.

Кафедраның ОЖСӨЖ өткізуге арналған талаптар. Кафедра отырысында талқыланды 29.08.2013

Бір кредит (45 сағат) оқылатын пәндер ОЖСӨЖ міндетті түрде қатысу керек.

- СӨЖ тақырыптары бойынша кеңес беру.

- Семинар сабақтарының тақырыптарын тереңірек қарастырып, талқылау.

1. Кіріспе

Психология медициналық білімдегі іргелі ғылым және негізгі оқу пәні ретінде кәсіпке бағдарланған тұлғаның шығармашылық әуеуетін ашуда жетекші маңызға ие. Психология тіршіліктің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және жұмыс істеу заңдылықтарын, негізгі психикалық процестерді, тұлғаның жағдайын, даралықты зерттейді. Психологиялық құбылыстарды талдау, тұлға қызметін, өзін-өзі тануды және тұлғаны дамытуды сипаттауға арналған іскерлік пен дағдыларды меңгеруде психологиядан алынған білім болашақ маман ретінде қалыптасу үшін керек.

Медицина ғылымының дамуы, медицинадағы ғылыми-техникалық прогресс медицина қызметкерлеріне жоғары талаптар қояды. Медициналық білім құрылымында психологияны оқу студенттердің соматикалық жағдай туралы ғана емес, психикалық (ішкі сезім) қызмет туралы терең ұғым қалыптастырады, науқастың жеке ерекшеліктерін бағалаудың оңтайлы мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Медицина қызметкері нақты ауруды емдеп қана қоймай, ең алдыменг пациент тұлғасымен жұмыс істейді. Медицина қызметкері түрлі соматикалық, әсіресе ауыр және созылмалы аурулар жасқа, жынысқа, қабылдап жатқан ем мен әлеуметтік микроортаға байланысты психикада белгілі бір өзгеріс тудыратынын және ол пациентпен сөйлескенде байқалатынын білуі, ескеруі керек. Медицина қызметкерлерінің шеберлігі жоғары деңгейде орындалған манипулациялық қызметтен ғана емес, психологиялық құзыреттілігінен де байқалуы тиіс.

Кәсіптік құзыреттілік медициналық базистік дағдылар, ғылыми білім мен моральдық даму негізінде қалыптасады. Оның басты компоненттері білімді игеру және пайдалану, сондай-ақ этикалық қағидаттарды басшылыққа ала отырып пациенттермен, әрістестермен қарым-қатынас процесінде жүзеге асыру және беру қабілеті. Міне, сондықтан коммуникативтік машықтарды қалыптастыру (яғни тиімді коммуникацияны жүзеге асыру қабілетін дамыту) қазіргі таңда медициналық үздіксіз білімнің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Тиімді коммуникацияға басқа адамдармен байланыс жасау және ақпаратты қабылдау процесінде өзін-өзі бақылау қабілетін сақтау, бейімделу , пікірін білдіру қабілеттері енеді.

2. Пәннің мақсаты:

Психикалық процесстің онтогенезін тану арқылы тұлғаның психологиялық қабілетін қалыптастыру, жемісті қарым-қатынас дағдысын дамыту және тұлғаға психологиялық қатынастын қалыптасу.

3. Пәннің міндеті:

Психологиялық ғылым туралы түсінігі және оның гуманитарлық және қоғамдық пәндер жүйесіндегі орнын қалыптастыру.

Негізгі психикалық процесстер, психикалық қалып және тұлғаның қасиеті туралы білімді қалыптастыру.

Адамның әр түрлі өмір әрекетінде психикалық көріністерді талдай алуын қалыптастыру.

Психикалық өзін-өзі талдау, өзін-өзі тандау және өзін-өзі бағалау дағдыларын үйрену.

Жемісті қатынас және тұлғаға психологиялық қатынас дағдыларын дамыту

Білімнің соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

Психологияның дамуының негізгі кезеңдерін және оның маңызды салаларын.

Психикалық көріністер, процесстер және күйлердің негізгі заңдылықтары.

Психикалық қызметтерді зерттеудің негізгі әдістерін.

Тұлғаның психологиялық құрылымын.

Темперамент түрлерін, мінез түрлерін, тұлғаның акцентаушы түрлерін.

Жеке және аралық қарым-қатынастарды, оның деңгейін, құралын және қарым-қатынас түрлерінің ерекшеліктерін

Студент істей алу керек:

Медициналық және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас кезінде тұлғаның психологиялық күйін, мінез және қасиеттерін бағалауды,

адамның әр түрлі өмірлік іс-әрекет саласында психикалық көріністерді талдай білуді.

Өзіндік талдау мен өзін-өзі бағалауды

Дағдыларды білуі керек:

Жеке және аралық қарым-қатынастар.

Тұлғаның психологиясы, өзін-өзі талдап, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану білімдерін қолдана білу

4. Реквезитке дейінгі: мектептегі биология курсы

5. Реквезиттен кейінгі: коммуникативтік дағдылар, психиатрия, жалпы дәрігерлік практика

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Психологияның пәні және міндеті психологияның зерттеу әдістері.

Психологияның даму кезеңдері, Танымдық психикалық процестер. Анықтамасы, түрлері және қасиеттері. Таным процестерінің бұзылуы туралы жалпы түсінік, Сана және өзіндік сана. Сананың психологиялық концепциясы. Сананың онтогенезде дамуы. Эмоционалды және еріктік процестер. Эмоция және мінез. Тұлға және жеке бастылық. Психологиядағы тұлға туралы түсінік. Тұлғаның қасиеті. Тұлғаның психологиялық құрылысы, бағыттылығы, қабілеті, темперамент, мінез және «Мен концепциясы».Тұлға және тұлға аралық қарым-қатынастар. Қарым-қатынас адамның коммуникативті, интерантивті, перцептивті әрекеті ретінде.

7. Сабақтардың тақырыптық жоспары:

Дәріс тақырыптық жоспары





Дәріс тақырыптары

Сағат саны

1

Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.

1

2

Таным үрдістерінің құрылымы

4

3

Эмоциялар психологиясы. Стресс және фрустрация.

2

4

Қарым-қатынас психологиясы

2




Барлығы:

9


Семинар сабағының тақырыптық жоспары




Тақырыптардың атауы

Сағат

саны

1

Психологияның және психиканың даму кезеңдері. Негізгі психикалық процестер, тұлғаның психикалық кейпі мен қасиеті.

2


2

Танымдық психикалық процестер: Түйсіктер

2

3

Танымдық психикалық процестер: Қабылдау

2

4

Танымдық психикалық процестер: Елес, қиял

2

5

Танымдық психикалық процестер: Ес, зейін

2

6

Танымдық психикалық процестер: Ойлау, интеллект

2

7

Аралық бақылау – TBL

2

8

Сана және өзіндік сана

2

9

Эмоция және ерік

2

10

Тұлғаның психологиялық құрылымы. Тұлғаның типологиясы.

2

11

Темперамент және мінез

3

12

Топтағы және ұжымдағы тұлға аралық қатынастар.

3

13

Аралық бақылау

1




Барлығы:

27

Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары




Сабақ тақырыбының атауы

Сағаттар саны



«А.Р.Лурияның бас миының қызметі туралы қазіргі заманымызға сай түсінігі»

1,5



Қабылдаудың күрделі формалары

1,5



Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.

1,5




Қиял. Қиялдың түрлері.

1,5



Ес теориялары.

1,5




Зейіннің физиологиялық механизмі. А.Ухтомскийдің, И.Павловтың ілімдері.

1,5




Сөз бен ойлаудың даму кезеңдері. Сөз бен ойлаудың дамуына биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсері.

1,5




Эмоцияның нейрофизиологиялық механизмі.

1,5




Қабілет психикадағы даралықтың көрінуі ретінде

1,5




Гиппократ, Гален, И.П.Павлов бойынша темперамент типтері.

1,5




К. Кречмер, У. Шелдон бойынша мінездің жіктелуі.

1,5




Э. Фромм, К. Леонгард, А.Е. Личко бойынша мінездің жіктелуі.

1,5



Барлығы

18 сағат



8. Студенттің өздік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастырудың жоспары





СӨЖ тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары/өткізу түрі

СӨЖ бақылау түрлері

СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі)

1

«А.Р.Лурияның бас миының қызметі туралы қазіргі заманымызға сай түсінігі».

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

1 апта

2

Қабылдаудың күрделі формалары

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)

Қорғау, Талқылау

3 апта

3

Қиялдың клиникалық-психологиялық мәні.

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)


Қорғау, Талқылау

4 апта

4

Қиял. Қиялдың түрлері

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)

Қорғау, Талқылау

4 апта

5

Ес теориялары.

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)

Қорғау, Талқылау

5 апта

6

Зейіннің физиологиялық механизмі. А.Ухтомскийдің, И.Павловтың ілімдері.

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)

Қорғау, Талқылау

5 апта

7

Сөз бен ойлаудың даму кезеңдері. Сөз бен ойлаудың дамуына биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсері.

Реферат немесе презентация

(таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

6 апта

8

Эмоцияның нейрофизиологиялық механизмі.

Реферат немесе презентация (таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

9 апта

9

Қабілет психикадағы даралықтың көрінуі ретінде.

Реферат немесе презентация (таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

11 апта

10

Гиппократ, Гален, И.П.Павлов бойынша темперамент типтері.

Реферат немесе презентация (таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

11 апта

11

К. Кречмер, У. Шелдон бойынша мінездің жіктелуі.

Реферат немесе презентация (таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

12 апта

12

Э. Фромм, К. Леонгард, А.Е. Личко бойынша мінездің жіктелуі.

Реферат немесе презентация (таңдау б/ша)

Қорғау, талқылау

12 апта




Барлығы

18 сағат


9. Негізгі және қосымша әдебиет

Негізгі әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Жантану оқулығы : учебник / Қ. Жарықбаев. - Алматы, 2010. - 638 с. : ил.

2. Бап-Баба, С. Жантану негіздері [Текст] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дәнекер, 2012. - 298 б

3. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2013 - 189 с.

4. Бап-Баба, Сәбет Балтаұлы. Жантану негіздері [Текст] / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Заң

әдебиеті, 2010. - 302 с

5. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2010. - 189 с.

Қосымша әдебиеттер

1. Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша [Жоғары оқу орындары

студенттеріне арналған тест жинағы] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2013. - 135 б.

2. Тертель А.Л. Психология. Курс лекций : учебное пособие / А. Л. Тертель. - М. :

"Проспект", 2010. - 247 с.

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии : учебное пособие / С. Л. Рубинштейн. –

СПб : Питер, 2014. - 712 Середина Н.В. Основы медицинской психологии: общая,

клиническая, патопсихология : учебное пособие / Н. В. Середина, Д. А. Шкуренко. –

Ростов н/Д : Феникс, 2013. - 506 с.

4. Столяренко Л.Д. Психология : учебное пособие / Л. Д. Столяренко. - [б. м.] : Лидер,

2013. - 591 с.

7. Оқытудың және сабақ берудің әдістері

Дәрістер: бақылау-иллюстрациялық.

Тәжірибелік сабақтар: ауызша, жазбаша сұрау, шағын топпен жұмыс, тест тапсырмаларын шешу, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, глоссаримен жұмыс, ТBL.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ):

Студенттердің негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмысы, электронды оқулықтармен жұмыс, реферат дайындау, Power Point форматындағы презентация дайындау.

Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

  2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

  3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

  4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

  5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

  6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

  7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

  8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Реферат

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1.Баяндама А4 форматында дайындалады.

2.Шрифт Times New Roman, кегль 14, интервалі 1,5, жан-жағы, сол – 30

мм, оң – 15, жоғары және төмен – 20 мм.

3.Сыртқы қабында рефераттың тақырыбы, пән аты, Студенттің аты- жөні,

тобы, факультеті көрсетілуі керек.

4. Рефераттың көлемі 4-7 бет.

5. Қолданылған әдебиеттердің тізімі (4 –тен кем болмауы керек).

6. Материал өз сөзімен жеткізілуі керек.

Егер:

  • Тапсырма уақытында өткізілмесе бағасы 1 балл төмен болады;

  • Жоғарыдығы талаптарға сай келмесе, бағасы 0,5 балл төмен болады;

  • Мәліметтер толық интернеттен болса жұмыс тексеруге қалылданбайды.

  • Референт бақлау сұрақтарына жауап бермесе, баға 0,5баллдан 1,0 баллға дейін төмендейді.


11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:

Білім алушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Студенттердің оқу жетістіктерін бақылаудың барлық түрлері бойынша бағалау: үлгерімнің ағымды бақылауы, аралық аттестация (емтихан) және мемлекеттік қорытынды аттестаттациясы сәйкес баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі бойынша жүргізіледі (ҚР МЖМБС 5.03.006). Журналға Пайыздық мөлшері қойылады.

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша

сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық-рейтингілік таңбалық жүйесі


Таңбалық жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4.0

95-100

өте жақсы

A-

3.67

90-94

B+

3.33

85-89


Жақсы

B

3.0

80-84

B-

2.67

75-79

C+

2.33

70-74



қанағаттанарлық

C

2.0

65-69

C-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Ағымды бақылау – ауызша және жазбаша сұрау, тест.

Аралық бақылау – 1 аралық бақылау– ТВL; 2 аралық бақылау – тест

Қорытынды бақылау – ауызша, дифференциальді. сынақ


Пән бойынша білім деңгейінің жетістіктері келесідей анықталады.

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша ауызша, диф. сынақ)

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 60% құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 40% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы:


АғББ ∑ бағасы + БӨЖ ∑бағасы+ АБ ∑бағасы

Барлық бағалардың саны


РРБ = , мұнда:


- жиынтық белгісі

АғББ ағымды бақылаудың бағасы тәжірибелік сабақтар

СӨЖ – студенттердің өздік жұмысы

АБ – аралық бақылау бағасы

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ): академиялық кезең ағымында алған барлық бағалар жинағы орташа арифметикалық саны сияқты есептеледі.

Похожие:

Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІІІ іү семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1 -2 семестр Семей 2014
Пәннің силлабусы «Құқық негіздері» пәні Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырылды
Курсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014 iconКурсы және оқу семестрі: 1- курс, 1 семестр Семей, 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде Қазақстан тарихы және жалпы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница