«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Название«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
страница1/7
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/96c795b7-866e-11e3-9ea3-f6d299da70ee3.doc
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-14.05.01.20.65

/03-2012

«Тұлға теориялары» пәні бойынша

оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция №



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Тұлға теориялары»

«050503» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2012




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Студенттің өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ


1. Істер (деяние) - субъектінің белсенділігінің көріну формасы.

2. Психологиялық қорғаныс - конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі.

3. Индивидуалдылық - басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді айырмашылықтарымен сипатталатьш адам.

4. Интроспекция - адамның өзіндік бақылау жолымен психикалық құбылысты тану әдісі, яғни адамның өзі санасында әртүрлі тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі.

5. Когнитивті психология - психологиядағы жаңа зерттеу бағыттарының бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің динамикасы мен қалыптасу процесі негізінде түсіндіреді.

6. Тұлға - әлеуметгік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

7. Тұлғалық мағына - қоршаған орта кұбылыстары мен объектілерге тұлғаның субъективті қатынасы.

8. Дүние таным - объективті әлем мен ондағы адамның орнына, адамның қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі.

9. Психолингвистика - ғылым облысы, психология мен лингвистиканың арасындағы шекара (грань), адамның сөзін, оның туындауын, жұмыс жасауын зерттейді.

10. Тұлғаның өзіндік анықталуы - проблемді ситуацияда меншікті позицияны бекіту және табудың саналы актісі.

11. Өзіндік бағалау - тұлғаның өзін бағалауы, өз мүмкіндіктерін, садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы.

12.Статус - адамның топтағы жағдай, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

1З. Құрылым - объектінің тұтастығын және өзіне ұқсайтындығын қамтамасыз ететін объектілердің компонентерінің арасындағы орнықты байланыстардың жиынтығы.

14.Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын

индивид немесе топ.

15.Тұлғаның қырлары - индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері.

16. Әуестену - ұғынылмаған немесе жеткіліксіз ұғынылған қажеттілік көрсететін психикалык күй

17.Диспозиция - адамның белгілі бір сыртқы немесе ішкі әрекеттерге дайындығы, бейімдігі

18.Қызығу - адамның қандайда бір объектіге эмоциялық жоғарғы зейіні 19.Мотив - субъектінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекетке ояту

20.Мотивация - организмнің белсенділігін және оның бағытын анықтайтын бағытын шақыратын ояну

21.Ынталану - әлеуметтік рұқсат етілген көрсеткіштер аркылы әрекет себебін субъектінің рационалды түсіндіруі

22.Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа жету қажеттілігі және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады

23.Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу

24.Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің жиынтығы, тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайды.

25.Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір нәрсеге қатысты мұқтаждығы

26.Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру

27.Жетістік тестері - сыналушының нақты білім, ептілік, дағдыларының деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме


2.«Тұлға теориялары» пәнінің дәрістік материалдары.

1 тақырып: Жеке тұлға психологиясы: пәнге кіріспе.


Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар.

Тұлғаның психологиялық теорияларында тұлғаның табиғатын түсіндіретін өзара бір-бірін толықтыратын екі ықпал бар. Біріншісінде тұлға субъектінің мінез-құлық ерекшеліктері мен интрапсихикалық қасиеттердің автономды жүйесі, уникалды деп анықтайды, ол жүйеге мінезі, қабілеттері, түсініктері, құндылыққа бағдарлануы мен концепциялары кіреді.

Екінші ықпалда тұлға болу үшін интерперсоналды кеңістікке қосылуы керек, басқа адамдармен белсенді саналы әлеуметтік қатынастар құрады, яғни тұлға ол интерпсихикалық байланыстары мен адамның өзара қатынастары. Тұлғаның интерпсихикалық компонентіне шоғырланған Л.Хьел, Д.Зиглер оны ғылыми зерттеудің келесі аспектілерін көрсетеді:

Тұлға құрылымы ол тұрақты сипаттамалар, әртүрлі комбинацияларға түсе отырып бірыңғай, ұйымдасқан тұтастық құрайды және тестілеуде немесе экспериментте орнықты көрсеткіштерді табуды мүмкін ете алады; мотивация мінез-құлықтың процессуалды, динамикалық аспектілерін қосатын оның себептері мен факторларын шақыратын оятатын мотивтер.

Тұлғаның дамуы әртүрлі жас сатыларында нәрестеліктен қартайғанға дейінгі оның қасиеттері мен ерекшеліктерінің заңды өзгерістері; тұлғаның психопатологиясы тұлғаның биосоциалды қоршағандарға адаптациясында шарттанған қиындықтар, процестер, факторлар және психиканың жұмыс жасауынан ауытқуы; тұлғаның психикалық денсаулығының негіздемесі белгілі бір критерийлермен сәйкес бөлінгендер; тұлғаның писхологиялық әсерді коррекциялау процесіндегі трансформациясы эмоциялық ерік когнитивті, мінез-құлықтық сферадағы өзгерістер, психотерапевтік ықпалдар мен техникалар жасайтын жағдайларға жету үшін жасалатын трансформациямен байланысты болады.

Тұлғаның кез келген теориясы мына сұраққа жауап беру үшін жасалған. Тұлғаның құрылысы оны құрайтын элементтер қандай? Адамның істерін қандай мотивтер бағыттайды? Адамның тұлға болуын не детерминациялайды, оның өсуін не қамтамасыз етеді, не кедергі келтіреді? Тұлғалық дамуда қандай факторлар аномалияны шақырады? Психикалық денсаулықты бағалау критерийі мен шарты қандай?

Тұлғаның өзіндік тиімділігін көтеру үшін және позитивті өзгерту үшін оларды не камтамасыз етеді? Д.Мацумото әртүрлі теорияларды жалпылап, оларды біріктіретін жағдай ол сыртқы ситуациялардан тәуелсіз орнықтылық мәселесі деді. Альтернативті ықпал былай айтады: тұлға тек әлеуметтік байланыстары мен тұлға аралық қатынастардың жүйелері арқылы ғана адекватты түсініледі.

Тұлғалық белсенділік теориясы бойынша А.В.Петровский интраиндивидуалдымен қатар тұлға аралық өзара әрекеттің «индивидуалдылықтың айналасындағы кеңістік» ретінде белсенділіктің интериндивидуалды сферасы да бөлініп алынады. А.В.Петровский бойынша тұлғаның белгілі бір қырларын бекіту индивидтің сол бірлестікке қосылу механизміне бағынады.

Тұлғаның дамуын индивид аралық қатынастар субъектісі ретінде бағалау үшін негізгі критерийге әлеуметтік топтарға кіру сәттілігінің дәрежесі алынады, өзінің меншікті белсенділігін басқа адамдармен белсенділікпен интеграциялау қабілетінің деңгейі алынады. Тұлға үнемі қарым-қатынаста, басқаға арналған қатынаста беріледі және «ішкі тәуелсіз территориясы» болмайды, әлеуметтік қатынастардан автономдылығы жоқ деген идеяларды М.М.Бахтин және Л.С.Выготский жасады.

Олардың бірігулерінен ол кеңес психологиясының, қазіргі психологияның гуманитарлық білімдер жүйесінің негізі болып табылды. М.М.Бахтин оны келесі тезисте көрсетті: «Мен өзімді ұғынамын өзімді тек басқаға ашқанда ғана, басқаның көмегімен ғана өз өзім бола аламын». Адамның өз болмысы (сыртқы мен ішкі) терең қарым-қатынас. Бар болу ол қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Бар болу ол басқа үшін бар болу сол арқылы өзім үшін бар боламын.

Тұлға аралық қатынастар субъектісі ретінде тұлға өзінде үш репрезентацияланған (сфералар) бірлікті табады:

1) интраиндивидтілік тұлға оның «интраиндивидті сапаларының» орнықты жиынтығы ретінде адамның индивидуалдылығын құрайтын психикалық қасиеттер (темперамент пен мінез ерекшеліктері, қабілеттері, мотивтері, тұлғаның бағыттылығы және басқалар).

2) интериндивидті тұға индивидтің индивид аралық байланыстар кеңістігіне қосылуы ретінде қаралады, онда ішкі топтық өзара қатынас пен өзара әрекет оларға қатысушылардың тұлғалық сипаттамасы ретінде қаралады (мұнда тұлға аралық өзара қатынастарды түсінудегі жалған альтернатива жойылады, олар не топтар феномендері не тұлға аспектілері ретінде қаралады, мұнда тұлғалық топтық, ал топтық тұлғалық ретінде алынады.

3) метаиндивидті тұлға индивидтің басқа адамдармен тіршілік іс-әрекетіндегі «идеалды берілу» ретінде қаралады, сонымен қатар маңызды өзара әрекет шегінен шығады; мұнда адам интеллектуалды, эмоциялық немесе мотивациялық сферасындағы мағыналық құрылулардың субъектісі ретінде беріледі.

Индивид өзінің дамуында әлеуметтік детерминацияланған қажеттіліктерді, тұлға болуды бастан кешіреді, өзін басқа адамдардың тіршілік әрекетіне сеніп тапсырады, олардағы өзінің бар болуын сезінеді, мәнді әлеуметтік іс-әрекетте өзінде тұлға болу қабілетін көреді. Тұлға индивидтің интерперсонал байланыстары негізінде жасалатын іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне қатысты қатынастардың ерекше жүйесі ретінде қарастырылады.

Ол қатынастар тұлғаның құрылымдық біріншілей элементтері болып табылады. Қатынастар психологиясының негізін орыс писхологы А.Ф.Лазурский салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы» деген еңбек жазды. А.Ф.Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы ортаға қатынасы» туралы категорияны айтты (табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік топтарға, рухани құндылықтарға қатынас және басқа қатынастар), ол категория психологиялық талдаудың бірлігі ретінде алынды.

Кейінірек қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынас ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді.

В.Н.Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырылады. Тұлғаның қатынастары орнықты немесе орнықсыз болуы.

Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар өзгергіштікпен сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын болған сайын соғұрлым олар статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан өзгерістерге ұшырамайды. Егерде бұл терең қатынастар өзгере қалса да онда тұлғаның психологиялық қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады.


Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары:

Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:

1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.

2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.

3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.

4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.

5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:

а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;

b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;

с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.

6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.

7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.

Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.

Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.

Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды.

Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.

Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:

1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)

2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)

3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)

4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін)

5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).

6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы).

7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы).

8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).

Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.

Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жарнама психологиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Ауыл шаруашылығы экономикасы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconМазмұны
«Компанияның қаржылық стратегиясы» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon5. Студенттің өздік жұмысы тақырыптарының мазмұны
«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«психология» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Дифференциалды психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы А. Коңырова
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconОҚытушыға арналған пәН
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Қазақстан экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
«Тұлға теориялары» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница