«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Название«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
страница6/7
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/96c795b7-866e-11e3-9ea3-f6d299da70ee3.doc
1   2   3   4   5   6   7

9 тақырып: Әлеуметтік мінездер.


Тұлға индивидттегі барлық адамзаттық көріністер болып табылады. Неміс философы Ф.Шлейермахер (1763-1834) «каждый человек должен на свой лад выражать человечество», осы ой психологияда тұлғаны түсінуге итермелейді.

Тұлға жайлы сөз болса, онда индвид, индивидуалдылық, тұлға деген ұғымдардың философиялық мәні жоғалады. Тұлға рухани адамның универсалды ұғымы, ол өзіне өзіндік болмысты, әлеуметтік сапаларды, жанның байлығын жинайды. Қайыршыны тұлға деп айта аламыз ба, айта алмаймыз, ал неге деп ойлаймыз.

Ол әлеуметтік сапаларды жоғалтты, әлеуметтік нормалардан бас тартты, мәдени дәстүрлерді ұмытты, яғни өзін минимумға апарды. Жоғарыда айтылған қылмыскерге ораламыз, ол тұлға ма. Қараңыз ол қалай батыл, тіпті ешкімге ұқсамайды. Алайда ол адамдық нормалардан шықты, бар мінез-құлық ережелерін ұмытты, өзін криминалға итерді. Біз қылмыскердің тұлғасына қатысты барлық жаман сапаларды оған жапсырсақта, біз бейсана дәрежесінде бәрібір өнегелік сапалардан үміттенеміз.

Тұлғалардың психологиялық типтері, ол өзіндік бағалаумен тығыз байланысты, олардың екі түрі бар: не өзіме ризамын не риза емеспін. Американдык философ және психолог У.Джеймсте тұлға теориясында бірнеше жағын көрсетеді, мақтаныш сезімі, өзіне разылық, жоғарғы кеуде, даңқ сүйгіштік, екінші жағынан ол қарапайымдылық, қорлану, ұялу, сенімсіздік, өкіну, қоғамдық ұлтқа қалам деген сана. Өзіндік бағалау неден байланысты Джеймс бойынша ол сәттіліктен байланысты.

Субъектінің ішкі әлемінде бірнеше тұлғалар болады немесе тұлғалар иерархиясы, бізде басқалар тұлғалықты мойындаса, онда бізді қоғамдық тұлға жасайды (Джеймс), біз жануарлар табыны ғана емес «қоғамдық жануарлар» біз қоғамда болғанды ұнатамыз, әрі туа берілген механизм бар, бізге бәрі назар аударса, басқаларға жағымды болып көрінсем деген, сондықтанда адамның ішінде қаншама әлеуметтік тұлғалар бар.

Ал рухани тұлғага Джеймс мынаны жатқызады, нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттердің жинағын қамтыған сана күйі, оның ең орталығы, ең қасиеттісі біздегі «Мен», яғни белсенділік сезімі, ол ішкі рухани күйде табылады. Бір адамдағы бірнеше тұлғалардың түрлерін иерархия түрінде елестетуге болады төменде физикалық тұлға жоғары қарай рухани тұлға және аралықтағы физикалық пен руханидың арасында жатқан әртүрлі материалды (біздің тәнімізден бөлек жатқан) және әлеуметтік тұлғалар. Потенциалды қоғамдық тұлға ерекше парадокстар нәтижесі, ол тұлғаның діни және өнегелік жақтарымен тығыз байланысты.

Адам деген кім. Психологияда адамды өте жарқырап көрінетін энергетикалық жүйе деп түсініледі, кез келген энергетикалық жүйе тыныштық күйіне келуге ұмтылады, ол соны жасауға мәжбүр болады, сол үшін оған энергия қызмет етеді. Оның жасырын функциясы өзінің меншікті тепе-теңдігін сақтау.

Тұлға теорияларының тағы бір авторы американдық психолог Э.Берннің пікірінше адамның механизмі солай жаратылған барлық ішкі және сыртқы оқиғаларында ерте ме әлде кеш пе бір тепе-теңдікті орнына келтіретін жағдай міндетті түрде болады. Тепе теңдіктен шыққан шығушы энергия (күш кетіру) адамда физикалық және психикалық болып бөлінеді. Психикалық зорығу (напряжение) мазасыз, тынымсыз, беймаза сезімдерде көрінеді, ондай қажеттіліктерді тілектер деп атайды.

Тек тірі жандылар ғана тілек тілей алады, сол күрделі тілектерден жыныстық ұмтылу, өзін жақсы көру, қолдау табуға ұмтылу тілектері шығады, солардың ішінде көптеген саналы және бейсаналық тілектер толып жатыр, психологиядағы тұлға феноменін түсінуге арналған теориялардың да міндеті осындай тілектердің табиғатын ұғыну. Адамдағы проблемада энергиядағы проблема сияқты, күш кетіруді түсіру үшін аз болсада кедергінің жолын іздейді.

Швейцар психологы, классикалық тұлға теорияларының авторларының бірі К.Г.Юнг адамдарды үшке бөлді экстраверт, интроверт, амбиверт (интроверт пен экстраверттің арасында тепе-теңдікке жеткендер). Аудиторияда кім экстраверт, кім интроверт деп сұрасаң көбі қашады, өздерін ешкім емеспіз немесе амбивертпіз деп ойлайды.

«Покровские ворота» деген фильмде оның басты кейіпкері айтады мен өте өңсізбін, қолайсызбын, ынжықпын, жалғыздыкты жақсы көремін, өз ойыма өзім батып кетемін, мен өте ұялшақпын, қарым-қатынасқа тез түсе алмаймын.

Ендеше мен интровертпін ғой, ұмытып барамын кейде қонаққа барғанды қатты ұнатамын, сол кезде көп сөйлесемін... ол сонда экстраверт пе. Адам сондай күрделі оның нүктесін табу өте қиын, бүгін экстраверт болсам, ертең интроверт боламын, шексіздік.

Ағылшын психологы, тұлға теорияларының авторларының бірі Г.Айзенк экстраверт не интроверт болу сол күнгі жұлдыздарға байланысты дейді. Міне осындай гипотезалар психологиялық типтерді жасауға итермелейді, бір типке жатқызған адамдардың өзінде айырмашылықтар болады. Соған қарамастан психология ғылымы ол айырмашылықтарды топтап адамдарды әр топқа жатқызады.

Юнг жазады «екі жас адам қала сыртында қыдырып жүріп бір замокке келеді, екеуі де замокты іштен көргісі келеді, интроверт айтады «ол іш жағынан қалай көрінеді екен», экстраверт айтады «жүр кірейік» деп бірден қақпаға жылжиды. Интроверт оны тоқтатуға тырысады «мүмкін бізге рұқсат етпейтін шығар, өзі ойша ойлап тұр, мүмкін онда полиция бар шығар, штраф салуы мүмкін, ит бар шығар». Оған экстраверт жауап береді «жақсы жүр сұрайық, олар бізді жіберер», оның қиялында қайырымды бір шал күзетші рұхсат береді, қонақ жай синьорлар рұхсат берер. Ақырында экстраверттің оптимизмінің арқасында олар замокке кіреді.

Ары қарай Юнг былай суреттейді, олар ішке кіргенде замок қайта жасалыпты, ішінде ешнәрсе жоқ, екі жәй ғана бөлмелер қалған, онда ескі бір екі экспонат ғана бар, сонда интроверт соншалықты қуанады, күзетшінің айтқандарына қызығып, беріліп кетеді, жас адамның ұялшақтығы бәрі жоғалады.

Ал экстраверттің керісінше көңіл-күйі құлдырай береді, іші пыса бастайды, беті қызарып кетеді, себебі қайырымды, қонақжай рыцарлар қарсы алмады, оқиғаға орын жоқ, музейге айналған замок ғана. Мұны үйдеде қарауға болады.

Сонымен интроверт жанданып кетеді, экстровертте көңіл күй түсіп кетеді, экспонанттар оған кітапхананы елестетеді, ал кітапхана университетпен ассоцацияланады, университет оқумен және жақындап келе жатқан емтихандармен ассоцацияланып, көңілі түсіп кетеді, алдында соншалықты қызықты болған замок оған енді ұнамайды, объект негатив бола бастайды. Интроверт айтады қандай тамаша болды, ал екіншісі айтады, ішім пысты дейді.

Интроверттің ашуы келеді, ойша ойлайды енді ешқашанда экстравертпен серуенге шықпаймын. Экстраверт ойлайды интроверт эгоист көктемнің бір күні мына экспонанттарға кетті деп. Осы тәжірибеден кейін Юнг шешті адамдарды тек интроверт және экстраверт деп ғана бөлмей, оларды жеке негізгі психологиялық функциялары бойынша да ажырату керек. Яғни олар ойлау, сезімдер, түйсінулер, интуициялар. Осыған байланысты ойлауды сезімтал, түйсінгіш, интуитивті типтер деп бөледі.

1908 жылы З.Фрейдтің «Мінез және аналды эротика» деген кітабы жарық көрді, мінезде көп кездесетін ерекше үш қыр ұқыптылық, бірбеткейлік және үнемдегіш аналды эротикамен байланысты деді яғни ануспен байланысты сезімталдық. Мінез ол салыстырмалы түрде сезімдердің тұрақты құрылымдары, Фрейд мінез арқылы типология жасағысы келгенімен онымен айналыспады.

1933 жылы В.Райхтың «мінезді анализдеу» деген кітабы шықты, әрине ол қазіргі характерологиядан алыста жатыр, дегенмен ол бастау берді, осы Райхтың шәкірті А.Лоуэн оралды сатыны талдады, себебі психикалық жұмыс жасау биоэнергетикалық процестерден тікелей байланысты.

Егерде баланы ана сүтінен ертерек айырса онда ол адамда өмір бойы қанығуға ұмтылу болады, бала сияқты тәтті ұйқыға бара береді бұл оралды саты, мұндай адамдар терең жалғыздық сезімі, көңіл қалу, дәрменсіздік жайлы жиі айтады, оларға үнемі назар аударғанды ұнатады, мақтағанды күтеді, маған тілектер айтса екен деп қатты қажетсінеді. Оралды типтегі адамдар физикалық белсенділіктен тез шаршайды, энергия жетіспей жүреді.

Тағы бір тип мазохзистік «олар субъективті болады, қайғырулары үнемі сақталады, шағымшыл болады, ылғида өзіне зиян келтіріп жүреді, өзін кінәләй береді (моральды мазохизм), басқаларды үнемі қинай береді, мұндай типтегі барлық адамдар қолапайсыз болады, қарым-қатынаста да қолапайсыз болады, ақыл ойы жетпейтін сияқты көрінеді.

Истерикалық типтер психоанализде кейін жасалды, оның симптомдарымен Фрейд өзі талдады, кейін Райх мына сипаттаманы береді «оның негізгі ерекшелігі ашық сексуалды мінез-құлық, дене жүрісінде соған бейімдейді, одан сексуалдылықтың белгілері анық көрінеді, сөзінен, интонациясынан, көзқарасынан. Мұндай адамдарда мазасыздану, қауіпсіздену сезімдері көп болады, олар бала кездегі қорқыныштармен тікелей байланысты болады.

Фалли (өз жыныстық мүшелеріне қызығу) нарцистік типтер олар компульсивті (қайталағыш, жабысқақ), невроз бен истерияның ортасында болатын типтер компульсивті типтер импульстарды ұстау, өзін қадағалау, депрессия тән болса, истерияларды ашуланшақтық, тірі қиял, шыдамсыздық, лабилділік (икемді) тән болғандықтан фалли нарцис типтер өзіне сенімді, өзін жоғары санайтын, икемді, энергиялы және көрнекті болады. Оларда агрессия көп болады.

Енжар әйел типтегі типтер шамадан тыс жұмсақ, көнгіш, жұмсақ, қу, дауыстар әйелдерге ұқсас, бет келбеттері де жұмсақ, иілгіш болады, агрессия болмайды.

Шизофрениялық типтер осыған дейін «Меннің» дамуындағы бұзылуларды көрдік, невроз адамның болмыспен қатынасының бұзылуы, оны қисайтып көруі, невротиктер болмыспен қатынасты сақтайды, алайда оның талаптарын қабылдамайды, сенімсіздік көрсетеді, күмәншіл болады, агрессия күшті болады, ал шизофрениктер болмыспен байланысты мүлдем үзеді, оларда деперсонализация жүреді, яғни тұлғаның бөлшектенуі (распад), тәнінде өзінікі емес деп сезінеді, кейде ол батыл болады бірақ ол ұзаққа бармайды, агрессиясы күшейеді, өзін қадағалау жойылады.

Бұл типтердің бәрі клиникалық зерттеулерде жасалды, егерде адамда мінез-құлықтың типтік тәсілі жоқ болса, ол сау адам, ол болмыста өзін спонтанды ұстайды, ситуацияның талаптарына рационалды бейімделеді, ендеше денсаулық дегеніміз ол иілгіш күйі.

Әлеуметтік мінездер (типтер) яғни тұрақты нақты көрінетін бағдарлану жүйелері. Социализация процесі индивид адамдар арасындағы қатынас арқылы өзін және өзінің басқаларға деген қатынасын анықтағанда басталады. Қарым-қатынастың нақты типінің дамуы әлеуметтік мінездің қалыптасуына әкеледі. Тұлғаның құрылымын тек оның ойлары, сезімдері ғана емес оның әрекеттері де анықтайды, мұны Фрейд айтты, алайда Фромм оны теориялық негізделмеген дейді.

Мысалы адам үйдің терезелерін санай бергісі келсе соған қатты қажеттілік болса, онда ол қажеттіліктің астында, негізінде қандайда бір итермелейтін ішкі ұмтылулар бар (невротиктер), ал сау адам ақылмен, болмыстың жағдайларына қатысты ойланып жасайды. Осы рационалды мінез-құлық тұлғаның құрылымын анықтайды. Осы әлеуметтік мінез-құлықтың функциясы неде.

Мысалы адам артық затты, қобырап жатқанды ұнатпайды, егерде ол магазинде істесе, онда оған пайдалы себебі үнемшіл болуға ол міндетті, осы мінездің экономикалық функциясынан басқа психологиялық функциясы да болады, адамға оның тұлғасында жатқан жинақтағыш қажеттілік болып табылса, онда ол терең психологиялық қанағаттану алады, ол әрі экономикалық, әрі психологиялық ұтады.

Ендеше нормалды адам үшін өз әрекетін практикалық қажеттіліктерге сәйкес бағыттауы керек және өз іс-әрекетінен психологиялық қанағаттану алуы керек. Әлеуметтік шарттарға бейімделе отырып адам мінез қырларын қалыптастыра бастайды, ол сол ортаның талабына қарай әрекет етеді, сондықтанда психологиялық энергиялар өндіргіш күштерге айналады, ол қоғамға қажет, ал адамда сыртқы күштеуден басқа еңбекке деген психологиялық мәнге ие ішкі қажеттілік болады, ол адам өзін тұлға ретінде сезіну үшін маңызды.

Адам сыртқы билікке бағынумен қатар өзінде ішкі билікті жасайды ол дегеніміз парыз бен ар ұят, оларсыз бірде бір сыртқы билік басқара алмас еді. Сонымен әлеуметтік мінездер сыртқы мұқтаждықтарды ішкі қажеттіліктерге айналдырады, адамның энергиясы әлеуметтік экономикалык жүйенің міндеттерін орындауға жұмсайды, соған сәйкес мінез-құлық қалыптасады. Егерде мінезде белгілі бір қажеттіліктер дамыса онда оған сәйкес мінез-құлық оған психологиялық қанағаттану береді, әрі материалдық табыста практикалық пайда келеді.

Қоғам индивидке бір уақытта осы екі сфераны қамтамасыз етсе, сыртқы және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етсе (материалды және рухани) онда психологиялық күштер әлеуметтік құрылымдарды цементтейді. Алайда ерте ме кеш пе ажырау болады, бұрынғы мінез қырлар сақталады, олар жаңа эконмикалық жағдайға сәйкес келмейді, пайдасыз болады, ендеше психологиялық адаптация өзгереді, бұрынғы құндылықтар нарыққа қарай басқаша қабылданады.

Қай заманды алсаңда адамдардың күнәлері көп, патша болсын, жәй адам болсын, тіпті құдайлар туралы аңыздарда да (Прометей). Адамдардағы кінәлі болу сезімі міндетті түрде болатын процесс, оны қорқыныштар, қанды үстемдіктерді игерген, олардан шығатын жол іздеу керек, алайда дамудағы ынтығуларды жеңу мүмкін емес, ендеше ішкі әлемде гармония жоқ.

Әлемдегі барлық жануарлар инстинкті программасы аяқтайды, аралар ұясын жасап шығарды, тек адам ғана бітпей қалған ... сондықтанда өмір бойы адам зерттеледі. Адам қолы тар ал оны тұлға деп айта аламыз ба? Адам психикасы өте сая қырлы, тұлға теориясының бір авторы Ассаджиолидің психика моделінде бірнеше қабаттар бар:

Бірінші қабат төменгі бейсаналық - элементар психика актілері, ол дененің жұмысын қамтамасыз етеді, дене функцияларын ақылды коррдинацияларын басқарады, фундаменталді әуестенулер кіреді, яғни адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы, ол көптеген комплекстерден тұрады, олар интенсивті эмоцияларға қаныққан болады, одан кейін түс көру, мұңаю, төменгі қиял кіреді, төменгі парапсихологиялық процестер, патологиялық құбылыстар—фобиялар, оянулар, паранизм, маниялардан тұрады.

Екінші қабат ортаңғы бейсаналық — белгілі бір психикалық элементтердің жиынтығы, біздің сергек санамызға жақын және бәрін жеңіл жасайды, жиналған тәжірибелерді ассимиляциялайды (қосады, меңгереді), ойлау, қиял процестері өтеді, осы қабатта идеялар туады олар санаға өтуге ұмтылады.

Үшінші қабат жоғарғы бейсаналық - немесе жоғары сана, бұл қабат интуиция мен шабыттануды береді, мұнда көркем, философиялық, ғылыми, моралды талаптанулар туындайды, адамды жақсы көру, геройлық мінез-құлық импульстері туындайды. Жоғарғы сезімдер альтуристтік махаббат, генийлік, өзіндік жарқырау, экстаз, өзін білімдірудің қайнар көзі осы қабат болып табылады. Мұнда жасырын күйде барлық жоғарғы психикалық процестер, рухани энергия болады.

Төртінші қабат - сана өрісі, мұнда адам үнемі бақылайтын, талдайтын, бағалайтын үздіксіз түйсінулер, сезімдер, тілектер, импульстер, бейнелер, ойлардың ағындары болады.

Бесінші қабат—«Мен» санасы, «мен» түсінігі психологияда тұлғаны белгілеу үшін қолданылады, «Мен» - ақылдың, дұрыс ойлаудың қолдау табуы, «мен» дегенде индивидтің санадан айырмашылығы бар өзіндік санасы түсініледі, екеуінің айырмашылығы - біреуі- ақ жарқыраған экран, екіншісі, оған көшірілген ондағы әртүрлі көріністер (сезімдер, түйсінулер ойлар).

Алтьшшы қабат - жоғарғы «Мен» - тұрақты орталық, эгоның шегінен шыққан нағыз «мего> бүл ішкі әлем мен сыртқы әлемнің арасындағы делдал, бейсаналық әуестенулерді ырықтандырып оларды әлеуметттік мінез-құлық арнасына бағыттауға ұмтылады, себебі адам ұйықтағанда депрессия, гипноз, наркоз күйінде болады, онда оның «мен» күйі жоғалып, сергектену күйіне өтеді, сана реалды «Менді» тұлға құрылымына проекциялайды.

Жетінші қабат - коллективті бейсаналық (Юнг) адамдардың тұқым қуалаудан алатын ұғынылмаған психикалық құрылымдар, бейнелер, ұрпақтан - ұрпаққа беріледі, алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесін өзіне алады. Коллективті бейсаналықта «психикалық космос» (жартылай өткізгіш арқылы бір жақты таралу) процестері өтеді онда адамдар арасындағы контакт жүзеге асады, адам әуелден-ақ оқшауланған жан емес, әрбір адам адамзаттық психика мұхитына бойлау, яғни психокосмос. Адам өз әлемін түсіне отырып, барлық әлемді түсінеді.

Психологияда сана - ол сезімдер мен ақыл ой бейнелерінің калейдоскопы, онда біруақытта түйсіну пайда болады, яғни менің бастан кешкен әсерленулерім, алайда сананың алды бейсаналық күй, ол оның ылғида алдына шығып отырады, бейсаналықты сананың анасы, тамақтандырушысы, бейсаналық ылғида тартылуы керек, ол соны қажетсінеді. Сана өзінің күштерін бейсаналықта бітіреді, тек саналық пен бейсаналықтың өзара байланысы ғана олардың жасампаз мағынасының шарты болып табылады. Адам санасы бітпейді, көпқырлы, сана ылғида жағымсыз жағдайларды тереңге тығып тастауға тырысады.

Тұлға феноменіндегі терең психика жұмбақтары — бейсаналық ашылмаған материк, онда кейбір орнықты стандарттарды көруге болады, олар бізге көру ( ағындарын береді, ғалымдар төрт түрлі сағымдардың бар екенін дәлелдеді, олардың қайнар көздері бар, табиғаты ерекше.

Профессор Грофф зертгеулері бойынша, 1—сі адамның абстракциялық, эстетикалық тәжірибелерімен байланысты, ол ерекше бір түстерді, иістерді, формаларды көреді, фантастикалық, экзотикалық ландшафтарды көреді, тайга, джунглиреді көреді. Бұл нені білдіреді? Яғни, Адам психикасы эстетикалық бейнелерге айнала алады, ол бейсаналық облысты қамтымасада, өзінше ерекше дүние, эстетикалық интуиция деп аталады.

2 ші көру типі биографиялық тәжірибемен байланысты, ақын айтпақшы «бұл жағдай мен де болды...», формасы бойынша түс көруді еске түсіреді, бейнелер бейсаналықтан алынады, адам өз өмірін қайтадан бастан кешіреді, балалықтағы бақытты күйлер немесе ащы кездер олар сол кезде психикада із қалдырған. Тұлға теориясьшда (психоаналитикалык практикада) пациенттер жиі балалыққа оралады (альтурист және эгоизм, махаббат және жеккөру олар бәрі бейсаналықта шырмаланады.

3-ші көру психологияда жасалған бірде бір теорияға, зерттеуге кір алмайды, табиғаты өте жұмбақ, мысалы ана құрсағынан баланың бөліну процесі психологиялық феномен. Баланың дүниеге келуі драматикалық терминдермен белгіленеді, туа салған бала терең дағдарысқа ұшырайды өзінің физиологиялық топологиясына байланысты өлімге жақын келеді. Физикалық ауру күйі, агониялар (бала ушін) туу процесіне әсер етеді.

Бұл адам дүниеге келіп жатқандағы, өміріндегі ең сынды кезең, бала ана құрсағынан бөлінеді, бұрынғы биологиялық байланыстар үзіледі. Өліммен эмоциялық және физикалық қағтығысулардың нәтижесінде ұрықтың (плод) психикасында терең өзгерістер болады, қорқыныш сезімі, қауіпсіздік сезімі пайда болады.

Сана асты күйінде, Психиканың тереңінде архетипті (тұқымқулаудан алынған бірінші бейнелер) бейнелер салынады, мысалы жанып жаткан пеш, тасып жатқан су, жаман қорқынышты бейнелер. Бұл күйлер адам кейін есейгенде галлюцинацияда кездеседі, мистикалық бейнелерге жоғалған пейіш, құлаған періште, лабиринтгі адасу сияқты символикалар сәйкес келеді.

Ұрық дүниеге келуі керек, ол әлі анасының кұрсағында қала беруге күреседі, керемет энергия ағыны туындайды, психиканың тереңінде вулкан ағындары, штормдар, сілкінулердің символикалық бейнелері пайда болады. Бұл күйге архетиптер жауап береді— титандарды ұстап алу, кеменің ең асты тағы басқалар, мифологиялық бейнелер туындайды-демондармен, періштелермен, құдайлармен космостық соғыстар (бәрі психоанализ арқылы пациенттердің ассоциациясы).

Енді ең соңғы саты жақындап келеді, туу процесінің қорытынды сатысы, қатты ауырлықтан кейін, зорығудан кейін толық босаңсу кезеңі басталады, бұлыңғырлық өте жарқыраған жарықпен алмасады, кіндігі кесіледі, адам енді тәуелсіз өмір сүре бастайды, енді архитип символикалар жоғалып, индивидуалды болмыс пайда болуы керек, алайда осы кезеңдегі жады матрицасында, сондағы символикалар адам есіне сақталады.

4-ші керу психоаналитикалық сеанста пациент өзіне қатысы жоқ картиналарды көреді, ол монгол атын, испан тілін, австралия күзетшісін кереді, неге? Бұл тәжірибелер трансперсоналды д.а. яғни барлық адамзатқа тән жинақталған ақпараттар. Әрине былай ұйғаруға болады, нақты адамның сана асты күйі тек өзінің меншікті мәдениетіне тән бейнелерін ғана үстіге шығарады деп, индивидке жақын тәжірибелер мен дағдылар.

Ал шындығында ол олай емес, психиканың тереңінде өз ақпараттары шегінен шығатын бейнелер болады, адам көне замандағы символикаларды көреді, оларды көру ешнәрсемен бекітілмейді., алайда әсерлер өте анык көрінеді, адам бұрынғы оқиғаның бәрін көре алады барлық адамзатқа тән ес бар, алайда бұл тек гипотеза жаңа тұлға теорияларнда ашық тұрған сұрақ.

Яғни адамдардың түпкі негізі бір. АДАМ жанталасқан жан, үнемі өзі жайлы түсініктерді өзгерте береді.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жарнама психологиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconМазмұны
«Компанияның қаржылық стратегиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon5. Студенттің өздік жұмысы тақырыптарының мазмұны
«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Дифференциалды психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы А. Коңырова
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconОҚытушыға арналған пәН
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Қазақстан экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница