Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері




Скачать 344.3 Kb.
НазваниеПсихологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
страница2/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер344.3 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/10/54d9cf3f32223.doc
1   2   3

4. Иллюстративті материал презентация түрінде.

5. Негізгі әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Жантану оқулығы : учебник / Қ. Жарықбаев. - Алматы, 2010. - 638 с. : ил.

2. Бап-Баба, С. Жантану негіздері [Текст] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дәнекер, 2012. - 298 б

3. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2013 - 189 с.

4. Бап-Баба, Сәбет Балтаұлы. Жантану негіздері [Текст] / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Заң

әдебиеті, 2010. - 302 с

5. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2010. - 189 с.

Қосымша әдебиеттер

1. Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша [Жоғары оқу орындары

студенттеріне арналған тест жинағы] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2013. - 135 б.

2. Тертель А.Л. Психология. Курс лекций : учебное пособие / А. Л. Тертель. - М. :

"Проспект", 2010. - 247 с.

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии : учебное пособие / С. Л. Рубинштейн. –

СПб : Питер, 2014. - 712 Середина Н.В. Основы медицинской психологии: общая,

клиническая, патопсихология : учебное пособие / Н. В. Середина, Д. А. Шкуренко. –

Ростов н/Д : Феникс, 2013. - 506 с.

4. Столяренко Л.Д. Психология : учебное пособие / Л. Д. Столяренко. - [б. м.] : Лидер,

2013. - 591 с.


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Түйсіктің қандай түрін білесіз?

  2. Сенсибилизация құбылысымен байланысты мамандыққа мысал келтіріңіз.

  3. Қабылдаудың елестен айырмашылығы қандай?

  4. Адаптацияға анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз.

  5. Синестезия анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз.

  6. Сенсибилизация анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз.

  7. Елес қалай пайда болады?



1. Тақырып 3. Танымдық процестер психологиясы (қиял,ес, зейін, ойлау).

2. Мақсаты: студенттерді танымдық психикалық псроцестермен (қиял, ес) таныстыру. Қиял адамның танымдық әрекетінде маңызды және қажетті қызмет атқаратынын, ал ес адамның өткен өмірін кәзіргісімен жалғастырып отыратынын көрсетеміз.

Танымдық психикалық процестерді және оладың заңдылықтарын білу студент-медик үшін медициналық тәжірибеде өте маңызды.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

  1. Қиял туралы түсінік, оның физиологиялық негізі.

  2. Қиял түрлері.

  3. Ес туралы жалпы түсінік. Естің түрлері.

  4. Зейіннің анықтамасы. Зейіннің незізгі түрлері мен қасиеттері.

  5. Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлау мен сөздің байланысы.

  6. Ойлаудың формалары мен түрлері.


1. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулерді жасай алуы - қиял деп аталады. Қиял елес пен ойлардың жаңа формаларының жиынтығы. Қиялдың қабылдаудан ерекшелігі оның бейнелері әрқашан шындықпен сәйкес келе бермейді. Қиял басқа да психикалық процестер сияқты үлкен жарты шарлар қыртысының қызметі болып тапбылады. Негізінен қиял оң жарты шарлардың қыртысымен тығыз байланысты, бірақ екі жарты шардың да қызметі өте маңызды. Өйткені олардың әр қайсысы өз қызметін атқарады. Оң ми сыңары дүние көрністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әр қиды бейнелер негізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз. "Ақылдан ажыралған фантазия құбыжық тудырады, ақылды арқау еткен фантазия - өнер атасы, ғажайыптар бұлағы" (Ф.Гойя).

Қиялдың физиологиялық негізі жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжрибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың осынша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың терең тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдады.


2. Қиялдың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетуімізге болады. Әрекет дәрежесіне орай қиял енжар (пассив) және белсенді (актив) болып, екіге бөлінеді. Енжар қиялдан тұрмысқа аспайтын, қажетсіз не болуы мүмкін емес бейнелер қалыптасады. Қиял мұндайда адамды толық баурап, шын әрекет қажеттігінен ажыратады. Енжар қиял ниеттелген не ниетсіз болуы мүмкін. Ниеттелген енжар қиял ерік күшімен байланыспаған бейнелер пайда етеді. Мұндай бейнелер әлі болары не болмасы белгісіз армандаудан келіп шығады, ол жеке адамның қажетсінуіне байланысты. Енжар қиялдауда адам, әдетте, тек өзіне жағымды, ұнамды арманға түседі. Ал егер мұндай арманшылдық өнімді іс-әрекетпен ұштаспай, адамның психикалық өмірінде басымдау келсе, онда тұлға дамуының қандай да кесапатқа ұшырағаны.

Ниетсіз енжар қиял сана қызметінің босаңсып, не зақымдануынан, мүлгіген хәлде, ұйқыда және т.б. жағыдайларда белгі береді. Ниетсіз қиялдың аса жарқын көрінісі галлюцинациялық кейіпте, адамның жоқ затты бар етіп, одан шошынып, не қорқып, күйзеліске түскенінен байқауға болады.

Енжар қиялға қарағанда белсенді қиял жасампаз және шығармашыл келеді. Жасампаз қиял негізінде алдын ала берілген көрсетпелерді басшылыққа ұстаумен қандайда бейнелерді түзу жатады. Бұл қиял түрі қалған оқу жұмысының тірегі ретінде көркем әдебиет оқығанда, сызылмалар мен іс жобаларын оқығанда өте қажет. Шығармашыл қиял жаңа, қайталанбас бейнелер мен идеялардың қайнар көзі. Мұндағы "жаңа" – түсінігі екі талай мәнге ие: объективті жаңалық және субъективті жаңалық. Объективті жаңа бейне – бұл заттық не идея күйінде дүниеде бұрын соңды болмаған бейне; ал субъектив жаңа бейне - әрбір жеке адамның оқу, тәрбие, күнделікті тұрмыс жағыдайында өз басы үшін ашатын жаңалығы. Қажеттіктерді қанағаттандыру жолында көрнекі елес туындыларын белсенді, мақсат бағдарлы пайдалану – шығармашыл қиялдың негізгі қасиеті.

Шығармашыл қиялдың ерекше сипаты: түзіліп жатқан бейне нысаны (объект) болмыс дүниеде әлі жоқ, ол енді ғана ғайыптан пайда болған сияқты. Шығармашыл қиялсыз өнер салаларындағы, ғылым мен техникадағы жаңалықтардың болуы мүмкін емес.


3. Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмтылуын бейнелейтін процесс.

Қазіргі кезде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенеді. Осыдан, адам есі – біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан - алуан. П.Линдсей мен Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типті болатынын алға тартты:

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі;

Қысқа мерзімді ес;

Ұзақ мерзімді ес;

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көрністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты жадымызды өтке қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1 – 0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.

Ұзақ мерзімді ес. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

Ғұмырлық ес –қандай да бір ерекше оқиғаларды өмір бойы есте сақтау. Естің бұл түрі тек психологиялық ауытқу жағдайларында ғана бұзылады.

Оперативті ес – ақпаратты алдын ала белгіленген және қойылған мерзімге сақтауға есептелген. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз.

4. Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Зейіннің түрлері, ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас жиі кездеседі. Адамның өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске зейініміз тез ауады.

Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады.

Зейін сананың белгілі нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын білдіреді. Осы бағытталу ерекшеліктері зейін қасиетерін айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейіннің тұрақтылығы және шоғырлануы, ауысуы, бөлінуі, көлемі кіреді.

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.

Зейіннің ауысуы деп – бір объектіден екінші объектіге саналы және байыпты өтуін айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты.

Адам санасының бір мезгілде бірнеше қызметті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейіннің көлемі деп – бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжрибелер тахитаскоп деген аспаппен тексеріледі

Зейіннің алаңдушылығы – бұл зейіннің бір нысанан екіншісіне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш әсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Зейіннің шашыраңқылығы – деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз.

Шашыраңқылықтың екі түрі белгілі: жалған және шын.


5. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние затары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сөздік мағұлыматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Сөйлеумен тығыз байланыста болып отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Адамның ойы әрқашан сөз арқылы беріледі. Ой толық сөз күйінде білдіргенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.

Ой- сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз- ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжрибе мен білімді сақтап қала алады, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.


6. Ойлаудың негізгі формалары болып ұғым, ой-қорытындысы, дедукция, индукция, пікір жатады.

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі.

Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой.

Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен, «Семей қаласы», «Ғ.Мұратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» жалпы ұғым.

Шындық заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді.

Пікір- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.

Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытынды. Ой қорытындылар дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі бір тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды.

Ой қорытындылардың үш түрі болады:

Дедукциялық

Индукциялық

Аналогиялық

Дедукция дегеніміз – жалпыдан жекеге қарай жүретін ой

қорытынды.

Индкуция дегеніміз – жекеден жалпыға қарай жүретін ой

қорытынды.

Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қортындыларын жасау.

Ойлау кезеңіне байланысты: дискурсивті, интуитивті болып бөлінеді. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискурсивтік, өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік – желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

Егер ойлауды шешетін тапсырманың ерекшелігіне және жаңалығына қарап қарастыратын болсақ, онда ойлауды шығармашылық және елестету деп бөлуге болады. Шығармашылық ойлау жаңа ойлауды жасауға бағытталған, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соңы, қайталанбас шешімі табылып, не бұрынна бергі шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді.

Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және пратикалық болып бөлінеді. Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағытттардың бірі – шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ой алу.

Затты - әрекеттік – ойлаудың көрініс сипаты, қалыптасқан дағыдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі бір затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді.

Көрнекі бейнелі – ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады.

Сөзді логикалы – ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі

өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған.


4. Иллюстративті материал презентация түрінде.


5. Негізгі әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Жантану оқулығы : учебник / Қ. Жарықбаев. - Алматы, 2010. - 638 с. : ил.

2. Бап-Баба, С. Жантану негіздері [Текст] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дәнекер, 2012. - 298 б

3. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2013 - 189 с.

4. Бап-Баба, Сәбет Балтаұлы. Жантану негіздері [Текст] / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Заң

әдебиеті, 2010. - 302 с

5. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2010. - 189 с.

Қосымша әдебиеттер

1. Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша [Жоғары оқу орындары

студенттеріне арналған тест жинағы] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2013. - 135 б.

2. Тертель А.Л. Психология. Курс лекций : учебное пособие / А. Л. Тертель. - М. :

"Проспект", 2010. - 247 с.

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии : учебное пособие / С. Л. Рубинштейн. –

СПб : Питер, 2014. - 712 Середина Н.В. Основы медицинской психологии: общая,

клиническая, патопсихология : учебное пособие / Н. В. Середина, Д. А. Шкуренко. –

Ростов н/Д : Феникс, 2013. - 506 с.

4. Столяренко Л.Д. Психология : учебное пособие / Л. Д. Столяренко. - [б. м.] : Лидер,

2013. - 591 с.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Қалай ойлайсыз шығармашылық ойлау кез-келген адамға тән бе?

  2. Сіздің ойыңызша қандай ақпарат еске тез сақталады?

  3. Сіздің ойыңызша естің қай типі кеңінен таралған?







1. Тақырып 4: Эмоциялар психологиясы. Стресс және фрустрация.

2. Мақсаты: Эмоция мен сезім адамның өмірлік іс-әрекетінде маңызды екендігін көрсетеміз және аурудың ағымына да өзіндік әсер етеді. Студенттерге өзінің эмоциясының пайда болуын реттей алуды, ол ерекшелігін әртүрлі тәжірибелік әрекетте қолдана білуді, өзінің жағымсыз эмоциясын басқара алуды, басқа адамдарға деген жағымды сезімдерін дамытуды үйрету. Стресс, фрустрация кезінде өз-өзін басқара білу.


3. Дәріс жоспары мен тезисі:

  1. Эмоция туралы түсінік, оның физиологиялық негіздері. Эмоция түрлері: қарапйым, күрделі, астеникалық, стеникалық,

  2. Эмоцияның ішкі және сыртқы белгілері .Эмоцияның ауруға әсерлілігі.

  3. Көңіл-күй, оның түрлері.

  4. Сезім. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы. Сезімнің аквиваленттілігі.

5. Аффект, стресс, фрустрация.



1). Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталады. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі- сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатынадамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады. «біздің қайғыруымыз –жылағанымыздан; қорқуымыз – қалтырауымыздан, қуанғанымыз - күлгенімізден» (У.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қара-дүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады – мыс.

Эмоциялар: жағымды, жағымсыз, қарапайым және күрделі, стеникалық және астеникалық.

Қарапайым түрі шартсыз рефлекстік әрекетпен байланысты, яғни адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. (ашығу, шөлдеу, қорқыныш).

Күрделі эмоциялар немесе сезімдер қоғамдық қажетсінулерді қанағаттандырумен байланысты. Күрделі эмоциялардың бірі- көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.

Сонымен қатар сезім эмоция қаншалықты ерікпен байланысты және өмірлік іс-әрекетке қаншалықты әсер ететінін қарастыруға болады.

Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоциялар – стеникалық деп аталады.

Стен –грек сөзінен аударғанда «күшті» деген мағына береді. Ал бұлардың баяу, солғын түрлерін – астеникалық деп атайды. Астения бұл да грек сөзі, қазақша әлсіз деген мағынада.


2. Эмоциялық уайымның пайда болуымен адамның ағзасында және мінез-құлқында қандай өзгерістер байқалатынын айта кету керек. Адамның ағзасына әртүрлі оқиғалардың жиынтығы болады. Кейде өте күштілігі сонша, оны бір психолог «жағымсыз » деп атайды. Бұл дауыл ағзаның барлық өмірлік іс-әрекетінің көрсеткіштерінде және ішкі ағзалардың (қызмет көрсету) шұғыл өзгерісімен, қозғалысымен көрінеді.

Өзгерістер: психогальваникалық рефлекс (ПГР), қан айналу (ағару, қызару, қан қысымының жоғарылауы т.б.) тыныс алу (одан тұншығады немесе тыныс алуы жиілейді), бұлшық ет өзгерістері (маторикалық бұзылуы), пиломоторлы реакция («гусинная кожа»), асқазан мен ішектің қозғалысы т.б.

Адамның ағзасында болып жатқан физиологиялық өзгерістер не үшін қажет? Бұл көрсетілген реакциялар эмоциялық уайымдарға емес, күшті бұлшық еттік әрекетпен бүкіл ағзаны белсендіруге арналғаны анықтады. (Гельгорн, Дж.ӨӨ). Сонымен қатар бұл кезде сыртқы мінез-құлықтағы өзгерістерді байқауға болады (мимика, тонтомимика, паромигвизм, экстромингвизм). Адам басқа адамның эмоциялық күйін оның мимикасына, қозғалыс ерекшелігіне қарап таниды. Ерекше қозғалыстар туа пайда болады немесе әлеуметтік жолмен дамиды, яғни еліктеу арқылы.

Кардиологтардың айтуы бойынша, стенокардия мен инфаркт 80 пайызы жүйке-психикалық ауырлықтан пайда болған. Кей кезде өте кішкене эмоциялық күйзелістің соңы ауыр клиникалық жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Психологтар мен психиатрлар адамның соматикалық аурулары және оның жеке бас ерекшеліктері арасында, сонымен қатар оның тұқратын және жұмыс істейтін орнының психологиялық климаты мен тәуелділік орнатты. Егер адам өзінің жұмыс орнында өзіне сәйкес келмейтін орынға тырысса онда жүрек қан тамыр ауруы тууы мүмкін. Ондай адамдар дау-дамайшыл, басқа адамдармен «жағдайды түсіндіргіш», қозғыш болып келеді. Науқастың сезімін тәрбиелеу – дәрігердің және психологтың міндетті жұмыстарының бірі.

3. Белгілі бір маңызды жылдамдыққа жетпеген және жеткілікті ұзақ мерзім кезінде (0,5 сағаттан бастап бірнеше күнге дейін немесе бірнеше апталарға жететін) мағыналы тербелістері жоқ болатын ұзақ эмоционалды жағдай көңіл-күй деп аталады. Осы ұзақтылық кезінде тұрақты эмоционалды қалып байқалады.

Көңіл- күй өзінің сапасымен жеке адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін тоқтатады (кодтайды).

Осындай үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:

1. Жоғары оптималды қанағаттану (көтеріңкі көңіл-күй).

2. Орташа, қалыпты көңіл-күй. (қалыпты-көңіл күй).

3. Төмен, жетіспейтін қанағаттану (түсіңкі көңіл-күй).


4. Сезім- қоғамдық сананың қандай да бір көрінісі. Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа: адамгершілік, эстетикалық, интелектік деп аталатын сезімдер кіреді.

Адамдардың сезім саласындағы айырмашылықтары түрліше болып келеді. Жанұя тәрбиесіне, тұрмыс жағыдайына, жүйке жүйесінің тпік ерекшелігіне, білі қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас өзгешелігіне т.б. қарай адамдарда эмоциялар мен сезімдердің сан алуан түрлерін кедестіуге болады. Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын білдіріп қана қоймай, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Сезімдер адамдардың қасиетімен тығыз байланысты. Сезім екі себептен пайда болады, біріншісі – адамның объектіге қатынасын айқындайтын қажеттіктер; екіншісі – адамның осы нысанның тиісті қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қасиеті.


5. . Стресс –ағылшын сөзі, қазақша шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді, оны енгізген конод ғалымы Ганс Селье. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деп атайды.

Р. Лазарус физиологиялық стресс түсінігін енгізуді ол ағзаның тұтастығын және оның қызметінің бұзылуын тудыратын өте жағымсыз физикалық жағдайдың әсерінен туындайды. Сонымен қоса ол психикалық стрессті ашты. Ол адамдардың өзіне өте қолайсыз деп санайтын әсерлерден туындайды. Психикалық стресс өте жоғары эмоционалды күшпен сипатталады. Стрестік жағдайдың дамуының Ганс Селье 3 кезеңін бөліп көрсетті: үрей, резистенттілік, арықтау. истощение.

Үрей реакциясы – бұзылған психикалық қызметтердің қалыптасу кезіәндегі шон фазасынан және шонға қарсы фазадан тұрады.

Күзеліс кезеңі – ағзаның күші төмендеп, патологиялық-дистрофикалық процесс туындайды. Резистенттілік-ағзаға зиянды факторлардың стреске жоғарғытұрақтылығымен сипатталады.
1   2   3

Похожие:

Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconКожахметова Лаззат Балтабаевна студенттік кезеңдегі өзіндік танымғА Әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері
...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Топырақ – биосфераның элементі. Топырақты ластанушы көздері және ластану сипаты. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері icon«Ақша,несие, банктер» пәні
Эквиваленттік құн формасының ерекшеліктері. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша тауарының спецификасы. Акшаның тарихи, қоғамдық...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Адамдардың құқықтық санасының өзгеруіне байланысты ғылыми-психологиялық білімдердің қалыптасу тарихы. Эксперименттік психологияның...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconШет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері

Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері icon«КӘсіби психология» Кәсіби психологияның әдіснамалық негіздері, кәсіптік әрекет процесі
Бөлімнің мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік әрекет процесіне психологиялық талдау. Басқару мәдениеті. Ақыл-ой еңбегінің психологиялық...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Э. Дюркгеймнің социологизмі: әлеуметтік фактлер, әлеуметтік ынтымықтастық концепттері
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconНамазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі
БАҚ ретіндегі рөлі мен орны, қоғамдық міндеттері, тарихы және технологиясының даму кезеңдерін түгел қамтиды. Сол сияқты онда радиожурналистиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница