«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Название«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
страница5/7
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/96c795b7-866e-11e3-9ea3-f6d299da70ee3.doc
1   2   3   4   5   6   7

Вербалдылық. Кеңес беруші психолог клиенттің айтатын сөз тіркестерін, сөздерін жиі қайталайды. Бұны, клиенттің өзі өзіне, сөзіне мән беріп, тыңдап, көңіл аудара бастауы үшін керек.

  • Кеңес беруші психологтың сөйлемей тыңдауы, соның негізінде клиент қабылдауды түсінеді. Егер кеңес беруші психолог клиентті қабылдайтын болса, онда оның өз-өзін қабылдауға деген мүмкіндігі көп болады. Клиентті қабылдай алмаған кеңес беруші, өз-өзін де қабылдай алмайды деген сөз. Мұндай кеңес беруші өз-өзіне деген құндылықтың көптеген шарттарын қояды. Соның негізінде фрустрацияға ұшырайды.

  • Эмоцияға акцентуация жасау. Әңгімелесу барысында клиенттің көңілі оның және қоршаған ортаның эмоциясына ауып кете береді. Бұны клиенттің эмоцияға деген көңілі арқылы оның ішкі, терең өзін актуалдаумен байланысты қажеттілікке бағыттау үшін керек. Көбінесе, эмоциялар санаға мінез және шығарылып тасталған қажеттілік туралы хабар береді.

    Адамдарға біріншіден өзін одан кейін қоршаған ортаны қабылдай алуы үшін, клиент-орталықтанған бағытының шекарасында мынандай жатттығу ұйымдастырылды. Таблицаны толтыру ұсынылады.


    Клиент-орталықтанған бағытындағы тұлғаның конгруенттылығын анықтауға арналған әдістеменің бланкісі.



    Жеке тұлғалық қасиеттер.

    Реалды Мен.

    Өзіңізге тән мінездемені белгілеңіз, басқа біреудің ойына қарамастан.

    Әлеуметтік Мен.

    Сізді танитын адамдар сізге қандай қасиеттердің тән екенін көрсетер еді.

    Идеалды Мен.

    Сізді жақсы жағынан көрсететін қасиеттерді белгілеңіз, бірақ индивидуалдылығыңызды жоғалтпайтындай болуыңыз керек.

    1

    2

    3

    4

    Шыныққан(бодрый)










    Табанды










    Шулы










    Жауапты










    Армандағыш










    Шыныш емес










    Талап қойғыш










    Чванливый










    Шыншыл










    Адал










    Қозғыш










    Кемелденген емес










    өжет










    Тазалықты сүйгіш










    өзін аяғыш










    Сабырлы










    Индивидуалдылықты ұнатады










    Тұйық










    Мейірімді










    кемелденген










    Артистілік қабілеті бар










    Ақылды










    Күлкілі










    Идеалдылықты ұнатады










    Түсінгіш










    Жылы










    Бос(расслабленный)










    Сексуалды










    Белсенді










    Сүйкімді










    Эгоист










    өз-өзіне сенімді










    Ішкі жан дүниеге кіре алатын,сөзсіз түсінетін











    Клиент таблицаны толтырып болғаннан кейін қатардағы ұқсастықтары бар анықтауыштарды дөңгелектеу ұсынылады. Ол көнгруенттіліктің мүмкін болуының кездері. Одан кейін клиентпен келесі сұрақтар талқыланады:

    • Сіздің кейбір армандарыңыз реалды емес сияқты болып көрінбейді ме?

    • Сіздің идеалды сипаттыңыздағы мақсаттарыңызды өзгерте алушы едіңіз бе?

    • Оған себептер бар ма?

    Өзіңіздің сәйкес келмеушілігіңізді талқылау үшін шағын топтармен немесе күнделік бастауыңызға болады. Топ ішінде қатардағы көрсетілген қасиеттердің біреуіне сай келетін тұлғаның рөлін ойнауға болады. Сонда клиент өзінің қиялындағы рөлде өзін қалай сезінетінін байқауға болады.

    К.Роджерс қазіргі қоғамда клиент-орталықтанған қамқорлық, клиент-орталықтанған қарым-қатынасқа деген сұраныс көп екеніне көзі жетті. Осыдан, топтық кездесулер және бір-біріне психологиялық көмек көрсету идеясы, яғни клиент-орталықтанған қарым-қатынастынасқа тән әрекет-қылықтар пайда болды. Клиенттер топтық кездесуді ұйымдастырып отырған фасилитаторларға қарап, осындай әрекеттерге үйренеді. Фасилитатордың негізгі міндеті клиент-орталықтанған қарым-қатынасты көрсету, топтың басқа мүшелерін осы қатынасқа тарту болып табылады.

    Жанұяны К.Роджерс топтық кездесулердің аналогы ретінде қарастыратын. Адамдық қоғамның даму деңгейінде жанұяны әртүрлі факторлар біріктіреді. Ерте кездерде өмір үшін бірлесіп күресу негізінде жанұя құрылатын, жалғыз трі қалу мүмкін болмайтын.

    Қазіргі кезде жанұя басқа себептерге байланысты пайда болады. Негізгі себебіне клиент-орталықтанған қарым-қатынасты өзіңе жақын адаммен жасауға деген қажеттілік жатады. Жанұяның сәтті болып қалыптасуы жұбайлардың қаншалықты клиент-орталықтанған терапевтің рөлін ойнауға қабілеттіліктеріне байланысты. Жанұялық терапевтің рөлін ойнау қазіргі кезде өте маңызды әрі жетекші рөлді алады. Жұбайлардың осы рөлді ойнай алуларына байланысты олардың жаұясындағы барлық тұлғалардың дамуына әсерін тигізеді.

    К.Роджерс жақсы ата-ана функциясы мен жаман функцияның моделін көрсетті.

    Жақсы функцияны атқаратын ата-анада өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі қалыптасқан болуы керек. Осы қасиеттің негізінде ата-ана баласын қабылдай алып, оны организмитикалық бағалай алады. Организмитикалық бағалай алу дегеніміз, ата-ана баланы бағалаған кезде қажеттілігіне емес, оның ішкі қабілетіне қарап бағалай алу деген сөз.

    Жаман функцияны атқаратын ата-анада өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі қалыптасады. Яғни бұндай ата-ана өзін-өзі қабылдай алмағандықтан баласын да қабылдай алмайды. Баланы тәрбиелеуде осындай ата-аналар баласына көптеген талаптар мен шарттар қояды. Мұндай ата-аналармен жұмысты ең біріншіден олардың өзін-өзі қабылдауың деңгейін көтеруден бастау керек.


    8 тақырып: Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары.


    Тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеу. Өзіндік бағалау тұлға дамуында орталық орынды алады, ол әлеуметтік адаптацияға, дезадаптацияға I байланысты, тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Әрине ол адамға басынан-ақ берілген. Социум өзіндік бағалауға әсер етеді. Тағы да педагогикалық іс-әрекетке келеміз, жеткіншектер жасы, егер оның өзін бағалауы социумда тіреу таппаса, оны басқалардың бағалауы өзін бағалау шкаласымен салыстырғанда ылғида төмен болса, онда фундаменталды қажеттіліктердің бірі өзін силату қажеттілігін тарату жабылады (блокируется) бірден өзін дискомфорт сезімінде сезінеді.

    Ал тұлға үнемі дискомфорт пен дистресс жағдайында болуы мүмкін емес, ал жеткіншек болса өзі бұл психологиялық жағдайдан шыға алмайды, жолын өзі таба алмайды. Оның өзіндік бағалауы әлеуметтік кеңістікте адекватты тіреу табуы керек. Осы мәселені психологиялық шешудің бір жолы жеткіншектің өзіндік бағалауын адекватты қабылдайтын топқа кіруі, жеткіншек осы топта өзін комфортты сезінеді, силауға деген қажеттіліктері қанағаттандырылады (гуманистік психология, гештальт терапия).

    Мұнда мына модель жұмыс жасайды топ ішінде «шестерка», ал басқа бөтен жеткіншектер үшін авторитет. Гуманистік теорияда (Маслоу) өзін силатуға деген қажеттілік адамның фундаменталды қажеттіліктерінің бірі деп санайды.

    Тұлғаның акцентуациясы. Акцентуация терминін бірінші рет неміс психиатры, Берлин неврология клиникасының профессоры К.Леонгард кіргізді. Кеңес психологиясында балалар психиатры А.Е.Личко акцентуацияның басқа типтерін ұсынды. Акцентуация деген ол мінездің дамуының дисгармониясы, кейбір мінез қырларының ерекше көрінуі (гипертрофты), тұлғаның кейбір ситуацияларға адаптациясын қиындатады. Леонгардтың жұмыстарында тұлға акцентуациясы және мінездің акцентуациялы қырлары деген түсініктер үйлесіп беріледі, ал Личко тек мінез акцентуациясы деп қарайды.

    К.Леонгардта демонстративті тип, педантты тип, тұрып қалған (застревающий) тип, қозғыш тип, гапертимді тип, дистимді, циклотимиді, экзальтирлі тип, эмотивті тип, мазасыз тип. Личко да орнықсыз тип, конформды тип, шизоидты, эпилептоидты, истериодтты, астено неврология, сенситивті, психоастеникалық, гипертимді. Циклоидты, лабилді, аралас типтер бар.

    Орнықсыз тип еңбек жасағысы келмейді, мейрамға, қыдыруға әуес, ерік күші әлсіз, егерде парыз деп санасада еркі оған жетпейді, байланысқа үстірт түседі, романтикалық ғашықтық жоқ, болашағына қам жемейді, жоспар құрмайды, бүгінмен ғана өмір сүреді.

    Конформды тип негізгі мінез қыры «барлығы» сияқты болуға ұмтылу киім кигеннен тамақ ішкенге дейін, қоршағандардан позициясы, мінез-құлқы пікірлері қатты тәуелді болады. Өз ортасының «Жақсы» ортасында тырысып оқиды, жұмыс жасайды, «жаман» ортада олардың дәстүрлерін, әдеттерін тез үйренеді. Мінез-құлықтың топтық эталондарын, информацияларды құндылықтарды қабылдауға сынмен қарамайды. Жеке бастама қажет болмағанда жақсы жұмыс жасайды.

    Шизиодты тип. Негізгі қыры қарым-қатынаста тұйық, сезгіштігі кем байланысқа түскенде тез айнып тіпті тез өзіне кетеді, басқалардың қайғысын түсінуге сезімтал емес, эмпатиясы төмен, партнердің ойларын, тілектерін ұқпайды. Әуестенуі өте күшті, тұрақты, ешкімге ұқсамайды. Эротикалық фантазиялары бай болады, жиі асексуалды, эмоциялық контактілерге түсуі өте ауыр.

    Эпилептоидты тип көңілі толмайды іші пыса береді, соған байланысты ашуланшақ, сол ызасын төгетін объектіні ылғи іздеп жүреді, аффективті жарылғыш, аффектілері өте күшті, ұзаққа созылады, махаббатта өте қызғаншақ, құрбыларына келгенде лидер, билікті алғысы келіп тұрады, қатал тәртіп жағдайына жақсы бейімделеді, бастықтың алдында бәрін орындап, жағдайын түзеткісі келеді, ұсақшыл ұқыпты, барлық ережелерді дәл сақтайды,тіпті олары іске кесірін тигізеді, реттілікті ұнатады, педант.

    Истериодты тип негізгі белгісі өте эгоист, өзіне елдің бәрі көңіл бөлсе дегенге қатты алаңдайды, бәрі маған таңқалса, қызықса деп ойлайды, жалғандығы және фантазиясы өзіне назар аударту үшін жасайды, театралды бастан кешіру, өзін көрсете береді. Жұмысқа қабілеті төмен, өзін көрсететін жерде ғана қимылдайды.

    Астенико невротикалық тип тез шаршайды, ашуланшақ, ақыл ой жұмысында тез шаршайды, болар болмас нәрсеге аффективті.

    Сенситивті тип өзінің әлсіздігіне жоғары сезімталдық, өзінен көп кемшілік көреді, физикалық меніне көңілі толмайды, тұйық, қорқақ, ұялшақ, танымайтындармен қарым-қатынасты орнатуы қиын.

    Психастеникалық тип шешімге келе алмаушылық, мазасыз, кінәмшіл, жақын туысқандарын көп ойлайды, мінез қырлары бастауыш мектепте-ақ көрінеді, өзі үшін, басқалар үшін жауап беру ең қиын тапсырма болып табылады. Қиялында қорқынышты көп ұстайды.

    Гипертимді тип көңіл күйі ылғида жоғары, лидерлікке жету ылғида белсенділік көрсетеді, жаңаға тез назар салады, бірақ қызығулары тұрақсыз, таңдаусыз әркіммен таныса береді, таныс емес ортаға тез бейімделеді, бірақ жалғыздықты көтере алмайды, тәртіпке жоқ өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды, болашаққа оптимист көзқарас, ашуы тез тарайды.

    Циклоидты тип көңілі біресе жоғары біресе төмен тез ауысып тұрады, жұмыс қабілеті де соған байланысты болады, сәтсіздіктерді өте қиын бастан кешіреді, суицидқа жақын.

    Лабильді тип көңіл күйі тез алмасады, соған қарай белсенділігі де өзгереді, қарым-қатынасы да өзгереді, сезімдері терең, шын болады, сезімтал, лидерлікке ұмтылмайды, өз мінезін адекватты эмпатияға бай, бағалайды.

    Аралас типтер акцентуациядан басқа екі қыр анық көрінеді, жартысы акцентуациялы болады, мысалы конформды гипертимді тип болуы мүмкін.

    Тұлға теорияларына байланысты соңғы кезде көп айтылып жүрген А типті тұлғалар және А типті мінез-құлық модельдері. Бұл ұғымдарды тұлға психологиясына психосоматикалық медицинадан М.Фридман, Р.Розенман әкелді. Бұл типтегі адамдар нәтижесінде психоэмоциалы дистресске әкелетіні дәлелденді.

    Негізгі белгілері біріншілікке күшті ұмтылады, әлеуметтік басымдылықты жақсы көреді, өмірді бәсекелес күрес деп ойлайды, барлық жерде бірінші болғысы келді, жәй нэрселердеде бірінші болу тілегі басын ауыртады, амбициялы болады, шыдамсыздықты жиі көрсетеді, қайсар, мақсатқа жетуде өте шыдамсыздық көрсетеді, агрессияны жиі білдіреді, алайда осының бәрін әлеуметтік бәсекелесуде ғана көрсетеді.

    А типті тұлға атауы жиі түрде А типі және оның жүрегі немесе коронарлы тип деп аталады, себебі бұл типтегі адамдар инфаркт, инсульт аурулары жиі кездеседі, психоневрологияға тәуекел көп болады. Әлеуметтік бәсекедегі сәтсіздіктер оларды психоэмоциялы тәуекелге, дистресске тез әкеледі.

    Тұлға феномені өте күрделі және уникалды, типологиямен тұлға теориясының көрнекті өкілдері Юнг, Айзенк, Фромм, Кречмер, Шелдон, Лазурский, Павлов, Кант, Декарт және т.б. айналысты. Психоанализдегі тұлға теориясына бағытталған тұлғалар типологиясы, психоаналитикалық типология.

    I. Оралды тип басқалардан қатты тәуелді болады, ішкі бағдары енжар, арам немесе шектен тыс ақкөңіл болады.

    II. Аналды тип ұқыпты, бірбеткей, тәртіпшіл

    III.Уретралды тип даңқты жақсы көреді, ұялшақ бірақта бақталастыққа жақын болады.

    IV.Фалии тип (өз жыныс мүшесіне қызығудың басталуы) шешім қабылдағыш, өзіне сенімді, мақсатқа ұмтылғыш.

    Ү. Гениталды тип теңгерілген тұлға.

    Хейманс психологиялық характерологиясын француз мектебінің өкілі Ле Сенн аяқтаған типологиясы.

    Эмоциялық тип, белсенді тип, біріншілей және екіншілей тип осылардан сегіз мінез сипаттамасы шығады. Жүйкесі жұқарған, сентименталды, өте әрекетшіл, қызба, ынтыққыш, сангвиник, флегматик, аморфты қамсыз, апатиялы.

    Психологиялық әдебиеттерде адамды белгілеу үшін, сипаттау үшін үш термин қолданылады индивид, индивидуалдылық, тұлға, олар адам түсінігін ерекше көрсете отырып, өздерінің мазмұндары әртүрлі болады. Адамның дамуы жайлы, меңгерген индивидуалды ерекше психологиялық, рухани және әлеуметтік сапалары туралы айтатын болсақ, онда жоғарыдағы үш түсінікті талдауымыз керек.

    Қайтадан бізді қорқыту үшін немесе таныс бет бейнелерді неге қайталайды. Сондай-ақ ұқсас дауыстар да бар. Алайда олар тек сырттай ғана ұқсас, ал ішкі әлемдері жатқан бір жұмбақ. Тарзанды шал ретіңде елестету мүмкін емес ғой, адам деген бір уникумм. Нақты бейнелер мықыт торстарды жасайды, біз оларды басқаша қабылдай алмаймыз. Дон Кихоттың, Алпамыстың сыртқы бейнелерін ауыстырып көріңіз.

    Балалар өздеріне таныс мультфильмдерді жақсы көреді, кейін олардың персонаждарын басқаша ауыстырғанда, олар көрмей қойған. Жаңа геройларды таныс еместер деп қабылдаған, бұрынғы геройлар тек бет әлпеті өзгерілген.

    Индивид тарихтың алғы шарты. Мен өзімді көргім келсе, көз алдыма келтірсем, алдымен физикалық бейнені кез алдыма келтірем, алайда ол ауысады ғой, жылдар өтеді, қатты өзгерістер байқалады, дауыс өзгереді тағы басқалар. Ішкі темір бездерінен (внутр.желез) жұмбақ секрециялар ояна бастайды. Таң қаларлық энергиялар туындайды. Мен өзімді жанымнан бақылаймын, шынында мен бе, депрессияға ұшыраймыз. Сұрақтар көп.

    Индивид биологиялық сипаттамалардың жинағы болсада ол әлеуметтік тірі жан, сондықтанда оған тек тәнге қатысты және жалды психологиялық қасиеттер ғана тән деп ойламау керек. Сондықтанда индивидті «қоғамға» абстракция ретінде қарсы қою керек, яғни адам қоғаммен қалай арақатынаста болады сол мағынада түсінеміз.

    Адам табиғи негіздерді бөледі, индивид әуелден-ақ әлеуметтік, алайда әрбір адам өзінде керемет индивидуалды байлықтарды ашады деп ұқпау керек, белгілі бір деңгейде ол табиғи негізгілік, социумға енген деп түсініледі. Социумда адам не ашылады не жабық әлеуметтік атом ретінде қалады. Фантастикалық әдебиетте минимум адам деген бар, ал адамдар минимумға емес максимумға ұмтылу керек, әлеуметтік процестер индивид, оның байланыстары арқылы таратылады. Біз индивидте әлеуметтік және психологиялық байлықтарды ұйғарамыз.

    Индивидтті түсіну үшін оны қоғамна тыс қабылдай алмаймыз, себебі ол сол қоғамда өмір сүреді. Индивид өзіндегі шарттанған биологиялық қажеттіліктерді тарату үшін қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі. Ендеше индивидті бөлуге болмайды, бір жағынан тек биологиялық әлемін, бір жағынан тек әлеуметтік әлемін, қоғамды бөлек көре алмаймыз, себебі қоғам оларды не қанағаттандырады не басып жоқ қып жібереді.

    Американдық психоаналитик Фромм өзінің тұлға жайлы теорияларында көрсетеді, адамның әлеуметтік тарихы адам өзін табиғатпен бірлікте болған күйінен бастап шықты, ол өзінің жеке тірі адам екенін, басқа адамдардан айырмашылығы бар екенін түсінгенде пайда болды. Соған қарамастан индивид табиғаттың бір бөлшегі екенін үнемі сезінеді. Адам табиғаттан бөліне отырып, индивидке айналып, өзін адам ретінде бірінші рет сезіне бастады деп жазады ол.

    Тұлға деген кім. Санкт-Петербургта сот процесі жүріп жатыр, адам өлтірген қылмыскер жетондармен ойнап отыр, көзін жартылай ашып шешім оқыған прокурорға қарады. Сонда оның санасында не өтті, қорқыныш, ұялу, өкіну әлде агрессия ма. Осы адамға өлім жазасы туралы үкімді оқығанда мен оған қарадым, оның көзкарасы мәнсіз, нейтраль, әрі тоқтап қалған сияқты көрінді. Соңғы сөз оқылғанда залдағылар қатты қол шапалақтады.

    Мені осы жағдайда не таңқалдырды, жауыз кылмыскер емес, үкімді оқып жатқандағы өлі тыныштық орнамаған жағдай емес, прокурордың қаталдығы емес, мен күтпеген залдағы адамдардың қол соғуы болды. Залда бір жын күш пайда болғандай, елесі көз алдыма келді.

    Адамның өмірі зорлықпен тоқтатылды, әрине менікі дұрыс емес шығар, қылмыскерге жақ тартуға болмайды, егерде адамдар осы процесті үнсіз бақылап, оны ойша талдаса ғой, бірақ олар бәрі ешнәрсе болмағандай есікке асықты, күнделікті тіршіліктеріне асықты, ешнәрсе болмағандай. Алайда олардың ең куанғандары басқаша болды, олар өлім жазасын қол шапалақтап қарсы алып, қуаныштарын соған шығарды, есіктің сыртында күтіп тұрған тіршіліктеріне емес.

    Енді қылмыскерге оралайық, қандай суыққанды адам, мен ойладым қандай ерекше тұлға, ерік импульсі қандай күшті, онда не деген күшті қайталанбастық және жауыздық бар, қандай өзіндік ерекшелік, әрине сіздерге бұл ой ұнамайды, мен әдейі істеп тұрмын, әрине оны тұлға деп айту қиын, адам өлтірген адамды қайталанбас керемет деп айту логикаға сыймайды.

    Бізде коллективті сана деген мүлдем деградацияға ұшыраған, құндылықтар өзгерген, оқушыларға арналған әдебиеттерді қарасақ бұрынғы өмірдегі жағдайларды керемет тұлғалар жасаған, бірақ қиналмаймыз, олардың бірі ұрлықшы, сатқын, интриган, екіншілері қылмыскер екені бізді қинамайды. Біз бәрібір ойлаймыз қандай керемет тұлға деп, теориялық тұрғыдан жамандар да адамдар, әрине тарихты солай жаман деп көрсетуге болмайды.

    Сол кездің адамдары да өздерінің ынтығуларымен, қорқыныштарымен, өз әсерленулерімен өмір сүрген. Неге біз адамдардың ерекшелігі жайлы нәрсені солармен байланыстырамыз, бәрібір оларды тұлға деп мойындаймыз. Патша тойға адамдарды өлтіретін пирогты комплексіз, қиналмастан апарды, бәрібір жауыздық болсада адам тұлғасы жайлы айтамыз.

    Ресейден шыққан тоғызыншы сыныпқа арналған Я.Соколовтың «Азаматтықты тану» (граждановедение) кітабында жазылған «Иә, қылмыскерде, ереже бойынша тұлға, да, осыны оқыған бала қиялында тұлғалар парады өтеді өкіметті тонаушылар, бұзықтар, ұрлықшылар... Бәрі абсурд... Философия тарихында индивидуалдылық пен тұлға түсінігіне байланысты Н.Бердеявтің мына сөзін айтуға болады: «человек может иметь яркую индивидуальность и не имет личности».

  • 1   2   3   4   5   6   7

    Похожие:

    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жарнама психологиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconМазмұны
    «Компанияның қаржылық стратегиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon5. Студенттің өздік жұмысы тақырыптарының мазмұны
    «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
    Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Дифференциалды психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
    Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы А. Коңырова
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconОҚытушыға арналған пәН
    ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Қазақстан экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
    Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
    Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
    «Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
    «жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
    Разместите кнопку на своём сайте:
    Документы


    База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
    обратиться к администрации
    Документы
    Главная страница